Картоптың саңырауқұлақ аурулары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн Pеспубликaсы Білім және ғылым министpлігі

Л. Н. Гумилев aтындaғы Еуpaзия Ұлттық Унивеpситеті

5В070100 - «Биотехнология» мaмaндығы

Мұхамбет Надира Қалмұратқызы

«Картоп өсімдігінің Fusarium саңырауқұлағының геномдық ДНҚ-ын бөліп aлу әдісінің оптимизaциясы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Aстaнa 2016

Қaзaқстaн Pеспубликaсы Білім және ғылым министpлігі

Л. Н. Гумилев aтындaғы Еуpaзия Ұлттық Унивеpситеті

«Қоpғaуғa жібеpілді» «Биотехнология және микробиология»

Кафедра меңгерушісі,

б. ғ. к., профессор P. Т. Омapов

5В070100 - «Биотехнология» мaмaндығы бойынша

«Картоп өсімдігінің Fusarium саңырауқұлағының геномдық ДНҚ-ын бөліп aлу әдісінің оптимизaциясы» тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Оpындaғaн: Н. Қ. Мұхамбет Ғылыми жетекші: Т. Е. Ещжaнов Phd доктоp, доцент м. a.

Aстaнa 2016

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .
4
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
4: 5
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
4: 6
Нормативтік сілтемелер . . .: 1
4: Картоп өсімдігінің саңырауқұлақ аурулары және саңырауқұлақты молекулалық-генетикалық зерттеу . . .
8
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1
4: Картоптың саңырауқұлақ аурулары . . .
8
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1. 1
4: Fusarium саңырауқұлағы туралы жалпы мәлімет . . .
13
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 2
4: Жалпы өсімдік ауруларының диагностикалық әдісі . . .
16
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 2. 1
4: Патогендерді талдаудағы морфологиялық әдістер . . .
19
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 3
4: Патогенді саңырауқұлақты бөліп алу әдістері . . .
19
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 4
4: Геномды ДНҚ-ын экстракциялау үшін үлгіні бұзу әдісі . . .
21
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 5
4: Спектрофотометрия арқылы ДНҚ сандық анықтау . . .
22
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 6
4: Нуклеин қышқылдарының электрофорезі . . .
24
Нормативтік сілтемелер . . .: 2
4: Зерттеу нысандары мен әдістері . . .
28
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1
4: Картоптан ауру қоздырғыштарды бөліп алу . . .
29
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2
4: Түзілген саңырауқұлақ түрлерін микроскопта анықтау . . .
29
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2. 1
4: Патогенді саңырауқұлақтар изоляттарының культуральды-морфологиялық белгілері бойынша дифференциациясы . . .
30
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2. 2
4: Тәжірибеде қолданылған штаммдардың коллекциясы . . .
31
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3
4: Саңырауқұлақтан таза культура алу . . .
31
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4
4: Үлгілерді ДНҚ бөліп алғанға дейінгі сақтау . . .
32
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4. 1
4: Геномды ДНҚ бөліп алу үшін үлгілерді бұзу . . .
32
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5
4: Саңырауқұлақтан геномдық ДНҚ-ын бөліп алу . . .
33
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 1
4: Бөлінген геномдық ДНҚ-ны сақтау . . .
36
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 6
4: Агарозды гельде электрофорез көмегімен ДНҚ сапасын бағалау . . .
36
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 7
4: Спектрофотометр көмегімен ДНҚ-ны сандық анықтау . . .
37
Нормативтік сілтемелер . . .: 3
4: Нәтижелер мен оларды талқылау . . .
39
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 1
4: Ауру қоздырғыштарды картоп өсімдігінен бөліп алу . . .
39
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 2
4: Үлгілерді ДНҚ бөліп алғанға дейін сақтау . . .
42
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 3
4: Fusarium саңырауқұлағынан геномдық ДНҚ бөліп алу әдістері. .
42
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 4
4: Спектрофотометр көмегімен ДНҚ-ны сандық анықтау . . .
46
Нормативтік сілтемелер . . .: 3. 5
4: Бөліп алынған геномдық ДНҚ нәтижелері . . .
46
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
4: 48
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
4: 49

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1 ҚР МЖМБС 5. 04. 019 2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері.

2 ҚР МЖМБС 5. 03. 016 - 2009. Жоғары оқу орындарындағы дипломдық жұмыстарды орындау ережелері.

3 МСТ 7. 1-84. Ақпараттық, кітапханалық және баспалар бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың кітапханалық жазбасы. Қолданылған әдебиеттер тізімін жазудың жалпы талаптары мен ережелері. М. : Стандарттар, 1984.

4 ҚРcТ 1. 12-2000 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Мәтіндік құжаттардың құрылымы, мазмұны, рәсімдеуінің жалпы талаптары

5 ГОСТ 1770-74 - Зертханалық өлшеуіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер,

мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Жалпы техникалық жағдайы.

6 ГОСТ 20730-75 - Қоректік орта

7 ГОСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайы

8 ГОСТ 17206-96 - микробиологиялық Агар. Техникалық жағдайы

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы

РНҚ - рибонуклеин қышқылы

СТАВ - немес N-гексадецил-N, N, N-триметиламмоний бромид

ТАЕ - трис-ацетат-ЭДТА (буфер)

SDS - додецилсульфатнатрий (sodium dodecyl sulphate)

ЭДТА - Этилен диамен тетраcірке қышқылы (Ethylen ediamine tetra aceti acid)

ПЭГ - полиэтиленгликоль

ПААГ - полиакриламидті гель

EtBr - этидиум бромид (ethidium bromide)

КІРІСПЕ

Қазақстан үшін картоп өсіру өте маңызды, өйткені ол халықтың негізгі тамақ өнімдерінің бірі. Қазақстанда картоптың орташа өнімділігі 16 т/га-дан аспайды. Оның өнімділігінің жоғары болмауының себебі картоп өсімдігі көп ауруға шалдығады. Ауруы зиянкестер және арамшөптер сияқты залал салдарынан болып табылады. Картоптың саңырауқұлақтың 38 түрімен ауыратыны анықталған. Картоп өсімдігінің қандай саңырауқұлақ түрімен ауруға шалдығатынын зерттеу және ауру тудырушы саңырауқұлақты молекулалық-генетикалық тұрғыда талқылау өзекті мәселе болып отыр.

Топырақта тіршілік ететін патогенді Fusarium туысына жататын саңырауқұлақ картоп өсімдігін зақымдаушы бірден-бір фактор болып табылады. Бұл саңырауқұлақтың экологиялық, биологиялық қасиетіне байланысты және де топырақта тіршілік етуіне, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылық культураларын зақымдауға қабілеттілігіне байланысты олармен күресу қиынға соғуда.

Соңғы он жылдықта организмдердің түрлерін толыққанды анықтауда молекулалық әдістер, соның ішінде молекулалық-генетикалық маркерлерді кеңінен қолдануда. Микроскопиялық саңырауқұлақтарды морфологиялық параметрлерін анықтауда, соның ішінде колониялардың диаметрлерін анықтау, олардың түсі, құрылымы, конидийлердің көлемі мен пішінін анықтауда жүргізілетін дәстүрлі әдістер ұзақ уақытты керек етеді. Сондықтан молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізу анағұрлым оңайға соғуда. Осы мақсатпен жүргізілген тәжірибеде картоп өсімдігін ауруға шалдықтыратын Fusarium туысына жататын мицелиалды саңырауқұлақ түрін бөліп алу, саңырауқұлақтан таза культура алу және геномдық ДНҚ-ын бөліп алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ДНҚ бөліп алудың оңтайлы әдістері қарастырылды. Fusarium туысына жататын саңырауқұлақты талдау және диагностикасын анықтау үшін геномдық ДНҚ-ын бөліп алудың бірнеше әдістері қолданылады. Бұл әдістердің барлығы бір нәтижеге жету үшін жасалынады - ДНҚ бөлініп алынған препараты негізгі сапалық және сандық критерийлерге жауап беру қажет және де ол қарапайым әрі арзан әдіс бойынша жүргізілу керек. Осы мақсатта хаттама бойынша мицелиалды Fusarium саңырауқұлағынан геномдық ДНҚ-ын бөліп алу жұмысы жүргізілді.

Фитопатогенді микроорганизмдерді бөліп алу - фитопатологияның маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады. Бұл тапсырмаларды сәтті орындау мына жұмыстарға көмектеседі:

- инокулюмның бар-жоғын және санын анықтау, сонымен қатар, уақытылы профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

- ауру тудырғыш популяциясын сандық бағалау арқылы келесі егіс шығынын бағалауға болады;

- фитопатогенді микроорганизмдердің жаңа түрлері мен штаммдарын анықтау;

- өсімдік пен патоген арасындағы әрекетті гендік деңгейде зерттеу;

- егер ауру қоздырғыштан таза культура алынса, онда оның культуральды-морфологиялық және биологиялық қасиеттерін, мысалы, вируленттілігін, агрессивтілігін, фунгицидтерге тұрақтылығын бағалауға болады.

Өсімдіктерде кездесетін саңырауқұлақ патогендерін анықтауда биологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және молекулалық қасиеттеріне негізделген көптеген әдістер жүргізілген. Бұл жұмыста фитопатогенді организмді анықтауда қолданылатын әдістердің артықшылығы мен кемшілігі туралы айтылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Картопты ауруға шалдықтыратын Fusarium саңырауқұлағының геномдық ДНҚ-ын бөліп алу әдісінің тиімді, apзaн, қол жетімді әдісін іздеп, тaзapтылғaн, сaпaлы, жоғapы концентpaциядaғы ДНҚ мөлшеpін бөліп aлу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Саңырауқұлақты молекулалық-генетикалық тұрғыда зерттеу мақсатында геномдық ДНҚ-ын бөліп алу;
  • Саңырауқұлақтан геномдық ДНҚ бөліп алу әдісінің оптимизациясын қарастыру,
  • геномдық ДНҚ-ын таңдалған протокол бойынша бөліп алу;
  • Бөлініп алынған ДНҚ-ны сандық және сапалық бағалау.

Зерттеу объектісі: Зерттеудің объектісі болып зақымданған картоп бөлігінен бөлініп алынған микроскопиялық саңырауқұлақ - Fusarium алынды.

Ғылыми-практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысы барысында картопты ауруға шалдықтыратын саңырауқұлақ түрлері зерттелді. Сонымен қатар саңырауқұлақты молекулалық-генетикалық талдау жұмыстары жүргізілді. Геномдық ДНҚ-ын бөліп бөліп алудың әдістері қолданылды. Патогенді Fusarium саңырауқұлағына картоптың төзімді тұрақты сорттарының болмауы - оларды зақымданудан қорғаудың жаңа қосымша және экологиялық әдістерін іздеуге себепші болды, және де зерттеу жұмысындағы өзекті тапсырма болып табылады. Молекулалық биологияның дамуы - патогенді организмдердің диагностикасына қажет жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ саңырауқұлақтың геномдық ДНҚ-ын бөліп алу әдістері жүргізілді. Бұл әдіс организмдерді саралауға, олардың ДНҚ-сы бойынша түраралық және түрішілік қасиеттерін ажыратуға мүмкіндік береді. Патогендерді анықтауда жасалынатын жаңа әдістер сау өсімдіктерді іріктеу, сонымен қатар өсімдіктің ауруын нақты анықтау жұмыстарын анағұрлым жылдамдатуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдеби шолудан, тәжірибелік бөлімнен, нәтижелер мен оларды талқылаудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімін қамтиды. Сонымен қатар 38 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 5 сурет және 8 кестеден тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 51 бет.

1 Картоп өсімдігінің саңырауқұлақ аурулары және саңырауқұлақты молекулалық-генетикалық зерттеу

1. 1 Картоптың саңырауқұлақ аурулары

Ауылшаруашылық дақылдарының ішінде картоп бүгін де бидай өсімдігінен кейін «екінші нан» деген атқа ие. Картоп − тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай жəне биотехнологиялық өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, сонымен қатар еліміздің ауылшаруашылығында кеңінен пайдаланылатын, үлкен сұранысқа ие дақылдардың бірі [1] .

Қазіргі таңда экономикамыз тұрақталып, өсу қарқыны белең ала бастаған елімізде картоп шаруашылығының дамуын қолдау мақсатында Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржы бөлінуде.

Елімізде картоп шарушылығында жалпы егістің көлемі 170 мың гектар шамасында, орташа өнімділігі гектарына 160 центнер төңірегінде. Елімізде жылына 2, 76 млн. тонна картоп өндіріледі екен. Картоп егістігінің көлемі бойынша Ақмола облысы республикамызда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан кейінгі төртінші орынды алады [2] . Картоп дақылынан алынатын өнімнің жеткіліксіз болуы, яғни төмен болу себептерінің бірі вегетация процесі кездері оның әртүрлі өте зиянды ауруларға ұшырауынан болып табылады. Сонымен қатар, жиналған өнімнің айтарлықтай бөлігі сол аурулардың әсерінен қоймаларда сақтау барысында жойылады. Сол себептң, картоп өсімдігінің және оның өнімінің ауруларымен күресудің алғы шартына біріншіден ауру түрлерін анықтап, олардың таралу және даму заңдылықтарын зерттеу жатады.

Ақмола облысының картоп егісі алқабынан вегетация кездері және қоймалардағы қысқы сақтау кезіндегі алынған сынамаларды зерттеу нәтижесінде фитопатогендң саңырауқұлақтар туындататын аурулардың 6 түрі анықталды. Анықталған саңырауқұлақтардың ішінде 2 түрі картоптың тек түйнегін ( кәдімгі қотыр немесе актиномикоз және бүртүкті қотыр немесе ооспороз ), 1 түрі түйнегін, жас өскінін және тамырсабағын ( қарақотыр немесе ризоктониоз ), қалған 3 түрі ( фитофтороз, обыр, макроспориоз ) картоп дақылының барлық мүшелерін зақымдайды. Қысқы сақтау кездері картопты шірітуге себеп болатын ауруларға осы анықталған барлық ауру түрлері себеп болады.

Төменде осы анықталған түрлердің зерттелу аймағында таралуы, морфометрикалық ерекшеліктері жайында алынған мəліметтер баяндалады.

Фитофтороз . Зерттелген барлық аудандар көлемінде кездесті. Алғашқы белгісі дақылдың гүлдей бастаған кезінде жоғарғы жəне ортаңғы жапырақтарда майда, жеке-жеке орналасқан, бірен-саран қоңыр дақтар түрінде байқалып, сонан соң бірте-бірте олардың көлемі ұлғайып, саны да арта түсті. Басқа жапырақтарда да, кейде сабақтарда да пайда болды. Мұндай жапырақтар қоңырқай тартып, сонан соң қарайып, қурап қалды. Түйнектегі ауру белгісі біршама өзгеше. Мұнда алдымен түйнектің сыртқы қабығында түсі сұр, батыңқы ұлғая түсетін дақтар пайда болады. Түйнекті кесе бөліп қарағанда дақ пайда болған жердің ұлпасы қоңырқай тартып, түйнек етіне тереңдей, сына тəрідене ене түсетінін байқаймыз. Мұндай жерлер шіри бастайды, көп ұзамай ауру түйнектің қалған бөлігін қамтып, түгелдей шірітіп жібереді [3] .

Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ - Phytophthora infestans D. B . оомицеттер класының ( Oomycetes ) переноспоралар қатарына ( Perenosporales ) жатады. Гифтері түссіз, клеткасыз, көпядролы. Жыныссыз көбюі зооспораларымен, жынысты көбеюі (ооспоралары) біздің жерімізде анықталмаған, тек картоптың шыққан отаны - Мексикада ғана кездеседі. Конидий түзгіштері аздап тарамдалған, конидийлері бір клеткалы, пішіні лимонға ұқсас, көлемі 26-30х15-22 мкм.

Картоп фитофторозы Оңтүстік Америка құрылығынан Европаға, одан бізге жеткен. Ауру өте қауіпті. Қоймада сақтау кездері түйнектен-түйнекке тез тарап өнімнің көп бөлігін шірітіп жібереді.

Обыр . Бұл ауру Целиноград жəне Аршалы аудандар жерінде анықталды. Өсімдіктің тамырынан басқа барлық органдарын зақымдайды. Ең көп зақымдайтын органы картоп түйнегі. Аурудың алғашқы белгісі жас түйнектердің көзшелерінде шағын бүртік түрінде пайда болып, сонан соң тез үлкейе бастайды. Ісік көлемі картоп түйнегінің көлеміне жетуі тосын жай емес. Бірте-бірте күңгірттеніп, сонан соң қара түске енеді. Əбден жетілген ісік жіктеліп, ыдырайды, онымен бірге картоп та ісік астынан бастап, түгел шіріп кетеді. Түйнек қоймалжың, қоңырқай шірнелі массаға айналып, жағымсыз иіс таратып тұрады [4] .

Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ - Synchitrium endobioticumPerc . оомицеттер класының ( Oomycetes ) миксохитридиялар қатарына (Mychytrxoidiales) жатады. Патоген иелік өсімдік клеткасының ішінде тіршілік етеді. Вегетативтік денесі жалаңаш протоплазма түйіршіктерінен тұрады. Шіру үдерісіне ауру қоздырғышынан басқа, əртүрлі бактериялар мен сапротрофты саңырауқұлақтар да қатынасады.

Вегетация соңына қарай обыр ісіктерде қалың қабықты, түсі сарғыш-қоңыр цисталар (50-80 мкм) пайда болады. Олар қыстап шығу қызметін атқарады, көктемде өсіп зооспорангий береді. Зооспорангийлерде пайда болған бір жіпшелі зооспоралар картоп түйнегінің көзшесіне, немесе оның айналасындығы ұлпаларға жетіп, өседі, өскіні ұлпа клеткаларына енеді.

Картоп обыры өте зиянды, кей жылдары өнім 40-60%-ға дейін төмендейді. Столондары көп зақымдалған картоп дақылы өнім бермейді [8] .

Қарақотыр, немесе ризоктониоз. Зерттеген аудандардың барлығында кездесті. Картоп түйнегінде жабысқан топырақ түйіршігі сияқты, оңай сылынып алынатын сүйелшелер (склероция) пайда болады. Кейде түйнек жасымығының айналасында майда қара дақтар түрінде, ал түйнек көзшелерінің маңында ірі (1-3 см), батыңқы, суланып тұратын қара дақтар түрінде көрінеді. Қоңыр дақтар жəне мұндай дақтар тізбегі тамырда жəне тамырсабақта да пайда болады. Ауруға шалдыққан картоп ештеңеге жарамсыз болып қалады. Өскінінде ауру күңгірт-қоңыр дақтар мен ойық жарақаттар түрінде байқалады. Зақымдалған жерінен өскін сынып, жер бетіне шыққанға дейін өледі. Жинап алынған өнім қамбада ұзақ сақтауға жарамайды. Дымқылданып тұратын жара дақтар тез ұлғайып, мұндай түйнектер тез арада шіріп кетеді. Шірік сау түйнектерге өтіп, олар не азыққа, не тұқымға жарамсыз болып қалады.

Ауру қоздырғыш - Rhizoctonia solani жетілмеген саңырауқұлақтар класының ( Deuteromycetes ) стерильді мицелийлер ( Mycelia sterila ) тобына жатады. Паразиттік түрде тіршілік етуі тек стерильді мицелий күйінде ғана өтеді. Мицелийі жуан, жиі далдалы гифтерден тұрады, тоғалары болады [2, 3] .

Кəдімгі қотыр, немесе актиномикоз . Балық зерттелген аудандарда кездесті. Картоптың тек түйнектері ғана зақымдалады. Түйнектің бетін бүртіктер мен майда жарақаттар басады. Аурудың бірнеше типтері болады: жайпақ, томпақ, батыңқы жəне торлы. Бұлардың ішіндегі ең зияндысы батыңқы қотыр ( Actinomyces ochroleucusWol ., Act. incanescens Wol . ) . Бұл ауру картоптың қабығымен бірге оның астында орналасқан 50 ұлпаларын да зақымдайды. Түйнек бетінде терең батыңқы жарақаттар түрінде көрінеді. Мұндай жарақаттар, кейде бір-бірімен қосылып, түйнектің едəуір бөлігін қамтиды. . Ауру картопты жаңадан жинаған кездері пайда болады.

Ауру қоздырғыштар актиномицеттер ( Actinomyces түрлері) тобына жатады. Актиномицеттер топырақта көп тараған микроорганизмдер қатарында.

Кəдімгі қотыр зиянды ауру, картоптың тауарлық бағасын төмендетеді, ұзақ сақтауға жарамсыз етеді, тұқымдық сапасын нашарлатады.

Бүртүкті қотыр, немесе ооспороз . Целиноград, Шортанды жəне Аршалы аудандарында анықталды. Ауру тек картопты қысқа сақтау кездері ғана байқалады, қыс бойы күшейіп, көбейе түседі. Алғашқыда түйнекте майда, түсі картоп қабығына ұқсас, немесе одан сəл күңгірттеу, бүртіктер пайда болады. Бүртіктердің жиектері батыңқы, ал орта тұсы көтеріңкі, көлденеңі 2-4 см шамасында болады. Ауру дендеген сайын бүртіктер бір-бірімен қосылып, түйнектің едəуір бетін қамтиды, картоп фитофторозына ұқсай бастайды. Бірақ фитофтороздан айырмашылығы дақтың орнына бүртік пайда болады жəне бүртіктің асты дақтағыдай шірімейді. Егер бүртіктер түйнек көзшесінің жанында пайда болса, онда көзшелер өліп, өскін бермейді [5] .

Патоген түйнекке ондағы көзшелері мен жасымықтары арқылы енеді. Жас түйнекке ауру танапта жұғып, кейін, қамбада жалғасын табады. Қамбада сақтау кездері ауру түйнектерде пайда болған патогеннің конидийлері сау түйнектерге қонып, ауруды таратады. Қамбада ылғал жоғары болып, желдетілуі нашар болған жағдайда, ауру асқына түседі.

Ауру қоздырғыш - Oospora pustulans Owen. et Wak. жетілмеген саңырауқұлақтар класының ( Deuteromycetes ) гифтілер қатарына ( Hyphales ) жатады. Ауру қоздырғыштың гифтері түссіз, далдалы, конидийтүзгіштері болмайды. Конидийлері сопақша келген, көлемі 5-11х2-3 мкм, тікелей негізгі мицелий гифтерінде тізбектеле пайда болады.

Макроспориоз, немесе, кебу дақтар . Тек Зеренді ауданында кездестірдік. Жапырақта кепкен, дөңгелек, күңгірт-қара дақтар, пайда болады. Дақтардың бетін патогеннің спора түзуші органдарынан тұратын күңгірт-жасыл үлпілдек зең басады. Дақтардың пайда болуы жапырақтың сарғая бастауымен ұласады. Сабақта ұзындығы 7-10 см жететін, бетінде күңгірт үлпек зеңі көрініп тұратын, созылыңқы күңгірт дақтар пайда болады. Кейде мұндай дақтар бір-бірімен қосылып жатады. Макроспориоз ауруына шалдыққан картоп пəлегі вегетация соңына көп жетпей қурап қалады. Пəлектен ауру картоп түйнектеріне өтеді. Онда дөңгелек, аздап батыңқы, əртүрлі көлемдегі, күңгірт зең басқан дақтар түрінде байқалады [4] .

Макроспориоз картоптың өте зиянды ауруларының бірінен саналады. Кей жылдары дақылдың бұл аурудан шығыны 20-50-%-ға дейін жетеді.

Ауру қоздырғыш - Macrosporium solani Ell. et Mart . жетілмеген саңырауқұлақтар класының ( Deuteromycetes ) гифтілер қатарына ( Hyphales ) жатады. Мицелийлері, конидийтүзгіштері мен конидийлері күңгірт түсті. Конидийлері сопақша келген, бойлық 1-3 жəне көлденең 7-10 далдалы. Дақылдың барлық органдарын зақымдайды.

Фитофтороз. Бұл ауру XIX ғасырдың бас кезінде Америкадан әкелінген түйнектерді отырғызу арқылы Европа елдерінде таралған. Совет Одағында әсіресе Белоруссияда және Прибалтика республикаларында, РСФСР-дің солтүстік-батыс аймағындағы облыстарда жиі кездесетін, өте қауіпті аурудың бірі болып саналады.

Қазақстанда фитофтороз алғаш рет 1934 жылы Алматы облысында кездесті. А. Д. Казенастың мәліметіне қарағанда бұл ауру республикамыздың оңтүстік-шығыс облысының тау бөктеріндегі аудандарындағы және солтүстік облыстардағы картоп егісінде жиі кездескенімен, баяу дамиды, өнімге үлкен зиян келтірмейді.

Ауруды Rhytophthora infestans Д. В. Саңырауқұлағы қоздырады. Кеселге картоптың барлық органдары шалдығады. Алдымен ауру белгілері ескірген жапырақтардың шық тұратын жоғары ұшында байқалады. Зақымдалған жапырақ бөліктері қоңыр тартып, тез қарайып кетеді. Біртіндеп ауру жапырақ сағақтары мен сабақтарына таралып, өсімдік тіршілігін тоқтатуы мүмкін. Жаңбыр тамшыларымен ауру қоздырғышының инфекциясы жапырақтан шайылып жерге түсіп, түйнектерді зақымдайды. Олардың үстінде көлемі әр түрлі қоңырқай немесе сұрғылт ойыс дақтар пайда болады. Ауруға шалдыққан органдарда саңырауқұлақтың конидиялары немесе зооспорангийлері түзіліп, жаз бойы бірнеше ұрпақ береді. Ауру су арқылы және желмен тез таралып, бүкіл егістікті жайлайды [6] .

Фитофтороз ауруына шалдыққан картоп түйнектерін қоймада сақтауға болмайды. Ауру түйнектің ішкі тканьдарына тарамағанмен, басқа микроорганизмдердің әсерінен ол тез шіріп кетеді. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ мицелий күйінде түйнектерде сақталып, келесі жылы отырғызылған картоп өнген кезде, инфекция жаңа сабақтар мен жапырақтарға тарайды.

Макроспориоз. Өте кең таралған аурудың бірі. Әсіресе, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында көп шығын келтіреді. Қазақстанда солтүстік, батыс, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда таралған.

Ауруды макроспориум солани саңырауқұлағы қоздырады [8] . Қазақстанның ауа райы жағдайында шілде айының екінші жартысында картоптың жапырақтарында дөңгелек шеңберлері бар үлкен, қоңырқай түсті дақтар пайда болады. Ауру қатты өршігенде шеңберлі дақтар бір-бірімен қосылады да, жапырақтар қурап, түсіп қалады. Әсіресе, ауаның қызуы 25-28°С-қа жеткенде, аурудың конидияларының өсіп жетілуіне өте жайлы жағдай туады. Картоп түйнектерінде де әр түрлі қоңырқай немесе қара ойыс дақтар пайда болады. Қыс уақытында қоймаға салынған мұндай түйнектер жылдам шіріп кетеді. Ауру қоздырғышы өсімдіктердің қалдықтарында және топырақта сақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Картоп ауруларының түр құрамы
Картоп тұқым шаруашылығы
Қарағанды облысының табиғаты, геологиясы және климаты. Картоп дақылы, оларды өсіру технологиясы
Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
Өсімдіктер карантині
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz