Инфляция - көпфакторлы құбылыс



Кіріспе

Инфляция . бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын . күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 % . ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінің біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді . Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық . шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10 % тең асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляциякезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар денгейі бірнеще процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа
сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасына қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып . сату ( спекуляция ) түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің . өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды.
Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол
қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы
өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және
шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды,
неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты
құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс
қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша
қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз
ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау
үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде
қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі
айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс
өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде,
бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 % - ке дейінгі баяу инфляция
қауіпті деп саналмайды. Керісінше белгілі бір жағдайда баяу
инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде
түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады,
кейін ол одан да қымбатқа түсетінің біледі. Бұл, өз
кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық
тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға
бір қалыпты өспейді . Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан
диспропорцияларды түзетуге және нарық – шаруашылығын сауықтыруға
мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан
тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп,
кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10 % тең асқанда инфляция қауіпті. Экономика
әсіресе гиперинфляциякезінде тез күйрейді. Гиперинфляция
жағдайында бағалар денгейі бірнеще процентке емес, бірнеше
ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау
тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі
қысқа
сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасына қоғамға тигізетін
зияны көптеу, алып – сату ( спекуляция ) түрі тез дамиды.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің - өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды.
Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды
әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс
әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін
мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс
– шаралар бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады.
Курстық жұмыстың мақсаты инфлляцияның тек мәні мен паида болуы
себептерін ашып қана қоймай , оның түрлерін, ерекшеліктерін көрсету.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы инфляцияның пайда болған
жылдарын, қанша пайызға өскенін көрсету және оған қолданған
қарсы саясаттарын атап өту.

І бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны.

1.1 Инфляцияның анықтамасы және мәні.

Инфляция латынның “inflation “ – “қампиған “ деген сөзі,-
қағаз ақшаның құнсыздануы мен пайда болатын әлеуметтік –эканомикалық
процесстер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтермелеуімен
байқалады. Бұның өзі, барлық бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді.
Олардың баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі. Инфляция -
кешенді себептерден туындайды және олардың ең маңыздысы мыналар
болып табылады . Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оларды жабу
үшін қағаз ақшалар шығарылады , мемлекеттің өндірістік емес шығындар
деңгейінің жоғарлылығы тұтыну игіліктерін шығаруды арттырмайтын
және адам еңбегі шығынымен тікелей байланысты, тауар тапшылығы,
оның сұранымды ұсынымнан алшақтауға алып келуі және осының
негізінде - бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің монополиялық
жағдайда болуы, олардың өзінің өніміне тұтыну сапасын арттырмай
-ақ немнсе барынша өте қымбат өнімді шығарумен жүзеге асырылуы,
жалақы өсуінің еңбек өнімділігі өсуінен алшақтығы және басқада
бірқатар себептер. Бұл себептер мемлекеттік тапшылықтың тұрақты ұдайы
өндірілуін және артық ақша эмиссиясын пайда болуына көмектеседі.

1.2 Инфляция деңгейін өлшеу

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді . Есімізге
түсірсек, жалпы бағалық мерзім баға индексі арқылы
анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады .
Осы жылдың ( 2000 ж ) баға индексін алдыңғы жылдың ( 1999 ж
) баға индексінен шығарып, айырмасы алдыңғы жылдың ( 1999 ж
) баға индексіне бөліп, содан кейін пайыз түрінде шығару
керек 100 – ге көбейтеміз. Мысалы, 1999 жылы тауарлар тұтыну
баға индекс 154,5 тең болса, 2000 ж – 158,2 болды. Сонымен
2000 жылы инфляция деңгейі мына жолмен анықталады :
158,2 – 154,5

Инфляция қарқыны = * 100 = 2,3
154,5

70 – ереже деп аталатын ереже инфляцияны басқаша анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл бағалардың 2 еселенуіне керекті жылды
тез есептеп алуға көмектеседі. Ол үшін тек қана 70 деген
санды жасақ инфляция деңгейіне бөлеміз.

Инфляцияның 2 еселенуі 70
үшін белгілі бір жылдар =
саны баға өсуінің
жылдық қарқыны

Экономистер инфляцияны 2 түрге бөлді:
1) Сұраныс инфляциясы экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс
шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен
жауап бере алмайды, өйткені барлық
ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі
немесе сұраныс инфляциясын тудырады.
2) Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы. Шығын көлемі
өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде де инфляциясы болуы
мүмкін жиынтық сұраныс артпағанына қарамастан, соңғы жылдары баға
деңгейі өсті. Өндіріс көлемі де, жұмыспен толық қамтамасыз
ету де қысқарған кездері болды, бірақ осымен бірге жалпы
баға деңгейі де өсті.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа
шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Орташа
шығындарды мынандай тәсілмен шығаруға болады: өндірісте
қолданылатын ресурстардың жалпы шығынын өндірілген өнімнің
бөлу керек, яғни:

Жалпы өндірістік шығын ( ТС
)
Орташа шығын ( АС ) =
Өнім бірлігінің саны ( Q
)

Орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады,
ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен
ұсынуға дайын. Нәтижесінде барлық экономика аумағында тауар
ұсынысы мен қызмет ұсынысы азаяды. Бұл ұсыныстың азаюы баға
деңгейінің өсуіне әкеледі. Соған орай, шығындар бағаның өсуіне
итермелейді, ал сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуіне
сұраныс әсер етеді.
Инфляция баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағымдағы кезең үшін
инфляция деңгейі төмендегідей болып анықталады. Ағым кезеңіндегі баға
индексінен өткен кезеңдегі баға индексі алынып,өткен кезеңдегі
баға индексіне бөлінеді .
Ағым кезеңдегі баға- өткен
кезеңдегі баға
Баға индексі =
*100
өткен кезеңдегі баға

ІІ бөлім. Инфляцияның түрлері және оның себептері

2.1 Инфляцияның түрлері
Инфляцияның бірнеше түрлері бар . Баға өсуі қарқыны өзқарасы
тұрғысынан нфляцияны төмендегідей түргеге бөлуге болады :

а) баяу инфляция
ә)қарқынды инфляция
б)ұшқыр инфляция

Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі. Инфляция 1-2 % болған жағдайда,
нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі. Мұндай
ифляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-
эканомикалық салдарға ұшындырады.
Ұшыр инфляция кезінде айналымдағы ақшанның саны мен баға
астрономиялық жылдамдықпен өседі.
Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдануына
байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айыламыз. Ашық
инфляция- еркін баға құрылымы эканомикасына тән және тауар мен қызмет
көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэканомикалық тепе-
теңдік сұраным жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен
байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз. Ашық инфляция жекелеген
тауар нарығында бағаның кезеңмен төмендеуіне толық сай келеді
немесе тіпті болмағанда олардың өсуін баяулатады. Демек, ашық
инфляция нарық механизімін кәдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды.
Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те атайды.
Ол бағаны реттейтін эканомикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны
бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығы,
өнім сапасының төмендеуінде, бартерлік іс-әрекетте байқалады.
Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық бағаны сұраныммен
ұсыным тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.
Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы және тауар мен қызмет
көсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтатады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір
қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір
жылдық өсуіне сәйкес процент келісімі ( ставкасы ) да
өседі. Нарықта тепе – теңдік ( тұрақтылық ) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына
баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра
білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға
болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен “ жоспарлайды “.
Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен
көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін
бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы
қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып
ала бастайды. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде
өсуі тұрғындардың “ инфляциялық тосу психологиясын “ туғызады .
Егер тосын инфляция ( бағаның кенеттен өсуі ) экономикасы
дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты
әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде
тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның
өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп
кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп
табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады.
Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы
қалпына келеді.
Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтық
шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі
есімімен аталатын “ пигу әсері ”, немесе “ нақты кассалық
қалдық әсері ” деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта
кететін тағы бір ескертпе, “ Пигу әсері ” икемді бағалар
мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу
болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің
пікірінше, “ Пигу әсері ” экономикада нақты болатын
жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.

2.2 Инфляцияның пайда болу себептері, көрсеткіш нысандары және
экономикалық зардаптары.

Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол
экономиканың кез келген үлгісінде де орын алады.
Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен
бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы
ақшаның саны бірқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы,
егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен
тікелей байланысты тауар айналымының көлемі да азаяды . Олай
болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаныңда саны азаяды. Сөйтіп,
дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның бір бөлігі артық
болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы
жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету, басқа
жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша
шығарғанмен бірдей.
Сонымен инфляциялық ахуал көптеген себептердің
әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екіге бөлуге болады:
1) ақша айналымымен тікелей байланысты себептер:
- айналымға, бюджеттің тапшылығын жабу үшін, тауарлық
ресурстармен қамтамасыз етілмеген тым көп қолма – қол ақша
шығару;
- айналымға қолма – қол емес ақша шығарумен байланысты,
шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру;
- ұлттық валютаның бағамен бір денгейде ұстау үшін Ұлттық
банктің, басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын
сатып алу, немесе сату ( валюта басқыншылығы ).
2) ақша айналымы мен жанама байланысты себептер:
- шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы;
- шаруашылықтың шығынды тетігі;
- салық саясаты;
- баға саясаты;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі.
Бір қарағанда, екінші топта келтірілген себептердің
инфляциямен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді, ал іс
жүзінде олардың әрқайсысы айналымдағы ақшаның жинағының
өзгеруіне әсер ете алады, сөйтіп инфляциялық ахуал туғыза
алады. Мысалы, халық шаруашылығының үйлесімді өркендеуі
бұзылды деген сөз, кейбір саланың қатты өсіп кеткені, ал
кейбіреуінің артта қалыпқойғаны. Осының салдарынан, өсіп кеткен
шаруашылықтар, шығарған өнімдерін сата алмайды, өйткені сатып
алынған салалар артта қалып қойған.
Олардың сатып алу мүмкіншілігі азайған. Сондықтан
өскен салалар, шығаратын өнімнің көлемін азайтуға мәжбүр
болады, ал қалып қойған салалардың өндіріс көлемі өзінен
өзі төмендей жатыр. Ал, өндіріс көлемі азайса, тауар
айналымының көлемі де азаяды, сонымен бірге айналымға
керекті ақшаның саны да азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде
айналымда жүрген ақшаның жинағы артық болып шығуы мүмкін.
Шаруашылықтың шығынды тетігі бюджеттің тапшылығына
әкеліп соғады, ал бұл тапшылық, айналымға тауармен қамтамасыз
етілмеген эмиссия шығарумен жабылады.
Айналымдағы ақшаның жалпы саны көбейеді. Сөйтіп, ақша
құнсыздана бастайды.
Шектен тыс жоғары салықта өндіріс пен тауар
айналымының өсуін ынтымақтандырмайды, керісінше, инвестициядық
белсенділік төмендейді, соның салдарынан, өндіріс көлемі де,
тауар айналымыда азайып, айналымда артық ақша пайда
болады.
Баға саясатын жүргізудің екі жолы бар: біреуі –
бағаның
өсуіне жол бермей, бір деңгейде ұстап отыру, екінші – бағаны
қоя беріп, оның өсуіне кедергі жасамау. Бірақ, осы
жолдың екеуі де, инфляциядық ахуалды жоя алмайды.
Өйткені, инфляцияны толығымен жоюға болмайды. Сондықтан, шама
келгенше, инфляциядық бағалаудан шығып кетпеуін, оның
шексіз өсіп кетпеуін қадағалау керек.
Баға саясатының инфляция процессіне тигізетін әсерін
төмендегі сұлбадан көруге болады.

Нарықтық баға

Бағаны бұрыңғы деңгейде Тауардың және қызметтің
ұстау әрекеті бағасын жоғарылату

Өндірістік шығынның Халықтың әл аухатын бір
азайтылуы деңгейде ұстау үшін еңбек
ақыны көбейту

Өндірістің дамуы тоқталуы, Өндірістің шығыны көбеюі,
оның техникалық деңгейі тауардың өзіндік құнының
төмендеуі өсуі

Тауардың жеткіліксіздігінің Пайданың азайтуы
пайда болуы

Тауарды қымбатқа сататын Бағаның қайтадан
қара базар пайда болуы жоғарлатуы

Халықтың әл аухаты Инфляцияның қайтадан ұлғаюы,
нашарлануы инфляциялық бұралымның
пайда болуы.


Мемлекеттік сыртқы экономикалық қызметінің инфляцияның
байланысына келсек, ол мынандай. Егер, тауар өндірушілер,
басқа елдерден шикі затты немесе өндірістік жабдықтарды
жоғары бағамен сатып алса, өндірістің шығыны көбейеді,
тауардың өзіндік құны өседі. Мұндай жағдайда тауар
өндірушілер пайданың көлемін азайтпау үшін өнімнің
бағасын өсіруге тырысады. Сөйтіп баға өседі. Инфляция
күшейе түседі.
Елдің ішкі саяси жағдайының тұрақтыстығы да инфляциялық
ахуал туғызады. Өйткені, кез келген митингілер, ереуілдер,
басқа да бас көтерішілер, осыдан шығатын барлық
зардаптарымен өнімнің көлемін азайтады.
Ел ішінде ұлттық ақшамен қатар басқа елдің
ақшасының қолдануы да инфляцияның қозғаушы күші болып
табылады. Басқа елдің ақшасы ( мысалы, доллар ) еркін
айырбасталатын болған соң, ұлттық ақшаны айналымнан
ығыстырып, оны құнсыздандырады.
Әрбір қозғаушы күштің әсеріне байланысты инфляция –
сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы болып екі
түрге бөлінеді.
Сұраным инфляциясы – инфляцияның бұл түрі айналымдағы
ақшаның жиыны шексіз көбейіп кеткенде шығады. Өйткені,
айналымдағы арттық ақша, тауармен көрсетілетін қызметтерге
сұранымды көбейтеді, ал бұл, өз кезегінде, бағаның өсуіне
апарады.
Шығын инфляциясы - өндіріс шығының көбеюуіне
байланысты әсіресе еңбек ақының көбеюіне байланысты
бағаның өсуі. Бұл жағдай № 3 сұлбада көрсетілген.
Дегенмен инфляцияның осы екі түрі бірімен –
бірі тығыз байланысты. Оны мынандай жүйеліктен байқауға
болады.

Айналымдағы артық Тауар мен қызметке Бағаның
өсуі
ақша ұранымның өсуі

Еңбек ақының Өндіріс шығынының Бағаның
қайта
көбейтілуі өсуі
өсуі

Бағаның орташа өрлеу қарқынына қарай инфляция
төмендегідей болып бөлінеді.
Бағаның жылдық орташ өрлеу 10 % - ке дейін
болса
сырғымалы инфляция болады; бағаның жылдық орташа өрлеу 10 %
- тен 50 % - ке дейін болса - өршімелі инфляция деп аталады;
бағаның жылдық орташа – өрлеу 50 % - тен жоғары болса шектен
тыс инфляция болып табылады;
- егер, бағаның өрлеу қарқыны бір айдың ішінде 50 % - тен
асса, ол тым шектен тыс инфляция болады.
Кез – келген үкімет, инфляцияға қарсы тиісті шаралар
қолдануы керек. Оның ішінде, бірінші қатардағы міндет,
өндірістің, оның ішінде жоғары және орташа табыскерліктің,
дамуын қамтамасыз ету, олардың өндірген тауарларының сапасын
жоғарлатып, бәкеге жарамдылығын арттыру болып табылады.
Әсіресе, қолда бар заттай, не ақшалай байлықтарды үнемдеу,
оның тиімділігін арттыру қажет.

2.3 Инфляцияның ерекшеліктер
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
сәйкессіздікпен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады
ұзақ мерзімді болашақта, сондай – ақ ақша массасының өсуі
ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша
массасындағы өзгеріс болып табылады.
“ Инфляция ” термині АҚШ – та 1861 – 1865 ж. ж азамат
соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 % - ға
сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла
бастады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын
көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл
тек капитализмге ғана тән, ал социализм жағдайында,
жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген
фактілер оған себеп болды. Шындығында да, директивті
түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті
қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде
ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының
деңгейі бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып
табылмайды. Инфляция, сондай – ақ өнеркәсіптегі және ауыл
шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының деңгейімен, ЖІӨ
дефляторымен де сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін
шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың
әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына
қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда
бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың
тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын
алды. Кейбір тауарлардың бөлшек саудада болмағанына
қарамай, төменгі бағалары
сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы
туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі
қазіргі инфляцияның себесптеріне: 30 – жылдардан басталған өндіріс
құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ
асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен
шығынтар; қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен
ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалындарының
тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның
өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы.
Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту
мүмкін еместігінің салдарынын, бағаның бірден өсуіне,
инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты
көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі ( ТБИ ) жатады. Ол
үй шаруашылығының “ тұтыну қоржынына ” жататын жекелеген
тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып,
бағаның өсуі индексі негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда
1991 жылы бастап анықталды. “ Тұтыну қоржыны ” 275 тауарлар
мен қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну
тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып,
өзгеріп отырды. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір
жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп “ тұтыну
қоржынындағы ” тауарлар мен қызметтер үлесі былай
анықталынды: тамақ өнімдері – 62,6 % ( бұрынғасы – 58,2 %
болған ), азық – түлік емес тауарлар – 23,2 % ( 30
% ) ; ақылы қызмет – 14,2 % ( 11,8 % ).
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады:
глобалдығына қарай – локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана
орын алатын және дүниежүзінде; даму қарқынына қарай –
төмен, бәсең, гиперинфляция және супергиперинфляция, яғни
бағаның өсуі 5 % - дан аспайтын болса; циклдігіне қарай –
жылжымалы ( бағаның біртіндеп өсуі ), тұрақты, сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты
болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттыр бойы айналыстағы ақша массасы мен
инфляция арасындағы тәуелділік экономис – монетпристердің
назарында болды, солардың ішінде танымал Милтен Фридмэн
де бар. Монетаристер ақша массасының өзгеріс инфляцияның
негізгі факторы болады деп санайды.
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы
көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу
қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырады. Осылайша, 1993
жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы
ақша массасы мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845
% және 125%; 1995 жылы – 216% және 160 % құрады. 1996
жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама
төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана
фискалды – ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатының
куәландырады.

2.4 Инфляцияға қарсы саясаттың әдістері.
Құнсызданудың ( инфляцияның ) жағымсыз әлеуметтік және
экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі
экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде
экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады:
күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфляцияны жою
керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Бұл екіұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше
жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ – та
және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет
деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға
икемделу іс – шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да
жасалады ( табыстарды индексациялау және т. б.)
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі
әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде
( оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді )
белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау

мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.
Инфляцияға жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция
қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де
қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып,
жұмыссыздықты арттырып, жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін
инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында
бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер
сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция
бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар
төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді:
сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы
экономикалық өсу басталады. Бірақ 60 – 70 жылдары дамыған
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы
ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат туралы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
Инфляция мәні, пайда болу себептері, түрлері
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляция типтері
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы
Баға жасау және инфляция
Пәндер