Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы


КІРІСПЕ
Кез-келген фирманың басқару аппаратының тиімді қызметі құжаттармен жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Іс жүзінде ақпарат көздеріне, шешімдер дайындау мен қабылдауға байланысты бір де бір технологиялық басқару функциясы құжаттарды жасау, орындау және рәсімдеу процесі - құжаттаусыз іске асырылмайды.
Техникалық орындаушылардан бастап барлық буындағы басшыларға дейінгі басқару аппаратының бүкіл қызметкерлерінің қызметі құжаттаумен байланысты. Біреулері құжаттарды жасайды, басқалары олардың рәсімделуін және берілуін қамтамасыз етеді, үшіншілері сол құжаттарды басшылыққа алып, олардың негізінде шешімдер қабылдайды.
Кәсіпорындардың күнделікті жұмысында өндірістік, шаруашылық. қаржылық және қоғамдық қызметтің сан қилы мәселелері бойынша құжаттар жасалады. Ол бұйрықтар, шешімдер, хаттар, актілер, келісімшарттар, хаттамалар, өтініштер, жеделхаттар, анықтамалар және т. б. Касіпорындарда жасалатын құжаттар әдетте хат-хабар деп аталады.
Құжаттардың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы іс қағаздарын жүргізу деп аталады.
Қазақ КСР-дағы іс жургізу жүйесі барлық шаруашылық субъектілерінің ортақ біртектес әдістер негізінде құрылып, мемлекеттік стандарттар мен ережелерге сәйкес реттелетін. Жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезеңінде, әр түрлі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жаппай сахнаға шығу жағдайларында бұл ережелер ұмыт болған, және де мемлекеттік ұйымдарда бұл мәселені шешудің қандай да болмасын талпынысы байқалғанымен, әрбір жеке меншік фирма құжаттарды рәсімдеуде, дайындауда және есебін жүргізуде өз тәртібін орнатуда. Бұл жағдай «Тіл туралы» 11. 07. 97 ж. № 151-1 ҚР Заңының іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне аудару талабымен күрделене түседі.
Қазақ тілін іс қағаздарын жүргізуге ендіру тәжірибе жүзінде ойдағыға қарағанда анағұрлым күрделі процесс болып шықты.
Қазақстандағы букіл іс жүргізу жүйесі орыс тіліне негізделген, ал хат-хабарды қазақ тілінде рәсімдеу сауатты аудармашыларды, кеңсе техникасын, қажетті сөздіктерді анықтамалықтарды, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік құрылымдарда құжаттарды жасаудың ортақ біртектес әдістерін қолдануды талап етеді. Тілден тілге көшу процесін тер-миндерге әр түрлі тусінік беру және әсіресе нарықтық өзгерістерге байланысты лексиконда пайда болған қазақ тіліндегі ұқсас сөздерді іздестіру сияқты тіл мәселелері де тежейді.
Әрине, бундай жағдайда құжаттаманы ең алдымен орыс тілінде бірыңғайлау қажет, сосын ғана оны, ең болмағанда қарапайым және барынша кеңінен тараған құжаттар мен жүйелерді қазақ тіліне аударған жөн.
Қолданыстағы ресми құжаттарға сүйене отырып, осы басылымның құрастырушылары орыс және қазақ тілдерінде құжаттаудың негіздері бойынша аз ғана білім беруге талпыныс жасады, оны іс қағаздарын жургізумен айналысатын кез-келген маман пайдаға асырып, сан қилы құжаттарды рәсімдей алады.
Осы кітаптың ішкі құрылымы алгоритмдер принципі бойынша кұрылған, олар пайдаланушыларға соның негізінде іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша фирманың ішкі құжатын, ягни «Іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықты» уақытты үнемдей отырып, сауатты түрде құрастыруға мүмкіндік береді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ
Қазақстан Республикасында құжаттарды жасау және олармен жұмысты ұйымдастырудың жалпы талаптары Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылгы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау және құжаттаманы басқарудың үлгі ережелері туралы» № 33 бүйрыгымен белгіленген.
ҚР Үкіметінің 26. 02. 03ж. № 204 қаулысына сәйкес күші жойылды деп танылған ҚР Минис-трлер кабинетінің 30. 06. 92ж. № 562 қаулысымен бекітілген Ереженің орнына осы ереже енгізілді.
Алайда осы құжатта ҚР Министрлер кабинетінің 30. 06. 92ж. № 562 қаулысында жазылған құжаттарды ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар сақталған, бірақ қазіргі күнгі талаптарды ескере отырып, жаңартылған, толықтырылған. Осы ережелер негізінде ереже талаптары міндетті болып табылатын мемлекеттік орғандар мен ұйымдарда Іс жүргіэу женіндегі нұсқаулық өзірленді және бекітілді. Осы ережелермен езінің қызмет ерекшеліктерін ескере отырып және Қазақстан Республикасының құжат айналымының жалпы жүйесін бірыңғай жүйелендіру мақсатында мемлекеттік емес сектордағы ұйымдар да пайдалана алады.
¥йымдардың электрондық құжаттарды жасау жүйесіне көшу кезінде 07. 01. 2003 жылгы «Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы» № 370-ІІ ҚР-ның Заңын пайдалану қажет.
Іс қағаздарын жүргізу женіндегі нұсқаулықты әзірлеу кезінде «Іс қағаздарын жүргізу және мурағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» 1037-2001 ҚР СТ, «Ұйымдық-нұсқаулық құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар» 1040-2001 КРСТ мемлекеттік стандарттарының талаптарын ескеру қажет.
2. ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1. Іс қағаздарын жүргізу қарапайым және жедел болуы тиіс, оның жұмысы фирма ішіндегі құжат - ҚР-ның мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мүрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі коми-теті Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бүйрығының талаптарына сәйкес жасалған және ұйымның жоғары лауазымды тұлғасы бекіткен «Іс қағаздарын жүргізу туралы» нұсқаулықпен белгіленеді.
2. 2. Субъекті құжат айналымы объектісіне және өзінің ұйымдық құрылымына байланысты іс жүргізуді:
- іс қағаздарын жүргізу басқармасы;
- кеңсе;
- секретариат;
- жалпы бөлім;
- хатшы-референт;
- лауазымның орнын ауыстыру тәртібімен кез келген қызметкер (іс қағаздарын жүргізуге жауапты) жүзеге асырады.
2. 3. Іс қағаздарын жүргізу қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен құқықтары лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді. ҚРАК-нің 01-99 16. 10. 99ж. №22 сәйкес осы қызмет қызметкерлеріне:
• басшылар:
- меңгерушілер;
- меңгерушілердің орынбасарлары;
• мамандар:
- фирма басшысының көмекшісі;
- инспектор; -методист;
- мұрағат меңгерушісі;
- редактор;
- корректор;
• техникалық қызметкерлер:
- хатшы-референт (стенографист) ;
- хатшы-машинка басушы;
- -экспедитор;
- курьер жатады.
2. 4. Іс қағаздарын жүргізуге жауапкершілік басшының бірінші орынбасарына немесе 2. 3-тармақ бойынша құрылымға сәйкес нақты
орындаушыға жүктеледі және жеке еңбек шартында белгіленеді.
- Лауазымы бойынша хат-хабармен жұмыс істейтін фирманың барлық қызметкерлері «Іс қағаздарын жүргізу туралы» нұсқаулыкты білуге және оның талаптарына сәйкес қызметтік құжаттаманы ресімдеуге міндетті.
- «Іс қағаздарын жүргізу туралы» нұсқаулык ұйымдастыруды, ережені, құжаттарды қабылдау және жасау процесін реттейтін нормативтік құжат болып табылады. Нұсқаулыққа фирмада цолданылатын құжаттардың нысандары мен үлгілері және анықтамалық-әдістемелік материал: бекітуге жататын құжаттардың тізбесі, мер соғылатын құжаттардың тізбесі т. б. қоса беріледі.
- Фирма ішіңдегі қызметтік хат жззысу Қазақстан Республикасының заңнамасында, мысалы, ҚР-ның «Еңбек туралы» 10. 12. 99ж. № 493-1 Заңында белгіленген жағдайларда рұқсат етіледі.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің ара-сында қызметтік хат жазысуға руқсат етілмейді.
2. 8. Басқа ұйымдармен және азаматтармен қызметтік хат жазысу:
- мемлекеттік тілде;
- ресми тілде;
- түскен сұрату, хат, етініш қай тілде жазылса, сол тілде жүргізіледі.
2. 9. Іс кағаздарын жүргізудің бірегейлендірген жүйесі құжаттама қалыптасуының бірнеше шағын жүйелерін белгілейді:
- жоспарлы;
- есептік-статистикалық;
- бастапқы есепке алу;
- қаржы және бухғалтерлік есеп;
- -есептік-ақша;
- ұйымдық-басқару;
- салық;
- жобалау-сметалық (құрылыс) ;
- сыртқы сауда;
- техникалық (жаңа техника, рационализация, жаңалық ашу және т. б. ) ;
- еңбек жэне әлеуметтік мәселелер;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі;
- баға белгілеу;
- кадр мәселелері бойынша;
- халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бойынша.
Осы басылымда біз кез келген шаруашылық цызметі субъектілері ұшін қажет ұйымдық-басқару жүйесіне жан-жақты тоқталамыз.
Әрбір субъект езі ұшін практикалық қызметіне қажетті шағын жүйелерді белгілейді, ягни бұл тізбе кеңейтілген түсіндірмеге жата-ды.
2. 10. Құпия іс қағаздарын жүргізу тәртібі ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК және басқа да мемлекеттік орғандардың арнайы нұсқаулықтарымен белгіленеді.
2. 11. Іс қағаздарын жүргізуге жауапты тулға ауысқан кезде жаңа қабылданған қызметкерге өзінде бар істі және мурағатты акт бойынша
тапсыруға міндетті.
Осындай тәртіп кез келген құжатты: ұйымдық, басқару, бухғалтерлік, салықтық, қаржылық құжаттарды тапсыратын фирманың кез келген қызметкеріне қатысты болады.
актілерінен тұрады.
Тіл туралы заңдар Қазақстан Респуб-ликасыныңазаматтарына, Қазақстан Республи-касында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтыгы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы орғандар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
5-бап. Орыс тілін қолдану
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орғандарында орыс тілі ресми түрде қазак, тілімен тен қолданылады.
6-бап. Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы
Қазақстан Республикасының аэаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына қүқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай тугызу жөнінде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде іс-шаралар өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін.
7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың қуқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz