ҚӘУЗ түрлері



Кіріспе.
Өнеркәсіп орындарында, ауыл.шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялық заттар пайдаланылады. Олар авария себебінен төгілген немесе далаға атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардандыруға, ал адамдарды зақымдауға әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе сақтайтын кәсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына мынандайлар жатады: химиялық, дәрі.дәрмек өндіретін, қағаз шығару комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі.түсті металлургия зауыттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай.ақ, азық.түлік, ет.сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй.жай тұрмысы шаруашылықтары.
Кейбір жиі кездесетін қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) атап өтсек, бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (H28), фосген (COCL2), күкіртті ангридриды (8O2), бензол (C6H6), акрилонитрил (CH2=CH.CM), метиламиндер (CH3KH2), (CH3)2KH т.б.), көгерткіш қышқылы (HCM), тұз қышқылы (HCL), бром сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (HMO3), күкірт қышқылы (H28O4). Көбінесе бұлар газ немесе сұйық түрінде болады, әдетте сақтау немесе тасымалдау үшін қысым әрекетімен сұйықтық түрге айналдырылады.Тұрғындардың өздерінің мекен.жайы маңайындағы орналасқан объектілерден келетін қауіпін білгені жөн. Мысалы үшін, қағаз өндіретін комбинатта, су жүргізетін бекеттерде көп мөлшерде хлор сақталынады; тоңазытқыш немесе ет комбинатында, мұнай өңдеу зауыттарда, азот қышқылы, сода, тыңайтқыштарды өндіретін жерде аммиак болуға тиісті, көгенрткіш қышқылы пластмасс шығаратын кәсіпорында, ал күкіртті сутегі мұнаймен айналысатын және күкірт пен оның қоспалары бар заттарды дайындайтын зауыттарда аса мол мөлшерде кездеседі.
ҚӘУЗ ─ шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай, сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ҚӘУЗ ─ жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ҚӘУЗ ─ қайнайды (қайнау температурасы +20˚С) және птмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ҚӘУЗ.дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс.қимылды істеу қажет:
.улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң, тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Өнеркәсіп орындарында, ауыл-шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс
өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген
химиялық заттар пайдаланылады. Олар авария себебінен төгілген немесе далаға
атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардандыруға, ал адамдарды зақымдауға
әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе
сақтайтын кәсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына
мынандайлар жатады: химиялық, дәрі-дәрмек өндіретін, қағаз шығару
комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі-түсті металлургия
зауыттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай-ақ, азық-
түлік, ет-сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй-жай
тұрмысы шаруашылықтары.
Кейбір жиі кездесетін қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) атап өтсек,
бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (H28), фосген (COCL2), күкіртті
ангридриды (8O2), бензол (C6H6), акрилонитрил (CH2=CH-CM), метиламиндер
(CH3KH2), (CH3)2KH т.б.), көгерткіш қышқылы (HCM), тұз қышқылы (HCL), бром
сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (HMO3), күкірт қышқылы (H28O4).
Көбінесе бұлар газ немесе сұйық түрінде болады, әдетте сақтау немесе
тасымалдау үшін қысым әрекетімен сұйықтық түрге айналдырылады.Тұрғындардың
өздерінің мекен-жайы маңайындағы орналасқан объектілерден келетін қауіпін
білгені жөн. Мысалы үшін, қағаз өндіретін комбинатта, су жүргізетін
бекеттерде көп мөлшерде хлор сақталынады; тоңазытқыш немесе ет
комбинатында, мұнай өңдеу зауыттарда, азот қышқылы, сода, тыңайтқыштарды
өндіретін жерде аммиак болуға тиісті, көгенрткіш қышқылы пластмасс
шығаратын кәсіпорында, ал күкіртті сутегі мұнаймен айналысатын және күкірт
пен оның қоспалары бар заттарды дайындайтын зауыттарда аса мол мөлшерде
кездеседі.
ҚӘУЗ ─ шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай,
сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ҚӘУЗ ─ жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым
атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ҚӘУЗ ─ қайнайды (қайнау температурасы +20˚С) және птмосфераға газ немесе
бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық
қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ҚӘУЗ-дың
пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның
адам терісіне тамшы сұйық түсуі және демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе
қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу
қажет:
-улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң, тез арада
противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
-жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ
болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді мүлтіксіз сақтау
қажет:
-жүгірмей және шапшаңдатпай тез жүру;
-төтенше жағдай ұйымдарының өкілінің бұйрығына дейін қорғаныс
құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тоннельдерді
және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;
-зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетінше қозғалмайтын
қарттар мен балаларға қажетті көмек көрсету.

Негізгі бөлім: ҚӘУЗ түрлері.
ҚӘУЗ мынандай түрлерге бөлінеді:
Хлор. Газ, көкшіл-сарғыш түсті, ерекше иісті, адамды тітіркендіреді.
Ауадан 2,5 есе ауыр, сондықтан жел бағытымен жер бетіне жақын боп жылжиды;
тоннель, құдық, жертөле сияқты пәс жерлерде шоғырланады. Қасиеттеріне қарай
оны өндіріс кеңінен, сонымен қатар дезинфекциялық (зарарсыздандыру) құрал
ретінде де пайдаланады. Ол жоғары қысым арқылы сұйық түрінде сақталынады.
Атмосфераға шығарылған кезде түтіндейді.
Организмге әсері. Көз бен теріні тітіркендіреді. Адамның жоғарғы тыныс
жолдарын тітіркендіріп, өкпесін қабындырады. Биік концентрациясында бір-екі
дем алудан-ақ адам өледі, ал 100-200 мгм3 шоғырлануында 30-60 минут
әсерінде қауіп төндіреді. Противогаз болмаса хлорға қарсы соданың 2%-тік
ерітіндісіне малынған матаны қолдануға болады.
Төгілген кезде ең биік орындарға көтерілу қажет:
-егер төменгі қабаттағы пәтерде болған жағдайда, жоғарғы қабатқа
көтерілу қажет;
-егер көшеде(далада) болғанда, биіктеу жерге шыққан жөн;
Аммиак. Әдеттегі жағдайда түссіз, мүсәтір спиртінің иісі бар газ,
ауадан 2 есе жеңіл, атмосферада түтіндейді. Қысым арқылы сұйықтық түрінде
тасымалданады. Қауіп-қатерлі концентрациясы 500мгм3 маңайында. Мүсәтір
спирт осы аммиактың 10%-тік ерітіндісі. Аммиак тыныс алу жолдарын, жүйке
жүйесін зақымдап, сіңірін тарылтады. Өлім өкпенің ісінуінен болады.
Төгілген кезде тез тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді
таңдау қажет(жертөле).
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын
тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:
-есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;
-ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал
қағазбен жабыңыз.
Егер дабыл көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану
аумағынан шығып, желге қарсы жүрген жөн. Тыныс органдарын қорғау үшін,
тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы
заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак сумен
жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі). Егер противогаз
жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор
төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде)
ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз. Тыныс органдарын
хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған
мата таңғышын пайдаланыңыз.
Халықты ҚӘУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бұлт
жақындағанға дейін жүргізіледі. Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк
тұнбасын, кальциленген соданың ерітіндісін немесе 60-80% және одан артық
концентрациядағы каустикті құяды(шамамен 2л ерітіндіге 1кг хлор) суды
немесе ерітіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы
автожанармай стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидрант
немесе арнайы жүйе қолданылады. Аммиак көп төгілсе, жайылған сұйықты
топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ертіндісін себеді,
сумен шаяды. Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт
машиналарының, жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық
қауіпті объектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.
Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады.
Оларды дайындау жолдар ол үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен
жасайды. (Бастауыш сынып оқушыларына көлемі 80-40см.) Ортасы бойынша бір
қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата қабатын жаяды. Дәке
кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің
ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды. Таңғыш ауыз бен мұрынға
қойылады. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жорға жағының құлақ
үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды. Таңғыш беттің арасындағы
саңылауларды мақтамен тығыздайды.
Апаттың осы түрі болғанда адамдар қандай қимыл жасауы керек:
Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық
қорғаныс штабынан хабар түседі. Хабарды естісімен, противогаз кию керек, ол
болмаған жағдайда, жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада
жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не жұмыста
болсаңыз, сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығындап, үйге
улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жайт улы газдар апаты
болғанда үйдің төменгі және жерасты қабатын паналамауға тырысуыңыз, себебі
тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналады. Төтенше жағдай
соғыс қақтығысуларынан да болуы мүмкін. Олардың әсерінен электр жүйелері,
су, жылу құбырлары бұзылады. Өндіріс орындары жұмысын тоқтатады, адам
шығыны болады, осыдан оларды құтқару қажеттігі келіп туады. Бұндай апаттың
зардабын жою немесе бәсеңдету үшін Азаматтық қорғаныс күштерін іске қосуға
тура келеді.
Төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар:
-Күнделікті жүріп жатқан жұмысты, оқуды, өндіріс заттарын өндіруді
халыққа түрлі қызмет (сауда, көлік жұмысы) көрсетуді тоқтатпау.
-Кенеттен болатын жұмыстардың сипатына, көлеміне қарай дереу шара
қолданылуы керек.
-Байланыс жұмысын үзбеуге, тиісті мәліметті дер кезінде түсуін
қамтамасыз еткен жөн.
-Апат болған ауданға барар жолдың ашылуына көңіл аудару қажет.
-Апаттың қоршаған ортаға тигізген зардабының сипатын және көлемін
барлап, анықтау керек.
-Апат болған жағдайда адамдардың арасындағы қарым-қатынасты
зерттеп, (қақтығысулар, үрейленушілік, ұрлық, тонау) қоғамдық тәртіпті
сақтауға көңіл бөлу.
-Әр түрлі мекемелердің өзара қарым-қатынасын үзбеуін, байланыстарын
ұйымдастыру.
-Жоғарыда айтылған жоспарларды қызметкерлерге алдын-ала ескертіп,
таныстыру қажет.
Күкіртті сутегі. Газ, түссіз, жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр. Мұнай кен
орындарынан, жанартаулардан шығатын газдардың құрамында минералды су
көздерінде табылады. Сұйық түрінде тасымалданады, атмосфераға шыққан кезде
газға айналады, жанбайды. Адамның тамағын және кеудесін күйдіріп,
жөтелдіреді, көз жасын ағызады. Адам тұншығудан өлуі мүмкін.
Азот қышқылы. Түссіз сұйықтық, алтын мен платинадан басқа металдардың
бәрін тотықтырады. Қағаз, май, ағаш, көмірді өздігінен жандыртады, мақта-
маталарды ірітіп бүлдіреді.
Күкіртті қышқыл. Түссіз, майлы сұйықтық. Азаот қышқылы сияқты өте күшті
тотықтырғыш.
Күшті әсер ететін улы заттар мен бірге химиялық авария жағынан қауіпті
заттарды(ХАҚЗ) атап өтсек, олар: бензин, керосин, ацетон, толуол, ксилол,
эфирлер, спирттер, анилин, фосфор және хлорорганикалық улы химикаттар,
мышьяк пен фосфордың сутегімен байланыстары, радиоактивтік йод және оның
байланыстары, радионуклидтер, азот пен көміртектің оксидтері,
бороводородтар (диборан, этилпентаборан, т.б.).
Авариямен күрес жүргізген адамдар атап өткен ХАҚЗ не ҚӘУЗ-дың түріне
қарай арнайы противогаз немесе респираторларды қолданады және қауіпті
заттарға тән осы противогаздарға бекітілетін сүзгіш қораптарының маркасын
(белгіленген түрін) таңдап алу керек.
Техникалық сұйықтықтар. Метил спирті (метанол) ─ сырларды еріту үшін,
дәрі-дәрмектерді әзірлеуде, медициналық аспаптарды зарарсыздандыр-ғанда
т.б.жағдайда пайдаланылады. Шарап спиртінің иісі бар болса да, метанолды
ішуге болмайды. Улану барысы бірден емес, бірнеше сағаттан кейін білінеді
және оның салдарынан адам көру қабілетінен айырылып қалуы мүмкін. Метанолды
ішкен жағдайда асқазанды шайу жолымен ғана адамды құтқарып алу мүмкін.
Антифриз және тосол деген сұйықтықтар автомобиль моторларында қолданылады,
құрамында этиленгликоль бар. Білместен ішіп қойған адам 12-23 тәуліктер
арасында қаза табады.
Дихлорэтан (хлорлы этилен). Көкшіл сұйықтық. Лак, смола (шайыр),
майларды еріту үшін пайдаланылады. Негізгі уландыру жолы ─ тыныс алу
арқылы. Бұл заттың улылығына қарсы дәрі табылмаған. Өлім 2-3 тәуліктің
арасында бүйрек және бауыр мүкісінен болады.
Сынап. Ауыр металдардың қатарындағы қорғасын, кадмий, мышьяк, хром,
никель, қалайы, мырыш және сурьма аталғандар адамзат тіршілігінің
нәтижесінде қоршаған ортаны ластап экологияны бұзады, сонымен өмірге қауіп
туындатады.Әсіресе адамдар жиірек сынап деген металға кездеседі. Айтарлық,
ол тас көмірді пайдаланып жаққанның өзінде қалдықтарымен бірге түсіп
жатады, ал күйіп кеткен электр шам шырақтарын есептегенде жыл сайын
тонналап далаға шығарылады. Тіршіліктің барлық саласына қатыса отырып, ол
өмірдің қайсы болса да, формасында қауіп төндіреді. Сынаппен зарарданған
жерді тазалау жұмыстары қиындыққа соқтырады, мысалы ол саңлауларға тығылып,
жер қыртысына енеді де, жер асты суларына жетеді. Демеркуризация жүргізетін
жұмыстарға арнайы мамандар қатысуы тиісті. Сынапты ашық түрінде байқап
алғанда, ол жерге адамдарды жақындатпай санитарлық-эпидемиялық бекетке,
милицияға және денсаулық сақтау органдарға хабарлау керек. Демеркуризация
дегеніміз ─ оқиға болған жерден сынапты және оның қоспаларын механикалық
түрінде алып әкету. Бұндай жұмыстар арнайы противогаздарды киіп алып
жүргізуді талап етеді. Сынапты жинағанда амальгамаланған мыс тақтайша
қолданылады. Егер адам сынапты жұтып қойған болса, оның асқазанын
активтендірілген көмірдің
20-30 қосылған сумен немесе белокты сумен (суға жұмыртқаның сарысын
араластырады) жақсылап шаяды. Қайнатқан күріштің, болмаса сұлы жармасының
суын да қолдануға болады. Аяғында зақымданған адамға ішті өткізетін дәрі
беріледі. Бұның бәрі кезек күттірмейтін жедел көмек деп саналады.

Негізгі бөлім: ҚӘУЗ топтары.
Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) ─ бұл шекті мүмкін консентрациядан
белгілі бір көлемде асып түсетін (улау тығыздығы) химиялық қосылыс (зат),
адамдарға, малға, өсімдікке зиянды әсер етіп, оларды әр түрлі деңгейде
улауы мүмкін.
ҚӘУЗ технологиялық процестің элементі болуы мүмкін. (Аммиак, хлор,
күкірт және сутегі т.б.) Шаруашылық объектілеріндегі өрт кезінде мыналардың
пайда болуы мүмкін: көміртегі тотығы, азот қышқылы, хлорлы сутегі, күкірт
газы.
Бүкіл ҚӘУЗ шартты түрде төмендегі топтарға бөлінеді:
-қатты тұншықтырушы заттар (хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар.);
-улылығы қатты әсер ететін заттар (көміртегі тотығы, синил қышқылы,
циандық сутегі);
-қатты тұншықтыратын улы заттар (күкірт ангидриді, күкірт сутегі, азот
тотығы);
-генерацияға әсер ететін нервтік импульсті өткізуге және беруге әсер
ететін заттар─нейротроптық улар (күкірт тотығы, тетраэтил қорғасын, фосфор,
органикалық қосылыстар және басқалар.);
-тұншықтырғыш және нейротроптық улы заттар(аммиак),
-метаболдық улар (этленоксид, метилобромид, диметилсульфат);
-зат алмасуын бұзатын (диоксин, полихлорлы бензопуран және басқалар).
ҚӘУЗ әсері концентрат және тығыздығы, беріктелінген уланумен
сипатталынады.
Концентрация ─ ауа көлемінің бірлігінде жинақталған ҚӘУЗ қатты әсер
етеді. Ол әдетте 1 л ауадағы улаушы затты мг немесе 1 текше метр ауадағы
улаушы затың грамымен өлшенеді. Мысалы, 0,5 мгл хлор концентрациясы 1 л
уланған ауада 0,5 мг хлор бар дегенді білдіреді.
Улану тығыздығы ─ алаң бірлігіне тиесілі улы заттың салмақтық мөлшері.
Шаршы метрде граммен өлшенеді.
Беріктілік ─ уландырушы заттың өз әсерін белгілі бір уақыт бойында
сақтау қасиеті.
Улылық ─ улы заттың организмде белгілі бір мөлшерінде түскен кездегі
зақымдау қабілеті.
Объектінің химиялық қауіптілік деңгейі ─ объектіде жатқан ҚӘУЗ жиынтық
санымен анықталады.
ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық
объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталынады. Олардың
зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай
улануына алып келуі мүмкін. Химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу
кәсіпорындарында, мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда,
минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дың
үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығында
жинақталған. Республикада 500-ден астам ХҚО бар.
ҚӘУЗ жабық ыдыстарда өзінің газ(бу) қысымымен сақталынады. Ыдыс
қирағаннан кейін сұйық заттағы қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ҚӘУЗ қайнайды (қайнау температурасы -20˚C төмен) және атмосфераға газ
немесе бу түрінде бөлінеді. Олар зақымдау ошағын құра отырып үлкен
қашықтыққа тарайды.
ХҚО-дағы авариялар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен,
қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан (тасымалдау техника
қауіпсіздігі және т.б.).
ҚӘУЗ зақымдануына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады.
Оған ҚӘУЗ төгілген (шығарылған) орын мен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ бар
бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дың химиялық зақымдану аймағы зақымдалған
бұлттың таралуының тереңдігімен және енімен сипатталады. Аймақтың
жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты. Ауаның
жер бетіндегі қабаты (2 метрге дейінгі биіктік) атмосфераның жоғарғы
қабатындағыдан суығырақ (инверсия) және жел әлсіз (1-2 мсек) болған ауа
райының қолайлы жағдайда зақымдалған бұлт тұрақтылығымен ерекшеленіп,
едәуір қашықтыққа жылжуы мүмкін. Ауаның жер бетіндегі қабаиының
температурасы (2-30 метрге дейін) тұрақты (изотермия) немесе төменгі
қабатының температурасы жоғарғы қабаттан жоғары (конвекция) және желдің
жылдамдығы 3-7 мсек болған жағдайда зақымдаушы бұлттыңтаралу тереңдігі
мардымсыз. ҚӘУЗ химиялық зақымдану аймағының айтарлықтай тұрақтылығы
атмомфера күйі үлкен беріктілікпен ерекшеленетін түнде, таң ата жауын-
шашынды ауа райында пайда болады. Жергілікті жердің жекелеген биік бедері
зақымдалған бұлт қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Елді мекендерде будың
жинақталуы және ҚӘУЗ беріктілігі ашық жерге қарағанда жоғары болады.
Қаланың көшелерінде ҚӘУЗ жоғары концентрациясы ауа ағысымен таралуы мүмкін,
сол уақытта көрші, көлбей орналасқан көшелерде ҚӘУЗ айтарлықтай
аз көлемде болуы мүмкін. ҚӘУЗ-дың адамдарға зақымдаушы ықпалы олардың адам
организміне оның қалыпты тіршілігін бұзу әр түрлі ауруларға ұшырату, ал
белгілі бір жағдайда оны ес-ақылынан айыру қабілетімен ерекшеленеді.
Адамдар мен хайуанаттар ҚӘУЗ-дің организмге өтуі нәтижесінде зақымдалады:
тыныс алу органдары тері қабаты, сілекей, жарақаттанған мүше арқылы оның
организмге ықпал етуі нәтидесінде үланумен қатар генетикалық салдары да
пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу мүмкіндіктері организмнің зақымдану
деңгейімен анықталады. Улану белгілері мыналар: бастың ауруы, бастың
айналуы, көздің қарауытуы, құлақ шуылы, жалпы әлсіздік, демікпе, құсқысы
келу. Ал қатты уланған жағдайда құрысу, естен тану, тіпті өлімге жеткізу.
Химиялық қарудың негізі ─ химиялық қару-жараққа қолданылатын улы
қосылыстардан тұратын улы заттар. Олар қорғанбаған адамдарды, жануарларды
зақымдауға, суды, азық-түліктерді, ауаны, жергілікті жерді, заттарды
уландыруға қолданады. Улы заттардың ену жолдары: тыныс алу жүйесі арқылы
(ингаляция), тері арқылы, асқазан-ішек жолы арқылы, қан арқылы.
Улы заттардың әсер ету критерийлері:
-улылығы;
-тез әсері;
-тұрақтылығы.
Улы заттардың классификациясы (тактикалық жағынан):
-Тұрақты. Тұрақты улы заттар өзінің қауіп төндіру әсерін бірнеше
сағаттардан бірнеше күнге дейін сақтайды. Оған Ви-икс, (ви-газдар), зоман,
иприт жатады.
-Тұрақсыз. Тұрақсыз улы заттар өзінің қауіп төндіру әсерін бірнеше
минуттардан 1-2 сағатқа дейін сақтайды. Оған би-зет, адамсит,
хлорацетфенон, ЛДС жатады.
Улылығы жағынан келесі түрлерге бөлінеді:
1.Нерв-паралитикалық әсері бар улы заттар. Оған өте улы, құрамында фосфоры
бар улы заттар (зарин, зоман, ви-икс) жатады. Организмге түскен соң, тыныс
алу орталығын, қан айналымын, жүрек қызметі жүйесін, нерв импульстарының
берілуін реттейтін ферменттерді әлсіретеді.
2.Жалпы улану әсері бар улы заттар, оған тез әсер ететін ұшқыш улы заттар
(синил қышқылы, хлорциан, көміртегі оксиді, мышьякты және фосфорлы сутегі)
жатады. Олар қанды және нерв жүйесін зақымдайды.
3.Тұншықтыру әсері бар улы заттар. Олармен дем алғанда жоғары тыныс жолдары
және өкпе ұлпалары зақымдалады. Оған фосген, дифосген жатады.
4.Теріге әсер етуші улы заттар. Оған иприт және азотты иприт жатады. Иприт
тері және шырышты қабық арқылы тез енеді, одан қанға және лимфаға түсе
отырып, барлық организмге таралады, адамдарда жалпы улану пайда болады.
5.Тітіркендіруші улы заттар. Олар көздің шырышты қабығына және жоғары тыныс
жолдарына әсер етеді. Оған хлорацетфенон, адамсмит, аралас типті си-эс, си-
эр жатады.
6.Психогендік әсері бар улы заттар. Олардың әсерінен нерв жүйесінде
химиялық реттелудің бұзылуынан уақытша психоздар пайда болады. Оған
ЛСД(лазергин қышқылының диэтиламиді) және би-зет жатады. Олар организмге
түскен соң қозғалыстың бұзылуына, көз және есту қабілетінің бұзылуына,
галлюцинацияның (елестер) пайда болуына соқтырады.

Негізгі бөлім:ҚӘУЗ-мен улану.
Біздің Республикада бірқатар шаруашылық объектілерінде химиялық
қосындылар шығарылып сақталады және айтарлықтай қашықтыққа тасымалданады;
олардың көпшілігінің улылығы жоғары және белгілі бір жағдайда адамдар мен
хайуанаттарды, сондай-ақ қоршаған ортаны улауы мүмкін. Мұндай заттар қатты
әсер ететін улы заттар ─ ҚӘУЗ деп аталады.
ҚӘУЗ-бен зақымданған аймақ ─ химиялық зақымдану аймағы деп аталады.
Химиялық зақымдану аймағында ҚӘУЗ газ тәріздес, сұйық, бу тәріздес күйде,
аэрозолдық қалыпта болуы мүмкін:
ҚӘУЗ адам организміне тыныс жолдары, тері, көздің кілегейлі қабаты,
сондай-ақ зақымданған су немесе тамақ арқылы өтеді.
ҚӘУЗ-бен зақымданғандарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі
негізгі шараларға мыналар жатады:
-зақымдану ошағына химиялық улануға қарсы шараларды өткізу;
-зақымданушыға өте қысқа мерзімде алғашқы медициналық көмек
көрсету;
-зақымданған аймақтан зардап шегушілерді әкетуді ұйымдастыру.
Аммиакпен зақымдану ошағы ─ тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың
агрегаттық күйі ─ газ, аэрозол. Зақымданушы у мөлшері ─ 15мг (мин) л, ең
қауіпті мөлшері 1000мг (мин) л. Тыныс алу органдарын қорғау үшін өндірістік
газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса, 5% лимон қышқылы
ерітіндісімен шайылған мақта-мата дәкесі пайдаланылады. Ошақтағы агрегаттық
күйі ─ газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды.
Хлормен зақымдану ошағы ─ тұрақсыз, жылдам әсер етеді.Ошақтағы күйі газ
тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері 0,6
мг(мин) л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг (мин) л. Тыныс органдарын қорғау үшін
сүзгіштік және өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса,
мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен
шайылған).
Азот қышқылымен және азот тотығымен зақымдану ошағы ─ жартылай берік, баяу
әсер етеді, агрегаттық күйі ─ сұйық тамшы, аэрозол, бу тәріздес. Зақымдаушы
мөлшері 1,5 мг (мин) л, ең қауіпті мөлшері 7-8 мг (мин) л. Тыныс органдарын
қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады (ас содасының
2%-тік ерітіндісімен шайылған).
Ви-икс газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі.
Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді ─ 5, ал органикалық
еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін көл, өзен
өте ұзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс
жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік
бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин ─ бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып
ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе
органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты
қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады.
Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін
тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Осы тәріздес улағыш заттың бірі ─ Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу
органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне
зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып
ісінуінен өледі. Қорғаныс жолы : теріні қорғау құралдарын және противогаз
пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну. Улы заттардың
барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі ─ Иприт. Ол сарымсақтың
иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық
еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға,
саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі
2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара
пайда болады. Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ
ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам
тұншығып өледі. Қорғаныс құралдары : противогаздар, тері қорғау құрал-
жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға
айналып ұшып кетеді. Қату температурасы - 14˚C, адам синиль қышқылы тараған
ауаны жұтқаннан уланады. Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар
пайдалану. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат (газ) ─ фосген. Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан
3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады.
Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды
тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс
алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы
пайдалану.
Аммиак.Организмге әсері. Көзге , тыныс органдарына , орталық нерв жүйесі
мен тері қабаттарына қауіпті . Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше
минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады. Есту қабілеті
төмендейді. Өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде
жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп , кейде көздің
көрмей қалуы мүмкін.
Зақымдану белгілері. Тымау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының
жиілеуі. Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты
тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қызартады. Көз қарауытып, жас ағады.
Сұйық аммиак өз ерітіндісімен теріде түйскенде дененің күюі, үсуі мүмкін.
Аммиактың өлімге душар ететін концентрациясы әсер ету кезінде 30 минутта 7
мг л тең .
Қорғаныс құралдары. К-жасыл түсті, И-қызыл түсті, КД-сұр түсті маркадағы
қорапқа салынған сүзгіштік өнеркәсіптік газқағарлар. ГП-5, ГП-5М, ГП-
7 азаматтық газқағарлары ДПГ-1 және ГПГ-3 Қосымша жиынтығымен бірге.
Аммиактың 5,0 мгл концентрациясы кезіндегі қорғаныс ықпалының уақыты :
ДПГ-1 үшін─30 минут , ДПГ-3 үшін 60 минут. Өте жоғары концентрацияларды ─
оқшауландырғыш газқағарлар мен қорғаныс киімі , резина етік пен қолғаптар .
Зақымдану аймағынан шыққан уақытта сумен немесе лимон қышқылының
ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын пайдалануға болады .
Алғашқы (дәрігерге ) дейінгі көмек. Амиакпен зақымдалған адамды таза
ауаға шығарып, жылы киім кигізіп, тынышта қалдыру керек. 10 %-тік ментол
мен хлороформ ерітіндісі бар жылы су буымен дем алдыру керек, ыстық сүт
ішкізу керек. Тұншыққан жағдайда оттегін жіберіп, алғашқы дәрігерлік көмек
көрсетіп, дауыс қуысы бітелген кезде мойынды қымтап, тамаққа қыздырғыш
қағаз басу керек .
Тері мен шырышты 15 минут бойы сумен немесе бор қышқылының 2%-тік
ерітіндісімен шайған жөн. Көзге альбуцидтің 30-тік ерітіндісінің 2-3
тамшысын тамызып, мұрынға зәйтүн майы мен шабдалы майын құйып, жатқан
күйінде көтеру керек.
Құйылған аммиакты әлсірету үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
Өндірістік авария
Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары - сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар
Химиялық қару жайлы
Халықты қатты әсер ететін улы заттар
Әсері күшті улы заттарға мінездеме. Химиялық қауіпті нысандағы авариялар
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Бейбіт өмірдегі химиялық жарылудың дәрігерлік әдістемелік сипаттамасы
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Химиялық қауіптілік
Пәндер