Кредиторлық қарыздар есебі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

«Кредиторлық қарыздар есебі »

Жоспар:

Кіріспе.

І. Негізгі бөлім.

1. 1. Салық міндеттемесінің есебі.

1. 2. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі.

1. 3. Болашақ кезеңнің табыстарының есебі.

1. 4. Есептеу мен Басқа да кредиторлық қарыздармен есептеулер есебі.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істеитін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың тегін еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

60«Займдар» тармағындағы счеттарға ұлттық және шетелдік валюта түрінде банктерден және банктерге жатпайтын мекемелерден, (Қазақстан Республикасының резиденті, немесе резиденті емес) қысқа мерзімді(бір жылдан артық емес мерзімге) және ұзақ мерзімді(бір жылдан артық мерзімге) алынған займдар және басқада қатыстырылған қаражаттар жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.

60«Займдар» тармағында:

601«Банктердің қарыздары» счетында-банктерден алынған займдарды алу мен қайтару жөніндегі операциялар жүргізіледі. 602«Банктен тыс мекемелердің қарыздары» счетында банктерге жатпайтын мекемелерден алынған займдарды алу мен қайтару жөніндегі операциялар жүргізіледі.

603«Басқалары» счетында-шығарылған облигацияларды орналастыру мен жабу, облигацияларды орналастыру құны мен номиналдық құнының айырымын, вексельдер алу мен төлеу, еңбеккерлер үшін займдар алу т. б. байланысты операциялар жүргізіледі.

1. 1. Салық міндеттемесінің есебі.

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001жылғы 12маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы», (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 бюджетпен есеп айырысу бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін ағымдағы табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырыған табыс салығы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттары кіреді.

Корпоративтік табыс салығының салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын = Жылдық табыс - шегерімдер.

табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнемідер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қонрдырғыларды сату кезінде құнының өсуінен сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзеулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кіріс, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіптік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т. б. жатады.

Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан сыналарды шығарып тастау керек:

  • дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;
  • кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;
  • әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;
  • зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары.

Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындарды да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан респуубликасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Жылдық табыс жиынтыяғының келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан республикасының Үкімет белгілеген нормалар шегеріледі:

  • іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары, сондай-аө броньға жасалған шығындары жатады;
  • шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сыйақы бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

  • несиелер бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса, ондай Қазақстан республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта қаржыландыратын 1, 5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ао ол шетел валютасында берілген болса, онда ол Лонданның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

Жоғарыда шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:

Заңды тұлға- Төлем көзінен ұсталатын

Резиденттеріне Төлеу көзінен табыс салығының

төлейтін, марапттау = ұсталынған х мөлшерлемесі (15%)

және шегерімге марапаттау Корпоративтік салығының

жатқызуға болатын сомасы мөлшерлемесі (30% )

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкааралық рыногының депозиттері, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

Келісім шартқа сәйкес несие үшін марапттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

Жер қойнауындағы салықтар.

Мұндай арнайы салықтардың қатарына:

  1. Үстеме пайдаға салынатын салық;
  2. Жер қойнауына салынатын арнаулы төлемдер:Бонустар (қол қойылған және коммерциялықРоялтилер;
  3. Өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі жатады.

Үстеме пайдаға салынатын салық. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық онда жасалатын контрактының мазмұнына байланысты болып келеді, сондықтан оны шартты түрде екі модельге бөлуге болады.

біріншісі - Салық Кодексі белгілеген міндетті төлемдерімен қоса салықтың барлық түрін төлеуді қарастырады;

екіншісі - тек Қазақстан Республикасының үлесінде жер қойнауына тиеселі міндетті төлемдерімен қоса барлық салықтарды төлеуді қарастырады, тек шикі мұнай өнімдеріне төленетін акцизтерді, үстеме пайдаға салынатын салықты, жер салығын, мүлік салығын қоспағанда.

Үстеме пайдаға салынатын салық, пайданың ішкі нормасының салықтық кезеңнің соңына жеткен деңгейінен есептелінеді, ол келесі мөлшерлемеде болады

Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %:

Пайданың ішкі нормасы

(ПІН), %

Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы)
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 20-дан кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 6
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 20-дан артық, бірақ 22-ден кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 4
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 22-ден артық, бірақ 24-тен кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 8
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 24-тен артық, бірақ 26-ден кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 12
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 26-дан артық, бірақ 28-ден кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 18
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 28-ден артық, бірақ 30-дан кем немесе оған тең
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 24
Пайданың ішкі нормасы(ПІН), %: 30-дан артық
Үстеме пайдаға салынатын салықтың мөлшерлемесі (ставкасы): 30

Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шарттар белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол қою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе өкілетті органдары белгілейді, не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім -шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеитін. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.

Салық салынатын объектісі: Салық салынатын объектісі
Төлем есептелінетін базасы: Төлем есептелінетін базасы
Бонустың мөлшерлемесі: Бонустың мөлшерлемесі
Салық салынатын объектісі: Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттілігі бекіткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі.
Төлем есептелінетін базасы: Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны.
Бонустың мөлшерлемесі: Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құны сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың мөлшері 0, 1% кемболмауы тиіс.

Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне бйаланысты анықталады.

Салық салынатын объектісі: Салық салынатын объектісі
Төлем есептелінетін базасы: Төлем есептелінетін базасы
Роялтидің мөлшерлемесі: Роялтидің мөлшерлемесі
Салық салынатын объектісі: Пайдалы қазбаның өндірілген көлемі немесе пайдалы қазбадан алынған бірінші тауарлы өнімнің көлемі
Төлем есептелінетін базасы: Пайдалы қазбаның құны
Роялтидің мөлшерлемесі: Роялтидің мөлшерлемесін контр-актіде белгілейді, ол бүкіл қазба байлықтың түрі бойынша жасалған экономикалық жобасының негізінде есептелінеді, бірақ бұл арада пайдалы қазбалардың жалпы таралған түрі мен жер астындағы сулары есепке алынбайды. Роялтидің мөлшерлемесі 0, 5 -тен кем болмауы керек.

Роялти көмірқышқылы қалқып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

  • контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;
  • контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қола, күміс т. б. қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің тұрақты мөошерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.

Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

  • бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;
  • Қазақстан республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы өнімінің анықтау;
  • Контракты бойынша орындалған жұмысқа кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;
  • Алынған үлестің ақшалай эквивалентін өнімнің құнын және бағасын белгілеу.

Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80%-тен аспауы керек. Өтілетін гығынның құрамына:

  • контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайдаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары.
  • Контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына қарай дейін созылады.

Компенсациялық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:

  • жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары; ъ
  • шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
  • экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
  • соттың ісін қарауымен байланысты шығындары; ъ
  • қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық төлемдері;
  • кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан айыппұл мен өсімдер;
  • контракті қызметіне жатпайтын басқа да шығындар.

1. 2. Дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі.

Дивиденттер дегеніміз - акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне қарап, жыл сайын олардың акционерлердің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік қоғамының табысының бір бөлігі.

Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 621 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу», 622 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шоттары пайдаланылады.

621 «Жай акциялар бойынша есеп айырысу» шотында жай акциялар бойынша акционерлік қоғамның есеп айырысуы есептелінеді, ол бүкіл акционерлік қоғамның шығарған акциясының басым бөлігін құрайды. Жай акцияның иелері жалпы жиналысына қатысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде жай акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған қаражаттарын олардың номиналдық бағасы бойынша қайтарып алуға құқылы, бірақ артықшылығы бар акциялардың иелерін қанағаттандырғаннан кейін.

622 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» шотында артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік есеп айырысуы есептелінеді. Оның үлесі жалпы жарғы кпиталының 25%-нен аспауы керек. Артықшылығы бар акциялардың иелері бірінші кезекте дивиденд алуға құқылы, сондай-ақ акцияға салған қаражаттарын, егер АҚ жойылса, номиналдық бағада қайтарып алады. Артықшылығы бар акциялардың иелері 10% деңгейінде, дивиденті алдын ала алуға құқығы бар. Артықшылығы бар акциялар бойынша бұндай кепілденген дивиденд төлемдері акцияны шығармастан бұрын олардың жобасында қарастырылады және дивидентті төлеудің осындай тәртібі де онда тіркеледі. Артықшылығы бар акцияларға төленетін дивиденттерджің мөлшері жай акцияларға төленетін дивиденттерден кем болмауы тиіс, егер де ондай қаражаттар болсай қалса, онда резервтік капталдың есебінен төленеді.

Егер де АҚ артықшылығы бар акциялардың басымдылығы анықталса, бірақ ол оның жарлығында жазылмаса, онда қоғамның барлық акциясы біртектес категориядағы акциялар болыпр саналады. э Қоғамның дививдент бойынша қарызын бухгалтерлікғ есепте көрсету үшін: директорлар кеңесінің дивиденттері төлеу шешімі оған нағыз болып табылады.

Егерде де акционерлік қоғамда дивиденд төлеудің туралы капитал толық көлемде төлеуге рұқсат етілмейді.

Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген және төленген дивиденттерге келесі бузхгалтерлік жазба жазылады.

Қатар №: Қатар №
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Шаруашылық операцяилдардың мазмұны
Сомасы, теңге.: Сомасы, теңге.
Шоттар корреспонденциясы: Шоттар корреспонденциясы
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: дебет
Сомасы, теңге.: Кредит
Қатар №: 1.
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Таратылмаған табыстың есебінен жай акция бойынша акционерлерге дивиденттер есептелінеді.
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны:

Артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер есептелінеді:

  • таратылмаған табыстың есебінен
  • резервтік капиталдың есебінен
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Жиыны:
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны:

Төлем кезінен табыс салығы ұсталынады

-жай акциясы бойынша

артықшылығы бар акциясы

Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Жиыны:
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Төленген дивиденттен ұсталған табыс салығы бюджетке аударылады.
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны:

Акционерлерге тиеселі, дивиденттер төленді

1 Нұсқа. Есеп айырысу шотынан аударылды және кассадан берілді;

жай акциялары иелеріне

Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: - артықшылығы
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны:

Артықшылығы бар акцияларының иелеріне

Артықшылығы бар акцияларының иелеріне

Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Жиыны:
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны:

2 нұсқа. Акционерлерге тиеселі дивиденттер дайын өнімнің есебінен беріледі:

- жай акцияның иелеріне;

- ҚҚС сомасын

-артықшылығы бар акцияның иелеріне

ҚҚС сомасына(16%)

Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:
Қатар №:
Шаруашылық операцяилдардың мазмұны: Жиыны:
Сомасы, теңге.:
Шоттар корреспонденциясы:

Заңды және жнке тұлғалдарға төленетін дивиденттердің төлем көзінен 15% мөлшерлеме бойынша табыс салығы ұсталында. Қазақстан республикасында бұрын төлем көздерінен дивидент салықтар ұсталынған болса, онда онда оны ескіруіне құқығы бар, бәрақ оны растайтын құжаттары болуы керек.

Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттерді төлеген кездже, әрбір акционер бойынша дивиденттерді төлеген кезде, әрбір акционер бойынша есеп айырысу жеке тізімдеме жүргізіледі.

1. 3. Болашақ кезеңнің табыстарының есебі.

Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болып есептелінеді. Сабақтас есепті кезеңдер мен осы кезеңдердің ара жігін ашу оңай емес, бірақ олардың арасын шектеу керек, өйткені онсыз салық салуға да, қаржылық есеп беруге де болмайды.

611- шотында айлық және тоқсандық билеттер, кәсіпоранда күні бұрын төлеген ақылар ескеріледі. Жоғарыда аталған төлемдер түскен кезде 431, 441, 451 -шоттары дебеттеледі де 611-шоты кредиттеледі.

Алдағы кезеңдердің кірістерін есептеген кезде 301, 321, 322, 323 шоттары дебеттеліп, 611 шоты кредиттеледі.

Есепті айға жататын ертеректе алынған табастар тізімі 611-шотының дебеті мен 704»Көлік мекемелерінің жүктері және оларушыларды тасымалдау қызметінен түскен табыс», 705 «Жалға беруден түскен табыс», 706 «Байланыс мекемесінің қызметінен түскен табыс», 724 «Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер түріндегі табыстар», 727 «негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар» және осы табыстарға жататын басқа шоттардың кредитіне көрініс табады.

Қажет болған жағдайда 611 шотында мыналар ескерілуі мүмкін: өткен жылдары түгендеудің нәтижесінде кем шыққан немесе жоғалған мүліктерден түсетін қарыздар. Осындай жетіспеушіліктің нәтижесінде орын алған сомаға 333 «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары» шоты дебеттеледі де, 611-шоты кредиттеледі. Өткен жылдар ішінде анықталған, кем шығудың орнын толтыру үшін түсен төлемдеріне 441, 451, 431 және басқа да шоттары дебеттеледі де, 333-шоты кредиттеледі. Сонымен бір мезгілде сол сомаға 611 шоты дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі.

Кінәлі адамдардан өнідіріп алынуға тиісті және жетіспейтін құндылықтар бойынша баланстық құнының арасындағы айырмашылық алынады. Айырмашылықтардың сомасына 333 «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары» шоты дететтеледі және 611-шоты кредиттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КРЕДИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЕСЕБІ
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Кредиторлық қарыздардың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz