Микроэкономика пәнін зерделеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы
Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық . игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі)
3. Нарықтың тепе.теңдігі
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
Сұрақтар мен тапсырмалар
ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ.ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе.теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ
1. «Табыс . тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға . тұтыну» қисық сызығы
2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
3. Игілікті тұрмыстың, әл.ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. «Табыс . демалыс» моделі (үлгісі)
3. Капитал ұсынысы
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе.теңдігі. Изокоста
Сұрақтар мен тапсырмалар
БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ
1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе.теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе.теңдік
3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе.теңдігі
4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі
Сұрақтар мен тапсырмалар
МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе.теңдік
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ОЛИГОПОЛИЯ
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс.әрекеті (мінез.құлқы)
2. Олигополия үлгілері
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе.теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Сұрақтар мен тапсырмалар
ЖАЛПЫ ТЕПЕ.ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе.теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето . нәтижелілік
4.Игілік, әл.ауқат экономикасының негізгі теоремасы
Сұрақтар мен тапсырмалар
СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР . ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе.теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар
СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР.БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші . агент» мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 7
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ 8
1. Микроэкономика теориясының пәні
2. Микроэкономика методологиясы 8
Сұрақтар мен тапсырмалар 9
10

1. Нарық – игіліктерді үлестірудің 12
қоғамдық механизмі
2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі) 12
3. Нарықтың тепе-теңдігі 13
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі 18
Сұрақтар мен тапсырмалар 23
25
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.
САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ 29
1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі.
Сұраныстың айқас икемделігі 29
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
3. Ұсыныс икемділігі 33
4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге 34
үлестірудегі икемділіктің рөлі 35
Сұрақтар мен тапсырмалар
37
ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік 40
және ординалистік жолдары (тәсілдері) 40
2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық
қисық сызықтары 45
3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
4. Тұтынушының тепе-теңдігі 48
Сұрақтар мен тапсырмалар 50
51

1. Табыс – тұтыну қисық сызығы және 54
Энгельдің қисық сызығы. Баға – тұтыну
қисық сызығы 54
2. Табыс әсері мен ауысу әсері.
Слуцкойдың теңдеуі 57
3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың 60
өзгеруі. Нақты табыс индекстері
Сұрақтар мен тапсырмалар 61
ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ 65
ҰСЫНЫСЫ
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй 65
шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
2. Табыс – демалыс моделі (үлгісі) 66
3. Капитал ұсынысы 70
Сұрақтар мен тапсырмалар 75
ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ 77
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік 77
функция 79
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы81
3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым 85
әсері
Сұрақтар мен тапсырмалар 88
88
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ 90
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу 93
2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс 95
шығындары 99
3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста 102
Сұрақтар мен тапсырмалар
102
БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ 103
1. Табыс және пайда экономикалық 104
категориялардың мәні
2. Нарық құрылымдардың түрлері 109
(тұрпаттары) 111
3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген 116
бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың
пайдасын көбейту ережесі 116
4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді 118
тепе-теңдігі
Сұрақтар мен тапсырмалар 120
МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ 122
1. Монополияға тән сипаттар
2. Монополист (алпауыт) пайдасының 124
көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік 126
3. Монополистің ұзақ мерзімді
тепе-теңдігі 129
4. Монополияның қоғамдық шығындары. 129
Монополия билігінің көрсеткіштері 129
5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі 131
Сұрақтар мен тапсырмалар 132
МОНОПОЛИЯ БӘСЕКЕЛЕСТІГІ 133
1. Монополия бәсекелестік нарығының 133
сипаттамасы
2. Монополия бәсекелестігіндегі 134
тепе-теңдік 145
3. Монополия бәсекелестігінің салдары
Сұрақтар мен тапсырмалар 146
ОЛИГОПОЛИЯ 149
1. Олигополия нарығы. Фирманың 149
стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
2. Олигополия үлгілері 152
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және
бағадан тыс факторлары 156
Сұрақтар мен тапсырмалар
157
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс 159
факторларына деген сұраныс
2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс
факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
3. Монопсониялық билігі бар өндіріс 162
факторлар нарықтары 162
4. Монополиялық билігі бар өндіріс
факторлар нарықтары 166
Сұрақтар мен тапсырмалар
167
169
171
ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам 174
экономикасының үлгісі 174
2. Таза айырбас экономикасының үлгісі.
Эджворт диаграммасы 177
3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето
– нәтижелілік 178
4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі
теоремасы 180
Сұрақтар мен тапсырмалар 180
СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР 181
1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар.
Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер 184
2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: 185
түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сұрақтар мен тапсырмалар 187
ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР 187
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық189
игіліктердің бәсекелессіздігі мен 191
қосылушылығы
2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен 193
ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік
3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру 194
тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар
СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС)
АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР
1. Сапаның белгісіздігі
2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен
міндеттемелер рөлі
3. Моральдік тәуекел. Тапсырыс беруші –
агент мәселесі
Сұрақтар мен тапсырмалар
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Сапалы экономикалық білім алу барысында Микроэкономика пәнін
зерделеудің маңызы зор. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің
деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні
бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық
білімдерді бекітуге, ресурстардың (қорлардың) шектелген жағдайларында
тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада
өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.
Микроэкономика – динамикалы және қызықты ғылым, осымен қатар оны
тәжірибелік бағыттылығы да айырады. Теория мен тәжірибе арасындағы
байланысты көрсетіп, теориялық білімдерді практикалық есептер шығару
барысында қолдануға мүмкіндік береді. Оқу-тәжірибелік құрал микроэкономика
курсында дәстүрлі зерделеуге арналған негізгі мәселелерді қисынға сәйкес,
дәйекті жүйелі түрде ашатын 17 бөлімдерден тұрады. Материалды баяндау
барысында автор микроэкономика мәселелерін студенттер жеңілдікпен игеру
үшін түсінерлік, тығыздық қағидаларды басшылыққа алды. Оқу құралының
мазмұны Микроэкономика пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Экономикалық мамандықтарда оқитын студеттерге осы оқу-тәжірибелік құрал
пайдалы болатындығына сенімдеміз.
МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. Микроэкономика теориясының пәні
Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған.
Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда
болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық
субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге,
микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының,
ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті.
Неоклассиктердің экономикалық көзқарастар негізін тиімді (оңтайлы)
ойлау мен экономикалық агенттердің (субъектілердің) мінез-құлқы, олардың әл-
ауқатын жоғарылату, еркін бәсекелістік, өзін-өзі реттейтін нарық,
мемлекеттің экономикаға кіріспеу қағидалары құрады. Әуелі ол баға теориясы,
сонан соң – фирма теориясы, кейінірек – микроэкономика деп аталды. 1937
жылы шыққан Дж.М.Кейнстің Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы
теориясы деп аталатын кітабы макроэкономикалық мәселелерді зерттеуге
шақырды. Макро- және микроэкономиканы бір-біріне қарсы қоюға болмайды,
өйткені экономика теориясы бөлімдерінің пәні бірдей: игіліктерді өндіру,
үлестіру, тұтыну бойынша заңдылықтар мен адамдардың қызметімен байланысты
қатынастарды зерделеу, шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен
шектелген қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Бұл жағдайда
бөлімдердің әр қайсысы осы мәселеге өз тұрғысынан келеді. Экономикс
авторлары К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю айтқандарын сәл өзгертсек; Егер
микроэкономика ағашты зерттесе, макроэкономика – орманды зерттейді, – деп
айтуға болады.
Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің
қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан,
сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс
факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан –
сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын
қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар
нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде)
сатушы да, сатып алушы да болады. Олардың өзара қатынастар барысында
(үдерісінде) нарық пайда болады – айырбас, ауыстыруды іске асыратын
сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы. Әр айырбас қатысушы өз әл-ауқатын
жақсартуға тырысады: сатушы – табысты көбейтуге, сатып алушы – пайдалылықты
өсіруге.
Экономикалық агенттердің қызметі 2 алғышарттарға байланысты:
қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың (қорлардың) шектеулігіне.
Экономика теориясындағы талдаудың басқа да маңызды алғышарты ретінде
ресурстарды (қорларды) пайдаланудың балама түрінің бары болып келеді, ол
шешімдерді қабылдау барысында агеттердің оңтайлы тәртібінің (мінез-
құлқының) қажеттілігін үйғарады.
2. Микроэкономика методологиясы
Микродеңгейдегі (солай макродеңгейдегі де) экономикалық талдау оң
немесе нормативті тәсілді үйғарады. Оң талдаудың мәні мынада: ол
сипаттайтын болып келеді, яғни нақты болып жатқан экономикалық
құбылыстардың зерделеуін, олардың себеп-салдар байланыстарын жобалайды.
Нормативті талдау – бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек
екені жөніндегі бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар
береді. Тұтастай алғанда, микроэкономика үшін экономика теориясына сияқты
бірдей тану әдістері қолданады: формальды логика, диалектикалық логика,
математикалық модельдеу. Осылармен бірге микроэкономикада келесі әдістер
кең қолданады: шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу әдісі,
экономикалық-математикалық модельдеу.
Шекті талдау – маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті
(маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу.
Шекті деген терминді экономика теориясына маржинализм мектебінің өкілдері
еңгізді. Олардың түсінігі бойынша шекті – қосымша, келесі деген
ұғымдарды білдіреді.
Функционалды талдаудың мақсаты – бір шамалардың екінші (басқа)
шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу.
Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады.
Шамалардың бір бағытта өзгеруін көрсететін тура (оң) тәуелді графикта
ұлғаймалы қисық сызық түрінде суреттеледі. Кері (теріс) – сәйкес төмен
түсетін сызық бойынша.
Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің
сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген.
Экономикалық модельдеу мысалдары: сұраныс және ұсыныс моделі, кіріс (табыс)
пен шығыс айналымының моделі, мультипликатор моделі, олигополия моделі және
т.б. Осылардың біреуі де шын экономикалық өмірде болып жатқан процестер
(үдерістер) жиынтығын бейнелемейді, бірақ осы нақты мәселенің зерттеушісін
қызықтыратын дәл сол өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктерді табуға
мүмкіндік береді. Осыған байланысты модель (үлгі) ғылыми абстракция әдісін
қолдануын үйғарады. Бұл әдіс – экономикалық құбылыстарда және үдерістерде
негізгі, ең маңызды үрдістер мен ерекшеліктерді табу.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Микроэкономиканың зерделеу пәні не болып табылады?
2. Микроэкономиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіріңіз:
қажеттіліктер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды
(қорларды) қолданудың балама нұсқамалары (түрлері), экономикалық
агенттердің оңтайлы тәртібі (мінез-құлқы)).
3. Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?
4. Шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу, математикалық
модельдеу әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары – ол:
а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).
б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы
төлеу
в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен
қызметтердің бағасы
г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты
(шынайы) мөлшерінің өзгеруі
д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы
2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді:
а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол
шығыны)
б) туристік жорық кезінде кететін шығындар
в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)
г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны
д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар
3. Экономика теориясында шекті терминнің мағынасы:
а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі
б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі
в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі
г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі
д) экономикалық шама өзгермейді
4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады:
а) шекті шамалар динамикасын зерделеу
б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін
зерттеу
в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу
г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі
қозғалыста зерттеу
д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні
модельдеу және талдау.
1 тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі
Экономикалық әдебиетте нарық категориясының көптеген анықтамалары мен
түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада
қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға
механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін
қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). Нарық
экономика түсінігі нарық түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде
ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана
нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі
элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып
табылады. Айырбас пен нарық деген түсініктер синонимдер еместігін атап
өткен жөн. Айырбас – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын
жобалайды, ал нарық – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі.
Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып
табылады. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық,
ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі
ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі
негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан
алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге,
нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік
мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету
қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың
зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.
2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны.
Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын
факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements)
бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын
негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс
қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
Р
D
Q
1 сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер
тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы
туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
1. сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу
тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
2. кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес,
тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие
болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек,
оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады.
3. кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің
мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар
бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп
тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу
әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады
да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады.
Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты
(толық) қаралады.
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді,
олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар
саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес
детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс
қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі
қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы –
төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).
P
D1
D
D2
Q
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар
сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын
білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат
заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі
болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың көпшілік алдында көрсету
үшін, үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға
бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда
тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға
қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі
беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің
байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда нан неғұрлым қымбат болса,
соғұрлым көп сатып алынады, кейін бұл байқаулар Гиффен парадоксы
(қайшылығы) деп аталатын болды. Гиффен парадоксының мәні мынада:
табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты
тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік
тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер,
жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың
көлемі өсе береді. Гиффен қайшылығы, парадоксы тұтынушылар табыстарының
өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс
әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен
түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді,
өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың
өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі
сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың
одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық)
сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы)
айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі
және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді.
Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың
бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс
заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде
бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
P S
Q
3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары
ықпалымен болып жатады – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын
тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған
бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар
саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны
санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін
білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен,
нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді
– сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы
тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен
болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
S2
P S
S1
Q
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін,
пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте
көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін
ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар)
таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S
Q
5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның
өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде –
қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1
нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі
әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
В 6 сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Q
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады:
күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының
деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді.
Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу
жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті
табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл
ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6
сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы
сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR
– immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда,
ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі
(құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ
мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы
жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P S P S
P
S
Q
Q Q
7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі
ұсыныстың қисық сызығы.
3. Нарықтың тепе-теңдігі
Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық
синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген.
Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы
экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық
мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан
зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс
шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің
пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде
санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.
Неоклассикалық мектебінің негізін қалаушысы ағылшын экономисті
А.Маршаллдың бейнелі, нақысты сөзі (сөйлемшесі) бойынша сұраныс пен ұсыныс
бір қайшының екі жүзі болып, нарықтық бағаның белгілеуінде бірдей
қатысатынын дәлелдеді. Бір тауардың сұраныс қисық сызығы графигін осы
тауардың ұсыныс қисық сызығына жатқызып, біз жартылай нарықтық тепе-теңдік
моделін (үлгісін) – бір тауар нарығындағы тепе-теңдікті аламыз. (8 сурет)
Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі
нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді,
яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
P
S
D
Q
8 сурет. Жартылай нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі).
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-
теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары –
Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады.
Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен
ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады
(9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен
белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD QS), сұраныс
артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық
бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық
бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып
қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты
деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс
функцияларының түрі:
QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS
P2 P2
E PE
E
PE
P1
P1
QS QE QS' QS QE
QS'
9 сурет. Вальрас бойынша 10 сурет. Маршалл бойынша
тепе-теңдік тепе-тендік
Маршалл моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу ұсыныс нақты
шамасының тепе-тең шамасынан ауытқуынан болады (10 сурет). Егер ұсыныс
нақты шамасы тепе-тең деңгейінен төмен болса, сұраныс бағасы ұсыныс
бағасынан жоғарылап кетеді (Р2 Р1). Жоғары баға ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Маршалл бойынша, сұраныс пен ұсыныс функциялары мен тепе-теңдік шарты
мынадай болады:
PD =f (Q); PS = f (Q); PD= PS
Нарық тепе-теңдігінің модельдері (үлгілері) статикалық болып келеді,
өйткені олар уақыт факторын есептемейді. Тепе-теңдік динамикалық моделінің
(үлгісінің) мысалы – өрмекші тәрізді модель. Оны көрсету үшін сұраныс
ағымдағы кезеңнен (t), ал ұсыныс – өткен кезеңнің бағасынан тәуелді дейік
(t-1).
P
P S
S
Pt
P*
P*
Pt-1
D
D
а) Qt-1 Q* Qt б)
Q*
P
Pt
S
Pt-1
в) Qt-1
Qt D
11 сурет. Нарық тепе-теңдігінің өрмекші тәрізді моделі (үлгісі)
Нарық бағасының тепе-теңдік бағасымен сәйкес келмеу динамикасының 3
ахуалы мүмкін:
а) тепе-теңдіктен ауытқу қысқарады (сурет 11-а)
б) тепе-теңдіктен ауытқу өсуде (сурет 11-б)
в) нарық тепе-теңдік нүктесінің айналасында, оған жетпей, құбылып тұр
(сурет 11-в)
Сонымен, тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) талдауы бойынша,
нарықта оның жоқ болатын ахуалдары мүмкін (тепе-теңдік емес). Олар көбінесе
пайда болады:
1.Егер сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары бірдей еңкіштігінен
қиылыспайды. Бұл жағдайда тұрақты тепе-теңдікке жетпей:
а) нарық D мен S қисық сызықтар арасында тұрақсыз түрде қалыптасады.
(сурет 12-а)
б) нарық мүлде қалыптаспайды, өйткені не сатушылар, не сатып алушылар
оған ешқандай қызығушылық білдірмейді. (сурет 12-б, 12-в)
D S
S
S
D D
a) б) в)
12 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары қиылыспайды.
2.Әр түрлі еңкіштігі (наклон) болса да, сұраныс пен ұсыныс қисық
сызықтарының ортақ нүктелері жоқ:
а) қандай баға болса да, ұсыныс сұраныстан асып түседі (сурет 13-а)
б) кез келген (оң) көлемде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары –
мұндай жағдайда сұраныс қисық сызығы төмен болса да, нарық пайда болуы
мүмкін (сурет 13-б) – мысалы сән-салтанат, әдемілік заттар нарығы.
D S
S
D
а) б)
13 сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының ортақ нүктелері жоқ
4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы).
Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары
деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы
құрайды. Тұтынушының артығы – нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен
тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік[1].
14-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі)
көрсетілген, тепе-теңдік бағасы – 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік
мөлшері – тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды
(график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын,
бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ –
сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым
тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.
Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық
артық (180 – 100) + (160 – 100) + (140 – 100) + (120 – 100) = 200 құрайды.
Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).
200 A
S
180
160
140
120
100 PE E
D
1 2 3 4 5
14 сурет. Тұтынушы артығы
Өндірушінің сомалық артығы – оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен
ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны
сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы
құрайды (100 – 20 + (100 – 40) + (100 – 60) + (100 – 80) = 200. Графикте
өндіруші артықтарының шамасы ВРЕЕ үшбұрыштың көлемімен белгіленеді.
S
100 PE E
80
60
40 D
20
B 1 2 3 4 5
15 сурет. Өндірушінің артығы
Тұтынушы мен өндіруші артықтарының талдауы парето – нәтижелілік
түсінігіне келтіреді. Жоғарыда қаралған модель (үлгі) көрсеткендей, нарық
тепе-теңдігі механизмнің арқасында тұтынушылар төмен баға бойынша тауардың
шамалағаннан көбіректеу даналарын сатып алады, сол уақытта өндірушілер
алдында келісілгеннен тауардың көбірек даналарын жоғарылау баға бойынша
сатады. Мұндай жағдай экономикада парето – нәтижелілік деп аталады
(итальяндық экономист В. Паретоның атымен). Нарық баға белгілеуіне ықпал
келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) баға белгілеу бағалардың үстіңгі немесе төменгі шегін немесе бағалар
коридорын орнату. Тепе-теңді бағалардан төмен қылып кесімді бағаны орнату
тұтынушылардың табысы аз топтарын қолдау немесе инфляциямен күрес
мақсатында жасалады. Бұл шараның нәтижесінде тепе-теңдік баға мен мемлекет
белгілеген баға арасындағы айырма шамасына тұтынушы артығы өседі. Бірақ
оның жағымсыз салдары болуы мүмкін, олардың ең бастысы – тауар тапшылығының
пайда болуы. Тепе-теңдік бағалардан жоғары баға белгілеу өндірушілерді
қолдау немесе ерекше маңызы бар тауарлардың өндіруін ынталандыру шарасы
болып табылады. Өндірушіде шыққан артықты мемлекет сатып алады.
2) сұраныс пен ұсынысқа ықпал ету жолымен нарықты реттеу тура немесе
жанама шаралар арқылы жасалады. Жанама шараларға жәрдемақылар, дотациялар
(кәсіпорындарға берілетін жәрдемақылар), салықтар жатады. Сұранысты жанама
шараларымен реттеу графикте сұраныс қисық сызығының сұраныстың өсуінде
жоғары оңға немесе азаюында төмен солға жылжумен көрсетіледі. Сұранысты
тура шаралармен (шектеу лимиттері, айыппұл санкциялары (шаралары) және
т.б.) реттеу сұраныс қисығы пішінін өзгертеді, ол тік болып кетеді де
(икемді сұраныс), бағаның құбылуына әкеледі. Ұсынысты реттеу үшін
қолданатын жанама шаралар ұсыныс қисық сызығының жылжыуына себеп болады
(сұраныс қисық сызығының жылжуына сәйкес). Ұсыныс реттеуінің тура шаралары
нәтижесінде ұсыныс қисық сызығының сынық түрі көрінеді. Мысал ретінде
импортқа квота (норма) енгізілуі қаралады: квота алдындағы ұсыныс қисық
сызықтың еңкіштігі оңды жағымды (ұсыныс өседі), ал квота енгізгеннен кейін
қисық сызық тік болып кетеді (ұсыныс бағасы икемді емес).
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сұраныс деген не? Сұраныстың функциясы? Сұраныс заңының және сұраныс
заңдар парадоксының (оғаш пікірінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз. Ұсыныс қисық сызығы және оның пішіні.
3. Нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). Вальрас бойынша және Маршалл
бойынша теп-теңдік.
4. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
5. Тұтынушы мен өндірушінің артығы дегеніміз не? Баға белгілеудің
мемлекеттік реттеу шаралары оларға қалай әсер етеді?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Кесте бойынша әр тұтынушыға жеке сұраныс қисық сызығын шығарып,
нарық сұранысының кестесін жасап, оның негізінде нарық сұранысының қисық
сызығын шығарыңыз.
Тауар Сұраныс
бірлігіні
ң бағасы
1-ші 2-ші 3-ші
тұтынушыныңтұтынушыныңтұтынушыны ң
25 170 120 50
30 140 100 45
40 110 90 35
50 105 70 30
60 80 30 25
2. Осы мәліметтер негізінде сатулардың тепе-теңдік бағасы мен көлемін
анықтаңыз. Бағасы 200 болған жағдайда сатулар көлемі қандай болады? Бағасы
280 болса?
Баға Сұраныс көлемі Ұсыныс көлемі
160 18 6
200 16 10
240 14 14
280 12 18
320 10 22
3. Тауарға деген сұраныс функциясының түрі: QD = 250 – 4P1. Ұсыныс
функиясы: QS = 200 + 4P. Өндіріс тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны
анықтаңыз.
4.Ұсыныс функциясының түрі: QS = 200 + 4P. Егер сұраныс – қисық сызығы
көлденең болса, QD = 320 жағдайда тепе-теңдік баға қандай?
5. Сұраныс функциясы QD = 200 – Р, ұсыныс функциясы – QS = 2Р + 20.
Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік санын анықтаңыз. Егер тауар
данасына (бірлігіне) 15 шамасында акциз салығы енгізілсе, олардың
мағыналары қандай болады?
6. Графикте нарық моделі (үлгісі) берілген:
P D S
8
2
12 20 Q
а) сұраныс пен ұсыныстың теңдеуін жасаңыз
б) сатушы мен сатып алушының және қоғамдық пайданың ұтыс шамаларын
анықтаңыз.
в) 2 доллар шамасында тауар салығын енгізу нәтижесін графикте
көрсетіңіз.
г) салық енгізгеннен кейінгі сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік
бағаларын анықтаңыз.
д) мемлекет алатын салықтың жалпы сомасын есептеңіз.
е) салық енгізуден сатушы мен сатып алушының ұтысын анықтаңыз.
7. Ұсыныс артығы әдетте:
а) бағаның көтерілу жағына ықпал жасайды
б) бағаға ешқандай ықпал көрсетпейді (жасамайды)
в) бағаның төмендеу жағына ықпал етеді
г) сұраныс көлемін үлкейтеді
д) сатып алушыларды тауар сатып алуға ынталандырады
8. Тауар тепе-теңдік бағасы Р дейік. Егер мемлекет бағаның төмеңгі
деңгейін 2Р деп белгілесе, нәтижесінде:
а) тауарға ұсыныс азаяды
б) тауар артығы пайда болады
в) ұсыныс қисық сызығы оңға жылжиды
г) барлық жауаптар дұрыс
д) дұрыс жауап жоқ
9. Тауарға сұраныс азайды, сонымен бірге тауарға ұсыныс көбейді. Тепе-
теңдік баға мен тепе-теңдік санға бұл қандай әсер етеді:
а) тепе-теңдік сан азаяды, ал тепе-теңдік бағаның өзгеруін болжау қиын
б) саны азайып, бағасы көтеріледі
в) саны көбейіп, бағасы төмендейді
г) бағасы төмендеп, саны көбееді не азаяды
10. Сұраныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:
а) тауар өндірісі технологиясының жетілдіруінен
б) тұтынушы табысының азаюынан
в) тауар сатып алу көлемінің өсуінен
г) тауар бағасының өзгеруінен
2 тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.
САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.
Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика
теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік тура және айқас
болуы мүмкін. Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға
икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін
көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың
пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті
жалпы формула бойынша есептеледі:
Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруібағаның пайыздық өзгеруі.
Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс
пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей
жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен
тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды.
Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:
1. Нүктелі икемділік коэффициенті – бастапқы мағыналарына қатысты баға
мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың біреуімен
есептеледі:
Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р0 Q0] немесе Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р1 Q1],
мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.
Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.
2. Доға тәрізді икемділік коэффициенті – орташа мағыналарға қатысты
баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула
бойынша есептеледі:
Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) 2] [(Q0 + Q1) 2]] = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р
Q]
Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:
1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық
өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті
бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте
көрсетілген.
2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер
бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал
икемділік коэффициенті 1-ден аз (17 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс
шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл жағдайда икемділік коэффициенті нөлге
тең, өйткені бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді
(сұраныс бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті
тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне
қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға
қисық сызығының түрін алады (18 сурет).
P P
Q
Q
16 сурет. Икемді сұраныс 17 сурет. Икемсіз сұраныс
4. Мүлде икемді сұраныс – бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс
айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай
сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып
алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал
сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.
5. Бірлікті икемділігі бар сұраныс – бағаның пайыздық өзгеруі
сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, ал икемділік
коэффициенті 1-ге тең (20 сурет).
P P
P
Q
Q Q
18 сурет. Мүлде 19 сурет. Мүлде 20 сурет. Бірлікті
икемсіз сұраныс икемді сұраныс икемділік
Сұраныс қисығының пішініндегі айырмашылықтарға қарамастан икемділікті
тек қана соның негізінде талдау жеткіліксіз, себебі икемділік қисық
сызықтың әр жерінде әр түрлі. Сұраныстың ең жоғары нүктесінде икемділік
шексіздікке тең, ең төменгісінде – нөлге тең, қисық сызықтың орта
нүктесінде – 1-ге тең (21 сурет). Сатушының табысы баға мен икемділікке
байланысты екендігі (жеке икемділік жағдайында ол ең жоғары) суреттің
төмеңгі графигінде көрсетілген.
P
(ED=∞)
ED1
P* (ED=1)
ED1
0 (ED=0)
TR
21 сурет. Сұраныс қисық
сызығын бойлай
қозғалыстағы
икемділік коэффициентінің өзгеруі.
0
Баға бойынша икемділікке қатысты бірнеше ережелер:
1. Тауардың орнын алмастырушылары неғұрлым көп, соғұрлым оған деген
сұраныс икемді, өйткені баға өскен жағдайда оны арзандауымен ауыстыруға
болады.
2. Тауар неғұрлым қажетті болса, соғұрлым оған сұраныс икемділігі
аздау.
3. Тұтынушының шығындар құрылымында тауардың неғұрлым көп меншікті
салмағы болса, соғұрлым оған деген сұраныстың икемділігі жоғары. Мысалы,
басқа тамақ өнімдеріне қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар
құрылымында үлесі жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс
басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде
қысқарады.
4. Қолға неғұрлым қиын түсетін тауар болса, соғұрлым сұранысы икемді.
Солай, тауарлар тапшылығы жағдайларында, сұраныс икемділігінің
көрсеткіштері көптеген тауарлары бар дамыған нарық жағдайларындағыдан
аздау.
5. Қажеттіліктерді қанықтыру деңгейі неғұрлым жоғары, оған деген
сұраныстың икемділігі соғұрлым төмен.
Егер жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина
сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.
6. Уақыт өткен сайын сұраныс икемділеу болады. Жаңа тауар пайда
болғанда, оған деген сұраныс баға бойынша икемділігі аздау. Арада уақыт
өткенде нарық қанығып, субтитут – тауарлар шығып, тауарға көптің қолы
жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни оған деген сұраныс бағаға
байланысты, одан тәуелді болады.
Баға бойынша сұраныстың айқас икемділігі – басқа тауарға бағаның
өзгеруіне байланысты бір тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгеруін
сипаттайды. Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша
есептеледі:
ЕXY = Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі Y тауар бағасының
пайыздық өзгеруі = [ ∆QХ ∆РY] ∙ [РY QХ].
Егер Х және Y тауарлары өзара ауыстырылатын (алмасатын) болса, айқас
икемділігінің коэффициенті оң сан болады, себебі, бір тауар бағасы өскен
жағдайда оны басқа, арзандауымен ауыстыруға болады. Майдың бағасы өскенде,
тұтынушы оны арзан маргаринге ауыстырады. Неғұрлым айқас икемділік
коэффициентінің шамасы көп, соғұрлым тауарлар өзара алмасушылығының
дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары өзара толықтырушы жағдайда айқас
икемділігінің коэффициенті теріс сан болады. Автомобильдерге бағаның
өсуімен байланысты бензинге сұраныс азаяды. Айқас икемділігінің коэффициент
шамасы неғұрлым көп, соғұрлым тауарлар өзара толықтырушылық дәрежесі үлкен.
Х және Y тауарлары тәуелсіз болса, айқас икемділік коэффициенті 0 (нөлге)
тең.
Сұраныстың айқас икемділігі симметриялы және бейсимметриялы
(симметриясыз) болуы мүмкін. Шарикті қаламның бағасы өссе, капиллярлы
қаламның да бағасы өседі (және керісінше).
Бұл сұраныстың симметриялық айқас икемділігінің мысалы. Егер етке баға
төмендесе, кетчупке сұраныс өседі, бірақ, кетчуп бағасының өсуі етке деген
сұранысты өзгертпейді – бейсимметриялы айқас икемділіктің мысалы.
2. Табыс бойынша сұраныстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz