Абай Құнанбаевпен Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаевпен Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары

Күллі адамзат қауымында өткен ақыл - парасат алыптарының ішінде ой кермегін татып, тіршілік тұңғиықтарына терең бойлап, ұғынған, кемеліне жеткен сол кемеңгерліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамаған ғұламалар жоқтың қасы десек те болады. Сонау ерте заман данышпандары Сократ та, Платон да, Аристотель де, төрткүл тіршіліктің тылсым сырларын ұғынған ғұламалар - Әбунасыр Әл - Фараби, Әбу - Абдолла иын Мұса әл - Хорезми, Әбу Райхин әл - Бируни, Жүсіп Баласағұн да мектеп ашып, шымырлай аққан ой құдіретін ұрпақ тәрбиесіне бұрған. Олай болса, ұлы ойшылдардың қол созған мұраттары тікелей ұрпақтар тәрбиесімен астасып жатыр.

Ұлы ойшылдардың бірі, қазақ халқының данышпан ұлы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген, және оның педагогикалық, психологиялық, философиялық көзқарастары бар.

Абайдың өзі де ес біле бастағаннан - ақ шәкірттікке жан тәнімен беріліп, тәрбие мен тәлім ерекше ынтызарлық танытады. Оның балиғат жасына жаңа жеткен балалық мінәжатына құлақ түрген:

Физули, Шәмси, Сәйхали,

Новаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз - бұҺәлимаш

Мәдәт бер шариғи фәрияд -

деген үнінен тәлімге тәнті аппақ сезімдерін аңғармау мүмкін емес. Ол шынайы сүйіспеншілікпен тәрбиелі болуға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Абай өзінің тілігей теңіз ұстаздық даналығын сөз өнерімен көркемдеп, әуелі, өлең сөздің патшасы арқылы ұсынса, кейінірек ғақлия үлгісінде қара сөзбен өрнектеуге тырысқан. Ол өз бойындағы ілім мен білім жолындағы тәлімінің аздығына өкінішті екенінде жасырмаған:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін өзінің ағартушылық міндетін терең сезініп өткен. Ол өзінің жазып қалдырған педагогикалық еңбектерінде ойларын жалпыламай айтпай, сыралай бөліп салалай жіктеп көрсетуге ерекше мән берген. Мәселен,

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба, - дей келіп, адам мінездеріне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды даралай түсіндіріп береді. Поэтикалық тұжырымдармен топтастыра жинақтап, «Бес нәрседен қашық бол, өтірік, еріншек, мақтаншақ, бекер мал шашпақ; бес нәрсеге асық бол: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, » - дейді. Сонымен, Абай педагогикасының құдіреті оның сөздерінде, өлеңдерінде. Тағы бірде ол: «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал алма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахит көрсете ме, өзі рахат көре ме, яки жұртқа рахат көрсете ме?» - деген сауалды қоя отырып, өз пікірін күллі адамзаттық мұраттармен байланыстыра, жетілдіре түседі. 38 - ші сөзінде: « . . . Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар. Сонан қашпақ керек! Әуелі - надандық, екіншісі - еріншіктік, үшінші - залымдық деп білесің.

Надандық - білім - ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсе олардың біліп болмайды. Білімсіздік - хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі олардың дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны; - дейді Абай.

Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам.

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған хрестоматиясына енген материалға зор сала қрасақ, оның балаларының жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Ыбырай жасында оқу - білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру ү/н әр алуан ұстаздық амал - тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұстамды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:

«Бір құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!» -

деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу - білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген «Бір құдаға сыйыны, Кел, балалар, оқылық» атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама - қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықтың ара жігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра отырып сипаттайды. Осы орайда ақын алдымен оқдың пайдасын жарыққа балап:

«Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей - ақ табылар!» -

десе, надандықтың мән - жайын:

«Оқымаған жүреді,

Қаңғыны қармалап» - дейді.

Автор өзі үндеп отырған оқу - білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол ү/н инемен құдық қазғандай ыждарат, сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ақын ойынша: оқу - білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Ыбырай Алтынсариннің психологиялық көзқарастары
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Үлкендерге арналған әңгімелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz