Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорын ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі

Негізгі капитал

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды түрлі көзқарастарда сәйкес топтастыруға болады.

1. Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал

2. Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

"Жер" ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.

"Капитал" немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс т. б. ) .

Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады.

«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі - жұмысшы күші болып табылады.

Жұмысшы күші дегеніміз - адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.

Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, маусымдық және уақытша болып бөлінеді.

Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөледі:

1. Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін)

2. Еңбекке жарамды жастағы адамдар;

3. Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер.

Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.

Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.

Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі - еңбек өнімділігі болып табылады. Ол ‑­өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.

Еңбек өнімділігі - нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.

Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.

Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болады, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.

Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.

Ресурстар нарығының ерекшеліктері - ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды.

Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі болып рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріліп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасында қарама қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарын аз сатып алады немесе оларды арзандау басқалармен алмастырылады.

Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:

1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады.

2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты. Яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.

3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді.

Сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:

• дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;

• ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;

• жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар - халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар - ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар - ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр тұрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар - ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мұмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жұйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. өндірістік қатынастардың ‑бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын ұй - коммуналдық қызметін жұзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым - қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін - өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми - техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді. Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар ‑­

керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл ұшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.

Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі - жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жабдық құны
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz