Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы



1.1. Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы.
Өндірістік күш және өндірістік қатынастың заңдылық бағытта дамуы үшін қалыптасқан, бір қалыпта, тәртіпте бөлінген және пайдаланатын еңбек ресурстары керек. Қай бір қоғам болмасын еңбекке жарайтын халықпен оның мінез . құлқынның арасында шындық, байланыс және бір . бірімен тығыз қатынаста болуын керек етеді. Сондықтан да, олардың экономикалық қатынасы әр бір жұмыс орнында, кәсіпорнында бүл мәселені нығайту керек. Ол халықты экономикалық қатынасын қоғаммен қатынасуын нығайтады.
Жұмыс бастылығы дегеніміз жалпы экономикалық түсінік, ол барлық қоғамның әлеуметтік даму тәртібі. Ол сол кезеңдегі еңбек тәртібінің үлгісін анықтайды, түрін белгілейді және жұмыскерлердің еңбекке қатынасын анықтайды. Дегенмен, халықтың жұмыс бастылығы дегеніміз өзгеше түсінік. Әрбір қоғамның өзінде әлеуметтік экономикалық жағынан ерекшелігі бар. Сондықтан әрбір қоғамның әлеуметтік . экономикалық тарихындағы белгілі кезеңде ол сол қоғамның өндіріске деген көз қарасын анықтаумен бірге, сондағы өндірістік құралдың меншіктігіне де қарайды. Жалпы қоғамдық меншік өндірістік құралға халықтың жұмыс бастылығын арттырады. Сонымен халықтың еңбекке деген бейімділігін, оны іске асыру олардың өндірістік тауарларды тұтынуы дегеніміз. Халықтың керегін қанағаттандыру және оны тұтыну екеуі бір.біріне тығыз байланысты ұғым. Сондықтан да, өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ету былайша айтқанда толықтыру кеміп келеді.
Міне мұндай мәселелердің мемлекеттегі халқының өсуіне, оның әлеуметтік . экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасайтын басты мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан да өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ету және оның тұтыну қажеттілігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар ол жұмыскердің мұқтаждық талабын орындайды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы.
Өндірістік күш және өндірістік қатынастың заңдылық бағытта дамуы үшін
қалыптасқан, бір қалыпта, тәртіпте бөлінген және пайдаланатын еңбек
ресурстары керек. Қай бір қоғам болмасын еңбекке жарайтын халықпен оның
мінез - құлқынның арасында шындық, байланыс және бір - бірімен тығыз
қатынаста болуын керек етеді. Сондықтан да, олардың экономикалық қатынасы
әр бір жұмыс орнында, кәсіпорнында бүл мәселені нығайту керек. Ол халықты
экономикалық қатынасын қоғаммен қатынасуын нығайтады.
Жұмыс бастылығы дегеніміз жалпы экономикалық түсінік, ол барлық
қоғамның әлеуметтік даму тәртібі. Ол сол кезеңдегі еңбек тәртібінің үлгісін
анықтайды, түрін белгілейді және жұмыскерлердің еңбекке қатынасын
анықтайды. Дегенмен, халықтың жұмыс бастылығы дегеніміз өзгеше түсінік.
Әрбір қоғамның өзінде әлеуметтік экономикалық жағынан ерекшелігі бар.
Сондықтан әрбір қоғамның әлеуметтік - экономикалық тарихындағы белгілі
кезеңде ол сол қоғамның өндіріске деген көз қарасын анықтаумен бірге,
сондағы өндірістік құралдың меншіктігіне де қарайды. Жалпы қоғамдық меншік
өндірістік құралға халықтың жұмыс бастылығын арттырады. Сонымен халықтың
еңбекке деген бейімділігін, оны іске асыру олардың өндірістік тауарларды
тұтынуы дегеніміз. Халықтың керегін қанағаттандыру және оны тұтыну екеуі
бір-біріне тығыз байланысты ұғым. Сондықтан да, өндірісті жұмыс күшімен
қамтамасыз ету былайша айтқанда толықтыру кеміп келеді.
Міне мұндай мәселелердің мемлекеттегі халқының өсуіне, оның әлеуметтік
- экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасайтын басты мәселелердің
бірі болып табылады.
Сондықтан да өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ету және оның тұтыну
қажеттілігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар ол жұмыскердің мұқтаждық
талабын орындайды.
Экономикалық мағлұматтарда жұмыскерлердің немесе еңбекке
жарайтын халықтың жұмыс бастылығы деп жұмыс орны бар жұмысқа, еңбекке
жарайтын халықты атайды. Ал, еңбек ресурстарын пайдалану деп:
а) еңбекке жарайтын халықтың көпшілік еңбектегі деңгейін айтады.
ә) еңбекке жарайтын халықтың халық шаруашылық саласында елдің жер
көлемімен бөлінуі және байланысы.
б) еңбек күшін өндірістің өзінде тиімді пайдалану. Кейбір жағдайда
еңбек өнімділігі дегеніміз еңбек ресурстарын тиімді пайдалану деген
түсінікті де береді.
Тұрмыста белгілі нәрсе, егер де еңбекке жарайтын халықтың саны
көбейсе, оған лайықты оның жұмыс орны болуы керек, атап айтқанда жұмыс орны
көбеюі керек.
Толық жұмыс бастылығы деп - қоғамның еңбекке жарайтын мүшелерінің
толық материалдық - техникалық және әлеуметтік -экономикалық жағдайының
жасалуы арқасында жалпыға пайдалы еңбекке қатысуын атайды.
Ал, енді жалпыға пайдалы еңбек ету дегеніміз халықтың мемлекетгік
өндірісте, қоғамдық бірлестікте немесе өзінің жеке өндірісінде еңбек етуі
соның есебінен өндіріс тауарларын шығарып, халыққа қызмет атқарып өзі үшін
және жанұясы үшін еңбек еткенді айтады. Толық жұмыс бастылығы деп оны кейде
босаңдау түсінуге болмайды. Себебі мемлекеттегі барлық еңбекке жарайтын
жұмысшылар толық жұмыста, деуге болмайды. Өйткені қайбір жағдайда болмасын
жұмыскерлердің біраз бөлігі толық жұмыс бастылығында болмауы мүмкін.
Мәселен, өзінің үйінде балаларына қарап отыруы мүмкін, кейбір еңбекке
жарайтын халық оқуда болуы мүмкін. Міне осы жағдайларды ескеру керек.
Сондықтан да барлық уақытта еңбекке толық жарайтын жұмыскерлер толық жұмыс
бастылығында деп айтуға болмайды. Кейінгі кезде жұмысқа жарайтын әйелдердің
балаларға қарайтын, ақы төлейтін, мерзімін ұзартқаннан кейін оларын еңбекке
толық қатысатын уақыты да, атап айтқанда толық жұмыс бастылығы да
төмендейді.
Кәсіпорындарды жаңа техникамен жабдықтаудың себебінен негізгі
өнідірістік қорларды өзгерту, жаңалау үшін көптеген қаржылар керек етеді.
Соның есебінен қазіргі кезеңде күрделі қаржыны жұмсаудың үш жолы
белгіленді. Біріншісі - ол жаңадан құрылыс салу, екіншісі - өнім өндіріп
жатқан өндірісті қайта құру, өңдеу, үшіншісі- өнім өндіріп өндірісті
ұлғайту. Осы үш бағытта қаржы пайдаланудың әрқайсысының жолдары әртүрлі,
өздерінің ерекшеліктері бар.
Егер де жаңадан құрылыс салатын болсақ, немесе өнім өндіріп жатқан
өнеркәсіпті кеңейтетін болсақ, онда оның өндіріс аумағы және оған
байланысты жүмыскерлердің саны да өзгеруі мүмкін. Бірақ та экономикалық
көзқараспен қарасақ оның пайдалылығы және тиімділігі сонда, ондағы жұмыс
орны азайғанымен, оның өнім шығаруы көбеюі керек. Мұндағы бір ескертетін
жағдай өндіріске ғылыми - техникалық жетістіктерді енгізудің арқасында
жұмыскерлердің саны кемуі керек те, өнімнің көлемі көбеюі шарт. Міне
осындай жағдай ғана өндірістің ұлғаюына жасайды. Сонымен қорытып айтқанда
жұмыс орнының саны мен еңбек ресурстарының бір-біріне қатынасы сәйкес,
дүрыс болу толық жұмыс бастылығының басты талабы және оны талдап ескеру,
басқару мекемелерінің қызметкерлерінің басты міндеті.
Дегенмен жұмыс орнының саны мен және жұмыскерлердің бір-біріне
қатынасын бақылап, жоспарлауда әлде болса кемшіліктер көп. Міне соның
салдарынан өнім өндірудің өсу, өндіріс күшінің өсуінен қалып келеді.
Өйткені кейбір жағдайларда жұмыс орны өз уақытысында білімді мамандармен
толықтырылмайды. Оның негізгі себебі артық жұмыс орны, көптеген жағдайларда
жоғары орындардағы мекемелердің қаржы бөлуіне байланысты белгіленеді,
өнеркәсіптің оған ешқандай қатысы да қаржысы да жоқ. Сондықтан да,
көптеген шаруашылықтағы кәсіпорындар өздерінің жұмыс орнын тиімді пайдалану
үшін, оның өнімділігін көрсету үшін көп көңіл бөлмейді. Бөлінген құрал-
саймандар, оған кеткен шығындар барлық кәсіпорындарда дұрыс, тиімді
пайдаланылмайды.
Екінші бір мәселе, көптеген министрліктер өнім өндіріп жатқан
өнеркәсіптерге, оны жаңартуға күрделі қаржыны аз бөледі, аз көлемде
жоспарлайды. Соның есебінен салалармен аймақтық өнеркәсіптің арқасында
еңбек ресурстармен жұмыс орнында қайшылықтар кездеседі. Міне сондықтан да,
осы қайшылықтарды бағалау үшін, әрбір жеке өнеркөсіптерге, оны жаңартуға
күрделі қаржыны аз бөледі, аз көлемде жоспарлайды. Соның есебінен
салалармен аймақтық өнеркәсіптің арқасында еңбек ресурстарымен жұмыс
орнында қайшылықтар кездеседі. Міне сондықтан да, осы қайшылықтарды бағалау
үшін, әрбір жеке өнеркәсіптерде, бірлестіктерде паспорт болуы тиіс. Ол
документте сол мекемені қанша жұмыс орны, оның сапасы барлығы айтылуы
керек. Сонымен бірге ол документте (паспортта) қай мезгілде, қанша жұмыс
орны босайтыны белгіленіп отырылуы және сол аймақтағы халықтың еңбекке
жарайтыны да талдануы керек. Бұлай болмаған жағдайда өндіріске ендіріліп
жатқан жаңалықтар, ғылыми - техникалық жетістіктер тиімді пайда бере
алмайды, өндірісті механизациялау және автоматтандыру, өзінің өндіріске
деген пайдасын кем тигізеді.
Өндірістің даму жағдайында жұмыс бастылығына бір - біріне қайшы екі
бағыттағы мәселелер әсер етеді. Бірінші - еңбек өнімділігінің артуының
есебінен өндірістегі еңбеккерлердің қысқаруы еңбекке жарайтын жұмысқа
жарайтын жұмыскерлердің көбеюі өндірістің кеңеюіне, үлкеюіне байланысты.
Екінші - жұмыс күнінің қысқаруы өнідіріске ғылыми - техникалық жаңалықтарды
енгізу арқылы, еңбек өнімділігі артуының арқасында ұлттық табыстың көлемі
артуы мүмкін. Соның есебінен еңбек өнімділігі мен ұлттық табыстың өсуі,
халықтың жұмыс бастылығының өсуінен жоғары болуы мүмкін. Осының себебімен
ұлттық табыстың өсуі халықтың тұтыну қабілетін көбейтеді, ал ол жалпы
өндірістің кеңеюіне жағдай жасап, оның келешектегі жағдайының жақсаруына
дамуына мүмкіндік жасайды.
Толық жұмыс бастылығының тиімділігінің негізгі көрсеткіші деп еңбек
өнімділігінің өсуін айтады. Ол үшін еңбек ресурстарын аймақ және салалар
бойынша өндірістің түріне, жағдайына, уақытына қарай пайдаланатын болса,
онда өнімнің өсуі де, жүмыс бастылығының тиімділігі де арттады, мұны бізге
өмірді өзі дәлелдеп отыр.
Өндірісті интенсивтендіру және ғылыми - техникалық жаңалықтарды
тездетіп қолданудың арқасында толық жұмыс бастылығының қүрамы да және оның
бағыты да тез өзгеруі мүмкін. Дегенмен бүл өзгерістерді, жұмыскерлердің
біраз бөлігін жұмыстан тыс қалдырғанымен, оларды қайта мамандандырып
жұмыстың басқа саласына толық пайдалануға мүмкіндік алуға болады. Бірақ ,
мұның барлығы жоспарланған түрде жүгізілуі керек.

2. Қазіргі кезеңдегі толық жұмысбастылық түрлері.
Еңбекке жарайтын халықтың еңбек жасындағы негізгі бөлігі
мемлекетіміздің жағдайында толық жұмыс уақытында еңбек етеді. Белгіленген
заң бойынша жұмысшыларға, қызметкерлерге тағы басқа қызметтегі. халыққа
жұмыс атқаратын уақыт барлық мекемелерде, кәсіпорындарда, өнеркәсіптерде,
халық шаруашылығының басқа да салаларында бір аптада 41 сағат. Бұл жасы 18-
ге жеткен және одан асқан азаматтарға арналған. Ал, жасы 18-ге жетпеген 16
мен 18 жастың ортасындағыларға бір аптада - 36 сағат, 15-16 жастың
ортасындағыларға -24 сағат жұмыс істеуі керек. Кейбір жұмысшыларға,
қызметкерлерге жұмыс жағдайы денсаулыққа зиян өндірісте бір аптада -36
сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Міне бұл жағдайдың бәрі толық
жұмыспен қамтамасыз етілген азаматтардың мезгілді жұмыс уақытысы. Ал енді
өндірісте толық жұмыс бастылығында қызмет ететін азаматтар да бар. Бұлар
көбінесе жас балалары бар әйелдер, зейнеткерлер, еңбек және соғыс
ардагерлері, студенттер және оқушылар. Мұнда жұмыс ұйымдастыру оның
уақытысы еңбек заңында белгіленген және де басқа тәртіптегі қызметкерлерге
қарағанда біраз өзінің өзгерісі бар, олар өздерінің жұмыс уақытысының бір
бөлігін ғана өндірістегі жұмысқа жұмсайды. Ал қалғанын өзінің әлеуметтік
мұқтажына жұмсап, істегеніне қарай жалақы алады.
Мұндай категориядағы жұмысқа қабылдағанда өндіріс басшылары заңға
сүйене отырып, шартты түрде қабылдайды.
Кейінгі кезде бүкіл одақтық ғылыми - методикалық мемлекеттік орталық
еңбек комитеті дайындаған уақытша методикалық ұсыныс қабылданды, онда
жұмыскерлердің толық емес жартылай жұмыс атқаруына мүмкіндігі бар. Онда
уақытша жұмыс істейтін кісілерге үйінде отырып жұмыс атқаруға мүмкіндігі
болатындығы ескерілген.

Мұндай тәртіпте жұмыс атқаратын жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын
жақсартудан басқа экономикалық тиімділігі де бар.
Тағы бір тоқталатын жағдай, қазіргі нарықтық экономика дәуірінде
кейбір өнеркәсіптерді жұмсақ жұмысқа қатысу тәртібі еніп келеді. Бұл
әдістегі айналмалы жұмсақ тәртіптегі жұмыс істеудің негізгі мақсаты бойынша
жұмыс күні екі бөлікке бөлінеді - барлық жұмыскердің жұмысқа тәртіпті түрде
қатысу, жұмыс орнында болуы, ал екіншісі жұмыскер өз уақтысын өз ыңғайына
қарай бағалауы. Бірақ жалпы жұмыс уақтысы туралы айына, аптасына есеп беруі
керек. Бұл жағдай - тәртіп жұмысшының өзіне міндеттелген жұмысты өзіне
ыңғайлы уақытта атқаруына мүмкіндік береді.
Кейінгі кезде халық шаруашылығында әсіресе өнім өндіретін салалардан
басқаларда да екі жұмысты қоса атқару қолданылып отыр. Бұл түрдегі жүмыстар
кейбір өнеркәсіпте, мекеменің ішінде болуы мүмкін ал кейбірлерінде екі
мекеменің арасында болуы мүмкін.
Мұндай түрде жүмыс ұйымдастырып, халықтың толық жұмыс бастылығын екі
жұмысты қоса қолдануы, жеке кісіні, коллективтің сапалы жұмыс істеуіне
мүмкіндік жасайтынын көрсетіп отыр. Екі жұмысты қоса атқару, әсіресе бір
мекеменің өзінде жақсы көрсеткіштерге жететінін жасалынған талдаулар,
төжірибелелер дәлелдеп отыр.
Бірақ айта кететін бір жағдай екі жұмысты қоса атқару жұмыскердің
немесе қызметкердің негізгі атқаратын жұмысына зиян келтірмеуі керек. Екі
жұмысты қоса атқару 18-жастан төмен азаматтарға рұқсат етілмейді.
Жұмысшылардың жұмыс ұйымдастыру кезіндегі тағы бір түрі кезекті
экономикалық жолмен жұмыс атқару. Мұндай жобамен жұмыс атқару өндірістің
өнім өндіретін орнына қашық, алыс тұруы, ал жұмыскерлердің ол орында мекен
жайының жоқ болуы. Сондықтан ол жұмыс орнына қатынап смена (вахта) арқылы
жүмыс атқаратынын айтады. Мұндай жұмыс істеу көбінесе мұнай, газ, ағаш
өндіру өнеркәсіптерінде, құрылыс және темір жол мекемелерінде көп
кездеседі.
Кейінгі кездерде мемлекетіміздің мұнай өндіру аймақтарында, әсіресе
Тенгизшевройл өндірістік бірлестіктерінде кезекті әдіспен жұмыс істейтін
халықтың саны 300 мыңнан асып отыр. Мұндай әдіспен жұмыс істеу арқылы
біздің жұмысшыларымыз қазіргі кезеңде күзетші кезекті әдіспен Атырау
аймақтарында (Күлсары теңіз) мұнай өндіретін мекемелерінде жұмыс атқарып
жүр.
Күзетші-кезекті экспедициялық әдіспен жұмыс істеу көбінесе қазіргі
кезде еңбекке жарайтын халық саны аз, немесе сол жерде елді мекен жоқ,
бірақ жер асты байлығы мол, жаңадан ашылып жатқан мекемелерде қолданылып
келеді. Мұндай әдіспен жұмыс істеу еңбек ресурстарын тиімді бөлу,
пайдаланудың бір түрі болуы мүмкін. Жұмыскерлердің тағы бір жұмысқа
пайдалану жолының бірі - уақытша жоғарғы оқу орындарының, колледждердің
студенттерін жүмысқа қосу. Мұндай жағдай оқу процесіне зияны тимейтін,
олардың оқудан бос уақытысында атқарылуы керек.

1.3. Салалық және аймақтық жұмысбастылығының құрамы.
Ғылыми-техникалық жаңалықтарды өскен кезде, өнеркәсіптер бір қалыпты
жоспарлы жолмен даму жолында, қоғамда еңбекке жарайтын жұмыскерлерді саны
көбейген жағдайда еңбек ресурстарын әрбір өнеркәсіптің салаларына тиімді
бөлу оны пайдалану басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жағдай халықтың
экономикалық және әлеуметтік жағдайының жақсаруына мүмкіндік жасайды,
қоғамның өсуіне үлкен пайдасын тигізеді. Өндірістің тиімділігін арттыруда
жұмыс бастылығының құрамын өзгертудің маңызы зор. Өйткені кейбір
кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жаңалықтардың өсуіне байланысты
жұмыскерлердің мамандықтары да өсуі мүмкін, осыған байланысты олардың
құрамы да өзгеріп отырады. Міне сол жағдайда, бір саладан өндірістің екінші
саласына жұмысшыларына ауыстыруда олардың құрамын еске алмаса, өндірістің
тиімділігін арттыруға нұқсан келтіріледі.
Материалдық өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерден басқа, өндірістің
дамуын қамтамасыз ету үшін материалдық өндірісте жұмыс істемейтін
қызметкерлер де керек. Олардың да құрамын реттеу өндірістің дамуына ықпалын
тигізеді. Мәселен ағарту жұмысындағы денсаулық сақтау жұмысындағы
қызметкерлердің жағдайына қарау, олардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік
жасау қажет.
Жасалынған талдауларға қарағанда ағарту, денсаулық салаларындағы
жұмыскерлердің маңызды, тиімді жұмыстары мемлекеттің ұлттық табысын өсіруге
жұмыскерлердің мамандығын, білімділігін, жалпы мәдениетін өсіруге мүмкіндік
жасап, еңбек өнімділігін арттыруға жол ашады.
Тағы бір тоқталатын жағдай, өндірістің оның ішіндегі материалдық
өндірісте қызмет атқаратын жөнімді жұмыс істеуіне әсер етіп, жағдай жасап,
ғылым мен өндірістің тығыз байланыстығын нығайтады, күшейтеді.
Ғылыми - техникалық өзгеріс, инновациялық даму өндірісті
интенсивтендірумен бірге, өндірісте ғылымның маңызын көтереді. Сонымен
қысқартып айтқанда, өндірістегі өнім өндірмейтін өрісте істейтін жұмысқа
жарайтын жұмыскерлердің қоғамдық жұмыспен толық айналысуына мүмкіндік бар.
Сонымен, өнім өндіруге қатысы жоқ құрылымдардың дамуы, біріншіден,
ғылымның жаңалықтарымен, техникалық өскеніне байланысты жұмыскерлерге жаңа
талаптар қояды. Сондықтан да жоғарғы оқу орындарында, арнаулы оқу
орындарында білімді мамандар шығаруға, кадрларды дайындауға ерекше талаптар
артып отыр.
Екіншіден, қоғамның алдына қойған мақсаты - сапалы және толық түрде
халықтың денсаулығын сақтау, оны қорғау және нығайтуға мүмкіндік жасау
талап етіледі.
Үшіншіден, қазіргі халықтың талабы, тұрмысты жақсарту үшін оған барлық
мүмкіндіктерді жасау, үй тұрмысындағы жұмысты жеңілдету, үйлерін жөндеу,
көлікпен күту, саяхат жасау, тағы басқа жағдайларын жақсарту, соның
есебінен жұмыскерлердің бос уақытын ұлғайтып, дем алуына мүмкіндік жасау.
Жастардың жүмысқа пайдаланатын бағыттың бірі ауылдағы, селодағы жұмыс
орнын көбейту, атап айтқанда жұмыскерлердің өздерінің тұратын жерінде,
аймағында жаңадан салалар ашу. Бұл жолмен халықтың жұмыс бастылығын
күшейту, ауыл шаруашылығының өнімін молайту, сонымен мемлекеттің
экономикасын көтеруге толық мүмкіндік жасау.
Міне, осы жағдайлардың бәрін реттеп тәртіпке келтіру үшін, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында аймақтық
экономикада халық жұмыс бастылығын мемлекеттік басқару қажет.

1.4. Халық жұмысбастылығын басқарудың маңызы мен механизмі.
Қай бір қоғам болмасын, еңбек ресурстарын жоспарлап, оны бағыттап
отыру керек. Өйткені ол өнім өндірушілермен тұтынушылардың материалдық және
рухани тілегін қанағаттандыру мәселесіне ықпал жасайды. Өндірісте еңбек
орындау міндеті бөлініп тереңдеген сайын, оны басқару қиындай түседі. Оның
себебі, еңбек ресурстары екі кісінің барлық жағынан тегін қамтамасыз етуді
талап етеді, сонымен бірге қоғам мен өнеркәсіптің де талабы өндірістің
өсуіне нұқсан келтірмеуі тиіс.
Еңбек ресурстарын басқарудың негізгі бағыты әлеуметтік-экономикалық
қатынаспен, жұмысшы күшінің өсу процесстерін басқару мен байланысты болуы
керек.
Жұмысбастылықты басқару механизмі деп еңбек ресурстарының қалыптасуын,
түрі мен әдісінің топтасуын, бөлінуін және пайдалануын айтады. Осының бәрі
қосыла отырып өндірістің тиімділігінің артуына, интенсивтенуіне өзінің
ықпалын тигізеді.
Жұмысбастылықты басқару, жалпы экономиканы басқарудың бір бөлігі.
Өйткені ол, біріншіден, халықтың білімді мамандармен қажетін
қанағаттандыруға бейімделсе, екіншіден, өндірістің толық жұмысбастылығын
қамтамасыз етіп, әрбір салалардың керектігіне сай жұмысшыларды бөліп
орналастыруға мүмкіндік жасаса, үшіншіден, еңбек ресурстарын тиімді
пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Міне, осылардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, оларды ажыратуға,
бөлуге болмайды. Әр кезең сайын басқару механизмін қайта қарап жетілдіріп
отырған жөн. Өйткені өндірістегі өзгерістер соны талап етеді, былайша
айтқанда басқарудың механизмін өзгертіп, дамытып отыру қоғамға да керек.

II.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ. 2.1.Қазақстан Респуликасындағы жұмысбастылықтың жағдайы.
Қазақстандағы еңбек рыногының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік
мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес
жұмысбастылық. Ол өндірістің төмендігінен, әртүрлі экономикалық және
қаржылық жағдайлармен байланысты.
Республикадағы соңғы жылдардағы еңбек рыногындағы күрделі мәселе ресми
емес жұмысбастылық, яғни заңды түрде ресімделмеген қатынастар болып отыр.
Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизаторлар ролін атқарып, халықтың
өмір сүру деңгейінің төмендерін ұстап отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік
және қүқықтық қорғау мамандық зонасын арттырып, криминалды құбылыстардың
орын алуына жағдай жасайды. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат
көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне әкеліп соқты.
Институционалды орта құрумен жағдай күрделене түсуі нәтижесінде жалпы еңбек
қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке
нормалармен реттелетіндей болды. Ол көп жағдайда криминалды жағдайлармен
сипатталды. Бүл жұмысбастылық жағдайын айтарлықтай нашарлатады және еңбек
рыногын криминациялауға жол ашады. Бұл жағдай көптеген өндірістердің
уақытша тоқтап, ондағы жұмысшылардың мәжбүрлі түрде демалысқа шығу мен
еңбек шектелмегендіктен елден жұмыс іздеу мақсатында халықты мәжбүрлі
миграциясын тудырады. Осылайша жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс
орындарын сақтау, оның екінші ретті және бейресми формалардың таралуы
Қазақстандағы еңбек рыногының қалыптасу моделін сипаттайды.
Жұмыспен қамтамасыз ету адам потенциалын сақтау мен дамытудың негізгі
факторлары болып табылады. Сондықтан мемлекеттің жұмыспен қамту
сферасындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру өте күрделі мәселе. Осыған
орай, жалпы ұлттық масштабтағы жұмысшы орындарының ваканциясы және
ақпараттылық жүйе; жұмыс күшін қайта даярлау; сонымен бірге жаңа жұмыс
орындарын құру қызметіне салықты төмен көрсету талап етіледі. Еңбек
рыногінің қажеттілігіне сай кәсіпорындық құрылымдардағы басқару және
қаржыландыру жүйесін жақсарту қажеттілігі туындайды.
Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдік төмендеуінің нәтижесінде орын
алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді.
Бірақ жеткілікті жұмысшы орнының болмауы жүйелі трансформациямен байланысты
болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдануы қажет болады.
Қазақстан Республикасы бойынша еңбек рыногінің негізгі индикаторларын
талдау жасайық (кесте 1).
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2000 жылы 7107,4 мың адам
құраса, ал 2004 жылы 7770,3 мың адамға жетті, яғни 5-жылда 9,3 пайызға
өскен. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігінің деңгейі 2004 жылы
69,4 пайыз болды.
Жұмыспен қамтылған халық саны да елдегі экономикалық жағдайдың
жақсаруына байланысты жылдан жылға көбейіп келеді. 2000 жылы бұл көрсеткіш
6201,0 мың адам болса, 2004 жылы 7114,5 мың адамға жетті, яғни 5-жылда
913,50 мың адамға көбейді. 14,7 пайызға өсті. Жұмыспен қамту деңгейі 2000
жылы 87,2 пайыз болса, 2004 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығын қалыптастыру механизмі
Еңбекке сұраныс түсінігі және құрылымы
Экономикалық ресурстар
ҚР-ның еңбек сұранысы, артық жұмысбастылық, еңбекақы бойынша төлем қабілетсіздік
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Еңбек рыногы туралы
Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу: міндеті және процесстің мазмұны
Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
Пәндер