Валюта қатынастары және валюта жүйесі
Кіріспе
Валюта ( итальян сөзі, сөзбе . сөз . құн) елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем . есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды.Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру . міне осылардың бәрі әлемдік сауда . саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда . саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарлардын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай . ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы . ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым . қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың . өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым . қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан . жылға ұлғая тусуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ( экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады.Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие . қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Валюта ( итальян сөзі, сөзбе – сөз - құн) елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші
болды.Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда – саттық байланыстарының
кеңеюіне әсер етті.Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда – саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарлардын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай – ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған
мемлекеттердің өзара қарым – қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы
елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен
әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті.
Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет,
капитал және несие легі жылдан – жылға ұлғая тусуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы
өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа
ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның
ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел
валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекттерге
міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы
( экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық
ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады.Ол халықаралық
валюта, есеп айырысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары және валюта жүйесі.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің ( тауарының,қызметінің ) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте,
Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз
кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (
жағымды немесе жағымсыз ) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі
пайда болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан –
шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын
валюта – экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық – заңдылық
тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегінде
мемлекеттік – құқықтық түрде ұйымдасқан валюта – экономикалық қ қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті
қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті
валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады.
Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма – қол формада
( банкнота,монета) және қолма – қол емес формада ( банктік
шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және
коммерциялық бактер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері
төмендегілер:
• ұлттық валюта;
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары,яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы:
а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978
жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында еркін қолданылатын
валюта деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы,
жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым – жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;
б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды ( Батыста 70 жылдарда, ал КСРО –
да 1991 жылдан). ХВҚ – ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР –
арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен
емес, анықталуы мүмкін 70 – жылдардың орта шенінен бастап паритеттер
валюта қоржыны ( корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп
бірнеше валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына
бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
Мысалы,СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын
валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен
39% неміс маркасы – 21, жапон иені – 18, француздық франк және фунт
стерлингтің әрқайсысының үлесі 11% - тен болады.Еуропа қауымдастығының
еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта
қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта –
еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;
• валюта бағамының тәртібі ( белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі).
Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта
бағамының өзара ауытқу шегі + 15 % шамасында бекітілген; 1995 жылдың
екінші жартысында Ресейде АҚШ – тың 1 долларына шаққанда 4300 – 4900
руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750 – 6350 руб. болды. 1998 ж. валюта
коридорының жоғарғы шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта - қаржы
дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы
бағамы бұл шектен шығып,деноминацияланған 15 – 25 рубльге дейін көтерілді
[22: 254]. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен
бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу
енгізілген; 50 – жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте
– бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының
VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға
валюталық шектеулерді жойды.
• төрт қосындыдан тұратын ( елдің ресми алтын және валюта резервтері,СДР
есепшоттары, еуро ( 1999 жылдан ЭКЮ – дың орнына), ХВҚ резервтік
позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (
орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда
Ұлттық банк Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық
қызметі).
Әлемдік щаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады.Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта
қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие – қаржы
институттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы
кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті –
халықаралық сауда – саттық процестерін жеңілдету,саудаға қатысушы
фирмалардың іс - әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету.Жалпы валюта
жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге
жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір
мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді
және тамыр – таныстық ( протекционизм) әрекеттерді түп – тамырымен құртуға
мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль
атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне,
баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер
арасындағы ақша – есептесу қатынастарын, сондай – ақ қатысушы елдердің
әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. “Дүниежүзілік валюта жүйесі ”
деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты,
себебі екуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден – бір түрі болып алтын,кейін
құйма формасындағы алтын есептеледі. Алтын монетаны халықаралық есептесуде
қолдану үшін алдымен құйма жасау,содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет
болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп
айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла
бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің
негізгі элементтері қалыптасты.Олар:
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын,резевтік валюта, халықаралық
валюталық өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу
( мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі ЭКЮ –
ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
• мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық
валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған “Жалпы нарық’’ одағындағы
мемлекттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды.Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО)
құру,Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің
элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін - әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
Валюта бағамы, оның экономикаға әсері
Халықарлық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны
халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі
бір арақатынастармен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша
өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша
өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы
валюта бағамы деп аталады.
Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық
операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы шетел валютасымен
түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы
бұл мемлекеттің жерінде күнбе – күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде
айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы шетелден сатып алған тауарларға
төлеу үшін шетел валютасын сатып алады. Валюта бағамы қайта есептеу
коэфиценті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық
өлшемдермен көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің бағасы. Валюта
бағам валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі
айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Тауардың
бағасы оның құны негізінде құрылатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның
сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.
Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға
сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:
• Инфляция қарқыны;
• Процент мөлшерінің деңгейі;
• Бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;
• Төлем балансының жағдайы.
Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар.
Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен
салыстырғанда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның
валютасының бағамы солғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық
құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта
бағамыныңқұлдырау тенденциясын тудырады.
Мемлекеттің активтік төлем балансында оның валютасына
шетел борышқорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі
мүмкін.
Егер басқа мемлекеттерге қарағанда елде процент мөлшері
жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың
көтерілуіне, оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Сонымен
қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық
факторлар да әсер етуі мүмкін.
Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін
қолданады. Ол әдістердің негізгілері мыналар;
• Валюталық интервенция (ұлттық банктің ұлттық валютаға шетел
валютасын сатып алып - сатуы )
• Ұлттық банктің ашық нарықтағы операциялары ( бағалы қағаздарды
сатып алып – сатуы )
• Ұлттық банктің проценттік мөлшер деңгейін және міндетті
резервтер нормасын өзгертуі.
Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау
пропорциясын анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп
атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар:
тікелей және жанама.
Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен
көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал
жанама котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының
белгілі бір санының көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал
1987 жылдан бастап бірен – саран АҚШ қолдануда.
Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды
АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем
және резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда -
өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс –
курсті негіз етіп алады. Кросс –курс – ол екі валюта бағамдарының
үшінші валютаға қатысты арақатысы. Мысалы, егер швейцария банкі
швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе,
онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып
алады. Мысалы,
1,6790 ГФР маркасы =1 АҚШ долл.
1,4940 швейц.фр.= 1 АҚШ долл,
1 ГФР маркасы = 1,4940: 1,6790=0,8898 швейц.фр.
Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы
бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал
сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын
болуы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы
әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.
Сондай – ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары
болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп
жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда
қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың
негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен
, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық
баға. Банкаралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.
Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға
бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде
қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық
котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды
жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.
Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер
етеді. Ұлттық валюта бағамынының төмендеуі, әдетте, экспортшыға
тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен)
түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің
бағамы 20 теңгеден 25-ке дейін төмендесе, онда 1 долларға келетін
үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме)
алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен
тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту
үшін ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім – шарт
бағасымен сатып алу қымбатқа түседі (жоғары айтылған мысалда доллар 20
теңге емес 25 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде
онымен көрсетілген іс – жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алуы
қымбатқа түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.
Шетел ақша өлшемдерімен өсуі, негізінде, халықаралық
экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының
ауытқу салдары елдің валюта – экономикалық және экспорттық
потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.
Валюта бағамы бір елдің валютасын екінші елдің валютасына
айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы: 124
тг= 1$, 164тг = 1£, 5,4тг=1 руб.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде қарама- қарсы екі әдіс
бар:
1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;
2) тағайындалатын валюта бағам әдісі. Валютаның еркін
айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен
қалыптасады.
Теңгенің рубльге айырбасталатын бағам жағдайын қарастырайық
1 жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында
қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да
арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген
сұранысты өсіріп, содан тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген
сұранысты өсіреді.
2 жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзандап,
оған сұраныс жоғарылайды да теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер
етеді. Олар:
• Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген
тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер
етеді.
• Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа
елдікіне қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол
елдің бағамы төмендейді.
• Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал
Ресейде қалыпты болса. Онда қазақстандықтар ресейліктердің
салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша
сұраныс тудырады.
• Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемерінің өзгеруі. Мысалы,
Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында Қымбат ақша саясаты
жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты
пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды.
• Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында:
а) Ресейге қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал
бар: ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп
бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай
жағдайда теңгесі бар тұлғалар теңгені басқа, қалыпты валютаға
айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны
теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Еркін айналым кемшіліктері:
• Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда
жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ –
тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде
долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем
уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп
ақша төлейтін болады.
• Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының
бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді
болады.
• Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді. Тағайындалатын
валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыдағы тәсілге қарама – қарсы
әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын
тұрақтандыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады, ал тағайындау
жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Оны жою жалпы келесі
әдістермен жасалады және лоар қазіргі замандағы барлық елдерде
қолданыла алады:
• Резервтерді қолдану. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен
әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысалы қарастырып
отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны
иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде
сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады.
• Сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатындағы
импортты (яғни шет ел валютасына деген сұранысты) шектеу, керісінше
экспортты (өз вавлютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты.
• Валюталық бақылау. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні:
мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына)
шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Алынған азын – аулақ шетел
валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің
экспорт көлеміне байланысты етеді.
• Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын
жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Енді валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық
бағамдардың үш түрі қолданылады:
Алтын стандарт. 1879 – 1934 жылдар аралығында әлемде алтын
стандарт атты жүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы
тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын
көрсетеді.
Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет:
1) ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
2) алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе – теңдік қажет;
3) алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет;
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын
салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Мысалы, АҚШ- тың
доллары = 25 грамм, фунт – 50 грамм, сонда 1 фунт= 2 доллар.
Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз оруыштың құнын,
тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын 50 грамм алтынға 3 цент
деп есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар
төлейді. Осыдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады.
Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі дейді.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97- ге дейін түсуі керек. Бұл
бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал
бұл нүкте алтынныңимпорттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Белгілі бір
себептердің әсерінен британдық фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде
Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтын елден
ағылсын. Алтын стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі
мен керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты
азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының,
баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының
азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Бұл жүйенің нашар жағы:
жұмыссыздық деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.
Жоғарыда айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты
мемлекеттің саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады.
Экономикадағы қажетті түсініктерді, олардың қолданылуын
қарастырайық.
1. Ақша мен валюта бағамының тепе- теңдік формуласы. Ақша
нарығындағы тепе- теңдік формуласы:
М = (PQ) (V(i))=M
Немесе ақшаға сұраныс=ақшаға ұсыныс.
Мұнда: М- ақшаға сұраныс; пайыз мөлшерлемесі (i)- ге тәуелді. М –
ақша ұсынысы. Сатып алу мүмкіндігінің паритеті теңдеуі
P=E P*
Немесе мысалы, долларды теңгеге аудару деп түсінеміз. Мұнда: Р-
ішкі баға; Е – бағам; Р* - сыртқы нарықтағы шетел валютасымен
көрсетілген баға.
Пайыздық төрелік жүргізушінің қарапайым формуласы:
1+i= (E E)*(1+i*)мұндағы i(i*)- елдегі (шетелдегі) пайыздық
мөлшерлеме; Е+1- келесі кезеңдегі бағам. Бағамды Ұлттық банк
белгілеген Е экзогенді айнымалы шама болып Ұлттық банктің
тағайындауымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып,
эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жағдайдағы керісінше
екеуі орындарын ауыстырады.
2. Тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам кезіндегі ақша
саясаты.
а) Тағайындалатын бағам – Е-ні Ұлттық банк тағайындап, оның
арзандауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта
қорын сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің (ақша ұсынысы) бастапқы
қалпына келгенге дейін жасауы керек. Ең соңында Ұлттық банк алғашқы М-
нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде валюта сатуға мәжбүр болады.
Е(В* - В* )=- (D - D )
ә) Уақыт өткеннен соң Ұлттық банк өзінің валюта қорының
азайғандығын, ал ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін
байқайды. Бұған қоса ақша базасының (Мһ) өзгермелігі анықталады:
МҺ – МҺ = ( D - D ) +E ( B* - B* ) = 0
Сонымен Ұлттық банк ақша мөлшеріне әсер ете алмайды, яғни М
эндогенді.
Атаулы және нақты бағам, оған әсер ететін факторлар. Валюта
бағамы екіге: атаулы және нақты бағамға бөлінеді.
Атаулы бағам. Ол екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Яғни
жоғарыда қарастырылған бағам түрі. Мысалы, 1 доллар – 124 теңге атаулы
бағамы бойынша халықаралық нарықта 1 долларды 124 теңгеге
айырбастаймыз.
Нақты бағам. Ол екі елдің тауар бағасының қатысы. Басаша
айтқанда, ол бізге елдің ішінде шығарылған тауардың бағасын басқа
елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.
Нақты бағам =атаулы бағам ((өз елінде өндірілген тауар құны)
(шетелде өндірілген өнім құны)). Оны мына формуламен нақтылап
көрсетуге болады:
Е = Е × (РР*)
Формуладан көріп отырғанымыздай атаулы бағам елдің тауарларының
басқа елдің бағасымен салыстырғандағы құнын білдіреді. Егерде атаулы
бағам арзан болса елдің тауарларын алу тиімді болады және таза экспорт
көлемі өседі, оның формуласы:
NX = NX( Е )
Таза экспорт пен нақты бағамның қатынасын графиктен көреміз.
Онда нақты бағам көлемі таза экспорт көлеміне кері пропорционалды
қатынаста. Суреттегі вертикал сызықтың деңгейі таза экспорт көлемі
теріс санға ауысуын, яғни импорттың экспорттан артық болуын көрсетеді.
Бағамның экспортқа әсерін графиктен көрсетейік. Мұнда тік қор
мен инвестицияның айырмашылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының валюта жүйесі
Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел
ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі
керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын
құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне
түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен
бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық
қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта
қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық
реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом
аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың
қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын
айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру
жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына
жіберу деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан
валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24
желтоқсанда Қазақстанда Валюталық реттеу туралы жаңадан заң
қабылданды.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастардың негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, Қазақстан
Республикасының ақша жүйесі туралы 1993 жылы 13 желтоқсандағы заң:
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы 1995 жылдың 30
наурызындағы заң; Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен
байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы 1995 жылдың 20
шілдедегі заң; Банк және банк қызметі туралы 1995 жылдың 31
тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, үкімет
Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып
шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық
құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды
республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып
есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz