Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері

Кіріспе

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 17 жыл . Қазіргі таңда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен елімізді дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты тұр, яғни ел экономикасын дамыту арқылы халықтың әл - ауқатын көтеру . Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 17 жыл толғанымен алғашқы 5-6 жылдағы ел еңсесін көтерумен жол таңдауға кетті . Дүниежүзілік тәжірбиелерді сараптай келе ауыр индустрияны дамыту үшін сырттай инвесторлар тарта олармен бірлесіп жер қазба байлықтарын игеру және зауыт - фабрикаларды іске қосып жұмыссыздықты жою немесе өндіріс көздерін ашу.

ΧΧ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы .

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына халықаралық сауда жатады . Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін халықаралық сауданың ролі ерекше маңызды .

Халықаралық қатынас - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің таура өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың өзара экономикалық тәуелділігі . Ғылыми - техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынастарын күшейтеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері

Халықаралық сауда дегеніміз - дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы . Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше "Қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты . Дүниежүзілік саудадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ" . Ал енді ел алдындағы игі мақсаттардың бірі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру болып отыр . Бұл үшін Үкімет осы ұйымға кіретін 149 елдің басым көпшілігімен келіссөздер жүргізіп қолдау тауып отыр . Қазақстан бұл ұйымға 1996 жылы ресми өтініш берді және сол сәттен бастап қазірге дейін келіссөз үрдісі жалғасуда . Республикада жүзеге асырылып жатқан терең экономикалық қайта құрулар, дүниежүзінің 70 тен астам елмен қауырт сыртқы экономикалық байланыстар, жаһандану үдеріміне қосылу Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің арттықшылықтары мен салдарларын жан-жақты талдауды талап етеді .

Біртұтас әлемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар . Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ . Сауда экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне ескере отырып, мәселелердің оңтайлы шешімін іздестіру үстінде .

Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым - тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ГАТТ) . ГАТТ 1995 жылы өз қызметін тоқтатып, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылған .

Бұл беделді халықаралық ұйымның аты өзгергенімен, заты - принциптері құқықтық механизмі өзінің жалғасын Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымынан тауып отыр .

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы - қатысу елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін көпжақты халықаралық келісім .

Осынау ірі сауда ұйымының негізгі функциялары мыналарды қамтиды : көпжақты және қатысушылардың саны шектеулі сауда келісімдерін реттеу мен жүзеге асыру ; көпжақты сауда келісімдері үшін форум ретінде әрекет ету ; сауда даулардың реттеудің жолдарын іздестіру ; ұлттық сауда саясатын бақылау ; жаһандық экономикалық саясатты қалыптастыруға қатысушы басқада халықаралық мекемелерімен ынтымақтастық .

Дүниежүзілік сауда ұйымының бір мүшесіне жасалған жағдайлар немесе концессиялар осы ұйымның басқада мүшелеріне таралатындығына кепілдік беретін неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызу принциптерін қабылдау ; импорттық тауарлар рынокқа түскеннен кейін олардың ел ішінде өндірілген осыған ұқсас тауарларға жасалғаннан кем түспейтіндей қолайлы режимге ие болуын талап ететін ұлттық режим принциптерін қабылдау ; транспаренттік, яки ішкі құқықтық құжаттардың ашықтығы, мөлдірлігі ; кедендік барлық елде дерлік отандық экономика өнімдерін қорғау жөніндегі белгілі бір шаралардың сақталумен қоса жүргізіледі . Соңғысы шетелдік тауарлар мен қызметтердің ұлттық рыноктарға баса көктеп енуінің әсеріне сақтандыратын тосқауылдар жасалуына бағытталған толып жатқан келіссөздердің тақырыбы болып табылады . Бұл өз елінің өндірушілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылатын әлемдік шаруашылыққа қатысушылардың табиғи реакциясы . Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы құрылуы халықаралық экономикалық қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастарды деңгейін жоғарылатады деген сенім бар .

Дүниежүзілік сауда ұйымы - бейбіт қатар өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым . Экономикалық байланыстар халықаралық еңбек бөлінісіне өндіргіш күштердің дәрежесіне және шаруашылықтардың мамандануына сүйенеді . Осы байланыстардың үзілмей сан жағынан өсуіне экономикалық қатынастар меншіктің түрлері, қаржы, несие және түрлі инфрақұрылымдар жағдай жасайды .

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуының материалдық шарттары: халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндірістің дамуы, рыноктық инфрақұрылымдардың пайда болуы . Әсіресе ғылыми-техникалық прогресс қатынастарының дүниежүзілік экономикалық кеңістік құрудағы орны ерекше .

Экономикалық қатынастар мен байланыстарды сөз еткенде жоғарыдағы методикалық тетіктерді пайдалану кереек . Әсіресе рыноктың экономикаға көшу барысында халықаралық қарым-қатынастар мен алыс-берістерді тиімді, баламалы жүргізуде жалпы теориялық мәселелерді шешіп алсақ, күнделікті өмірдегі ұлтаралық экономикалық қатынастардағы қателікте, р, байланыстардағы ұтылыстар азаяр еді .

Осындай әдістемелік алғы шарттардың қатарына сыртқы экономикалық қатынастарға жол ашатын, теорияларды да білген жөн . Ойшыл экономистердің халықаралық еңбек бөлінісі, ұлттық экономиканың ішкі қатынастары, сыртқы сауда, интеграция қазіргі ашық экономика туралы пайымдаулардың да маңызы зор. Халықаралық саудада айырбасқа түскен тауардың сапасы мен бағасы бірінші кезекке қойылады . Мемлекеттің, үкіметтің саясаты тауар өткізу кезінде көрінуі мүмкін, бірақ ол өз алдына мәселе . Біріккен ұлттар ұйымы халықаралық валюта қоры, басқа да әлемдік экономикалық қоғамдастықтар мен ұйымдар байланыстардың баяндылығына айтарлықтай ықпал жасайды . Бұл жерде сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін үкімет заңдары, кеден баж заңы да өте қажет . Жалпы ұлтаралық алыс-берістің белгілі экономикалық кеңістігнің қалыптасуы рыноктық қатынастардың өмірге келуінің басты шарты .

Біздің отандық кәсіпорындардың өнімдері айтарлықтай кедергілерге тап болып отырған жоқ, ал барлық шикізат ресурстары іс-жүзінде баж салығынсыз әкелінеді . Біздің еліміз тауарлар импортына да жол аштық және оның ауқымы өсу түсуде . Әсіресе Қытай, Түрік, Пәкістан тауарларымен бірге, Ресей, Украина елдердің тауарларын сату жылдам қарқынмен өсіп келеді . Қазақстанда 8 мыңнан астам аса компаниялардың өкілдіктері ашылған, олардың едәуір бөлігі сауда компаниялары, арасында әлемге танымалылары да бар .

Тауар айналымы жедел ұлғайып келеді, бұған ТМД-дағы ең бір озық банк жүйесі жәрдемдесіп отыр . Ол отандық экономиканың серпінді өсіп келе жатқан саласына айналған сауданы ықыласпен және үлкен көлемде несиелеуде . Минералды шикізат қоры, ең алдымен, мұнай қоры сарқылмайынша осылай жалғаса бермек . Әлемде " мұнайдан кейінгі " кезең туралы барған сайын көп айтылатын болды, таяудағы 20-30 жылда оның негізгі қорлары таусылады деген болжам жасалуда . Бұл Қазақстанға да қатысты .

Кейінгі жылдары мұнайға деген сұраныс тұрақты тұрде өсіп келеді, бағасыда көтерілуде . Көптеген белгілі сауда компаниялары мұнай-доллары үшін жорыққа қосылған . Олар Республикада өздерінің қатысуын ұлғайтып қана қоймай, 8-10 млрд долларға есептелетін Қазақстандық сауда рыногы үшін бәсекеде арпалысқан саясат жүргізуде . Сөз жоқ, тауар молшылығы тұтынушы мен сатып алушы мүддесі тұрғысынан өте жақсы . Отандық рынок бүгінде тауарлардың алуан түрін - ең қымбат тауарлардан бастап ең арзанқол тауарларға дейін ұсынады . Сөйтіп, кедей-кепшіктің қарапайым сұранысын да, бақуатты сатып алушының кірпияз көңілін де қанағаттандыруда .

Дүниежүзілік сауда ұйымының табалдырығынан аттауға жақын қалған ұлттық экономикамыздың алдында қандай мәселелер тұр ? Республика өзінің алдына стратегиялық міндеттер қойып отыр, ол отандық экономиканы жаңғыртуды, оны бәсекелестік қабілетін күшейту, шикізаттан алынатын жоғары кірісті пайдаланып, өндірісті жаңартуды және жаңа технологияларды, ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізуді көздейді .

Әлемдік шаруашылықтағы күшейе түскен бәсекені ескере отырып, жаңа өнім жасау және де онымен сыртқы рынокқа шығу оңай шаруа емес .

Дүниежүзілік сауда ұйымына өткен кезде ішкі рынокты кедендік тосқауылдармен уақытша қорғау, саны арта түскен шетелдік өндірушілермен бәсекеде отандық кәсіпкерлердің позициясын нығайту үшін оларға демеу қаржы беру аса қиын болады .

Өкінішке орай отандық экономикада өңдеуші жоғары технологиялы салалар жоқтың қасы . Бұл саладағы бизнес әлі де бастапқы кезеңінде тұр . Ол Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің айтарлықтай қатаң шарттары сақталған жағдайда мүлдем тұралап қалуы мүмкін . Бұл пісіп-жетілген құрылымдық қайта құруларды шектеп, экономиканың шикізаттық сипатын сақтайды .

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің бүкіл саясаты стратегиялық мақсаттарға сай түзілуі тиіс . Көптеген компаниялар дағдарыс кезеңінде, ал қазір бәсекелестік жағдайында өмір сүруге бейімделіп алды, жаңа жағдайларда оларды қолдаудың ойластырылған стратегиясы қажет . Талдаулар көрсеткендей, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеберінде де айтарлықтай қорғаныс шаралары бар . Мысалы, осы ұйымға өнеркәсіпті, дамыған елдер импорттық тарифтерді ширықтыру сияқты құралды пайдаланады . Бұл ретте тариф мөлшерлемесін көтеру әкелінетін өнімдерді өңдеу дәрежесіне бара-бар болады . Бұл орташа алғандағы кедендік тосқауылдардың біршама төмен болуы жағдайының өзінде жоғары дәрежеде өңделген өнімдердің ішкі рыногын тиімді қорғауға мүмкіндік береді . Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерінде қорғаныш шараларының едәуір әлеуеті қарастырылған . Оларды білікті, дұрыс пайдалану қажет . Мысал үшін, Дүниежүзілік сауда ұйымына 2001 жылы мүше болған Қытай солай жасап

отыр . Дүниежүзілік сауда ұйымының алдындағы міндеттемелеріне сәйкес 2004 жылдың желтоқсанында шетелдік құрылыс фирмаларына жетекші серіктес ретінде бірлескен кәсіпорын құру құқығы берілуі көзделген, 2005-2006 жылдары аталған секторды ырықтандыру жалғастырылды . Алайда осы сектордың шетелдік кәсіпкерлерге ашылуымен бірге, шетелдіктердің жергілікті рынокта жұмыс тәжірибесінің міндетті түрде болуы, шетелдік фирма капиталының белгілі бір мөлшері, шетелдік қызметкерлер санының ширек бөлігін инженер-техник кадрлардан талап етілетін қытай нормативтеріне сәйкес келуі үшін міндетті түрде қайта даярлау сияқты шектеулер енгізілген .

Бөлшек саудада тиісті ереже жасалынған, соған сәйкес шетелдік компаниялар өз бизнесін жергілікті реттеуші нормаларды сақтаған жағдайда ғана кеңейте алады .

Экономиканың бірқатар секторларында, мысалы, банк бизнесінде Қытай үкіметі сыннан өткен " қайта құруларды ол шын мәнінде қажет ететін тұстарды жүргізу" тәсілін басшылыққа алады . Шетелдік банктерге 2004-2005 жылдары қаржы тасқынына мұқтаж салаларға капитал инвестициялауға рұқсат берілген . 2006 жылы қаржы секторы толық ашылды .

Отандық экономикада, әлемдік тәжірибеде, әсіресе, жеткілікті дамымаған салаларға ие, ішкі рыногы тар елдерге қатысты жинақталған тәжірибені жан-жақты пайдалану керек . Тиімді қорғаныс шаралары, кедендік шараларды нығайту, кедендік кеңістіктің котрабандадан қауіпсіздігі, сырттан әкелінетін тауарлар сапасын бақылау деңгейін көтеру қажет .

Ең бір маңызды мәселердің бірі - ауылшаруашылығы мүддесін

қорғау . Сауда ұйымы бұл сала бойынша келісім қабылдаған . Ол тарифтермен реттелетін ауылшаруашылық тауарлары рыногына кіру (дамыған елдерде кедендік баж 6 жылдың ішінде орташа алғанда 36%-ға, дамушы елдерде 10 жылда 24%-ға төмендеуі тиіс ) , осы секторға жәрдем қаражаттың жиынтық көлемін анықтайтын ішкі қолдау шаралары ; сондай-ақ кезең-кезеңімен қысқаруға тиісті тікелей экспорттық жәрдем қаражат сияқты элементтерді қамтиды . Байқап отырғанымыздай, қаржылай қолдау дамыған елдерде - алты жыл дамушы елдер үшін 10 жыл бойы жасалады .

Көптеген елдер өздерінің ауылшаруашылық рыноктарын айтарлықтай көлемде, 500 % жететін және оданда жоғары кеден бажымен дер кезінде қорғап үлгерген . Қазақстан тарихы жағдайларға байланысты екі оттың ортасында қалды . Бір жағынан ол ірі астық экспорттаушы ретінде Керн тобы - аграрлық рыноктың ырықтандырылуына ұмтылушы елдер жағына, екінші жағынан - ауылға едәуір жәрдем қаржы бөлетіндіктен (арзандатылған отын, тыңайтқыш ) , ол ішкі аграрлық рынокты қорғаушы елдер арасында болуы керек .

Қорғаныш салаларын алып тастау бағаның өсуіне, бәсекеге қабілеттіліктің, демек осынау маңызды экспорттық өнімнің тиімділігінің төмендеуіне алып келеді . Нәтижесінде дәнді дақылдардың сыртқа әкетуге еркіндік азаяды, оларды өткізу көлемі тек көрші елдердің сұранынымен шектеледі, ішкі рынокты әрі арзан сапалы импорт басып кетеді . Осыған байланысты Ресейдің, Украинаның олардан соң Өзбекстан, Иран, Ауғаныстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы шарттары, әсіресе ауылшаруашылығы саласында ерекше маңызға ие болады .

Егер бұл елдер өздерінің ауылды қолдау әрекетін неғұрлым ұзағырақ мерзімге келіссе, онда Қазақстандық өнімдер жәрдем қаржы бөлу кезеңі қысқартылған жағдайда киындыққа тап болады .

Республика Дүниежүзілік сауда ұйымына кіре отырып, осы ұйымнан қазірдің өзінде көп көлемде залал келтіріп отырған демпингпен, контрабандамен, контрафактілік өнімдермен күресу үшін айтарлықтай техникалық көмек алуы тиіс . Қазір орын алып отырғандай, тауарларды жартылай жария әкелу жүйесі отандық өндірістен әлденеше есе асып түседі . Онда шоп-туристер едәуір роль атқарады . Олар қосылған құн салығы орнына болмашы ғана сома төлейді, кейде тіпті соданда жалтарады . Бұл олардың қызметінің кірістілігін арттырады . Оның бәсекеге қабілеттілігі аса жоғары болып қана қоймай, ол жария өндірісті тұншықтырады . Көлеңкелі экономиканың осындай " киттеріне " сенімді тосқауыл қойылмаса, онда өнеркәсіптің, әсіресе жеңіл аяқкиім салаларының дамуы іс жүзінде болмай қалады .

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру елімізге мұндай үрдістерді еңсеру үшін жеткілікті сенімді құқықтық құрал беруі керек .

Екінші деңгейдегі банктер сауда компанияларына еш кедергісіз және шектеусіз несие ресурстарын бөліп, зор қолдау көрсетуде . Тәжірибе тауарлар, әсіресе, қытай тауарлары жоғары кірісті әрі тез айналымды екендігін көрсетіп отыр . Банктер жылдық несиелерді ұзақ мерзімді несиелер разрядына бекерге қосып отырған жоқ . Олар тек саудаға қатысты алғанда ғана дұрыс болып табылады .

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру елімізге құрамында зиянды, соның ішінде концерогенді заттар бар сапасыз өнімдер әкелуінен қорғау жүйесін жолға қоюға көмектесуі тиіс .

Импорт пен экспорттың көлемі мен түр-түріне толымды есеп жүргізуді реттеу керек, ол бүкіл сауда спекторы бойынша, соның ішінде баға параметрлері бойыншада мұқият қадағалануы тиіс .

Кеден және шекара қызметтері еліміздің экономикалық кеңістігі толыққанды қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды мемлекеттік қызметтерге айналуда . Олар қазіргі заманғы озық техникамен жарақтану, білікті кадрлармен жасақталуы қажет .

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің маңызды аспектілерінің бірі инвесторларға, импортерлер мен экспортерлерге жеке преференцияларды күрт шектеу, тіпті одан толық бас тарту болып табылады . Банк жүйесін де елеулі сынақ күтіп тұр . Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін қазақстандық банк жүйесіне қызуғышылық шетелдік банктердің экспансиясы, ақшаның арзандау мүмкіндігі, банктік пайыздың төмендеуі арқылы іске асырылуы мүмкін . Әзірге ондай жағдайда оқиғалардың қалай өрбитіні белгісіз .

Бірақ отандық банктердің үлесі төмен болуы жағдайында негізгі салмақ халықтың депозиттеріне түседі, ең алдымен салымдарға кепілдік беру қорларының шығындануына тура келеді . Өйткені жаңа қожайындар артық тәуекелге бара қоймайтын шығар .

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі халықтың, тауар өндірушілердің ұзақ мерзімді мүдделері ескеріліп, жан-жақты зерттелуі және мұқият ойластырылуы, сондай-ақ ұлттық экономиканың стратегиялық мақсаттарымен үйлестірілуі, тұрақты дамуды, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған болуы тиіс .

Осы ұйымға қай уақытта кіргеніміз дұрыс ? Оған мемлекет дайын ба ? Ұтатын кім, ұтылатын кім? Әрине кез-келген жағдайда медальдің екі жағы сияқты оң және терісі болады . Енді біз оған тереңірек талдау жасап көрейік . Әлемдегі 149 елдің басын бір қазанға сыйыстырып отырған экономикалық алпауыт ұйым - Дүниежүзілік сауда ұйымы кіру қиын шаруа . Себебі ол сәл шалыс бассаң қадамыңды түзеп, жығылсаң қолтығыңнан демейтін одақ емес, керісінше, жан алысып, жан берісетін, қайнаған бәсекелестік алаңы . Бірақ соған қарамастан және ел болып, етек-жеңімізді жинап Тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл енді толса да, экономикасының буыны әбден жетілген алпауыттармен саудада бәсекелес болуы үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына енгіміз келеді .

Өйткені, Үкіметтің Дүниежүзілік сауда ұйымына ынтықтығы күннен-күнге артып барады . Қазақстан экономикасының гүлденуінен ұйымнан сырт қалуымыз " асауға тұсау " боп тұрғандай .

Үкімет әзірге Дүниежүзілік сауда ұйымының тек күнгей жақтарын көруге әуес . Мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорының орынбасары Алехандро Хара елімізге келіп : Қазақстан ұйымға қолайлы әрі ел үшін тиімді шарттарымен мүшелікке өтеді, деген сияқты біршама оң пікірлерін айтып еді. Депутаттар егер еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына енсе, жаппай жұмыссыздық жайлауы мүмкін екенін, әсіресе, дамуы жағынан артта қалып қойған және тиісті деңгейде қолдау көре алмай отырған ауылшаруашылығы саласы сыртқы - экспансияға төтеп бере алмай қалатындығын ашық айтты. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына " қорасына " кірсе, агросекторға жасап отырған бүгінгі азын-аулақ жеңілдіктерінің барлығын алып тастау қажет .

Ал, ол жеңілдіктерден қағылса, дөңгелегі әлі айнала қоймаған агрокешеннің қандай күйге түсері бесенеден белгілі . Осында бір парадоксты жайт бар . Бізге әлгіндей талап қойып отырғандар - АҚШ, Австралия, Канада және Еуроодақ елдері . Алайда, олардың өздері сол талапты айналып өтіп кетіп жүр . Мысалы, Еуроодақ елдері аграрлық салаға ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын субсидия ретінде бөледі . Бұл дегеніңіз 5, 5 миллиард еуродан артық болмаса, кем емес . Ал, біздегі көрініс қалай ? Қазір ауыл шаруашылығын қаржыландыру 2000 жылмен салыстырғанда 2, 5 есеге артық деп жүрміз .

Бірақ, соның өзі ішкі жалпы өнімнің 0, 7 пайызынан аспайды . К. Мәсімов " 2007 жылы ауыл шаруашылығын қолдау көлемін ІЖӨ-нің 1 пайызына жеткізгеніміз жөн !" дегенді енді-енді айтып жүр . Сарапшылардың деректеріне сенсек, Еуроодақ елдері егістік жердің 1 гектарына 885 доллар жұмсаса, біздегі көрсеткіш 7, 5 доллардай ғана . Кейде 17 доллар деп жатады . Осынау екі цифрдің қайсысы болғанда да бәрібір төмен . Сондай-ақ олар бүгінгі таңда экспортқа шығарылатын астығының 1 тоннасына 8 доллардан субсидия бөліп отыр . Ал, Қазақстанда субсидия өте аз мөлшерде бөлініп жатыр. Мысалы: Биылғы жылы 2, 5 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр, ал келесі жылы 5 пайыздық мөлшері бойынша арту көзделініп отыр . Мәжіліс депутаты Т. Сыздықовтың айтуы бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін Қазақстанның субсидия мөлшері 20 пайызға жету керек деген . Себебі дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 20 пайыздан кем емес .

Мемлекет ЖЖМ-ға, минералды тыңайтқыштарға жасалынатын арзандатуларымен шектеледі де қояды .

Сондықтан қазақстандық шаруалар егін егу мен мал бағу ісін техникалардың, минералды тыңайтқыштардың, судың тағы басқа тапшылығы жағдайында жүргізіп жатыр деген жан-жақты негіз бар . Статистикалық мәліметтерден білуімізше өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер дебиторлық қарызы 60 миллиард теңгеге жетіпті . Шаруалар итке сүйек қарыз : Банктерге, несие серіктестіктеріне белшеден берешек . Әрине, мұның бәрі олар өндіретін өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына әкелері анық .

Ал, ондай өнімді өзге елдерге экспорттауды былай қойғанда, еліміздің бір өңірінен екіншісіне апарып, саудалау туралы бірдеңе деудің өзі қиын болып отыр. Ондай жағдайда әрі арзан, әрі сапалы шетелдің ауыл шаруашылығы өнімдерімен бағасы 3-4 есе қымбат өніміңмен қалайша бәсекелестік жасайды . Оның үстіне шетелге шығармасақ болмай барады дейтіндей тауарларымыздың тізімі де шамалы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі пайдасы мен зияны
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңызы
Шаруа (фермер) қожалығының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайындағы дамуы: Халықаралық құқықтық аспект
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz