Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I тарау
1.1. Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Жергілікті тіл ерекшеліктері және көркем әдебиет ... ... ... ... ... .8
II тарау
2.1. Кейіпкер тілі: диалект сөздердің қолданылу ерекшеліктері ... ..15
2.2. Ж. Аймауытовтың диалектология туралы ойлары ... ... ... ... ... ..17
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
IV. Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Кіріспе
Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы – диалектология (диалектос – сөйлеу, говор, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән
Тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағанада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір обысыл немесе екі үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жадайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше говор енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Негізгі диалектілк ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие деп те айтылады.
Шынында, диалект, говор, наречие деген терминдер бірінен бірі сонша алыс кеткен ұғымдар емес. Бәріне де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады.
Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тәл нормасынан (сондай ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктер болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің орнына сойы, талаушы – шабаған, беймаза – бейана, кебек – буыз, үнемі – бойлай, әрең – шаққа, табалдырық – тебелдірік, есік ілгегі тепкі, шұлғау – байтаба болып айтылады. Тіпті әдеби сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке кеүірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын ләген, жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе самал, пиялай, кесе, тас аяқ, шын аяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан; күрке балағаш, балаған, шәйла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т.б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілде де,
диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада , бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке мағынасында қолданылады. Тәртіп қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.
Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты. Өйткені диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ұштасады. Шынында, жергілікті халықтың әдет ғұрып, тұрмыс – салтындағы заттар мен ұғымдардың атауы болып келетін диалектизмдер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, диалектілік ерекшеліктер аса маңызды этнографиялық белгі болып табылады. Мысалы, Қостанайдың Жангелдин ауданында тайтұяқ деген сөздің жалпы халық білетін мағынасынан ( тай тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрал деген мағынасы тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралды тайдың не аттың тұяғынан жасау әдетінен туған. Тандыр ( нан) – кейбір оңтүстік аудандарда қабырғаларына нанды қарып пісіруге арналған пеш атауынан шыққан.

Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. I кітап. Алматы, 1996
2. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. II кітап. Алматы, 1999
3. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы. Алматы, 2001
4. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1991
5. Қазақ диалектологиясы. Алматы, 1965
6. Кеңесбаев І., Мүсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі Алматы, 1975
7. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1971
8. Омарбеков С. Қазақтың ауыз екі тіліндегі жіргілікті ерекшеліктері.Алматы, 1965
9. Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960
10. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі.Алматы, 1985.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I тарау
1.1. Жергілікті диалектілер мен әдеби
тіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Жергілікті тіл ерекшеліктері және көркем
әдебиет ... ... ... ... ... .8
II тарау
2.1. Кейіпкер тілі: диалект сөздердің қолданылу ерекшеліктері ... ..15
2.2. Ж. Аймауытовтың диалектология туралы
ойлары ... ... ... ... ... ..17
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23
IV.
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы –
диалектология (диалектос – сөйлеу, говор, логос – ілім деген грек
сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті
тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар
мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің
өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз.
Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.
Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған,
белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне
ғана тән
Тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл
мағанада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі- үш облыс көлеміндей жерді
қамтыса, говор бір обысыл немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы
мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына,
ондағы нақты жадайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай
говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның
басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және
өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып,
бірнеше говор енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне
қарай кейбір тілдерде говорлар подговорға бөлінеді. Негізгі диалектілк
ерекшеліктері бірыңғай болып келген говорлардың жиынтығы наречие деп
те айтылады.
Шынында, диалект, говор, наречие деген терминдер бірінен-бірі
сонша алыс кеткен ұғымдар емес. Бәріне де жергілікті тіл
ерекшеліктері негіз болады.
Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тәл
нормасынан (сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктер
болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни
зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, әдеби тілдегідей
зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты
деудің орнына сойы, талаушы – шабаған, беймаза – бейана, кебек – буыз,
үнемі – бойлай, әрең – шаққа, табалдырық – тебелдірік, есік ілгегі -
тепкі, шұлғау – байтаба болып айтылады. Тіпті әдеби сөздердің
жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке -
кеүірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын - ләген,
жам, кірлен, шылаужын, тас; кесе - самал, пиялай, кесе, тас аяқ, шын
аяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан; күрке - балағаш, балаған, шәйла,
шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь - әк, ақтас,
нотас, утас, ақкеріш т.б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке
сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілде де,
диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр
түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген
мағынада , бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там
деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады.
Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке мағынасында
қолданылады. Тәртіп - қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында
айтыла береді.
Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты.
Өйткені диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белгілермен
ұштасады. Шынында, жергілікті халықтың әдет - ғұрып, тұрмыс –
салтындағы заттар мен ұғымдардың атауы болып келетін диалектизмдер аз
емес. Осы тұрғыдан алғанда, диалектілік ерекшеліктер аса маңызды
этнографиялық белгі болып табылады. Мысалы, Қостанайдың Жангелдин
ауданында тайтұяқ деген сөздің жалпы халық білетін мағынасынан ( тай
тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрал деген мағынасы
тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралды тайдың не
аттың тұяғынан жасау әдетінен туған. Тандыр ( нан) – кейбір оңтүстік
аудандарда қабырғаларына нанды қарып пісіруге арналған пеш атауынан
шыққан.
Кейбір елдерде диалектология осы күнге шейін белгілі дәрежеде
этнографияға көмекші қызмет атқарады. Совет тіл білімінде диалектология
ұлт тілінің, халықтың жергілікті диалектілерін зерттейтін жеке
саласы ретінде қалыптасты. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден –
ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы
сөздер), провенциализм ( аймақтық, облыстық тіл ерекшеліктері) сияқты
терминдердің кездесуі – диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан.
Бірақ 19- ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі қате сөйлену дұрыс
сөздің бұрмалануы сияқты болып көрініп келеді. Осы ғасырдың бас
кезінде Батыс Еуропада, Россияда халық мәдениетіне, этнографияға,
фольклорға, сол сияқты тілге де ерекше назар аударыла бастады. Содан
былай этнография мен фольклерлардан әлі толық жіктеле қоймаған
диолектология жеке сала ретінде дами бастады. Диалектолгияның жеке
сала ретінде қалыптасуында революцияға дейінгі орыс ғалымдары И.И
Сревнквский, А. А. Потебня, А. А. Шахматов көп еңбек сіңірді.
Диалектология тіл ғылымының бір саласы болып қалыптасуымен
байланысты оның маңызы артып, зерттеу объектісінің шеңбері кеңейе
түсті. Зерттеу ісі халық тіліндегі ерекшеліктерді жинаумен, анықтаумен
тынбай, тіл тарихын жасауда да ойдағыдай роль атқарды. Зерттеу
объектісінің саралануына және сипатына қарай диалектология – сипаттама
диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді.
Сипаттама диалектология мәндеті – тілдегі диалектілер мен говорлардың
дыбыстық грамматикалық және лексикалық құрылысын сипаттау, сол
жайында жүйелі түсінк беру. Тарихи диолектологияның міндеті – тілдегі
диалектілер мен говорлардың, диалектілік ерекшеліктері пайда болу
сырын, тарихын зерттеу. Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен
тығыз байланысты. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден
анықтап, танып, түсініп алмайынша, көлемін белгілемейінше, тарихи
диолектологияны жасау мүмкін емес.
1.1. Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоңарғы және төменгі
формалары бар. Жоғарғы формасы - қалыптасқан не қалыптасып келе жатқан
әдеби тіл де, тқменгі формасы – халық тіліндегі диалектілер мен говарлар.
Әдеби тіл мен диалектілердің қарым – қатынасы жайында сөз болғанда,
негізінен, екі мәселе ескеріледі. Бірінші, әдеби тіл мен диалектілердің бір
– біріне тигізілетін әсері, әдеби тілде диалектизмдерді пайдалану жайы;
екінші, диалектінің әдеби тілге негіз болу жайы. Бұл мәселелерге тоқтамас
бұрын алдын ала бір ескертетін нірсе – осылардың қай – қайсысы да қазақ тіл
білімінде толық бірыңғай пікірге келіп, ғылыми негізде түбегейлі шешілген
мәселелер емес.
Диалектизмдердің әдеби тілді байыту – сирек құбылыс. Әдеби тілге
енген диалектизмдер санаулы ғана. Тек белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер
әдеби тілде жоқ болса, сонда ғана хергілікті сөздердің кейбірін баспа сөз
арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, қазір баспасөзде, кейбір
әдебиеттерде қолданып жүрген пәрменді ( қарқынды), бойынша, аула, межемді
(азулы, тырнақты), мүдежат, немелтай (шөберенің балалары) т. б. жергілікті
халықтың тілден ауысып кірген сөздер.
Қазақтың ұлт тілімен ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі бар
екенін кейбір тіл мамандары қолдаса да, зерттеушілердің бірқатары қазақтың
ұлттық әдеби тілі диалектілік тегізде емес, жалпыхалықтық тіл негізінде
қалыптасты деп есептейді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында жаңа бағыттағы
қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай мен Ыбырай өз шығармаларын белгілі
бір аймаққа тән диалектінің негізінде жазған жоқ, қазақтың жалпыхалықтық
тілі негізінде жазды. Абай мен Ыбырай сөйлеу тілі мен ауыз әдебиетіндегі
құнарлы сөз асылдарын шебер пайдалана отырып, халық тілін жазба әдеби тіл
дәрежесіне дейін көтерді. Сөйтіп, халықтық тіл материалдарын сұрыптап
жөндеудің әдеби нормаға келтірудің нақты үлгісін жасады. Абай мен Ыбырай өз
шығармаларын сол өздері туып өскен жердің тілінде – солтүстік-шығыс я
солтүстік-батыс диалектісінде – жазып шығарды деген пікірлер дәлелсіз.
Тіпті ондай диалектілердің болған - болмағаны әлі толық дәлелденген жоқ.
Міне, қазақтың ұлттық әдеби тілі жалпы халықтық негізде жасалды дейтін
пікірдің мәні осындай.
Ал С. А. Аманжолов қазақтың ұлттық әдеби тілінің диалектілік негізі
бар, оның негізін қазақ тіліндегі солтүстік-шығыс диалектісі деп қарайды.
Бір ескертетін мәселе, жалпы қазақтың жазба әдеби тілі тарихында Абай мен
Ыбырай алатын орны жөнінде оның пікірінде басқа зерттеушілерден алшақтық
жоқ. Ол да жаңа бағыттағы қазақ әдеби тілінің, яғни қазіргі ұлттық
әдеби тілдің негізін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен, Абай, Ыбырай
творчествосымен байланыстырады. Бірақ Абай мен Ыбырай осы жаңа бағыттағы
әдеби тіл негізін қандай тілдік материалға сүйене отырып жасады деген
мәселеге ол басқаша қарады. Абай мен Ыбырай – кездерінде бүкіл қазақ жерін
аралай алмаған адамадар, өздерінің туған өлкесінен көп ұзап шықпағаны
белгілі. Тіпті бір дәуірде өмір сүргендеріне қарамастан, Шоқан, Ыбырай,
Абай бір – бірін білмеген, олардың сырттай таныстығы туралы мәлімет жоқ.
Баспасөздің әлсіздігінен олар басқа аймақтардан шыққан ақын – жазушылардың
шығармаларымен, тілімен таныса алмады. Оның үстіне араб, парсы,түркі, татар
тілдерінің әсері күшті болғандықтан ол кездегі баспа сөз таза қазақ тілінде
шықпайтын. Сол себепті Абай мен Ыбырай шығармаларын өздерінің туған
өлкесіндегі халықтық тіл мтериалдары негізінде жазды. Қазақ тілінің
диалектілік құрылысы жағынан қарағанда, бұл – оның солтүстік шығыс
диалектісі еді. Жергілікті халық тілін әдеби қалыпқа келтіріп
пайдаланғандықтан, олардың тілі бүкіл қазақ халқына ортақ әдеби тілдің
нормалық негізіне жатты. Осылайша белгілі бір аймақтағы жергілікті халық
тілінің грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры ұлттық әдеби тілдің негізі
ретінде қабылданды.
Әдеби тілдің қалыптасуындағы Абай мен Ыбырайдың тарихи рөлі өз
шығармаларын осы диалектінің негізінде жазуында емес, өздері өмір сүрген
ортадағы жергілікті халық тілін сұрыптап, творчествалық еліктен өткізіп
оның жалпыға бірдей әдеби тіл болуына жол, негіз салуында. Олар өз
шығармалары арқылы халық тілінің байлығын пайдаланудың, сөзді, сөз
тіркестерін сұрыптап қолданудың үлгісін көрсетті. Осылар бастаған үлгіні
әдебиет майданында еңбек етушілер онан әрі дамытты.
Бірақ әдеби тіл бірте – бірте дамып отыратындықтан, оның қазіргі
қалпы солтүстік – шығыс диалектісімен бірдей деуге болмайды. Солтүстік –
шығыс диалектісінде сақталып қалған тіл ерекшеліктері де аз емес. Олар,
әрине, әдеби тілге ене алмайды. Тіпті қазақ әдеби тілінің негізін салушы
Абай шығармаларының өзінде қазір әдеби тілде қолданыламйтын араб, парсы
сөздері мен шағатай элементтерін былай қойғанда, жергілікті говарға тән
кейбір сөздер мен грамматикалық тұлғалар бар: Кезекпенен өлінер, Кейбір
жігіт жүреді мақтан көйлеп, Малдының малын көре алмай, борышын түгел бере
алмай көрінгенге обықты, Бәрі де кісі-ақ еді қосалықты, Ақыл іздеп,
ізерлеп, Артынан ол нем - деп, ұялып, кезнесіп, Жем іздеген бір түлкі
кездей келді сорына.
Ал басқа диалектілердің әдеби тілге қатынасына келсек, олар әдеби
тілдің толығып баюына өз үлестерін қосуда. Әсіресе кәсіпке, шаруашылықтың
түрлеріне байланысты сөздермен әдеби тілді байытуда. Мәселен, оңтүстікте
бау-бақша, мақта егісі мейлінше дамыған. Қазір әдеби тілде оңтүстіктен
еніп, ауыл шаруашылық терминдері ретінде қалыптасқан сөздер аз емес. Батыс
облыстар жеріндегі Каспий, Арал бойындағы балық кәсібі туралы да осыны айту
керек. Сөйтіп, қазір әдеби тіл қазақ тіліндегі диалектілердің
ешқайсысына толық сәйкес келмейді деп қортындв жасайды. Міне, қазақ әдеби
тілінің диалектілік негізі туралы проф. С. Аманжоловтың пікірі осындай.
А. Ысқақов пен Ә. Хасенов: Қазақ тілі әдеби тіл болып
қалыптасуында белгілі дәрежеде аздап даяр материалдардың да, тарихи
тұрғыдан қарағанда белгілі дәрежеде баяғы бір замандарда болған
диалектілердің де аздап әсері болғанын жоққа шығаруға болмайтын мойындаған
дұрыспа деп ойлаймыз, - деп жазады.
Қазақ әдеби тілінің диалектілік негізі болды деген пікірді біз
көрнекті түр колык, проф. Н.А. Баскаковтың енбектерінен де көреміз. Н.А.
Баскаков қазақ тіліндегі әрбір диалектіні жеке-жеке сипаттай отырып, былай
дейді: Солтүстік-шығыс диалект қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі болды.
Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және басқа қазақ
әдеби тілінің негізін салушылар осы диалектіде сөйледі және жазды. Сөйтіп,
бұл диалект қазіргі әдеби тілге ортақ белгілермен сипаталады.
Қазіргі уақытта қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктер бар екені,
олардың белгілі дәрежеде қазақ тілінің диалектілік құрылысын сипаттайтыны
даусыз. Дегенмен қазақ тілінің құрылысын, ондағы диалектілер мен
говорлардың өзара жігін, бөліну жайын, Қазақстанның орталық, солтүстік,
шығыс аудандарын тіл жағынан жан-жақты тексермейді, бұл мәселені түбегейлі
шешу мүмкін емес.
1.2. Жергілікті тіл ерекшеліктері және көркем әдебиет
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық
тілінен алатыны, оны өздерінің творчествалық елігінен өткізе отырып
пайдаланатыны белгілі. Халық тілінің табиғи мүмкіншілігін ежелден
қалыптасқан тілдік дәстүр негізінде меңгерген ақын – жазушылар ғана оны
бұрынғысынан әрі дамыта, жаңарту, қолдану аясын кеңейте алады. Мұның өзі
тілдің сымбаттылық қасиетін, икемділігін арттыру мен бірге, даму процесін
жетілдіруге мүмкіндік береді. Сол себепті әдеби тіл нормаларын
қалыптастыруда сөз шеберлерінің орны ерекше бағаланады.
Әдеби тілдің даму бағыты әрқашанда бірыңғай сипатта болған емес.
Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді.Сөз өнерінің шебері әдеби
тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге
тиіс. Ол өзі тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл
творчествасымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл
дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму
бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталмағаны мәлім. Абай дәстүрін, ол
белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлікпен
дамытып отырған ақын-жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен
айналысып жүрген адамдарды ішінде қазақ әдеби тілінің даму
бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір шығармаларда қолданылу
аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диалектизмдер жиі кездеседі.
Көркем әдебиеттің тілі, шығарманың идеясы, мазмұны, оның көркемдік
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Әдебиетші өз материалын- тілді, сөзді –
жақсы білуі керек, олай болмағанда ол өз тәжірибесін, өз сезімін, пікірін
кескіндеп бере алмайды, харектерлер суреттерін көзалдыңа елестете
алмайды, - деп М. Горький жазушылардан тілді жақсы білуді талап еткен. Ол
– тілдік материалды әдебиеттің бірінші элементі деп бағалаған болатын.
Жазушылар шығарма тілінің көркем, әсерлі, бай болуына ұқыптылықпен көңіл
бөліп, тілдегі бар сқздерді сұрыптап қолдана білуге ат салысып, әдеби тілді
байытуға себепші болды. Бірақ кейбір ақын, жазушылар оқушы жұршылығының
басым көпшілігіне түсініксіз, бір аудан не бір облыс көлемінде ғана
айтылатын жергілікті сөздерді көбірек қолдануға әуес.
Біз талс тудырып жүрген мәселелердің бірі – көркем әдебиет тілінде
диалектизмдерді, жергілікті сөздерді пайдалану мәселесі. Көркем әдебиет
тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пайдаланбау керек деу дұрыс емес. Бірақ
әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық баяндауда көп қолдана
бермей, жалпы халықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек. Өйткені
диалектілік ерекшеліктердің ішінде әдеби тілімізді байытатын сөздер де,
әдеби тілді шұбарлайтын сөздер де кездеседі.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмді пайдалануды сөз еткенде біз екі
нәрсені біз шатастырмауымыз керек. Диалектизмді автордың өз баяндауларында
пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар.
Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктермен
толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл жазушының
кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы,
жазушы М. Әуезов Абай жолы романында Жамбыл мен Мағаштың кездесуін
суреттегенде, Алматы маңында айтылатын жергілікті сөздерді (ояқ, бұяқ,
мұқым, тегмен шекпі, әкем, айталы) орынды келтіреді. С. Мұқанов Сырдария
романында Сырбай қартқа және басқа кейіпкерлерге жүдә сияқты сөздерді
айтқызу арқылы уақиғаның қай жақта, қандай ортада болғанын аңғартады.
Сондай-ақ Қ. Абдықадыровтың кейбір шығармаларында (Тәтті қауын) оңтүстік
өлкеге тән ерекшеліктер айқын берілген.
Аудармашылардың арасында түпнұсқада кездесетің диалектизмдерді қазақ
тіліне аударғанда, оларды қазақ тілінің говорлардағы тиісті балама сөздер
арқылы аудару керек деген рікір бар. Егерде біз Шолоховтың Тынық дон
шығармасында кездесетін диалектизмдерді қазақ тілінің жергілікті сөзімен
аударатын болсақ, онда біз түпнүсқадағы седеп болып отырған Дон
казактарының тілдік ерекшеліктері орнына Қазақстанның кейбір аудан,
облыстарында тұратын тұрғындардың тілдік ерекшеліктерін көрсеткен боламыз.
Біздіңше, түпнұсқада кездесетін диалектизмдерді аударудың үш жолы
бар.1) түпнұсқадағы сөздер қазақ тіліндегі сөздермен мағына жағынан, дыбыс
жағынан әуендес болса, оларды қазақ тіліндегі сөздермен беру керек. Мысалы,
Тынық дон шығармасында кездесетін чекмень, чирик, бурсак сияқты сөздер
осы принциппен шекпен, шәке, бауырсақ болып дұрыс аударылған; 2)
түпнұсқадағы диалектизмдердің әдеби тілде баламалары болса, оларды әдеби
тілдегі сөздермен аудару керек; 3) әдеби тілімізде баламасы жоқ орыс
дщиалектизмдерін аудармай, түпнұсқадағы қалыпын сақтап, сілтемеде немесе
түсініктер бөлімінде ол сөзге қысқаша түсінік берген жөн. 4)
Сөз тіркестері кқбнесе әдеби тілдің материалдары негізінде сөз болып
жүр де, диалектілердегі сөз тіркестерінің мол қоры жөнінде арнаулы еңбектер
жазылмай келеді. Бұл материалдарды жинаудың, зерттеудің қазақ тіліндегі сөз
тіркестерін жан-жақты тексеру, заңдылықтарын ашуда және қазақ тілінің жалпы
тіл байлы,ын көрсетуде үлкен маңызы бар.
Говорлардағы сөз тіркестердің құрамындағы сөздердің өзара байланысу
тәсілі немесе жасалу тәсілі әдеби тілдегідей.
Говорлардағы көптеген сһхдердің тіркесу қабілеті күшті. Кейбір сөздер
бірнеше тіркестердің жасалуына негіз болады. Мысалы, батыс говорлар тобында
өз алдына жеке қолданатын ілкі(алғашқы) мен әзірде сөздері өзара тіркесіп
те, басқа сөздермен тіркесіп те көптеген тіркестердің жасалуына негіз
болады. Мысалы: ілгі мезетте (алғашқы кезде). Қанша себептік болса да, оған
ілгі мезетте Филипп Петрович ойына сап ете түсті (Ғ. Сыланов). Ілкі әзерде
(алғашқы кезде). Мыслы, Шалғай қоныстарда, бригадлаларда ілгі әзердежұмыс
ойдағыдай болады ма, кейін жолға қойылды (Орал, Чап). Осы сөйлемдегі әзерде
сөзі кезде сөзінің синониміретінде қолданылып тұр. Бұлар келген, соңғы,
бұрынғы, жаңағы, манағы сөздерімен де тіркесіп айтылады. Келген әзерде (
келген бойда), жаңағы әзірде (жанағы кезде, жаңа ғана), манағы әзірде
(манағы кезде), бұрынғы әзірде).
Говорлардағы сөз тіркестерінің ерекшелігі, біріншіден, олардың
құрамындағы сөздерге байланысты. Көптеген сөз тіркестерінің құрамында әдеби
тілде жоқ сөздерді кездестіруге болады. Ол сіздердің өзді-өзінің тіркесуі
арқылы да бұрын белгісіз сөз тіркестері жасалған. Мысалы: Шанышпай шаралау
(қорасанға қарсы егу) тіркесіндегі сіздердің екеуі де дәл осы ұғымда әдеби
тілде жоқ сөздер. Ал зыбан ұру (әлек салу), мәнтті болу (ықыласты болу),
күстәні қылу (сықақ ету), боржа болу (қолдың бос болуы) тіркестеріндегі
әдеби тілде жоқ зыбан, мәнтті, күстәна, боржа сөздері әдеби тілдегі болу,
ұру, қылу сөздерімен тіркесіп айтылады. Екінші ерекшелік –сөздердің
мағыналық жағына байланысты. Көптеген сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер
- әдеби тілде бар сөздер. Бірақ олар әдеби тілде
бір-бірімен тіркесіп айтылмайды. Мысалы: жан созу (жан таласу), дыбысты
адам (атақты адам) т. б.
Говордағы сөз тіркестерінің енді бір тобы әдеби тілде де кездеседі,
бірақ олар говорда тұрақты тіркес түрінде, ал әдеби тілде еркін тіркестер
түрінде кездеседі. Мысалы: шетіне шығу, жүзі жапырылу днген тіркестер әдеби
тілде қаланың шетіне шықты, жүзі жапырылған пышақ тіркестеріндегі нақтылы
мағынасында қолданылып еркін тіркес құрап тұр, ал говорларда асып туған,
жүзі шыдамау деген сияқты тұрақты тіркес ретінде кездеседі. Мысалы: Абай
адам баласының шетіне шыққан адам (Қ. Орда, Арал). Алажағы бар адам
кездессе, жүзім жапырылып жүре береді (Қ. Орда, Арал).
Үшінші ерекшелік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz