Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшеліктері



Кіріспе
Негізгі бөлім
 Балалардағы жүректің мөлшері мен салмағы
 Балалардың жүрегінің пішіні
 Балаларда жүректің орналасуы
 Жүректің құрылысы
 Жүректің өткізгіш жүйесі
 Балаларда жүрек.қан тамыр жүйесінің жүйкелік реттелуі
 Қан тамырлары
 Жаңа туған нәрестелердегі қан айналу
Қорытынды
Пайдаланылаған әдебиеттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Семей-2012жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
+ Балалардағы жүректің мөлшері мен салмағы
+ Балалардың жүрегінің пішіні
+ Балаларда жүректің орналасуы
+ Жүректің құрылысы
+ Жүректің өткізгіш жүйесі
+ Балаларда жүрек-қан тамыр жүйесінің жүйкелік реттелуі
+ Қан тамырлары
+ Жаңа туған нәрестелердегі қан айналу
Қорытынды
Пайдаланылаған әдебиеттер

Кіріспе
Балалық жас деп туылған кезден жыныстық жетілу кезіндегі уақытты айтады. Көптеген балаларда бұл кезең алғашқы 14 жасты қамтиды. Бірақ та балаларда дамудың динамикасы мен өсу динамикасы бірдей емес, және әр жасқа өзінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктер тән. Бұл кезде бала денесінің пропорциясы да маңызды орында. Жаңа туған нәрестелерде басының ұзындығы денесінің (14) алса, ересектерде -18.
Бала денесінің ұзындығы мен салмағы алғашқы жылдары белсенді ұлғаяды, сосын бұл үрдістің қарқындылығы төмендейді (5-7, 10-12 жас). Жыныстық жетілу кезінде дене массасының, ұзындығының белсенді өсуі жүреді.
Сандық өсуімен қатар балада сапалық өзгерістері жүреді. Бұл балаға қарағанда және тәрбиелегенде маңызды. Дене массасының көбеюі мен өсуі тірек-қимыл жүйесінің, ТАЖ, ЖҚЖ-ң дамуы мен өзгерістеріне байланысты. Баланың денесінің әр органы үшін массасының өсуі, сапалық жетілуі, қызметтерінің құрылымдарының өз заңдылықтары болады.

Негізігі бөлім
Жүрек- қан айналым жүйесінің орталық мүшесі. Ол насос қызметін атқарады. Осының арқасында қан айналым қызметі жүзеге асады. Жүрек 4 камерадан тұрады: сол жақ қарынша мен жүрекше - артериялық жүрек, оң жақ қарынша мен жүрекше-аеналық жүрек.
Балалардағы жүректің мөлшері мен салмағы
Жаңа туған балалардың жүрегінің көлемі ересектермен салыстырғанда салыстырмалы түрде үлкен болып келеді. Салмағы 24-25 г, дене салмағының 0,8-0,9% құрайды (ересектерде 0,4-0,5%). Жүректің мөлшерінің үлкеюі алғашқы 2 жылда, 5-9 жаста және жыныстық жетілу кезінде қарқынды түрде өтеді.
Жүректік салмағы жаңа туған кезбен салыстырғанда өмірінің бірінші жылының соңына қарай 2 есе, 2-3 жаста 3есе, 6 жаста 5 есе, ал 15 жасқа таман 10-11 есеге ұлғаяды.
Жүректік сызықтық өлшемдері 2 жаста-1,5 есе, 7 жаста- 2есе, ал 15-16 жаста 3есеге артады. Жүректің ұзынынан өсуі көлденеңінен өсуіне қарағанда тезірек жүреді: ұзындығы 5-6 жаста 2 еселенсе, ені- 8-10 жаста.
Жүректің көлемі жаңа туған кезден 16 жасқа дейін 3-3,5 есеге үлкейеді.
Жүректің бөліктері бірдей өспейді. Сол жақ қарынша өз көлемін біршама ұлғайтады, 4 айда оң жақтан қарағанда салмағы бойынша 2 есе көп болады. Қарыншалар қабырғасының қалыңдығы жаңа туған нәрестелерде 5,5 мм, ары қарай сол жақ қарынша қалыңдығы 12 мм-ге дейін, оң жақ 6-7 мм-ге дейін үлкейеді.
Жаңа туған нәрестелердің оң және сол қарыншалары көлем і бойынша бірдей, қабырғаларының қалыңдығы шамамен 5мм, ал жүрекшелердікі- шамамен 2мм. Содан кейін сол жақтың миокарды оң жаққа қарағанда жылдам өседі. Сол жақ қарыншаның өсуінің ынталандырушысы болып тамырлардың қарсыласуы мен АҚ жоғарлауы болып табылады. Сол жақ қарыншаның салмағы алғашқы айлары өкпе тамырларындағы қарсыластықтың төмендеуі және артериальды түтіктің жабылуы салдарынан азаюы мүмкін.
Өмірінің алғашқы жылының соңына таман сол жақ қарыншаның салмағы оң жақтан қарағанда 2,5 есе көп болады, ал жасөспірімдерде 3,5 есе.
12-14 жасқа таман сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы 10-12 мм, ал жүрекшелердікі 1 мм-ге қалыңдайды.
Жүректің бөлімдері әр түрлі уақытта өседі: 2 жасқа дейін жүрекшелер қарқынды өссе, 2-10 жас жүрек толығымен, ал 10 жастан соң басым түрде қарыншалар.
Балалардың жүрегінің пішіні
Жаңа туған нәрестелердің жүрегінің пішіні шар тәрізді. Бұл жүрекшелердің толық дамымауымен және жүрекшелердің мөлшерінің үлкен болуымен байланысты. Жүрекшелердің құлақшалары үлкен және жүректің негізін жауып тұрады. Ұшы дөңгелектенген. Магистральды тамырлар да қарыншаларға қарағанда мөлшері жағынан үлкен болып келеді. 6 жастан кейін жүрек пішіні ересектерге тән сопақша (алмұрттәрізді) пішінге ұқсай бастайды. 12-14 жаста ерексектердікі сияқты болады. Жүректің салыстырмалы мөлшерлері кішірейеді. Қарыншалар созылады және көлемді бола бастайды.

Балаларда жүректің орналасуы
Жаңа туған нәрестелердің жүрегі жоғары орналасқан және диафрагманың жоғары тұруына байланысты көлденеңінен жатады. Қиғаш орналасуы өмірінің алғашқы жылдары болады. Жүректің омыртқа қабырғасына проекциясы TIV және TVІІІ омыртқалар арасында жатады.
Жаңа туған нәрестелердің және 1 жастағы балалардың жүрегінің төменгі шекарасы ересектерден қарағанда 1 қабырғааралыққа жоғары болады. Жаңа туған нәрестелердің жүрегінің ұшы сол жақ 4 қабырғааралықта проекцияланады. Жоғарғы шекарасы 1 қабырғааралықта орналасады, ал алғашқы айдан соң ІІ қабырғаға дейін түседі. Клапандардың проекциясы ересектерден қарағанда жоғары. Сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығы бойынан шығып тұрады, ал оң жақ шекарасы төс жиегінен шығып тұрады. Анатомиялық тұрғыдан оның осі горизантальды орналасқан.
Алғашқы жылдың аяғында жүректің орналасуы өзгере бастайды және 2-3 жасқа келгенде қиғаш болады (диафрагманың түсуіне байланысты). Біртіндеп жүректің ұшының проекциясы 1,5-2 жаста 5 қабырғааралыққа жылжиды, жоғарғы шекарасы 2 жасқа таман 2 қабырғааралыққа, ал 7-12 жаста-ІІІ қабырғаға дейін төмендейді.

Жүректің құрылысы
Миокард
Жаңа туған нәрестенің миокардында дәнекер тіні, соның ішінде, эластикалық нашар дамыған. Бұлшық ет талшықтары жіңішке, бір-біріне жақын орналасқан және аз шектелген, ядролары көп. Бұлшық ет талшықтарының бойлық фибриллярлығы нашар көрінеді, ал көлденең жолақтың болмайды. Қан тамырларының торы жақса дамыған (әсіресе артериолалардың).
Алғашқы 2 жыл ішінде миокардтың қарқынды өсуі мен дифференцировкасы жүреді: бұлшық ет талшықтарының саны мен қалыңдығы үлкейеді, бұлшық ет жасушаларының ядроларының саны салыстырмалы түрде азаяды, септальды қалқалар пайда болады.
Бір жастан соң бұлшық ет талшықтарының көлденең жолақтығы (исчерченность) айқындалады, субэндокардиальды қабат түзіледі. 1 жастан 7-8жасқа дейін жүректің соңғы тіндік дифференцирофкасы жүре бастайды, ал 10 жасқа келегенде оның гистологиялық құрылымы ересектерге ұқсас болады.
Жаңа туған нәрестенің қарыншаларының ішкі бетінде трабекулалары болады, әр түрлі формада ұсақ емезікті бұлшық еттері көрінеді. Балаларды алғашқы жылында етті трабекулалары екі қарыншаның да ішкі бетін толықтай жауып тұрады, олар әсіресе жасөспірім кезде жақсы дамыған.
Эндокард
Эндокард болбыр құрылымымен, эластикалық элементтерінің аз болуымен ерекшеленеді. Жаңа туған нәрестелердің және барлық жастағы балалардың қарынша-жүрекшелік клапандары эластикалық болып келеді.
Перикард
Жаңа туған нәрестелердің перикарды жүректі тығыз қаптап жатады, төс-перикардты байлам нашар дамығанына байланысты қозғалмалы. Перикардиальды қуыстың көлемі аз. Перикард күмбезі жоғары - төс- бұғана буынды қосатын сызықта орналасқан. Перикардтың төменгі шекарасы 5 қабырғаарлықтың ортасынан өтеді. Перикардтың төс-қабырғалық беті ұзынынан көп мөлшерде тимуспен жбылған. Перикардтың төменгі қабырғасы диафрагманың сіңірлі орталығы және бұлшық етті бөлігімен тұтасқан. Тек 14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Балалар аурулары туралы
Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері. Мориак синдромы
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция
Жүрек автоматиясының физиологиялық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері
Пәндер