Батыр-жырау Қожаберген туралы


Батыр-жырау Қожаберген туралы
Қазақ халқының ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген ақын-жырлауларының, әншi, күйшi - сазгерлерiнiң және халық батырларының бiрi - Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлы (1663-1763 жж. ) екендiгi баршаға аян. Толыбайсыншыұлы ақын тек жай ғана батыр емес, кезiнде қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұла-ма, шежiрешiсi. Оған оның өз шығармасы “Елiм-ай” жыр-даста-нының бiрiншi бөлiмiндегi мына шумақтар да айғақ бола алады:
Өнерге жас шағымнан құштар болғам,
Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам.
Атанып үздiк шәкiрт қатарында,
Ең үлкен медересесiн тамамдағам.
Ерлiкпен мағылұм болдым алыс-жатқа,
Ән шырқап, қобыз тарттық көңiл шатта.
Бiтiрiп медересенi шыққаннан соң,
Имам боп он жетiмде мiндiм атқа.
Он сегiзде әйгiлi балуан болып,
Он тоғызда iлiндiм батыр атқа.
Жиырмада имам болмай, ақын болып,
Симайтын iс жасадым шариғатқа.
Тiлiне араб, парсы болдым жетiк,
Оны да қолданбадым өнер етiп.
Шамамша қол бастаған сардар болып,
Мен жүрдiм мұсылманға қызмет етiп.
Сонымен қатар, Қожабергеннiң ғұлама ордабасы, әскер басы-батыр екендiгiне оның шәкiртi Бұқар жыраудың “Ұстазым” атты дастанындағы мына шұмақтардың өзi-ақ дәлел бола алады:
Қожаберген ұстазым,
Бұхара барып оқыған.
Төрт-бес тiлдi үйренiп,
Көкейге берiк тоқыған.
Жалаулы найза, қобызды,
Домбырасын қолға алған.
Қамалға шабар алдында,
Шығарып өлең толғаған.
Жырын сүйген баршасы,
Болмаса кейбiр оңбаған.
Алла, аруақ жебеу боп,
Жорықта жолын оңдаған.
Қиын-қыстау кезеңде,
Намысын қозғап өлеңмен.
Батыр-ақын ұстазым,
Қолың қолға дем берген.
Қожаберген 1663 жылы наурыз айының басында қазiргi Сол-түстiк Қазақстан облысының (бұрынғыша Қызылжар аймағының) Жамбыл ауданындағы Благовещенка селосы орналасқан жерде бұрын болған Толыбайсыншы қарағайы деген орманның қой-науында дүниеге келiп, сол туған жерiнде 1763 жылы қазан айын-да жүз бiр жасқа қарағанда ауырып қайтыс болыпты, оның сүйегiн сол төңiректегi “Бүркiт қонған” деген орманның маңындағы әкесiнiң есiмiмен аталатын Толыбай сыншы бейiтiне елi жерлептi. Ақынның әкесi Толыбайсыншы Дәуленұлы (1603-1680 жж. ) заманында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт рулары), Қарақалпақ, Сiбiр татары (Ескер, Барабы, Құралаш рулары, Шалабай естектерiнiң (Челябинск башқұрт-тарының) бiрiккен әскерiнiң ордабасысы болыпты. Барабы, Ескер, Құралаш руларының, Шалабай башқұрттарының жасағының қазақ әскерiнiң құрамында болуына оларға қазақ хандығының ықпалы басым болуы себепкер болған екен. Қожабергеннiң өз әкесi - Толыбай сыншы да, атасы - Дәулен батыр да, бабасы - Таузар сардар да өз замандарында Үш жүздiң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеушiлерi болыпты. Оларды өздерiмен тұстас ақын-жыраулар өлең-дерiне қосып, ерлiктерiн жырларына арқау етiптi (шежiре деректерi бойынша) .
Жыраудың анасы - Ақбiлек Баянауыл өңiрiн мекендейтiн Орта жүз Сүйiндiк Арғын Айдабол бидiң қызы екен. Ол кiсi де өнерi асқан сынықшы, тоқымашы, тiгiншi болыпты. Ол жайында Қожаберген өзiнiң “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiнде былай дейдi:
Орта жүз Арғындағы асыл тектен,
Анамның шыққан заты Сүйiндiктен.
Жиырма ұлдың көкжал туған ең кiшi ем,
Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбiлектен.
Толыбай сыншының өз анасы Жамал кезiнде Самарқанд шаһарын және оған қоса Самарқанд уәлаятын билеп-төстеген, сол шаһарда үлкен ғимараттар салуға үлес қосқан, медересе ашқан. Кiшi жүз iшiнде Әлiм ұлының Төрт қара руынан шыққан әйгiлi Жалаңтөс Баһадұр Сейтқұлұлының (1576-1656 жж. ) туған апасы екен. Сол себептi Толыбайсыншы қолбасшы өзiнiң Майлы би, Өтежан, Өтегелдi, Өтеген, Өтепберген, Өтеулi, Өтемiс, Қарабас, Әмiр, Өмiр, Темiр, Батыр, Бабыр, Бадыр, Өтебай, Өтеғұл, Едiл, Жайық, Қожаберген есiмдi ұлдарын нағашылары: Ақша би, Жалаңтөс баһадұрдың Самарқанд, Үргенiш, Бұхара шаһарларындағы жоғары дәрежелi дiни бiлiм беретiн медереселерде ұстаздық қызмет атқаратын өнерлi, бiлiмпаз ұлдарына ертiп апарып, солардың үйлерiне қойып, сол бiлiм ордаларында оқытады. Дәулен ұлы сыншының жиырма төрт баласының он тоғызы аталмыш қалалардағы медереседе оқып, хадимше сауаттарын жетiлдiрiп, дiни бiлiмдерiн толықтырып, көне түрiк, араб, парсы, өзбек тiлдерiн жақсы үйренiп, сол оқу орындарын өте жақсы тамамдап шығыпты.
Қожабергеннiң әкесi Толыбай сыншы ел қорғаны - батыр болумен қатар, ұста-зергер, балташы, өрiмшi, етiкшi, дихан, аңшы, құсбегi, мерген, балуан, емшi, атбегi, сөзге шешен, ақындық қабiлетi бар әрi көреген кiсi болыпты. Ел iшiнде Толыбай сыншы-ұлы айтты деген нақыл қанатты сөздерде кездеседi. Адамды да, аттарды да, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, құсты, иттi сынап бiлгенi үшiн Толыбайға сыншы деген атақты Қазақ, Башқұрт, Қарақпалпақ, Қырғыз, Татар, Ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас есiмдi баласы сыншылық өнерiнiң арқасында тұтқын болған кездерiнде үш рет құтылып, аман қалған екен. Ол турасында ел аузында сақталған аңыздар бар. Сол аңыздардың бiрi әрiде көп жыл бойы алтыншы класқа арналған Әдебиеттiк оқу кiтабының бетiнен орын алған едi.
Қожаберген өзiне дейнгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде «шығыстың жетi жұлдызы» атанған Жәми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып-жаттап, солардан нәр алыпты. Сонымен бiрге ол ертеде өткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қа-дырғали Жалаири және өзiнен аз бұрын өткен Әбiлғазы баһадұр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiре-лерiмен таныс болыпты. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқи алады екен әрi оған көп мән берiптi. Бұл айтылғандарына оның “Ата тек”, “Баба тiл” дастандары толық дәлел бола алады.
Өзiнiң “Ата тек” дастанында Толыбайсыншыұлы жырау қазақ халқын оғыз түрiктерiнен шығарады:
Түрiктен тараған ел тоғыз дейдi,
Тартатың күй аспабы-қобыз дейдi.
Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ -
Төртеуiн шежiрешiлер Өгiз дейдi.
Сондай-ақ, Қожаберген ақын сол “Ата тек” дастанында қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады:
Аннас тархан бабамыз,
Ер Алаштың бұтағы.
Бiздiң қазақ бабамыз,
Сол Аннастың ұрпағы.
Алаштан әрi Өгiз бар,
Өгiзден әрi Тұран бар.
Кiм десеңдер тегiмiз,
Арғы атамыз осылар.
. . .
Өгiз түрiк iшiнде,
Аннастан қазақ жаралған.
Бiздiң Үш жүз елiнiң,
Алаштан бәрi таралған.
Толыбайсыншыұлының шежiрешi-жырау екендiгiн ХХ ғасыр басында өмiр сүрген классик-ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзiнiң “Құрбыма” деген өлеңiнде былайша жырлайды:
Толыбайсыншы баласы Қожаберген,
Тарихынан Оғыз түрiк хабар берген.
Үмбетей, Бұхар жырау, Тәтiқара,
Үшеуi Қожа-екеңнен үлгi көрген.
. . .
Керейде Қожаберген, Сегiз өткен,
Үш жүздiң шежiресiн жыр қып шерткен.
(С. Торайғыров ақынның бұрын жариаланбаған өлеңдерi “Орталық қазақстан” газетi 7 тамыз 1988 ж. ) .
Қожаберген жыраудың шежiрешi болғандығы тұралы және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын шығар-ғандығы жайында қазақ халқының ХIХ-ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ-ғасыр басында өмiр сүрген белгiлi философ-ақыны Мәш-һүр Жүсiп Көпейұлы (1858-1931 жж. ) өзiнiң “Даналарға” атты өлеңiнде былай деп жырға қосады:
Өнерге құлаш ұрып бала жастан,
Тарихын бұл үш жүздiң етiп дастан.
Баласы Толыбайсыншы Қожаберген,
Бой ұрған ерлiк iске әуел бастан.
Ұрпағы оның батыр Сегiз өттi,
Нияздай асыл ердi қасына ерттi.
Қолына қобыз алып өр шабытпен,
Мұра ғып шежiре-жыр тастап кеттi.
Қолбасы ақын-жырау һәм елшi-би,
Шығарған “Елiм-айдай” тамаша күй.
“Елiм-ай” әнi менен жырын тағы,
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.
Қожабергенге ақындық аруақ оның жетi жасында қоныпты. Жырау ақындықта өзiнiң әкесiмен бiрге туған ақын Аулабайдан өз ағалары: Майлы шешен мен Қарабас тарханнан үлгi-өнеге алыпты. Батырлыққа Қожабергендi ағалары Өтежан мен Өтегелi баулыпты.
Дiни медереселердi өте жақсы тәмәм етсе де, Қожаберген жырау мен оның ағалары дiнбасысы бола алмайды. Себебi, Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Шалабай Естектерi, Сiбiр Татары халықтарына ХУII-ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап Ноғай даласын мекен еткен Қалмақтар Едiл өзенiнiң батысынан шабуыл жасаса, шығыс-тан Жоңғар. Қалмақ басқыншылары ұздiксiз шабуылдап, екi жақ-тан қыспаққа түскен мұсылмандар-дың әдiлеттi, яғни азаттық жо-лындағы соғыстары ұзақ жылдарға созылуы салдарынан Толыбайсыншы қолбасшының балалары-ның имам, ишан, софы, молда болуларына еш мүмтiгi болмайды. Себебi Толыбайсыншының ержү-рек жиырма төрт ұлы (жиырмасы Ақбiлектен, төртеуi әмеңгерлiкпен қосылған жары- Халимаштан туған екен) жоғарыда аталған мұсылман жұрттарының сыртқы басқыншы жаулардың екi жақты шабуылдарына қарсы бағытталған ұлт - азаттық әрi қорғану соғыс-тарына белсендi түрде қатысып, олардың көбiсi әскер басқа-рыпты. Ел-жұртын шапқыншылардан қорғау жолында әдiлеттi со-ғыста Толыбайсыншы тарханның ұлдары мен немелерi асқан ерлiктiң үлгiсiн көрсетiп, олардың бiрталайы көппен бiрге майданда қаза тапқанды-ғы шежiреден, сол кездегi ерлiк жырлардан елге мәлiм.
Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшiлiк қызметiнде бес жыл басшылық етiптi. Сонан кейiн немерелес туысы Бөгенбай Маянбайұлы Ордабасы ауыр жараланған соң, соның орнына Әз Тәукенiң ұсынысы бойынша құрылтайда Толыбай сыншыұлы батыр-ақынды (боз биенiң сүтiне шомылдырып, үстiне ақ киiм кигiзiп, ақ кигiзге отырғызып көтерiп) халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап, Қожаберген жырау өзiнiң немере ағасы Бөгенбай баһадұрдың қызметiн ақсат-пай, әрi қарай жалғастырып, Үш жүздiң жасағына Бас қолбасшы болыпты. Ол қазақ әскерiне қоса Ноғайдың Маңғыт, Қараағаш руларының, Сiбiр татарына жататын Ескер, Барабы, Құралаш тайпаларының, Шалабай Естектерiнiң (Челябинск башқұрттарының), Қарақалпақ халқының жасақтарына да ордабасы болған екен. Толыбай сыншыұлы ақын әндi домбыраға қосып, күйдi сыбызғыға қосып, жырды әнмен айтып, қобызға қосып орындаған екен (шежiре деректерi мен ерлiк жырлар бойынша) .
Толыбайсыншыұлы сардар 1688-1710 жылдар бойында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт тайпаларының), Қарақалпақ халықтарының бiрiккен қолына әскербасы болып, екi жақты қалмақ шап-қыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет үлкен-үлкен жеңiстерге жетiп, ордабасы, тархан атағын алған үлкен баһадұр, әскери қайраткер. Оның жиырма үш жыл әскер басқарғанына өзiнiң “Үш би” атты өлеңiндегi мына шумақ та дә-лел бола алады:
Басқарып Үш жүз қолын жиырма үш жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.
Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды,
Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.
Жырау 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкiрттерiнiң бiрi жас батыр Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсiп, өзiнiң орта жасқа таяп қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздiксiз қатысып, қалжырап-шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзiн ордабасы қызметiнен босату туралы өтiнiшiн айтады. Әз Тәуке әуелi келiсiм бермесе де, өз орнына қоятын кiсi барын айтқан соң, хандықтың астанасы - Түркiстан шаһарына Үш жүздiң шораларын, бектерiн, билерiн, батырларын арнайы түрде хат жазып, кiсiлер жiберiп шақыртып алып, ордабасы сайлау үшiн Құрылтай өткiзедi. Онда уәзiрлер, шоралар, билер, бектер, батырлар Толыбайсыншыұлының ордабасылықтан кетуiн қаламайды. Ақыры олар Әз Тәукеге зорға дегенде, келiсiм бередi. Сонда Қожаберген баһадұр ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына Бөгенбай батыр Ақшаұлын Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ жұрттарының бiрiккен әскерiн басқаратын Бас қолбасшы етiп сайлатады. Ол жайында өз ұстазы Толыбайсыншыұлы батыр-ақынға арнап шығарған “Ғадыл ер” деген өлеңiнде әйгiлi Бұқар жырау былай дейдi:
Қожаберген ғадыл ер,
Қадырын бiлген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға,
Билiгiн берген ардагер.
Қожа-екеме Бөгенбай
Шәкiрт болған жан едi.
Сайлатқан он ұстазым,
Қарадан шыққан хан едi.
1710 жылдың жазының аяғында өз еркiмен ордабасылық қыз-меттен босаған Қожаберген батырды кезiнде өзiн тәрбиелеп-өсiрген ағасы Қарабас тархан жасы ұлғайғанын айтып, өз орнына Орта жүз Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады. Сөйтiп, Толыбайсыншы-ұлы жырау өз ағасының орнына шора болып, 1710-1723 жылдар аралығында өз жұрты - Керей-Уаққа басшы болыпты. Ол 1723 жылы көктемде Сыр бойында мекен еткен Кiшi жүздегi қайын жұртына қонаққа аттанарда, ел-жұртының игi жақсыларын жиып, мәжiлiс өткiзiп, өзi ақ батасын берiп, ұсыныс жасап, өз орнына ағасы Қарабас тарханның үлкен баласы Асқап сардарды Керей-Уақ елдерiне шора сайлатады.
Толыбайсыншыұлы жырау 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апатты өз басынан өткерiп, көзiмен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадұр. Сол аса қатерлi сапарда ол Науан, Әсет есiмдi екi батыр баласынан, өзiне әрi өкiл бала, әрi атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екi батыр азаматтан айырылып, бәiбiшесi екеуi әрең дегенде көппен бiрге жау қоршауын бұзып өтiп, аман құтылады.
“Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырының бiрiншi бөлiмiн Қожаберген ақын сол қоршауда тұрған кезiнде шығарып-ты. “Елiм-ай” атты өлең де, жыр да, ән де әр кезеңде дүниеге келген. Соның iшiнде 1723 жылғы “Елiм-ай” әнiн, дастанын шы-ғарған Толыбайсыншыұлы жырау. Мысалы:
“Елiм-ай” атты өлең Мiржақып Дулатовта да бар. Ал, “Елiм- ай” деген дастанды халық ақыны, әдебиетшi-ғалым белгiлi әншi Тұрсынхан Әбдiрахманова да жазған. Әдебиетте бiр-бiрiмен аттас әндер, күйлер, жырлар жиi кездеседi. Бiрақ оларды бiр-бiрiмен шатастыруға әсте болмайды.
Ақындықта Қожаберген жырауға Дәстем сал, Бұқар, Ақтам-бердi, Үмбетей, Тәтiқара, Жанкiсi (Көшебе керей) жыраулар шә-кiрт болып, одан үлгi-өнеге алса, батырлықта Бақсары, Бөгенбай, Жәнiбек (Кiшi Арғын) үшеуiнен бастап, Бөкенбай Мергенұлына (1717-1758ж. ж. ) дейiнгi батыр атаулы сол Толыбай сыншыұлы ордабасыға шәкiрт болып, одан тәлiм-тәрбие алыпты. Қожабергеннiң бар айыбы сол, оның өмiрi мен қоғамдық қыз-метiнiң, шығармаларының дер кезiнде жиналмай-зерттелмей қал-ғандығы, iздеушiсi болмағандығы. Қожаберген шығарма-ларының кейбiреуi қазақ халқының ХIХ ғасырда өмiр сүрген педагог жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы Орынбор баспасында жарық көрген “Қазақ хрестоматиясынан” (жинақ) және оның 1896 жылы Қазанда жарық көрген “Мәктубат” деген кiтабынан орын алған, ол жинақтарда ақынның бiрнеше өлеңдерiнен үзiндiлер берiлген. Соңғы жиырма бес жылда Толыбайсыншыұлы ақынның өмiрi мен шығармашылығы бiр шама зерттелiп, ол 1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген. “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi” атты жинаққа ендi және онда Қожа-берген жыраудың “Елiм-ай” әнi мен күйiн, жыр-дастанын шығарғандығы айтылып, сол зерттеуде талданып жазылды.
Қожаберген ақынның өмiрi мен қоғамдық қызметi туралы деректер және оның “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” тарихи жырын шығарғандығы туралы республикалық газет-журнал-дарда, облыстық, аудандық газеттерде бiрталай зерттеу мақала-лары жарияланды. Атап айтқанда, филология ғылымынын канди-даты М. Жармұхаммедов “Қазақ әдебиетi” газетiнде 1981 жылы 15 мамырда ““Елiм-ай” жыр-дастаны” атты, ғылыми қызметкер Г. Тұрсынова “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1981 жылғы 6-санында “Қаратаудың басынан көш келедi” деген, белгiлi драматург-жазушы Н. Әбутәлиев “Жұлдыз” журналының 1984 жылғы 3-санында Қожаберген жырау атты, осы жолдардың авторларының бiрi “Мәдениет және тұрмыс” журналының 1988 жылғы 6-санында “Елiм-ай” деген, 1988 жылы 27 қыркүйекте жазушы Н. Әбуталиев пен әдебиетшi-ғалым М. Жармұхамедов “Алматы ақшамы” газетiнде ““Елiм-айдың” аторы кiм?” атты, шежiрешi М. Болатов “Жезқазған туы” газетiнiң 1982 жылғы 22 қантардағы санында ““Елiм-ай” жыр-дастанының авторы Қожаберген жырау хақында” деген, белгiлi әдебиетшi-ғалым Т. Сүлейменов “Еңбек таңы” журналының 1989 жылғы 2-санында “Қазақ есiмi хақында” атты, шежiрешi, қарт мұғалiм Е. Қалданов “Қызыл ту” газетiнiң 1990 жылғы 23-24 қазандағы сандарында “Елiм-ай” атты деректi де көлемдi мақалаларын жариялатқан едi. Бұлардан басқа да Қожа-берген жырау туралы бiрнеше автордың 1982-2001 жылдар аралы-ғында газет-журналдарда отызға тарта зерттеу мақалалары жарық көрдi және сол Толыбайсыншыұлы ақынның есiмiн атап оның шығармаларынан үзiндiлер келтiрiлген бiрнеше автордың жиырма шақты мақалалары 1988-2001 жж. Аралығында республикалық газет-журналдарда, облыстық, аудандық газеттерде жарияланды. Олардан басқа Ш. Смағұлов, Қ. Омаров, Қ. Биғожин, Қ. Мұқанов, Ғ. Қадрәлi, С. Жұмабаев сияқты жергiлiктi зерттеушiлердiң ғылыми мақалалары және жергiлiктi жазушы Ожан Қалиевтiң Қожаберген-ге арнаған дастаны жарық көрдi. Сондай-ақ, Қожаберген жырау филология ғылымдарының кандидаты Т. Сүлейменовтiң 1991 жылы “Өнер” баспасынан жарық көрген “Сегiз серi” атты монографиялық еңбегiнен орын алды онда автор Қожаберген жырау - Сегiз серiнiң арғы бабаларының бiрi екендiгiн әрi оның iрi тарихи тұлға, үлкен ақын екендiгiн айтыпты.
Сонымен қатар, жазушы Н. Әбуталиев өзiнiң 1991 жылы “Жалын” баспасынан шыққан “Сегiз серi” атты зерттеу еңбегiнiң бүтiндей бiр бөлiгiн Қожаберген жырауға арнағанын айтуға мiн-деттiмiз. Осы аталған автор Толыбайсыншыұлы (1663-1763 жж. ) ақынға арнап, “Ордабасы Қожаберген” атты монографиялық еңбек жазып, ол 1995 ж. “Жетi жарғы” баспасынан жарық көрдi. Сол Н. Әбуталиевтiң 1998 жылы баспа бетiн көрген “Шоқ жұлдыз” де-ген зерттеу еңбегiнен де Қожаберген жырау орын алды. Осы сөз зергерiнiң 1986 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген “Өттiң дүние” повесiнде Қожаберген жырау тұлғасының сомдала түскенi байқалды.
Қожаберген жырау да, оның жолын қуушы мұрагерлерiнiң бiрi - Сегiз серi Баһрамұлы да 1989 жылы жарық көрген Қазақ кеңес энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртiншi томынан орын алды. Онда да “Елiм-ай” әнiн, “Елiм-ай” күйiн, “Елiм-ай” жырын 1723 жылғы қазақ халқына келген iрi апат кезiнде шығар-ғандығы айтылған. Сонымен қатар, “Елiм-ай” жыр-дастанының бiрiншi бөлiмi толығынан және екiншi бөлiмiнiң бас жағы “Дала дидары”, “Ауыл” газеттерiнiң беттерiнде 1991-1992-1993 жж. жарық көруi де ақтаңдақ орнын ретiмен жаба түскендей.
Солтүстiк Қазақстан облысының (Қызылжар аймағының) топырағында бұрынғы - соңды дүниеге келген ақын-жыраулардың (Кеңес дәуiрiне дейiнгi) өмiрлерi мен қоғамдық қызметтер туралы деректер мен шағармаларының дер кезiнде жиналмай - зерттелмей қалуына, бiрiншiден, облысымызға 1936 жылға дейiнде, одан кейiн де әдеби-тарихи экспедицияның сапарларға шықпауы себеп болды. 1936 жылы жазда жазушылар:
Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Ғабит Мүсiрепов - үшеуi бастаған бiр топ әдебиетшiлер мен тарихшылар экспедиция жасаған. Олар облысымыздан Қожа-берген жыраудан бастап, Бiржан Берденұлы ақынға дейнгi ақын-жыраулардың өмiрлерi мен қоғамдық қызметтерi туралы деректер мен олардың шығармаларын жинапты. Алайда аталмыш экспедициялық топтың жинаған мұралары 1937 жылғы зобалаңда құрып кетiптi. Екiншiден, облысымыздан не әдебиет зерттеушiсi, не тарих зерттеушiсi, не ән-күй зерттеушiсi шықпауы да ақын-жырау, шешен бабаларымыздың еңбектерiнiң зерттелмей қалуына тағы себепкер болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz