Сертификаттаудың құқықтық негіздері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 Сертификаттау . . . 5
- Сертификаттаудың құқықтық негіздері . . . 6
1. 2 Өнімді сертификттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу . . . 7
1. 2. 1 Өтініш беру және оны қарау . . . 8
1. 2. 2 Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру . . . 9
1. 2. 3 Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу . . . 9
1. 3 Сапа жүйесін сертификаттау . . . 11
1. 3. 1 Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы . . . 11
1. 3. 2 Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау . . . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 16
КІРІСПЕ
Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі - ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, коршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің /қызметтердің/ сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, аныктамалық, күқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Аталған жүмыстарды жүргізу елімізде "Стандарттау және сертификаттау" мамандарына жүктелген.
Өнім, қызмет, сапа жүйесін және өндірісте сертификаттауды өткізу ережесі келесі стандартта жазылған: 3. 4. ҚРСТ; 3. 5. ҚРСТ; 3. 7. ҚРСТ; 3. 9. ҚРСТ; 3. 13. ҚРСТ; 3. 15. ҚРСТ; 3. 15. 3. ҚРСТ; 3. 17. ҚРСТ; 3. 21. ҚРСТ; 3. 23. ҚРСТ; 3. 24. ҚРСТ; 3. 26. ҚРСТ; 7. 2. ҚРСТ да сертификация бойынша органдарға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген; 7. 3. ҚРСТ лабораторияларға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген. Міндетті түрде сертификат алатын өнімге нормативті құжаттар ішінде міндетті сертификаттау іске асырылатын талаптар болуы қажет, яғни бұл талаптарға сәйкес бақылау әдістері, өнімді белгілеу ережелері, сертификаттау туралы мағлұматтар болуы қажет.
1 Сертификаттау
Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді.
1991 ж. Қазақстан Республикасында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң қабылданды. Сондықтан біздің елде 1993 жылы өнім мен қызмет сапасын бағалау жүйесі қабылданды.
Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезең кезеңмен енгізу» қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды. Бұл қаулы бойынша бақылау отандық және шет мемлекеттік өнімдерді сертификатсыз ішкі нарыққа рыноққа сатуға болмайды. Бұл қаулы орнына 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің «Стандартар немесе нормативті құжаттардың міндетті талаптарын, оның өмірге, адамдар денсаулығына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкестілікке міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдер тізімін бекіту туралы» № 1112 қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Республикада Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің дамуына жақсы жағдай жасалған.
Сертификаттау заңдары Қазақстан Республикасының сертификаттау және басқа да нормативтік - құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарынан тұрады. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өзгерістерді есепке алу негізінде 1999 жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау заңының орнына Халықаралық заңдарға негізделген 2003 ж. 10 маусымда жаңарған және қосымша енгізілген ҚР Сертификаттау туралы заңы қабылданды. Заңда сертификаттау мақсаты, сертификаттау ұлттық органы анықталған және оның әрекеттерінің негізгі бағыты берілген. Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезде жалпы қолдану бар 100-ден астам нормативті құжаттар жұмыс істейді.
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.
Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.
Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.
Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:
1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.
2. Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.
3. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.
Сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.
Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж. б. ) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.
Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.
Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы. [2]
Сертификаттау жүйесі - жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп - сертификаттау саласында өзіне тән компетенциясы жаңа нормативті құжаттар бойынша Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредитация бойынша жұмыстарын жүргізу тәртібін бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында біртұтас саясатты жүргізуді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен сынау зертханасына қойылатын талаптарды және оларды аккредитациялау процедураларын сертификация бойынша эксперт-аудиторларды дайындау мен аттестациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналған.
1. 1 Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Сертификаттау саласындағы ҚР заңдарының құрылымы және негізгі ережелері: ҚР сертификаттау нормативтік негізі. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару. Өнімнің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау бойынша органдар. Өнімнің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау түрлері. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамсыз ететін талаптар. Сәйкестікті растау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар. Сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау. Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды қаржыландыру. Сәйкестікті растау туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық.
ҚР сәйкестікті растау жүйесі туралы ереже: Сәйкестікті растау жүйелері. ҚР мемлекеттік сәйкестікті растау жүйесі (МСЖ) . Жалпы ережелер. Сәйкестікті растау бойынша жүйенің ұйымдастырушылық құрылымы және сәйкестікті растау жұмыстарын ұйымдастыру. Сәйкестікті растау бойынша органдарға және сынау зертханаларына қойылатын талаптар. ҚР әкелінетін тауарларды сертификаттау. Сәйкестікті растауға сынау: сынау түрлері, олардың өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудағы ролі, сәйкестікті растауға сынауды метрологиялық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы аумағында өнімді сертификаттау ерікті және міндетті сипатта болуы мүмкін. Міндетті растауда өнімнің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, нақты стандарттарын және басқа да нормативті құжаттардың міндетті талаптарын сәйкестігі расталады.
Міндетті сертификатттауға жататын өнім тізбесін және өнімнің сәйкестігін, сәйкестік деклорациясы арқылы растайтын тізбелі Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
Ерікті сертификаттауда өнімнің сәйкестігі стандарттарға немесе басқада өтінуші таңдаған нормативті құжаттарға, және де өтінішінің арнайы талаптарына сәйкестігін растайды. Шетелден әкелінген өнімді сертификаттауды сертификациялық сынау арқылы немесе берілген құжаттарына сәйкестік өтінішін қарау немесе ПМГ - 36, ҚР СТ 3. 9 және осы стандарттың талаптарына сай шетел сертификатын тану арқылы жүргізіледі. Республика да танымға жататын сәйкестік сертификаты болмаған жағдайларда өнімнің үлгісін Қазақстан Республикасының әрекеттік техникалық регламенттерінде немесе нормативті құжаттарында бекітілген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкес сертификатциялық сынақ жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Өтінілген немесе соған ұқсас өнімге республикадағы нормативтік құжаттың болмаған жағдайында өнімді жіберетін ел (фирма) өтініш ұсынған нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Өнім сәйкестігін растауды тіркеу саласына сәйкес сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар, ал олар жоқ болса өкілетті орган берген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге біржолғы рұқсат бойынша құзыретті мекемелер жүргізіледі. .
Қазақстан Республикасының МСЖ аясында сертификаттау сынақтарын өткізуге тек аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары), өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын нормативті құжаттарда көрсетілген сынақтардың өз аккредитациясы аясында ғана өткізе алады. Сертификаттау кезінде аккредиттелген сынақ зертханалары жоқ болған жағдайда өкілетті ұйым аккредиттелмеген, бірақ сынақтың объективті нәтижесін бере алатын сынақ зертханасында өткізуге біржолғы рұқсаты бойынша өткізіледі.
Өтінуші сәйкестікті растауға шығатын барлығ шығынды оның нәтижесіне қарамай сертификаттау ұйымы мен сынақ зертханалары мен отырған келісім бойынша түгел төлейді. Келісім тек сертификаттау ұйымымен ғана жасалуы мүмкін, бұл жағдайда өнімнің сәйкестігін жүргізуде қатынасушылармен есепті өзі айырысады.
Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына төлемақы төлеу тәртібі ҚР СТ 50. 3. 01 тәртібінде бекітілген. Осы стандартың негізінде сертификаттау ұйымдары беріктікті өнімді сертификаттауды жүргізудің нақты процедураларын бекітітін (егер олар бұрын әзірленбеген болса) арнайы тәртіптерді, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттеу куәлігі бойынша және осы стандарттың талаптарын сай әзірлейді.
1. 2 Өнімді сертификттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу
Қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді:
- сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау;
- өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
- өтініуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын жүргізу туралы келісімге отыру;
- өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына жіберу;
- өтінілген өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарын жүргізу және де басқа да сертификаттау үлгілері бойынша жұмыстарды жүргізу;
- сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау;
- сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігін ьеру туралы шешім қабылдау;
- сертификатты Қазақстан Республикасының МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге беру, сейкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген бойынша) құқығын беру;
- өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтыығына және сакпаның менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егерол сертификаттау үлгісі көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
- өнімді сертификаттау туралы ақпарат беру.
1. 2. 1 Өтініш беру және оны қарау
Өнімді сертификаттауды өтушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.
Өтініш сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін сертификаттау үлгісін таңдайды.
Осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайдв өтінуші өз өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және және тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана келісімді жібереді. Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі тиіс.
Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі сынақ зертханасы сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.
Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға қатысушыларға жібереді.
Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойын шешімімен бірге нақты негіздегі бас тарту мен бірге оны меншікті құжаттарын қайырады.
Өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы келісімде көрсетілген шамадағы алдын-ала тқлем ақысын сертификаттау ұйымының есепшотына жіберілген туралы құжат көшірмесіне бірге жібереді. Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі.
1. 2. 2 Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру
Өтінілген өнімнің үлгіні сертификаттау ұйымы іріктейді. Қажетіне орай сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін.
Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзінеде жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған үш адамнан кем емес тұратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінің құралған білікті коммиссия үлгіні іріктейді. Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемінің өтінуші төлейді.
Іріктелетін үлгі саны оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бұндай нормативтік құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз болғанда, үлгіні сертификатту ұйымы қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді. Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуытиіс.
ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түріне ұқсастырылған, іріктелген үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және пломбыланады (егер оның қажеттілігі немесе мүмкіншілігі болса) . Содан соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау ұйымы зертханаға орталыққы жіберіледі. Өнімді сертификаттау кезінде қолданыладын үлгілеімен іс істеуді ҚР ЕР 50. 3. 19 жағдайларын басшылыққа алу қажет.
1. 2. 3 Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу
Сынақ зертханасы өтінілген өнімге сынақты сертификаттау ұйымымен сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштерідң бірінен сынаулардың жағымсыз нәтижелерінде өнді сертификаттау мақсаты мен сынаулар тоқтатылады.
Хаттама ретінде дайындалған сынақ зертханасы сертификаттау ұйымына жібереді. Сынақтың тесті нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік сертфикатын бермеу туралы шешімді сынақ хаттамасы мен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді.
Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау бқлімшесінің өкілі іріктеп, Қазақстан Республикасының МСЖ аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша өнінің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.
Егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қамбат, мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Сертификаттау үлгісіна байланысты өнімді сертификаттау сынағынан өткізкізгенінен басқа өндіріс жағдайын таңдау (2, 3, 4, 10 үлгілері), өндірісте немесе сапа менеджменті жүйесін сертификатттау (5 және 6 үлгілері) жүргізіледі. 9 және 10 үлгілері бойынша өнімді сертификаттату үшін сәйкестік өтінішін берілген құжаттармен бірге қарайды.
Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл кезде:
- нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның жағдайлары;
- технологиялық процестерді сақтау және оның метрологиялық қамсыздану жағдайлары ;
- кіріс қабылдау, тексеру жүйелері және кезеңдік сынақ жүргізілуі болуы;
- сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы
- сақталу жағдайларының болуы;
- шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі.
Тексеру нәтижесі акт пен аяқталады және қажетті қорытындысымен өтінушігі беріледі. Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі бойынша сертфикаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрінде хаттар береді. Анықталған жетіспеушіліктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа үлгісін таңдаған өтінукші сертификациялауға жаңа өтініш береді. Өтінушіде Қазақстан Республикасы МСЖ ұйымы немесе Қазақстан Республикасы МСЖ танылған ұйым берген өндіріске немесе сертификатталған өнімніңөндірісіне немесе сапа жүйесе менеджментіне сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізіледі.
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3. 15. 1, ҚР СТ 3. 15. 2, ҚР СТ 3. 15. 3.
Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді. Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған өнімді шағымдар түскен кезде жүргізеді. Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы анықтайды.
- инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі:
- сертификатталған өнімге түскен ақпараттарды талдау;
- өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
- өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;
- бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау.
1. 3 Сапа жүйесін сертификаттау
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2 - 3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1, 5 - 2, 0 есе өседі.
1. 3. 1 Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz