Бүйректің қызметтері


Мазмұны
Кіріспе
Бүйректің қызметтері
Бүйрек қызметінің реттелуі. Метаболитикалық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүйректе бірнеше биологиялық активті заттар өндірілуіне байланысты оны инкреторлық мүше деп қарастыруға мүмкіндік береді. Бүйрек белок, көмірсу, липид алмасуына қатысады. Тек белоктың метоболитикалық ерекшеліктерімен зат алмасуды шатастыруға болмайды, яғни оның паренхималық бөлігіндегі зат алмасудың негізінде бүйрекке қажетті әртүрлі формалар түзіледі. Қан мен бүйрек арасындағы қатынасқа байланысты болып табылады. Бүйректік клубочкада төмен молекулалы белок, пептид түзіледі. Нефронның проксималды бөлімнің жасушалары пептидтерді аминқышқылдарына немесе дипептидтерге дейін ыдыратып, базальды плазмалық мембранадан қанға қарай тасымалдайды. Бұл организмде амин қышқылын қорға жинап, адам организміне белок аз түскен кезде оны пайдалануға жағдай жасайды. Бүйрек ауруға шалдыққан кезде бұл функциясы бұзылуы мүмкін. Бүйрек белокты синтездеуге қабілетті. Ол ашығу кезінде қанға тасымалданатын барлық глюкозаның 50 % синтездеуге қабілетті болады. Бүйрек фосфатидилинозиттің, плазматикалық мембрананың қажетті компонентінің синтезделу жері. Энергия жұмсау үшін бүйрек глюкозаны немесе бос май қышқылдарын пайдаланады. БМҚ пайдалану қан құрамында глюкоза мөлшері өте аз болған кезде ыдыратады. Ал гипергликемия жағдайында глюкозаны ыдыратады. БМҚ бүйректе триацилглицерин және фосфоглицерин құрамында кездесіп, қанға да сол күйде түседі.
Бүйрек жұмысының бір ерекшелігі әртүрлі диапазондағы заттарды өзгеріске ұшырату, ол заттар су, электролитті және электролитті емес заттар. Бұл бүйректің физикалық және химиялық сұйықтықтардың тұрақтылығын орнатуға арналған. Кең көлемді реабсорбциялық жылдамдықты өзгерту, адам организміне қажетті, жасуша регуляциясына қажетті механизмді қажет етеді. Гормондар және медиаторлардың әрекеті, иондар тасымалдауына және суға әсер етеді. Су каналдарының, иондардың, иондық насостардың өзгерісі бақыланады. Бірнеше биохимиялық механизмдер белгілі. Олардың арқасында гормондар және медиаторлар нефрон жасушаларының заттарын тасымалдануын бақылайды. Бір жағдайда геномдардың активаторы және спецификалық белоктар синтезін күшейту рөлін, ал екінші жағдайда насостардың жұмысы геномның қатысынсыз жүреді.
Альдостерон мен вазопрессиннің салыстырмалы түрде артықшылықтарын зерттеу, екі жақтың да регулятор туріндегі әсерін көруге болады.
Альдостерон бүйрек каналшаларындағы жасушаның Na+ реабсорбциясын көтереді, базальды мембрананың цитоплазмасына еніп, рецептормен байланысып, комплекс құрып ядромен байланысады. Ядрода ДНҚ байланысқан тРНҚ синтезі стимульденеді, белок түзілуі активтенеді. Ол Na+ тасымалдануын жоғарылатады. Альдостерон натрий насос компонентінің (Na+, К+, -АТФаза) синтезін стимульдейді. Қалыпты, физиологиялық жағдайда фактордың бірі реабсорбциялық Na+ тежеуші, апикальді плазматикалық мембранаға енгізуші болып табылады. Натрий каналдарының санын жоғарылату, олардың өту қарқындылығын, Na+ активті тасымалдауын стимулдейді.
К+ секрециясын үлкейтіп, альдостеронның әсерінен калийлық апикальды мембрананың өткізгіштігі артады. Na+, К+, -АТФазаның ситезінің күшеюі де байқалады.
Механизмнің екінші варианты бойынша гормондарды қарастырамыз, мысал ретінде АДГ, ол V2-рецепторымен байланысады. G-белоктардың қатысымен аденилатциклазаның активтенуі басталады және АТФ тан 3', 5'-АМФ (цАМФ) түзіледі. Ол протеинкиназаны стимульдейді. Сулық каналдардың (аквапорин) түзілуіне қатысады. Одан әрі цАМФ фосфодиэстеразаны ыдыратып, 3'5'-АМФ түзіледі.
Бүйректің қызметтері.
- Тазалау және экскреторлық: бүйре қандағы барлық керек емес заттарды белок алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, бояуды, улы заттарды ағзадан сыртқа шығарады.
- Реттеуші-гомеостатикалық қызметі: қышқыл-негіздік тепе теңдікті, иондардың концентрациясын, артериялық қысымды реттеуіне қатысады.
- Метаболиттік.
- Эндокриндік.
- Антитоксикалық.
Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді.
Осы процестердің жүру механизмі.
Бүйрек қызметінің реттелуі.
- Энергия алмасуы. Бүйректе өтетін биохимиялық, физиологиялық процестер энергияның көп мөлшерін жұмсау арқылы жүреді. Жұтқан оттектің қалыпты жағдайда 8-10%-ы бүйректегі тотығу процестеріне кетеді.
- Көмірсулар алмасуы- бүйрек глюкозаны толық пайдаланады. Бүйрек қабылданған оттектің 13-25% глюкозаның тотығуына жұмсайды. Бүйректің милы затында глюкозаның 60% көмірқышқыл газына айналады, қалған бөлігі гликолизге ұшырайды, лактат түзеді. Глюкоза гликолизден басқа пентоздық циклде тотығады, НАДФН2, пентозалар түзеді. НАДФН2- БМҚ ның, холестериннің түзілуңне, ал пентозалар- нуклеин қышқылының түзілуіне жұмсалады.
- Липидтер метаболизмі- бүйректің құрғақ салмағының жартысын липидтер алып жатыр. Оның 85%-ын фосфолипид пен холестерин, 15%-ын бейтарап липидтер алып жатыр. Бүйректе липолиз, липогенез, БМҚ, глицериннің тотығуы жүреді. Сонымен қатар триацилглицеридтер, фосфолипидтер синтезделіп, бүйрек мүддесіне ғана жұмсалмай, қанға да түседі. БМҚ бүйректегі глюкозаның тотығуын тежеп, лактаттан, глицериннен глюконеогенезді активтендіруі мүмкін. БМҚ бүйректегі негізгі рөлі- глюконеогенезді реттеу, жасышаның мембранасының бүтінділігін сақтау.
- Белоктар метаболизмі. Ламинин, энтактин бүйрек шумақтарының базалдық мембранасының ерекше белоктары. Бүйрек сүзгісі альбуминдер мен глобулиндерді өткізбейді. Сонымен, қалыпты жағдайда зәрде белок болмауы керек, бірақ ол олай емес, өйткені тәулігіне 150 мг белок экскрецияланады. Сау бүйрекпен экскрецияланатын белок мөлшері өте төмен, ол анализ жасаған кезде мүлдем анықталмайды, сондықтан есепке алынбайды.
Қорытынды
Бүйрек - адамның ең нәзік, ең шағын, бірақ ең бір маңызды мүшесі. Бүйректің басты қызметі - қанды улы заттардан тазарту және ағзадан артылған суды сыртқа шығару. Біздің бүйрегіміз күн сайын орта есеппен 200 литр қанды сүзгіден өткізеді. Сонымен қатар, ол қан қысымын реттеп, эритроциттерді өндіріп, сүйектерді науқастанудан сақтайды. Осы бір өте қарқынды, жүре дамитын дерт - несеп жүйелері аурулары Қазақстанда сан жағынан 4-ші орында тұр.
Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады. Бүйрек бүкіл денелік эндокринологиялық иқуатқа уәкілдік етіп тұр. Көкбауыр әлсіздігі тым ой соқтылықтың, уайымшаңдықтың салдары. Ал үрейлену, қорқу бүйрекке өз әсерін көрсетеді, адам қатты үрейленгенде бүйректің физиологиялық рөліне ықпал жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz