ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4бет
І Төлем балансын қалыптастырудың теориялық принциптер . . . 5-11бет
1. 1Төлем балансын қалыптастырудың теориялық принциптері . . . 5-9бет
1. 2Экономикалық саясаттың сапасының төмендеуі: ерте алдыналу көрсеткіштері . . . 10-11бет
ІІ ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау . . . 12-21бет
2. 1Төлем балансын құрастыруда туындайтын проблемалар және оларды шешу жолдары . . . 12-21бет
ІІІ ҚР Ұлттық төлем балансына әсер ететін факторлары және оларды жетілдіру жолдары . . . 22-28бет
3. 1 Төлем балансына бірқатар әсер ететін факторлар . . . 22-24бет
3. 2Төлем балансын құрастыруда туындайтын проблемалар және оларды шешу жолдары . . . 25-28бет
Қорытынды . . . 29-30бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31 бет
Қосымша . . . 32бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың одан әрі дамуына әсер ететін әлемдегі ең маңызды қазіргі заманғы процестердің бірі - жаһандану болды. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында, ұлттық экономикалық қатынастар капитал және инвестиция ағымының өсуі түрінде көбейді.
Белсенділігі әртүрлі әлемдік шаруашылыққа қатысушы мемлекеттер, әлемді қоршаған экономикалық қатынастармен байланысты. Осы фактіні ескере отырып, әлемдегі әртүрлі мемлекеттердің экономикасы өзара тәуелді екендігін байқаймыз, яғни бір елдегі процесстер басқа елдің экономикалық жағдайына әсер етеді. Бұл байланыста саяси, мәдени, әскери және т. б. қатынастар ақша төлемі мен түсімін туғызады, яғни бұл мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділіктің жоғарғы сатысын көрсетеді. Өз кезегінде нақты бір елдің экономикасының ішкі және сыртқы процестері өзара шектеулі байланыста болады. Бір жағынан сыртқы экономикалық жағдай ішкі экономикалық жағдайға әсер етсе, ал екінші жағынан ішкі экономикалық жағдайдағы өзгерістер ішкі экономикалық байланыс динамикасын анықтайды. Сондықтан да төлем ағымының теңгерілмеуі шетел капитал салымдарының, материалдық құралдардың кетуі мен келуі экономикалық және саяси шешімді қабылдау процесіне үлкен әсерін тигізеді.
Төлем балансы осы шешімдердің талдауы мен негізіне қызмет етеді, ол мемлекет экономикасының сыртқы әлеммен қарым-қатынасының жүйеленген көрсеткіштерін білдіреді. Бұл белгілі уақыт кезеңінде туындайтын елдің экономикалық талаптары мен қарыздарын талқылауға болатын статистикалық есеп.
Барлық елдерде төлем балансын құрастыруда бағыт ретінде қолданылатын негізгі принцип Халықаралық Валюта Қорымен жасалады. Төлем баланстары бойынша барлық Басқарушы басылымдардың ең алғашқысынан бастап (1948ж), методологиялық принциптер әлемдік экономика жағдайының өзгеруіне байланысты қайта қарастырылады. Төлем балансы бойынша Басқару басылымының соңғысы 1993ж жасалып, қазіргі кезге дейін қолданылады. Онда мемелекеттің сыртқы экономикалық мәліметтерінің жүйеленуі, жинақталуы және рәсімделуі, сондай-ақ төлем балансын реттеудің мүмкін болатын механизмі мен талдау әдістері көрсетілген.
Төлем балансы стандартты және аналитикалық формада болады, олар талдау мақсатына қарай сыртқы сауда айналымының динамикасын; экспорт және импорттың құндық және сандық бағасын; құрылымын; елдегі, әртүрлі салалардағы, т. б. несие және инвестиция түріндегі қаржылық көрсеткіштерін көруге мүмкіндік береді.
Бұл көрсеткішердің барлығы талдау үшін маңызы өте зор, өйткені олар төлем балансының нашарлау себептерін анықтауға және оларды реттеуге қажетті шараларды бағалауға мүмкіндік береді;
- сыртқы сауда тауарлары мен тікелей шетелдік инвестициялар арасындағы байланысты анықтау;
- халықаралық сауда қызметтерінің аспектілерін оқып білу;
- маңызды нарықтық тенденцияларды анықтау және олардың нәтижесін анықтау.
- төлем балансында көрсетілетін валюталық курс пен операциялық ағымдардың ара қатынасын анықтау; [1, 21 бет]
Соңғыларымен төлем балансы тікелей және қайтарымды қатынаста болады. Бір жағынан олардың әсерінен туындаса, екінші жағынан олар өзіне әсер етеді, өйткені төлем балансы валюта курсына, алтын валюталық резервтерге, сыртқы қарыздарға, экономикалық бағытқа, соның ішінде валюталық және сыртқы несие саясатына әсерін тигізеді. Төлем балансы мемлекеттің әлемдік шаруашылыққа, қатысу жайында олардың масштабы, құрылымы және сыртқы экономикалық байланысы жайында түсінік береді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, мемлекеттің сыртқы экономикалық жағдайы, мемлекеттің төлем балансын құру қажеттілігі оның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі жайында толық ақпараттың қажеттілігі туындады.
1993 - 1996жж кезеңінде төлем балансын жасаумен Ұлттық статистикалық агенттік айналысты. 1996-1999жж төлем балансын жасау және талдау жұмыстарын жетілдіруге бағытталған заңдық және нормативтік актілер қабылданды.
1997ж бастап төлем балансының қорытынды есебін жасау ҚР Ұлттық банк қызметіне бекітілді.
Мақсаты:
- Ұлттық экономика үшін Төлем балансының макроэкономикалық маңызын ашу;
- төлем балансы құрылымының методологиялық принциперін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының 2009-2010 жылдар аралығындағы төлем балансын талдау;
- Төлем балансының теңгерімсіздігін шешудің проблемаларын айқындау және шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Зерттеу пәні . Қазақстан Республикасының Төлем балансын құрастыру әдістемесі негізінде теңгерімдігін қамтамасыз ету жолдарын ұсыну.
1 бөлім Төлем балансыны және оның экомикалық мәні мен мазмұны
1. 1Төлем балансын қалыптастырудың теориялық принциптері
Макроэкономиканың басты сферасы мынадай макроэкономикалық талдаулар болып табылады: мемлекеттегі өндірістің жалпы көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының қалдығы және валюта курсы. Макроэкономика осы агрегаттардың өзгеруін және экономикалық тапсырмаларды орындау жұмысы бойынша және экономикалық жағдайларда көрсетілмеген өзгерістерді реттеу бойынша мемлекет басшылығына бағыт беруді мақсат етіп қойды. Саясат құрылымы мен нәтижесі туралы істің нақты талдауы жүйелі және уақытылы түскен экономикалық ақпарат пен статистикалық мәліметтердің нақтылығын керек етеді. Мемлекеттің сыртқы позициясын бағалау және өлшеу экономикалық саясат варианттарының шешімі процессіндегі қажетті қадамдар. Төлем балансына жүйелі кіргізілетін, мемлекет пен басқа ел арасындағы операциялық және қаржылық ағымдардың мәліметтері мемлекеттің сыртқы позициясының көлемді әрі сапалы талдаудың негізін және оның әлемдік шаруашылықта қатысу деңгейін, сондай-ақ түзетулердің қажеттілігін құрайды. Сондықтан да, төлем балансының макроэкономикалық маңызы мемлекеттің сыртқы әлеммен қарым-қатынасын сыртқы сауда саясатына және мемлекттік қарызды басқаруға бағытталған таңдау процессінде индикатор болады.
Төлем балансы талдауының дұрыстығы оның негізгі принциптері арқылы қалыптасады. Халықаралық валюталық қор арқылы жасалатын және басылымға шығарылатын осы стандартты ережелер, барлық мемлекеттерде төлем балансын талдауда және құрастыруда бағыт ретінде қолданылады. Кейбір жеке мемлекеттер өздерінің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты, мемлекеттің әлемдік сахнадағы жағдайына байланысты, сондай-ақ ұлттық есептеу жүйесіне байланысты бұл ерекшеліктерге өз түзетулерін ензетінін айта кету керек. 1993ж төлем балансы бойынша Халықаралық валюталық қор басқармасымен бесінші басылым шықты, ол қазірге дейін қолданылады
- Екі жақты жазылу жүйесі. Кез-келген келісім екі жақты болғандықтан, төлем балансында да екі жақты жазылу принципі қолданылады. Бұл әдісте әрбір тіркелетін операция тең мағыналы екі жақты түрде болады, сондықтан төлем балансы мен түсім сәйкес болуы керек. Операциялардың бірі «қосу» таңбасмен кредит түрінде, екіншісі «алу» таңбасымен дебет түрінде тіркеледі.
- Резиденттік принципі. Төлем балансын құрудың негізгі прнципі болып түрлі резидент және резидент еместердің арасындағы айырмашылықтары болып есептеледі, барлық сыртқы экономикалық келісім жүргізгенде ХВҚ басқармасы мынадай анықтамалар береді: «Мемлекет экономикасы бірлік қатынас ретінде қаралады, ол басқағаларға қарағанда өз территориясымен тығыз байланысты», яғни бастапқы критерии экономикалық орталық болып табылады. Мұнда туристер, халықаралық ұйымдардың адамдары, елші жұмысшылары, кеме командасы және ұшақ экипаждары есептелмейді, олар шетелге келген мерзіміне қарамастан, сол келген қаланың резиденті болып саналады.
- Мемлекеттің экономикалық территориясы. Экономикалық территория мағынасы ретінде мемлекеттің заңдылығына берілген географиялық аумақты атаймыз. құрлық пен аралдарда құрлық бөлігі мен тауарларды тасу, жұмыс күші, кеден немесе миграциялық формалдылықсыз еркін жүзеге асатындай, олардың экономикасы сол ақшалай және фискалды органдарға қарасты болса, теңізі ірі болған жағдайда, оларға аралдар қосылады. Мемлекеттің экономикалық аумағы егер мемлекет құқықты болса немесе балық аулау немесе шельфте пайдалы табыс алуға құқығы болса, сонымен қатар су аумағы және континеттік шельфтің халықаралық суда орналасқан бөлігі жатады. Сонымен қатар оған басқа мемлекетте орналасқан аумақтық анклавтар, елшілік, консульстволар және әскери базалар, көмек көрсету агенттіктерінің территориясы жатады.
- Келісім-шартты анықтау. Экономикалық келісім-шарттар өз кезегінде құн айырбасын білдіреді, яғни акт, онда тауарға меншік құқығы беріледі, экономикалық қызмет көрсетіледі немесе актив меншігінің құқығы бір мемлекет резидентінен басқа мемлекет резидентіне ауысады.
- Операция түрлері. Операциялар нақты (тауарлар, қызметтер және табыс) және қаржы ресурстары болып бөлінеді. Операциялардың негізгі типтері:нақты ресурты нақты (айырбас) немесе қаржылық ресурстарға айырбастау (қолма қолсыз есеп, несие т. б. ) ; қайтарымсыз трансферттер бұл - экономикалық құндылықтарды бір жақтың екінші жаққа ешқандай талаптарсыз беру немесе құндылықтарды ешқандай міндеттемелерсіз алу; трансферттер ағымдағы немесе капиталды болуы мүмкін; бір қаржылық талаптың екіншіге айырбасы;
- Нарықтық баға. Төлем балансында операцияны тіркеуден өткізу үшін нарықтық баға қолданылады, сол арқылы өз еркімен қызмет ететін сатушы мен сатып алушы арасында нақты келісім жүреді.
- Тіркеу уақыты. Операцияның тіркеу уақыты есептеу принципі негізінде анықталады. Бұл экономикалық құндылықтармен операция тіркеуі тронсформация, айырбас, ауыстыру, немесе халықаралық тәжірибедегі есептеу әдісіне сәйкес меншік иесінің ауысуы кезінен жүргізіледі дегенді білдіреді. Практикада меншік құқығын алмастыру былай өтеді: тауарлар үшін - кеденде тіркелу кезінде, қызметтер үшін - қызмет көрсетілген кезде, табыс үшін - төлем мерзімі жеткен кезде, капитал үшін - меншік құқығы ауысқан кезде (құнды қағаздар) немесе қарызды өтеу мерзімі жеткен кезде (несие) .
- Есеп айырысу бірлігі- операцияны агрегаттау үшін қажетті тұрақты валюта.
- Классификация. Мемлекеттің төлем балансының стандартты (бейтарап) немесе аналитиалық формасы бар. Стандартты классификация кезінде операциялар аналогиялық экономикалық сипатта тіркеледі. Аналогиялық классификация кезінде төлем балансы талдауға ыңғайлы түрде топтастырылады. Бұл жағдайда төлем балансындағы таза сомма нөлдік көрсеткішке тең болатынын атап көрсетуге болады. Сондай-ақ төлем балансының аналитикалық мақсаттағы баптарын екі бөлімге бөлуге болады, яғни «сызықтан жоғары» сомма «сызықтан төмен» соммаға қарама-қарсы белгі арқылы тең болады. Осылайша аналитакалық төлем балансы деп «сызықтан жоғары» компоненттердің соммасы аталады.
Төлем балансы мемлекеттің сыртқы экономикалық операцияларын көрсететін статистикалық есеп болғандықтан, төлем балансындағы барлық операциялар екі бөлімге бөлінеді: ағымдағы операциялар шоты; капитал және қаржылық операциялар шоты.
Ағымдағы операциялар шоты.
Төлем балансының практикалық және аналитикалық мақсаттағы ең басты бөлігі болып, ағымдағы операциялар шоты саналады. Сыртқы сауда операциясы ағымдағы шот бойынша өз атауларын алды, ол мынаған байланысты: бұл жағдайда ақша қаражаттары жедел пайдалануға арналған, тауарлар мен қызметтерге айырбасталады.
Төлем балансының ағымдағы операциялар шотының құрылымы төрт бөліктен тұрады: тауарлар, қызметтер, табыс және ағымдағы транферттер.
Тауарлар. Көрсетілген бап бойынша төлем балансының ағымдағы операциялар шоты фоб базасында тіркеледі экспорт, импорт; тауарларды қайта экспорттау және қайта импорттау; тауарларды жөндеу, транспорттық ұйымдардың порттарда тауарлар алуы және монетарлық емес алтын алуы.
Егер фоб экспорт бағасымен анықталса, онда импортты сиф бағасымен көрсетіледі, сондықтан тауарлық балансты теңестіру мақсатында көрсетілген, сатып алушыға бара жолға жіберілген транспорттық шығыннан тауар құнын ажырату үшін бұл операциялар фоб базасында тіркеледі. Экспорт пен импорт - бұл сыртқы нарыққа тауарларды шығару және мемлекетке кіргізу, осыған байланысты тауарларды пайдалану меншігі резидент пен резидент еместерге және керісінше жүргізіледі.
Экспорт пен импорт қатынасы тауар балансын құрайды. Сыртқы тауардың көрсеткіг көздері төлем балансында маңызды орын алады, өйткені тауар балансының мәлеметтері шетелде өздерінің сатып алуда мемлекеттің конпенсациялауға қабілеттілігін сипаттайды.
Қазіргі жағдайда мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысының дамуы мемлекеттің сыртқы активтердің талдауы және міндеттемесі тауар балансына үлкен көңіл бөледі, өйткені ол сыртқы нарықтан; нарық коньюктурасының жағдайынан; халықаралық бәсекелестен; басқа мемлекеттен саяси тәуекелділіктен оның экономикасының тәуелділік деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Тауар балансының оңды қалдығы экономика жағдайының көрсеткіші болып табылады, мемлекеттің көрсетілген тауарына әлемдік сұраныс көбейеді, ішкі нарықтағы сатып алушылар жергілікті өндірілген импорт тауарларын қалайды. Бірақ мұндай тауар балансының бағасы әрқашанда дұрыс, әрі әділетті бола бермейді, төлем балансының тапшылығының себебі мемлекеттегі инвестициялық жағымды жағдай болуы мүмкін. Бұл жағдай мемлекеттегі жағымсыз экономикалық жағдайына әсер етпейді. Төлем балансының ағымдағы операция шотының келесі маңызды бабының бірі - қызмет болып табылады, ол өзіне транспорттық тасымалдау, туризм, байланыстық қызметтер, құрылыс, сақтандыру, қаржылық және компьютерлік қызметтер, лицензиялық төлемдер және т. б. бір мемлекет резидентінің екінші мемлекет резидентіне жасаған қызметін қамтиды.
Халықаралық қызметтің маңызды категориясына - транспорттық қызмет ету жатады. Төлем балансында тасымалдау құны фоб базасында көрсетіледі, яғни осылайша фрахт құны мен тасымалданатын жүктің сақтандырылуы қосылмайды.
Туризм және іс-сапар бабы басты жолмен сол мемлекетке келген резидент еместерде болған тауарлар мен қызметтерді қамтиды, егер оның экономикалық территорияға келу мерзімі бір жылдан аспаса. Бұл топқа шетел туристерін тасымалдау кірмейді. Жол жүру іскерлік және жеке болып екіге бөлінеді. «Іскерлік жол жүрулер» бабы шетелге іс сапармен баратын адамдарға байланысты. «Жеке жол жүрулер» бабы іскерлік сапарды көздемейтін (мысалы: демалу, спорттық және мәдени шараларға қатысу мақсатында, емделу, достары мен туыстарына бару) шаралар жатады.
Тікелей инвестициялар бір мемлекеттің шаруашылық бірлік-резидентінің (тікелей инвестор) басқа бір мемлекеттің резиденті болатын (тікелей инвестициялау кәсіпорыны) шаруашылық қызметтегі бірлігіне ұзақ уақытты экономикалық қызығушылығын білдіреді. Мұндай инвестициялар тікелей инвесторлар және тікелей инвесторлау объектісі болатын кәсіпорындар арасында жасалатын кез-келген операцияларды қарастырады. Төлем балансы бойынша ХВҚ басқармасына сәйкес тікелей инвестиция деп - 10% -дық және одан да көп кәсіпорындардың қамтамасыз ететін кез-келген салымдарын айтамыз. Тікелей инвестициялар ұзақмерзімді капиталды шетке шығарудың маңызды түрі болып келеді, және төлем балансына екі есе әсер етеді.
Портфельді инвестициялар инвестициялық портфельдерді қалыптастырумен байланысты. Портфельді инвестицияларға құнды қағаздарға капитал салу, яғни акция, облигация, т. б. сатып алу жатады.
Төлем балансының қаржылық шотында көрсетілетін қалған халықаралық капитал қозғалысының түрлері, басқа инвестициялар тобына жатады, оған коммерциялық несиелер, ссудалар, қолма-қол ақшалар және депозиттер, аванстар т. б. жатады. Коммерциялық несиелер - сатушының сатып алушыға сатылған тауар төлемін кейінге шегеру түрінде, көрсетілген қызмет түрінде немесе сатып алушының әлі алмаған тауар немесе қызметіне қосымша төлем түрінде берілетін несие.
Ссудалар - несиегердің қарызгерге белгілі бір ақша қаражатын берген кезде туындайтын қаржылық активтер. Ссуданың ерекше сипаты несиегердің несие берген кезде қаржы нарығында айналдыруға болатын ешқандай құжат алмауы болып табылады. Қолма-қол ақша және депозиттер - төлем жүргізу үшін қажет банкноттар мен монеталар, қажетті депозиттер, жинақтаушы, жедел және бақа да депозитер.
Резервті активтер төлем балансының ең басты статистикалық бөлігі болып табылады; мемелекеттің сыртқы экономикалық операцияларын талдау кезінде маңызды рөл атқарады. Оларға Ұлттық банктің немесе үкімет бақылауындағы мемлекеттің халықаралық жоғарыөтімді активтері жатады және олар төлем балансы тапшылығын қаржыландыру үшін және ұлттық валюта курсын реттеу үшін пайдаланады.
қолданады.
1. 2Экономикалық саясаттың сапасының төмендеуі: ерте алдыналу көрсеткіштері.
Қазақстан экономикасының көмірсутекті ресурстардың экспортына тәуелділігі өсуде. Шикізат секторының жоғары түсімділігі, өндірістің икемділік факторларына бағаның жоғарлауын көрсетеді. Өз кезегінде сатылмайтын тауарлар шығаратын секторлардың бәсеклестік қабілетіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, елдегі жүргізілетін экономикалық саясат сапасының төмендеуін сипаттайтын беталыстарды қарастыруғы болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ақша массасының ауқымы ұлғайған жағдайда, сәйкесінше экономиканың өсу қарқыны төмендейді. Мұның өзінде экономиканың өсу қарқыны теріс мемлекеттерде ақша массасының жанама өсу қарқыны жылына орта есеппен 38% құрайды. Ақша массасының жанама өсу қарқынын жылына орта есеппен 9, 8% дейін төмендете отырып, ЖІӨ жанама өсуінің ең жоғары қарқынына жетуге болады. Сондықтан, 2007ж. - 2008ж. бірінші жартысындағы инфляцияның көтерілуінің басты себебі - 2006ж. экспансионистік ақша саясаты болды.
Азық-түлік тауарлары 29, 3% (26, 6%) қымбаттаған, азық-түлік емес тауарлар - 11, 6% (10, 5%), ақылы қызметтер - 15, 0% (15, 4%) болған. Сонымен қатар инфляция сауда және төлем балансына да әсер етеді. Мысалы, экспорттық өнімдер салыстырмалы түрде қымбаттайды, ал импорт - арзандайды. Егер Қазақстандағы инфляция 20%, ал ЕО елдерінде - 3-4% құраса, онда бұл еврода номинирленген отандық компаниялардың ұсталымдарының евролық компаниялармен салыстырғанда бір жылда 16-17% өскенін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz