17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым



І.Кіріспе.

1.Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

ІІ.Негізгі бөлім:

1. Эксперименталдық (тәжірибелік) әдіс пен табиғатты математикалық бейнелеудің пайда болуының алғы шарттары

2. Ф.Бэккон,Г.Губбс, Д. Локк, Д.Берккели, Д.Юм, Р.Деккорд, Б.Спиноза т.б. эксперименталдық математика жөнінде ой.тұжырымдары.
ІІІ.Қорытынды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мелекеттік университеті

Реферат:
17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым

Орындаған: Педагогика және психология

мамандығының 1 курс магистранты Нурманова А.К.

Тексерген: Сулейменова Г.Б.

Орал, 2012ж.

17 ғасырдың жаңа дәуір философиясы және ғылым

 Жоспар.

І.Кіріспе.

1.Жаңа Дәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

ІІ.Негізгі бөлім:

1. Эксперименталдық (тәжірибелік) әдіс пен табиғатты математикалық
бейнелеудің пайда болуының алғы шарттары
2. Ф.Бэккон,Г.Губбс, Д. Локк, Д.Берккели, Д.Юм, Р.Деккорд, Б.Спиноза т.б.
эксперименталдық математика жөнінде ой-тұжырымдары.
ІІІ.Қорытынды.
Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-
қоғамдық қатынастардың жемісі болатын өйткені, Батыс Еуропада капиталистік
құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете
түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның
жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды
талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен
феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан
заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып
алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және
сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол
қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге
келеді.
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс нарық тудырған,
бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның
жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа
көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық
салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған
бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан
шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең
байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі
(құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге
ұмтылды.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан босанып
шығысымен ендігі жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін және
күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік пен зерделілікті көрді.
Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты.
Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте
жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір
ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми
танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі,
сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады.
Жаратылыстану саласының дамуы қоғам алдына қойылған мақсатқа сәйкес
келді. Өйткені, бұл көзқарас философияны жаратылыстану ғылымының жетегіне
іліктірді.
Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі
ғылымның, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол кездегі философияның
өркендеуіне ішкі мазмұны жағынан өзара сәйкес келді.
Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық
әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол кездегі ғылымның дамуына байланысты
шықты.
Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған
жүйеге айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды.
Сонымен қатар ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері философияға да тән әрі
ортақ болып шықты.
Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар
сырт қарағанда ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты.
Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші
рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып бөлінді. Бұлар
кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным
теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі
көптеген қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс
таным теориясындағы осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың
орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені
табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды.
Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады.
Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон
дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат,
шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: Жаңа
Органон, Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар,Жаңа
Атлантида,т.б.
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі.
Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты
игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі Білім – күщ (Знание – сила) деген
қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына
байланысты классификациялайды.. Оның пікірінше, табиғаттың сырын,
заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты
материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп,
солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі
орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал
жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан - нақты
шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді
мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда
адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық , жалған эксперимент екендерін
түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі - индукция. Бэконның
түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар
бір- бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен
ақиқатқа жетулеріне болады философияның негізгі зерттеу объектілері –
құдай. табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді,
оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат
құбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды
пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон
физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде – Аристотельдің
себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және
мақсаттық болып белінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты
көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері,
оларды зерттеу физиканың міндеті. Бірақ бұл жеткіліксіз, формальдік
себептер олардан тереңдеу, оларды талдайтын – метафизика.
Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде
антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе
саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы
қажет. Бұл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік
акиқаттарды танып-білу тәсілі, бұл тәсіл.Жаңа Органонда баяндалады.
Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық
пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы
қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның
ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын
тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл
кемшіліктерді идоядар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның
пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам
танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының
кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың
бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп,
адамға табиғаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар:
1) Адамның табиғатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-
идолдар. Адамның ақыл-ойының да, сезімдерінің де кемшіліктері көп. Бірақ
адам оны ескере бермейді, не ақылына, не сезіміне көбірек жүгінеді. Мысалы,
ғылыми фактілерді толық жинап болмай жатып, теориялық асығыс қорытынды
жасайды, немесе дәлелденбеген нәрсеге көбірек сенеді. Бэкон теорияны
эксперимент тәсілі арқылы тексеру бұл идолдан құтылуға себеп деп көрсетеді,
ақылдың қанатына таразы тас іліп қойса, ақыл жерге, фактілерге жақындай
болады дейді.
2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің
ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті
түрде қабылдауға кедергі жасайды. Оны түзететін ұжымдық тәжірибе.
3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар.
Жаман сөздерді қолдану адамның санасын, ойлау логикасын бұзады. Адамдардың
көпшілігі оның зиянын ескере бермейді. Бэкон бұл жерде қарапайым сананы
сынайды. Сөздерді қолдана отырып, олардың артында нақты заттар тұрғанын,
нағыз объективтілік тек соларға тән екенін ұмытпаған жөн дейді (номинализм
бағытын жалғастырады).
4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық
доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім
философиялықтеатрларды туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім.
Оны жеңу мақсатымен Бэкон екі ақиқат теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-
ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық
болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. Ақиқат беделдің
емес, уақыттың туындысы.
Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден
біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пайымдауға қарсы
қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді
болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал
арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау
(наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезу-
иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика,
музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы
ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді
армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра,
аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың
сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны,
және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: Бірінші философия
туралы пайымдаулар. Фи-лософияның алғашқы бастаулары, Метод туралы
ойлар.
-философия ағаш секілді, оның тамыры – метафизика, діңгегі – физика,
діңгектен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымның, медицина, механика және
этиканың төңірегінде топталатын ғылымдар. Жемістерді тамырдан бастап
жинамайтынынымыз секілді, философияның пайдалылығы да оны құрастыратын
бөліктерге байланысты деп. Декарт барлық ғылымдардың бірлігін, тұтастығын
атап көрсетеді. Бэкон секілді, Декарт та шығармаларын қоғамның тандаулы
топтарына ғана емес, қарапайым адамдарына да түсінікті тілде жазуға
тырысты, оларға демократиялық сипат беруге ұмтылды. Екіншіден, өзінің
ағылшын әріптесі сияқты, Де-карт та әлеуметтік реформаларды қолдамады, діни
және қоғамдық тәртіпті өзгертуге қарсы болды.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай
жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық
ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің
негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым
және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады,
сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға
тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа
философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені
тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық
пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана
қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы
буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес,
интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп
қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі
қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет –
энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған
объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. Мен
ойлаймын, яғни өмір сүремін (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо
егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі
ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.
Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге
келіп, өуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола
бет бұрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек
болғанымен, ол бірте-бірте этикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Философия дәрістер
Философия (лекциялар)
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры
Пәндер