Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

1- тақырып жоспары.

1. Кіріспе . А. Жұбанов - қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы.

а. Ленинграттағы оқу жылдары.

ә. Шығармашылық тұлғасының қалыптасуы.

б. «Абай » операсы, аспапты - камералы шығармалары .

в. А. Жұбановтың ғылыми еңбектері.

А. Жұбанов

Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы.

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың сарқылмас өнерінің дарынды халқының нұрына бөленген жаңа дәуірде жарқырап шыға келері кездейсоқ жағдай емес еді. Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысының Жұғын ауданында орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. Өнерге деген ынтасы жас кезінен оянған Ахмет үлкендердің көмегімен домбырада, мандоменада, балалайка, гитара, скрипкада, әуесқойлық әрекетімен ойнауды үйренеді .

Мектепте оқушы балалардың халық аспаптар аркестрін ұйымдастырсам деп арман етеді.

1925жылы Ахмет Ақтөбе қаласында мұғалімдер даярлайтын бір айлық курсты бітіріп, өзі өскен ауданда ұстаздық қызметін атқара жүріп жастардан драма, музыка үйірмелерін ұйымдастырып басқарады.

Болашақ композитор өз естелігінде болашағы туралы былай деп жазды: қысқасын айтқанда А. В. Затаевичтің қазақ әндері жинағымен танысқаным келешек өмір тағдырының 180% кешкендей көрініп бес-алты айдан соң Ленинграттқа баратын поезд үстінде жолда болдым.

Ленинграт канцерваториясында оқи жүріп, 1932 жылы көркем өнер академиясы жанынан ашылған аспенрантураға ауысады. » Бірақ Алматыда жаңадан музыкалық драма техникумы ашылып сабақ беретін мамандардың

Ахметті Республика халық ағарту комиссариаты 1933жылы Асперантурасын бітіртпей шақыртып алады.

Міне содан бастап Ахмет Жұбанов техникум оқу бөлімін менгере жүріп музыкалық - эксперементтік шеберхана мен Құрманғазы атындағы қазақтың ұлттық аспаптар оркестірінің негізін құрады. 1936 жылы «еңбегі сіңген», 1944 жылы «халық артисі», «кансерфатория ректоры, профессоры өнертану ғылымының докторы Қазақстан Ғылым академиясының академигі» деген құрметті атақтарға ие болды. Ахмет Жұбанов қазақ жастарының музыкалық- эстетикалық сауатын ашу мақсатымен «музыка әліппесі» (1933), «XIX мен ХХ ғасырдың басындағы халық композиторларының өмірімен шығармашылығы» (1942), «Ғасырлар пернесі» (1958), «Замана Бұлбұлдары» (1963), «Құрманғазы» (1960), «Музыкадағы алғашқы қадам» (1964) т. б. көлемді ғылыми - зерттеу еңбектерінен қатар, опера, драма, музыка, паемалар, сюнталар, ромакстар, ария, хорлар, әндер жазды. Атап айтсақ «Қарлығаш», «Отан туралы жыр», «Ақ Шолпан», «Москва», «Жастар әні», «Алатау», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Жайна, жайна өмірін» жастардың санасынан ойынан орын алған қанатты әндер. Қорытып айтқанда, Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы халқымыздың мақтанышы, болашақ жастардың тәлім -тәрбиесіне жүйелі музыкалық - теориялық әрі музыкалық тарихи білім беретін бағасы жоқ музыкалық - педагогикалық еңбек . Біздің мақсатымыз сол көркем туындылардағы оқу білу, айту, орындау арқылы ішкі жан дүниемізді байыту эстетикалық ләззаттану әрі зерттеу.

1947 жылы Театр сахнасында Жұбанов пен Хамидидің Ұлы Отан соғысындағы аты шыққан панфилор дивизиясының батырлығын көрсететін «Төлеген Тоқтаров» атты операсы қойылды. Композитор ғалымның өнер, мәдениет саласындағы тағы бір батырлығы өзінің замандас құрдасы Л. Хамидимен бірлесіп халқымызға эстетикалық ескерткіш ретінде

М. Әуезовтың либеретосына «Абай» (1944) операсын жазып табыстағанда деп қабылдауымыз қажет. Осы опера үшін 1978 жылы мемлекеттік силық берілді. «Төлеген Тоқтаров» (1947), Л. Хамидимен бірлесіп «Отаным» «Ақ желкен», «Біздің ел», «Күлкім- Москва», «Отан туралы ән», «Жылқышы», «Лирикалық ән», «Қарлығаш», «Серт», «Майданнан хат», «Ақ көгершін » әндерімен хорға арнап жазған шығармалары аға, орта буындардың есінде. Жастар да сол бағытта «Тәжік биі», «Қазақ биі», «Ария», «Романс», «Көктем» аспаптық шығармаларын «Төлеген Тоқтаров», «Абай», атты симфониялық поэмалар мен «Құрманғазы», қызы Ғ. Жұбанованың аяқтаған (1970) радио операсын т. б. драма, киноға жазған музыкаларын жаттап, оқып зерттеп білуде. Шәкірттері : Одақ халық әртістері: Ш. Қажығалиев, Н. Тілендиев, Қазақ ССР халық әртістері Г. Баязметова, Ф. Балғаева, Ф. Мансуров, Р. Омаров өнер қайраткері, профессор Х. Тастанов, Б. Сарыбаев және осы ұсынылып отырған оқулық жинақтың авторы, өнертану ғылымдарының кандидаттары Б. Ғизатов, А. Кетегенова, З. Қоспақов, Ж. Рсалдин, А. Темірбековалар

2- тақырып жоспары.

Е. Г. Брусиловскийдің шығармашылығы .

а. Е. Г. Брусиловскийдің еңбек жолының қазақ ұлттық музыка өнерінің даму кезеңіне сәйкес келуі .

ә. Шығармашылығының өркендеу кезеңі.

б. Қазақ күйлерін симфониялық шығармаларда қолдану ерекшелігі.

Евгений Григорьевич Брусиловский.

1933 жылы Ленинградтың Композиторлар Ойдағыдай жауапты хатшысының ұсынуы бойынша сол Ленинградтың консерваториясын үздік бітірген (1931 ж. ) Е. Г. Брусиловский Қазақстанға жіберілді.

Ол келісімен қазақтың профессионалдық өнер мектебін ашуға

барлық күш-жігерін жұмсап, түңғыш музыкалы-драмалы спектакльдер жаза бастайды.

Жас композитор өзінің қызметін Алматының музыкалы-драма техникумының жанындағы ғылыми-зерттеу музыкалық кабинетінің қызметкері болып бастайды. Е. Г. Брусиловскийге келісімен түрлі қиындықтарды басынан кешіруге тура келеді. Себебі, ол кезде А. В. Затаевич пен Б. Г. Ерзаковичтің бастырып шығарған халық әндері мен күй жинақтарынан басқа ешбір зерттеу еңбектері жоқ. болатынды. Өнердің қайбір саласы болмасын профессионалды білімі бар жастардың жоқтығы үнемі сезіліп тұрды.

Е. Г. Брусиловский жалпы жас қазак өнерінің бірінші қадамына елеулі еңбектерін сіңіре отырып, композиторлық жұмыспен қатар түрлі ұйымдастыру және музыка зерттеу қызметтерімен шүғылданды. Композитордың көп қажымай-талмай сіңірген еңбегінің арқасында, ол қазақтың шебер қол тимеген тың музыкалы мұрасымен танысып, түрлі музыкалы аспаптарға, дауысқа арнап халық. әндері мен күйлерін өңдей бастайды. Брусиловскийдің бірінші өңдеген халық күйі "Кеңес" екі домбыра мен фортепианоға түсіріледі. Екі жылдың ішінде Евгений Григорьевич 250-дей әндер мен күйлерді жазып, өңдейді шебер өңдеулерінде композитор қазақ халқының өзіне тән музыкалық әуенін, ырғағын сақтай білді.

Е. Г. Брусиловский жаңадан құрылған театр ұжымын музыкалық негіздері мен классикалық опера өнерінің ерекшеліктерімен таньютырып, қолынан келген жәрдемін тигізеді. Міне, осы 1934 жылдан бастап композитор Е. Г. Брусиловскийдің өмірі осы опера және балет театрынын әмірімен тығыз байланысты болып келеді.

1938 жылға дейін Е. Г. Брусиловский осы театрдың көркемдік жағын басқара жүріп бірінші бесжылдық ішінде төрт қазақ. операсын жазды.

"Айман-Шолпан" сахнада табысты өтуімен рухтанған театр ұжымы алғашқы опералық туындыларын - "Қыз Жібек" (1934), "Жалбыр" (1935), "Ер Тарғынды" (1936) Республика жұртшылығына көрсете бастады. Осы жоғарыда айтылған операларына Брусиловский шеберлікпен халық әндері мен күйлерін арқау етті. Ол орыстың классикалық операларының жазылу тәжірибесіне сүйене отырып, театрдың өнер ұжымымен бірге мазмұны жағынан әрбір кейіпкердің ойнайтын орнына лайықты әндерді іріктеп ала білді. Мұның өзінде операға пайдаланылған әндер мен күйлердің негізгі әуені сакталды.

"Қыз Жібек" және "Жалбыр" операларында қүй қылжыта орындалған
ондаған қазақ әндері мен күйлері тыңдаушылардың алдында қазақтың
халықтық. музыка өнерінің аса бай қазынасын ашып салды", - деп жазды
белгілі Ресей композиторы Р. М. Глиэр. - Шеберлікке жетілген
композиторлар үшін қазақтың музыкалық фольклоры саласында жүмыс
істеудің болашағы ерекше зор болмақ". "Қыз Жібек" операсы қазақ
қызының аңсаған бас бостандығын баяндайды. Жібектің ұнатқан ғашық
жары Төлеген онымен бақталас қарақшы батыр Бекежан арасындағы
қым-қиғаш тартыс көрсетіледі. Жібектің ән тақырыбы ретінде операда
халық композиторы Ыбырайдың"Гәкку"әні қырық күн жол жүріп,

сүйген жарын іздеген Төлегенге халық әні "Қаракөз" дария - ән ретінде берілген. Жібек пен Төлегеннің ортасындағы қара ниетті Бекежан тақырыбы - халық әні "Ақ қүм". Төлегенді түн жамылған қапыда садақпен атып өлтірген опасыз қарақшы Бекежан мен сүйіспеншілік жолында дүние салған сұлу Жібек сахнасы қайғылы қасіретпен бітеді. Ғылыми педагогика мен эстетика тұрғысынан қарағанда "Қыз Жібек" операсының халқымыздың музыкалы-эстетикалық талғамын тәрбиелеудегі орнын маңызын айтып жеткізу оңайға түспес. Музыкалық-драмалық, тарихи-лирикалык. дастан-опера қазақ мәдениетінің бағасы жок, алтын жүлдыздай, шоқтығы биік қаншама дүркін жастарымыздың музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеп, қанаттандырып, сусындандырып жатқан мөлдір махаббат бұлағы - "Қыз Жібек"операсының тікелей әсері деп білеміз.

"Жалбыр" операсында 1916 жылғы қазақтың жұмысшы шаруаларының Жалбыр төңірегіне жиналғаны, қолдарына қару ұстап, бай-сұлтандар мен орыс патшасына қарсы күрескендігі, тарихи шындығы музыкалы-драма тілімен көрсетіліп баяндалады.

Негізгі оқиғалар арасында Жалбырдың жан досы Елемес пен оның сүйген жары Хадиша образдары да көрсетіледі. Сұрапыл соғыста қаза

тапқан болашақ жан жолдасы Елеместі іздеп Хадиша жоқтау әнін айтады. Төңкеріс дауылының күштілігінен қазақ қызы Хадиша сарбаздар қатарына косылып қару ұстайды. Бірақ күтпеген жерден Хадишада жау оғына қурбан болады. Операның сонында Елемес пен Хадиша ерлігін көріп барлық көтерілісшілер болып қайғылы терең сезімде "Елім-ай" әнін жоқтау ретіңде айтып, болашақты аңсап "Жеңіс алда", "Біз жеңеміз" деп ұран көтереді. Ер азаматтар Жалбыр, Хадйша, Елемес образдары халқымыздың, әсіресе сол кездегі жастардын елді, жерді, Отанды сую, қорғау сезімдерін тәрбиелеуге тікелей ықпалын тигізетіндігін Ұлы Отан соғысы дәлелдеп бергенінде дау жоқ. "Қыз Жібек", "Жалбыр" және "Ер Тарғын" опералары 1936 жылы май айында Мәскеуде болған бірінші өнер он күндігінде, 1937 жылы Ленинградта жасалған сапарда жоғары бағаланды. "Қазақтың мемлекеттік опера театрының спектакльдері, көркемдігі, күшті және шеберлігі жағынан адамның есінен кетпейтін туынды екен", - деп жазды орыстың ұлы актері В. И. Качалов. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде Ер Тарғын халық арасынан шыққан батыр, байлар мен хандарға халық атынан қарсы тұрған бас кейіпкер болып көрсетілген. Операда Ер Тарғын, оның сүйген жары Дана және Ханзада, ханның қызы Ақжүніс орталық образдар етіп алынған. Қазақтың халық әні "Алты басар" Тарғынның бастапқы армиясы - әні ретінде айтылады. "Жылқылы бай" деген әнді Ер Тарғын Ақшаханның ордасыңда, сүйген қызы Дананы босатуға барғанда өзімен бақталас қарт Қожаққа жауап ретінде айтады.

Операда Ақжүніс образы аса жігөрлі, айлалы, зұлым хан қызы ретінде берілген. Операның соңында жаудан кегін алған халық батыры Ер Тарғын сүйген жары Дананы босатып, ел-жұрты алдында салтанатты жеңіске жетеді.

"Ер Тарғын" операсының жаңа дәуірдегі сахнадан орын алып, музыкалы драма тілімен тыңдаушыларымен үндесіп, қарым-қатынаста болуы халқымыздың ойынан шығып, жас ұрпақтарды өз халқын Отанын қорғауға тәрбиелейтін теңдесі жоқ музыка дастаны болып отырғаны қуанышты жай. Қазақ халқы арасынан Шолпан жулдыздай жарқырап шығып, "Одақтың халық артисі" атағын 24 жасында алған

3- тақырып жоспары.

Л. Хамидидің композиторлық шығарашылығы .

а. Л Хамиди - қазақ музыкасында вальс жанрының негізін қалаушы.

ә. Л Хамиди - әрі дирижер, әрі педагог.

ХАМИДИ ЛАТИФ АБДУЛХАЙ¥ ЛЫ (1906-1983)

Халықтар арасындағы, оның ішінде түркі тілдес халыктар. арасьшдағы мәдениет пен өнердің ұлт көпірін салғандардың бірі деп укомпозитор, ұйымдастырушы, ұстаздық еңбектерімен танылған Латиф Абдулхайұлы Хамидиді айтамыз.

Ол Татар АССР-і, Апас ауданында дүниеге келеді. Жастайынан кедей-шаруаның отбасында өскен Латифтің өке-шешесі әр түрлі қызмет аткарумен Қазан, Ресей, Кавказда еңбектеніп, Донбастың шахтері, Кавказдың темір өндіретін заводында, Өзбекстанда ағашұсталық. етіп отбасын асырайды. Әртүрлі мектеп кабырғасын керген жас Латиф, бойындағы өнердің арқасында, көркем өнерпаздар кабырғасында жүріп-ак, өзінің музыкаға, әнге, аспап музыкасына кызығушылығын арттыра түседі. 1920 жылы Ташкентте ашылған түркі халықтарының жастарына арналған халық ағарту институтының студенті болып қабылданады. 1923 жылы институт көркем өнерпаздар концертінде студенттердің хорын баскарған Латиф жас орындаушы, педагогикалык техникум оқушысы Қүрманбек Жандарбековтың "Қараторғай" әнін тыңдап ерекше қабілетін байкап, бүгінгі концерт жетістіктеріне куаньш, бірін-бірі құттықтап таратады. Оқуы бітісімен Ташкент мектептерінде ән сабағын, хор өнерпаздарын басқарады. Сол жылдары өнерпаз өзінің бірінші әнін жазып, оны "Бірінші вальс" (М. Залилованың сөзіне) деп атайды. Музыка саласындағы теория-гармониялық, білімінің нашарлығын сезінген композитор 1927 жылы Мәскеудің бірінші музыкалық техникумына қабылданып, профессор Б. Л. Яварскийдің классынан сабак ала бастайды. Әндер, музыка аспаптарын, хорға арналған шығармалар бірінен соң бірі пайда болып, оның ішінде татар тілінде шығатын бес томдык. "Пионерлер әні" бағалы дәрежеге жетеді. 1933 жылы жас композитордың тілегі бойынша Алматыға жіберіліп, казактың драма театрының дирижері әрі композиторы кызметін атқарады. Театр ұжымында жүріп, баяғы Ташкенттік өнер жарысында таныскан Қүрманбек Жандарбековпен әрі оның сахналас жолдастары Манарбек Ержанов, Күләш, Қанабек Байсейітовтер, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Иса Байзаковтармен таныса, қызметті бірге атқарысады. Осы театрда жүріп Латиф Хамиди С. И. Шабельскиймен бірлесе отырып театр оркестрінің орындаушыларын көбейте келіп симфониялық оркестрге айналдырады.

Театрдің спектакльдеріне сол кездің композиторлары: Е. Г. Брусиловский, Д. Д. Мацуцин, Л. А. Хамиди, С. И. Шабельский, т. б. шықпаса да., оның үлты. акындық бейнесі арасында сомдалды. Дарынды әндері: "Қазак вальсі", "Бұлбұл", "Алтын бидай", "Г "Қазакстан" өнделген Абай өндері. Композитордың Е. Г. Брусиловскиймен, М. Төлебаевпен бірлесіп Республикасының Әнұранын жазғаны белгілі, композит В. В. Великановпен бірлесіп Төлеген Токтаров туралы "Бес операсын жазып бітіреді. 1942 жылдан Л. Хамиди еңбегі сіңген әртіс, 1950 жыл« Консерватория доценті, 1945 жылдан Қаз. ССР-нің еңбегі сіңірген кайраткері, 1965 жылдан халық әртісі, өмірінің сол жылдарға дейін консерваторияда ұстаздык етті. Шәкірттері: Халык артистері Шамғон Қажығалиев, Н. Тілеі Ф. Мансұров, Қ. Мұхитов т. б. Реферат тақырыптары: "Халык әртісі, композитор, ұстаз Лат Хамидидің өскен ортасы және оның өнерге деген талпыныс жолдары "Композитор Л. Хамиди - "Қазақ вальсінің", "Бұлбұлдын" авторы "Композитор Л. Хамидимен Б. Ғизатовтың "Домбыра үйрену мен окулығының мазмұны мен максаты", "Композиторлар Л. Хамиди А. Жүбановтың "Абай" операсының әлеуметті, мәдени-эстетика; тәрбиелік мәні", "Композитор Л. Хамидидің өшпес өткелдері -тілдес халықтар арасындағы алтын көпірі белгісі".

Әдебиеттер:

1. А. Келберг - "Композиторы Советского Казахстана" - Алматы

1958.

  1. А. Юсфин. - Л. Хамиди. М., 1964.
  2. Б. Ғизатов. - Л. Хамиди, А., 1966.
  3. Б. Ерзакович. - Л. Хамиди. А., 1978.

Тапсырма: Композитор туралы реферат дайында; шығармаларынан үзінді орындап кеш өткізу.

4- тақырып жоспары.

Мұхан Төлебаев композитор классик .

а. Өмірі мен шығармашылығы.

б. «Біржан - Сара» операсы.

в. «Комунизм оттары» кантатасы.


Мүқан Төлебаев

(1913-1960)

Мүқан Төлебаев 1913 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Қарашағай аулында кедей шаруаның отбасында туған. Баланың келешегіне бірден-бір пайдалы ықпалын тигізген әнші анасы мен атағы шыққан домбырашы-ақын ағасы Апырбай Әуелбаев болды. Ол 1933 жылы өз аудан орталығында әуесқойлық театр ұйымдастырып, 1934 жылы Бүкіл қазақстандық халық өнерпаздары слетіне қатынасады. Мүқанның келешегі сол үлкен өнер жиынында шешіледі. Өнерлі баланың еңбегін жоғары бағалаған Қүрманбек Жандарбеков, Қалибек Қуанышбаев, Евгений Брусиловский айтқан ағалық ақыл арқасында ол өз замандастарымен бірге Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақтың жастарына арналған музыкалық студиясының ән бөліміне жіберіледі. Талапты жас Мұқан көп ұзамай студияның композиторлық бөліміне көшіп, атақты композитор-теоретиктерП. С. Шехтер, Р. М. Глиэр сияқты өнериелерінен сабақ алады.

Композитордың"Біржан-Сара"операсы, "Қазақстан" атты симфониялық поэмасы, "Қазақстан оттары" кантатасы, көптеген әндер, романстар, туындылары бар. "Кестелі орамал", "Баян ауыл вальсі", "Шаңғышылар әні" жастардың сүйсініп айтатын әндері.

Ал "Біржан-Сара" операсының қазақ музыка мәдениетіндегі орны ерекше. Ол тек республика жұртшылығына ғана ұнап қоймай, талғамы күшті Мәскеу көрермендерінің үлкен сынынан өтеді, композиторға бас кейіпкерді атқарған өнер адамдарына Одақтың халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтар берілді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, Мұқан өзі сұранып Москва жасақшыларымен бірге майданға аттанады. Денсаулығының күзінде Мұқан Алматыға оралып, өзінің сүйген мамандығына қызыға кіріседі.

1941-1946 жылдары Мұқан композитор Е. Г. Брусиловскийдің көмегімен композиторлық шеберлігін шыңдай түсіп, көптеген көркем шығармалардың авторы болады. 1947 жылы жас композитор Москваның консерваториясына қайта түсіп, профессорН. Я. Маяковскийдің класында оқып, оны 1951 жылы үздік бітіріп қайтады. Композитордың әр жақты шығармашылығы құлашын кең сермеп, өнері арта береді.

1944 жылыЕ. Г. Брусиловскиймен бірлесіп"Аманкелді", ал 1946жылы "БіржанменСара"операсын, "Қазақстан"атты симфониялық поэма, хор үшін сиюта, "Қазақстан оттары"атты кантатасын (сөзі Шакеновтікі) солист пенараласхор және симфониялық оркестр үшін жазылған, сонымен қатар көптеген әндер мен романстарды жарыққа шығарады. Композитор шығармаларының негізгі нысанасы мен арқауы, қазақ халқының бүгінгі таңда қол жеткен табысы мен бақыты болып келеді.

Қазақ халқының арасынан суырылып шыққан композитордың осы операсы үлкен шығармашылық шабытпен сахнаға қойылып, тек республика жұртшылығы емес, сонымен қатар Мәскеу көрермендерінің үлкен сынынан өтіп, 1948 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа дәуірде кәсіптік халық музыкасының өрлеп дамуы арқасында бұрын-соңды көрмеген опералық өнер-жанрының пайда болғанына аз уақыт өткеніне қарамастан, үлкен жетістікке жеткен көркем өнеріміздің кейбір салаларының барлық тарамдары пайда болып, жаңарған дәуірдің артықшылығының мықты кепілінің бірі еді.

М. Төлебаевтың Е. Г. Брусиловский және Л. Д. Хамидимен бірлесіп Қазақ ССР-ының әнұранынжазуда да айтарлықтай үлесі бар. Композитор тек шығармашылық қызметпен шұғылданып қоймай, ол көпшілік қоғамдық, басқару, ұйымдастыру қызметіне де тікелей белсене қатынасып жүрді. Мұқан 1948 жылдан бастап СССР Композиторлар Одағының мүшесі және Қазақ ССР-ының композиторлар Одағы басқармасының бастығы болып сайланды. Мұқан біраз уақыт қазақтың Мемлекеттік Академиялық Опера және балет театрының директоры болып біраз жылдар бойы Қазақстан Композиторлар Одағының председателі қызметін атқарады.

Республиканың музыкалық мәдениетін өркендету деп сіңірген еңбектерін бағалай келіп, үкімет пен партия М. Төлебаевқа 1945 жылы "Қазақ ССР-ының көркем өнеріне еңбек сіңірген қайраткері" атағын, 1951 жылы Қазақ ССР-ының Жоғарғы Советінің депутаттығына сайлап, 1958 жылы болған өкінші он күндігінде үлкен шығармашылық жетістікпен келгендігі үшін, композиторға "Советтер Одағының халық артисі" деген құрметті атақ берілді.

Одақтың Халык, артисі халық арасынан суырылып шы ғып, халық үшін еңбек етіп, көптеген көркем шығармаларды қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына берді. Өмірінің соңғы жылдарында Мұқан Төлебаев "Қозы Көрпеш Баян сұлу" атты операсын жазып жүріп, операны аяқтай алмады. Композитордың қаламынан жас өспірім балалар мен студенттерге арнап жазған"Комсомол", "Жарық", "Соқ, барабан", "Жастар вальсі", "Кестелі орамал", "Тос, мәні, тос", "Көп жүрдім"т. б. атты әндерін айтуға болады. Бұл әндердің идеясы мен басты образдар, жастық өмірдің алдыңғы қатарында келе жатқан балалар мен жастардың бейнесі, оның еңбегі мен бақыты, сонымен қатар ұлттар достығы мен қазақ жастарының келешегі жырланады. Романс жанрының дамуына "Мен көрдім ұзын қайың құлағаның", "Ой" атты Абай сөздеріне жазылған шығармалар дәлел.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақтың әншілік дәстүрі Алматы АРЫС
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ халық музыкасының тарихы
Қазақтың тұңғыш операсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz