Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

КазНАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алматы облысы “Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ”

Талдықорған филиалы жағдайында алғы дақылдардың қант қызылшасы егістігінің арамшөптермен ластануына және өнімділігіне әсері

Алматы 2020

АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР

Дипломдық жұмысына келесідей анықтамалар, термин және қысқарған сөздер қолданылды:

Транспирациялық коэффиценті - 1 г құрғақ зат құрауға кететін судың мөлшері.
Өсімдіктердің өсуі жəне дамуы - негізіне ағзаның, оның онтогенезінің өсуін қалыптастыру жататын маңызды тіршілік процесі.

Фенологиялық бақылау - табиғаттағы жəне дақылды өсімдіктердің тіршілігінде жүретін маусымдық құбылыстарды бақылау.

Вегетациялық кезең - өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жыл маусымы.

Қосқұлақтану - қос көк дән жарнақтары бар өсімдік.

Арамшөптер - пайдаланатын жерлерде өсіп-өніп, ауыл шаруашылығы дақылдарының алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын төмендетіп, ауылшаруашылық өндірісіке зиян келтіретін өсімдіктер.

Маманданған арамшөптер - белгілі бір дақылды, немесе олардың тобын ластайтын арамшөптер. Маманданған арамшөптердің кең тарауына мәдени өсімдіктермен биологиялық ұқсастығы себеп болады.

Агрофитоценоз - экологиялық тұрғыдан біркелкі территорияда қалыптасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен арамшөптердің егістіктегі жиынтығы.

Тұқымның себуге жарамдылығы деп - талданып отырған тұқымдағы таза және өнгіш тұқымның пайыз мөлшері.

Рентабельділік деңгей - шаруашылықта шығарылған 1 теңге шығынның қанша таза пайда түсіретінін бағдарлайтын категория.

га - гектар

м 2 - метр квадрат

ц - центнер

г - грамм

кг - килограмм

т - тонна

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ . . .

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .

  1. Қант қызылшасының маңызы, таралуы . . .
  2. Қант қызылшасын өсірудің қысқаша тарихы және егілетін аудандары
  3. Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық құрылысы . . .
  4. Қазақстанда аудандастырылған қант қызылшасының сорттары мен гибридтері . . .
  5. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және күрес шаралары
  6. Арамшөптерді есепке алу тәсілдері
  7. Арамшөптермен күрестің әдістерін топтау (типтері мен түрлері)
  8. Қант қызылшасы егістігінің арамшөптерге қарсы күресі

ІІ Топырақ-климат жағдайлары . . .

2. 1 Зерттеу жүргізілген жылдарының ауа-райы жағдайы . . .

2. 2. Топырақ жамылғысы . . .

2. 3. Өсімдік жамылғысы . . .

ІІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .

3. 1 Зерттеу үлгісі . . .

3. 2 Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі . . .

3. 3 Зерттеу нәтижелері . . .

3. 3. 1. Зерттеуге алынған қант қызылшасының Авантаж буданының тұқым сапасы мен қысқаша сипаттамасы . . .

3. 4 Қант қызылшасы өсімдіктерінің өсіп-даму фенологиясы . . .

3. 5 Қант қызылшасы танаптарындағы алғы дақылдардың қант қзылшасы егістігінің арамшөптермен ластануына әсері және олармен күресу шаралары . . .

3. 6 Қант қызылшасы өсімдіктеріндегі биомассаның жиналу динамикасы . . .
3. 7 Қант қызылшасының топырақты өңдеу тәсілдеріне және тыңайтқыштармен үстеме қоректендіруге байланысты өнімділік қалыптастыруы . . .

3. 8 Қант қызылшасын минералды қоректендірудің тамыр жеміс құрамындағы қант мөлшеріне әсері . . .

3. 9 Алматы облысы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ Талдықорған филиалы жағдайында өсірілген қант қызылшасының өнімділігінің экономикалық тиімділігі . . .

IV Еңбек қорғау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріліп қаралуда.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйек күні жарияланған үндеуінің 5-ші тарауында ауыл шаруашылығы жайында былай дейді: - “Дамыған агроөнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4, 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.
Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл - маңызды міндет. Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек. Өнім өңдейтін кәсіпорындар әлеуетінің 40 пайызы ғана пайдаланылып отырғанына қарамастан, оның көлемі 70 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тарту - маңызды міндет. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үкімет нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету - біздің міндетіміз. Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер - біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек. Бұл - өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес. Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Жем-шөппен қамтамасыз ету көрсеткіші 60 пайыздан төмен. Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. ”
Яғни, ауыл шаруашылығын дамыту өте күрделі мәселе. Жерді тиімді пайдалану арқылы біз ауылшаруашылығы өнімін арттыра аламыз. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырған азаматтар өте көп деседі. Соған орай, олардың санын азайтуымыз керек. Жерді тиімді пайдалануды үйренуіміз қажет, себебі, ол - біздің табиғаттан берілген байлығымыз.

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУҚант қызылшасының маңызы, таралуы

Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62% қант қамысы болса, 37, 5% қант қызылшасы құрап отыр. Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан 1000 жылдан бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді.
Қызылша түйнегі салмағының 30-50% жапырақ пен сабақтан құралған. Оның малазықтық екпе шөптің көк балаусасымен бірдей, жапырағы ақуызға бай. Жапырағы көк күйінде де пайдаланылады, оны сүрлемге салу жолымен де дайындайды немесе одан шөп ұнын әзірлейді. 1ц қызылшаны өңдегенде 80% жуық жом алынады, онда 15% құрғақ зат, оның 1, 3% протеин мен 10% көміртек бар.
Қант қызылшасы егістігінің 1 гектарынан алынатын қосымша өнімі бойынша 3 арпа егісіне немесе шығымдылығы 33ц/га сұлы егістігіне теңеледі.

Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл. Республикада қантты негізінен қант қызылшасынан алады, өйткені оның тамыржемісі көмірсуларға бай, құрамында 13-20% сахароза болады, сондықтан ол қант өнеркәсібінде шикізат болып саналады.
Қанттың тамаша дәмдік қасиеті бар, ол кең таралған және ағза тез сіңіретін қуат көзі. Қатты шаршағанда қан құрамында қант мөлшері азаятыны белгілі. Қантты тағамдарды пайдалану - адам ағзасының жұмыс қабілетін, физикалық күш пен ой қуатын сақтау мен оны тез қалпына келтіретін негізгі факторлардың бірі болып есептеледі.
Қант қызылшасын өнеркәсіптік өңдеудегі қосымша өнімдер - жапырақтар, сығынды және сірнелердің құндылығы жоғары. Қант қызылшасының жапырақтары, тамыр салмағының үштен бірінен- жартысына дейінгі бөлігін құрайды және малазықтық құндылығы бойынша екпе шөптер көк балаусасынан кем түспейді: 5 кг ақуызбен жақсы қамтамасыз етілген (110г) жапырақтары бір малазықтық өлшемге тең. Қант қызылшасының 1 гектардағы 250-300 ц/га жемісі тамыр өнімінде, оның тек жапырақтары шамамен 2000 малазықтық өлшем береді.
Қант қызылшасы 1 гектардан 250-300 ц тамыр мен 100-150 ц жапырақ өнімін бергенде алынатын барлық қосымша өнімдердің (жапырақтар, сығынды, сірнелер) малазықтық құндылығы 5000-ға жуық малазықтық өлшемді құрайды.
Қант қызылшасының тамыр жемісінде 16-20% қант болады. Заводта өңдегеннен кейінгі қалдығы сірне, сығынды мал азығына пайдаланылады. Қант қызылшасы сірнесінде 15% азотсыз заттар, 60% қант қалдығы, 8-9% күл, ал сығындыда 15% кұрғақ заттар, оның ішінде 10% азотсыз заттар, 3% клетчатка, 0, 7% күл, 0, 1% май және 1, 3% протеин болады. 100 кг сығындыда -80 мал азық өлшемі, 3, 6 кг қорытылатын белок болғандықтан, ірі қараға бағалы азық. Қант қызылшасы әр гектардан 300 ц тамыр өнімін берсе одан 240 ц сығынды алынады. Қант қызылшасы өндірісінің қалдығы құрамында 40-50% әк, 15% органикалық заттар, 0, 2-1, 7% азот, 0, 2-0, 9% фосфор және 0, 5-0, 9% калий болғандықтан жақсы тыңайтқыш болып есептеледі.

Қант қызылшасы - өте бағалы мал азықтық дақыл. Әр гектардан алынатын түбірінің өнімі 300 ц, жапырақтары 15 ц болғанда, 10500 мал азық өлшемін береді. Жақсы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егілген дақылдардың өнімін молайтады.

Қант қызылшасының халық шаруашылығындағы маңызы мен рөлі қант және жемшөп өндірумен шектелмейді. Қант қызылшасын өндіру жалпы егіншілік мәдениетін жақсартуда және ауыспалы егістің басқа да дақылдардың шығымдылығын молайтуға қолайлы әсер етеді.
Егіншілік мәдениеті жоғары болған жағдайда қант қызылшасының өндірісі дәнді дақылдың 1 гектарына қарағанда жалпы өнімді 4-4, 5 есе, ал жалпы табысты 5-5, 7 есеге артық алуға мүмкіндік береді.

1. 2. Қант қызылшасын өсірудің қысқаша тарихы және егілетін аудандары

Қант қызылшасының қазіргі мәдени сорттары оның жабайы түрінен шыққан. Қызылшаның жабайы түрлерін адам тамаққа және басқа мұқтажы үшін ежелден пайдаланып келген. Адам қызылша жапырағының витаминге, түрлі тұздарға және көмірсуларға бай екенін білмесе де, ерте замандардан бері-ақ тамақ үшін пайдаланады. Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан 1000 жыл бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Қызылша құрамында едәуір мөлшерде қант бар екендігінің анықталуы оны өнеркәсіптік дақыл ретінде пайдалануға жол ашты.
Қант қызылшасы ең алғаш рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлеанға, содан Луизианаға алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналды.
Қызылшаны бұдан шамамен 220 жыл бұрын өсіре бастады (КСРО) . Ресейде тұңғыш қант зауыты 1802 жылы Тула губерниясының Алябьево селосында салынды. Онда жылына 4, 8 т қант өндірілген. Екінші зауыт 1809 жылы Орел губерниясының Брянск уезінде салынды. Тұңғыш қант зауыты салынғаннан 15-20 жыл өткен соң тек Украинаның өзінде ғана қант зауыттарының саны 67-ге жетті.
Біздің елде қант қызылшасы егісінің көлемін ұлғайту ісі Қазан революциясынан, колхоз құрылысының жеңісінен кейін өріс ала бастады. қант қызылшасын бұрынғы одақ көлемінен бастап өсіру қолға алынған. Оның бастамасы 1918 жылы Халық Комиссарлар Советі қант өнеркәсібін мемлекет қарауына алу туралы Декретті бекітті. Қант қызылшасы егіс көлемін тез ұлғайтудың және оның түсімін арттырудың басты шарты - ауыр өнеркәсіптің басымырақ өсуі, мұның негізінде ауыл шаруашылық машина құрылысының өсуі, РТС-ді ауыл шаруашылық машиналармен қаруландыру және колхоздарды минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету болды. Бұл ауыл шаруашылық өндірісінің барлық салаларын, оның ішінде қызылша егуді де өркендетуге мүмкіндік туғызды.
Қазақстанда қант қызылшасының байқау егісі 1930 жылы егіле бастады. Суармалы жерлерге егілген егіс жақсы нәтиже берді. 1932 жылдан бастап қызылша Алматы, Талдықорған және Жамбыл облыстарының колхоздары мен совхоздарында кеңінен егіле бастады.
Сол уақытта, бірінші бесжылдық кезінде, республикада тұңғыш қант зауыттары - Мерке және Талдықорған зауыттары салынды, кейіннен Жамбыл және Алматы зауыттары, соғыс жылдары кезінде Талдықорған облысында (қазіргі Алматы облысы) Қарабұлақ зауыты салынды.
1957 жылы қант қызылшасы Алматы облысының Іле, Қаскелең аудандарында, Талдықорған облысының Қаратал, Талдықорған, Киров, сондай-ақ Сарқант және Ақсу аудандарында, Жамбыл облысының Жамбыл, Жуалы, Талас, Свердлов, Луговой, Мерке, Шу, Көктерек аудандарында егілді.
Біздің елімізде қызылша егісінің көлемі тез өсті. Өткен ғасырдың соңынан бастап қызылша егісі жылдан жылға ұлғая бастады. Мысалы, 1881 жылы 245, 4 мың га, 1891 жылы - 313, 5, 1901 жылы - 594, 4, ал 1913 жылы - 648, 7 мың га-ға жетті. Осындай егіс көлемінің 98% Украина мен РСФСР-дің Орталық қаратопырақты аудандарында орналасты, 2% ғана жаңа аудандарда себілді.
Алғашқы жылдары қызылша өнімі әсіресе, колхоздарда өте төмен болды. 1932 жылы республика бойынша әр гектардан орта есеппен 50 ц ғана өнім жиналды. Өнімнің төмен болуы жергілікті халықтың қант қызылшасының агротехникасын білмеуіне және де барлық жұмыстың көлікпен және адам күшімен ғана істелуіне байланысты еді.
1937 жылы қызылша совхоздары орта есеппен 451 ц-ден тәтті түбір және 25, 3 ц-ден қызылша тұқымын жинады. Екінші (1933-1937 жж. ) және үшінші (1938-1942 жж. ) бесжылдықтарда егіс көлемінің өсуімен қатар оның шығымдылығы да артты. Қант қызылшасының егіс көлемі жөнінен Қазақстан 1937 жылы Украинадан, РСФСР-дан және Қырғызстаннан кейін төртінші орында, ал өнімі жағынан екінші орынды алды.
1934 жылы Мерке және Талдықорған қант зауыттарының өндіріске берілуіне байланысты қызылша бұрынғы 6 ауданның орнына 12 ауданда себіле бастады. 1939 жылы қызылша өсіретін колхоздар мен совхоздар орта есеппен 288 ц тәтті түбірден жинап Одақ көлемінде шығымдылығы жөнінен екінші орынға шықты.
Республика бойынша 1940 жылы қызылша егісінің көлемі 15, 4 млн га, түсімі 250 ц/га, қанттылығы 17, 99% еді. Осы көрсеткіштер орта есеппен 1951-1955 жылдары аралығында 22, 2 мың га, 245 ц/га, 16, 9%; 1956-1960 жылдары 41, 9 мың га, 251 ц/га, 16, 45%; 1961-1965 жылдары 60, 3 мың га, 237 ц/га, 16, 12%; 1971-1975 жылдары 75, 5 мың га, 291 ц/га, 14, 12%; 1981 жылы 78, 8 мың га, 335 ц/га, 12, 2%; 1984 жылы 70, 9 мың га, 237 ц/га болды.
60 жылдардан бастап қызылша себетін шаруашылықтарға оны комплексті механикаландырылған әдіспен егіп, күтіп-баптау жұмыстары енгізіле бастады. Бұл жағдай қол еңбегін азайтуға мүмкіндік жасады.

1. 3. Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері.

Қант қызылшасының биологиясын және сыртқы жағдайларға қоятын талаптарын білу арқылы оның дұрыс қоректенуін, жарықты пайдалануын, топырақты ғылыми негізде өңдеуді және басқа да мәселелерді реттеп, дұрыс шешуге болады. Қызылшаның биологиялық ерекшеліктерін білгендіктен ғана әр га егістіктен мол өнім жинап, оның қанттылығын арттыра аламыз.
Қант қызылшасы (Beta Vulgaris) сора тұқымдасының (chenopodiacea) Beta L. туысына жатады. Қант қызылшасы жапырақты және тамыржемісті қызылшаны будандастырудан алынған формаларды сұрыптау арқылы өсіріліп шығарылған. Біздің мәдени қант қызылшамыздың арғы тегі - жабайы қызылша, ол Жерорта теңізінің жағаларында, бізде Каспий маңында, Закавказьеде кездескен.
Жабайы қызылшаның тамыры ағаш сияқты қатты, кішкентай, қант мөлшері 0, 2-6, 0% шамасында болды.
Қант қызылшасының толық даму кезеңі - оны егіп тұқым өнімін алғанға дейін - екі жылға созылады. Қызылша бірінші жылында жер астында жуан тамыр таратады, оның қанты көп болады, ал жер бетінде - тамырының үстінде жапырақтары өседі. Екінші жылы отырғызылған тамыры гүл сабағы мен дән береді.

http://moidachi.ru/uploads/images/00/01/03/2015/06/22/afc5c4.jpg Сурет - 1. Вегетациялық кезеңі

Қант қызылшасы бірқалыпты болып былай дамиды : жерге себілген тұқым жылу, жарық және ауа жеткілікті болса, бөртіп өне бастайды. Ең алдымен ұрық тамыршалары өседі, содан соң дән жарнағы мен тамыршаның арасындағы ұрықтың бір бөлігі дамиды. Бұл дән жарнағының сабақшасы деп аталады. Тамырша жерге тереңдеп, бойлай береді, ал дән жарнағының сабақшасы жер бетінде дән жарнақтарын шығарады. Олар көгеріп, жапырақтардың қызметін атқарады.
Жас өсімдік, көктеуден жер бетіне дән жарнағын шығаруына дейін ұрықтың ішіндегі заттармен қоректенеді. Кейіннен кәдімгі жапырақтар пайда болып, тамыры өскен соң жас өсімдік өздігінен қоректене бастайды - қоректік заттарды тамырша арқылы топырақтан, көк дән жарнағы және жапырақтар арқылы ауадан алады.
Вегетация дәуірінің екінші жартысында тамырда қант жиналу да күшейеді. Қант қызылшасын су және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етсе, оның салмағы 1 кг-нан көп болуы мүмкін, 10 кг дейін жететін кездер де болады.
Суармалы жерде қызылша қара күзге дейін өсе береді. Негізгі тамырлардың пайда болуы және онда қанттың жиналуымен қызылша өсімдігінің алғашқы жылғы тіршілігі аяқталады.
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.
Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 150-170 күн, ал екінші жылы 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады.
Қант қызылшасының тұқымы 3-4°С температурада өніп шығады. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал керек.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу керек.
Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күн сайын үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, содан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзілуі мүмкін.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасының тамырына жиналатын қант мөлшері жарық қарқынына тікелей түрде байланысты болғандықтан, жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болуы мүмкін.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасы
Қант қызылшасын өсіру технологиясы
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Қызылшаның тамыр жүйесі
Қызылшақант өндірісінде қалдықтарды қолдану
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Қант қызылшасының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz