Пайдалануға берілген жаздық бидайдың сорттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Алматы облысы «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығы жағдайында жаздық бидайдың себу мерзімі мен мөлшерінің оның өнімділігіне әсері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 6В08101-«Агрономия»

Алматы 2020

Мазмұны
беті
№:
Мазмұны: Кіріспе
беті: 7
№: I
Мазмұны: Әдебиетке шолу
беті: 9
№: 1. 1
Мазмұны: Жаздық бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
беті: 9
№: 1. 2
Мазмұны: Жаздық бидайдың морфологиялық белгілері
беті: 11
№: 1. 3
Мазмұны: Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері
беті: 13
№: 1. 4
Мазмұны: Жаздық бидайдың өсіру технологиясы
беті: 14
№: 1. 5
Мазмұны: Пайдалануға рұқсат берілген жаздық бидайдың сорттары
беті: 17
№: II
Мазмұны: Тәжірибе жұмысын жүргізген жердің ауа райы, топырағы мен өсімдік жамылғысы
беті: 20
№: 2. 1
Мазмұны: Тәжірибе жүргізілген шаруашылық туралы мәлімет
беті: 20
№: 2. 2
Мазмұны: Тәжірибе жүргізілген жердің табиғи климаттық жағдайлары
беті: 22
№: 2. 3
Мазмұны: Тәжірибе жүргізілген жердің топырағы мен өсімдік жамылғысы
беті: 24
№: III
Мазмұны: Негізгі бөлім
беті: 28
№: 3. 1
Мазмұны: Зерттеудің бағдарламасы және әдістемесі
беті: 28
№: 3. 2
Мазмұны: Зерттеу нәтижелері
беті: 29
№: 3. 3
Мазмұны: Жаздық бидайдың «Қазақстан 10» сортының егістік өнгіштігі және сақталуы
беті: 30
№: 3. 4
Мазмұны: Себу мерзімі мен мөлшеріне байланысты жаздық бидайдың фенологиялық кезеңдері
беті: 35
№: 3. 5
Мазмұны: Себу мерзімі мен мөлшеріне байланысты жаздық бидай егісіндегі арамшөптер
беті: 39
№: 3. 6
Мазмұны: Себу мерзімі мен мөлшеріне байланысты жаздық бидайдың өнім құрылымы
беті: 44
№: 3. 6
Мазмұны: Себу мерзімі мен мөлшеріне байланысты жаздық бидайдың «Қазақстан 10» сортының өнімділігі
беті: 45
№: 3. 7
Мазмұны: Себу мерзімі мен мөлшеріне байланысты жаздық бидайдың «Қазақстан 10» сортын өсірудің экономикалық тиімділігі
беті: 47
№:
Мазмұны: Қорытынды
беті: 51
№: IV
Мазмұны: Еңбек қорғау
беті: 52
№:
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі
беті: 57

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда дүниежүзінде орын алып отырған басты мәселенің бірі - азық-түлік тапшылығының алдын-алу іс-шарасы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, қазір 40 мемлекетте азық-түлік тапшылығы байқалады. ХХІ ғасырдың күшті әрі экономикасы тұрақты мемлекеті ретінде, өндіретін азық-түлігі ішкі сұранысты қанағаттандыратын және өнімін экспортқа шығара алатын мемлекет жатады. Бұл көзқарастан алғанда, Қазақстан астық дақылын өндіруші және сырт мемлекетке шығарушылардың қатарында әлемдік ірі ондыққа енеді. Аталмыш астық дақылдарының басым бөлігін жаздық дәнділер құраса, отанымыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында күздік бидайды өсіру кеңінен қолданыс табуда. Экспорт жағына келсек, жыл сайын еліміз 6, 7 млн тонна астық пен ұнды сыртқа жөнелтті. Соның ішінде алыс шетелге - 5, 8 млн тонна, Кеден одағы елдеріне - 0, 9 млн тонна.

Соңғы жылдары астық өндіруде республиканың, әсіресе, негізгі астықты алқап - солтүстік өңірдің диқандары біраз табыстарға жетті. Республика бойынша 2019 жылы 19, 2 миллион тонна, ал өткен жылы 21, 7 миллионға жуық астық өндірілді. Бірақ оның орташа түсімділігі 15-16 центнерден аспай отыр. Бұл дүниежүзілік орташа көрсеткіштен 7-8 центнерге төмен.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің басты бағыты - астық өндіру, оның ішінде негізгі азықтық дақыл - бидай өсіру. Республикамыздың, әсіресе, солтүстік өңірдің, ауа райы жағдайы бұл дақылдан өте сапалы, бәсекелестікке төтеп бере алатын өнім өндіруге өте қолайлы. Жақын жылдары біз астықты экспорттаудан дүние жүзі бойынша алдыңғы бестікке шыға аламыз. Өткен жылы Орталық Азия аймағы бойынша астық дақылдарын өндіру жайлы Есіккөлде өткен аймақтық халықаралық конференцияда белгілі ғалым Санджай Раджарам жақын жылдары Қазақстанның астық өндіруді 2 еседей арттыруға мүмкіндігі бар екенін айтқан еді. Келешекте астықты экспорттау еліміздің экономикасының негізгі бір табыс көзіне айналатынына күмән жоқ. Бұған дүние жүзінің дамыған мемлекеттері де айтарлықтай көңіл бөліп отыр. Мәселен, АҚШ-ты алсақ, олар 19 млн. гектар егіс алқаптарынан орта есеппен 23-24 центнерден өнім жиып, 6 миллиард АҚШ долларына жуық табыс түсіреді. Канаданың ұлттық табысының 9 пайызы ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаудан түседі. Соның ішінде астықтан түсетін табыс 30 млрд. Канада долларын құрайды екен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығы-біздің негізгі ресурстарымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4, 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктерді фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс» деп атап өтті[1] .

Ауыл шаруашылығы еліміздің, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті аграрлы мемлекеттер қатарына кіреді.

Жаздық бидай Қазақстанда негізгі азық-түлік дақылы. Бұл дақылдың егістік көлемінен және астық жинаудан Қазақстан, Ресей Федерациясынан кейін екінші. Жаздық бидайдың егістіктерінің негізгі аумақтары республиканың солтүстік Қазақстандық далалы жерлері. Көпжылдық мемлекеттік сорт сынаудың мәліметі бойынша, тек осы жерлерде, жаздық бидайдың дәнінде ең көп ақ уыз бен клейковина болады.

Бидай саудасы да - «қара алтын» секілді мол табыс әкелетін нарық. Ал бағасы ауа райына қарай құбылады. Әсіресе соңғы жылдары бидайдың тұрақты түрде қымбаттауы байқалады. Өйткені оны ас ретінде тұтынуды былай қойып, мал шаруашылығы мен химия өнеркәсібінде пайдалана бастадық. Бидай пластмасса, желім, түрлі талшық, биоотын, спирт, тағам өндірісі үшін керек. Ал ұнды алтын және мұнай өндірісінде пайдаланып жүр.

Біздің елімізде өсірілетін бидайдың сапасы жоғары, яғни қымбатқа сатуға әбден лайық. Өзімізде өсетін бидайдан тартылған ұн шікәмшіл тұтынушының көңілінен шығады. Әлбетте, отандық өндірушілердің сапалы өнім шығаруына ауыл шаруашылығында белгіленген жоғары стандарт пен қатаң мемлекеттік бақылау ықпал ететіні сөзсіз.

Қазіргі жоғары механикаландырылған және мамандандырылған ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында бидай түсімін арттыра берудің және мол өнім алудың негізгі факторы - дақыл үшін ылғал, қорек және су режимінің ең қолайлы жағдайын жасаумен қатар, оның аса бағалы сорттарын өсіріп шығару болып табылады.

Орындалып отырған дипломдық жұмыс мақсаты «Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, «Агроуниверситет» өндірістік тәжірибе шаруашылығы жағдайында жаздық бидайдың тұқым себу мерзімі мен мөлшерінің оның өнімділігіне әсерін» анықтау болғандықтан, төмендегідей міндеттерді шешу қажет: -тәжірибе жүргізілген жердің ауа райы, топырағы туралы мәліметтер алу;

- себу мерзімі мен мөлшеріне тәжірибелер қою;

-алынған тәжірибелер нәтижесіне байланысты қорытындылар жасау және оның экономикалық тиімділігіін анықтау:


1. Әдебиеттерге шолу бағдарламасы

1. 1 Жаздық бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы

Бидай ( Triticum L. ) - астық түқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. Бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бидай егісінін, көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады да, бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшерін құрайды. Жаздық бидай егісі солтүстік ендіктің 60° деңгейінен де асып кетеді, шығыста бойлықтың 45° деңгейіне дейін егіледі. Күздік бидай Украинада, Молдавияда, Белоруссияның біраз жерінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда, Волганың оң жақ жағалауында, Казақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысында және Орта Азия республикаларында өсіріледі. ҚР астық өндірісін қарқындатуда жаздық бидайдың алатын орны ерекше. Себебі, астық өнімдерінің 60-70% жаздық бидай үлесіне тиеді. ТМД мемлекеттерінің оңтүстік-батысында, Сібірде және Қазақстанда өсірілетін жаздық бидайдың дәнінде 16-18% белок бар, ал қуаңшыл жылдары белогі 20% дейін жетеді. Әсіресе, белок қатты бидайда көп. Қатты бидай ұнынан макарон, манка ботқасын, кеспе және вермишель, ал жұмсақ бидай ұнынан негізінен нан жасауға, содан кейін белогі аз ұнға қосу үшін пайдаланады. Біздің елімізде өсетін жаздық бидайдың жоғарғы технологиялық сапасы барлық дүниежүзінің елдеріне аян.

Европадағы елдерде адамға қажетті барлық калорияның 35% бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, Ві витаминінін 70-80%, РР және Е витамииінің едәуір белігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Сұрпына қарай бидайдың құрамындағы крахмал мен көмірсулардың мөлшері 50-70%-ға дейін, ақуыздар 10%-дан 20%-ға дейін жетеді. Сондай-ақ, өсімдік майлары, дәрумендер (В1, В2, В6, С, Е, РР), минералдар (калий, кальций, магний, фосфор т. б), өзектер, пектинді заттар, сонымен қатар белсенді ферменттер бар. Бидай наны азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. Оны пайдалану нәтижесінде ас қорыту жақсарады және басқа қоректер де жақсы сіңеді. Бидай белогының да ерекше бағалы қасиеттері бар, оның амин қышқылдық құрамы үйлесімді келеді [15] .

Әлем бойынша, басқа дақылдарға қарағанда, бидайға бөлінетін егістік алқабы тым аумақты. Мәселен, 2009 жылы 225 млн гектарға бидай себілді. Бұл Мексика жерінен асып түседі. Жер бетінде жыл сайын 650 млн тоннадай бидай жиналады. Дегенмен мұндай жоғары көрсеткішті місе тұтып, мамыражай күй кешуге болмайды. Бидай шығымына «жаһандық жылыну» құбылысының тигізер әсері ерекше. Өйткені құрғақшы­лық жылдары аз өнім алынатыны белгілі. Рас, осыған дейін астық тапшылығына бақуатты елдер бас қатырған емес. Көбінде бидай қоры жеткілікті. Алайда жер бетінде адам саны артқан сайын бүкіл қажеттілікті қамтамасыз ететін бидай қорына зар болатын күн алыс емес дейтіндер көп. 2011 жылғы санақ бойынша, Жер шарын мекендейтін халық саны 7 миллиардтан асты. Демографиялық есептеулерге жүгінсек, 2050 жылға қарай 9 миллиардқа да жетіп қаламыз. Міне, сол кезде азық-түлік тапшылығы байқалуы мүмкін [5] .

Жаздық бидай республикада 13, 7 млн гектарға өсіріледі. Негізгі егісі солтүстік және батыс өңірде орналасқан. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында жаздық бидай егісінің 60-70% шоғырланған. Жаздық бидай республикада негізінен тәлімі жерлерде өсіріледі. Дақылдың орташа өнімділігі 11-12 ц/га құрайды [3] .

Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін. И. С. Сулейменовтың (1973) деректері бойынша, Қазақстанда бидайды Семей губерниясының суармалы жерлерінде 1834 жылдан бастап өсіре бастаған, 19 ғасырда Қостанай, Ақмола облыстарында, ал 20 ғасырдан бастап барлық облыстарда өсірілген [6] .

Жер бетiнде бидайдың 20-дай түрi кездеседi, әрбiр түрдiң көптеген сорттары бар. Олардың өздерiне тән тұрақталған белгiлерi болады.

Ең маңыздылары қатты және жұмсақ бидайлар. Қатты бидайдың эндоспермi тығыз болады. Қатты бидайды ерте көктемде себедi. Ол топырақ және климат талғайды. Қатты бидай ауа райы жылы, жарығы мол, топырағы құнарлы Оңтүстiк және Оңтүстік шығыс аудандарда себiледi. Қатты бидайдың сортарын Қазақстанның солтүстiк аймақтарының астықты аудандарында көптеп себедi. Қатты бидай эндоспермiнiң төрттен бiрiн ақуыз (белок) түзедi. Жұмсақ бидайдың эндоспермi борпылдақ, ұнтақ тәрiздi келедi әрi ақуызға (белокка) онша бай болмайды. Жұмсақ бидай топырақ пен жылылықты таңдамайтындықтан барлық жерлерде кеңiнен таралған. Бүкіл адамзаттың, солардың ішінде біздің еліміз халқының негізгі тағамы үшін жүмсақ бидай пайдаланылады. Жұмсақ бидайға жататын түрлердің масағы тығыз емес, масақшалары сиректеу (Д=10-22, сирек жағдайда 23-38), ұзындығы 5-17 см, масағының үзымдығы енінен 4-5 есе артық, масақтағы масақшалар бір-бірінен алшақ, жоғары қарай қиғаш орналасқан, дәндерінің үзындығы 5-9 мм, үзынша сопақшадан жұмыртқа тәрізді пішінге дейін өзгеріп отырады: ұзындығы әдетте дәнінің енінен 2 есе артық, кейде енімен шамалас, яғни домалак болып келеді [7, 8, 9] .

Бидай өнімдері тек адам үшін ғана емес, сонымен қатар мал үшін де бағалы азық. Ол құрама жем өнеркәсібі үшін пайдалы комплект болып табылады. Мысалы, біздің елімізде 50 млн. тонна шамасында бидай дәні мал азығы үшін пайдаланылады. Бидайдың өзінен және дақыл қалдықтарынан дайындалған жеммен үй жануарлары да, құстар да тез өсіп, жақсы семіреді. Бидай сабаны да едәуір бағалы ірі жемшөп қатарына жатады, ол басқа дақылдармен бірге сүрлемге де салынады. Сүттеніп пісе бастаған көк күйінде орылып, малға берілетін бидай қарабидай сияқты, жүгері өсіп жетілгенге дейінгі аса бағалы мал азығы. Бидай өнімдері өнеркәсіпте де кең көлемде пайдаланылады. Мысалы, бидай дәнінен крахмал, спирт, май және клейковина алынады. Бидай сабанынан қағаз, картон, өнер бұйымдары және басқа да заттар жасалынады. Барлық ауыспалы егіс жүйесінде бидай санитарлық дақыл болып табылады [16, 17] .

Сонымен адам қоғамының дамуында, оның мәдениетінің артуында астық тұқымдас мәдени өсімдіктер, олардың ішінде аса бағалысы - бидай ерекше роль атқарғаны байқалады. Сол ерте замандардан бастап қазіргі уақытқа дейін бидайдың экономикалық маңызы төмендеген емес.

1. 2 Жаздық бидайдың морфологиялық белгілері

Бидайдың морфологиялық белгілері систематиктер үшін түрлерді және әр түрдің ішіндегі түршелерді Triticum L. туысының шегінде теңестіру құралы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар кейбір морфологиялық белгілер селекционерлер үшін сұрыптау объектілері, генетиктер үшін тұқым қуалау белгілерін бақылау материалы болып табылады және ең ақырында, олар иммунологтар үшін де қажет болып саналады [10] .

Бидай өскіндері қою қара, жасыл, көкшіл көбінесе сарғыштау-жасыл, ашық жасыл түсті болады. Жапырақ тақталарының ұзыыдығы 8-35 см, кейде онан да үзын, ені 0, 7-2, 5 см, жылтыр (тегіс), біртекті (беті кедір-бұдыр) немесе қысқа түктер басқан (қолға жұмсақ болып тиеді) . Жапырақ қынаптары жалаңаш немесе түкті. Олардың жапырақ тақталарына өтер же-рінде тілше мен құлақшалар бар. Құлақшалардан кейде жапырақ тақтасының жиегіне өтетін ұзын түкшелері болады немесе болмайды. Тілшесіз (жарғақты өскінсіз) түрлері де болады. Сабағының биіктігі 30-200 см. Сабағының іші бүкіл ұзына бойына қуыс болады. Сабанының буыны жалаңаш немесе үйкелуден түсіп қалатын қысқа түктермен көмкерілген [10, 11] .

Бидай өсімдігінің тамыры екі түрлі болады. Түқым өніп шыққанда жас өсімдікте ұрық тамырлары түзіледі. Қосымша тамырлар немесе буын тамырлары әдетте бесеу, колеоптильдік тамырлар біреу-екеу болады, буын тамырларының саны ауа райына, топырақ жағдайларына қарай өте өзгеріп отырады. Ұрық тамырлары әрқашан да жіңішке, диаметрлері бірдей, бүйір тармақтары бар және олар бүкіл вегетациялық кезең бойы қызмет атқарады. Ұрық тамырының негізі дәнді астық тұқымдастар сүттеніп пісуінің бастапқы кезеңінде, бірінші жұбы - сүттеніп пісудің басы мен орта кезеңінде, екінші жұбы - сүттеніп пісудің соңы мен балауызданып пісудің бастапқы кезеңінде түзіледі. Балауызданып пісудің ортасы мен соңында колеоптильдік тамырдың меристемалық ошақтары оқшауланады. Буын тамырлары негізгі өркенде жаздық бидайдың 1 - 4 жапырақтары, күздік бидайдың 1 - 8 жапырақтары бекінетін жерден жоғарырақта түзіледі. Тамыр жүйесі жалпы алғанда жаздық бидайда түқым көктеп шыққаннан кейін 30-40 күн өткен соң, күздік бидайда 50-60 күн өткен соң толық қалыптасады [10, 12, 13] .

Сабағы - бидайдың өнім түзуге қатысатын мүшелерін көтеріп тұратын орталық ось болып табылады. Сабақ жапырақтардың, масак өзегінің, жанама өркендерінің, қосалқы тамырдың қалыптасуына тікелей қатысады. Сабақта мүшелерді бірыңғай жүйеге біріктіріп, заттар айналымын қамтамасыз ететін өткізгіш тканьдер орналасады. Дән байлау кезінде пайдаланылатын қор заттары да сабақта жиналады. Ол сондай-ак ассимиляциялық қызмет атқарып, құрғақ заттардың түзілуіне қатысады. Бидайдың сабағы тік өседі, цилиндр пішінді келеді, ол буындар мен буып аралығынан түрады, әдетте беті тегіс. Бидай сабағының әдетте жер бетінде 5 - б буыны болады: буын аралығы сабактың төменгі жағында қысқа болады. Сабақ жер астындағы бірінші буын аралығынан өсе бастайды да, кейінгілеріне тарала береді, мүнда екінші буын аралығы өсуі жөнінен бірінші буып аралығын, үшіншісі - екіншісін басып озады және т. с. с. Сонымен, барлық астық түқымдастар секілді бидайдың өзіне тән ерекшелігі - онда бірнеше өсу нүктелерінің болуы. Олар әрбір буын аралығының түбіндегі буын үстінде орналасқан. Жоғарғы буын аралығы төменгі буын аралығынан 6 - 12 есе ұзын болады. Бидайдың көптеген сорттарының буын аралықтары қуыс болса, бунақтары бітеу, олардың іші толы болады [6, 10, 11, 12] .

Өсімдіктің биіктігі (сабағының ұзындығы) генетикалық негізге байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдайларына да тәуелді болады. Өсімдік биіктігінің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткені ол дақылды жинау әдісі мен оның ауыр-жеңілдігі соған да байланысты болады, сонымен қатар оның дақылдың құлал жатып қалуына да қатысы бар. Жерге құлап жатып қалмайтын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.

Жапырағы - бидайдың негізгі ассимиляциялаушы мүшесі. Ол жапырақ тақтасынан және сағақты қамтитын қынаптан тұрады. Нағыз жапырақтар са-бақта екі қатар болып орналасады. Әрбір жапырақ өзінен жоғары және төмен орналасқан жапырақтарға 180° бұрыш жасай орналасады. Қалыпты қынап сабақтың төменгі 2/3 бөлігін жауып тұрады, ал қолайсыз жагдайларда масақ кынаптан толық ұзарып шықпайды. Әрбір қынап буынға дейін бойлай бөлінген. Жапырақ тақтасына сызыктық және параллель жүйкелену тән, бұл жағдай бүкіл типтері тұқымдасына ортақ. Жапырақтың үстіңгі бетінде бірқатар бойлық қырлар пайда болады, олар өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағына орналасқан тканьдерден түзілген. Ортаңғы жүйке тақтаның астыңғы бетінен керініп тұрады. Тақтаның екі бетінде де устьицелер болады, устыицелер астыңғы бетіне қарағанда үстіңгі бетінде көбірек болады. Жапырақ тақтасының төменгі бетінде қыр болмайды және ол үстіңгі бетіне қарағанда әдетте едәуір тегіс келеді. Жаздық бидайдың негізгі өркенінен 7 - 8 жапырақ шығады. Күздік бидайдың негізгі өркенінен 13 - 14 дейін жапырақ еседі. Жапырақтардың көпшілігі өскін пайда болған соң қалыптасады. Жаздық бидайда жапырак, тіршілігінің жалпы ұзақтығы 49 - 78 күнге созылады [10, 12, 13] .

Масағы дақыл түптене бастаған кезде қалыптасады. Бидайдың гүлшоғы - масақ. Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай масақ қалыптасады да, осыдан сыртка шығады (масақтанады) . Оның негізгі қылтанағы (өзегі) - иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар мен буын аралықтарынан тұрады. Өзектің әрбір буын аралығы түбіне қарай тарылып, ұш жағына кеңейеді. Масақ жетілмеген, түрі өзгерген өркенге айналған масакшалардан түрады. Бидайдың масағы - қондырма масақ. Масақшада үштен беске дейін гүл болады. Жоғары гүл әдетте рудименттік мүше. Әр масақ бүйірінен бір-екі масақ қауызымен оранған, ал әрбір гүлдің сыртқы және ішкі гүл кауызы бар. Гүлдің ішіне үш аталық және екі ауызды аналық орналасқан. Гүлдің ең түбінде шағын екі пленка - лодикул орналасқан. Гүлдеу кезінде олар ісініп, гүл ашады. Гүлдеп болған соң лодикул солады. Тозаңқаптың пішіні жебеге үқсайды: оның әрқайсысы гүлге жіңішке аталық жіпшесімен бекінген. Масақтың және гүл қауызының хлорофильді ткані, түтік шоғы және устыицелері болады. Сондықтан олар ассимиляция және булану процестеріне қатысты. Масақтанудың соңын ала гүлдеу процесі басталады. Ең алдымен масақтың ортаңғы белігінің гүлдері, одан соң төменгі және жоғарғы бөліктерінің гүлдері гүлден бастайды. Тозаңқабы ең жоғарғы шегіне жетіп, сарғаяды, ал бұл кезде аналық та жайылып өседі [10, 11, 12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Бидай дақылы
Күздік бидай және қара бидай
Жаздық бидай сорттарының өнімділігі
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Жаздық бидайды өсіру технологиясы
ЖШС Сартомар шаруашылығының топырақ– климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы
Дәнді дақылдардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz