Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АГРОБИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Алматы облысы «Агроуниверситет» ОТШ жағдайында жүгері жаңа сорттарының өнімділігін зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 6В08101 - Агрономия
Алматы 2020
АЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста мынадай анықтамалар берілген терминдер пайдаланылды.
Бақылау - белгілі аумақта өндірісте пайдалануға рұқсат берілген сандық- сапалық белгілері
Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты ерекшелігі;
Қасиет - өсімдіктің тиісті құралдармен өлшеуге немесе көріп бағалауға болмайтын, бірақ селекцияда пайдалану үшін анықтау, талдау және сұрыптау жүргізілетін нақты биологиялық ерекшелігі;
Өнімділік - бір өсімдіктен немесе нақты егіс ауданынан алынатын және тиісті өлшеммен белгіленетін өнім мөлшері.
Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи жағдайларда және өндірістік мақсаттарда өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасы бойынша селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы;
Сұрыптау - генотиптерді дифференциалды ұдайы туындату үрдісі, эволюцияның және селекцияның басты факторы;
Фенотип - генотиптің қоршаған ортамен қарым-қатынасы негізінде қалыптасқан барлық белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы.
ШАРТТЫ БЕГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ЫСҚАРТУЛАР
МемСТ - мемлекеттік стандарт
ҒӨО - ғылыми - өндiрiстiк ортaлық
ЖШС - жеке шаруашылық серіктестігі
0 С - грaдyс Цельсия
Дана/м 2 - 1 метр квадраттағы дана
т -тонна
гa - гектaр
кг - килограмм
г - грaмм
л - литр
см - сaнтиметр
кг/гa - килогрaмм гектaрынa
ц/гa - центнер гектaрынaн
a. -қ. м. - aбсолюттi-құрғaқ мaссa
дaнa/гa - 1 гектaрдa дaнa
м 2 - шаршы метр
кес. - кесте
КІРІСПЕ
Жүгері - дүние жүзіндегі кең көлемде тараған өнімнің бір түрі. 2009 жылын бастап жүгері егілген жалпы жер көлемі 158 млн га жетті, бұл бидайдың егіс жермен салыстырғанда екінші орынды иеленіп отыр және бидай өнімдері арасында жалпы өнім жинауда көшбасшы болып келеді. Өнімнің егу алаңының көлемі өсімдіктің пайдалану шекарасы және қолайлы жағдайда оның өнімділігімен анықталады.
Аграрлық өндірістің бекемділгі - еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Қабылданып отырған шаралардың бірі және күтілетін нәтиже - жүгерінің мол өнім беретін жаңа сұрыпын сынақтан өткізу және жергілікті жағдайда оның ішінде - жүгері өндірісін арттыру.
Тақырыптың өзектілігі. Алматы облысының топырақ қабаты және климаттық жағдайының қалыптасу ерекшелігі ауылшаруашылық саласының барлық түрлерін дамытуға қолайлы аймақ болып есептеледі. Өңірде ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемі 765, 7 мың гектарды алып жатса, оның дәнді және бұршақты дәнді дақылдар өсірілетін колемі 226, 5 гектарды құрайды. Егін шаруашылығының көлемі жөнінен оңтүстік өңірі республикада алдыңғы қатарлы аймаққа жататындықтан мұнда егістік үшін қолданылатын жер көлемі жыл өте келе тұрақталып келеді. Осыған орай өңірде өсірілетін дақылдардың өнімін арттыру, оның сапасын жақсартудың негізі болып оларға әртүрлі органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану қажеттілігі туындауда. Топырақ құрамындағы қоректік затттар қаншалықты жеткілікті мөлшерде болғанымен, бірнеше жыл қатарынан егілген дақылдарға оны пайдалануда бұл қорлар ертеме, кешпе азаяды. Дәндік жүгерінің әртоннасы топырақтан 100 килограмға жуық қорекзат пайдаланылатыны ғылыми дәлелденгендіктен, осы қорекзаттар шығындарының орнын үнемі әртүрлі тыңайтқыштармен толықтырылу қажеттілігі туындап отыр.
Алматы облысы «Агроуниверситет» ОТШ жағдайында жүгері жаңа сорттарының өнімділігін зерттеу жағдайында астық шаруашылығы бағыттында жүгері өнімін өсірудегі зерттеу бағдарламасында негізгі басымды бағыттар белгіленіп отыр: - жергілікті табиғат жағдайында отандық селекциясын пайдалана отырып, сорттардың өнімділігін сұрыптаудан өткізу.
Жұмыстың мақсаты - жүгерінің өнімділігін арттыра отырып, Қазақстанның мал шаруашылығы саласында калориясы мол жем-шөптік мал азыығында сұранысты қанаттандыру, бұл отандық жүгері аралас тұқымының және экологиялық тұрғыдан сыналып, сұрыптау арқылы жүргізіледі.
Жаңалығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері барысында Алматы облысы «Агроуниверситет» ОТШ жағдайында кешенді құнды сорттары мен будандарының белгілі ортаға бейімделген, икемді өнімі мен жоғары сапалы, ауруларға, зиянкестерге төзімді жүгері селекциясына бастапқы материалын сұрыптау.
Зерттеудің мақсаты: Алматы облысының Оңтүстік шығыс жағдайында жүгері жаңа сорттары және будандарының шаруашылық құнды белгілерінің көрсеткіштері бойынша селекцияның бастапқы материалын сұрыптау.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
- Зерттеуге алынған жүгері сорттары және будандарының фенологиялық және биометриялық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- Жүгері сорттары және будандарының сандық және сапалы белгілерінің өнімділікке әсеріне талдау жүргізу;
- Жүгері сорттары және будандарының өнімділік көрсеткіштері бойынша сұрыптау.
Күтілетін нәтижелер:
1. Зерттеуге алынған жүгері сорттары және будандарының фенологиялық және биометриялық сапалы көрсеткіштерін таңдау;
2. Жүгері сорттары мен будандарының ішінде сандық және сапалық көрсеткіштері жоғары және орташа үлгілерін іріктеу;
3. Зерттеудің нәтижесінде өнімділігі жоғары және орташа жүгерінің сорттары және будандарын сұрыптау.
- ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Дүние жүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал аскорбин және глютамин қышқылдарын алуға қолданылады. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады. Сүттеніп піскен кезінде жиналған жүгері сабақтары консервіленген (қантты жүгері), мұздатылған түрде пайдаланылады [1] . Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін ыдыратады. Негізгі ферменттер: диастаз көмірсуларды ыдыратып (крахмалды қантқа дейін), лииаза, майларды ыдырататын, ақуыз заттарды өзгертетін- протеолетикалық ферменттер, тотықтырушы ферменттер- пероксидаза. Витаминдер- адам, жануарлар, өсімдіктер өмірінде маңызды рөл атқаратын күрделі және әртүрлі химиялық қосындылар. Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, Р Р, В6) және А провитамині кездеседі. Жүгері егісін табиғи - экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда және жоғары агротехника қолданып өсіргенде, одан өте жоғары әрі тұрақты дән және көк балауса өнімі алынады. Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы корытылатын ақуыздың мөлшері 7, 9 кг 1 кг дәнде 2-3, 4 г лизин, 1-2 метионин, 0, 5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәні барлық мал түрлеріне бағалы кұнарландырылған малазығы [2] . Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңделмей-ақ жақсы мал азығы. Жүгерінің жасыл балаусасында жинаудың алдында 21, 8% құрғақ зат, 2, 5% протеин 1, 8%, ақуыз, 0, 9% май, 4, 7% клетчетка және 12, 4% АЭЗ болады. 11 Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан - линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды. Жүгерінің агротехникалық маңызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді [3] . Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка. Бұл дақыл XV ғасырда Америкадан Испанияға әкелінген. Ресейда, Кавказда, Молдавияда және Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір басқа да солтүсгік аудандарға тараған [4] . Жүгері дүниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140, 1 млн. га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында. Егістік ауданы бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік және Орталық Америка, Азия елдері. Жүгері, сүрлемге өсіріле бастағаннан бері көптеген солтүстік аймақтарда орналасқан мемлекеттерде де өсірле бастады. Кеңестер Одағы кезінде Қазақстанда жүгерінің жалпы егін ауданы 2, 5 млн. га болатын, оның 134, 2 мың гектарына (1985 ж) дәндік жүгері себілетін. Қазіргі уақытта егіс ауданы күрт азайды, республика бойынша жүгері 170 мың. га өсіріледі оның 100 мың гектары дәнді, 70 мың гектары сүрлемдік жүгері. Жүгеріні астыққа өндіруде бірінші орынды АҚШ-28, 8 млн/га, екінші орынды Қытай 23, 5 млн/га, үшінші орынды Бразилия елі иеленеді 12, 0 млн/га. Жоғары өнімді будандар өндіріске өндірілгеннің арқасында көптеген елдер жүгерінің потенциалды өнімділігін алуға қол жеткізіп отыр. Олар: Қытай әргектардан орта есеппен 4-8, 5 ц астық өнімін алып отыр, Иран - 76, 2, Египет - 77, 1, Канада-78, 2, Германия-72, 4, Франция-71, 7, АҚШ-89, 2 ц, Австрия-82, 3, Италия-87, 0, Чили-91, 3 және Греция-95, 0. Еліміздегі әр гектар жүгері егістігінен орта есеппен 44, 6 ц астық алынады. Республикамыздың мемлекеттік жүгері будандарын сынау учаскелерінде әр гектардан алынған жүгері астығы Алматы облысында-94, 4, Жамбыл облысында-101, 8 ц жетті. Жамбыл облысындағы сортсынау нәтижесі бойынша Южный 3 буданы жоңышқадан кейін өсіргенде -116, 7 ц, ВИР-156, ТВ-106, 1 ц астық берген [5] . Жүгері дәнді дақылдар ішінде өнімді мол беретін және құрғақшылыққа ең төзімді дақыл. Отаны Америка болып саналса да жер шарына кең тараған. Жүгері жер шарының терістік ендігінің 58°С - ынан, оңтүстік ендіктің 40°С - ына дейінгі аралықта ойпатты да, қыратты егістікте де, тіпті тау бөктерінде де өсіріледі. Сондықтан жүгері туралы зерттеулер мен алынған мәліметтер, деректер күнделікті және алдағы уақытта да өте кажет. Жүгері өсірудің қарқынды технологиясын толық меңгерген маманды, өсімдік әлеміне үлкен үлес қосты деуге болады. Жүгері - мүмкіншілігі мол дақыл, сондықтан халық шаруашыдығында жан-жақты пайдаланылады. Жүгері тамақ өнеркәсібі үшін аса маңызды дақыл, 12 өйткені оның дәнінде 60 - 80 % дейін крахмал, 10-40 % белок және 6-8 % майлы заттар бар. Жүгерінің дәнінен ұн, кенеулілігі жоғары жарма, қауыз дайындалады. Жүгері ұнын пісіргенде бидай мен қара бидайдың ұнына қосып, пайдаланады. Жүгерінің қантты сорттарын сүттену кезеңінде жинап консерві жасайды [6] . Өнімділігі жөнінен жүгеріге тең келетін дақыл жоқ, әрі егістік жердің бір өлшемінен адамға беретін мол дән мен көк балаусаны ешқандай дақыл бере алмайды. Жүгерінің шығу тегі осы күнге дейін беймәлім. Бірақ көп ғалымдар бұл дақылдың отаны Америка деп санайды. Жүгерінің мәдени түрі оның жабайы түрінен сұрыпталып алынған. Берік жем-шөп қорын жасауда да жүгері маңызы зор дақыл. Жүгерінің дәні малдарға құнарлы жем, себебі оның 1 кг - да 1, 34 мал азыктық өлшем бар [7] . Айта кету керек, Жамбыл облысында 2006 жылы жүгеріні 13, 3 мың гектарға егіліп, әр гектардан 53, 7 центнерден өнім жинады, жүгері егісінің 60 пайызы Қордай, Мерке аудандарында егіледі. Екі ауданның есебімен жоғары болды. Осы аудандардағы «Kazexim Group» компаниясына тиісті «Kazexim - Мерке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылы 100 гектардан 71 центнерден, 2007 жылы 1000 гектардан 80 центнерден өнім жинап, ал 2008 жылы 1000 гектардан 67, 5 центнерден өнім алды. Алматы облысының Панфилов ауданының бұрынғы «Октябрьдің 40 жылдық» колхозының 1960 жылы 30 гектардан 123 центнерден өнім алды, ал колхоз 1983 жылы 9900 гектар жүгерінің әр гектарынан 70 центнерден өнім жиналды. Осы шаруашылқтың әр гектардан 158 - 160 центнерден жүгері дәнін алды [8] . Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты (ҚЕӨШҒЗИ) өзінің көп жылғы зерттеулеріне және озат шаруашылықтардың іс тәжірибелеріне сүйене отырып, жүгері өсірудің тиімді технологиясын ұсынды. Жүгері өсірудің тиімді технологиясынан келер пайда мол. Ол ең алдымен егіншілік мәдениетті жақсартады, атқарылатын жұмыстардың барлығын бүгінгі күннің өскелең талабына сай жүргізуге мүмкіндік береді. Республикада жай технологияны қолданғанда, дәндік жүгерінің әр гектарынан алынған өнім 43, 6 центнер болса, тиімді технологияны қолданғанда алынған өнім 66, 6 центнерге жоғарылады немесе 23 центнер косымша өнім жиналды. 2006 жылы дәндік жүгері егістігінде қолданылған тиімді технологияның республикадағы көлемі 50, 0 мың гектарға жетті. Жүгері негізінен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының суармалы жерлерінде орналасқан. Ауа райының қолайлы болуы, бұл жерлерде жүгерінің, кеш пісетін сорттары мен будандарын егуге мүмкіндік береді. Осыған орай бұл аймақ, республиканың терістік аудандары үшін сүрлемдік жүгерінің сорттары мен будандарының сапалы тұқымын өсірді [9] . Жүгері өсімдігі алғы дақылдарға қатаң талаптар қояды. Оның себебі, өзге топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды жұмсайды. Сондықтан жүгеріні құнарлы топырақты жерлерде орналастыру қажет. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістіктерде жүгеріні жоңышқа қыртысынан, күздік бидайдан, жоңышқа қыртысын 13 аударылған құйқасын және бақша дақылдарынан кейін орналастыру қажет. Қаскелең тәжірибе шаруашылығында жүгерінің жақсы алғы дакылдарын анықтау үшін жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері бойынша, жүгері өнімділігіне дұрыс әсерін жоңышқа, күздік бидай және ас бұршақ тигізсе, ал қант қызылшасы кері әсерін тигізген. Жүгеріні интенсивтік технологиямен өсіру шартгарының бірі оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру болып табылады. Қазақстанның суармалы оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймақтарында жүгері үшін жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақты дақылдар, мақта, ерте пісетін жаздық дәнді дақылдар және бақша дақылдары [10] . Баптап - күту жұмыстары мұқият жүргізілсе, онда жүгеріні қайталап егуге болады. Жүгері танаптарын қанша рет қопсыту қажеттігі жөнінде ғылыми әдебиетте карама - карсы көзқарастар кездеседі. Зерттеуші ғалымдардың анықтамалары бойынша, қатараралықты - 5 рет қопсыту жүгері өнімділігін артыруға әсерін тигізеді. Осындай пікірді, көптегеп ғалымдар қолдайды [11] . Сонымен қатар кейбір зерттеушілер, жүгеріні вегетациясында 2-3 рет қатараралықты қопсыту жеткілікті екендігін айтады. Зерттеушілердің көптеген материалдарын жинақтап, төмендегідей кортындыға келген, жүгеріні квадратты ұяға сепкенде қатараралықты екі рет қопсыту жеткілікті. Яғни ылғал жеткіліксіз аудандарда және арамшөптері аз танаптарда қатараралықты 1-2 рет қопсыту жеткілікті. Жүгері танаптарына гербицидтер қолданыла бастағаннан бері, қатараралықты қопсытудың қажеті жоқ [12] . Жүгері дақылының катараралығын қопсытуда, гербицид қолданумен қатар, кезектесіп жүргізу жүгері егісіне өте қажет етеді. Ондай жағдайда, арамшөптер толық құрылып, жүгерінің өнімділігі артады. Өсімдіктердің тығыздығына әсер ететін факторлар - ылғалдылық және топырақтың қоректік заттар қоры. Жүгері екпе дақыл болғандықтан, өздігінен сиреуге мүмкіндігі жоқ дақыл. Сондықтан оны өсіргенде сортына, жергілікті жердің топырақ және климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдік тығыздылығын реттейді. Көптеген ғалымдардың, тәжірбиелерінің нәтижесі бойынша, әрбір өсімдік қоректік алаңшасы мен тығыздылығынан дақылдың өсіп-өнуі және өнімділігіне байланысты болады. Сонымен бірге, әр өсімдіктегі собықтың саны, ұзындығы, салмағы және дәнінің шығындылығы аталған көрсеткіштерге тікелей байланысты [13] . Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістікте жүгеріні жоңышқа қыртысынан, күздік бидайдан, жоңышқа кыртысының аударылған құйқасына және бақша дақылдарынан кейін орналастыру пайдалы [14] . Жүгерінің өсіру технологиясының негізгі буындарының бірі - себу мерзімі болып есептелінеді. Сондықтан әрбір аймақта оның оптималды мерзімде себу, оның өнімді мерзімінде жинауға, кептіруге және басқа технологияның операцияларды жүргізуі қажет. Егер тұқымды толық жылынбаған топыраққа сепсек, сол себепті уақытынан көгінің жер бетіне шықпауы мүмкін. Көпжылдық тәжірибелердің көрсетулері бойынша, жүгеріні себудің ең қолайлы 14 мерзімі топырақ температурасы 10-12° С қызғанда 10 см тереңдікке сіңіру кажет. Қазақстанның оңтүстігінде, ғалымдардың айтуынша жүгеріні себудің қолайлы календарлық мерзімі 13 сәуірден бастап-мамыр айының 11 жұлдызына дейін. Жүгері - жылу сүйгіш дақыл. Оның жылуға қажеттілігі, температурасын төменгі деңгейімен өлшенеді, яғни бұл кезде оның өсу үрдісі басталады фенология және жылудың сандық жиынтығы, оның әрбір өсу сатысын аяқтауға кажетті [15] . Ғалымдардың дәлелдеуінше жүгерінің көптеген будандарының өнуіне 8- 10°С- температура қажет. Кейбір будандар топырақтың ылғалдылығы оптималды жағдайда болса, онда 6°С өне бастайды. Америка мамандары түнгі температураға да үлкен мән береді. Түннің салқын болуы (14 градустан төмен) және күндізгі және түндегі температуралар арасында күрт өзгерістер болса, ондай жағдайда жүгері өсімдігінің өсу энергиясы төмендейді, сол себепті оның вегетация кезеңі ұзарады. Вегетацияның бірінші кезеңіндегі (көктеу, шашақтану) ең қолайлы орташа тәуліктік температура 20-23 градус болып есептеледі. Ал вегетацияның екінші кезеңіндегі (гүлдену, пісу) оңтайлы температура 22 - 23 градус аралығында жатыр. Себілу көктеу сатысының ұзақтығына топырақтың 10 см тереңдіктегі температура режимі әсер етеді. Неғұрлым температура жоғары болса, кезеңнің ұзақтығы қысқарады. Біздің тәжірибемізде, ерте себілген варианттарда бұл кезеңнің ұзақтығы 18-20 күн болса, ал кеш себілген варианттарда 10-12 күн болды. Жүгерінің көгінің шығуы топырақтың тікелей температурасының жылуына байланысты. Егер температура 10-12 градус болса, өсімдік көгі 18 -20 күннен кейін шықса, 15-16 градус он күннен, 21 градус 5-6 күннен кейін т. б [16] . Кеш себілген варианттарда көктеу - шашақтану мерзімі қысқарады. Мысалы 13 мамырда себілген-жүгерінің осы кезеңнің ұзақтығы - 64 күн болса, ал мамыр айының басында себілген варианттарда 58 - 59 тәулік болды. Шашақтану сүттеніп пісу кезеңі ауаның температурасы 24-26 0 С болғанда тез жүреді, ал температура одан төменірек болса баяулайды. Ал, дәннің толысуы- толық пісу кезеңінің ұзақтығы көбінесе температураға байланысты болмайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы дақылдың себілу мерзіміне байланысты болды. Ерте себілген варианттарда бұл кезең ұзағырақ болса, кеш себілген варианттарда қысқарақ болды. Суармалы егісте жүгері өсімдігінің тығыздылығын реттеу өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді. Әсіресе, ерте пісетін сорттар мен будандарды аудандастырғанда, тығыз себілген танаптарда өнімділікті шектеуші фактор күн сәулесінің радиациясы болып есептелінеді [17] .
3. 2 Жүгері дақылының өнімін арттыруына әсер ететін фактортарға шолу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz