Күздік бидай сорттарының өнімділігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АГРОБИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Алматы облысы «Агроуниверситет» ОТШ жағдайында күздік бидай селекциясы үшін бастапқы материал сұрыптау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 6В08101 - Агрономия

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР
7
:
АНЫҚТАМАЛАР: ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
7: 8
:
АНЫҚТАМАЛАР: КІРІСПЕ
7: 9
: 1
АНЫҚТАМАЛАР: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
7: 11
: 1. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Астық дақылдарының маңыздылығы
7: 11
: 1. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Жаздық бидайды өсіру технологиясы
7: 14
: 1. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Астық дақылдарының биологиялық көрсеткіштеріне сипаттама
7: 16
: 1. 4
АНЫҚТАМАЛАР: Күздік бидайдың сандық және сапалық белгілеріне сипаттау
7: 18
: 2
АНЫҚТАМАЛАР: ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛГЕН АЙМАҚТЫҢ КЛИМАТ ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
7: 26
: 2. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Тәжiрибe жүргiзгeн aймaққa қысқaшa сипaттaмa
7: 26
: 2. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Тәжiрибe жүргiзгeн aймaқтың климaт жaғдaйы
7: 27
: 2. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Тәжiрибe жүргiзгeн aймaқ топырaғының eрeкшeлiктeрi
7: 30
: 3
АНЫҚТАМАЛАР: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
7: 34
: 3. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Тәжірибелік зерттеу жұмысының бастапқы материалдары
7: 34
: 3. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Тәжірибе жүргізу бағдарламасы және әдістері
7: 34
: 3. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Бидайдың өсіру агротехникасы
7: 35
:
АНЫҚТАМАЛАР: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
7: 36
: 3. 4
АНЫҚТАМАЛАР: Күздік бидай сорттарының егістік материалдарының сапасы
7: 36
: 3. 5
АНЫҚТАМАЛАР: Күздік бидай сорттарының қыс мезгілінен шығуы
7: 38
: 3. 6
АНЫҚТАМАЛАР: Күздік бидай сорттарының вегетациялық кезеңі
7: 40
: 3. 7
АНЫҚТАМАЛАР: Топкроссты будандастыруға алынған сорттары және будандары бойынша құрылымдық талдау
7: 43
: 3. 8
АНЫҚТАМАЛАР: Диаллельді будандастырудан алынған будандары бойынша құрылымдық талдау
7: 46
: 3. 9
АНЫҚТАМАЛАР: Күздік бидай сорттарының өнімділігі
7: 48
: 4
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында күздік бидай дақылын пайдалаудың экономикалық тиімділігі
7: 50
: 5
АНЫҚТАМАЛАР: АГРОНОМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЗАҢДАРЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ
7: 53
: 6
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
7: 59
: 7
АНЫҚТАМАЛАР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
7: 60

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста мынадай анықтамалар берілген терминдер пайдаланылды.

Бақылау - белгілі аумақта өндірісте пайдалануға рұқсат берілген сандық- сапалық белгілері

Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты ерекшелігі;

Өнімділік - бір өсімдіктен немесе нақты егіс ауданынан алынатын және тиісті өлшеммен белгіленетін өнім мөлшері.

Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи жағдайларда және өндірістік мақсаттарда өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасы бойынша селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы;

Сұрыптау - генотиптерді дифференциалды ұдайы туындату үрдісі, эволюцияның және селекцияның басты факторы;

Фенотип - генотиптің қоршаған ортамен қарым-қатынасы негізінде қалыптасқан барлық белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы.

ШАРТТЫ БЕГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ЫСҚАРТУЛАР

МемСТ - мемлекеттік стандарт

ҒӨО - ғылыми - өндiрiстiк ортaлық

0 С - грaдyс Цельсия

Дана/м 2 - 1 метр квадраттағы дана

т -тонна

гa - гектaр

мг - милиграмм

кг - килограмм

г - грaмм

л - литр

см - сaнтиметр

мл - миллиметр

кг/гa - килогрaмм гектaрынa

ц/гa - центнер гектaрынaн

a. -қ. м. - aбсолюттi-құрғaқ мaссa

дaнa/гa - 1 гектaрдa дaнa

м 2 - шаршы метр

м 3 - куб метр

кес. - кесте

КІРІСПЕ

Бүкіл әлемдік дәнді дақылдар өндірісі ішіндегі бидай егістігінің әрдайым алдынғы орында тұратыны юарлығына мәлім. Республикамыз аграрлық-индустриялы, Орталық Азиядағы бидай дақылын көп мөлшерде егетін мемлекет болып саналады. Бидай өнімі біздің республикамыздың маңызды стратегиялық ресурсы болып келеді, ол ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты. Астық дақылдарын егу еліміздің аграрлық бағытын дамуының әлеуетті бағыты болып отыр. Астық тек стратегиялық дақыл ғана емес, сондай-ақ, халық шаруашылығында маңызы бар, ұлттық байлық. Дүние жүзі бойынша еліміз сапалы бидай өндіруші мемлекет. Астық өндірісі Республикамыздың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар шетелдік мемлекеттерге экспорттау үшін де өндіреді. ФАО 2050 жылда ғаламшардың халқы 9 миллиардқа дейін өседі деп болжайды. Сол себепті 2030 жылға жершары халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін потенциалды өнімділікті 30-40 % көбейту қажет.

Дәнді дақылдар Қазақстан үшін әлеуметті, экономикалық және стратегиялық маңызды нысандар болып табылады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қарқынды технологиямен бидай өсіріледі, оның орташа өнімділігі 11, 2-11, 5 ц /гектарды құрайды, ал суармалы жерлерде өнімділік 32, 5-35 ц/га жетті. Еліміздің басты мақсаты бұрынғыдай - адамның тамақ өнімдеріне қатысты қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізу болып табылады, егіншілік шаруашылығын тұрақтандыру, елдің азық-түліктік қауіпсіздігі мен оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік нарықтағы экспорттаушыларға лайықты орынды иелену болып табылады. Халықаралық нарықта Қазақстанның орны жылдан жылға нығайып өсуде. Қазақстан 2017 жылы ірі бидай экспорттаушы елдердің рейтингісінде 11-орынға тұрақтады. Отандық өнім 660 миллион 800 мың АҚШ долларына саудаланып келеді. Экспорттың жалпы әлемдік көлемінің үлесі 1, 5% құраса. Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда бидай сату көлемін 47%-ға азайтқанын аңғару қиын емес. Бұдан басқада Франция, Германия, Аустралия және АҚШ елдері де 20%-дан 50%-ға дейін төмендеткені байқалып тұр. Соған қарамастан бұл елдер көшбасшылар тізімінде үздік 5-ке кіреді. Жалпы, 8 әлемдік экспорттың шамамен жартысына жуығы Еуропа елдеріне тиесілі. Экспорттың үштен бірі АҚШ пен Канадаға жөнелтілген. Әлемдік нарықтағы бидайдың шамамен 12%-дан астамы Аустралиядан. 2%-дан астамын Азия елдері тек 0, 1%-ын Африка құрлығы жеткізіп береді. Қазақстан жалпы шамамен 8 млн. тонна бидайды 40-тан астам елге, мысалы, Еуропа, Таяу Шығыс және Араб мемлекеттеріне экспорттайды. Әсіресе Қытай мен Азия елдеріне экспортталатын өнім көлемі артпақ. Елімізде селекция жетістіктері молайып келеді. Осы мақсат үшін оның потенциалын жыл сайын 1, 6-1, 8%-ға көтеру керек, селекциялық және генетикалық әдістердің арқасында 1% артып отыр.

Бүгінгі таңда осы мақсатқа қол жеткізу жабайы тұқымдастардың генетикалық ресурстарын тарту кезінде жүзеге асады. Осы потенциалды жақсартудың маңызды бағыттары абиотикалық (құрғақшылыққа төзімділік, ыстыққа төзімділік, тұздануға төзімділік, топырақ қышқылдығына төзімділік) және биотикалық (аурулар және зиянкестерге төзімділік) жағдайларға тұрақтылығын жоғарылату болып саналады. Қазіргі таңда жұмсақ бидайдың геномында бөгде генетикалық өзгергіштікті жерсіндірудің (интродукциясының) ең тиімді әдісі алшақ будандастыру әдісі болып табылады. Сонымен қатар, диплоидты деңгейде оқшауланған геномдардың арасында қайта әрекет ету мүмкіндігін ашады. Соңғы 70 жыл ішінде Республиканың әртүрлі аймақтарында селекциялық ұжымдар құрылды. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бастапқы жағдайы бидайдың жоғары өнімді және аурулар мен зиянкестерге төзімді сұрыптарын құру болып табылады.

Өзектілігі: қазіргі уақытта қоршаған ортаның стресстік факторларына төзімді көптеген сорттардың өнімділігі төмендеуде, осыған орай күздік бидайдың шаруашыллыққа маңызды да құнды белгілері бойынша өнімділігі жоғары, сандық және сапалық көрсеткіштері, құрғақшылық, құлап қалуға, зиянкестер және ауруларға төзімді аграрлық сала өндірісіне аса маңызды жаңа сорттарды шығару міндеті тұр. Сол себепті Қазақстанның оңтүстік шығысы жағдайында бейімделген, шаруашылық құнды белгілеріне ие және өнімділігі мол сорттарды шығару үшін күздік бидай селекциясына бастапқы материалдарды сұрыптау өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты: зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Алматы облысы «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығы жағдайында болашағы зор сорттарын шығару мақсатында күздік бидай сорттарының нақтылы ортаға бейімделген, өнімі мен сапасы жоғары, ауруларға, зиянкестерге және сұламалыққа төзімді бастапқы материалдарды сұрыптау.

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  1. Зерттеуге алынған күздік бидай сорттарының тұқымының егістік сапалығына және олардың қыстап шығу қабілетін талдау;
  2. Сорттардың вегетациялық кезеңі ұзақтығына және сандық белгілеріне құрылымдық талдау жасау;
  3. Зерттеуге алынған сорттардың өнімділік көрсеткіштерін анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Күздік бидайдың тұқымының егістік сапалығы және олардың қыстап шығу қабілеті жоғары сорттарын іріктеу;
  2. Вегетациялық кезеңі ұзақтығы және сандық белгілері жоғары сорттарды сұрыптау;
  1. Селекциялық жұмысқа бастапқы материал ретінде өнімділігі жоғары сорттарды сұрыптау.
  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУАстық дақылдарының маңыздылығы

Бидай, күріш және жүгері адам тағамы үшін қолданылатын маңызды дәнді дақылдардың үштігіне жатады [2] . Бидайды өсіру ерте заманнан басталған [3], 1 жыл бұрын, неолит кезеңінен бастау алады. Алғаш өсірілген бидай диплоид (einkorn) және тетраплоид болған (emmer) . Осыдан 8000-9000 жылдар бұрын гексаплоидты жұмсақ бидай (AABBDD) Оңтүстікшығыс Түркияда өсірілетін эммер (AABB) мен Aegilops tauschii (DD) будандастыру арқылы алынған болатын. Бұл будандастыру тазарту жағдайларға тәуелсіз бірнеше рет жүргізілген болуы ықтимал, сәйкесінше будандастыратын серіктес ретінде тазаланбаған тетраплоидты бидайды да қолданды. Бұл гексаплоидты тазаланған бидай (мысалы, полба) мен гексаплодиты тазаланбаған бидайдың (мысалы, жұмсақ бидай) түр астының болуымен түсіндіріледі. Гексаплоидты бидай (Triticum aestivum L. ; 2n = 6x = 42 хромосома) ғана мәдени өсімдіктерге жатады. Дегенмен, диплоид пен эммер табиғи популяциялары арқылы мәдениеттендірілген [18; 16, 15 б. ] . Бидай мәдениеттендірілген алғашқы тағамдық дақылдардың бірі [3] . Пісіп-жетілген кезде масақтарының сына бастауы мен масақшаларының оңай үгітілуі жабайы түрлерінен ерте жақсартылған түрлерін ажыратуға мүмкіндік беретін екі маңызды белгілері [4] . Өйткені жоғары стресске төзімді диплоид, эммер мен полба ауылшаруашылығы өндірісінде ұзақ уақыт бойы басымдық танытып келді. Жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum subsp. Aestivum L) қарқынды түрде селекциясы шамамен 100 жыл шамасында бастау алған болатын. Өнімнің артуы, сондай-ақ нан пісіру көрсеткіштерінің жақсаруы, ауруға төзімділік және күздік түрлерінің дамуы жұмсақ бидайдың маңыздылығын арттырады, оны жұмсақ бидай немесе жай ғана бидай деп атайды [3] . Жұмсақ бидайдың геномы ірі, шамамен 71 Gbp, Салыстырмалы түрде аллотетраплоидты жүгерінің геномы 2, 3 Gbp және диплоидты күріш геномы 400 Mbp болады [5] . Бидай геномындағы қайталанатын элементтердің мөлшері айтарлықтай жоғары (83 %) [6] . Жалпы күнделікті калория мен ақуыздың 5-тен бірінің көлемін бидай алады. Дүние жүзі бойынша адамзат тағамының 71%-ы, маңызды жануарлар тағамының 20%-ы және индустрияда қолданылатын алғашқы өнімнің 2-3%-ы бидай өндірісінен алынады [7] . Германияда жұмсақ бидай өндірісінің 50%-ы жан-жануарлардың тағамы ретінде қолданылады [2] . Дегенмен бидай негізінен қолайлы климат жағдайында өсірілетін түр болғанымен, аталған дақыл дамыған және дамушы елдердің түрлі климат жағдайлары мен географиялық аймақтарында кеңінен өсіріледі [7] . Қатты бидай жұмсақ бидайға қарағанда Жерорта теңізі климатына жақсырақ бейімделген [4] . Дүние жүзінде 1961 жылдан 2014 жылға дейін бидай өндірісінің жылдық өсу қарқыны шамамен 2 %-ға жетті [8], бұл меже жылдық өсімі 13 (бүкіл әлемдік бидай өндірісі) Жасыл революциядан кейінгі бірінші онжылдықта шамамен 4, 4 %-дай ғана болған [7] . 20-шы ғасырдың бірінші жартысында алғашқы өндірушілері арқылы әлемдік бидай өндірісінде таралу ареалы мен өнімнің артуы байқалды, оның маңыздылығы бүкіл дүние жүзінде арта бастады. 1960 жылдардан бастап гектардан алынатын өнімнің артуында генотиптердің жақсаруы мен жақсы менеджменттің бағдарламалары маңызды орын алды [3] . Жасыл революция қысқа бойлы және тыңайтқыштарға сезімтал сұрыптарды Оңтүстік Азияда, сосын Латын Америкада, Батыс Азия мен Солтүстік Африкада [7] ендіру арқылы өнімнің артуына үлкен ықпал келтірді, сондай-ақ өсімдік қорғау мен басқару жүйесіне үдеріс әкелді [3] . Жоғары өнімділік пен дәннің сапасын (ақуыздың жоғары мөлшері) жақсарту үшін бидайдың заманауи сұрыптарына азоттық тыңайтқыштардың айтарлықтай мөлшерін, пестицидтер мен кейбір аудандарда суармалы егістікті қажет етеді [3, 4] . Шамамен 15 жылдай бидай өндірісі тұрақты орнынан қозғалмады, 1990 жыл мен 2000 жылдардың арасында өнімдің жылдық өсу қарқыны байқалмады, кейінірек өнімнің жылдық өсімі салыстырмалы түрде шамамен 1, 5 %-дай өсті (2001 жылдан 2014 жылға дейін) [7, 8] . Өнімнің қарқынды өсуіне зиян келтіретін ықтимал факторлар тұздану, топырақтың құнарлылығының жоғалуы, зиянкестер мен аурулар және абиотикалық және биотикалық стресстер болуы мүмкін. Оған қоса климаттың өзгеруінің, әсіресе қуаңшылық әсерінен бидай өндірісіне зияны артуда [7, 2] . Сонымен қатар бидайды дүниежүзілік тұтыну халық санының әсіресе дамушы елдерде артуымен қатар тағамдық қажеттіліктерінің өзгеруі мен артуының әсерінен өсіп отыр. Дамушы елдерде бидайды тұтыну 2050 жылдарға дейін 60%-ға дейін артуы мүмкін [7] . Бидай өндірісінің шығынының 10%-ы патогендер, 2% вирустар, 8% зиянкестер және 8%-ы арамшөптер арқылы болады [9] . Зиянкестер мен ауруларға генетикалық төзімділік селекциясы, сондай-ақ климат өзгерісіне (қуаңшылық, жауыншашынның түсу мөлшерінің өзгеруі, ыстық стресі, тұздану, ауру мен зиянкестердің өзгеруі) бейімделу, оған қоса агрономиялық көрсеткіштерінің артуы тамақ қауіпсіздігін сақтап қалудың бірден бір жолы [7, 10] . Ауылшаруашылық егістікті әлемдік деңгейге дейін кеңейту бидай өндірісінің артуына ықпал етпеуі мүмкін [3, 7] . Топырақтың деградациясы сияқты факторлардың әсерінен құнарлы жерлерді жоғалтудың алдын алу үшін тұрақты өндіріс пен табиғи ресурстарды басқару үшін қажеттілік туындайды [7] . Оған қоса дамыған елдерде ғана емес әлемнің барлық елдерінде органикалық егін шаруашылығы мен тұрақты жүйеге көшу тенденциясы байқалады әрі органикалық өнімдердің нарығы тұрақты түрде өсуде [11, 12] . 2014 жылы дүниежүзі ауылшаруашылық жерінің 0, 99 %-ы органикалық 14 егін шаруашылығының үлесі жоғары. 1999 жылмен салыстырғанда органикалық егін шаруашылығының жалпы көлемі дүние жүзінде төрт есе артты. Латын Америкасынан басқа органикалық ауылшаруашылық жердің жалпы көлемі 2014 жылы барлық аумақтарда артты. Жалпы дәнді дақылдардың 0, 5 %-ы органикалық жолмен өсіріледі, оның аздаған бөлігі бидай болып табылады (2014 жылы 36%-ы) [13] . Бүгінгі таңда көптеген елдердің ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік орталықтарында тритикале дақылының мал азықтық және тағамдық жоғары өнім беретін сұрыптарын шығару жөнінде жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстардың деңгейі орасан көбеюде [14] . Бидай дақылы дүниежүзіндегі ең бағалы азық-түліктік дақыл. Дегенмен оның да өзіндік кемшіліктері бар. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік аймақтарында табиғи суыққа төзімділігі, түрлі өсімдік аурулары мен зиянкестеріне бейімділігі және топырақтың құнарлығына сезімталдығы, дәннің құрамындағы лизиннің аз болуы және тағы басқа да көптеген кемшіліктері бар. Ал қарабидай сұрыптарын алатын болсақ, топырақтың құнарлығын, сыртқы орта жағдайының қолайлы болуын өте көп қажет етпейді. Әсіресе суыққа, түрлі өсімдіктерде кездесетін ауруларға өте төзімді келеді [15-17] . Сондықтан осы екі дақылдың биологиялық қасиеттерін бір организмде тоғыстыру барысында бір өсімдік алынды. Бидай (Triticum) мен қарабидайды (Secale) будандастыру нәтижесінде ең алғашқы алынған өсімдігі дәнді дақыл тритикале деп аталды. Тритикале дәнінің селекциясына 1875 жылы негіз салған Эдинбург ботанигі А. С. Уилсон. Оның мақсаты осы екі дақылдың жақсы қасиеттері бір организмде болатын дән алу болды. Алынған өсімдіктің аталуына бастапқы екі өсімдіктің латын атауы - Triticum және Secale алынды. Оның бастамасын Германиядағы басқа да селекционерлер қолдады, Германияда, Кеңес Одағында, Швецияда тритикале бойынша зерттеу жұмыстары басталды [18] . Тәжірибелер сәтті шықты, жаңа дақыл бүкіл континентке таралды - 1975 жылы тритикале сұрыпының бүкіл әлемдік сынауы Солтүстік және Латын Америкада, Еуропада, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азиада мен Африкада жүргізілді. Жаңа дақыл дүние жүзінде үлкен қызығушылық туғызды. Күздік бидайдан артықшылығы азотты тыңайтқыштардың аз мөлшерін ендіргенде ақуыз мөлшері жоғарылайды [19] . Ол бидайға қарағанда 1, 5-2 есе көп өнім береді, өсіру қиын емес, құнарлығы төмен топырақтарда өсуге қабілетті, ауруларға, қуаңшылық пен аязға төзімділігі оның ауылшаруашылығы үшін маңыздылығын арттыра түседі [19] .

1. 2 Жаздық бидайды өсіру технологиясы

Жаздық бидайдың аймақтық өсіру технологиясы - ауыспалы егістер жүйесінде дақылды жақсы алғы егістен кейін орналастыру, қарқынды жоғары өнімді және сапалы сорттарды пайдалану, топырақтағы қоректік заттардың мазмұнын ескере отыра, өсімдіктерді минералды қоректік элементтермен қажетінше қамтамасыз ету, барлық технологиялық шараларды уақытында және сапалы орындау. Эрозиядан топырақты қорғау, ылғал жинау, ауыл шаруашылығы дақылдарының қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаздық бидайдың өсіру технологиясы азық-түлік өндірілетін стратегиялық дақыл болғандықтан, өңір халқын ұн және макарон өнімдерімен қамтамасыз етуіне байланысты маңызы күрт өсті [20] . Алғы дақыл егісі. Диханның үнемі қамқорлығындағы шара бидай, жетекші азық-түліктік дақыл болғандықтан одан жақсы дән өнімін жинау үшін өсіп- 21 дамуына қолайлы жағдай жасау. Сондықтан, оның егісіне алғы дақыл мұқият таңдалады. Жаздық бидайға ең жақсы алғы дақыл болып өзінен топырақта қоректік заттар және ылғалдың мол қорын қалдыратын, соның әсерінен көгінің уақытында және жаппай шығуына одан әрі қарай өсіп-дамуына мүмкіндік туғызатын мәдени өсімдік саналады. Оларға дәнді бұршақ, отамалы және сүрі танаптары жатады. Сонымен қатар, алғы егістерге қойылатын талаптарға, тек қана өнім деңгейіне және дән сапасына оң әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге зиянды организмдердің дамуы мен таралуына тосқауыл қою. Еліміздің батыс өңірінде жаздық бидайды ауыспалы егісте күздіктерден, отамалы дақылдардан, дәнді-бұршақ, біржылдық бұршақ және қоңырбас тұқымдастардан және көпжылдық шөптерден кейін орналастырады. Себу. Бидай өсірудің агрокешенінде дұрыс себу тәсілін таңдау ең негізгі шараларға жатады. Соңғы жылдары, дақылдың оңтайлы себу мерзімінің маңызы артуда, себебі дән өнімі деңгейі мен сапасы, оның биохимиялық және технологиялық қасиеттері осы шарамен тікелей байланысты. Себу мерзімінің фитосанитарлық рөлі төмендегідей қағидалармен анықталады: - жетекші дақылды оңтайлы мерзімде себу зиянды организмдердің синхрондық дамуын бұзады. Себебі, зиянды организмдер жаздық бидайдың белгілі өсіп-даму сатыларына бағытталады, сол кездегі олардың өсімдіктер мүшелеріне енуі немесе зиян келтіруі максималды деңгейде болады. Жаздық бидайды оңтайлы мерзімде себу өсімдіктің өсу үдерістерін жылдамдату нәтижесінде фитопатогендер мен фитофагтардың паразиттік белсенділігін шектейді және соның әсерінен олардың өзара іс-қимылдарының синхрондық сатысы бұзылады, осының бәрі байланыстырушы кезеңнің қысқаруына әкеліп соғады. Дақылды аймақтың оңтайлы мерзімінде себу, жаздық бидай мен зиянкестердің байланысты кезеңін қысқартады, осының бәрі фитофагтың зияндылығы мен олардың өсімдік көгіне қоныстануы төмендейді; - жаздық бидайдың себу мерзімі егістің фитосанитарлық жағдайына вегетациялық кезең бойы әсерін тигізеді, сонымен қатар, дақылдың пісуі мен өнімді жинау мерзімін анықтайды. Жаздық бидайдың себу мерзімі аймақтар бойынша өзгеріп отырады. Республиканың батыс аймақтарында, егер егістердің ластануының жоғары дәрежесінде әсіресе қара сұлы мен жаздық бидайды кештеу себу, себер алдындағы кезеңнің ұзаруына және гидротермиялық жағдайлар қолайлы болған жағдайда, танаптардың ластануы топырақты себер алдында өңдеу шараларының нәтижесінен төмендейді. Сонымен бірге топырақтағы фитофагтардың дернәсілдері мен қуыршақтарының қыстап шыққан қоры төмендейді. Топырақты өңдеу. Алғы егістеріне байланысты топырақты негізгі өңдеу жүйесі күзде танапты 25-27 см тереңдікке соқамен аударып жыртуға немесе жазық тілгішпен өңдеуге негізделген. Арамшөптермен ластанған танаптарда әсіресе қара сұлы мен көпжылдық арамшөптермен, егер жаздық бидайды дискілі сепкіштермен сепкен жағдайда 22 міндетті түрде себу алдында 6-8 см тереңдікке культивация жасалады. Жаздық бидайды моно дақыл немесе ауыстырмай себу топырақтың құнарлығы деңгейін нашарлатып қоймай, сонымен бірге зиянкестер мен аурулар жасалған инфекциялық фон жоғарылайды. Тыңайтқыштар. Фосфордың негізгі мөлшері сүрі танабына беріледі және ауыспалы егістегі барлық дақылдарды қамтамасыз етуі керек. Егер жаздық бидайды сүдігеріден кейін орналастырса, онда алғы егісіне байланысты тұқымды себер алдында немесе тұқыммен бірге азот және фосфор тыңайтқыштарын 10-20 әсерлі затпен береді. Азот тыңайтқыштары дақылдың вегетативтік массасының өсуін, өнімділік деңгейін реттейді, дән сапасын жоғарлатады. Бірақта олар фосфор тыңайтқыштарымен теңгерілген жағдайда болуы керек [21-25] .

  1. Астық дақылдарының биологиялық көрсеткіштеріне сипаттама

Күздік бидай өзінің маңыздылығымен жаздық бидайға пара-пар бола отырып, күздік жаздықтан бірқатар артықшылықтарымен айрықша: ол күзгі, қысқы және көктемнің басытндағы үнемі ылғал мен қоректік заттардың тиімді пайдаланылды, топырақ эрозиясын болдырмау, ауруларға төзімді болады [25] .

Күздік бидайдың өсуі екі кезеңдері бар: бірінші кезең күзде себуден тұрақты бозқырауланған кезге дейінгі және екінші кезеңі көктемгі тірілуден басталып, дәннің пісіп толықсуы және өсімдіктің қурап қалуып аяқталуын тұрады. Бірінші кезеңде яғни күзде дақылдың тамыр жүйелері мен жапырақ беті қарқындылығы дамиды. Күзгі тқменірек температураның нәтижесінде түптену түйіндерінде және жапырақтардың қорлық заттары, әсіресе қанттар мол жинақталанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Бидай сорттарының физиологиялық және биохимиялық өзгерістеріне құрғақшылықтың тигізетін әсері
Селекциялық ауыспалы егістер
ЖШС Сартомар шаруашылығының топырақ– климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы
Дәндi дақылдар
Күздік бидай сорттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz