Қазақтың ғашықтық жырлары


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
«Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы
«Халық ауыз әдебиеті»
SYLLABUS
6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01702 «Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 6В02301 «Филология:қазақ тілі»
білім беру бағдарламаларына арналған
Құрастырушылар: Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы, ф. ғ. к., доцент, Турганалиева Г. Г, аға оқытушы, магистр.
Орал, 2023 ж.
SYLLABUS «Халық ауыз әдебиеті», 2023 ж. жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалды.
Қазақ филологиясы «Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау» ББ қаралды
Хаттама № 1 « 8__» қыркүйек 2023 ж.
«Тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау» БББ жетекшісі: Турганалиева Г.
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші: Мамыров А. Ы. ф. ғ. к., доцент
(ТАӘ; лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пікір беруші: Мүтиев З. Ж. ф. ғ. к., доцент
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Сарапшы: Темиргалиев Е. Ж.
№36 М. Ықсанов атындағы ЖББОМ директоры
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
1 Пән туралы мәліметтер:ІІ
Қорытынды бақылау түрі
емтихан
30
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
15
20
85
150
Пәннің қысқаша мазмұны: Бізге жеткен фольклор - жанр жағынан бай, көркемдігі жағынан кемелденген, әр алуан қызмет атқаратын рухани мұрамыз және күнделікті тіршілігімізге қолданыста болып, мәдени қажеттігімізді атқарып жүрген ұлттық өнеріміз. Бүгінгі заманға ол көптүрлі, көпсатылы руханият ретінде жетіп отыр. Оның біраз түрі есте жоқ ескі заманда туса, енді бір тобы кейінгі дәуірлерде пайда болған. Олар ұзақ тарихи даму жолында бір-бірімен араласып, тоғысып, бірі-біріне сіңісіп кеткен, сондықтан олардың әрқайсысын жеке бөліп алып, тек соған ғана тән белгілерді анықтау оңай емес. Сол себепті ғылымда фольклордың тарихы, оның жанрлық құрамы дегенде басты критерий етіп фольклорлық шығармада белгілі бір дәуірдің шындығымен қатар санасы, ұғым-түсінігі, наным-сенімі қандай дәрежеде көрсетілетінін, қаншалықты сақталғанын, шығарманың көркемдігі қай дәрежеде екендігін және оның қандай мақсатпен орындалатынын алады. Міне, осы тұрғыдан келгенде бізге жеткен фольклордың жанрларын ежелгі, көне және жаңа (ғұрыптық, көркем және бейкөркем) деп шартты түрде бөлуге болады.
Мақсаты:Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті - фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.
Курстың міндеті:- фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру;
- ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру;
- қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;
- қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклор туралы ғылымның ХVIII ғасырда қалыптаса бастауы жайында мәлімет беру;
- қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бір саласы фольклордың аса құнды рухани байлық екенін түсіне білуге баулу.
«Халық ауыз әдебиеті» пәнін игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы:
- сатылай кешенді талдай білу;
- фольклорлық зерттеу тәжірибесін меңгеру;
- әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игеру.
«Халық ауыз әдебиеті» пәні бйынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. Сонымен қатар,
халық ауыз әдебиеті тарихы, зерттелуі, ерекшелік сипаттары кеңінен көрсетіледі.
«Халық ауыз әдебиеті» пәні өзге де тіл білімі, әдебиеттану, тарих, философия, педагогика, психология, география, экология, эстетика, этномәдениеттану пәндермен байланыстырыла оқытылады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- Курстың теориялық білімін
- Қосымша мәліметтерді
- Курс бойынша негізгі әдебиеттерді
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- Курс бойынша берілген практикалық жұмыстарды
- Курс бойынша берілген өзіндік жұмыстарды
- Курс бойынша берілген шығармашылық жұмыстарды
- Курс бойынша берілген тест тапсырмаларын Игерілетін дағдылар:
- интерактивті оқыту әдістерін білу;
- қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың жаңа заманғы технологияларын меңгеру;
Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы - ф. ғ. к., доцент
Тел: 8-705-137-08-04
Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызы - аға оқытушы, магистр Тел: 8 - 775 - 817 - 18 - 00
Электронды пошта: alua_01. 01. 10@mail. ru
3 Курстың саясаты:- Сабаққа кешікпей келу;
- Сабақ уақытында әдептілік тәртіптерін сақтау;
- Сабақты босатпау, ауырған жағдайда дәрігерден анықтама қағаз әкелу;
Студент оқитын пәнді бекітілген оқу және жұмыс жоспарына сәйкес игеруі қажет. Студент сабаққа қатысып, пәнге қатысты тапсырмаларды уақытында орындап, аудиторияда отыру тәртібін сақтауы қажет.
Өздік жұмыс аудиториядан тыс орындалады. Өздік жұмыс тақырыбы пәнді қызыға оқуға, студенттің ой-өрісін кеңейтуге, берілген тапсырмаларды өздігінен орындауға бағытталған.
Сабақтан қалу, кешігу, жұмысты уақытында орындамау, емтиханға келмеу сияқты студент тарапынан болған кемшіліктер студенттерге қойылатын әкімшілік талаптарына қатысты болады.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұныАпта
Дәріс
Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ
СОӨЖ
СӨЖ
1 - модуль Фольклор теориясы
1-апта
№1 дәрістің тақырыбы: Фольклордың статусы мен
теориялық негіздері
№2 дәрістің тақырыбы: Фольклордың шығу тегі мен даму кезеңдері
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап,
жинақтау
№1 практикалық
сабақтың тақырыбы: Фольклордың теориялық негіздері, даму кезеңдері
Әдістері: Жұптастыру, сұрақ қою, пікіралмасу,
талдау, саралау
1- СОӨЖ
тақырыбы: Фольклор мен әдебиеттің айырмашылығы мен ортақ белгілерін ашып көрсету. Реферат.
1, 2, 3- СӨЖ
тапсырмалары:
Қазақ фольклорын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің хронологиялық кестесін жасау.
4, 5, 6- СӨЖ
тапсырмалары:
М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегін оқып, конспектілеу.
2-апта
№3 дәрістің тақырыбы: Қазақ фольклорының жанрлық құрамы мен тарихи типологиясы
№4 дәрістің тақырыбы: Фольклорлық жанрлардың дамуындағы ортақ процестер
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№2 практикалық
сабақтың тақырыбы: Қазақ фольклорының жанрлық құрамы мен тарихи типологиясы
Әдістері: Топтастыру, Мозайка әдісі, Постер қорғау
2-СОӨЖ
тақырыбы: Фольклорлық жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.
Баяндама.
7, 8, 9- СӨЖ
тапсырмалары:
М. Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» еңбегін конспектілеу.
10, 11, 12- СӨЖ
тапсырмалары:
А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегін оқып, конспектілеу.
3-апта
№5 дәрістің
тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуы.
№6 дәрістің
тақырыбы: Қазақ фольклористикасының дамуы. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№3 практикалық
сабақтың тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуы.
Әдістері: жекелеп-
даралап оқыту,
деңгейлік тапсырмалар орындау, «Автор орындығы» әдісі, Эссе әдісі, бес жолды
мінездеме әдісі, Түртіп жазу әдісі
3-СОӨЖ
тақырыбы: Қазақ фольклористикасының дамуы.
Реферат.
13, 14, 15- СӨЖ
тапсырмалары:
В. Радловтың «Алтын сандық» еңбегін конспектілеу.
16, 17, 18- СӨЖ
тапсырмалары:
Ә. Диваевтың «Тарту» жинағына түсініктеме жасап конспектілеу.
2 - модуль Фольклордың көркем жанрлары
4-апта
№7 дәрістің
тақырыбы: Ғұрыптық фольклор. Тұрмыс-салт жыры. Магиялық фольклор.
№8 дәрістің
тақырыбы: Кәсіпке байланысты фольклор. Төрт-түлік жырлары.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№4 практикалық
сабақтың тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары. Түрлері. Төрт-түлік жырлары.
Әдістері: Жұптастыру, сұрақ қою, пікіралмасу, талдау, саралау
4-СОӨЖ
тақырыбы: Бақсы сарыны. Алғыс, қарғыс, бата беру салты өлеңдері. Реферат.
19, 20, 21-СӨЖ
тапсырмалары:
Г. Н. Потаниннің «Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау керек» деген мақаласының маңызы.
22, 23, 24-СӨЖ
тапсырмалары:
Ш. Уәлиханов «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» оқу.
5-апта
№9 дәрістің
тақырыбы: Отбасылық ғұрып фольклоры. Үйлену салтына, жерлеу рәсіміне байланысты ғұрып фольклоры.
№10 дәрістің
тақырыбы: Балалар фольклоры. Маусымдық ғұрып фольклоры: Наурыз, Қымызмұрындық, Жарапазан өлеңдері.
Әдістері: баяндау,
талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№5 практикалық
сабақтың тақырыбы: Отбасылық ғұрып фольклоры. Үйлену салтына, жерлеу рәсіміне байланысты туған өлеңдер.
Әдістері: Топтастыру,
Мозайка әдісі, Постер қорғау
5-СОӨЖ
тақырыбы: Балалар фольклоры Наурыз, Қымызмұрындық, Жарапазан өлеңдері.
Реферат.
25, 26, 27- СӨЖ
тапсырмалары: Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, үйлену, өлген адамды жерлеу, жоқтау очерктері» еңбегін оқып, конспектілеу.
28, 29, 30- СӨЖ
тапсырмалары:
Қазақтың ұлттық ойындары туралы «Соқыртеке» атты топтама құрау.
6-апта
№11 дәрістің тақырыбы: Дидактикалық фольклор. Қазақ мақал-мәтелдері.
№12 дәрістің тақырыбы: Қазақ фольклорындағы жұмбақтар, жаңылтпаштар.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№6 практикалық
сабақтың тақырыбы: Дидактикалық фольклор. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. Тақырыбы, өзіндік ерекшеліктері.
Әдістері: жекелеп- даралап оқыту,
деңгейлік тапсырмалар орындау, «Автор орындығы» әдісі, Эссе әдісі, бес жолды
мінездеме әдісі, Түртіп жазу әдісі
6-СОӨЖ
тақырыбы: Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері.
Баяндама-реферат.
31, 32, 33- СӨЖ
тапсырмалары: Х. Досмұхамедұлының «Қазақ халық әдебиеті»
баяндамасын, «Аламан» еңбегін конспектілеу.
34, 35, 36- СӨЖ
тапсырмалары:
Ө. Тұрманжановтың қазақтың мақал-мәтелдерін жинақтаудағы еңбегі. Ғылыми эссе.
7-апта
№13 дәрістің
тақырыбы: Прозалық жанрлар. Аңыздық проза. Миф, хикая, әпсана.
№14 дәрістің
тақырыбы: Хикаят, аңыз, шешендік сөздер ерекшелігі.
Әдістері: баяндау,
талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№7 практикалық
сабақтың тақырыбы: Аңыздық проза. Миф, әпсана, хикаят аңыздар көркемдік ерекшеліктері.
Әдістері: Топтастыру, Мозайка әдісі, Постер қорғау
7-СОӨЖ
тақырыбы: Мифтің танымдық қызметі. Жанрлық ерекшелігі.
Реферат.
37, 38, 39- СӨЖ
тапсырмалары:
Ә. Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» еңбегін конспектілеу.
40, 41, 42- СӨЖ
тапсырмалары:
«Еділ», «Жайық» мифтерін оқу.
8-апта
№15 дәрістің тақырыбы: Ертегілік проза: Жан-жануарлар, Қиял-ғажайып ертегілері.
№16 дәрістің тақырыбы: Тұрмыс-салт ертегілері: ғибраттық (новеллалық), сатиралық ертегілер.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№8 практикалық
сабақтың тақырыбы:
Ертегілік проза түрлері: жан-жануарлар, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілері.
Әдістері: Топтастыру, Мозайка әдісі, Постер қорғау
8-СОӨЖ
тақырыбы: Халық прозасы туралы түсінік. Шешендік өнер туралы эссе реферат.
43, 44, 45-СӨЖ
тапсырмалары:
С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық прозасы» еңбегіне талдау.
46, 47, 48-СӨЖ
тапсырмалары:
«Билер сөзі - ақылдың көзі» атты шығарма жазу.
3 - модуль Поэзиялық жанрлар
9-апта
№17 дәрістің тақырыбы: Көне эпос. Жалпы түсінік. «Мифологиялық эпос».
№18 дәрістің тақырыбы: Батырлық жырлар. «Қобыланды», «Алпамыс» жырлары.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№9 практикалық
сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қобыланды», «Алпамыс» жырларының варианттары мен версиялары.
Әдістері: Жұптастыру, сұрақ қою, пікіралмасу, талдау, саралау
9-СОӨЖ
тақырыбы: «Мифологиялық эпос» туралы сараптама жасау. Реферат.
49, 50, 51-СӨЖ
тапсырмалары:
С. Қондыбайдың «Арғы қазақ мифологиясы» еңбегін талдау.
52, 53, 54-СӨЖ
тапсырмалары:
Р. Бердібаев «Қазақ эпосы» оқу, талдау.
10-
апта
№19 дәрістің
тақырыбы: Қаһармандық жырлар. «Ер Тарғын», «Қамбар», «Едіге батыр».
№20 дәрістің тақырыбы: Тарихи жырлар. «Жәнібек хан», «Абылай хан» т. б. жырлар.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Қаһармандық жырлар. «Ер Тарғын», «Қамбар», «Едіге батыр» жырлары халықтық сипаты.
Әдістері: Жұптастыру, сұрақ қою, пікіралмасу, талдау, саралау
10 -СОӨЖ
тақырыбы: Тарихи жырлар туралы талдаулар. «Жәнібек хан», «Абылай хан» т. б. тарихи жырлар туралы реферат.
55, 56, 57- СӨЖ
тапсырмалары: Ш. Ыбыраевтың «Эпос әлемі» еңбегін конспектілеу.
58, 59, 60- СӨЖ
тапсырмалары: Тарихи жырларға хронологиялық кесте жасау.
11-
апта
№21 дәрістің тақырыбы:
Ғашықтық эпос. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.
№22 дәрістің тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры - қазақ романдық эпосының үлгісі.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Ғашықтық эпостар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырлары.
Әдістері: Топтастыру, Мозайка әдісі, Постер қорғау
11, 12 - СОӨЖ
тақырыбы: Ш. Уәлиханов - фольклор зерттеушісі. Реферат.
Шоқан жинаған «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры туралы реферат.
61, 62, 63- СӨЖ
тапсырмалары:
Ы. Дүйсенбаевтың «Қазақтың лиро-эпосы» зерттеуін талдау.
64, 65, 66- СӨЖ
тапсырмалары:
«Қыз Жібек» фильміне эссе.
12-
апта
№23 дәрістің тақырыбы:
Балладалық жырлар. «Айман-Шолпан» жыры.
№24 дәрістің тақырыбы: «Наурызбай-Ханшайым» жыры.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№12 практикалық сабақтың тақырыбы:
Балладалық жырлар. «Айман-Шолпан».
Әдістері: жекелеп- даралап оқыту,
деңгейлік тапсырмалар орындау, «Автор орындығы» әдісі, Эссе әдісі, бес жолды
мінездеме әдісі, Түртіп жазу әдісі
13, 14 - СОӨЖ
тақырыбы: В. Радлов - фольклор зерттеушісі. Реферат.
«Наурызбай-Ханшайым» жыры. Композициялық талдау. Реферат.
67, 68, 69- СӨЖ
тапсырмалары: «Эпос және ақындар мұрасы» конспектілеу.
70, 71, 72- СӨЖ
тапсырмалары: А. Қыраубаева «Ғасырлар мұрасы» конспектілеу.
13-
апта
№25 дәрістің тақырыбы: Дастандық эпос. Қаһармандық дастандар.
№25 дәрістің тақырыбы: Әлеуметтік- сүйіспеншілік, ертегілік қазақ дастандары.
Әдістері: баяндау,
талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№13 практикалық сабақтың тақырыбы: Дастандар. Жанрлық ерекшеліктері. Түрлері. Әдістері: жекелеп-
даралап оқыту,
деңгейлік тапсырмалар орындау, «Автор орындығы» әдісі, Эссе әдісі, бес жолды
мінездеме әдісі, Түртіп жазу әдісі
15, 16 - СОӨЖ
тақырыбы: Ә. Диваев - фольклор зерттеушісі. Реферат.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев - ауыз әдебиетін жинаушы. Реферат.
73, 74, 75- СӨЖ
тапсырмалары: С. Негимов «Шешендік өнер» конспектілеу.
76, 77, 78- СӨЖ
тапсырмалары:
Қазақ фольклорының текстологиялық зерттелуін талдау.
14-
апта
№27 дәрістің
тақырыбы: Айтыс өлеңдері. Түрлері. «Қыз бен жігіт», «Діни», «Жұмбақ» айтыстар.
№28 дәрістің
тақырыбы: Ақындар айтысының ерекшелігі, зерттелуі, көркем үлгілері.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№14 практикалық сабақтың тақырыбы:
Айтыс. Түрлері. Ақындар айтысы.
Әдістері: жекелеп- даралап оқыту,
деңгейлік тапсырмалар орындау, «Автор орындығы» әдісі, Эссе әдісі, бес жолды
мінездеме әдісі, Түртіп жазу әдісі
17, 18 - СОӨЖ
тақырыбы: Біржан-Сара айтысы - ақындар айтысының заңғары. Реферат.
М. Ғабдуллин - ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Ғылыми эссе.
79, 80, 81-СӨЖ
тапсырмалары:
Е. Ысмайыловтың «Ақындар» еңбегін конспектілеу.
82, 83, 84-СӨЖ
тапсырмалары:
М. Тілеужановтың «Ел әдебиеті» конспектілеу.
15-
апта
№29 дәрістің тақырыбы: Қазақ халық өлеңдері. Зерттелу тарихы.
№30 дәрістің тақырыбы: Қазақ қара өлеңдерінің қасиеті.
Әдістері: баяндау, талдау, сұрақ-жауап, жинақтау
№15 практикалық
сабақтың тақырыбы: :
Қазақ қара өлеңдерінің қасиеті.
Әдістері: Жұптастыру, сұрақ қою, пікіралмасу, талдау, саралау
19, 20 - СОӨЖ
тақырыбы: Фольклордың дүниетанымдық, тұрмыстық және эстетикалық қызметі. Реферат.
«Қазақтың қара өлеңі - қасиетім». Эссе.
85 - СӨЖ
тапсырмалары:
Ш. Уәлихановтың «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» мақаласына рецензия жазу.
- Әдебиеттер тізімі
Әдебиет (негізгі, қосымша) :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz