Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 02-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

Ректор

ҚР ҰҒА академигі, т. ғ. д., профессор Қожамжарова Д. П.

«___»20___ж.

Білім беру бағдарламасы

6В08210 - Малшаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Тіркеу нөмері
Тіркеу нөмері: Білім беру саласының коды мен классификациясы
: 6В08 Ауылшаруашылығы мен биоресурстар
Тіркеу нөмері: Дайындау бағытының классификациясы мен коды
: 6В082 Малшаруашылығы
Тіркеу нөмері: Білім беру бағдарламасы тобы
: В078 Малшаруашылығы
Тіркеу нөмері: ББ түрі
: Қызмет көрсететін
Тіркеу нөмері: ОБХС бойынша деңгейі
: 6
Тіркеу нөмері: ҰБШ бойынша деңгейі
: 6
Тіркеу нөмері: СБШ бойынша деңгейі
: 6
Тіркеу нөмері: Оқу тілі
: қазақ, орыс, ағылшын
Тіркеу нөмері: Оқытудың типтік мерзімі
: 4 жыл
Тіркеу нөмері: Оқу түрі
: Күндізгі, ҚОЖ
Тіркеу нөмері: ББ еңбексыйымдылығы
: 241 кредит
Тіркеу нөмері: ББ айрықша ерекшеліктер
: Қосалқы оқу жүйесін қолдану
Тіркеу нөмері: ЖОО-серіктестік ()
: -
Тіркеу нөмері: ЖОМ-серіктестік (ҚДББ)
: -
Тіркеу нөмері: Әлеуметтік серіктестік (ДО)
: -

Шымкент, 2020 ж.

Дайындағандар:

Аты-жөні
Қызметі
Қолы
Аты-жөні: Елибаева Г. И
Қызметі: Каф. меңгерушісі б. ғ. к, доцент,
Қолы:
Аты-жөні: Қансейтов Т
Қызметі: Профессор, а. ш. ғ докторы
Қолы:
Аты-жөні: Дошанов Д. А
Қызметі: Аға оқытушы, доктор РhD,
Қолы:
Аты-жөні: Дауренбеков Х. Т
Қызметі: Аға оқытушы, а. ш. ғ. к
Қолы:
Аты-жөні: Сапарханова А
Қызметі: Оқытушы, магистр
Қолы:
Аты-жөні: Абдуллаева Г. А.
Қызметі: Оқытушы, магистр
Қолы:
Аты-жөні: Муслимова Ж.
Қызметі: Оқытушы, магистр
Қолы:
Аты-жөні: Галымжанкызы Д.
Қызметі: Студент, АП-16-7к1
Қолы:
Аты-жөні: Қалмуратова С.
Қызметі: «Карасай батыр-2» Ө. К. басшысы
Қолы:

Білім беру бағдарламасы «Аграрлық» факультетінің Әдістемелік комиссиясында қаралды, «» 201___ж. № хаттама.

ӘК төрайымы Абдуллаева Г. А

қолы

«» 201__ж. №хаттама.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу - әдістемелік кеңесінде қарастырылып, бекітуге ұсынылған, «___» 20__ж. №__хаттама

Университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітілген

«___» 20__ж. №__ хаттама

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Білім беру бағдарламасының куәлігі

2. ББ-да оқытудың нәтижелері

3. ББ түлектердің құзыреттіліктері

4. Білім беру бағдарламасының модульдері игерген кредиттер сомасын көрсететін жиынтық кесте

5. Пәндер туралы мәліметтер

Бекіту парағы

1-қосымша. Жұмыс берушіден пікір

2-қосымша. Сараптама қорытындысы


Кіріспе

1. Қолданылу аймағы

ҚР БҒМ «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК «6B08210 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - ББ) оқытуды жүзеге асыруға арналған.

2. Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (07. 04. 2004 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 17657 қаулысымен бекітілген) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгі ережелері;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;

2018 жылғы 12 қазандағы № 563 өзгертулері және толықтырулармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген, білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері;

«Құс өсіру» бойынша кәсіби стандарт. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының 2018 жылғы 11 желтоқсанындағы №339 бұйрығы.

«Мал шаруашылығындағы селекциялық қызмет (асылдандыру ісі) » бойынша кәсіби стандарт. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №263 бұйрығы.

«Сүтті бағыттағы түйе өсіру» бойынша кәсіби стандарт. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №263 бұйрығы.

3. Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты университет миссиясымен сәйкестендірілген - еліміздің зияткерлік лауазымды алдыңғы қатарлы кәсіпкерлік білімдер дайындау, үш тілде еркін сөйлеу, тұжырымдамалық, аналитикалық және логикалық ойлау қабілетін көрсету, кәсіптік қызметте шығармашылық көзқарас таныту, ұлттық және халықаралық топта жұмыс істей білу, өмір бойы оқыту стратегиясын үйрету.

Білім беру бағдарламасы ҚР ұлттық біліктілік шеңберінің 6-шы деңгейімен, Дублин дескрипторымен, Европалық жоғары білім беру аймағының Біліктілік шеңберінің 1 циклмен, Европалық біліктілік шеңберінің 6-деңгейіне сәйкес үйлестірілген (A Frameworkfor Qualifications of the European Higher Education Area), (The European Qualifcations Frame work for Life long Learning) .

Білім беру бағдарламасы кәсіптік және әлеуметтік тапсырысқа, мүдделі тараптардың талаптарын қанағаттандыру үшін түзетілген, ғылыми-зерттеу, практикалық және кәсіпкерлік қызметтің қажетті түрлерімен байланысты кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру арқылы жасалған.

6В08210 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ББ-ның бірегейлігі - Дублин дескрипторларына негізделген оқытудың нәтижесі бойынша анықталған, мал шаруашылығы өндірісі мен зерттеу саласындағы заманауи білімдер мен кәсіптік құзыреттерді игеру.

Білім беру бағдарламасы Болон процесінің қағидаларын, студенттік бағдарланған оқытуды, тез табылатын және енгізуді қолданумен, оқу үдерісін ұйымдастыру арқылы оқу нәтижелеріне жетуге бағытталған.

Бағдарламаның оқу нәтижелеріне келесі тренингтік іс-шаралар арқылы жетеді:

- аудиториялық дәрістер: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар - инновациялық оқыту технологиялары аясында, ғылымның, технологияның және ақпараттық жүйелердің соңғы жетістіктерін пайдалану;

- сабақтан тыс іс-шаралар: студенттің өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен жеке кеңес беру;

- кәсіби іс-тәжірибені жүргізу, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау.

Университет академиялық адалдықты және академиялық еркіндікті сақтауға, білім алушыларға төзбеушілік пен кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғау шараларын қолға алады. ББ сапасы мүдделі тараптарды оның дамуы мен бағалауына қатысуы, жүйелі мониторинг және оның мазмұнын шолу арқылы қамтамасыз етіледі.

  1. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тапсырыстарының білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес құрылған №600 10. 31. 2018
1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КУӘЛІГІ

1. 1 Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жұмыс берушілердің әлеуметтік тәртібіне негізделген еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін белсенді оқыту технологиялары негізінде жоғары сапалы білім беру.

ББ міндеттері:

- студенттердің жоғары моральдық және жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, шешімдерді қабылдау кезіндегі жауапкершілік, оның ішінде кәсіби, әлеуметтік салдарын, тәуелсіздігі мен шығармашылығын ескерумен белсенділікті дамыту.

- мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы саласындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ету;

- мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы саласындағы мамандарды (қосарлы білім беру жүйесінде) оқытудың практикалық және ғылыми бағдарын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік, орыс және шет тілдерідің бірінде, еркін сөйлейтін жоғары дүниетанымға ие, мансапты қалыптастыруға қабілетті түлектерді қалыптастыру;

- құзыреттілікті қалыптастыру деңгейін кезең-кезеңімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету, оларды мамандық бойынша мүмкіндігінше тезірек жұмысқа орналастыруын немесе білім беруден кейінгі деңгейлерде жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

1. 2 Біліктілік пен лауазымдардың тізімі

Берілген ББ түлектеріне 6В08210- «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығы бакалавры» дәрежесі беріледі.

Білім беру бағдарламасы бойынша «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» - бакалаврлары мынандай мамандықтарға ие болады - № 201-ө-м 2012 жылдың 21 мамыр айынан бастап ҚР халқын әлеуеттік қорғау мен еңбек министрлігі бұйрыңымен бекітілген мамандарды және басқа қызметкерлерді жетекшілердің біліктілік анықтамаларына сәйкес шаруашылық менеджері, зоотехник, бас зоотехник, бөлім басшысы, құс өсіруші- технигі, құс өсіруші технологы, зоолог, жануарлар физиологы, балықтар және басқа су жануарларын тауар түрінде өсіру немесе көбейту саласындағы маман, (малазығын өндіруші технолог), ара өсіруші, союға арналған желі операторы, агроколледждерде оқытушы болады.

1. 3 Білім беру бағдарламасының түлектерінің біліктілік сипаттамалары

1. 3. 1 Кәсіби қызмет саласы

Кәсіптік қызмет саласы - Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемелері, түрлі меншік нысандарындағы мал шаруашылықтары, құс фабрикалары, ипподромдар, асыл тұқымды шаруашылықтар және асыл тұқымды зауыттар, зообақтар, ғылыми зертханалар, табиғи қорықтар, озық технологиялар мен кәсіптік - техникалық оқу ғимараттарына тарату бойынша дистрибьютерлік фирмалар.

1. 3. 2 Бакалаврлардың кәсiби қызметiнiң объектiлерi болып табылады:

-мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру технологиясы (көбейту және асылдандыру, жануарларды өсiру және бордақылау, малазығын өндiру), мал шаруашылығы шикізатын бастапқы өңдеу, өндiрiлген өнiмдi өткiзудi ұйымдастыру және экспорттау, асылдадыру және селекциялық жұмыстарын жузеге асыру, ауылшаруашылық жануарлар, құстар, аквакультура және аралар аукциондары мен көрмелерін жүргізу.

1. 3. 3 Кәсіптік қызмет түрлері:

-ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың барлық түрлері, аң жануарлар, бал аралар, балықтың барлық түрлері; мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің және бастапқы өңдеудің технологиялық процестері; малазықтары және малазықтық қоспалары.

1. 3. 4 Кәсіби қызмет түрлері

Білім беру бағдарламасы бойынша 6В08210- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бакалавры келесі кәсіби қызметтерді атқарады:

-ұйымдастырушылық-технологиялық: мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жаңашыл технологияларын ұйымдастыру, жоспарлау, жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдерді өндіру жуйесін басқару басқару; зоогигиена талаптарына сәйкес жануарларды ұстауды ұйымдастыру, жемшөп өндірісін ұйымдастыру; ішкі жұқпалы және жұқпалы емес жануарлар ауруларының алдын алу шараларын қарастыру, азықтардың сапасын бағалау және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын мөлшерлеп азықтандыру;

-өндірістік- басқару: жануарларды зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу; селекциялық-асылтұқымдандыру жұмыстары, маркетинг және мал шаруашылық өнімдерін сату;

- жобалық: селекциялық және асыл тұқымдандыру жоспарларын жасау және дайындау, мал мен құс шаруашылығында құрылыстарын жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қатысу;

-ғылыми-зерттеу: ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың әртүрлі түрлерінің жаңа тұқымдарын жасау, жетілдіру; мал өсіру биотехнологиясы; малазығы және малазық қоспаларының құрамын зоотехникалық талдау, ауыл шаруашылық малдарына және құс етіне арналған құрама жем құрамын жасау.

- білім беру (педагогикалық) : орта кәсіптік және бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандық бейіні бойынша педагогикалық қызмет жасау.

2. ББ бойынша оқытудың нәтижелері

6В082 «Мал шаруашылығы» (бакалавриат) дайындау бағыты бойынша ББ-дің ережелерін жүзеге асырудың нәтижесі - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінде жұмыс істеу үшін өз мамандығы бойынша кең құзыреттілігі бар, іргелі дайындықтан өткен қазіргі заманғы бакалаврдың қалыптастыру.

ОН1 Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесу.

ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық білімдерді, агроөнеркәсіп саласында экологиялық мәселелерді шешу, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін көрсету.

ОН3 Ақпараттық және есептік сауаттылық, ақпарат жинақтау, талдау және қабылдау, мақсаттарды қою және оған жету жолдарын таңдау мүмкіндігін көрсету.

ОН4 Жануарлар организміндегі биологиялық ерекшеліктерін, алмасу процесстерін зерттеуде физиологиялық және биохимиялық бақылау әдістерін, мал шаруашылығында генетикалық зерттеу әдістерін, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік негіздерін тиімді пайдалану қабілеттілігі, омыртқалы және омыртқасыз организмдерді жіктеу,

ОН5 Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану, жануарларды күтіп-бағу, азықтандыру, өсіру және малды тиімді пайдалану, мал шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа т. б. ) өндіру, шикізатын және өнімдерін бастапқы өңдеу технологияларының замануи әдістерін қолдану, мал өнімдерінің сапасын бағалау, ауылшаруашылығы өндірісінде микроорганизмдерінің ролін анықтау, мал шикізатының сараптамасы және тауартану, перспективті және бәсекеге қабілетті өнімдерді сатуға қабілеттілігі.

ОН6 Жануарлардың мінез-құлқы мен физиологиясы, жаңашылдық технологиялар туралы қазіргі білім негізінде олардың арналуына сәйкес күтіп-бағу, малазығын дайындау және азықтандыру, өсіру және өсімін молайту, өнімдік, спорттық және декоративтік жануарлардың технологиялық процестерін тиімді басқару; өнімдік сапасын жақсарту мақсатында жануарлардың, құстардың және басқалардың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларының кешенін ұйымдастыруды білу, мал, құс, ара және балық шаруашылықтарында автоматтандырудың және механикаландырудың заманауи құралдарын пайдалану арқылы процестерді оңтайландыру.

ОН7 Мал, құс, балық және омарта шаруашылықтары өнімдерін өндіру, тиімділігін бағалаудың экономикалық әдістерін, шикізаттың шығын шамаларын және қолданылатын өндіріс құралдарын есептеу моделін, еңбек ресурстарын басқаруды меңгеру.

ОН8 Ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, селекциялық-асылдандыру және оларды жоспарлау, қолдан ұрықтандыру және мал акушерлігі, биотехнологиялық әдістерін жетік меңгеру, әр түрлі мал тұқымдарын, түрлерін, шығу тегі мен ұрпақтарының сапасы бойынша желісін бағалау, тұқымдар мен популяциялардың гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.

ОН9 Мал шаруашылығы бойынша есеп негіздері, статистикалық есептілік нысандары және асыл тұқымды есеп бойынша білімі болуы, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді және веб-сервистерді (ИСЖ, ИАС) пайдалана отырып, малдарды бірдейлендіруді ұйымдастыра білу, бұл ретте жоғарыда аталған материалдармен онлайн режимде жұмыс істей білу.

ОН10 Өнімді жеткізу, тапсырыстар және өткізумен байланысты келіссөздерді құрылымды жүргізу, ауызша және жазбаша сөйлеуді қисынды дұрыс дәлелдей және анық құра білу, өз қызметінде нормативтік және құқықтық актілерді пайдалану.

ОН11 Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларды мен жұмыс дағдыларын мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы өнімдерін өндіруде тиімді пайдалану.

ОН12 Жеке және топтың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өз әрекеттерін түзету және әр түрлі әдістерді қолдану.

3 ББ түлектерінің құзыреттілігі

3. 1 ББ бойынша оқуды табысты аяқтау бітірушінің келесі құзыреттерін қалыптастыруға әсер етеді:

- негізгі құзыреттер (НҚ)

- кәсіби құзыреттер (НҚ) .

Негізгі құзыреттіліктер (НҚ) :

ана тілі саласында (НҚ1)

- ауызша және жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) түсінік, ой, фактілер мен пікір білдіру, сонымен қатар, қоғамдық және мәдени мәтіндердің барлық алуан түрлерінде тиісті түрде және шығармашылық өзара әрекет ету қабілеті: оқу, жұмыс, үй және бос уақыт кезінде;

шет тілдер саласында (НҚ2)

- шет тілінде коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгеру қабілеті-ауызша және жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) кәсіби саладағы ұғымдарды, фактілер мен пікірлерді тиісті әлеуметтік және мәдени мәтіндерде түсіну, білдіру және түсіндіру, медиация және мәдениетаралық түсіну дағдыларын меңгеру;

іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық (НҚ3)

- ЖОО-да математикалық, жаратылыстану-ғылыми, техникалық пәндерді оқу кезінде алынған білім беру потенциалын, тәжірибе мен жеке қасиеттерін қолдану қабілеті мен дайындығы, кәсіптік есептерді шешуді бақылау және бағалау тәсілдерін анықтау, математикалық және жаратылыстану-ғылыми ойлауды дамыту;

компьютерлік (НҚ4)

- заманауи ақпараттық және цифрлық технологияларды жұмыс істеу, бос уақыт және коммуникация үшін сенімді мен сыни пайдалану, компьютер арқылы ақпаратты пайдалану, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, таныстыру және алмасу, қарым-қатынас жасау және кәсіби қызмет саласында Интернет арқылы ынтымақтас желілерде қатысу дағдыларын меңгеру қабілеті;

әлеуметтік (НҚ5)

- қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, шамаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгеру және оларға өзінің кәсіби қызметінде бағдарлану қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтау; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамаларының негіздерін сақтау, соның ішінде білім беру саласында; қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін; әртүрлі әлеуметтік жағдайларда сәйкес бағдарлай; келісімдер таба білу, өз пікірін ұжымның пікірімен сәйкестендіру; іскерлік этика шамаларын, этикалық және құқықтық мінез-құлық шамаларын; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу; топта жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету;

экономикалық, басқарушылық және кәсіпкерлік (НҚ6)

- экономиканың мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін білу және түсіну қабілеті, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі; экономикалық білім негіздерін меңгеру; сыни ойлау, интерпретация, талдаудың креативтілігі, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; кәсіби міндеттерге жету үшін жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік дағдыларды көрсету және кәсіби кеңес беру; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу.

мәдени дайындық (НҚ7)

- Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін білу және түсіну қабілеті, әлемнің басқа халықтарының дәстүрлері мен мәдениетіне төзімді болу, толерантты мінез-құлықтың орнығуын сезіну; ой-пікірге бейімді, жоғары рухани қасиеттерге ие, зиялы адам ретінде қалыптасу.

қосымша құзыреттіліктер (НҚ8)

- сыни ойлау, интерпретация, талдаудың креативтілігі, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; креативтілік және белсенді өмірлік мәніне ие болу; белгісіздік және тәуекел жағдайында кәсіби сипаттағы шешімдер қабылдау қабілеті.

Кәсіби құзыреттіліктер (КҚ ) :

КҚ1 - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен бастапқы өңдеудің оңтайлы технологиясын әзірлеу қабілеті: азықтандыру рационын құру, малазықтары мен малазықтық жерлерді тиімді пайдалану, малазығын дайындау мен сақтаудың әртүрлі әдістерін меңгеру, жануарлар мен құстардың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескерумен, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін мал мен құстарды күтіп-бағу жүйелері мен тәсілдерін білу;

КҚ2 - малдардың тиімді өсімін молайтуды қамтамасыз ету, селекция, генетика, мал тұқымын асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру ерекшеліктерін білу, ауыл шаруашылығы малдарының өсімін молайтудың әдістерін меңгеру, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының асыл тұқымдық және өнімді сапасын бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы асыл тұқымдандыру жұмыстың кешенді жоспарын әзірлеу;

КҚ3 - технологиялық процестерді басқару нысандары ретінде талдау және жоспарлау қабілеті, өндірістің қазіргі жағдайы, оның алдында тұрған міндеттер мен оларды ғылыми-практикалық шешу әдістері, өндірістік қызметтің мақсаты мен міндеттерін анықтау, оларды шешу әдістерін таңдау, жүзеге асыруды жоспарлау және ұйымдастыру, мал шаруашылығының экологиялық қауіпсіз өнімдерін өндірудің ресурс үнемдеуші технологияларын білу;

КҚ4 - орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру қабілеті, әртүрлі пікірлер жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау, мал шаруашылығы технологиялары мен жануарлардың қазіргі заманғы гендік қорын кешенді бағалау және тиімді пайдалану әдістерін меңгеру;

КҚ5 - әртүрлі мал түрлерінің өнімділігінің есебін жүргізу, сала кәсіпорындарының құрылымдық бөлімшесінің есепке алу-есеп беру құжаттамасын ресімдеу, АТЖ бойынша есеп принциптерін, әртүрлі мал түрлері өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткішін анықтау әдістемесін білу, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды және оны арттыру жолдарын білу, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің гигиеналық талаптары мен нормативтерін білу;

КҚ6 - мал шаруашылығы саласындағы қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдану, ғылыми зерттеу нәтижелерін жинау, талдау және интерпретациялау тәсілдерін меңгеру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланумен, мал шаруашылығының ғылым жетістіктері мен озық тәжірибесін өндіріске енгізу;

3. 2 Модульдердің қалыптасатын құзыреттіліктерімен жалпы ББ бойынша оқыту нәтижелерінің арақатынасы матрицасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы туралы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
ЖШС «М-Комбикорм»
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Балапандарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балапандарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы
Құс етінің классификацисы
Құс еті классификациясы. Жұмыртқаны сорттау,буу,сақтау және тасымалдау
«Шымкентқұс» фабрикасында ветеринариялық-гигиеналық жағдайды жақсартудың экологиялық негіздерін жасау
Құс етін сою технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz