Жалайырлар тайпасы қазақтардың Ұлы жүзінің құрамындағы тайпа
1СҰРАҚ:Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған Қазақстан тарихы пәнінің лекция мәтіндері Қазақстан Республикасының білім туралы заңының жаңа редакциясын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып құрастырылған жаңа бағдарламаға сәйкес дайындалды.
Отандық тарих туралы білім берудің мазмұнын айқындауда, жетекші идея ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар, олардың өзара байланыстары мен бірін-бірі толықтыруы, білімді демократияландыру және ізгілендіру принциптерін басшылыққа алу қажет.
Бұл идеяны іске асыру үшін тарих пәнін заман талабына сәйкес құнды ұстанымдармен зерттеуіміз құп болады. Олар мыналар:
* Тарихилық ұстанымы;
* Жалпыадамзаттық құндылық ұстанымы (евроцентризмнен шығу);
* Қазақстан Республикасы Конституциясының және соның аясындағы өзге
заңдардың, мемлекет жүргізіп отырған идеологиялық шаралардың рухани
сәйкестілігі ұстанымы.
Ұсынылып отырған Қазақстан тарихы пәнінің дәріс мәтіндерінің мазмұны М.Әуезов
атындағы ОҚУ-інің оқу бағдарламасына сай іріктеліп, қайта құрылды және жүйеге келтірілді.
Пәннің міндеттері:
1) Ұлы дала аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктерін ашу (б.з.д. III ғасыр - б. з. II ғасыр).
2) XIII-XV ғғ.Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарын талдау.
3) Қазақстанның жаңа дәуір кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін ашу(XVIII - ХХ ғғ.басы).
4) Кеңестік әкімшілік-басшылық жүйе құрамындағы Қазақстанның рөліне объективті баға беру.
5) Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясына, қазақстандық қоғамды демократияландыру ерекшеліктеріне талдау жасау.
Оқу нәтижелері:
1) Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихын жалпы, арнайы және жеке, нақты фактілер мен әлемдік дамудың тұтас бейнесінің бірлігінде көрсету.
2) Қазақстанның өткен және қазіргі қоғамдық құбылыстарының көп өлшемділігіне, тарихи үдерістердің қарама-қайшылығы мен диалектикалық түсінігіне талдау жасау.
3) Алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы дереккөздердің ақпаратын жан- жақты, сыни тұрғыдан талдау, өткен және қазіргі кездегі қоғамдық даму мәселелерін өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан түсіну қабілетін дамыту.
4) Отандық және дүниежүзілік тарих пен мәдениетке деген құрметін, материалдық және рухани мәдениет саласында өз республикасының және адамзаттың мұрасын сақтауға және көбейтуге ұмтылысын дамыту.
Пәннің мақсаты - білім алушыларды Қазақстан тарихы туралы объективті ұсыныммен қамтамасыз ету.
Қазақстан тарихы пәнін үйренудің бұл мақсаттары мен міндеттерін белгілегенде төмендегідей етіп негізделуі қажет деп санаймыз:
-Тарихи құбылыс, оқиға қашан, қай жерде болған? - талқылау;
- Объективтік және субъективтік себептері, тарихи мәні, тұлғалардың ролі- талдау.
- Бұл тарихи тәжірибеден бүгінгі таңда қандай қорытынды жасай аламыз,
пайдаланамыз, өз басымыздың, мемлекеттің және әлеуметтік, қоғамдық өмірінде тәжиребеде қалай етіп қолданамыз? - қортындылау.
Тарих пәнін оқып үйренудің орасан зор танымдық және тәрбиелік мәні бар екендігі баршаға мәлім. Өткеніңді зерделемей болашақты болжау мүмкін емес. Кеңес дәуірінде Отан тарихы өрескел бұрмаланып, көптеген өзекті проблемалар "ақтаңдақ беттерге" айналды. Осы олқылықтарды жоюға азда болса өз үлесімізді қосу мақсатында осы еңбекті ұсынып отырмыз. Ел тарихын өз дәрежесінде меңгерген әрбір студенттің Қазақ елінің патриоты, ұлтжанды және халықтар достығын қастерлейтін азамат болып қалыптасатына кәміл сенеміз.
Қазақстан тарихы пәнінің тарихнамасы және дереккөздері: Қазақстан тарихы пәнінің ежелгі дәуірінде археологиялық деректер кең пайдаланылады, ортағасырлық Қазақстан тарихында кесенелер және жаза деректер негіз болады. Тарихнама - тарихтың тарихы.
2.Адамның даму тарихы - күрделі және қарама- қайшы көзқарастармен сипатталады.
Приматтар эволюциясы сүтқоректі жануарлардан басқа отрядтары сияқты, шамамен, бұдан 60 млн жыл бұрын басталған үштік кезеңде өтті.Үштік кезеңнің екекінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялық бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады. Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте қалай дамығанын зерделеу қиын: қазба қалдықтар өте аз және оладың өзі толық емес. Сондықтан гоминидтер эволюциясының әр түрлі нұсқалары бар. Рамапитектер Бірқатар ғалымдар бідің ғаламшарымызда 14 млн жыл бұрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен. Аустралопитектер Олардығ көптеген қазба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына қарағандаадамға едәуір дәрежеде көбірек ұқсас болған. Олар тік жүрген, беті жалпақтау, миының көлемі орташа 530 см3 болған. Тік жүретін адам Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар бұдан 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Тік жүретін адамдардың негізгі эволюциялық жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған. Неандертальдықтар Бұл ертедегі адамдардың қазба қалдықтары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300 - 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Ғалымдар осы заманғы алғашқы адамдар, шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдықтардың арасында өмір сүрген. Кроманьондықтар Осы заманғы типті адамдар кроманьондықтар деп аталады. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жоқ деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды.
3. Сіз өз өміріңізде адамның пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер есіткенсіз, бірақ бұл
мәселе сізге әлі-де жұмбақты болып түр.
Өйткені, тарих ғылымының үлкен жетістіктеріне қарамастан адамзаттың пайда болуы туралы сұраққа анық жауап беру әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Бұл проблемада жұмбақты тұстар мол.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін. 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде "зинджантроп" деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан төменгі қабықта орналасқан екен. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде "епті адам" деп атаған.
Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Оның бас миының көлемі 652 см3-ді құраған, яғни қазіргі маймылдардың миынан әлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған.
Адамзат дамуының кезекті сатысы "тік жүретін адамдар" кезеңі. Бұл адамдардың өкілдері питекантроп пен синантроп.
Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Қазіргі уақытта Европа және Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Африкадан 10 питекантроп адамының сүйектері табылған. "Епті адаммен" салыстырғанда питекантроптың бас миының көлемі үлкен, яғни 950 см3 болған. Бас және жақ сүйектері кішірейген, аяғы ұзарып , қолы қысқарған.
Синантроп адамы 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу Коу Дянь үңгірінен табылған. Қазіргі ғылымда 50 синантроп мекендері зертелген. Синантроп адамдарының сүйектері мен олардың тас қарулары, отқа күйдірілген тастар табылған. Мүның өзі синантроптың отты пайдалана білгендігін дәлелдейді.
Адамзат дамуының кезекті сатысы неондерталь адамының дәуірі, ол алғаш Германияның Неондерталь қаласы маңынан табылған.Оны өзінің бұрынғы әулеттерімен салыстырғанда дене құрылымында едәуір өзгерістер болған: қас үстіндегі томпақ жоғалып, маңдайы тегістелген, иегі пайда бола бастаған. Бас миы қабығының көлемі 1300-1400 см3 болған.
Қазіргі тарих ғылымында Евразия және Африка аймақтарынан 120-дан астам неондертал адамының қалдықтары зерттелген. Сондай-ақ неондерталь адамы 1938 жылы Өзбекстан Республикасының Тесікташ үңгірінен де табылған.
Алғашқы адамдар бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Жыртқыш жануарлардан бірге жүріп қорғанады. Тапқан табыс ортақ болған. Бұлардың өмірі маркстік турғыдан қарағанда, алғашқы қауымдық "коммунизм" деп аталған.
Алғашқы қауымның өндіргіш күштері түралы мәліметті археология ғылымы береді. Олар:
- бірінші - алғашқы адам;
- екіншісі - оның тас құралы;
Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-
көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер ХІХ ғасырдың 50- жылдарынан басталады.
1862 жылы қазіргі Атырау облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы П. Михайэлестың тілегі бойынша, Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес жаңқышақтар, тас балталар қойылады.
Бұқтырма үңгіріндегі адамдар тұрған қонысқа қазба жұмысы жүргізілген. Жұмыстың барысында от орындары, көп қырлы жаңқышақталған өзекшелер табылған. Көне тас дәуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал - жабдықтарға зер салып қарасақ, алғашқы адамдар өміріндегі болған жаңалықтарды байқау қиын емес. Тастан жасалатын құралдар саны - сапасы, түрі жағынан дамып отырған. Бұдан байқалатыны адам баласының жетілұі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп өсуі.
- Алғашқы адамдар топ-топ болып жүрді дейміз, оны қалай білуге болады? - деген сұрақ тууы мүмкін.
- Оны біз тастан жасалған құралдардың бір жерден және от жағылған жердің айналысынан көптеп кездесуінен көреміз. Мәселен, Арыстанды өзенінің бойындағы Ш.
Уәлиханов қонысындағы мыңдаған тас құралдардың бір жерден табылуы адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымын, дәлірек айтсақ, рулық құрылыстың бастамасы екендігін көрсетеді. Ал қоныстардан отты пайдаланудың байқалуы алғашқы адамдардың өмірінде өз кезіндегі үлкен прогрессивтік жаңалық екендігін Ф. Энгельс орта ғасыр дәуріндегі адам баласының бумен жүретін машинаның табуымен салыстырады. Отты пайдалану деген сөз алғашқы адамдардың өмір сүру үшін табиғатпен күрес жүргізуінің басталғандығы.
Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірі мен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит - (мезо-орта, лит-тас, яғни "орта тас") дәуірі бар. Бұл дәуір б.з.д. 10 мың жылдықтан - б.з.д. 5 мың жылдыққа дейіндегі тарихи дәуірді қамтиды.
Мезолит дәуірінің өзіне тән бір ерекшелігі - адам баласының өмірінде ірі- ірі екі оқиға болды:
- Біріншісі, - жаңа қарудың пайда болуы: Садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер - үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
- Екіншісі, - дәуірдің аса маңызды белгісі мал өсіру мен егіншілік, яғни өндіруші шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына: жиып - теру, аң аулаудың орнына келеді.
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінен одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы шаруашылықтың осы екі формасының даму, жетілу тарихы болып табылады.
Жаңа тас-"неолит" дәуірі б.з.б. бес мың жылдық пен б.з.б. үш мың жылдық арасын қамтиды.
Еліміздегі жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.К.Марғұлан бастаған қазақ археологтарының еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде, әсіресе тас дәуірдің маманы Х.Алпысбаевтың еңбегі зор.Ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізген ғылыми барлау жүмыстарының барысында (1970-1977жж.) Жаңашелек 1,2,3, Маятас, Дермене 1,2,3, Арыс 1, Тасқотан жерлерінен және Жезқазған жерінен Щалқия 1 қаласын орта және жаңа тас дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеген. Ғалым табылған тас құралдарға анализ жасай келіп, Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар орта және жаңа тас дәуріне жататындығын айтса, ал Жезқазған өңірінен табылған тас құралдар жаңа тас дәуірінің соңғы кезіне жататын дығын дәлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды, егер, Оңтүстік Қазақстан көне тас дәуірінің кезіндегі адамдардың Отаны болса, одан біртіндеп, орта және жаңа тас дәуірінің кезіндегі адамдар Қазақстанның басқа аудандарына тарай бастаған деген ой туғазды.
Қазақстанда жаңа тас дәуірінің молалары өте аз кездеседі. Оларға жүргізілген қазба жұмыстар осы дәуірдің өзінде-ақ оларда діни әдет-ғұрыптардың болғандығын көрсетеді. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда Ертіс өзенінің бойындағы Железинка поселкасының жанындағы молалардағы зерттеу жүмысын жүргізгенде, жерленген адамның жартылай өртеліп қойылғандығы және оның жанында ыдыстың сынықтары, жануарлардың сүйектері кездеседі. Қасқыр, карсақ, түлкі сияқты жыртқыш аңдардың тісінен жасалған моншақтар, өлген адамдармен бірге жерленгені олардың о дүниеге ойын білдірсе, ал өртеп ыдыспен бірге жерлеу алғаш рет қол өнердің пайда болғандығын көрсетеді.
Жаңа тас дәуіріндегі қоғамдық құрылыстың көрінісі, аналық рулық құрылыстың болғандығын байқатады. Жан бағу, күн көруде аналардың ролі басым болған. Бұл дәуір тарихта матриархат дәуірі деп аталған. Оның негізгі себебі қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты болады.
4. Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.
Ботай мәдениеті
Ботай әлемдегі - ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.
Ботай мәдениеті -- энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 -- 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
5. Беғазы-Дәндібай мәдениеті -- қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 -- 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Ә. Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңт-нде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады.Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Б.-Д. м-нің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Ақкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 -- 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 -- 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Б.-Д. м. жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына (Қойшоқы, Ақсу-Аюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Б.-Д. м. тұрғындары -- өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен Енисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне туыс тайпалармен саяси-экон. тығыз байланыста дамыды.
6. Сақтар (сақалар) -- б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сақа, сақ деп атаған. Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.ОЛарды парсы патшасы 3ке бөлген. парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) -- еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғыжағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) -- Ферғана алқабын мекендеушілер;тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) -- Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Массагеттер (көне грек. Μασσᾰγέται, лат. Massagetae) -- ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ. Страбонның жазуынша Массагеттер күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон Массагеттерге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады.[1]
Сарматтар -- б.з.д 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін мекендеген. "Сарматтар","Сарматия" сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.Түркілердің шығу тегі мәселесі
Түрік қағанаты -- Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. `' Түрік' этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және Он тайпалық деп атап өзін қағанмын деп жариялады.
7. Ғұндар -- көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде шығыс қу тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы түктерін (кінәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты әскерлері Жаңие-Гәңжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратып, сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырған. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаңюй былай деген: Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулаң, Ұсын, Құтзе және оларға шектес 36 үлес (кінәздік) сүннулерге қаратылды. Олардың бәрі сүннулердің әскеріне кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. Отыз алты мемлекет деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағында орналасқан кінәздіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған.Тарихи жазбалардың (Шитізи) авторы Сыма Цянь юедилердің толық талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б.з.б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Сары өзеннің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бақтрияны талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б.з.б. 177 жылы сүнну-ғұндардың Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір кінәздің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лаулаң, Ұсын және Қутізе бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың жағырапиялық орны онша айқын емес. Қазіргі қартаға Лобнор ауданындагы Лаулаң (Крораина) кінәздігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа деректердің есімен теңестірілген Қутізе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Ұсын және Тізәң- күң елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше арғымақ, тұлпар дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің арғымақ немесе айғыр деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.[1] Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталыққа бағынғысы келмейтін қуатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн қоғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Сүнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: Құйаң руы, Лаң руы, олардан кейін Сүйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Құйаң руы ең атақтысы болған, ал Лаң және оған еншілес Сүйбу он қанат болған. Бір қызығы, шаңюйлік Луаңти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Құйаң мен Лаң шаңюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сүннулерде шаңюй руы Сүй-Ляң-ти деп атала бастады, басқа ақсүйектер әулетінен Құйаң, Сүйбу, Тсүлиң және Лаң аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болған және әдетте шаңюймен құдандалы туыс еді. Онда бұдан әрі былай делінген: Құйаң руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лаң және Сүйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) қанат болған. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дүге (Тұғлақ) руы болып шығады, ол ең батыр және ұлығы болған, сондықтан шаңюйлер солардан шыққан. Олардың атақты төрт руы Құйаң руы, Сүйбу руы, Лаң руы, Тсәо (Тсүлиң) руы болған, бірақ ең атақтысы -- Құйаң руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы житшүлер шықкан. Уақыт өте келе шаңүй руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ең ұлық руға айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезеңде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұраға қалатын қағидатты көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.
Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сүнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге байырғы құрамында екі топқа -- Қуқаңиешаңүй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сүннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сүннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкөл өңіріне ыгысып, солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударған.
Б.з.б.49 жылы Чжичжи көрші кінәздікке дипломатиялық сапарға кеткен Қуқаңиенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасайды. Алайда оның күші оған жетпеген. Шежірешінің айтқанындай, Чжичжидің өзі сүннуде күшпен нығая алмайтынын білді. Ол үйсін гүңмосы Үтізутудан көмек сұрағанеді, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жібереді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің жасағын талқандайды, ал одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Үтізеге соққы беріп, бағындырады. Чжичжи өз әскерінің көмегімен батыстағы Тізәңкүңді қиратып, солтүстікте Данлинді бағындырады. Үш кінәздікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді.
2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.
Мал шаруашылығы
Өңдеу
Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болған.Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер жаңа аумақты игеруді эəне шұрайлы жайылымдарды алуды көздеді. Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын қоныстардан алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген, біразя түйе, есек ұстайтынын жазады. Олар үй малымен тамақтанып, олардың терісін киім қылып, жүн мен терісін киім, жамылғы есебінде пайдаланды.
Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Ғұндар қосымша кəсіп ретінде аң аулаумен де айналысқан. Бұл кəсіп негізінен өздерініе азық қорларын молайту үшін жəне сейіл құру үшін жүргізілген.
Егіншілік кəсібі мен қоныстары
Өңдеу
Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдыхтары кездеседі.
Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге, уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.
Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
8. Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды.
Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам -- ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай -- әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II -- I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", -- деп көрсетілген.
Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз.Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл -- бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым -- тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым -- бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.
Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.з.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастаған елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) үйсін мемлекеті деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты Үйсін князінің шекарасы деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы -- Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы -- Қызыл Аңғар қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II ғ.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін бұрын мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық.
Үйсін терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі -- Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай үйсін сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Алайда соңғы зерттеулерде асиан термині ятии этнонимінің диалектілік нұсқаларының бірі болуы мүмкін деген басқаша түсініктеме айтылады, ал оның транскрипциясының дәстүрлі ертедегі кытайша түрі казіргі қытай тілінде айтылатын (юечжи) иероглифтері болған.
Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, аспан делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсін гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді деген сөздер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, көк тіреген таулар дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.
Үйсіндердің ертедегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz