Адамның жүйке жүйесінің дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Барлық білім беру бағытындағы мамандықтарға арналған

OFD 1204 «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәні бойынша

лекция жинағы

Лектор: И. О. Аймбетова

Түркістан - 2022

Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.Лекция жинағын дайындаған: техн. ғ. к., қауым. профессор И. О. АймбетоваЛекция жинағы кафедраның «__»__ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___ хаттама)Кафедра меңгерушісі: Ғ. ИсаевЖаратылыстану ғылымдары факультетінің № ___ «» 20___ж. факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: Э. Ибрагимова:

Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.

Лекция жинағын дайындаған: техн. ғ. к., қауым. профессор И. О. Аймбетова

Лекция жинағы кафедраның «__»__ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___ хаттама)

Кафедра меңгерушісі: Ғ. Исаев

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің № ___ «» 20___ж. факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.

Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: Э. Ибрагимова

Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.Лекция жинағын дайындаған: техн. ғ. к., қауым. профессор И. О. АймбетоваЛекция жинағы кафедраның «__»__ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___ хаттама)Кафедра меңгерушісі: Ғ. ИсаевЖаратылыстану ғылымдары факультетінің № ___ «» 20___ж. факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: Э. Ибрагимова:
Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.Лекция жинағын дайындаған: техн. ғ. к., қауым. профессор И. О. АймбетоваЛекция жинағы кафедраның «__»__ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___ хаттама)Кафедра меңгерушісі: Ғ. ИсаевЖаратылыстану ғылымдары факультетінің № ___ «» 20___ж. факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы: Э. Ибрагимова:

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

№1 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.

Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні, пәнді оқытудың мақсаты және міндеттері туралы біледі.

2. Балалар мен жастардың өсуі антропометриялық (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) әдісін, онтогенез, даму заңдылықтарын, өсу мен даму көрсеткіштерін іс жүзінде қолданады.

3. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің басқа ғылымдарымен байланысы, оның оқу тәрбие жұмысы мен еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы, оқушылар денсаулығын сақтап нығайту, денелік дамуын жетілдіру мен жұмысқа қабілеттілігін арттыру дағдыларын қалыптастырады.

Лекция мазмұны: Оқушылардың физиологиялық даму пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарың даму жолдарын карастыратын жасқа байланысты физиология және адамның деңсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Оқушылар физиологиясы адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым.

1. Оқушылардың физиологиялық даму пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбиежүмыстарын ғылыми негізде іске асырады.

2. Оқушылардың физиологиясы негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы.

3. Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманда бастап дамағынымен балалардың дене қүрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерің зерттеу кейінірек басталған. Себебі, балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады.

Ондай зерттеулер тек қана ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.

Жасқа байланысты анатомия физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыған.

XІX ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін мол пайдаланып қойған тәжірибелердің арқасында гигиенаның бүл жаңа саласы күшті дами бастады.

Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзіміне XX ғасырдың 70-90 жылдары жатады.

  1. Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады.

Бақылау әдісі-сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бүл әдістеме барлық ғылым салаларында кенінен пайдаланады. Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді.

Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек», -деді. Оның бұл ойын П. Ф. Лесгафт тіпті де тереңдете түскен . . . « педагогика биология ғылымының бірі бөлімі болуы керек». Бұл ғалымдардың ойымен П. ПБлонскийдің пікірі үндескендей: « . . . атақты тәрбиелеу жүйесінің реформаторы аталған педагогтардың өзі педагогиканы тек қана психологиямен ұштастырып, баланың денесі мен антропологиялық көзқарастарды ұмытады», -деген.

Биологиялық жүйелердің біріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі. Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.

Жасқа байланысты адам денесінің құрылыс және қызмет ерекшеліктерін анықтауда бірсыпыра еңбектер спорт пен қара жұмысқа байланысты зерттеулердің негізінде жасалған. Органзимге ауыртпалық түскенде мүшелер жүйелерінің құрылыс мен қызметінің өзгеруін анықтау арқылы бала организмніе мөлшерлі еңбек пен спорт ойындарымен шұғылданудың тиімді жолдары анықталды. Мектеп гигиенасы ғылымының нағыз қалыптасуы мен дәуірлері ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен байланысты. Осы кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз ғылымдар саласының бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді. ХІХ ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғат тану ғылымдарының гигиена ғылымының, әсіресе мектеп гигиенасының негізгі мәселелері болып отыр. Баланың өсуі мен дамуы және оған қажетті жағдайларды А. А. Маркосян, Б. Н. Никитюк, балалардың жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері мен жете дамуына қажетті жағдайларды М. В. Антропова т. б. ғалымдар зерттеді. Сол зерттеулердің негізінде бұрынғы Кеңес Одағындағы елдерде және біздің еліміздеде байқалған балалар мен жастардың өсіп дамуының акселерациясы, оның белгілері мен себептері анықталды.

Басқа ғалымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Бақылау әдісі-сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салалрында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И. П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды». Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

Табиғи тәжірибе-байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.

Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалган жағдайда жүргізеді. Жагдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен тарады. Бұл әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, ы оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайлар анықтайды. Мұндайда физиологиялық көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бұл организмін зерттейтін физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту, температуралық әсер ету, дененің кеңістіктегі орнын өзгерту т. с. с функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп қолданылатындары мөлшерленген дене және ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қылпты жағдайында жүрегінің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100м жер жүгіріп өткен соң жүрегінің соғу жиілігін тағы да тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық, жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға дейін, шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.

Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары балалар мен жас өспірімдердің органимінің қызметтерін жынысына, жасына сай топталған әр жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта шамамен зерттеуге бағытталған.

Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия-радиотехникалық берліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті балалар мен жас өсіпірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын, оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды орын алды.

Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жастардың өсуін антропометриялық (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда және тыныштық кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын таңертең, ұйқысынан тұрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін, арнайы медициналық таразымен өлшейді.

Жасқа байланысты физиологиялық әдістерінің нәтижелерін электрондық-есеп аспаптарымен және математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жихаздар, т. б. ) бала организміне әсерін, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

Онтогенез (грекше ontos-организм, genesis-даму) - жыныс клеткаларының пайда болуынан басталатын және оның өліміне дейін жүретін жеке организмнің (жануар немесе өсімдік) дамуының толық тарихы (циклі) . Онтогенез (организмнің жеке дамуы) жайындағы ұғым деректерге организмнің өсуі, оның клеткасының жіктелуіне және морфогенезіне негізделеді. Сондықтан онтогенез жеке категория болып табылады. Онтогенезге түрлік категориясы жағынан филогенез (грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму) қарама-қарсы болады, бұл терминді алғаш сипаттаған Э. Геккель. л дегеніміз түрдің (жануарлар мен өсімдіктер) пайда болуы мен даму тарихын білдіреді. Онтогенез бен филогенез арасында биогенетикалық заңдылықта көрсетілген (Э. Геккель, Ф. Мюллер) тығыз байланыс болады, бұл зерттеулер көрсеткендей негізінде дұрыс ұғым. Себебі индивидумнің онтогенезі осы түрге жататын индивиумнің филогенезді дамуының белгілі бір ерекшеліктерімен анықталатын болса, онда онтогенез, бір жағынан, филогенездің негізі, ал екінші жағынан, филогенездің нәтижесі болып табылады.

Онтогенездің ірге тасының негізін зерттеу организмдердің биологиясы мен эволюциясын тануда өте маңызды. Бірақ онтогенез жайлы ілімнің қазіргі жағдайын білу үшін, алдымен, адам организмін мысалға ала отырып, өткен заманда организмдердің өсуі мен дамуын қалай ұғынғанын қарастырамыз. Өсу мен даму жайлы алғашқы көзқарастар көне замандар дәуірінде пайда болған. Гиппократтың (б. з. д. 460-377ж. ) өзі жұмыртқа клеткаларында толығымен қалыптасқан, бірақ кішірейген түрде организм болады деп есептеген. Бұл көзқарас әсіресе XVII - XVIII ғасырларда танымал болған префоризм (лат. preformatio-алдын ала даму) ілімдерінде жалғасын тапты. Сол уақыттағы префоризмнің жақтаушылары Гарвей, Мальпиги және көптеген атақты биологтар мен медиктер болды. Преформистерге қандай жыныс клеткаларында (аталықтарда немесе аналықтарда) организм префоризделеді деген сұрақ даулы болды. Жұмыртқа клеткаларын артық көргендерді овистер деп, ал аталық жыныс клеткаларына үлкен көңіл бөлгендерді анималькулистер деп атаған. Преформизм - басынан аяғына дейін метафизикалық ілім немесе ол дамуды жоққа шығарады. Преформизмге 1745 жылы ұрықтанбаған жұмыртқадан қара күйенің дамуын мысалға ала отырып, партеногенезді ашқан Ш. Бонне (1720 -1793) шешуші соққы берді. Осыдан кейін преформизм жалғасын таба алмай, мәнін жоя бастады.

Көне дәуір заманында сонымен қатар префоризмге қарама-қарсы басқа ілім эпигенез (грекше ері -кейін, genesis-даму) пайда болды. Префоризм секілді эпигенез XVII-XVIII ғасырларда кең етек алды. Эпигенездің таралуында «Теория развития» (1759) еңбегінде жинақталған К. Ф. Вольфтың (1733-1794) көзқарастары аса маңызды рөл атқарды. Оның ойынша, жұмыртқада преформирленген организм де, оның бөліктері де жоқ және жұмыртқа тек бастапқы бір текті массадан түрады. К. Ф. Вольф пен эпигенездің басқа да жақтаушыларының көзқарастары преформистерге қарағанда прогрессивті болды. Бірақ кейін тағы жаңа кезеңдер қалыптасты. Оның ішінде, 1828 жылы К. Бэр «История развития животных» деген еңбегінде жұмыртқаның құрамы бір текті емес, ал құрылымды және құрылымдаудың деңгейі ұрықтың дамуына қарай ұлғайып отырады деп атап өткен. Осылайша, К. Бэр префоризмнің де, эпигенездің де дәрменсіздігін көрсетті.

Біздің заманда организмнің өсуін клеткалар саны өсуінің нәтижесінде, оның массасының бірте-берті өсуі ретінде қарастырады. Өсуді организмнің көлемдік массасын, құрғақ массасын, клетка санын, азоттың құрамы мен басқа да көрсеткіштерін өлшеу нәтижелерін құрастыру негізінде білуге болады. Клетканың жіктелу кезінде бір клеткалар басқа клеткалардан морфологиялық, биохимиялық және қызметтік жағынан ерекше болады. Бір клеткалардың көбеюі мен жіктелуі басқа клеткалардың өсуі және жіктелуімен әрдайым үйлеседі. Бұл екі процесс те организмнің барлық тіршілік циклінің барысында жүреді. Себебі, жіктелетін клеткалар өзінің пішінін өзгертеді, клеткалар мен ұлпалардың, сонымен қатар пішіндердің өзгерісіне бір топ клеткалар ұшыраса, ол организмнің жалпы морфологиясын құрылымдық жүйелілігін анықтайтын процестердің жиынтығын білдіретін морфогенезбен жүреді. Осылайша, өсу клетка санының (дене массасы) ұлғаюы түріндегі сандық өзгерістердің және клеткалардың жіктелуі мен морфогенезі түрінде сапалық өзгерістердің нәтижесі болып табылады.

Организмдердің өсуі (клеткалардың көбеюі), клеткалардың жіктелуі мен морфогенезі туралы түсініктер арқылы даму онтогенездің негізін қалаушы ерекшеліктер деп қорытындылауға болады. Даму клеткалардың жіктелуі мен морфогенезімен анықталатын жэне онтогенез барысында индивидтің прогрессивті өзгерістерін қамтамасыз етілетін клеткалар мен ұлпалардағы биохимиялық өзгерістерімен анықталады.

Организмдердің тікелей дамуы табиғатта дернәсілдік емес және ана құрсағында даму түрінде кездеседі, ал тікелей емес даму болса, дернәсілдік даму түрінде болады. Дернәсілдік даму деп тікелей емес дамуды түсінеді, себебі организмдер өзінің дамуында бір немесе бірнеше дернәсілдік деңгейден өтеді. Дернәсілдік даму табиғатта кең таралған және ол насекомдарға, тікентерілілерге, амфибияларға тән. Бұл жануарлардың личинкалары кейін өзгерістерге ұшырай отырып, өз алдына тіршілік етеді. Сондықтан бұл дамуды метаморфозданып даму деп атайды (төменге қара) .

Дернәсілдік емес даму тікелей жолмен дамитын организмдерге, мысалы жұмыртқалары сарыуызға (қоректік зат) бай балықтарға, бауырымен жорғалаушыларға және құстарға тән. Осыған орай сыртқы ортаға салынатын жұмыртқаларда онтогенездің айтарлықтай бөлімі өтеді, ұрықтардың зат алмасуы ұрықтық қабықшалар (сарыуыз қапшығы, амнион, аллантоис) болып табылатын провизорлы мүшелермен қамтамасыз етіледі. Іштей даму сонымен қоса тікелей жолмен көбейетін организмдерге, мысалы сүтқоректілерге, адамды қоса, тән. Себебі бүл организмдердің жұмыртқа клеткалары қоректік заттарға өте кедей, ал ұрықтың барлық тіршілік қызметтері ана мен ұрықтың ұлпаларынан дамыған провизорлы мүшелердің (оның ішінде бастысы плацента болып табылады) көмегімен аналық организммен қамтамасыз етіледі. Эволюциялық жағынан іштей даму ең кейінгі форма болып табылады, бірақта ол ұрықтарға аса тиімді, себебі олардың тірі қалуын тиімді түрде қамтамасыз етеді.

Онтогенез проэмбриональдық, эмбриональдық және постэмбриональдық кезеңдерге бөлінеді. Адамда, кейде жоғары сатыдағы жануарларда, туылғанға дейінгі даму кезеңін пренатальды немесе антенатальды, туғаннан кейінгісін - постнатальды деп атайды. Пренатальды кезеңінің шегінде алғашқы (дамудың бірінші аптасы), ұрықтық және ұрпақтық кезеңдері болады. Дамушы ұрықты мүшелер бастамалары қалыптасқанша эмбрион деп, ал мүшелерінің бастамалары қалыптасқаннан кейін - ұрпақ деп атайды.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба - кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.

Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

Жеңіл деңгей:

Оқушылар физиологиясы пәнінің мақсаты, міндеттері

Оқушылар физиологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

Орта деңгей:

Оқушылар физиологиясының дамуы.

Оқушылар физиологиясы пәнінің зерттеу әдістері.

Күрделі деңгей:

Өсу мен даму көрсеткіштері

Дамудың түрлері

БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

ОБӨЖ тапсырмалары: Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы, Өсу мен даму қарқыны

БӨЖ тапсырмалары: Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы, Өсу мен дамудың гетерохрониясы.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

Аймбетова И. О. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Оқу құралы. Түркістан, 2019ж.

Ерманова С. А. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқу құралы. Қарағанды, 2014ж.

Бөлешов, М. Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық. Алматы: Отан, 2016.

Қосымша:

Аймбетова И. О., Тойжигитова Б., Сержанова А. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Оқу-әдістемелік құралы. Түркістан, 2019ж.

Ажибаева З. С. Ас қорыту физиологиясының қазіргі мәселесі. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2016.

Бұғыбаева С. Ж., Лесбекова Р. Б., Есжан Б. Ғ., Кисебаев Ж. С. Дене тәрбиесі және спорт гигиенасы. Оқу әдістемелік құралы. Алматы : ҚазСТА, 2017.

Суханбердина Ф. Х., Кабаева С. М., Куспанова Б. К. . Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері : Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2014. http://rmebrk. kz/book/

Маусумбаева А. М. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құрал. - Алматы: Отан, 2017. http://rmebrk. kz/book/

WEB сайттар тізімі:

http://library. ayu. edu. kz

http://rmebrk. kz/

www. booksmed. com/fiziologiya

http//www. library. intra. ru

№2 Лекция тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің дамуы

Лекцияның оқыту нәтижелері: 1 Дене еңбегінің шамасына әр түрлі жастағы организм реакциясының ерекшеліктерінің жүйке физиологиялық даму ерекшеліктерін түсінеді. 2 Оқушылардың қозғалыс аппаратын сақтау туралы гигиеналық білімдерді оқу процесінде көрсетеді. 3 Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіруді жетілдіру дағдыларын қалыптастырады.

Лекция мазмұны : Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттер мен қызметіне байланысты.

Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесінің дамуы
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Психика мен сана дамуы
Психиканың жалпы сипаттамасы
Темперамент жайлы ұғым
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Темперамент және қабілет туралы түсініктер
Жүйке жүйесінің типтері
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz