ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ»
6В07304 - «Кадастр»
Орындаған:
(қолы)
Ғылыми жетекшісі:
э. ғ. к аға оқытушы Бектурганова А. Е.
(қолы)
Кафедра меңгерушісі
г. ғ. д., профессор
(қолы және мөрі)
Норма бақылау
аға қоытушы
(қолы)
Aлмaты, 2023 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі
. Жер - адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының саналуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: “Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы” деген екен. Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 36, 1 млн. км2
немесе 70, 8%-тін алып жатқан Әлем мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149, 1 млн. км2 немесе 29, 2%-ті құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%-тін шөл және 30%-тін орман алып жатыр. Жердің тек 10%-ті ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады. Жер литосфераның, гидросфераның және атмосфераның аса күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатады. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден жер жылжымайтын мүлік, дегенмен оның жалпы көлемі өзгермейді. Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленiп отыр. Бiркелкi мемлекеттiк жер коры 272, 5 млн. га кұрайды. Республиканың территориясында 8 табиғи-шаруашылық, аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық, облыс бөлiнiп отыр, олардың iшiнде жерлердiң көбi шөл (112, 2 млн га), шөлейт (37, 3 млн га) және дала (62, 4 млн га) ayмaқтapындa болып отыр. Барлық жер қоры жетi санатқа бөлiнедi, оның iшiнде - 34, 4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43, 9 мемлекеттiк запастағы елдi мекендердiң жерлерi, 4, 1 өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4, 0 орман, 1, 3 су қорлары, ал ерекше корғaлынатын табиғи аумақтардың жерлерi 0, 55% құрайды. Республикада 161 әкiмшiлiк аудан, қалалар мен поселкелердiң саны - 302, ал ауылды елдi - мекендердiң саны 7164 кұрайды. Бұл көрсеткiштер республика жер корының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайын бiрдей eмecтiгiн және әкiмшiлiк бөлiмдерiнiң көптiгiн керсетедi. Осыған байланысты тақырып өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне кадастрлық бағалау жұмыстарын жүргізу.
Алға қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- Қызылорда облысы Сырдария ауданының географиялық орналасу ерекшеліктері мен табиғи-климаттық жағдайына баға беру;
- Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауыл шаруашылғы мақсатындағы жерлерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- ауыл шаруашылғы жерлерінің егістік шаруашылығында пайдалану ерекшелігі мен жер пайдаланушылар бойынша бөлінуіне талдау жасау;
- Бесарық ауылдық округінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне кадастрлық бағалау жұмыстарын жүргізу;
- жердің нормативтік бағасын есептеу принциптері. ауыл шаруашылығы алқаптарының бағасын айқындау.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, негізгі мәселені қарастыратын 9 бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жалпы мәтіндік бөлімі 59 беттен тұратын жұмыс құрамында 1 сурет, соның ішінде 1 карта, 21 кестеден тұрады.
Бұған себепті, қарастырылып отырған дипломдық жобада ішкі шаруашылық жерге орналастыру мәселелері қарастырылуда, және қабылданған жобалық шешімдердің негізінде мал азығы алаптарының (негізінен табиғи маусымдық жайылымдар) кадастрлық құны (бағасы) анықталады.
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленiп отыр. Бiркелкi мемлекеттiк жер коры 272, 5 млн. га кұрайды. Республиканың территориясында 8 табиғи-шаруашылық, аумақ пен 2 табиғи-шаруашылық, облыс бөлiнiп отыр, олардың iшiнде жерлердiң көбi шөл (112, 2 млн га), шөлейт (37, 3 млн га) және дала (62, 4 млн га) ayмaқтapындa болып отыр. Барлық жер қоры жетi санатқа бөлiнедi, оның iшiнде - 34, 4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43, 9 мемлекеттiк запастағы елдi мекендердiң жерлерi, 4, 1 өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4, 0 орман, 1, 3 су қорлары, ал ерекше корғaлынатын табиғи аумақтардың жерлерi 0, 55% құрайды. Республикада 161 әкiмшiлiк аудан, қалалар мен поселкелердiң саны - 302, ал ауылды елдi-мекендердiң саны 7164 кұрайды. Бұл көрсеткiштер республика жер корының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайын бiрдей eмecтiгiн және әкiмшiлiк бөлiмдерiнiң көптiгiн көрсетедi.
1 ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
1. 1 Жердің кадастрлық құнын есептеу әдістемесі
Кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.
Жер учаскелерінің кадастырлық құнын анықтау үшін, келесі мәліметтер қолданылады:
- жер учаскесінің жалпы ауданы;
- бір шаршы метр немесе бір га. жер үшін төлем ақының базалық ставкасы;
- түзету коэффициенттері.
Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.
Жер учаскесінің базалық ставкасы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу үшін төлемақының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысымен белгіленген (кесте 1) .
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгiленедi. Қызыорда облысы бойынша бұл нормативтік құжат облыстық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсан № 35/412-IV шешiмi және облыс әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсан № 302 қаулысымен бекітілген (кесте 2) [1] .
1 кесте
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары гектарына мың теңгемен [1]
құмдар
Тауға жапсарлас, таулық ашық қызыл
суб-
алпілік және
алпілік
суармалы егістік
шабындық
жайылым
39, 4
2, 0
50, 1
5, 6
2, 0
10, 6
4, 4
2 кесте
Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыстың кенттерi мен ауылдық елдi мекендерiнде жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары [1]
елдi мекендерi
Түзету коэффициенттері. Елді-мекен жерлеріне түзету коэффициенттері мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елді мекендерде-аудандық атқарушы органның ұсынысы бойынша аудандық өкілді органның, ал облыстық маңызы бар қолаларда (Астана және Алматы қалаларында) облыстық (Астана және Алматы қалалық) атқарушы органың ұсынысы бойынша облыстық (Астана және Алматы қалалық) өкілді органның шешімімен бекітіледі.
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 116 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 02 мамырда N 4438 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 161 шешімімен бекітілген [1, 2] .
1 сурет. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) [24]
3 кесте
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары [24]
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы жерлерінің бағалау аймақтары 4 ке бөлінген.
- аймақтың шекарасы, батысынан Майжарма каналымен шектесіп, солтүстігі темір жолмен, шығысынан Әлиакбаров көшесі және А. Тоқмағанбетов көшесімен, оңтүстігінен Айтек каналын бойлай Амангелді көшесімен "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен түйіседі.
- аймақтың солтүстік шығысы темір жолмен Тереңөзек кентінің шегінің оңтүстік-шығыс бөлігі толығымен қамтып, оңтүстігінен Сырдария өзенінің бойымен, "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен солтүстікке қарай Амангелді, Әлиакбаров пен А. Тоқмағанбетов көшесін бойлай темір жолмен түйіседі.
- аймақтың шекарасы батысынан Айтбай каналы бойымен, солтүстігі темір жол бойымен, шығысы Майжарма каналы бойымен, оңтүстігі Айтек каналы бойымен өтеді.
- аймақ шекарасын темір жолдың бойы Тереңөзек кенті аймағының түгелімен солтүстігін қамтиды; Сырдария өзенінің солтүстік батысынан және солтүстік шығысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы" N 957 Қаулысына сәйкес орман қоры жерлерінің санатынан елді мекендер санатына ауыстырылған Тереңөзек кентіне қосымша табысталған жер учаскелері қамтиды.
4 кесте
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері [24]
Мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беретiн жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезiнде жер учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, орналасуына, сумен қамтамасыз етiлуiне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерi қолданылады.
Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негiзiнде анықталады:
1) егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiнiң құнын белгiлеу үшiн оның мелиорациялық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
а) жердiң мелиорациялық жай-күйi:
- жақсы (топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз, эрозияға ұшырамаған; жер асты суларының тереңдiгi: тұщы су - 3 метрден астам, минералды су - 6 метрден астам) - 1, 2;
- қанағаттанарлық (топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жер асты суларының тереңдiгі 3-6 м) - 0, 9;
- қанағаттанғысыз (топырағы орташа және аса тұзданған, орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күштi эрозияға ұшыраған; 1 г/л астам минералданған жер асты суларының тереңдiгi 3 метрден кем) - 0, 6;
ә) жер бетiнiң еңiстiгi:
-1 градусқа дейiн - 1; 1-ден 3 градусқа дейiн - 0, 98; 3-тен 5 градусқа дейiн - 0, 96; 5-тен 7 градусқа дейiн - 0, 93; 7 градустан астам 0, 86;
2) табиғи жем-шөп алқаптары (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскелерiнiң құнын айқындау үшiн учаскенiң сапалық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне қарай мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
б) жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар:
- көп жылдық шөп егiлiп, түбегейлi жақсартылған - 1, 2;
-өсiмдiк жамылғысының түр-құрамын өзгертпей, беткi қабаты жақсартылған - 1, 1;
- шабындық жердiң жай-күйi;
- жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1, 2;
- қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0, 9; қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк басып кеткен, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0, 7;
в) жер қабатының еңiстiгi:
-3 градусқа дейiн - 1;
- 3, 1-ден - 6 градусқа дейiн - 0, 95;
- 6, 1-ден 10 градусқа дейiн - 0, 9;
- 10, 1-ден - 20 градусқа дейiн - 0, 85;
- 20 градустан астам - 0, 5;
г) жайылымдық жердiң жай-күйi:
- жақсы (ластанбаған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) баспаған, ағаш өспеген, тассыз, аймақтық өсiмдiктердiң белгiлерi жақсы байқалатын жер учаскесi) - 1, 2;
- қанағаттанарлық (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан көрiнедi) - 0, 9;
- қанағаттанғысыз (ластанған, бұта-шiлiк (азыққа жарамайтын бұталар) басқан, ағаш өскен, тастақ, өсiмдiк жамылғысының аймақтық құрылымы бұзылған, қатты тапталған жайылымдары, жалаңаш сорлары бар, сортаң топырақты, тақыр жер учаскесi. Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан байқалады) - 0, 6;
ғ) жер қабатының еңiстiгi:
-12 градусқа дейiн - 1; 13-тен - 20 градусқа дейiн - 0, 8; 20 градустан жоғары - 0, 6;
Жер учаскелерiнiң құнын анықтау үшiн жер учаскесiнiң суландырылуына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жерiне, қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1) жер учаскесiнiң суландырылуы (сумен қамтамасыз етiлуi) :
суландырылған - 1, 2; суландырылмаған - 0, 8;
2) жер учаскесiнiң шаруашылық орталығына қатысты орналасуы, километрмен:
беске дейiн - 1, 2; 5-тен 10-ға дейiн - 1; 10-нан 20-ға дейiн - 0, 9; 20-дан 30-ға дейiн - 0, 8; 30-дан астам - 0, 7;
3) жер учаскесiнiң қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы, жолдардың сапасына байланысты [2] .
5 кесте
Жер учаскесiнiң қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы [24]
Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын арттыратын немесе кемiтетiн бiрнеше факторлар болған кезде коэффициенттер көбейтiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz