Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І - тарау Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
І. 1 Табиғат ресурстары мен жағдайлары4
І. 2 Табиғат ресурсы . . . 6
1. 3. Халқы . . . 9
ІІ - тарау Шаруашылықтың жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
ІІ. 1 Ауыл шаруашылығы . . . 15
ІІ. 2 Мал шаруашылығы . . . 18
ІІ. 3 Өнеркәсібі . . . 20
ІІІ - тарау Сыртқы экономикалық байланыстар мен ішкі айырмашылығы.
ІІІ. 1 Сыртқы экономикалық байланыстар. . 22
ІІІ. 2 Ішкі айырмашылығы . . . 23
Қорытынды . . . 25 Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест - Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест - Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді ( Орталық Америка ) . Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.
«Латын Америка» түсінігі дүниенің осы бөлігіндегі Пиреней түбегінің роман халықтары испандықтардың және португалдықтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрінің ықпалымен тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16 - 17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның басқа елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары көп болған жоқ және кем басталған, сәйкесінше оның халықтарының ұлттық әсері айтарлықтай көп емес. Қазіргі таңда Латын Америкасының 33 саяси лербес мемлекеттерінің 18- інде ресми және басым тіл - испан тілі ( халықтың 63% ) ; Бразилияда ( халықтың 34% ) - португал, ал 14 кішігірім елдерде ( халықтың 3% ) ресми тіл болып француз тілі ( Гаити ) жарияланған, ағылшын Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка, Багам аралдары, Гренада, Доминика, Сент - Люсия, Сент- Винсент және Гренадин, Сент- Кристофер және Невис, Антигуа и Барбуда, Белиз және голланд тілі суринамда. Соңғы жылдары Вест-Индияның көлемді емес жерлері тәуелсіздік алуына байланысты және Белиз, Гайана, Суринам « Кариб елдері » географиялық субауданына біріктіріліп жүр. Ал барлық аймақ БҰҰ- ның номенклатурасында « Латын Америкасы және Кариб елдері » деп аталады. Алайда ресми құжаттардан тысқары бұл аймақты ескі дәстүр бойынша Латын Америкасы деп атайды.
Латын Америкасы елдері тарихи жағдайлардың және қазіргі әлеуметтік - экономикалық дамудың жағдайларын біріктіреді. Бұлардың бәрі ұлттық тәуелсіздігін өзінің басқарушы елдерінен алған Европа елдерінің баяғы отарлары болып табылады. Испандық отарлардың көбісі тәуелсізідігін өзінің 1810- 1825 ж алды. Өзінің қалыптасу кезінде - ақ осы экономикалық әлсіз мемлекеттер алдымен Ұлыбританияға және Францияға, кейіннен АҚШ- қа қаржылық тәуелділікте болды.
ІІ д. ж. с кейінге отарлау жүйесінің күйреуі Латын Америкасы елдеріне де әсер етті. Куба халқы 1959 жылдың қаңтар айында қарулы жолмен тәуелсіздігін алды, Ұлыбританияның көптеген отарлары да егемендікке жетті. Латын Америкасындағы демократиялық қозғалыстардың нығаюына Никарагуалықтардың 1979 жылы Самос әулетінің құлатуы зор маңызы болды. АҚШ алдында басып алған жерлерді басқаруын жалғастырып келеді: Пуэрто - Рико ( АҚШ - қа өз еркімен қосылған мемлекет деп жарияланған ), Панама каналының аймағы, Виргин аралдары. Олар өз қолдарына әскери жүйені ұстап отыр, соның ішінде Кубаның территориясынндағы Гуантаманы.
І - тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І. 1 Табиғат ресурстары мен жағдайлары
Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 мың км -ге созылып жатыр. Шығысында Атлант мұхиты, батысында Тынық мұхиты шайып жатыр. Аймақтың қоныстануы мен экономикалық дамуында теңіздің маңызы зор. 33 мемлекеттің ішінен тек Парагвай мен Боливия ғана теңізге шыға алмайды.
Латын Америкасы жер бедері мен геологиялық құрылымы аа күрделі. Оның геологиялық негізін қозғалмалы, қарқынды дамып жатқан Венесуэладан Отты Жер аралына дейін 9000 км- ге созылып жатқан Кордильер ( Анд ) тау жүйесі және Оңтүстік Американың шығысы мен орталығындағы Гвиан платформасы құрайды. Бұл оның территориясының айтарлықтай алуан түрлілігін айқындайды. Мұнда құрлықтағы ең ұзын тау жүйесі және Батыс жарты шардың ең биік нүктесі Аконкагуа - 6960 м Анды және ең ірі ойпат Амазонка ойпаты, кең жазықтар мен үстірттер бар. Аймақтың солтүстік бөлігі Мексика негізінен таулы ел. Жақын жазықтар, Юкатан түбегін қоса территорияның 1\5 - ін алып жатыр. Орталық Америкада және Вест- Индияда жер бедері таулар теңізге шығатын жазықтар мен ойпаттарға ұласады. Латын Америкасының Тынық мұхиттық тау белдемінде қарқынды тектоникалық әрекеттер - жанартау атқылауы, жер сілкінулер ( 1970 жылы Перудегі, 1985 жылы Мехикодағы жоқын зілзалалар ондаған мың адамдардың өмірін әкетті ) жүріп жатыр. Дегенмен, Анд таулары мен Мексиканың жоғарғы қыраттары колумбктік кезеңге дейінгі жоғары дамыған американдық өркениеттің отанына айналған еді.
Пайдалы қазбалары
Латын Америкасы минералды шикізаттың барлық түрлерімен дерлік қамтамасыз етілген, оның біраз түрінен әлемнің басқа аудандарынан ерекшеленеді. Мұнда салыстырмалы түрде ауқымды территорияда пайдалы қазбалардың ең ғажайып түрлерінің қосындысы кездеседі.
Барланған отын ресурстарынан мұнай мен газдың қоры көп. 1995 жылы мұнайдың қоры 18 млрд. т бағаланды. Олар Мексикадағы Мексика шығанағының қайраңында жиналған. Оңтүстік Американың ең ірі мұнайлы бассейні Маракайбо қыраты толығымен Венесуэланың территориясында орналасқан.
Тас көмірдің барланған қоры көп емес ( 1996 жылы 100 млрд. т шамасында ) . Өндірілген тас көмірдің кен орны Мексикада, Колумбияның тау аралық жазықтарында, Перу мен Орта Чилиде, Аргентина мен Бразилияның құрлықтық жыныстарында бар.
Латын Америкасы темір рудасының жоғары сапалы түріне бай, әлемдік қордың 1/4- і осында. Маңызды кен орындары Оңтүстік Америка құрлықтық қалқанының кембрийге дейінгі метаморфты жыныстарында орналасқан. Бірінші орында 80 млрд. қоры бар, ал барланған темірі бар 54% - 42 млрд. т болатын Бразилия мемлекеті. Әлемдегі ірі кен орындарының бірі Боливиядағы Мутун кен орнының қоры 40млрд. т құрайды.
Латын Америкасында радиоактивті минералдарлдың ( уран, торий ) біраз қоры табылған. Бұл атомдық энергетиканы дамытуға негіз болды. Оның көп қоры Бразилия, Аргентина, Колумбия, Мексикада бар.
Бразилия жоғары сапалы марганец рудаларынан дүние жүзінде
3 - ші орында алады. Бразилия- Венесуэла қалқаны мен Вест - Индия аралдарында никель, кобальт, хром, титанның біраз қоры шоғырланған. Андта аймақта барланған вольфрам рудаларының ( Боливия, Перу ), молибденнің ( Чили ), висмуттың ( Боливия, Перу) ірі кен орындары шоғырланған.
Түсті металдардың территориялық орналасу заңдылықтары геологиялық тұрғыдан сипатталады. Андтарда, Батыс және Оңтүстік Сьерра - малреде мыстың, қалайы, мырыш, сүрме, сынаптың ірі кен орындары шоғырланған. Аймақтың үлесіне капиталистік әлемдегі ресурстардың 40%, соның ішінде Чили мен Перудегі 20% және 10% сәйкесінше келеді.
Айрықша « қалайы белдемі » Анд таулары арқылы Боливия, Перу және Бразилияның жақын аудандарын алып жатыр. Соңғы бағалау бойынша дүние жүзінің қалайы қорының 1/3 -« шоғырланған. Қалайымен сүрме серіктес жүреді және бұл минералдың ½ ( 70% - ға жуығы ) Боливия үлесінде. Қорғасын - мырыш рудаларының көп қоры Перу мен Мексикада. Латын Америкасындағы сынаптың 95% - ы Мексикада ( капиталистік елде 5, 5% ) бар. Аймақта бокситтің ¼ -« бар, соның ½ - Бразилия үстіртінің шөгінді жыныстарында, қалғаны Гвиан қыратының шығыс шеті, сонымен бірге Ямайкада және Вест - Индияның басқа аралдарында орналасқан.
Бес ғасыр бойы аямай пайдаланғанына қарамастан алтынның қоры азаймаған. Соңғы кездері Бразилиядағы Амазонка бассейнінде, Венесуэлада Ориноко бассейнінде және Аргентинадағы Анд тау алды жазықтарында ірі кен орындары табылды. Күміс қоры бойынша Мексика бірінші орында, үшінші орында перу. Платина шашырандылары Колумбияда бар.
Бейметал қазбалардан Мексикадағы күкірт, мышьяк және графиттің Бразилиядағы, Венесуэла, Гайанадағы алмазды, Бразилиядағы кварц, слюда, асбест, баритті, магнезитті, Чилидағы селитраны айта кеткен жөн. Көптеген елдерде фосфорит, доломит, гипс, дала шпаты, каолиндер кездеседі.
Климаты экватордың екі жақты тропикті және субтропикті ендіктерінде және екі мұхит арасында орналасуымен және мұхиттың әсерін бөлетін күшті тау жүйесінің болуымен анықталады. Экваторлық белдеуде температуралық режим тұрақтылығымен ерекшеленеді. Максималды орташа температура ( 30 - 31 °) Колумбияда Атлант мұхитының жағалауында және Венесуэладағы Маракайбо қыратында байқалады. Қыс пен жаздың температуралық режимдерінің мезгілдерінің ауысуы тропиктерден ары мұхит бетінде байқалады. Алайда Бразилия қыраты мен Мексика үстіртінде мұхит бетінде биіктіктің әсерінен аяздар тропиктерде байқалады. Колумбияда олар кофе плантайияларына орасан зиян келтіреді. Оңтүстікке қарай температураның жылдық амплитудасы максимум 18° -ге, Аргентинада орташа жылдық 16° Мендос ауданында. Мұнда және солтүстікке қарай Гран- Чако облысында климаттың ең күшті « континенталдығы » байқалады. Мұхиттық желдер мұнда жетпейді, аз бұлттылық максималды инсоляцияны негіздейді. Жазда бұл жер шарының ең ыстық аудандарының бірі, абсолюттік температура кейде 50°-тан асады. Оңтүстік Америкада таулы аудандардан басқа, кері жылдық орташа температура болмайды, керек десеңіз Отты Жерде 2-4°. Магеллан бұғазы ешқашан қатпайды.
Таулы аудандарға вертикалды климаттық зоналылық тән. Адамдардың өмір сүруіне тропиктердің таулы аудандарында « тьерра темплада » - 1200 м- ден 2500 м- ге дейінгі жылдық температурасы 22-23° - тан 15-16°- қа дейінгі зона өте ыңғайлы. Қар сызығы колумбийлік- венесуэлдік Андтарда 4600 м- ден және эквадор - перуандық Андтарда 5000- 5500 м- ден патагондық Андтарда 1800- 1000 м- ге дейін төмендейді, ал батыс беткейдің жекелеген глетчерлері Тынық мұхит суларына тікелей шығады.
Материктің жағаларын шаятын мұхиттық ағыстар және атмосфералық ауа массаларының циркуляциясы оның климатына айтарлықтай әсер етеді. Перуан суық ағысының шаятын тропиктік зонаға жақын әлемдегі ең құрғақ шөл - Атакама ( Икикада жылына 3-5 мм жауын - шашын жауады) орналасқан. Керісінше, Колумбия және Орталық Американың батыс жағалауында жылы экваторлық ағысы өтеді. Бұл жер шарының ылғал аудандарының бірі. « Жыл ығында » орналасқан Мексика қыратында, Оңтүстік Американың атланттық жазықтары, Бразилия тау қыратының солтүстік -шығыс бөліктерінде және Патагонияда жауын - шашын мөлшері өте аз. Латын Америкасының жалпы территориясының ¼ -не 2000 мм аса жауын - шашын кез - келген өсімдіктердің вегетациясын қамтамасыз етеді, ал 40% - ға жуығына 1000- 2000 мм, 1/3- і аридті және жартылай аридті, мұнда өсімдік шаруашылығы суарусыз мүмкін емес.
Ішкі сулары
Өзендер Латын Америкасының маңызды, бірақ әлі де болса шаруашылыққа пайдаланбайтын байлықтарының бірі. Аймақтың көлемінің 60% әлемнің ірі өзендерінің бассейндерне жатады. Ал оларды кешенді пайдалану әртүрлі мемлекеттердің ортақ және келісілген әрекеттерін қажет етеді. Амазонка бассейні ( 7 млн. км 2 аса ) жеті мемлекеттің территориясынан өтеді, оның 2/3 -сі Бразилияның үлесінде. Ла - Плата бассейні ( 4 млн. км 2 аса ) бес мемлекеттің шекарасынан өтеді. Бұл бассейндердің өзендері суаруда қажет ететін аудандардан ағып өтеді. Ориноко бассейні (1 млн. км 2 ) Венесуэла мен Колумбияда орналасқан. Әлемдік ағынның ¼ - іне ие бола отырып су ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша бес құрлықтың ішінде жан басына шаққанда 1км 2 территорияға әлемде 1- ші орын алады.
Топырағы мен өсімдігі
Континетте топырақтың кең түрі таралған; қара топырағынан бастап, аргентина - уругвай пампасының тау шөлдерінің құнарсыз топырақтарына дейін. Тропиктік латериттердің әртүрлі типтері ( ауданның ½ - н алып жатыр ) тараған және арнайы жер өңдеудің жүйелерін қажет етеді.
Ауданның флорасы айтарлықтай мөлшерде эндемикті. Оңтүстік Американың субтропиктерінде тамаша құрылыс ағашын беретін бразильдік және чилилік араукария сақталған. Ылғалды тропиктк ормандардан құрылыс ағашының аса қатты түрлерін ( каоба, агуапо, қызыл ағаш ) алады, жемісті пальмалардың көп түрлері, жаңғақ, дәрілік және өнеркәсіптік ағаштардың көптеген түрлерін өндіреді.
Қазіргі таңда Амазонка ормандарының тағдыры мазалайды. Мұндағы сельва ( гилея ) - 5 млн. км 2 жоғары - әлемдегі мңгі жасыл жалпақ жапырақты ормандардың ең үлкен массиві. Оны « планетамыздың өкпесі » деп атайды. Ол жыл сайын жер шарының өсімдіктері атмосфераға бөлетін ауаның 40%- ын береді. Ормандардың кесілуі бүкіл жер шарының, өзендер мен топырақты ауыр жағдайға ұшыратуы мүмкін. Амазонкада, әсіресе Бразилияда басталған ауыл шаруашылық отарлау егін - өртеу жүйесіне негізделіп, қазірдің өзінде - ақ орман байлықтарына нұқсан келтіреді.
Латын Америкасы елдерінің табиғат жағдайлары адамдардың өмір сүруіне және шаруашылық әрекеттер үшін өте қолайлы. Басты проблема - ресурстарды зерттеу және оларды ірі көлемде және жүйелі түрде пайдалану.
І. 2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Қазіргі Латын Америкасының территориясында мекендеген ортақ « үндістер » атымен аталған көптеген халықтар мен тайпалар бір- бірімен сыртқы келебеті, тілі, діні, мәдениет деңгейімен ерекшеленетін. Әсіресе мексикан тау қыраты мен Юкатан түбегі, Перуан - Боливийлік және Колумбийлік Андыларда көп қоныстанған. Мексика таулы қыратындағы ең мықты мемлекет Теночитлане ( қазіргі Мексика ) қаласындағы ацтектердің империясы болған. Өркениеттің екінші ірі ошағы Орталық Андта қалыптасты. Ол этникалық біркелкі болатын - кечуа және аймара ұлттарын біріктіретін инктердің империясы.
Вест - Индияда және Оңтүсттік Американың шығысsylf6 Колумбия мен Эквадордың жағалауындағы үндіс тайпалары қырып тасталған не болмаса материктің тұңғиығына шегінді. Плантацияларда жұмыс істеу үшін Африкадағы негрлер - құлдар әкелінді. Еуропалық пен негр қыздарының аралас некесінен мулаттар пайда болса, құлдардың үндіс қыздарына үйленгеніне самбо этникалық тобы пайда болады.
Көп ғасырлық әлеуметтік- экономикалық үрдістердің нәтижесінде аймақты барлық аудандарында ұллтар қалыптасты. Ұлттың құрамы біркелкі елдер : Аргентина, Уругвай, Чили. Үндістердің үлесі Боливияда 63%, Гватемалада - 47%, Эквадорда - 40%, Мексикада - 15% .
Континент халқы тез өсіп келеді: 1995 жылы 47, 5 млн. болса, 2009 жылға қарай 520- 570 млн. - ға жетеді деп жоспарланып отыр. Халқы саны кедей, нашар дамыған елдерде, Орталық Америкада., Боливия, Парагвай мен Эквадорда өсіп келеді. Ең азы Уругвай, Аргентина, Кариб бассейнінің кіші ағылшын елдерінде. Табиғи өсімнің қарқыны мен өмірдің ұзақтығы аймақтың елдерінің « айтарлықтай жас » болатынының кепілі. Уругвай мен Аргентинада ғана 15 жасқа дейінгі балалар 30% құраса, басқа елдерде 40%, кейбірінде халықтың ½ -ін құрайды. 65 жастан ары қарайға жастардың үлесі көп емес: 19 елде 3 - 6 %, ауыр жағдайлар өмір ұзақтығын қысқартады.
Халықтың басым көпшілігі Вест - Индия таулы аудандарда, мұхит жағалауына қоныстанған. Амазонка, Ориноко мен Парагвай бассейндері мен Патагонияда сирек десек те болады. жаң жерледі игеру мен жаңа қалалардың салынуы жалғасып жатқанымен халықтың қоныстануының ретсіздігі тереңдеуде. Халықтың ең көп қоныстанған жерлері Вест - Индия мен Орталық Америкада ( Барбадоста 1 км 2 - 600 адам, Сальвадор - 1 км 2 - 250 адам т. с. с. )
Латын Америкасында урьанизация деңгейі де жоғары: 1995 жылы қалаларда 74% . Урбанизацияның процестерінің ерекшеліктері әр елде әртүрлі. Бір елдерде елді- мекендердегі халық санымен анықталады. ( Гондурас - 1000, Колумбия мен Панама - 1500, Аргентина- 2000, Венесуэла мен Мексикада - 2500 аса) . Венесуэлада урбанизация деңгейі жоғары 90% - дан асады, Аргентина мен Уругвайда, Чилиде - 86%, бұл елдерде урбанизация деңгейі иммигранттардың есебінен ( 19 ғас. соңы 20 ғас басы ) өсті. Бірқітір елдерде қалалықтардың саны 30- шы жылдары, әсіресе 2 д. ж. с кейін өсті. Оның басты факторы ауыл тұрғындарының миграциясы. Қала халқыны үлесі ең аз елдер- Сальвадор мен Гондураста 45%, Гватемалада- 40%, Гаитиде - 30%.
Соңғы онжылдықта агломерациялар саны өсуде. 90 жылдардың ортасында 38 миллионер қалалар болды. Көптеген елдерге басқа қалалардан басымдылық көрсететін бір ғана қаланың қарқында дамуы тән. Ірі қалаларда тұрғын үй мәселесі су және электроэнергиямен қамтамасыз ету, қалдық сулар, көлік, тазалық, қоршаған ортаның ластану мәселелері ушығып тұр. Латын Америкасында экономикалық белсенді халықтың үлесі өте төмен, 1/3 - ден сәл ғана жоғары деуге болады. Бұл жұмысқа қабілетті адамдардың тым аздығы, әйелдердің өндірістегі үлесінің аздығы, жаппай жұмыссыздықпен айқындалады. 1994 жылы ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 36 млн. адамға жетті (жұмысшы күштің 7, 4% ) .
Экономикалық белсенді халықтың кәсіптік құрылымының анализі өндіруші күштердің аздығын көрсетеді. Ауыл шаруашылығында жоғарғы және орта білімді мамандардың үлесі 0, 1% ; мамандандырылған жұмысшылар - 5% -дан аз, өңдеуші өнеркәсіпте сәйкесінше 1, 6 - 1, 7% . БҰҰ статистикасы бойынша 90 жылдары Латын Америкасы елдерінің ауыл тұрғындары кедейшіліктің ресми шегінен төмен өмір сүрген. Орталық Америка мен Анд елдерінде бұл көрсеткіш - 75% жоғары, Гаити мен Боливияда - 95%- дан жоғары. Бұл елдердегі сауатсыздық деңгейі де жоғары - 30- 60%, аймақ бойынша орташа көрсеткіш 15% шамасында.
ІІ - тарау Шаруашылықтың жалпы сипаты мен даму ерекшеліктері
ІІ. 1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері
Отарлау кезінде аймақта шаруашылықтың екі саласы ғана дамыды: асыл металдар өндіру және плантациялық тропиктік өсімдіктер өсіру. Бұл салалардың барлық өнімін Испания мен Португалия шығарып отырды. Отардың ішкі экономикасында табиғи шаруашылық басым болды.
Аймақ елдерінің кейінгі экономикалық дамуы шетел капиталымен, алдымен ағылшын, сосын американдықпен тығыз байланысты болды. Шетел монополияларының ықпалымен сыртқы нарыққа тәуелді біржақты экономика қалыптасты. Шетел компанияларына ірі мұнай орындары, кеніштері Мексика, Венесуэла, Боливия, Перу, Чилиде қалыптасты. Вест- Индия аралы « американдық қант еліне » айналды. Бразилия мен Колумбия « кофе елдеріне », Орталық америка елдері - « банан елдеріне », Аргентина, Уругвай, Бразилия Пампасы, етті - жүнді орталыққа айналды.
І д. ж. с Еуропамен экономикалық байланысты бұзды. Еуропа капиталының бірден әлсіреуі, бір жағынан жергілікті ақша салымының жандануына, кіші және орта кәсіпорындарынң пайда болуына әкелсе, екінші жағынан америка капиталының басымдылығына әкелді.
1929- 1933 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс, кейіннен 2 д. ж. с импорт таураларының жетімсіздігі мен жоспарсыз индустриялардың жылдам дамуына әкелді. 50 жылдардағы терең дағдарыстан кейін бір жақты аграрлы шикізетты маманданудан, өнеркәсіпті дамытудан алшақтау екендігін көрсетті. Соның төлемін дұрыстау үшін көптеген елдер кеден салығын жоғарылатты. Әсіресе тұтыну тауарларына және импортты жергілікті өндіріспен алмастыру саясатын жариялады. Сол кезде АҚШ- тың және басқа елдердің кәсіпорындары осыған дейін Латын Америкасына дайын тауарларды әкелуден бас тартып, оның нарығын « іштен » басып алуға тырысты. Яғни мұнда өздерінң кәсіпорындарының филиалын ашып, тиімді және қарқында дамып келе жатқан салаларды - электроника, радиоэлектроника, автомобиль, кеме жасау, химия, дәрі - дәрмек жасау, резина, цемент, шыны жасау басып алуға тырысты.
Шетел капиталының енуіне байланысты жауап ретінде Латын Америкасы елдері мемлекеттік секторды дамыта бастады. Мұнай, металлургия, энергетикалық кәсіпорындар шетел капиталының қатаң қарсылығына қарамастан жергілікті патриоттық ағымдар мен кәсіпкерлердің арқасында салынды. Латын Америкасы елдерінің экономикалық дамуы біркелкі жүрмеді. Оңтүстік конус елдерінде құрылымдық дағдарысқа тап болды. Аргентина өзінің ғасырлық көшбасшылығынан айырылды, Бразилия мен Мексикаға ауысты. Мұнда жаңа технологияға негізделген шетел капиталдарына ықпалымен соғыстан кейінгі жылдары индустрия тез қарқын ала бастады. 90 жылдардың басында аймақтың жалпы ішкі өнім осы екі елдің үлесі 1/3 және 1/5 болса, Аргентинаның үлесі 1/10- ден cәл- ақ жоғары болды. Осы үш ел дамушы елдегі ең сыртқы қарызы бар елдер. 1985 жылы 272 млрд. доллар болса, 1995 жылы 574 млрд. долларға жетті.
Даму мақсатында барлық Латын Америкасы өзінің күшін біріктіріп әлемде бірінші рет экономикалық интеграцияға ден қойды. Қазір бұл үрдіс бағынышты аумақтарда да жүріп жатыр. 1960 жылы Латын Америкасы еркін сауда ассоциациясы ( ЛАТС) ( 1980 жылы Латын Америкасы интеграция ассоциациясы ( ЛАИ ) болып қайта құрылды ) және Орталық Американың ортақ нарық ( ИАОР ) ( бес мемлекет мүше) . 1968 жылы еркін сауда ассоциациясы, кейіннен Кариб ортақ нарығы бассейнінің 12 мемлекеті мен тәуелді жерлерін біріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz