ЖАҢА ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР



Қарастырылып отырған аймақ, неотектоникалық құрылым ретінде Орталық Қазақстан қалқанының оңтүстік шалғай түкпіріне, оның Оңтүстік.Шығыс Қазақстан орогендерімен түйіскен жеріне жатады /Жаңа ... картасы, 1977; Крускеев, Тимуш, 1987/. Жалпы мезозой.кайнозой кезеңдері үшін бұл қалқан біртұтас морфо.құрылымдық құрылыс түзейді. Оны жақын жатқан ірі синеклизалардың (Шу, Торғай, Ертіс) және Оңтүстік.Балхаш ойпатының антиклиндік баламасы ретінде қарастыруға болады. Жалпы аймақтың қазіргі заманғы морфоқұрылымдық жоспары біртұтас көне мезозой пенепленінің жаңа тектоникалық қозғалыстармен қайта өңделу процессінде қалыптасқан /Жазықтар мен таулар ..., 1975; Қазақстан рельефі, 1991; Курскеев, Тимуш, 1987/.
Қарастырылатын аймақ шегінде қозғалыс бағытымен ерекшеленетін келесі неотектоникалық облыстар ажыратылады: а . Орталық Қазақстан қалқанының оңтүстік шалғай түкпірі болып табылатын Шу.Балқаш көтерілімі; б . Оңтүстік.Балқаш ойпаты (3 сур.)
Шу.Балқаш көтерілімі палеозой іргетасының денудациясы есебінен түзілген аздап толқынды жазық бедерімен сипатталады. Қазіргі заманғы эрозиялық желілердің дамуы есебінен аридті жағдайларда өте кең және жайпақ жазықтар байқалады. Олардың ағындары солтүстік.шығысқа және шығыс денудациялық жалпы еңіс салдарынан Оңтүстік.Балхаш ойпатына құйылады.
Бұл ауданда Оңтүстік.Балхаш ойпаты шығыс бағытта төмендейді және генетикалық жағынан Жоңғар тау сілемдеріне қатысты тауалдылық болып табылады. Ойпаттың түзіле бастауы соңғы мезозой кезеңіне жатады. Бұл кезеңде оның оңтүстік бөлігінде көмірлі түзілімдермен толтырылған гарбентәріздес депрессиялар пайда болған. Ойпаттың түбінің біртіндеп шөгуі оңтүстік.шығыстан солтүстік.батысқа және солтүстікке қарай тараған. Сондықтан да қарастырылып отырған аумақта неғұрлым кең тарағаны

2. ЖАҢА ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

2.1. Неотектоникалық аудандастыру

Қарастырылып отырған аймақ, неотектоникалық құрылым ретінде
Орталық Қазақстан қалқанының оңтүстік шалғай түкпіріне, оның Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан орогендерімен түйіскен жеріне жатады Жаңа ... картасы,
1977; Крускеев, Тимуш, 1987. Жалпы мезозой-кайнозой кезеңдері үшін бұл
қалқан біртұтас морфо-құрылымдық құрылыс түзейді. Оны жақын жатқан ірі
синеклизалардың (Шу, Торғай, Ертіс) және Оңтүстік-Балхаш ойпатының
антиклиндік баламасы ретінде қарастыруға болады. Жалпы аймақтың қазіргі
заманғы морфоқұрылымдық жоспары біртұтас көне мезозой пенепленінің жаңа
тектоникалық қозғалыстармен қайта өңделу процессінде қалыптасқан
Жазықтар мен таулар ..., 1975; Қазақстан рельефі, 1991; Курскеев, Тимуш,
1987.
Қарастырылатын аймақ шегінде қозғалыс бағытымен ерекшеленетін
келесі неотектоникалық облыстар ажыратылады: а – Орталық Қазақстан
қалқанының оңтүстік шалғай түкпірі болып табылатын Шу-Балқаш
көтерілімі; б – Оңтүстік-Балқаш ойпаты (3 сур.)
Шу-Балқаш көтерілімі палеозой іргетасының денудациясы есебінен
түзілген аздап толқынды жазық бедерімен сипатталады. Қазіргі заманғы
эрозиялық желілердің дамуы есебінен аридті жағдайларда өте кең және
жайпақ жазықтар байқалады. Олардың ағындары солтүстік-шығысқа және шығыс
денудациялық жалпы еңіс салдарынан Оңтүстік-Балхаш ойпатына құйылады.
Бұл ауданда Оңтүстік-Балхаш ойпаты шығыс бағытта төмендейді және
генетикалық жағынан Жоңғар тау сілемдеріне қатысты тауалдылық болып
табылады. Ойпаттың түзіле бастауы соңғы мезозой кезеңіне жатады. Бұл
кезеңде оның оңтүстік бөлігінде көмірлі түзілімдермен толтырылған
гарбентәріздес депрессиялар пайда болған. Ойпаттың түбінің біртіндеп
шөгуі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және солтүстікке қарай тараған.
Сондықтан да қарастырылып отырған аумақта неғұрлым кең тарағаны плиоцен
мен квартер шөгінділері. Кайнозой кешенінің қосынды қуаты батыстан-
шығысқа қарай 50 ден 350 м дейін артады. (3 сур. қара).

2.2. Неотектоникалық қозғалыстар қарқындылығы

Жоғарыда аталып өткендей, неотектоникалық қозғалыстар, қарқындылығы
әртүрлі морфоқұрылымдық аудандарда біркелкі емес алғашқы тегістелу
бетінің деформациясына әкеліп соғады. Бұл деформация көлемі жалпы
Шу-Балқаш көтерілімінің эпигерциндік тегістеу бетінің изогипстерімен және
Оңтүстік-Балқаш ойпатының шегінде кайнозой қабығының изопахиттерінен
көрінеді. 3-суретте көрініп тұрғандай, берілген аймақтың жалпы
көтерілімі Балқаш көлінің жағалауынан бастап биіктейді, бірақ елеусіз
ғана – 75 км қашықтықта 350 ден 600 м дейін. Аймақтың көп бөлігінде
шамамен 500 м биіктіктер басым. Сондай-ақ эпигерциндік тегістеу беті
шығысқа қарай кайнозой қабығы астына қарай шөгеді. Бұл шөгу кезеңдері
олигоценнен шөгінділердің стратиграфиялық кешендерінің таралуының
палеогеографиялық шекараларымен шектеседі. (3 сур. қара)

2.3. Белсенді жарылымдар және қазіргі заманғы қозғалыстар

Жаңа қозғалыстардың қарқындылығының сипаттамасынан көрініп
отырғандай, берілген аудан үшін жарылымды тектоникамен байланысты
биіктіктердің күрт төмендеуі тән емес. 1:500000 масштабта ғарыштан
түсірілген суреттерді талдау Оңтүстік Қазақстан АЭС құрылысы
ауданында, белсенді жарылымдар ретінде түсіндірілуі мүмкін анық
білінетін линеаменттер жоқ екендігін көрсетеді.
Ғарыштан түсірілген суреттерде көрінетін жалғыз линеамент Сарытым
жарылым аймағымен байланысты. Бірақ бұл жағдайда, 3 суретте
көрсетілгендей бір ғана жапсары бажайланады. Бұл линеамент жоғары
ауырлық күші градиенттері аймақтарымен жеткілікті мөлшерде сәйкес
келеді. Жаңа геодинамиканың жалпы сұлбасында бұл жарылым оң жақты
трансаймақтық жылжу (Тимуш, 1995, 1996) ретінде түсіндіріледі, бірақ та
ол бойынша плейстоцендегі тік және көлденең ығысу амплитудасы
анықталмаған, жер сілкіну эпицентрлері де тіркелмеген.
Қарастырылып отырған аймақтың жер бетінің қазіргі кездегі
қозғалыстары туралы мәліметтер Қазақстанда 1930-1985 жж. ішінде
жүргізілген жоспарлы геодезиялық жұмыстар нәтижелеріне негізделеді. Осы
материалдар бойынша қазіргі заманғы тік қозғалыстар картасы (1985)
жасалған. Картаның геодезиялық негізі ретінде қайтадан нивелирлеу желісі
алынды, оның дәлдігі 1 км жүрісте орташа квадраттық қателікпен
(кездейсоқ һ= +0,0-3,0 мм, жүйелік G’= +0,0-1,0 мм) сипатталады. Қазіргі
заманғы тік қозғалыстар жылдамдығы келесі формула бойынша есептелген:
(v=
мұнда h2 және h1 - алынған нивелирлеу белгілері арасындағы
салыстырмалы жоғарылауы (мм), Т2 және T1 жылдарда алынған; (Т= Т2-Т1 –
қайта өлшемдер арасындағы уақыт интервалы (жылдармен). Қайта нивелирлеу
теңдеуінен түйісу пунктінде абсолютті жылдамдықты анықтау дәлдігі орташа
квадраттық қателіктермен +1,0-2,2 ммжыл беріледі.
Қарастырылып отырған аумақтан Шу-Сарыағаш – Мойынты – Жарық профилі
өтеді. 3 суретте көрініп тұрғандай, қазіргі кездегі қозғалыстар
жылдамдығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,6 дан 5,5 ммжыл дейін
артады, бірақ бұл кері мәнге ие, яғни беттің төмендеуін көрсетеді.

2.4. Қорытынды

Осылайша, неотектоникалық қозғалыстар туралы берілген материалдар
негізінде келесі тұжырымдар жасауға болады:
1. Орталық Қазақстан қалқанының оңтүстік шетінде орналасқан Оңтүстік
Қазақстан АЭС құрылысының аумағы қалыпты тектоникалық режіммен
сипатталады; егер М.В. Гзовский 1975 көзқарасы тұрғысынан алсақ,
тегістеу бетінің биіктігі олигоценнің басында 300 м аспаса, онда жаңа
кезеңде көтерілу амплитудалары 50-200 м құрайды, ал орташа жылдамдықтары
(кезеңнің 25 млн.жыл ұзақтығында) – 0,002- 0,008 мм-жыл.
2. 1:500000 масштабындағы ғарыштан түсірілген суреттерді талдау АЭС
құрылысы аумағында тікелей белсенді жарылымдардың жоқтығын көрсетеді.
АЭС алаңынан оңтүстік батысқа қарай 25-35 км қашықтықта жатқан Сарытым
жарылымы ғарыштық суреттерде айқындалған, бірақ неотектоникалық
аспектіде зерттелмеген. Неотектоникалық қозғалыстардың жылдамдықтарын
шамалап бағалаудан шыға отырып, қазіргі заманғы қозғалыстар жылдамдығы
және қайтадан ниверлирлеу мәліметтері бойынша олардың бағыттылық белгісі
күдік тудырады. Сарытым жарылым аймағы бойынша аспаптық
сейсмометриялық бақылаулар жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, берілген
линеаменттің сейсмопотенциалды бағалау негіздемесі ретінде зерттеулер
кешенін жүргізу қажет, оның құрамына сейсмометрия және Сарытым аймағы
арқылы өтетін қысқа профильдерді қайталап нивелирлеу және
жарыққашықтық өлшеулері кіреді.

3. Сейсмикалық қауіпті аймақты бағалау

Оңтүстік Қазақстан АЭС құрылыс алаңы сейсмикалық режімі бойынша
тыныш ауданда орналасқан,. Дегенмен сейсмикалық әсері Тянь-Шань немесе
Оңтүстік Жонғария сияқты сейсмогенерациялық аудандардан шығуы мүмкін.
Сондықтан да, төменде біз кең көлемді аймақтың сейсмотектоникалық
жағдайын қарастырамыз.

3.1. Маңызды сейсмогенерациялық аймақтар

Жер сілкінуін болжау үш сипатты болжамна тұрады: орын, күш және
уақыт. Дегенмен олар әртүрлі жағдайда қарастырылуы мүмкін. Мысалы,
аймақтық жағдайда жер сілкінісі жаңанадн пайда болуы мүмкін
нүктелердің геометриялық орны сияқты түсіндірілуі мүмкін
(сейсмогенерациялау аймағы). Күш катеогриясы екі жақты түсіндіріледі.
Бірінші жағдайда бұл тектоникалық аймақтардың сейсмопотенциалы – яғни,
әртүрлі құрылымдық элементтердің жер сілкінісі ошағын белгілі бір
максималды деңгейге дейін генерациялау қабілеті, екінші жағдайда – бұл
нақты болжанатын оқиға күші. Әрине уақыт категориясы да екі жақты.
Бірінші жағдайда жер сілкінісі болуы мүмкіндігінің белгісіз және
жеткілікті ұзақ мерзімі, екінші жағынан - нақты күтілетін оқиғаның нақты
уақыты.
Осы түсіндірмелер бойынша, сейсмогенерациялық аймақтар картасы жер
қабығының белгілі құрылымдық элементтерінің картографиялық үлгісі
ретінде қабылдануы тиіс. Ол болжанатын сейсмопотенциалға (Ммах жер
сілкінулер) және жеткілікті ұзақ (геологиялық) уақыт ішінде жер
сілкінулерді генерациялаудың потенциалды мүмкіндігіне ие Тимуш, 1993.
Қарастырылып отырған аймақтың маңызды сейсмогенерациялық белдемдері
Тянь-Шань мен Жоңғар аймағының жаңа морфоқұрылымдарымен парагенезисте
болатын ірі жарылымдармен байланысты және осы асимметриялы
(вергекті) морфоқұрылымдардың алдыңғы аймақтарын күрделендіретін шапшыма-
қаусырмалы болып табылады (солға жылжу құрамдас бөлігі). Аймақтың негізгі
сейсмогенерациялық аймақтарына қысқаша сипаттамалар береміз.
Алматы сейсмогенерациялық аймағы (М=7,0 дейін) Іле
мегантиклиналиінің алдыңғы бөлігіндегі жер қыртысының ауыспалы
белдемінде орналасқан (3.2-3.3 сур.қара). Ол солтүстікте Алматы ойпатымен
көтерілу аймағы аралас келетін Алматы терең шапшымасымен шектеледі.
Оңтүстік шекарасы күшті жер сілкіну топтары М =6,6-7,0 орналасқан Іле
(Кемін-Үшқоңыр) шапшымалы-қаусырма арқылы өтеді. Нығайтылған іргетас
гранитоидтардың калеодон интрузиясы өткен шөгінді-жанартаулы герциндік
кешен түрінде түзілген. Аймақтың ен бойына неотектоникалық көтерілімнің
тегіс еместігін көрсететін биік орналасқан блоктардың дифференцияциясы
байқалады. Аймақ шегіндегі сейсмобелсенді қабаттың қалыңдығы 10 нан
35 км дейін өзгереді. Алматы аймағында 20 астам әлсіз жерсілкінулері
болған; эпицентр тығыздығы 1 ден 15 дейін өзгереді, көбірек күшті
жерсілкінулерінің ауданында байқалады.
Аймақтың батыс қапталында лықсымалар мен қаусырмалар ошақтары
басым, шығысында – тек қаусырмалар.
Іле сейсмогенерациялық аймағы (М=8,0 дейін) Іле мегантиклиналиіне
құрылымдық жағынан сәйкес келетін биік таулы блокта орналасқан, оның осьі
3,5-4 км дейін көтерілген. Солтүстік шекарасы ретінде Іле қаусырма-
бастырмасы, ал оңтүстігінде Шелек-Кемін орналасқан. Сонымен қатар, жер
қыртысының жоғарғы бөлігі сол- және оңығыспалы жылжыту механизмдерімен
солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс созылымдарының жарылымдарымен
бөлінген. Эпицентрлер тығыздығы 8 ден 20 дейін, ал ошақтардағы басым
механизм – лықсымалар мен қаусырмалар; сейсмобелсенді қабаттың қалыңдығы
20-35 км. Іле аймағында палеосейсмодислокациялардың көп мөлшері
байқалады, ал солтүстік шекарасында 1887 ж. Верный жерсілкінісі болған М
=7,3.
Күнгей сейсмогенерациялық аймағы (М=8,3) жер қыртысының биіктаулық
блогында орналасқан. Ол құрылымдық жағынан 4 км дейін пенепленнің
доорогенді бетінің жалпы көтерілімінің шамасымен солтүстік
вергенттіктің аттас асимметриялы мегантиклиналиін түзеді. Негізгі
бойлық құрылым түзуші жарылымдар – Шелек-Кемін, Солтүстік Күнгей және
Солтүстік – Ыстықкөл. Сипатталып отырған морфоқұрылым шегінде жер
қыртысының жоғарғы бөлігінің құрамында қатты каледон гранитоидтары
басым және тек кейбір аудандарда ордовиктен карбонға дейінгі шөгінді
және шөгінді-жанартаулық жыныстар әр жерде сақталған. Аймақтың орталық
бөлігінде 1911 жылы Кемін жер сілкінісі болған М=8,2.* Аймақ шегіндегі
эпицентрлер тығыздығы өте жоғары, 20 дейін жетеді; сейсмобелсенді
қабат қалыңдығы 20-35 км; ошақтардың басым механизмдері–қаусырмалар мен
лықсымалар. Күнгей аймағы сейсмотектоникалық және сейсмогравитациялық
палеосейсмо-дислокациялардың кең таралуымен сипатталады, олардың неғұрлым
жоғары тығыздығы атақты және көне күшті жерсілкінулердің эпицентраль
аймақтарында байқалады.
Қырғыз сейсмогенерациялау белдемі (М-7,5) Қырғыз жотасының етегі
бойынан 6 км дейін созылып жатыр, бұған ширек уақытта 2 км дейін
көтерілген барлық адырлар аймағы кіреді. Аталған аймақ араластырғыштың
оңтүстікке қарай құлауымен қаусырма-бастырмалы типті жаңа өлкелік
жарылымдардың бір-бірін жықпылды алмастыру уақытысында түзілген.
-----------------------------
* Аймақтың шығыс флангасында Шелек жер сілкінісі болды 1889 ж. М – 8,3

Олардың өту тереңдігі оншақты км, ал орын ауыстыру амплитудасы 4-5
км дейін. Нығыздалған іргетаста жаңа уақыт ішінде белсендірілген Чонкурчак
жарылымы неғұрлым елеулі рөл атқарады. Ол геофизикалық әдістермен Қырғыз
жотасының батыс аяғына дейін байқалады. Сейсмотектоникалық деформация алабы
жақын меридиональ көлденең сығылумен, және жақын тік созылуымен
сипатталады, бұл шапшымалы қаусырмалардың басымдылығын көрсетеді.
Солтүстік – Қырғыз аймағы (М-7,0) Қырғыз жотасын солтүстіктен шектейтін
шектеуші жарылымдарға ұштасқан. Аймаққа тиіп жатқан блоктарда шығыс
флангасісінде ірі гранит массивімен байкалға дейінгі және байкал
метаморфтық кешендер ашылған. Осы геология-тектоникалық жағдайға бұл
аудандағы ең үлкен жерсілкіністері – Мерке (1885 ж., Н-15 км, М-6,4) және
Беловодск (1885 ж., Н-15 км, М-6,9) орналасқан. Сипатталып отырған
аймақта теңесу бетінің ығысу шамасы батыстан шығысқа қарай 1,5 тен 7,5 км
дейін өседі, ал оның Қырғыз жотасындағы жалпы көтерілімі 4 км жетеді.
Сейсмотектоникалық деформация алабы субмеридиональ көлденең сығылуымен
сипатталады, бұл Солтүстік-Қырғыз жарылымдарының қаусырма-бастырмалы
түрімен түсіндіріледі.
Сусамыр сейсмогенерациялық аймағы (М-7,5) Оңтүстік Сусамыр шеттік
жырылымы бойынша Сусамыр тауішілік ойпаңымен шектесетін аттас жотамен
сәйкес ендікте (солтүстікке қарай ауытқумен) созылып жатыр. Жота бетіндегі
аралық ойпаттар түбінде жаңа тік орын ауыстырулар 4-6 км жетеді.
Сусамыр ойпатында батыста солға қарай ығысу және шығыста оңға қарай ығысу
байқалады (ондаған метр кеш квартер-голоценде). Сусамыр аймағының
солтүстігінде палеосейсмодислокациялар дамыған. Сипатталып отырған аймақта
күшті Сусамыр жерсілкінісі болған (19.МІІ.1992 ж. Н-20-25 км, М-7,3).
Талас – Ферғана сейсмогенерациялық аймағы (М- 8,0) аттас
трансорогенді жарылым бойымен созылып жатыр. Жарылымның Талас бөлігі
бойынша Орталық Тянь-Шань герциндік қатпары аумағымен каледондық
қатпарлылықтың Солтүстік Тянь-Шань аумағымен шектеседі. Көптеген
зерттеушілердің пікірі бойынша, осы жарылым бойынша герцин тектоникалық
кезеңінің аяғында көптеген километрге созылған оңға қарай ығысу болған,
(әртүрлі авторлар бойынша 70 тен 200 км дейін), ал жаңа уақытта сол
бағытта ығысу алғашқы километрлермен өлшенеді, сонымен бірге голоценде
ондаған және жүздеген метрмен (Чедия, 1986). Негізгі жапсарлы аймақтан
доға тәріздес иілген жергілікті шеттік жарылымдар тармақталады, олар
негізгі араластырушымен дизъюнктивті түйіндер түзеді; оның бірі
Шатқал жерсілкінісі (1946, М-7,8).
Жарылымдар қанаттарының тік жылжу амплитудасы төрттік кезең ішінде
1-2 км жеткен. Барлық аймаққа изостатикалық тұрақсыздық пен
изостатикалық аномалиялардың жоғары градиенттері тән. Негізгі жапсардың
жер қыртысына ену тереңдігі 30-40 км. Талас-Ферғана аймағындағы
жылжулардың басым типі қаусырмалы болып келеді (аймақтық субмеридиональ
көлденең сығылу салдарынан болса керек). Солтүстік – Батыс бағыттағы сығылу
осьтерінің көлденең күйімен сипатталатын ығыспалы жылжулар түріндегі
жерсілкіністері байқалады. Аймақтың ен бойында сейсмогравитациялық және
сейсмотектоникалық (айырылымды) түрдегі сейсмодислокациялар байқалады.
Бұл бұрын бұл жерлерде В.П. Солоненко (1977) шкаласы бойынша көп баллды
жерсілкіністерінің болғандығын көрсетеді.
Түрген сейсмогенерациялық аймағы (М=7,5 дейін) бойлық (Іле, Шелек-
Кемін) және көлденең линеаменттермен (Түрген және Шелек) шектелген жер
қыртысының блогында орналасқан. Нығайтылған іргетас шөгінді-жанартаулы
кешендермен белгіленеді. Түрген линеаментімен және Іле жарылымымен
шектесіп жатқан аудандарда сейсмодислокациялардың (Гапич, 1989) жоғары
тығыздығы байқалады. Олар магнитудасы 7,5 жетуі мүмкін бұрынғы
сейсмикалық жағдайларды көрсетеді. Сейсмобелсенді қабат қалыңдығы – 10-
35 км.; эпицентрлер тығыздығы 6 дан 15 дейін; жерсілкінісі ошақтарының
басым механизмдері – лықсымалар мен қаусырмалар, сондай-ақ ығыспалар мен
қаусырма-ығыспалар.
Оңтүстік-Жоңғар сейсмогенерациялық аймағы вергентті құрылымдардың
Оңтүстік және Орталық Жоңғар жүйелерін бөліп тұрған терең жарылымдарда
орналасқан. Соңғысының шегінде жер қыртысының қалыңдығы шамамен 48 км
құрайды. Аймақ ҚХР бастап ары қарай солтүстік-батысқа қарай, көлденең
жарылымдармен бөліне отырып Оңтүстік-Балқаш ойпатының кайнозой
шөгінділерінің астына кетеді. Жарылымдардың жеке учаскелерінде эпигерцин
үстіңгі бетінің орын ауыстыру амплитудасы бірдей емес және оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батысқа қарай 2 км-ден (көтерілген блоктар шегінде)
0,8-0,3 км дейін Оңтүстік-Балқаш ойпатының әртүрлі шөгінділері астына
қарай азаяды. Бақылау аспаптарының мәліметтері бойынша 1951 жылдан бастап
Оңтүстік-Жоңғар аймағында 14-15 энергетикалық кластағы (М-5,9-6,5)
жерсілкіністері байқалған, бірақ оның потенциалды мүмкіндіктері едәуір
жоғары болды. Бұны неогенді шөгінділердегі әртүрлі қатпарлар, голоценді
терассалардың деформациялары мен бөлінулері салдарынан жарылымдар мен
түзілімдер бойына жылжымалы ауысулармен берілген жаңа кезеңнің қарқынды
қозғалыстары көрсетеді (Диденко-Кислицина, 1966). Оңтүстік Жоңғар
аймағының шығыс қапталында мәліметтер бойынша М – 7,6 – 8,0 шегінде
болады, ал солтүстік-шығысқа қарай М төмендейді, алғаш 6,1 – 6,5 дейін,
ал кейіннен 5,6 дейін (Оңтүстік-Балқаш ойпаты шегінде).
Боротал аймағы Орталық-Жоңғар антиклинориясын Боротал
синклинориясынан бөліп тұратын жақын жарылымдарда орналасқан. Аймақ
қанатының бар ұзындығы бойына нығайтылған іргетас не гранитті
массивтермен, не калеодон негізінің криассталды жынысымен берілген. Жаңа
құрылымда Боротал жарылым аймағы оңтүстік-шығыс вергенттігі негізінің
асимметриялық қатпарларының алдыңғы аймағын шектейтін араластырғыштың
сотлүстік-батыс құлауымен шеттік қаусырмалы-бастырмалы болып келеді.
Доороген бетінің көтерілімді тегістеу шамасы аймақтың бар ұзындығы 4
км асады, ал оның ҚХР Боротал ойпатының шегінде орналасқан түбіне қатысты
жылжу шамасы шамамен 7 км құрайды. Мұндай сипаттама Солтүстік Тянь-Шань
сейсмобелсенді аймақтарыны толық салыстырмалы болады. Аймақта болған
жерсілкіністерінің М-6,5 болған.
Батыс-Жоңғар Солдатсай сейсмогенерациялық аймағы терең жарылыммен
байланысты және аймақтың палеозой құрылымын құруда маңызды орын алады. Бұл
аймақта палеозой құрылымының көлденең орын ауыстыру амплитудасы
анықталған (әртүрлі бағалаулар бойынша 15-30 км). Батыс – Жоңғар
жарылымымен Ақтас жарылымы қосылып 500 км ұзындықты бір белдем құрайды.
Тік қозғалыстармен үйлесімде көлденең қозғалыстар оның бойымен және
неотектоникалық кезең барысында жүреді. Олар негізгі жапсар бойына және
лықсыма-ығыспалы қанаттанатын өзен аңғарының жылжуы бойынша анықталады;
көлденең жылжулар шамасы 400-500 м жетеді. Жаңа кезеңдегі неғұрлым үлкен
жылжулар 400-500 м (1,3 км дейін) аймақтың оңтүстік-шығыс қапталында
байқалады. Мұнда ең көп сейсмикалық белсенділік байқалады және 14-ші
энергетикалық класқа дейінгі жерсілкіністері болған. 1958 жылы Текелі
қаласының ауданында апатты сел ағынынан болған сейсмогравитациялық
үйінділер байқалады. Жаңа қозғалыстардың қарқындылығына байлынысты
сипатталған сейсмогенерациялық аймақта Оңтүстік-Жоңғар жарылымынан
бастап Талдықорған қ. дейін М-7,0 жер сілкіністері болуы мүмкін. Ары
қарай солтүстік-батысқа қарай аймақтың сейсмопотенциалы 6.5 тен 5,5 дейін
төмендейді.
Алтынемел сейсмогенерациялық белдемі оңтүстік-шығыс вергенттілікке
ие, ол Вергент құрылымдарының Оңтүстік-Жоңғар жүйесіне жатады. Бұл жүйе
шегінде жер қыртысының қалыңдығы 46-48 км. Сипатталған аймақтың солтүстік-
батысқа Кату тауының оңтүстік батыс етегінен өтетін және Алтынемел
жотасының оңтүстік-шығыс еңісінің бойына жер қыртысының өтпелі қуаты
аймағымен сәйкес келетін көлденең минеаментпен қиылысатын түйінін атап
өткен орынды. Алтынемел аймағы бойынша іргетастың тік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неотектоника
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы дөңесті-жақпарлы ороген алқабының неотектоникасы
Тік және көлденең бағыттағы қозғалыстардың арақатынасы
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Геотектоникалық қозғалыстар және тербелмелі қозғалыстар
Көлденең қозғалыстар
Литосфералық тақталар тектоникасы
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Рельеф құрушы эндогендік факторлар
Пәндер