Металл кешенінің даму тарихы


Кіріспе
Қоғам игілігіне пйдаланатын барлық байлықты негізгі 2 топқа бөледі. Бұлар рухани және материалдық байлық. Материалдық байлық қырына жататын, өмір маұтаждығына өте қажетті материалдар тас көмір, мұнай, газ, минералды және минералсыз сулар, органикалық заттар.
Сондай - ақ жер қойнауынан өндірілетін металлдар орны ерекше. Әлемдегі элементтер түгелдей Д. И. Менделеев қестесінде түзілген. Онда жалпы саны 107 эелементтің аты аталған. Бұлардың 83 - і яғни бестен төрт бөлігі металлдар. Көне дәуірде пайдаланылатын металлдар санаулы ғана болғаны мәлім. Олар мыс, алтын, күміс, темір, қорғасын, сынап. Адамзат баласының өткен дәуірі сол кезде еңбек құралы ретінде қолданылған металлдардың негізі ретінде (мыс, қола, темір) металлдар болған.
ХХ - ХХІ ғасырлар - ғылыми техникалық ревалюция ғасыры . Қазір халық шаруашылығының қай саласына көз саламыз да үздіксіз жаңарып жатқан еңбек технологиясын, түрлі машиналар мен құрал саймандарды көресіз жаңа машина, жаңа техника, технология, аспаптар көбие түсуде. Техниканы ашып, жер астын бақылап оны игеруге, айбетінде із қалдыра, атомды бейбіт түрде қолданып, бүгінгі таңда химиялық элементердің барлығы дерлік сырына үңілді.
Бүгінгі таңда химиялық элементтердің барлығы дерлік игеріліп олардың әр қайсысы өзіне тән пайдалы қасиеттеріне орай адам қажетіне жұмсалуда. Жаңа талаптарға сай элементтердің әр түрлі қоспаларын қорытпларын іздеп табу, Оны жете зерттеп игілікке айналдыру кезеңінен өріс алып отыр.
Біз қазіргі өндіріс, құрылыс, байланыс, ауыл шаруашылығы сан алуан техника салаларына зер салып көңіл аударсақ, олардың бәрінде қолданылып жүрген негізгі материал - металл екенін біз білеміз. Ғарыш кеңістігінде самғағыш зымырандардың корпусынан бастап, балалардың ойыншығына дейін металлдан жасалады. Бұған қарап әрине, адам баласының өмір қажеттігін тек металлдар өтейді деуге болмайды. Олардың орнын толтыратын органикалық материялдар, әр түрлі пластмассалар да жетіп артылады. Дегенмен бұл салада металлдың орны ерекше екенін атап айтуымыз керек. ХІХ - ХХ ғ. дүние жүзінде кісі басына шаққанда 1 кг. металл өндірілген. Бүгінде металлдар, олардың жаңа қорытпалар қатары бұрын болып көрмеген дәрежеге жетті. Игерілген металл түрлері де, оларды өндіру мөлшері де үнемі ұлғаюда. Оны ғылыми техникалық процестің арқауы деп қарастырамыз. Ғылыми техникалық процесті тездетудің мәні металдарды көптеп пайдалануда ғана емес, оны үнемдеуде сапасын жақсартуда жатыр.
Металл кешенінің даму тарихы.
Қазақстан -Кеңес Одағының құрамы кезінде қара және түсті металлургия өндіру жөніндегі аса маңызды аудандардың бірі болған. Ұлы Октябрь ревалюциясына дейін бұл сала республикада тез балқитын, тотықтырылған бай рудалар мен түсті ауыр және бағалы металлдарды балқытумен ғана ай айналысқан. Қарапайым ұста кәсіпорын түрінде болады. Ол кезде мұндай кәсіпорындар негізінен Кенді Алтайда, Қарқаралыда, Баянауылда, Қызылеспеде, Нілдіде, Екібастұза, Ақжарда т. б. жерлерде орналасқан.
Қазақстанда Ұлы Октябрь социалистік ревалюциядан кейін ғана өндіргіш күштердің қарқында дамуына барлық шарттар жасалып металлургияны кеңінен өркендетуге мүмкіндік туды. Кеңес өкіметі жылдарында республикада түсті металлургия саласынан қуатты кәсіпорындар салынды. Лениногор, Ертіс, Ащысай полиметалл Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Өскемен мырыш - қорғасын комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Өскемен титан - магнитит комбинаты т. б. сондай - ақ қара металлургия саласынан да ірі кәсіпорындар құрылды. Қарағанды металл комбинаты, Ақтөбе мен Ермакферроқорытпа зауытттары т. б.
Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін, асыл металлдардың 40 - астам түрін өндірген Қазақстанда өндірілетін түсті мемаллдар дүние жүзінің 30 - дан астам елдерінде көрмеге қойылды. Өндірілген қара металлургияның 16 - % -ға жуығы, , ферроқорытпаның 12 %
Хромит рудасының 30 % -іэкспортқа шығарылды.
Қазақстан жерінде металлургия кәсібі өте ерте заманда т. б. А. Қ. Қ өзінде Қазақстан жерінде металлургияның белгілі формасы болғаны анықталған. Қаз. ССР ҒА археологиялық экспедициялары Орталық Қазақстандағы Атасу маңынан көне заманның мыс қорытатын ескі пештерін тапқан. Бұдан 3 мың бұрынғы осынау пештер сол - заманда бұл өлкеде металлургияның ердәуір дамығаны байқатады. 1767 - 74 ж. Қазақстанды зерттеген П. С. Паллас Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп екенін айтады.
1771 ж. Қазақстанда болған Н. Рычков Ұлытау маңында «Сол елді мекендеген халық қазған мыс кеннің көптеген орындарының болуы алтын мен күміс кендерін қазғандығын аңғартатын белгі сияқты »- деп жазған.
ХІХ ғасырдан ақ тау-кен зауыттары пайда бола бастайды Қазақстанның қара түсті металлургиясының қалыптасуы ең алдымен тау кен зауыттары кәсіпорындарынан басталады. ХІХғ. аяқ кезінде тау кен зауыттары өнеркәсібі дамуының 2 - кезеңіне жетті. Бұл кезде пайдалы кен орындарын игеру үшін ірі - ірі капиталдар жұмсайтын қоғамдар құрылды. 1889 - Воскресенон Тау-кен заводтық өнеркәсіп қоғамы ұйымдастырылды. 1858 ж. күміс, қорғасын рудаларына негізделген Николаевск заводы құрылды.
Қазақстан өнеркәсібі оның ішінде металлургия Октревн кейін ғана дәуірлеп өсе бастады. 1920 ж. Жезқазған, нілді (успинск), Риддер рудниктері мен заводттары жұмыс істеді.
1921 ж. риддер руднигі алғашқы рудасын берді, 1927 ж. риддерліктер тұңғыш қазақстандық қорғасында тарту етті. Бір жылдан кейін қарсақбай мыс қорыту завод қабарға қайта бір жылдан кейін қарсақбай мыс қорыту заводы қабарға қайта қосылды.
1 Бесжылдықта (1929 - 32 ) Республиканың ауыр индустриясынан бөлінген барлық күрделі қорының 43 % түсті металлургияны өркендетуге берілді. Бұл уақыт кшінде мыс рудасының өнімі 1928 ж 7, 3 мың т - дан 1932 ж 47, 5 мың тоннаға артты.
Түсті металлургия 2 бесжылдықта да (1933 - 37) жедел қарқынмен өркендей берді. Түсті металдардың кейбір түрлерінің жалпы өнімінің көлемі жағынан Қазақстан СССР - де 1 орынға көтерілді. Республиканың үлесіне қорғасынның 70 % - ке жуығы, түсті металургиядағы жалпы одақтың күрделі қаржының 31 % - тиісті . Бес жылдықтың аяғында республикада түсті металлургия саласының 20 ірі кәсіпорны жұмыс істеді. Олардың ішінде Шымкент қорғасын заводы, Ащысай полиметалл және Ленингор комбинаттары бар.
Республикада қара металлургияның алғашқы объектісі Донской хромит руда басқармасы болды. ол, 1933 ж. алғашқы хромит рудасын берді. Оңт. кемпірсайдағы бірегей кен орында орналасқан бұл рудниктің халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы болды. 1940 ж. Ақтөбе Ферросплов заводы салына бастады, сөйтіп 1943 ж. пайдалануға берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 - 45) Қазақстан индустриясы, әсіресе металлургия баға жетпес үлкен роль атқарады. Бұл кезеңде республика мйдан аренасының біріне айналды. Соғыс жылдары республика майдан аренасының біріне айналды. Соғыс жылдары республикасының территориясында жаққа кәсіпорындарының 125 рудник, шахта және карьерлер 11 байыту ф/ы құрылысын салу кеңінен өріс алды. Еліміздің Европ бөлігінен көшіп келген әр түрлі 150 кәсіпорының пайдалануға берілуіне байланысты республикасының өндірістік қуат артты. Шығыс қоңырат, Шырғалыпсай, Березовск рудииктері алғашқы өнімдерін берді. Тікелей қорғасын - мырыш комбинатының 1 - кезегі пайдалануға берілді. Белоусовск пен Березовск байыту комбинаттары іске қосылды. Ақшатау вольфрам комбинаты жұмыс істей бастады (1943), Шымкент қорғасын заводы едәуір ұлғайтылды. 1943 ж. Ақтөбе Феросплав заводы алғашқы рет Феррохрон берді. Жезді марганец рудингі 38 күн ішінде пайдалануға берілді, бұл рудник Орал металлургиясына басты марганец жеткізуші болды. Теміртаудағы қазақ металлургия заводы жедел қар қарқынмен салынды. Завод 1944 ж. 31 дека брьден болат, ал 1945 ж. прокат бере бастады.
Соғыстан кейінгі жылдары (1946 - 55) Қазақстанның алдында еліміздің соғыста қираған аудандарын қайта қалпына келтіру халық шаруашылығын соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу және мұнан кейін ол дәрежеден едәуір мөлшерде асыру міндеті қойылды.
Республиканың жалпы өкімі 1945 ж. қарағанда 1955 ж. 36 есе, қызыл мыс қорыту 3, 1 есе, тазартылған қорғасын 5, 9 есе өсті. Қара металлургияда болат қорыту 4, 6 мың Тониядан 2 34, 5 мың тоннаға дейін, немесе 51 есе, хронит рудасының өнімі 2, 2 есе марганец рудасы бірнеше есе артты.
1956 - 65 ж. арасындағы кезең Одақ үшінде, қазақстан үшіншіден экономиканың жедел өркендеуінің жаңа бір сатысы болды. Бұлтың және тыңайған жерлерді игерудің басталуымен сәйкес келді. Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургиясы үшін 1965 - 75 жыл онан әрі өрлей өркендеу кезеңі болды.
9 - бесжылдыққа республикасының түсті металлургия саласына жаңа техниканы енгізу жөнінде 500- ден астам аса маңызды шаралар жүзеге асырды. Бұл өндіріске жұмсалатын шығынды 75 - миллион сомағ дейін кемітуге және еңбек өнімділігін 7, 8 % ке арттыруға мүмкіндік берді. Так кен жұмыстарында рудан ашық әдіспен өндірудің үлесі 1976 ж 45 % болды. Жер асты тау кен жұмыстарында өндірілген барлық өнімнің 75 % - і жоғары өнім беретін жүйелі қолдану арқылы алынды. Жер асты жұмыстарында тех прогресттің негізгі бағыты өзі жүріп тұратын жоғары өнімді жабдықтарды қолдану арқылы өндіру жүйесін енгізу болып табылмақ. Мұның үлес салмағы 1976 ж 45, 6 %, ал Ащысай комбинаты мен Жезқазған комбинатында 70 % болды. Металургия өндірісінде тех прогреске сүйене отырып, түсті метал өнімдерінің қазіргі заман талабына жауап бере алатын түр - түрі көбейтілген. Түсті металургия өндірістік процестерді комплексті механика ендіру жүзеге асырылуда.
Республикада металлургия саласның шикізат базасын едәуір дәрежеде ұлғайту көзделіп отыр. Саяқ руднигі құрылысын аяқтау, қоңырат карьерін қайта құру, түсті металлургияның басқа кәсіпорындарын пайдалануға беру арқылы мыс рудасы өнімін 10, 5 % арттыру жүзеге асырылады. Орловск, Николасвск, қарағайлы, Ақмал және жәйрем рудниктерін пайдалануға берілді.
Металлургия - кен өндіру, қара және түсті металдарды қорыту - ауыр өнеркәсіптің аса маңызды саласы. Металл өндрірудің ең алдымен шойынмен болат қорытудың көлемі елдің экономикалық даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Біз әр жыл сайын 400 мың тонна болат пронатын импортқа аламыз. Мысалы, 2001 жылда экспортқа 2200 тонна алынды оның бағасы 95, 5 млн $ болды. Қазақстан 18 млн тонна альюминий (баған 11, 8 млн $) экспортқа шығарды. Қазақстан ғалымдары металлургияның 4 - 5 өзгертуін көздейді.
Өнімдері:
шойын, болат,
прокат бұйымдары және ферроқорытпа.
Түрі мен өнімдері:
Бағалы:алтын, күміс т. б.
Ауыр:мыс т. б.
Сирек:вольфрам т. б.
жеңіл:алюминий.
Қара металлургия - Қазақстан ауыр өнеркәсібінің жас саласы. Қазіргі кезде оның толық және орташа циклді өндіріс кәсіпорындары бар. Бұл кәсіпорындар шойын, болат, прокат бұйымдарын шығаратын болса, олар толық циклді өндіріс кәсіпорындары болып есептеледі, ал сол зауытта тек болат қорытылып прокат бұйымдары шығарылса онда орташа циклді өндіріс кәсіпорындары деп аталады. Қара металлургияның орналасу факторы шикізат көзіне отын және экологиялық мәселелерге байланысты. Қазір республикамызда 30 дан астам темір кен орны бар. Негізінен кен орындары Орталық Қазақстан мен Қостанай облыстарында Соколов Сарыбай, Лисаков, Қашар, Атасу, Алт кен орындарының кендері байыту комбинаттарында байытылған соң металлургия зауыттарына жіберілдеі. Соколов Сарыбай кен байыту комбинаттарының өнімін магнитогор металлургия зауыты пайдаланылады. Темір кенінің 85 % Қазақстанның солтүстігінде шығарылған. Қазіргі кезде толық циклді зауыт Теміртау қаласында орналасқан. Бұл кәсіпорында шойын, құбыр, рельс, жұқа табақ, ақ қаңыстар шығарылады. Осы комбинатта шығарылаған ақ қаңылтыр еліміздің Концерв өндірісін толық қамтамасыз етіп отыр. Темір кені қорынан Қазақстан ТМД - ды 3 орын алады. Республикада аяпалы қара металлургия да дамып келеді. Ақтөбе зауыты хромтаудың хромиті мен жұмыс істеп ферохром шығарса, Ақсу зауыты Оралдан жеткізілетін квартитті пайдаланып, ферроцилиций шығарады. Ферро қорытпалар өндіріс энергияны көп қажет етеді. Сондықтан олар жылу электр станцияларында салынған. Қазақстан өндірілген ферро қорытпаны 60 % - дан астамын шел елдерге шығарады. Одан жыл сайын 100 млн АҚШ доллары шамасында пайда табылады.
Қара металдың құрылымы мен құрамы.
Қара металлургия әр түрлі металлургиялық шикізатты өндіру мен қара металды шығаруда үлкен ұлттық комплекс түрінде қалыптасты. Бұл салада өндіріс концентрациясында үлкен дәрежеге жеткен: Республикадағы прокат шығару кармет комбинатқа негізделген, республикадағы темір рудасын өнімдерін шығарудың 61 % Соколов - Сарыбай тау кенбайыту комбинатына негізделген, ал Ерманов ферросплов зауытына жалпы өндірістің 81 % негізделген. Қазақстанның қара металдың құрамына 5 сала кіреді:
- Горнарудния
- Металлургиялық
- Ферросплавтық
- Огнеупорная
- Ломды қайта өндіруші
Бұларды үлкен темір рудалық өндірістер жұмыс істейді. (Соколов Сарыбай, Лисаков, Қашар Таукенбайыту комбинаты) жөнінде хролитті өнеркәсіптер, Қарағандылық металлургиялық комбинат және де 2 ферроспловтың завод (Ерманов, Атасу) Казогнеупар (Рудный қаласы және «Казытар чершт (Алматы қ. ) заводтары жұмыс жасайды. Қара металдың өнеркәсіптері терретория бойынша республикамыздың 5 айлығында орналасқан Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар), ал жерде пайдалы қазбалар мен су энергетикалық ресурстар кездеседі.
Қара металлургиның маңызды өнім түрлерінің өндіріс динамикасы таблицада көрсетілген
Қ. М. өнім түрлерінің маңыздысы
Республикамыздағы қара металлургия минералды шикізат базасына бай, Теміртаулық өндірістің дамуы Қарағандылық, Могнитогорлық және Батыс Сібір металлургиялық комбинаттарының шикізатпен қамтамассыздандыру яғни жоғары сапалы және оңай алынатын, байытылатын магниттік рудалардың маңызы зор.
Республикамызда жоғарғы сапалы марганец рудаларының бақыланған. Республикамызда марганецті фнрроқорытпаларды өндіру экспорттық салалардың біріне айналуда. Қазіргі уақытта елімізге түсетін қаржының түп негізі хром рудаларын өндірумен өңдеуге негізделген.
Қара металлургия өнімдерінің маңызды түрлерінің өндіру мен индексінің физикалық көлемі.
Темір рудалық өндіріс кешені
Қазақстандағы темір рудасының қоры 16, 6 млрд тоннаға бағаланады, ол дүние жүзін қордың 8 % алып жатыр, оынң 8800 млн тоннасы бақыланып эксплуатацияға дайындалуда. Темір рудасының 90 % жуығы Солтүстік Қазақстанның Торғай облысында негізделген. Қалған көлемі орталық Қазақстанда орналасқан.
Темір рудасының өндірілетін көлемінің (65 %) үлкен бөлігін республикамыздан Россияға экспортталады. Темір рудасының өнімдерін ішкі тұтынушылары республикамызда Қарағандылық металлургиялық комбинат Ерманов және Ақтөбелік феррослов заводы тұтынады.
Қазақстанның темір рудалық кешені үлкен өндірістермен яғни Соколов - Сарыбай тау өндірістік бірлестікпен, Мисанов тау кен байыту комбинаты және Ақсулық руда құймасымен көрсетіледі.
Лисаков тау кенбайыту комбинатында (Қостанай облысы, Лисаков қол жыл сайын 10, 5 слн тонна руди және 6, 1 млн тонна. концентрат өндіріледі.
Атасу қаласындағы Атасу руда құймасында Жезқазан облысында табылған темір, марганецті рудалар далбай магнетитті және гематитті рудалар өндіруде. Бұл комбинаттың болашағы Батыс Қаражал шахтасын кеңестумен тікелей байланысты, ол оның өнімділігін 6 млн тонна руда және 3, 8 мил тонна концентритқа дейін ұлғайтады.
Құлдырау жағдайында тұрған, республикамыздың үлкен өндірістерін шет ел компанияларына беру темір руда өндірісіне де жетті. Үлкен өндіріс саласы - Республика үкіметінің шешімімен Соколов Сарыбай тау кен бірлестіріліп 1995 жылдың ақпанында Испандық Айвердон итернешнол ЛТД фирмасын а бес жылға жауға берілді. Себебі бұл жылы яғни 1994 жылы мұндағы тауар өнімдерінің өндірісі өзінің тарихында ең төмен дәрежеге жетті. Бірлестіктің тұрақсыз жұмысы, өтем ақының кешігуі маманданған кадрлардың кетуіне әкеп соқты және төмен өндірістік тәртіпке төтенше жағдайлардың ұлғаюына әкеп соқты.
Бірлестікті шетел басшылығына берілгенен кейін өнеркәсіпті біршама өзгерістер байқалды: бірінші жарты жалдықта темір рудасының шикізат өндірісі 102, 8 % жоспар бойынша құрады. тауарлы руданың өндіру 104, 8 %, окатыш 102, 4 % құрады. , басқа көрсеткіштер бойынша жоспардан асып түскен жағдайға жетті.
Марганецті рудалық өндіріс кешені.
Қазақстанда ТМД бойынша 17 % марганец рудалары, ол 600 млн тоннаны құрайды. Негізінен марганец рудасының қоры Бастыс Қазақстан Қаражал, үш қатын 3 - 4 Үлкен Қытай кен орындарында негізделген Республикада жылдық марганец рудасын өндіру 0, 5 млн тоннаға дейін жетеді. Қазақстандағы негізгі марганец рудасын жездіде өндіреді. Сонымен қатар қосымша Атасуда және Жәйремде тау кен байыту комбинаттарында өндіреді.
Қазақстандағы өндірілетін руданың жарты көлемі жезді кен байыту фабрикасында өңдейді. Ол құрамында 34 - 39 % марганецсі бар концентраттар шығарады. Қазақстанда өзінің ферро марганецті қорытпа өндірістері жоқ. Елдің ферромарганец қорытпа өнімдеріне деген қажеттілікті Украйнаның тасымалдауымен қамтамасыздандырады. келешекте марганецті ферро қорытпа өнідрісін қалыптастыру немесе өнеркәсіптер салу экспорттау кешеннің негізгі даму бағытарының бір болып табылады
Хром рудасының өндірісі кешені. Республикамыздың хром рудасының саны мен сапасы дүние жүзілік хром және қорытпа нарығында алдыңғы қатарлы орындарға ие болуына мүмкіндік береді. Республикамыздың бақыланған хромит қорының көлемі тек О. А. Р. -нан ғана кем, ал сапасы бойынша дүние жүзінде алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Т. М. Д. бойынша хром рудасының қоры бойынша Қазақстан 95 алып жатыр. 1992 жылы хром рудасын өндіру Республикамызда 3, 7 млн. тонн. дейін жетті және де өндірілген шикізаттың көп бөлігін экспорттайды. Өндіру және байыту Дондық таукен байыту комбинатында жүргізіледі. (Ақтөбе обл. Хромтау қ. ) Республикамыздың үш өнеркәсіптерінің бірігуі мен яғни шикізат құрамындағы хромды өндіру мен өңдеудің жағдайы жақсаруда(Дон таукен байыту комбинатының комбинаты, Ақтөбе және Ермаков ферроқорытпа заводы) тікелей байланысты болуы мүмкін, ол Қазхром бірлестігіне бірігіп және оны шетел басшылығына берілуі мүмкін.
Металлургиялық өндіріс кешені.
Қара металлургия құрылымының саласында металлургияның өндіріс маңызды орынға - ие. Ол жұқа табақты прокат (88 % - республикасының қара маталлдағы жалпы прокат өнімі), феррақорытпалы өндіріс ферросилиция және ферро хром (59 және 89 % республикасындағы тероқорытынды өндірісінің жалпы көлемін құрайды. шығаруға негізделген.
Қазақстанның қара металлургиясын металлургиялық өндірісі үш өнеркәсіптен көрсетіледі. Ол Қарағандылық металлургиялық конбицет Ақтөбелік және Ерманов ферроқорытпа заводымен.
Кармет комбинат өндірісте жоғарғы сатыға ие, ол өзіне толық циклді өнекәсіпті және дамыған өндіріс инфроқұрылымын кіргізеді.
Комбинат - Лисаков, Саколов Сарыбай комбинат тарлық концентраттарлық негізінде жұмыс жасайды.
Бұл комбинаттың электр - энергетикаға шығыны 7 - 8 % құрады, өндірістің төмендеуі; комбинаттың жұмысын нашарлатты. Комбинатты қайта өңдеумен модерлизациялау үшін инвесторлардың 1, 1 млрд $ көлемінде қарлы құюы мен тікелей байланысты еді: оны өтеу шығарылған және шығарылуға жоспарланған өнімге негізделген. Кормек комбинаттың экономикалық жағдайға әсері мемлекеттің республикадағы ең үлкен өнекәсіпті шетел басшылығына беруіне тура келді. Бірінші казақ- австрия СП «Фест Альпин - Қазақстан»
Түсті металлургия .
Қазақстанда түсті металлургия жақсы дамыған. Қазақстанда әлемдік қордық яғни мыс пен полиметалл руд/ң басым көпшілігі сақталуда, олар никель, вольфрам, молибден, сирек және сирек кездесетін металлдар. Ол Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында шоғырланған. өнеркәсіптік өндіріс кешенінде түсті металлургия жалпы көлемнің 12 % құрайды. Алынатын рудалардан мыс, қорғасын, титан, магнии, сирек кездесетін металлдар, мыс пен қорғасын негізіндегі прокат, цинк т. б. өндіріледі. Әдемде мыс рафинатын шығаруда және экспорттауда Қазақстан алдыңғы елдер қатарына кіруде . Әлемдік мыс шығаруда Қазақстанның үлес салмағы 2, 3 %, елде шығарылатын мыстың барлығы шет елге экспортталады. Ең басты Қазақстанның импортерлары Италия, Германия, т. б. елдер болып табылады. Қазақстан жаңа тәуелсіз елдер арасында алтын шығаруда 3 орынға ие болып отыр, оны өндіру мен өңдеу жыл сайын өсуде . Елде 170 астам алтыны бар кен орындары белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz