Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру . бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу.тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық.педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі . мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог. психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық.педагогикалық әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми.әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми.әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың
дидактикалық мүмкіндіктері
КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы
тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу
жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде
мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың
категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың
біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу
дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және
олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін
зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін
тарату.
І-ТАРАУ.
1.1. БIЛIМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
БОЙЫНША БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗГI ЖОЛДАРЫ
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге,
бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала
бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған
мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды.
Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты
даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз
қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке
енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл
жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану
оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның
келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау
жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа
ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
– оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және
т.б.);
– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн
қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi
компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:
– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм
мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:
информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша
жаңа бiлiмдер алу;
– информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта
даярлау;
– бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге
үйрету;
– информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша
информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны
ұйымдастыру;
– арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
– облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-
әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
– облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға
бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды
меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-
шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт
мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн
анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде
оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және
нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық
процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға
ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының
өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге
байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған
қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты
анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль
бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы
ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына
қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы
бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық
ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен
ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн
меңгерту).
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу
нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн
меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа
программалық құралдарды меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы
бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру
процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық
программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге
сәйкес бейiмдеп пайдалану.
І.ІІ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер
бойынша беріледі:
1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық
деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен
бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана
бiлуімен анықталады.
3. Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң
әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық
құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі
мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау
техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне
қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі
мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-
құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны
білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді
басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық
технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан
мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-
директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және
т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі
сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де
қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық
шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және
итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу
процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі;
автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: АЖО-директор; АЖО-
оқу ісінің меңгерушісі; АЖО-бухгалтер; АЖО-сабақ кестесіжәне т.б.;
әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту
әдістерін жетілдіру және т.б.
Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық
өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі
түсіндіріледі.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың,
тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына
сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай
деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап
ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі
жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға
сүйенеді:
➢ Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және
дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму
деңгейін көтеру;
➢ өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес
білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта
өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
• методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
• әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
• қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту;
• оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
• педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
• өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
• информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен
түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
• тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін
бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру
телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және
дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас
телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
❖ ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін
жоғары деңгейге жеткізу;
❖ жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық
желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте
интеграциялау;
❖ біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі
ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
❖ білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық
оқытуға мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру.
Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша
біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз
қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық
құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті
мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін
мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг
курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру
қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары
жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне
айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және
бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды
елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың
өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.
Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің
көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен
есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі
математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын
толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың
абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі
тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа
деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып
келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест
тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз.
Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде
пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
І.ІІІ.ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта
даярлауда ерекше роль атқарады.
Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық
мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен
формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап
және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын
жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда
информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі
мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру
мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға
сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi
құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:
1. Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды
шешу қабiлеттiлiгi.
2. Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау
проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға
бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4. Коммуникативтiк - Мұғалiм-Оқушы, Оқушы-Оқушы, Мұғалiм – Ата-ана
және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес
проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6. Ынталықпсихологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар
арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу
қабiлеттiлiгi.
8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму
нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу
қабiлеттiлiгi.
Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны
тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты
ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған.
Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды.
Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және
интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты,
ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi
өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту
бағыттарын талап етедi.
Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек.
Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы
деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi,
оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық
технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға
бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар,
психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде
қарастырылуы керек.
Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру
бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк
мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз
қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.
Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:
- бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;
– тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
– тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын
қалыптастыру.
Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш блоктан
тұрады:
Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — ҚР бiлiм саласындағы негiзгi
мемлекеттiк саясатының бағыты (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк
педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және
Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру
мәселелерiн қамтиды:
– ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
– Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың
Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
– Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.
Екiншi блок-модуль (инварианттық)– Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-
психологиялық жағынан қамсыздандыру (24 сағат):
– Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық
диагностика;
– Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.
Үшiншi блок-модуль – Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге
бағытталған инновациялық әдiстер (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк
модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту
мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:
– бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
– тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға бағытталған модельдеу мен
жобалау қызметiн дамыту;
– қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту
көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
– бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн ақпараттандыру саласына
бағыттау (информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады.
Оның басты себебi ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен
толығып отырады. Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы
басқарушы болғандықтан аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi
кеңейтiледi).
Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен сауалнама
қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа жасақталған
бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.
Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер
ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты.
Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен
ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану
кезiнде бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады,
эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және
тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк
жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы
қамтамасыз етiледi.
Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген
тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру
жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен
практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену
болып табылады.
Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог
кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде
қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды.
Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар
дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар,
практикалық жағдаяттарды талқылау және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi
кеңiнен қолдану қажет. Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың
өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-
әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық
жұмыс жасау формалары.
Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және деңгейлеп
саралап оқыту технологиялары.
Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз
көтеру барысында вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл
педагог мамандардың жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың
сапасын арттыратыны сөзсiз.
Сондықтан мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнде бiлiктiлiктi көтеру
курстарынан басқа информатиканы оқытудың жеке әдiстемесiнiң мiндеттерiн
шешуге байланысты проблемалық курстарды да ұйымдастырған тиiмдi.
Проблемалық курстардың тақырыптары облыс мұғалiмдерiнiң сұраныстары мен
қажеттiлiктерiн талдау арқылы анықталынады. Ол курстың оқу жоспарын
өзгертiп, iзгiлiктiлiк қағидасы негiзiнде құруға мүмкiндiк бередi:
– Turbo Pascal ортасында программалау;
– Visual Basic ортасында программалау;
– Информатикадан олимпиадаға оқушыларды дайындау. Олимпиадалық
есептердi шешу;
– Деректер қорын басқару жүйесi. Microsoft Access;
– Интернет-технология. Web-дизайн негiздерi.
Проблемалық курстарды өткiзу барысында тыңдаушылардың дайындықтарын
қамтамасыз ету үшiн келесi оқу-әдiстемелiк құралдары дайындалып,
пайдалануға берiледi:
– Оқу құралы: Жаңа ақпараттық технологиялар. Windows операциялық
жүйесiнiң негiздерi. Word мәтiндiк процессоры;
– Оқу құралы: Жаңа ақпараттық технологиялар. Компьютерлiк желiлер;
– Оқу құралы Microsoft Access бойынша лабораториялық практикум;
– Оқу құралы Microsoft Excel бойынша лабораториялық практикум;
– Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк құрал. Қалалық (аудандық)
олимпиадалар: өткiзу ережелерi, дайындау әдiстерi, есептердi шешу
мысалдары (1996-2001 жж).
– Электрондық оқу құралы Turbo Pascal тiлiнде программалау;
– Электрондық оқу құралы HTML негiздерi;
– Әдiстемелiк құрал Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын
талаптар. Информатика кабинетiнiң ережелерi;
– Әдiстемелiк құрал Бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерi үшiн
ақпараттық технологияны енгiзу мәселелерi.
Аталған құралдардан басқа курстың барлық тыңдаушылары өздерiне қажеттi
нормативтiк, әдiстемелiк және анықтамалық материалдармен, программалық
құралдармен ақысыз түрде қамтамасыз етiледi.
ІІ тарау
ІІ.І АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА ПӘН МҰҒАЛIМДЕРIН
ДАЙЫНДАУ
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi
оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда
(бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы
виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту
(тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.
Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде
уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат
болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр
мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл
мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.
Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт
базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған.
Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн
қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану
арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.
Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан
зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың
алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық
құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн
демонстрация жасау.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді
жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру.
Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен
қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны
қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары
жүргізілуде.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін
зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп
психологиялық-педагогикалық проблемараның оқыту процесін
компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту
процесінде компьютерді Қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін,
олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре
алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың
мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке
қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік
біліктіліктерін клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс
істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық
редакторлармен жұмыс істей білу жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің
кезек күттірмес талабына айналуда.
Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім
беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім
беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық
жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык,
акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде
кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.
Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні
бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;
Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың
ақпарат алу, жедел кері байланыс);
Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі
артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі;
телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да
кұралдарында жарияланады);
Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел
байланысатын оқуға қатысушылардың окушылардың, педагогтардың, мамандардың
саны өседі; интернет сабақтарды. жобаларды, олимпиадаларды өткізуге
қойылатын шектеулер алынады.);
Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық
және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі
жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.);
Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-
психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау;
психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің
кемшіліктерін жою);
Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін
шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында
кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр'алдарының таралымы азаяды.);
Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген
құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі.
Қазақстанда қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік
саяси прогрестер:
Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту.
Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы
байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер;
Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік рыногында бәсекелестіктің
артуы кезінде білім беру
Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері
Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.
Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық
тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы.
Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа
сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік
функциялары:
- халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік
белсенділігін арттыру;
- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын
қанағаттандыру;
- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық
әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.
- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру
- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген, өсіп келе жатқан
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Икемділік. Білім алушылар лекциялар, семинарлар түріндегі күнделікті
сабақтарға қатыспайды. Өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және
ыңғайлы қарқында сабақ оқиды. Әркім оқу курсының белгілі бір пәнін меңгеру
үшін өзіне қанша кажет болса, сонша оқиды.
Модульдік. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принципі алынған.
Оқушылар меңгерген әрбір жекелеген пән (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі
бір пәндік салаға барабар. Бұл тәуелсіз (бірақ, әрине, логикалық жағынан
өзара байланысты) оқу курстарының жиынынан жеке немесе топтық
қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Оқушы
өзі үшін өзінің жеке ұйғарымдарын білдіретін іс жүзіндегі жеке оқу жоспарын
жасағанда, әзірше білім алудың дәстүрлі нысандарына тән емес, оңтайлы
мүмкіндік туады,
Қосарлылық. Оқыту негізі кәсіптік қызметпен, тіпті оқумен ұштастырыла,
яғни өндірістен қол үзбей жүргізіледі.
Қашыктықтағы әрекет. Білім алушының тұратын жерінен білім беру
мекемесіне дейінгі қашықтық тиімді білім беру процесі үшін кедергі
(байланыс сапалы жұмыс істегенде жағдайда) болып есептелмейді.
Оңтайлылығы. Оқу процесінде білім беруші мен білім алушы қашықтықтан
оқыту технологиясын уақытқа қарамастан, яғни әрқайсысына ыңғайлы сабақ
кестесі немесе жұмыс кестесі бойынша іске асыра алады.
Қамту немесе бұқаралық. Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем
болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық
көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары
жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-коммуникациялық
желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.
Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік
және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа
нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.
Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы
болып отыр.
Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-
әрекеті.
Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық
түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компь-ютерлер,
компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.
Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде
материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін
қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.
Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және
импорттауға қолайлы жағдай туғызады.
Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке
басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың
көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің
мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің
негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын
бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web -
ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді
кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің
ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың
дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық
мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру
кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы
ретінде лайықты орын алатыны анық.
ІІ.ІІ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Негiзгi ұғымдар
1. Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында түрлi
қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық
кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк
органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.
2. Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен
практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және
оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге
асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.
3. Ақпараттық кеңiстiк - белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп
ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық
тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн
ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен
желiлердiң жиынтығы.
4. Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың
немесе құжаттар жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер
қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).
5. Ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық
технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.
6. Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу
және тарату процестерi.
7. Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда
болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.
8. Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және
меншiгi ретiнде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды
тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына
қатысушылар.
9. Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер,
технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
10. WWW (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық
құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.
11. Гипермәтiн – басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.
БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz