Шақ туралы жалпы түсінік


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
а) Шақ туралы жалпы түсінік
ә) Осы шақ
б) Өткен шақ
в) келер шақ
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Шақтың жалпы сипаты
Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Өйткені амал, әрекет, қимыл, қозғалыс . . . атауларының қай-қайсысы болсын үнемі белгілі бір мезгілде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстырмай етістікті жеке сөз табы деп тануға да, анықтауға да болмайды. Солай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория делініп есептеледі.
Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетім отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған лайық, формалары мен қызметтері адамның сөйлеп я сөйлесіп отрған кезіне ьайланысты айқындалады. Өйткені амал я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді процестердің қай-қайсысы болсын не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істеліп тынған, не сол сөйлесіп отырған уақытқа істеліп жатқан, не сөйлесіп уақыттан кейін істелінбекші амалдар есебінде қабылданады (оқыдым; оқып отырмын, оқымақшымын) .
Бірақ шақтарды бір-бірінен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштастығымен, соған қарай, шақ формаларының бір-бірімен жіктері ашылмағандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категориясы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн шегі де, форма шегі де ажыратылмағандығымен байланысты.
Ал шақ пен рай категориясының бір-бірінен ажыратылмауын көбінесе логикалық категория мен грамматикалық категорияның жинастырылып жүргені себебінен деп қарауға болады. Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан тиянақталмай, шешілмей келу салдарынан шақтардың да, олардың формаларының да шектерін ашу, оларды таптастыру мәселелеріне үлкен қиыншылық туып жүр. Мыс: мен айтамын, ол тыңдайды-дегендегі етістік формалары қай шаққа тән, олардың мазмұны қайндай екенін дәл осы қарап анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ, барар-еді; баратын еді; бармақ еді; барарма еді; сүрініп кеткен еді; айтқысы келіп отыр екен . . . сияқты формалардың бәрі де белгілі бір шаққа, не бірнеше шаққа қатысты екені күмәнсіз. Бірақ солай бола тұрса да, олардың қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен, етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқаратын формаларының ең негізгі қасиеті шақ ұғымын біодіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы дамып қалыптасқан орындары алуға лайық.
Ал қазақ тілінің шақ категориясының жүйесіде, өзге тілдердегі сияқты, өткен шақ, осы шақ және келер шақ деп аталатын үш саладан құралады.
Өткен шақ
Өткен шақ деп сөйлеу кезінен бұрын болған я сөйлесіп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтамыз. Сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амалдыңкезін біодіретін етістік формаларына қазақ тілі аса бай. Бірақ ол формалардың түрдері де, әр алуан. Мысалы, мағына реңкі жағынан олардың біреудері сөйлеп отырған кезден әжептеуір бұрын я соның дәл алдында ғана болған амалды біодерсе, біреулері едіәуір бұрынғы, біреулері одан әріректегі, біреудері одан да арғы кездерден, енді біреудері тіпті арғы замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар өткен кездеістелмекші болғанмен, түрлі жағдайлардың себептері мен салдарларынан сол кезде жүзеге аспай қалған амал-әрекеттерді де өткен амал ретінде білдіреді. Осыларға орай, қазақ тіліндегі өткен шақтың көрсеткіштері де өте көп және көрсеткіштердің түрлері жалаң да, күрделі де болып келеді. Мысалы: біз бар-ды-қ; біз бар-ған-быз; біз бар-ып-пыз; біз бар-атын-быз т. б.
Осы формалардың бәрі де грамматикалық көрсеткіштеріне қарағанда, өткен шаққа жатқызылуға тиіс. Өйткені олардың бәрінің құрамында да өткен шақтың көрсеткіші -ды (-ді) және - ған, -ген элементтері қатысады; осы элементтер анаметикалық етістіктердің еді (е+ді), екен (е+кен) деген тұрақты көмекші компоненттерінде де кездеседі.
Сөйтіп өткен шақ категориясын жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіштерге: -ды (-ді . . . ), -ған (-ген . . . ), -атын (-етін . . . ), -ып (-іп . . . ) жұрнақтары жатады да, кұрделі көрсеткіштерге: -ғана еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; -ушы еді; -ғана екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й+ды екен; -са екен; -йын деген екен . . . сияқты анаметикалық форманттар және тұр, жүр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.
Шақ формалары сыртқы тұлға-түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн ерекшелігіне қарай да жіктеуге болады. Бірақ, қашан да болсын, мазмұн түрге жетекші болатынын ескергенде, шақтарды да мағыналарына қарайжіктеу әрі олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйесі ықшам болу үшін қолайлы да, ұтымды да болады. Сондықтан өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөлуге болады.
1. Ашық (айғақты) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды айтамыз. Анық өткен шақ формалары мынадай көрсеткіштер арқылы жасалады:
1) -ды ( -ді, -ты, -ті) жұрнағы ( алды, келді, айтты) ;
2) -ған ( -ген, -қан, -кен) жұрнағы ( жайған, есейген) ;
3) -атын ( -етін, -йтын, -йтін) жұрнағы ( жазатын, сөйлейтін) ;
4) -осы еді ( -іп еді, -п еді) жұрнағы ( көтеретін еді, ішіп еді) ;
5) -ған еді (-ген еді, -қан еді, -кен еді) форманты;
6) -ушы еді ( -уші еді) форманты (барушы еді)
7) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістікігі тіркеледі (жүр еді) .
2. Танық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп . . . білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Танық өткен шақ көрсеткіштері мыналар:
1) -ып (-іп, -п) жұрнағы ( алыпты, көріпті) ;
2) -ғана екен (-ген екен, -қан екен, -кен екен ) форманты (ашылған екен, кешіккен екен) ;
3) -а+ды екен (-е+ді екен ) форманты (ақылды-сары екен) ;
3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушаінің бұрын істелмекші болған, мақсатты, шартты, болжамды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады.
1) -мақ еді ( -мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді ) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді) .
Әр шақтың сыр-сипаттарын алды-алдына қарағанда, шаққа қатысы бар етістік аформаларының жалаң түрлері де, күрделі түрлері де түгел қамтылып, олардың жалпы және жалқы сипаттары қадағалануға тиісті. Шақ категориясын жасауға қатысатын формалардың ішінен әсіресе етістік, есімше, көсемше, арай, рай категориялары жайында айтылған қағидалар есте болғаны жөн.
Осы шақ
Өткен шақ пен осы шақтың жігін ажырату үшін де сөйлеу кезі, демек, сөйлеушінің тыңдаушыға сөйлеп отырған сәті шек, өлшеу етіп алынады. Олай болса, осы шақ формасы сөйлесіп жататын амал-әрекетті суреттейді. Ал сөйлеу үстінде істеліп жататын әрекет, әдетті, азды-көпті бұрын басталған процесс болғанымен, кейбір сәттерде де процесс әр түрлі кедергі-кідіріске, тоқыруға ұшырағанымен, біржола тоқтап қалмай, үздік-саздық жүріп жататын процесс болатындықтан, осы шақ ұғымы да мезгіл-мерзім жағынан амал-әрекетті білдіреді.
Қазақ тіліндегі осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қтлы мағыналарын біодіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнағып, қалыптасқан грамматикалық амал-тәсілдер бар.
Жоғарыда айтылған жалпы грамматикалық сипатынан жуатын мағыналық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне қарай, осы шақ кстегориясы сынадай үш түрге бөлінеді. жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ. .
1. Жалпы осы шақ . Осы шақтың бұл түрі етістік негізіне көсемшенің -а (-е, -й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені бұл форма, контекстегі қызметіне қарай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн келеді) үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті де (ол совхозда тұрады, сонда агроном болып істейді), адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті, дағдылы жалпы қимыл, қозғалыс, амал, әрекет, істі де (ит үреді, құс ұшады; сиыр мөңірейді) білдіре береді.
2. Нақ осы шақ . Осы шақтың бұл түрі көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а, -е, -й) түріндегі етістік формасына жатыр, тұр, жүр, отыр деген жай-күй етістіктерінің біреуі тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: айтып отырмын; көріп отырмыз, оқып жүр т. б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz