«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. БАНКТЕГІ НесиеЛІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1. Несиелік процессті ұйымдастыру негіздері . . . 5

1. 2. Банктегі несиелік процессті ұйымдастыру кезеңдері . . . 11

2. «Казкоммерцбанк» ақ-ның НЕСИЕЛІК процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау

2. 1. «Казкоммерцбанк» АҚқаржылық жағдайы . . . 16

2. 2. «Казкоммерцбанк» АҚ -ның жеке тұлғаларды несиелеу процесіне талдау жүргізу . . . 22

ІІІ. НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3. 1. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк процесiнiң даму болашағы32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39

Кiрiспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болғалы бері қаржы саласы, әсіресе экономиканың банктік секторы бірнеше жетістіктерге жетті. Банктер - нарық құрылымдары жүйесінің орталық буындарының бірі. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құруға қажетті шарт болып табылады.

Несиелеу қажеттілігі ұдайы өндіріс процессіндегі табыс айналымы шеңберінен капитал айналымының заңдылықтарына сай қалыптасады.

Коммерциялық банктерде несиелік процесстің дұрыс жүзеге асырылуы бекітілген несиелік саясатқа байланысты. Несиелік саясат - бұл банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процессті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкiндік береді: несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін; несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін; сыртқы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын; ішкі бақылау қағидаларын;

Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.

Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты банктік несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру - қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұлөз кезегінде экономикалық өсугеәсер етеді.

Жалпы алғанда, несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т. с. с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.

Қазіргі таңда экономиканың әртүрлі саларын несиелеу өте өзекті мәселе, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады

Қазақстанда несиелеу келесi заңдар мен ережелерге сүйенiп жүзеге асырылып, реттеледi: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" және "Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызметтер туралы" заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзiмдi несиелеу ережелерi" Бұл заңдар мен нормативтi актiлер барлық меншiк формасындағы банктермен қолдануға тиісiлi.

Жұмыстың негізгі мақсаты коммерциялық банктегі несиелеу процесін және несиелеудің принциптерін ұйымдастыруды зерттеу болып табылады. Банктің несиелік саясатын қалыптастыру шеңберінде толығырақ зерттеуді жүргізу үшін біз келесі негізгі мақсаттарды ашып қақарстыруымыз керек:

Курстық жұмысының мақсаты - коммерциялық банктердiң несиелiк процесінің ерекшеліктерін ашып көрсету, сондай-ақ "Казкоммерцбанк" АҚ мысалға ала отырып оның несиелiк процесіне талдау жүргізу.

Сол себептен бітіру жұмысымда келесi :

  • Несиелеу процессінің мәнін, несиелеу принциптерін;
  • Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегi банктердiң несиелеу тәртібін;
  • Несиелеу процесін жетілдіру және даму жолдарын;
  • Шетел тәжірибесіндегі несиелеу процесінің ерекшеліктерін айқындау болыптабылады.
  • Коммерциялық банктiң несиелiк процесін ұйымдастырудағы проблемалар және оны шешу жолдарын қарастыру;
  • Несиелiк коммерциялық банктердің несиелiк процесін жетілдіру жолдарымен тәжiрибесiмен таныстыру;

Курстық жұмысында жүргiзiлген зерттеу коммерциялық банктерде несиелiк процесті ұйымдастыру ерекшелiктерiн түсiнуге, жүргiзiлетiн несиелiк операциялардың көлемiн келешекте кеңейту үшiн алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшiн маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесiнде туындайтын тәуекелдiлiк деңгейiн төмендету жолдарын ұсынуға мүмкiндiк бередi.

Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлім - «Банктегі несиелік процесстерді ұйымдастырудың экономикалық мәні» деп аталады. Несиелік процессті ұйымдастыру негіздері мен қағидалары, кезеңдері қарастырылған.

Екінші бөлім - ««Казкоммерцбанк» АҚ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау» деп аталады. Мұнда Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік процесіне талдап, күмәнді несиелерге сипаттама бердім және ««Казкоммерцбанк» АҚ несиелік процесіне талдау жүргіздім.

Үшінші бөлім - «Коммерциялық банктердің несиелік процесін жетілдіру жолдары» деп аталады. Мұнда коммерциялық банктердің несиелік процесін ұйымдастырудағы проблемалар және оны шешу, дамыту жолдарын жаздым.

1. БАНКТЕГІ НесиеЛІК ПРОЦЕССТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1. Несиелік процессті ұйымдастыру негіздері

Қазқстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған. [2]

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
  • несиенің ақылылығы;
  • несиенің қамтамасыз етілуі;
  • несиенің сыйақылылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. [5, 63 б]

Мерзімділік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.

Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық - бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
  • банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
  • несиеге деген сұраныс;
  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелеудің келесі бір қағидасы - берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.

Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді. [6, 82 б]

Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

  1. субъект;
  2. объект;
  3. қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады . [8, 149 б]

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен бенк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Жалпы, несие қарыз алушыға белгілі бір несиелік процесс жүзеге асырылғанда ғана беріледі. Несиелік процесс дегеніміз- банкпен қабылданған және белгілі бір тәртіпте орналасқан несиелік қатынастарда жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу процесі арқылы елдің қаржы яғни несиелік проект бойынша барлық аналитикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Несиелік процессі келесі сатыдан тұрады:

  • Несие беру жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізу және банпен белгіленген құжаттарды ұсыну;
  • Клиенттің несиелік қабілеттідігін анықтау және бағалау;
  • Несиелік келісім -шартқа отыру;
  • Несиенің берілуі және қайтарылуы;
  • Алынған несиенің мақсаттылығын және уақытысында өтелуін бақылау.

Бірінші саты - бұл несие беру жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізу және банпен белгіленген құжаттарды ұсыну болып табылады. Несие беру жөнінде келісім сөздер нақты шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі. Бірақ бұл жерде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Дамыған нарықты қатынастар үшін нақты жағдай- бұл банк клиенті өз өнімін ұсыну үшін іздейді. Банктік қызметтер нарығын, потенциалды клиенттерді зерттеу, оларға қарым қатынас жөнінде ұсыныстар жасаған кезде болатын жағдай бұның барлығы несие туралы нақты ұсынысқа дейін қарастырылады. Басқа жағдай- отандық тәжірибе. Бұнда несие кәсіпкерлерден бастап өкіметоргандарына дейін керек, банк клиентті іздемейді, керісінше, клиент өзін құтқаратын несиені алу үшін банкті іздейді. Бұл дайындық сатының процессі, одан кейін оның екінші бөлігі клиенттер банкке несие алу үшін қажетті құжаттарды өтінішімен қоса тапсырады. Несиені алу үшін қарыз алушы банкке жазбаша түрдегі арыз ұсынады. Онда мыналар көрсетіледі: несиенің мақсаты, сомасы, өтелу мерзімі және несиеленетін объектінің қысқаша сипаттамасы.

Несие алу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:

  • Несиеленетін кәсіпорынның техникалық негізделуі, ол мынаны жағдайды есепке алу керек:
  • арыз берушінің қызметінің және ол өндіретін өнімнің сипаттамасы;
  • несие есебінен өндірілетін өнімнің (қызметтің) тізімі, оның экспорттың мүмкіндіктері, жергілікті және дүниежүзілік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
  • экспортталуы мүмкін өнімнің өткізу нарығын, оған ұқсас өнімге сұранысты, бәсекелестікті, халықаралық нарыққа шығу стратегиясын талдау, өнімді экспорттау жөнінде шетел формаларымен келісім шарттардың болуы;
  • түсетін түсімі несиелік қарызды өтеуге жұмсалатын қарыз алушының өнімді экспорттауға меншік құқын растайтын құжаттар;
  • экспортқа өнім өткізуге лицензиясының болуы;
  • жобаның жүзеге асырылу мерзімі;
  • өтелу есебі, импорттық төлемдер балансы мен экспорттан түсімдерді қоса;
  • қажет уақытында жоғарыда аталған мәліметтерді растайтын басқа органдардан информация.
  • Келісім-шарттың, олардың қосымшаларымен қоса көшірмелері (сыртқы сауда келісім-шарттары орыс тілінде аудармасымен бірге) ;
  • Бухгалтерлік есеп беру, кірісі және шығысы туралы есеп, табыс декларациясы және тағы басқа белгісі бір мерзім арасында қарыз алушының несиелік қабілетін және қаржылық жағдайын анықтау үшін мәмілеттер;
  • Белгіленген тәртіпте толтырылған несиені беру жөнінде арыз;
  • Қарыз алушы жөнінде мәлімет, анкета;
  • Тауарлы материалды құндылықтардың қозғалысы жөнінде мәлімет;
  • Шұғыл міндеттеме;
  • Несиелік келісім - шарт;
  • Қамтамасыз ету жөнінде мәлімет;
  • Бизнес жоспар.

Банктің несиелік бөлімі несиелеу жөнінде барлық сұрақтар бойынша құжаттарды және оларды дайындаумен байланысты жұмыстарды басқарады, несиелеу мен байланысты басқа қызметтердің жұмысын шоғырландырады және оперативтігіне жауап береді.

Несие бөлімі мамандықтарының құзіретіне төмендегілер жатқызылады:

  • несиелік ресурстардың бар болуын қарастыру;
  • несие алу үшін қажетті құжаттардың толығын тексеру;
  • техникалық- экономикалық негіздеуді есептеудің нақтылығын анықтау;
  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау;
  • несиенің өтелмеуіне әкелетін факторларды зерттеу.

Несиелік қызметкерлер заң бөлімінің құқық мамандарымен бірігіп клиенттің құқық мәртебесімен құқтарымен анықтау үшін олардың заң істерін зерттейді. Келісім - шарттар мұқият зерттеліп оған құқықтық баға беріледі. Олармен кепіл берушінің немесе оның кепіл болушысының, ол кепілге коятын мүлікке құқы бар екендігін анықтайды. [10, 171 б]

Несиелік бөлім және банктің т. б. қызметтерінің қорытындысы несие беру мәселесі негіз болатын несиелік комитетке және банк басшылығының қарауына ұсынылады. Егер несие беру жөнінде шешім қабылданса заң қызметі кепіл туралы келісім - шарт, ол несиелік бөлім несиелік келісім - шарт дайындайды, сосын бұл шарттарға банк төрағасы қолын қояды.

Несиелік процесстің екінші сатысы - бұл клиенттің қаржылық жағдайын талдау және клиенттің несиелік қабілеттідігін анықтау және бағалау. Бұл қарыз алушының қаржылық мәліметтерін және оның сипатының субьективті бағасын қарастыруды қамтитын несиелік тәуекелді анықтау процесі.

Несиелік шарттар кәсіпорынның өндірістік және инвестициялық қызметін, оның қаржылық жағдайын және оның болашақтағы өзгерістерін есепке ала отырып терең зерттеу негізінде жасалады.

Несиелік келісім- шарт мынандай құрылымдардан тұрады:

  • Жалпы ережелер
  • Қарыз алушының құқықтары мен міндеттемелері
  • Банктің құқықтары мен міндеттемелері
  • Екі жақтың жауапкершілігі
  • Шарттың мерзімі
  • Екі жақтың заңды мекен-жайлары[11, 91 б]

Несиелік шартты жасасу бірнеше кезеңдерден өтеді:

  • Несие алушы клиентпен несиелік шарттың мазмұнын жасау (несиенің түрі, сапасы, мерзімі, қамтамасыз етілуі т. б. )
  • Банк клиент ұсынған несиелік шарттың жобасын қарастырады да несие жасайды. Бұл кезде банк мынаны анықтайды:
  • потенциалды қарыз алушының несиелік қабілеті. Несиелік қабілеттілікті тексеру несиелік шарт жасаудың алғы шарты болып табылады;
  • қолдағы бар ресурстарға сай шаруашылық органдарға керек сомада несие беру, олардың депозиттік проценттік саясаты арқылы өсу мүмкіндігі, банк аралық несиелерді қарату.
  • Клиент және банк бірігіп несиелік шартты өзара қанағаттандыратын жағдайға сәйкес түзету және оны заңгердің қарауына ұсыну.
  • Екі жақтың несиелік шартқа қол қоюы, яғни оған құжат күшін беру.

Несиелік шартты бұзғаны үшін жақтардың жауапкершілігі, соның ішінде мүліктік жауапкершілігі қарастырылады.

Несиелік процестің төртінші саясаты - алынған несиенің мақсаттылығын және уақытысында өтелуін бақылау. Банктік несие тек қана келісім -шартта көрсетілген мақсатқа ғана пайдаланылуы тиіс және несиенің басты қағидалаырынң бірі оның ақылылығы қатаң сақталуы тиіс.

Несиелік шартта қарастырылған несиені беру және қайтарып алу шарттары мен тәртібіне сәйкес банктің несиелік бөлімімен несиені беру жөнінде бұйрық жасалады. Бірінші рет алып отырған клиентке несиені беру кезінде банк бұл қарыз алушының жарғысында шаруашылық субьектінің атынан анық басшылығының шаруашылық шарттар жасауға құқы бар екендігі қарастырылғанына көз жеткізу керек.

Банктер кез келген уақытта, кез келген қарыз алуға ниет бiлдiрген субъектiлердi несиелеген кезде пайда болатын несиелiк тәуекелдi банктiң қаншалықты тиiмдi жаба алу тәуекелiне кез болады. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді:

Несиелеу механизмінің құрамдас элементі - несиені беру процесінің өзіндік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге болады (1-сурет) :

1 СуретБАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС

Несиелік комитетке дайындау
Несиелік қабілетін талдау
ия
жоқ
Несиелік комитет
Несиелік процесс
Несиені қайтару

Төлемдер.

Мониторинг.

Мерзімі өткен төлем.

1-ші өтініш
2-ші өтініш

Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

1. 2. Банктегі несиелік процесті ұйымдастыру кезеңдері

Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы».

Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек. [2]

Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңеюін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісімшарт жасасады. Бұл келісімшартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.

Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.

Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:

  • несиелеу объектілері;
  • несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
  • қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
  • қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
  • қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т. б. ) ;
  • несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
  • несиелік келісімшартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік саясатының қағидалары
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі
Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi.Несие қамтамасыздығы
Қазкоммерцбанк АҚ-ның несиелік портфелінің сапасын талдау
Лизингтік операцияларының түрлері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ
Несиелік жүйе: элементтері, қызмет етуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz