«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы

2. «АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері
2.2 «АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3 «АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму
жағдайы
2. АТФ БАНК АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 АТФБанк акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі
қаржылық көрсеткіштері
2.2 АТФБанк акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3 АТФБанк акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-
экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын
жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың
жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен,
халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат Қазақстан-2030
стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан
бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын
түсіндік.
Осы орайда, Қазақстан экономикасындағы банк саласында реформа өте жақсы
жүріп, рейтингілік агенттіктер банктер беделін жоғары бағалап, әрі банк
капиталдары нақты активтермен бекітіліп отырғанымен, олар да дағдарыстан
шет қала алмады.
Біріншіден банктер Америкадағы ипотекалық дағдарыс әсерін болжамдай
алмады. Жағдайдың тұрақты болатынына сеніп қалған олар, сырттан
қаражаттарды қысқа мерзімге алып, оларды өз клиенттеріне ұзақ мерзімге
беріп отырды. Екіншіден, банктер тұрғын үй саласында лаыпсатарлық бағаның
қалыптасқанын ескермеді және басқа салаларға көңіл бөлген жоқ. Үшіншіден,
банктер тапқан мол табыстарын өз қорларын өсіру үшін жұмсамай, оларды
еліміздегі және шетелдердегі ғимараттар мен өндірістік нысандар түріндегі
бағдарсыз активтерге айналдырып отырды. Сондықтан да еліміздің банк
жүйесіндегі айтарлықтай қауіптердің бір мезгілде жинала бастағандағы
заңдылық.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты атты 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан халқына жолдаған
Жолдауында Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге
қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және
Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуыға тиіс
делінген. Бұл курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы – Коммерциялық банктердің қызмет етуін
оңтайлы ұйымдастырудың теориялық және практикалық мәселелері.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің қызмет етуінің
теориялық негіздерін зерттеу және АТФБанк акционерлік қоғамының
мәліметтері негізінде коммерциялық банктің қызмет нәтижелерін талдау
негізінде банк қызметін оңтайландыруға байланысты ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың қойылған мақсаты аясында келесі міндеттерді шешу
қарастырылған:
▪ коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негіздерін
қарастыру;
▪ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму
жағдайын зерттеу;
▪ АТФБанк акционерлік қоғамының қызметін зерттеу және қаржылық
нәтижелерін талдау;
▪ АТФБанк акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрлеріне талдау
жасау;
▪ коммерциялық банктердің қызметін кеңейту мақсатындағы аймақтық
даму мәселелерін қарастыру;
▪ коммерциялық банктердің қауіп-қатерлерін басқаруға байланысты
ұсыныстар беру;
▪ коммерциялық банктердің несие қауіп-қатерлерін реттеу аясында
ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға,
коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операцияларына байланысты теориялық
мәселелерге және Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму
жағдайына зерттеулер жасалынған.
Екінші тарауда АТФБанк акционерлік қоғамының қызметін ұйымдастыру
негіздері қарастырылып, банктің қаржылық көрсеткіштеріне, депозиттік, несие
беру және есеп айырысу-кассалық қызметіне талдау жасалынған.
Қорытындыда коммерциялық банктердің қызмет етуіне теориялық зерттеулер
жасау және нақты банк қызметінің нәтижелерін талдау нәтижесінде банк
қызметін оңтайландыруға байланысты ұсыныстар жасалған.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге
де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Депозиттік-қаржылық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл
көптеген клиенттердің аз ғана соманы банкке қысқа мерзімге салғанның өзінде
де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік
операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995
жылы 30 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарын басшылыққа
алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың
экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні
бүгінге дейін банктердің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың
қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Ұлттық банктің берген
лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық
банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін
лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптылығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар
банктердің мамандануын белгілемейді. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар
нарығына да тікелей қатысуға құқығы бар.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа Қазақстан
Республикасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас
лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы
үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар
орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілдіктерін
ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалық металдармен
операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру
мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашатын тұлға Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат
алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• Рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
• Банктің жарғысы (түпнұсқа);
• Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• Құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі
бойынша);
• Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы
(заңды тұлғалар үшін);
• Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• Егер бір немесе одан көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының
резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті
мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім;
• Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық
шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы,
ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• Банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы
мәлімет;
• Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы;
• Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;
• Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі;
• Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары;
• Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш
беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
• Басқа банктің жарғылық капиталыфна қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай немесе алты ай мерзім
ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк ашуға рұқсаталуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен
бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады.
Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің
келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен
лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен
бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
• Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық
банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-
жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді
қабылдау;
• Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді
және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлеріән жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдіқ операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттыраны және бағалы заттарын сақтау
қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді
жалға беру;
- ломбардық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару; банкнота мен монеталарды және бағалы
заттарды инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалық қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
▪ брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
▪ дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
▪ кастодиандық;
▪ клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлерін Ұлттық банктен жекелеген және кешенді
лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз
қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-
кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Баанктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген
банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заеңға сәйкес банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
▪ филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
▪ банк операцияларының тізімі көресітлген банк филиалы туралы
ереже;
▪ бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға
заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайцтын, банктің
тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс
орналарсқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер
өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
▪ өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
▪ өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
▪ Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашу туралы өтініші
жасаушы банктің шешімі;
▪ өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған
лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік
қадағалау органының жазбаша расталымы;
▪ аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы
қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
▪ өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында
өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі
банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
▪ өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі
туралы мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы банкке тиесілі
және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – Қазақстан Республикасы
аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал
немесе өкілдік мәртебесі жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, Ұлттық банктің
келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға
берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралу туралы шешім
қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк
қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа
дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін
жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.

1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар беру
жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша
пайыздық айырмадан табады.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады.
Банк операцияларын төменде көрсетілгендей топтауға болады:
▪ уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;
▪ экономиканы және халықты несиелендіру;
▪ есеп айырысу-кассалық операциялар;
▪ инвестициялық операциялар;
▪ банктің қаржылық операциялары;
▪ банктің комиссионды-делдалдық операциялары;
Уақытша боса ақшалай қаражаттарды жинақтау. Коммерциялық банктер бір
жағынан, шаруашылық субъектілердің бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса,
екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі
қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік
операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк
ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциылары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына,
әмбебаптылығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тарлыған қаражаттары.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдықтар,
жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі меншікті капиталсыз
банктің қызметін бастауы мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте
қажетті резервтер қалыптасады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталын мынадай баптар
құрайды:
▪ жарғылық капитал;
▪ резервтік капитал;
▪ қосымша капиталдар;
▪ банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында
құрылған қорлар (резервтер);
▪ бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы
оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор
– банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталған пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойыенша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік
тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
▪ банк пайдасы;
▪ акциялар шығару;
▪ құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
▪ облигациялар шығару.
Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрылымында тартылған
қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың
есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
▪ депозиттік қаражаттар;
▪ депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағынан
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі болып
табылады.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шао\ртына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай және т.б.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемлердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етілуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әртүрлі шоттардағы қаражаттар.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Жинақ салымдары - депозиттердің кең таралған түрі. Олардың белгіленген
мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі
шектелген, ақшаны салу және алу кезінеде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттің жазбаша куәлігі.
Банктің депозиттік емес ресурстары. Банктің депозиттік емес ресурстары
банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға
банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы
қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық
және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстар жатады.
Банкаралық несие – бұл коммерциялақ банктердің бір-біріне беретін
несиелері. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды.
Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан арнайы
корреспонденттік шотындағы қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп
отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және
күндізгі займдар.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік
қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі займ – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте
ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Экономиканы және халықты несиелендіру. Коммерциялық банктердің келесі
дәстүрлі қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет
банктің қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив
операцияларын жатады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
несие берушінің қарзы алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Несие түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
▪ мақсатты қорларға;
▪ банктерге;
▪ қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
▪ өнеркәсіп салаларына;
▪ ауыл шаруашылығына;
▪ саудаға;
▪ дайындау ұйымдарына;
▪ жабдықтау-сату ұйымдарына;
▪ кооперативтерге;
▪ жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
▪ қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
▪ орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
▪ ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
▪ негізгі қорларға жұмсалатын;
▪ айналым қаражатына жұмсалатын.
ІҮ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
▪ кепілхатпен;
▪ кепілдемемен;
▪ кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілген:
▪ Сенім (бланктік) несиесі.
Ү. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәукел туғызатын несиелер.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
ҮІ. Берілетін валютасына қарай:
▪ ұлттық валютамен;
▪ шетел валютасымен.
ҮІІ. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала
отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикаттар мен дайын өнімдерпді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие.
12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында
банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Есеп айырысу-кассалық операциялар. Отандық банк тәжірибесінде
банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
▪ банктік шоттар ашу;
▪ ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
▪ алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық
валютадағы аударым операциялары;
▪ төлемнің шотын өзгерту немесе қайтару;
▪ валюталық операцияларға бақлыау жасау;
▪ шоттың архивін беру;
▪ шоттан қолма-қол ақша беру;
▪ ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
▪ банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды
инкассациялау;
▪ құндылықтарды жеткізіп беру.
Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай: банктік емес секторлар арасындағы
банктер арқылы есеп айырысулар; жеке сектор – үй шаруашылықтарының банктер
арқылы есеп айырысулары; банктік сектор – банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай: тауарлы операциялар бойынша есеп
айырысулар; бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар; банк
несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.
Есеп айрысу аумағына қарай: мемлекет ішіндегі есеп айырысулар; мемлекет
арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай: сауда операциясы басталғанға дейін
төлемдер; мәміле жасалған соң мерзімді төлемдер; коммерциялық несие
шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;
ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту
жолымен төлемдер; мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты
кешіктірілген.
Есеп айырысу жүәйелеріне қарай: пошта байланысы арқылы; телеграф-
телетайп байланысы арқылы; телефон байланысы арқылы; СВИФТ (Дүниежүзілік
банкаралық телекоммуникациялар қоғамы) жүйесі арқылы.
Есеп-айырысу формаларына қарай: қолма-қолсыз аударымдар (кредиттік,
дебеттік, ашық шот арқылы, аккредетив, инкассо); қолма-қол ақшалар арқылы.
Есеп айырысу тәсіліне қарай: толық есеп айырысулар; жартылай есеп
айырысу; өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу арқылы (клиринг)
есеп-айырысулар.
Есеп айырысу құралдарына қарай: кредиттік аударымн,ың құралдарымен
есеп айырысулар (төлем тапсырмасымен); дебеттік аударымдар құралдарымен
есеп айырысулар (төлем-талап тапсырмасы, чек, вексель, инкассалық өкімдер);
аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде
кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредетив, пластикалық карточкалар,
бакнтік аударымдар және т.б.
Есеп айырысу шамасына қарай: ірі төлемдер; ұсақ төлемдер.
Есеп айырысу кезектілігіне қарай: жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с
төлемдер; материалдық құндылықтар үшін төлемдер; несиелер үшін төлемдер;
сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өздерінің
кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының
қаулысымен бекітілген ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық
операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау,
қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен
байланысты операцияны білдіреді.
Банктің инвестициялық операциялары. Банк қызметіндегі инвестициялаудың
өзіндік ерекшеліктері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу
мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік
операциялардың жиынтығы.
Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында
ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсау.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған
қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат
орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай
бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға
болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды
сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы
эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор
құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы
қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық
бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктері).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1) мемлекеттің бағалы қағаздары;
2) мемлекеттік емес (кооперативтік) бағалы қағаздар.
Банктің қаржылық операциялары. Банктің қаржылық операциялары ретінде
лизинг, факторинг және форфейтинг операцияларын айтуға болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шарты.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүлікті құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толықұ амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеумен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде мынадай түрлері
бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен
байланысты.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып
келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші
болып табылады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі –
факторинг. Факторинг тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем
құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез-келген
несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына
келтіру.
Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен
қызметтері үшін төленбеген төлем талабын банкке сатумен байланысты
комиссиондық-делдалдық операция. Факторингтік операциялар: несиелеу,
ақшалай талаптарды төлеу, ішкі аядағы операциялар, клиентке қызмет көрсету,
сыртқы сауда бойынша операциялар, несиелік тәуекелден сақтандыру,
жабдықтаушының есебін ұйымдастыру, қарыз бойынша талаптарды алдын-ала
төлеу, қарызды инкассациялау, ашық және жабық факторинг болып жіктеледі.
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ
форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен
қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға
алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы
компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып
алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге
алушыны - импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жәй немесе аударма
векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель
берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл
беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша
авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән
берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем
қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арады
іске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар
бергені үшін экспортерге қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету
мақсатында.
Банктің комиссионды-делдалдық операциялары. Банктің бұл операцияларына
траст операцияларын жатқызуға болады.
Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін
басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты
банктің операциялары.
Коммерциялық банктің траст бөлімі атқаратын қызметі үлкен үш топқа
бөлінеді:
1. Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;
2. Сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3. Агенттік қызметтер.
Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.
Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметіне мұраға қалдырған мүлікті
иемдену; келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару жатады.
Агенттік (делдалдық) қызметтер:
1. Активтерді сақтау: бағалық қағаздарды сақтауға қабылдау; бағалы
қағаздар бойынша табыс алу; бағалық қағаздар бойынша шотына
түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақытылы хабарлап
отыру; бағалы қағаздарға айырбастау; мерзімі өткен облигациялар
бойынша қарызды қайтару; активтердің жалпы құнын сақтап қалу
мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату; мүлік куәлігі
бойынша сомаларды алу; клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп
беру; сейфтерді жалға беру.
2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару: бағалы
қағаздарды сатып алу-сату; бағалы қағаздар қоржынындағы
сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және
бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру; клиенттің тапсырмасы
бойынша барлық табыстарды алу; сенім білдірушінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктің қызметін талдау және бағалау
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
Корпоративтік басқару жайлы
Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
«АТФ Банк» АҚ туралы
Ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру процессі
Пәндер