Меншікке қарсы қылмыстар. Талан-тараждың нысандары



КІРІСПЕ 3
1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері. 5
1.1. Иелікке алу ұғымы және оның белгілері 5
1.2. Бөтеннің мүлкін иемдену түрлері 9
2. Талан.тараждың нысандары. 13
2.1. Ұрлық (ҚР ҚК 175 бап) 13
2.2. Алаяқтық (ҚР ҚК 177 бап) 19
2.3. Тонау (ҚР ҚК 178 бап) 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері. 5
1.1. Иелікке алу ұғымы және оның белгілері 5
1.2. Бөтеннің мүлкін иемдену түрлері 9
2. Талан-тараждың нысандары. 13
2.1. Ұрлық (ҚР ҚК 175 бап) 13
2.2. Алаяқтық (ҚР ҚК 177 бап) 19
2.3. Тонау (ҚР ҚК 178 бап) 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ
Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл - объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі (жеке дара) болып меншіктік қатынастар танылады, яғни жеке және ұжымдық тұтынуға немесе өндірістік қызметтерді жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктерді бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастар жатады. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол - азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз - материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Меншікке қарсы қылмыс тақырыбында курстық жұмыс жазудағы мақсатым, экономикалық категория ретіндегі меншіктің жан-жақты сипаттамасын беру және оны құқықтық, заңдық тұрғыда қарастыру болып табылады.
Мақсатына байланысты келесі тапсырмаларды орындауға тырысайық:
1. Меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасын беру;
2. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлерін зерттеу;
3. Меншікке қарсы қылмыстарды құқықтық, заңдық тұрғыда қарастыру;
4. Меншікке қарсы қылмыс құрамының негізгі элементтерін қарастыру;
5. Меншікке қарсы қылмыстардың құрылысын зерттеу.
Жұмыс барысында баптармен салыстыру, айқындау, талдау адiстерiн колдандым.
Курстық жұмысты жазған кезде, мен Қазақстан Республикасының Конституциясына, қылмыстық және азаматтық кодекстерге, сондай-ақ
И. Ш. Борчашвилидің, Г. Ф. Поленовтың, Е. Т. Әбілезов пен А. Н. Ағыбаевтың әдебиеттеріне сүйене отырып жаздым. Осы жұмыс қылмыстық құқықтың ғылымы және криминологияның табыстары, сонымен қатар көптеген нормативтiк заң базасы, енгiзiлген өзгерiстер және толықтыруларының есепке алуымен жаздым.
Құрылымы бойынша курстық жұмысым кіріспеден, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бұл жұмыстың өзектілігі, қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының маңыздылығын ашуға, қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінің алғышарттарын туғызуға мүмкіндік береді.

1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
1.1. Иелікке алу ұғымы және оның белгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың маңыздылығын анықтау үшін, осы қылмыстың объектісін - дұрыс құру маңызды мағынаға ие болады. Осы сұрақтың шешімі қылмыстық құқық теориясында нақты зерттелген қылмыс объектісі туралы жалпы жағдайларға негізделуі тиіс.
Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау, осы қылмыс тобының маңыздылығын ашуға, қоғамға қауіп-қатер көрсету белгілерін және ең маңыздысы, қылмыстардың дұрыс дәрежеленуінінің алғышарттарын туғызуға мүмкіндік береді.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі (жеке дара) болып меншіктік қатынастар танылады, яғни жеке және ұжымдық тұтынуға немесе өндірістік қызметтерді жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктерді бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастар жатады.
Жоғарыда айтылғандарды талдап қорыта, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектілері - меншік болатынын белгілеп қоюға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес меншік құқығы, ол заң шығаратын актілермен танылатын және қорғалатын субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану болып табылады. Меншік иесіне өз мүлігімен иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары жатады. Дәл осы құқықтар меншікке қарсы қылмыстар тарауында жазылған қылмыстық-құқықтық қорғаудың құқық нормаларының тікелей объектісі ретінде меншік қатынастарының мәнін құрастырады. Иелену құқығы мүлікке нақты ие болу мүмкіншілігінің заңмен қамтамасыздалуын көрсетеді. Пайдалану құқығы мүліктің пайдалы табиғи қасиеттерін алып, сонымен қатар одан пайда табу мүмкіншілігін заң бойынша қамтамасыз етілуі - . Пайда табыс, жетілдіру, төлдету және тағы басқа түрлерде бола алады. Билік ету құқығы - мүліктің заңгерлік тағдырын анықтау мүмкіншілігін заң бойынша қамтамасыз етілуі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншікке қарсы әрбір ұрлық және басқа да түрлі қылмыстар қоғамға қауіп-қатер төндіреді, өйткені олар көрсетілген қатынастарды бұзады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады. ҚК Ерекше бөлімі баптарының Меншікке қарсы қылмыстар тарауында бекітілген диспозицияның мазмұны бойынша қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтен адамның мүлігі болады деп қорытындылауға мүмкіншілік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - кез келген меншік түрлерінің бірдей қорғалатындығы туралы жариялады.
Меншікке қарсы қылмыстар объективтік жағынан заң шығарушымен материалдық қылмыс құрамы арқасында қалыптасқан. Сондықтан олардың объективтік жағы үш міндетті белгілерден тұрады: іс-әрекеттер, зардаптар және әрекет пен зардаптар арасындағы себептік-зардаптық байланыс.
Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық формалдық қылмыс болып келеді - , олардың материалдық қылмыстардан айырмашылығы міндетті белгі ретінде қылмыстық іс-әрекеттен ғана құрылуы болып табылады. Демек, осы қылмыстардың зардаптары қылмыс құрамының шегінен тыс орналасқан. Қылмыстық зардаптарға әрқашан - материалдық сипаттама тән болады және олар мүліктік зиян келтіруде көрінеді - .
Меншікке қарсы бөлек қылмыстардың құрамының объективтік жағының міндетті элементі болып - қылмысты іске асыру тәсілі танылады (зорлық көрсету немесе зорлық көрсетусіз, жасырын немесе ашық).
Меншікке қарсы қылмыстың субъектісі болып - есі дұрыс, заңмен белгіленген жасқа жеткен адам табылады, яғни жалпы қылмыстардың субъектісі бірдей болып табылады. Бір қылмыста - иелікке алу және ысырап етуде - қылмыс құрамының міндетті элементі арнайы субъект болады.
Қылмыстық жауаптылықтың басталу көз қарасы бойынша жас ерекшелігіне байланысты меншікке қарсы барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады .
16-жастан бастап мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: бөтен мүлікті иелікке алу немесе сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету (ҚР ҚК-інің 176-бабы), алаяқтық (ҚР ҚК-інің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке зиян келтіру (ҚР ҚК-інің 182-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚР ҚК-інің 183-бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚР ҚК-інің 184-бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК-інің 186-бабы), бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК-інің 188-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚР ҚК-інің 185-бабы, 1-тармағы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК-інің 187-бабы, 1-тармағы).
14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа мына қылмыстар үшін тартылады: ұрлық (ҚР ҚК-інің 175-бабы), тонау (ҚР ҚК-інің 178-бабы), қарақшылық (ҚР ҚК-інің 179-бабы), қорқытып алушылық (ҚР ҚК-інің 181-бабы), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (ҚР ҚК-інің 185-бабы, 2-4 тармақтары), ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін (ҚР ҚК-інің 187-бабы, 2-3 тармақтары).
Субъективті жағынан меншікке қарсы қылмыстар негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық ниеті арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіруде - кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі (ҚР ҚК-інің 188-бабы). Әлеуметтік құндылықтардың жүйесінде меншік құқығы жеке тұлғаның әлеуметтік игіліктерінің маңыздысы ретінде бағаланады. Демек, осы игілікке қол сұғушылық деп ендеше кең мәнде жеке адамға озбырлық жасау саналады.
Меншікке қарсы қылмыстардың арасында ең көп таралған және қоғамға жоғарғы қауіп-қатер келтіретін қылмыс иелікке алу болып табылады.
Қылмыстық заң шығару ұрлықтың іске асыру тәсіліне байланысты жауапкершілікті ҚК баптарында ұрлықтың келесі түрлерін белгілеп, нормативті бекітіп, айқын дифференциялайды:
Ұрлық, иелену, ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Қылмыстық құқық ғылымында ұрлық ұғымының зерттелуі және оның негізгі элементтерінің сипаттамасы ұрлықтың барлық түрлеріне тән белгілерін айқындауға және жекелеуге, ұрлықтың нақты түрлерінің талдауын жеңілдетуге, меншікке қарсы басқа қылмыстардан оларды шектетуге, басқа объектілерге қол сұғушылықтан, сонымен қатар қылмыстық тәртіпте жазаланбайтын әрекеттерге қол сұғушылықтан көмектесетіні танылған болатын - .
ҚР ҚК-інің 175-бабының ескертуінде былай деп айтылады: Осы Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.
Осы ұрлық ұғымының анықтамасынан біз көріп тұрғандай, заң шығарушы ғалым-заңгерлер алып қою терминін мойындайды.
Ұрлықтың осыған ұқсас анықтамасы тек кей бір ауытқушылықпен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003-жылғы 11-шілдедегі Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы нормативтік қаулысында айтылады: Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады.
Заң шығару анықтамасынан оның объективті жағын сипаттайтын ұрлықтың келесі белгілерін ерекшелеуге болады:

1.2. Бөтеннің мүлкін иемдену түрлері
Мүлікті алып қою, мүлікті заңсыз алу, мүлікті өтеусіз алу пайдакүнемдік мақсат.
Бөтеннің мүлкін алып қою деп - осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз.
Алып қою белгісі қылмыс затына құқыққа қарсы әсер етудің сыртқы барысын анағұрлым дәлірек көрсетеді және қылмыстық - құқықтық қорғалаудағы объектіге зиян келтіру механизмін айқын дәрежеде - көрсетеді, себебі, иелікке алу әрқашан да заңсыз қылмыспен, меншіктік қатынас қатысушыларының (жақтардың) әлеуметтік байланыс құрылымында ұрланатын мүлік орнының өзгеруімен байланысты, бұл байланыстың өзін өзгертеді, оның нормалы дамуын бұзады.
Өндіріс қорларына әлі түспеген мүлікті иелікке алу, - нақты жағдайларда ҚР ҚК-інің 182-бабында қарастырылған қылмыс құрамын құрайды, дәлірек айтсақ, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке залал келтіру.
Иелікке алу барысында мүлікті алып қою, оны айыптының өз пайдасына немесе басқа тұлғалардың пайдасына айналдыруымен қоса жүреді - .
Мүлікті ұрлап алған адам онымен өзінің меншігі сияқты қолданылады, бірақ заң бойыша меншік иесі болмайды, өйткені қылмыстық жолмен меншік құқығын иелену мүмкін емес. Сондықтан ұрлық жәбірленушінің ұрланған затқа меншік құқықтарының жоғалтуымен ұштаспайды. Сондықтан бұлардың заң шығарудағы ұрлық анықтамасында бөтен мүлікті айыптының меншігіне айналдыру туралы емес, айыптының немесе өзге адамдардың пайдасына айналдыру туралы айтылған.
Ұрлықпен келтірілген зиянның орнын толтыру барысында оның мөлшері сотпен шешім қабылдаған кездегі бағамен анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық зиян келтірмеген мүлікті алып қою ұрлық ретінде дәрежеленбеуі тиісті.
Тонау және қарақшылық жолымен, ұйым меншігіндегі немесе ұйым қарамағындағы бөтеннің мүлкіне ұсақ ұрлық жасаған айыптының әрекеті қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ұрлықты сипаттайтын келесі белгі мүлікті заңсыз иелікке алу болып табылады.
Нақты құқық деп - тап осы мүлікті алу үшін заңға негізделген құқық мойындалады. Соның ішінде оның заңмен белгіленген тәртіп бойынша құрастырылғаны туралы ескерілмейді. Бастысы мұндай құқықтың құрылымы бойынша емес, маңыздылығы бойынша болуы.
Осыдан мынадай қорытынды шығады, егер тұлға мүлікті алу үшін заңды негізі бола тұрып, тек ақырғыны тапсыру үшін белгіленген тәртіпті ғана бұзса, ол ұрлық болмайды.
Кінәлінің бөтеннің мүлкін алуымен бірге, оған билік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Бұл жерде сөз нақты билік ету туралы емес, билік ету мүмкіншілігі туралы болады. Демек, аяқталған ұрлық деп санау үшін айыптының затпен нақты пайдаланып, одан пайда шығаруына талап қойылмайды. Оның сондай мүмкіншілікке ие болғаны маңызды. Егер кінәлі бөтеннің мүлігін алып қоюға бағытталған айқын әрекеттерді іске асырса, бірақ сол мүлікпен билік ету мүмкіншілігіне ие болмаса, істелген әрекет ұрлыққа қастандық сияқты дәрежеленеді.
Қорғалатын аймақтардан ұрлау қылмысының аяқталған кезеңін анықтау барысы - қиындықтар туғызады. Соңғы кезде қорғалатын аймақ шекарасынан мүлікті шығару кезеңінен бастап ұрлықты аяқталған деп белгілейтін соттық-тергеу тәжірибесі дұрыс позиция ұстанып отыр, өйткені дәл сол кезеңнен бастап айыптының мүлікке билік ету мүмкіншілігі пайда болады. - Мүліктің қорғалатын аймақтардан қандай ара қашықтыққа шығарылғаны маңызды емес, бірақ, тәжіребеде ұрланған мүлікті қатысушыға дуалдан лақтырған кезінде ұсталып, оның әрекеті аяқталмаған ұрлық деп бағаланған оқиғалар да кездеседі.
Егер ұрланып жатқан мүлік тұтынылмаса және қорғалатын аймақ ішінде қолданылуы мүмкіншілігі болмаса, мүлік қорғалатын аймақ шекарасынан шығарылғанша ұрлық аяқталмаған болып есептеледі. Ал тұтынылатын мүлікті ұрлаған жағдайда (мысалы, спирттік сусындар) қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрланған мүлікке қатысты ниетінен тәуелді болады. Егер ол осы мүлікпен қорғалатын аумақтың ішінде билік етуге ниетті болса, онда - қылмыс аяқталған деп саналады. Егер де айыпты мүлікке қорғалатын аймақ шекарасынан тыс билік етуге ниеттенсе, онда мүліктің табылуы аймақ ішінде ұрлыққа - қастандық сияқты бағаланады.
Егер адам ұрлыққа дайындалу іс-әрекеттерін немесе ұрлық істеуге тікелей бағытталған дайындалу әрекеттерін тоқтатса, не жасырын түрде алған ұрлық затын күзетілетін объектіден, аймақтан шықпай тұрып, осы қылмысын ақырына дейін жеткізу мүмкіндігі бола тұрса да оны істеуден өз еркімен бас тартып, ұрланған затты қайтарса онда кінәлінің әрекеті қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту деп танылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады (ҚР ҚК-інің 26- бабы).
Пайдакүнемдік мақсат ұрлықтың міндетті белгісі болып табылады.
Пайдакүнемдік мақсат ұрлықтың белгісі ретінде заң шығарудағы ұрлықтың анықтамасында тура аталған. Айыпты адам материалдық жағдайына мүдделес тұлғалардан өзінің пайдасына және басқа тұлғалардың пайдасына материалдық, мүліктік пайданы шығару талпынысын болжайды.
ҚР ҚК-інің 175-бабының 2-б. а т. де мүлікті алып қою тәсілінің тәуелділігіне ұрлықтың алты түрі бекітілген - : ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, сеніп тапсырылған мүлікті жұмсап қою, алаяқтық, тонау, қарақшылық.
Заң шығарушы - қызмет жайын қолдану жолымен мүлікті иелікке алуды, ұрлықтың дербес түрі ретінде танудан бас тартты, оны ұрлықтың үш түрінің: иелену, ысырап ету және алаяқтылықтың дәрежелеуші белгісі ретінде қарастырады. Ұрлық құрамының конструктивті белгілерінің бірі қол сұғушылықтың осы түрінің заты болады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс затының екі анықтамасы ең көп таралған, осы екі анықтама маңыздылығы бойынша бір мазмұнды.
Бірінші анықтама: Қылмыстың заты ретінде қылмыскер өзінің қылмыстық қол сұғушылықтарын жүзеге асыру барысында тікелей әсер ететін - сыртқы әлемнің материалдық заттары жатады. Екінші анықтамаға сәйкес Қылмыс заттарына материалдық әлемнің заттары жатады, осы заттардың себептері бойынша қылмыстық істер іске асырылады.
Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы өзге де қылмыстардың заты бөтен, яғни кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып табылады. Бұл орайда заңсыз иелікке түсетін бөтеннің мүлкі қылмыс жасалған кезде меншік иесінің өз иелігінде немесе осы мүлік сеніп тапсырылған басқа тұлғалардың иелігінде немесе олардың иелігінде заңсыз тұруы мүмкін. Тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға болмайды.

2. Талан-тараждың нысандары.
2.1. Ұрлық ( ҚР ҚК-інің 175-бабы)
Қазақстан Республикасының қылмыстық заң шығаруына сәйкес ұрлық - бұл бөтен мүліктің жасырын ұрлануы.
Меншік ұрлық объектісі болып табылады.
Қаралатын қылмыстың заты - бөтен мүлік, яғни объективті айқын құндылығы бар заттық әлемі түрінде (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша және т. б.) және олар адам еңбегінің қатысымен жасалып шығарылуы немесе өндірілуі тиіс, өйткені олардың ақшалай бағалануы керек.
Заңға қарсы жасалуына не өсірілуіне қоғамдық пайдалы еңбек қатыспаған табиғат байлықтарымен иемдену (орманмен, балықпен, жабайы жануарлармен және басқаларымен), меншікке қарсы қылмыстардың салаларына жатпайды, ол экологиялық қылмыстарға жатады.
Ұрлықтың объективті жағы белсенді әрекеттерден көрініс табады, осы әрекеттердің тікелей көмегі арқылы тұлға бөтен мүлікті жасырын ұрлап әкетеді.
Ұрлыққа тән белгі ұрлықтың жасырын тәсіл арқылы іске асырылуы, меншік иесіне немесе мүлік иесіне, мүлікті күзететін не басқаратын тұлғаға, сонымен қатар үшінші тұлғаларға білдіртпей, сездірмей ұрлау.
Жасырын ұрлық сипаттамасын анықтағанда бар салмақты айыптының ниетіне, яғни соңғының ұрлықты субъективті қабылдауына аудару қажет. Сонымен қатар ұрлықтың барлығын мойындау үшін айыптының жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы және оның ниетіне бөтеннің мүлігін иемденудің жасырын сипатының кіруі талап етіледі.
Егер айыпты өз әрекеттерінің белгілі болғанын ұғынып, ұрлық жасау әрекетін әрі қарай жалғастырмай, тоқтатса және ештеңе алып үлгермесе, олар ұрлық жасауға қастандық деп сараланады, ал егер де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талан - таражға салудың объективті белгілері
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
Меншікке қатынасты қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Ұрлық қылмысының криминологиялық мәселелері
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан - таражға салу
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
Пәндер