Лексикография туралы жалпы түсінік


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Лексикография туралы жалпы түсінік.

. 2. Қазақ лексикографиясын зертеу тарихы

3. Лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік.

Қорытынды

Әдебиеттер

Кіріспе.

Қазіргі қазақ тілі лексикасын меңгеру үшін қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стильдік айырмашылықтарын білу керек. Ол үшін қазақ тілінің сөздіктерімен пайдалана білу қажет. Сондықтан ең алдымен сөздік деген не екенін, олардың қандай-қандай түрлері болатынын ашу керек.

Сөздік деген термин - басында бір-ақ мағыналы атау болғанымен, қазір түрлі мәнді, кең мағыналы сөз. Бұл жалпы мағынада сөздік қор деген ұғымды да түгел қамтиды. Мұны көне түркі тілдерінде лүғат деп те атаған. Сөйтіп, сөздік дегеніміз - белгілі бір тілдің сөздік құрамындағы жалпы я белгілі бір саладағы жеке сөздердің алфавиттік тәртіппен тізіліп, жүйеге түскен түрі.

Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты - лексикография деп алынады., , .

Лексикография грекше -жазамын деген екі сөздей жасалған. Мұның мағынасы бір тілдегі сөздерді жинап, құрастырып, жүйеге (системаға) келтіріп, сөздік етіп шығару деген боладыі Қазіргі күнде бүл термин бір тілдің түрлі сөздіктерінің жалйы жинағы деген ұғымда қолданылады. Ерте кездегі әдебиетте мүны кейде глоссари деп атаған (тарихи-ғылыми әдебиеттерде кездеседі) . Глосари деген сөздің мәні - қиын сөздердің комментариялы тізімі деген мағынаны білдіреді, сондықтан оны - көнеріп, сирек кездесетін сөздердің түсіндірмесі деген дұрыс, өйткені оған жалпы халықтық сөздердің көбі енбейді, көлемі шағын, сан жағынан аз, көбінесе көнеленген текстерді түсіндіруге ғана арналған шолақ көмекші құрал болған.

1. Лексикография туралы жалпы түсінік.

Бертін келе толық сөздіктер шыға бастайды. I. Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі - Махмуд Хусаин ұлы Қашғаридың 1068 жыл жазылып біткен «Диуани лұғати түркі тілдері сөздігі» деген шығармасы. Бұл сөздік өз заманында аса жоғары баға алған. Ол заманда мұнан басқа онан бұрын жазылған сөздіктер болғаны туралы Махмуд Қашғари еш нәрсе айтпаған. Егер оған дейін сөздіктер болса, Махмуд Қашғари 1-кітаптың кіріспесінде: Бұл еңбекте кездесетін мысалдарды түркі тіліндегі өлеңдерден, халыққа кең тараған отты сөздерден, мақалдардан алдым дейді. Сол жерде ол болған кітаптың атын да атар еді. Ондайды атамауы - онан бұрын сөздік кітаптар болмағанын көрсетеді. Махмудтың Қашғари болып аталуы - Қашғар қаласында тұрғандығынан емес еді. Мұны Махмуд Қашғаридың еңбегінен хабарсыз кейбіреулер Махмуд Қашғариды ұйғыр, түрікпен т. б. еді дейді. Махмуд Қашғаридың өзі -«мен турік руынанмын» («Диуани лұғати түркі» І-кітаптың Стамбул баспасы, 1913 жыл, 3-бетін қара) дейді. Оның айтып отырған түркі, біздің түсінігіміздегі түркі халықтары емес, өйткені ол: «Мен түрік, түрікпен, оғыз, яғма қырқыз (қырғыз) елдерін көп жылдар бойы кезіп шықтым» дейді (МКС, І-том, 44-бет, бұдан былай - Махмуд Қашғаридың «Диуани лүғати түркі» кітабының өзбекше аудармасын МКС деп, Стамбул баспасын МКС деп, қысқартып береміз) . Түрік тілі деп МҚ: қырғыз, оғыз, қыпчақ, түхси, яғма, чығыл, ығрақ, жарьгқ тілдерін санаған (сонда, 66-бет) . «Тілдің жеңілі - оғұзша, ең турасы, жақсысы яғма, тұхси тілдері (сонда) . Тұхси, яғма Іле өзенінің бойында болған елдер (сонда, 118-бет), Іле - түрік шаһарларының жойқыны - Амудариясы» (сонда) деген. Бүл Іле езенінің бойы түгелдей ертедегі Үйсін (Усунь - қытайша) мемле-кетіне қарасты болып, ертеректе ол мемлекеттің орталығы Ыстық көлдің терістік-шығыс жағасындағы Чығу қаласында болып, бүкіл Шығыс Түркстан, соның ішінде Қашғар қаласына дейін Үйсіндер кол астына қараған. Кейде 1 орталықты Қашғарға көшіріп, онда ордасын орналастырған кездері де жиі ұшырайды. Қашғар хандығы VIII ғасырдан Бурахан (Бурахан) тұсынан бастап күшейіп, бүкіл Маурен - нәһірді өзіне қаратып, ирандықтардың Самонид династиясын құртқан.

Бұл айтылған өңірде ұйғырлар, оғуздар болмаған, бүкіл түркі халықтары тілін Махмуд Қашғари екі ірі тілге: түркі тілі, оғұз тілі деп бөліп қараған. Сөздікке енген сездің қай тілден алынғаны мәлімсіз болса, ол «екі тілдің бі-рінде - не түркі, не оғүз тілінде» дейді .

Тұхси, Яғма, Чығыл тілдерінің ерекшелігін айта келіп, бұл тілде дыбысын қолданбайды, оның орнына и(й) дыбысы айтылады, мысалы: қайық - басқаларда қадзық. Бұл аталған елдердің тілінде д, дз, й дыбысына, д - дыбысы я болып, г - к болып айтылатынын да көрсеткен. Мысалы, ад - ат, ада - ата, одын - отын т. б. айтылады дейді. Түркілер ауға барған (аңға барған) - оғүздар ауға баран түрінде айтады деп, оғүз тілдерінде есімшенің ғ жұрнағы түсіп қалып, - ан болатынын ескертеді (қойды кон дейді; мен бардым дегенді - бән бардым дейді . Ендеше, Махмуд Қашғари оғұздар тобынан емес. Сонымен қатар ол ұйғыр да емес, оған езінің мына сөздері дәлел.

1) Ұйғырдың тілі түркіше, бірақ өздері сөйлесетін тағы бір тілі бар, бұлар. Қытаймен шектес бес қаланың (Бешбалық, Жанбалық, Яңибалық, Сүлми, Коча) бойында тұрады, дейді .

2) Махмуд Қашғари еке (үке) деген сөздің тарихын Александр Македонскиймен байланыстырады. Александр Шығыс Түркстанға жақындағанда түркі ханы жас азаматтарды жауға қарсы аттандыруға қам қылғанда бас уәзірі:Тақсыр хан, тәжірибесіз жастар, бүкіл әлемді ойрандап, беті қайтпай келе жатқан асқақ жауға төтеп бере болмайды. Ол жастарды «екелер бастасын» депті. Ескендірдің әскерін талқандаған түркі әскері ертеңіне қанға боялған алтын тауып алыпты. Бұл жер сонан былай қарай Алтын қан атаныпты. Сонан:-Ұйғырлар жанындағы бүл тау атрауында көптеген сахрауи түркілер тұрады, дейді.

3) Махмуд Қашғари: «Ұйғыр Жақар - Түнке ханның баласы срапыл

Туған-тегін аталары туралы маған мынаны айтты», - деп, ұйғыр деген сөздің этимологиясын айта келіп, «біздің бабаларымыз саманидтер династиясын кұртқан кезде» . . . , деп, өз аталары ұйғырдан аулақ екенін атап кетеді .

Мен - түркімін, олар - ұйғыр деп отырса, оның аталары беш шаһардың бойында, біздің аталарымыз Маурен-нәһірден Қытайға дейін, Қытайдан Румға дейін деп отырса, оны ұйғыр деуге болмайтыны айқын. Бірақ Радловтан бастап, проф. Жузе, Маловтар Махмуд Қашғаридың «Лүғатын»-уйғыр ескерткіші деп атауына не себеп болғанын айта кету керек. Ең алдымен, еңбегін аттары аталған ғалымдар және сол сияқтылар жете түсіне алған жоқ: өйткені академик В. В. Радлов бұл «Лұғаттың» баспасын көре алмай өтті. Проф. Жузенің жете түсіне алмай, тілдік ерекшеліктерге тісі батпай кетті, оны өзі де мойындаған. Марқұм С. Е. Аталовқа мен:-Сіз «Лұғатты»-уйғыр ескерткіші дегенде - осындағы фактілермен есептестіңіз бе?-дегенімде, ол «Қазақтар аттонын ала қашқасын, ұйғырға аудара салдым», -деген болатын. Өзбек тіліне, түрік тіліне аударылған Махмуд Қашғаридың «Диуани лұғати түркі» сөздігі енді ешкімге де жұмбақ емес. Осы ескерткіштегі сөз ерекшеліктері түсініктерін бақыласақ, МҚ кім екенін өзі түсіндіреді. «Балық - ерте кезде түркі және ұйғыр тілінде қала деген мағынадағы сөз еді» деп түсіндіргенде ұйғырды түркіге қоспайды және өзі «мен - түркімін» дейді, сондықтан мұны ұйғыр деуге болмайды.

Бұл сөздік туралы бұрынды-соңды айтылған пікірлер мен берілген бағаларды бір арнаға сарыққанда: сөздіктің құрылуы, системасы, сөздерді жүйелеу тәртібі қиын болғанымен, оларды салыстыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде аса құнды еңбек делініп бағаланады. Бұл сөздік үш томдық еңбек болып XX ғасырдың басында ғана басылып тарады.

Сөздікте автор түркі тілдері сөздерін ғана беріп қоймайды, ол тілдегі сөздердің кейде тарихын айтып, грамматикалық өзгешеліктерінен де мәлімет беріп отырады. Сонымен бірге өз заманындағы ру-тайпалардың, халықтардың топонимикасымен байланысты тарихи мәліметтердің этногенезін де айта отырады.

Махмуд Қашғари сөздігі алфавиттік тәртіпті қатал қолданбаған. Ол сөздікте мына сияқты болып: 1) сез басында әліп келген есімдер бөлімі, мысалы: ат, ет, от; 2) төрт әріпті сөздер, мысалы, уа, оқа (бұлар араб әрпімен жазылғанда төрт әріп болады. Өйткені оның асты-үстіне қойылатын диакриттік белгілері қоса саналады) ; 3) үш әріпті бөлім, мысалы: алп (алып), арт, уыт, уыш т. б. ; 4) ортада әр түрлі әріп қолданылатын сөздер, мысалы, ағыр, (ауыр), атыз, үгір (үйір), өгіз, атан, үгім, өлік, үзік, ирек т. б. ; 5) созыңқы аа бөлімі: мысалы, аат (есім), аач (аш), аау, аақ (ақ) т. б. ұсақталып кете берсе, кейде есімдердің өзін бөлшектеп әкетеді.

Сөйтіп, бұл сөздіктің алфавиттік тәртібі сақталмай, көне араб глоссарилерінің сөз тәртібін қолданғандықтан қажетті сөзді бірден таба алмайсың.

Бұл сөздіктің ең бір қолайсыздығы - араб әліппесімен жа-зылғандықтан, бұл сөздің ақ, әқ, ық деп, сонан соң оқ, ұқ - деп, құбылып оқылуында.

Махмуд Қашғари сөздігі күні бүгіннің өзінде қазіргі түркі халықтарының тілдерінің көпшілігіне тарихи дерек бола алады. мысалы, қазақ тіліне тән уық кереге ), ічік - ішік, ічлік - іштік (ердің тоқымы астын-дағы кішкене терлік), терлік, ічмек - ешпек (ішпек -шік), етплік - еттік (ет қоятын сарай - сонда), үспгін ) - сырғауыл, ечкі - ешкі, шыр - май, төртп , үйір - айғыр үйір ұ шақ -тұсақ қой, кезік (ауру аты), көрпе , күндіз аяқ - ас ішетін аяқ, көнек - бие сауатын көн шелек, құрық - мал ұстайтын құрық, өгіз т. б.

Сонымен бірге бұл сөздікте түркі халықтарына ортақ көптеген мақал-мәтелдер, өлең-жырлар да бар. Мысалы, сөздіктегі: қос қылыш қынға сығмас; құры қашық ағыз қыртар; арыслан құдыққа иығылса, құрбақа айғыр болур; мал аласы тыштан, адам аласы іштен; інген еңресе, бота боздар сияқты мақалдар түркі тілдерінің көпшілігінде бүгінге дейін қолданылады.

Сөйтіп, тарихи сездік сияқты түрлері болса, соңғы кезеңде сөздіктердің түрлеріүсөбейе бастады. Осы күнде салыстырмалы, түсіндірме, академиялық, шет тілдік, екі тілдік, көп тілдік т. б. және фразеологиялық, терминологиялық, диалектологиялық, этимологиялық, энциклопедиялық, синонимдік сөздіктер деп бөлеміз. Бұлардың өзін тілдік материалына қарай тағы да бірнешеге бөлеміз.

Қайсыбір дыбыстық ерекшеліктері бола тұрса да, XIV ғасырдың басында жазылған бұл ескерткіш қыпшақ тобына жататын тілдердің біразына тарихи мұра бола алады. Бірақ кітаптыи түсінігі неміс тілінде жазылғандықтан, әрі кітаптың саны аз болғандықтан қолға түсуі қиын. Бұл глоссари - лексикаға ғана емес, бүкіл тіл тарихына құнды материал.

III. Үшінші сөздік - атақты тюрколог проф. П. М. Мелиоранский «Араб филолог о турецком языке» деген атгіен 1900 жылы Петербургте бастырып шығарған сөздік (XIII ғасырда жазылған) . Бұл глоссариды автор: «Тәржіман фарси уә түрки, у мағули» деп атаған.

Бұл кітаптың авторы өзінің кітаітқа жазған кіріспесінде өзнен ігеріде болған Мұхаммед бен Қайса дегеннің Хорез шахы Жалалидденге (ол 1321 жылы өлген) арнаған үлкен кітабына 1 сілтейді. Сондықтан арабтың бір сөзін аталған 3 тілде аударып отырған. Ал П. Мелиоранский араб пен түркі сөздері ғана алған.

Сөздікте сөз табы да, семантикалық таптастыру да арала сып отырады. Алфавиттік тәртіп аз да болса араб сөздеріндс сақталған. Бірақ ол да қатал тәртіп емес.

Сөитіп, үстінгі жолға арабтың 5 сез жазлът, оның астына түрікше аудармасы берілген. Кейде белгілі бір топ сөздің аудармасы біткесін, автордың ұзақ түсінігі араб тілінде жазылады да, одан кейін тағы сөздік беріледі. Мұның бәрі бүл кітап түркі тілін үйренуші арабтарға икемделіп жазылғандықтан туса керек.

П. Мелиоранский бұл кітаптың дәрежесі Абу һаянның «Китабулы-Едрәк Лисанулы-түркі»-сөзінен анағүрлым төмен екенін айтады.

Абу һаянның «Китабулы Едрәк» деген еңбегі 1313 жылы Каирда жазылып, Стамбулда басылса, оның бұдан басқа үш еңбегі (кітабы) болуға тиіс, оның соңғысы «Түркі тілдері сөздігі еді», - дейді П. Мелиоранский.

Абу һаяннан бұрын да кітаптар болған. Өйткені ол Білік деген кітапқа көбірек сілтеп, сол кітапты қадір тұтады екен.

Сөйтіп, Абу һаянның сөздігі бізге жеткен жоқ, ал П. М. Ме-лиоранскийдің «Араб филолог турецком языке» деген шағын глоссариының түркі тілдері тарихын зерттеуге пайдалы екенін, айтуға тиіспіз. Тіліміздегі құйысқан (ердің құйысқаны), кебенек (кебін киген келмес, кебенек киген келер) дегендерді бұл глоссарисіз ажырата алмаған болар едік. Өйткені осы шағын сөздікте қүйышқан деп те, қүй + қошқан деп те жазыпты. Олай болғанда құйрық деген сездің түбірі - құй, қошқан (қосқан) екенін, етістіктің есімшемен біріккенін аңғарамыз.

Сол сияқты, кебенек дегеннің киім екенін түсінсек те, оның жабағыға тысталған сырт киім екенін біле алмас едік.

Болмаса тас-талқан дегеннің соңғысының мағынасын білсек те, алғашқысының (тас дегеннің) бұл тіркестегі мәнін біле алмас едік. Ол сөздікте тас деген қ ирау, күйреп қалу деп түсіндіреді.

Сондай-ақ баян деген сөзді күні бүгінге дейін моңғол сөзі деушілерге сеніп келсек, бұл глоссариде бай деген сөзден жасалған дейді.

Шығыр дегенді кейбіреулер тек қана XIX ғасырда пайда болды десе, бұл сөздікте суды жоғары шығаратын құрал деп XIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ айтқан.

Бұл сөздік негізінен қыпшақ тілдеріне жақын бола тұра, оғұз тобына жататын тілдердің де фонетикалық ерекшеліктерін керсете отырған.

Бір реестрдің түрі ұқсас я бір-біріне жақын, туыс бірнеше халықтың сөздік құрамын қамтитын сөздікті салыстырмалы сөздік дейміз. Салыстырмалы сөздік туыс тілдерді қамтуы жағынан көп тілдік сөздікке жақындайды. Бірақ бұл екеуінің мақсаты, алдына қойған міндеті мүлде басқаша. Көп тілді сөздік, үш тілдік, бес тілдік, жүз тілдік сөздіктер басында белгіленген тілдерден ауа жайылмай, солардың бәрін біркелкі қамтуды мақсат етеді. Салыстырма сөздік туыс тілдердіқ„. сөздерін не түріне, не мағынасына қарап талғап, үйлесетін жерлерін алады.

Көп тілді сөздік орыс тілінде кездеседі. Ол тілдің сөздіктерінің ішінде жүз тілдік сөздік те бар. Түркі тілдері жағдайында ондай сөздік әлі жасалған жоқ.

Салыстырмалы сөздіктер түркі тілдерінде XIX ғасырдың екінші жартысында жасала бастады. Орыс ғалымдары түркі тілдері лексикасын жинауға сол кезде-ақ көп еңбек сіңірді. Бұлардың ішінен ерекше көңіл аударарлық лексикографиялық еңбек қалдырған академик В. В. Радлов пен Л. Будагов болды. Бұл екі ғалымның еңбектері күні бүгінге дейін тарихи мәні зор еңбек болып саналады.

Бүкіл россиялық ғылым академиясының толық мүшесі В. В. Радлов өткен ғасырдың 80-жылдарының ақырында «Опыт словаря тюркских наречий» деген атпен бүкіл түркі тілдерінің салыстырма сөздігін жасап, жылма-жыл шығара отырып, оны 1911 жылы аяқтады.

2. Қазақ лексикографиясын зертеу тарихы

Академик В. В. Радлов бұл сөздікте ең алдымен түркі тілдері сөздерін, одан кейін орысша аудармасын, оның артынша немісше аудармасын беріп отырды, керек болған жерде көне түркі тілдерінен тарихи анықтама, дәлелдер келтіріп отырды. Егер бір сөз кейбір түркі тілдерінде басқаша мағынада болса, оны да көрсетіп кетеді.

Бұл сөздік басында «Түркі наречиелері сөздігін жасау тәжірибесі» деп аталғанымен, жасала келе негізінен бүкіл түркі тілдерін тегіс қамтыған, ол тілдердің көп сөздеріне түсінік берген салыстырмалы сөздік болды. Сөздікке енген сөздердің негізгі көпшілігі - алтай тілдері мен қыпшақ аталатын тілдердікі. Ал оғүз, ұйғыр топтарына жататын тілдердің сөздері де сөздікте кемірек қамтылған. Осман түріктері тілдерінен енген сөздер басқа тілдермен салыстырғанда мәз емес, яғни салыстыру материалы көлемінде ғана алынған. Якут тілі сияқты оқшаулау елдердің тілінен материал ретіндегі фактілер тіпті аз.

Сөйтіп, академик В. В. Радловтың сөздігін негізінен алғанда алтай және қыпшақ топтарына жататын тілдердің салыстырма-лы сөздігі деуге болады. Бұл сөздік түркі тілдерінің сол кездегі салыстырмалы сөздігінің нүсқасы болғанымен, осы кезде қазіргі тілдердің сөздітйіед гөрі, тарихи сөздікке жақын болып қалды.

Бұл сөздік-көп тілдердің лексикасын қамтығандығын ол тілдердің көп сөздері сөздікке енбей қалған; сөздік көп тілдердің салыстырмалы сөздігіне бейімделгендіктен, ондағы материалдарда азды-көпті дәлсіздіктер де, кейбір қате түсініктер де кездеседі. Сөздіктің алфавиттік тәртібі латын алфавитімен берілген де, сонымен қатар орыс алфавиті, ремаркаға неміс алфавиті де алынғандықтан (әр түрлі алфавитті қолдану нәтижесінде), сөздік ленгвистен басқаларға түсініксіз болып шыққан.

Бұл сөздіктің тағы бір кемшілігі мынада: академик В. В. Радлов бүкіл түркі халықтары тілдерін, бәрі бір тіл, ол халықтардың қолданып жүрген тілдері - сол бір тілдің дналектісі, бұлардың бәрі бір халық деп теріс түсінген. Шынында, түркі халықтарының бір тұтас халық емес екені, әрі олардың бәріне ортақ бір тұтас тіл болмағаны XIX ғасырдан көп бұрын-ақ белгілі еді. Академик В. В. Радлов осыны ескермеген. Соның нәтижесінде, бүл сөздік түркі халықтары тілдерінің әрқайсысының өзіне тән қасиеттерін толық таныта алмайды.

Осындай салыстырмалы сөздіктің бірі - Лазарь Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деген (1872 жылы, Санктпетербургта шыққан 1 ) сөздігі. Бұл сөздік академик В. В. Радловтың сөздігінен бұрынырақ шыққан. Бұл да түркі тілдерінің салыстырмалы сөздігі, сондықтан да құрылысы жағынан В. В. Радловтың сөздігіне ұқсас. Бірақ екеуінің сөздік мақаласын беру тәртібінде айырмашылық бар. Л. Будагов сөздігінде ең алдымен ремарка қояды. Мысалы, «кир. балық - рыба; балық қабыршығы - чешуя рыбы». Ремаркадан соң араб әрпімен жазылған рестр сөз, оның орысша транскрипциясы, оған таяу орысша аудармасы, онан кейін қажеттігіне қарай, салыстыру және мысалдар беріледі. Осы ерекшелігіне қарай, бұл сөздікті екі тілді салыстырмалы түркі тілдері сөздігі дейміз. Сөздіктің көлемі В. В. Радловтың 4 томдық кітабының біреуіндей-ақ.

Бұл (Л. Будагов, В. Радлов) сөздіктер алғашқы тәжірибе екенін, сондықтан толық, немесе түсіндірме сөздік деуге келмейтінін авторлардың өздері де мойындайды. В. Радлов сияқты, Л. Будагов та көп тілді қамтимын деп, бір тілдің сөздігін толық бере алмайды. Сонымен қатар, Радлов сияқты, түркі тілдері тұтас бір тіл дейтін теріс ұғым Л. Будаговта да кездеседі. Дегенмен, қазақ тілі үшін арнаулы сөздік болмаса да, бұл сөздікті жалпы түркі тілдерінің лексикасы туралы біраз тарихи материал беретін құнды еңбек деп санаймыз. Сөйтіп, бұл айтылғандардың барлығы түркі тілдерінің көп. Сонымен, XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ орыс ориен-талистерінің қазақ тілін зерттеуге бет алған кезінде, орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер (екі тілдік) жасала бастады. Олардың бәрі де, әрине, бүгінгі талапқа сай болмауы заңды. Бұлардың басы Н. И. Ильминскийдің 1860-1861 жылы шыққан қазақша-орысша (киргизско-русский) сездігінің ізімен жасала бастады. Олардың бәрі де бүгінгіге сай болуы былай тұрсын, сол күндегі талапты атқара алмайтын, шалағай, жалаң, кішкентай сөздіктер еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Сөздік құрастырудың техникасы
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Сөздіктің түрлері
Түсіндірме сөздіктер
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz