Тауарлық балық шаруашылығы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Биотехнология, мал және

балық шаруашылығы » кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:«Тауарлық балық шаруашылығы »

Орындаған: РХ - 31 топ студенті

Кусаинова А. А

Тексерген: аға оқытушы:

Сариев Б. Т.

Орал - 2011

Жоспары:

Кіріспе

1. Тауарлық бахтақ балығын өсіру

2. Күрiш егiндерiндегi тауарлық балықтарды өсiру

3. Көлдердегі тауарлық балықтарды өсіру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейiн тауарлық балық өсiрудiң келесi бағыттары: тоғандық балық өсiру (толық жүйелi және жайылымдық), судағы торлы балық шарбағы, көл-тауарлы, бассейндiк және бейiмделген су тоғандары мен жылу электр орталықтарындағы және су-реле электр станцияларындағы (бұдан әрi - ЖЭО, ГРЭС) жылы суларда балық өсiру жақсы дамыды. Бейiмделген су тоғандарында тауарлық балық бiр жылдық, екi және үш жылдық жайылымдарда өсiрiлдi. 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығындағы кезеңде тауарлық балық өсiру көлемi 0, 6 мың тоннадан 9, 8 мың тоннаға дейiн өстi немесе 14, 2 eceгe дейiн артты. Тауарлық балық өсiру бойынша мұндай өсу қарқыны бұрынғы Одақ республикаларының бiрде-бiрiнде болған емес. Мысалы, Балқаш көлiнде 1 гектардан 3-тен 5 кг дейiн балық ауланса, ал тоған шаруашылығында бұл көрсеткiш 1, 5 мың кг-нан 1, 8 мың кг-ға дейiн ауытқиды. Тоған шаруашылықтарын қазiргi заманғы интенсивтi технологияларға көшiру арқылы бiр гектарға 10, 0 мың кг және одан да көп тауарлық балық өсiруге жеткiзуге болады.
Қазақстан Республикасының Қазақстанның кез келген облыстарында тауарлық балық өсiрудi дамытуға, бекiре өсiрудi қоса алғанда, зор мүмкiндiктерi бар, бiрақ оның дамуына кедергi келтiретiн бiрқатар себептерге байланысты аталған бағыт бүгiнгi күнге дейiн дамымай отыр.
1990 - 2005 жылдар аралығында тауарлық балық өсiру мүлдем дамымады. 1990 жылы тауарлық балық өсiру 10 мың тоннаға дейiн жетсе, кейiнгi жылдарда тоған шаруашылықтарында тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейiн қысқарды. Республиканың жаңа экономикалық қарым-қатынастарға көшу кезеңiнде тауарлық балық өсiрудi мемлекеттiк реттеу жүйесi болмады. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да бiр бағдарламаның болмауы балық шаруашылығы субъектiлерiне саланың бұл секторында жан-жақты жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бермедi.
Қазiргi таңдағы ескiрген технологияның пайдаланылуын, халықаралық ынтымақтастықтың төмен деңгейiн ескерсек, республикадағы тауарлық балық өсiру мен балық қорларын молайту балық саласының бiр бөлiгi ретiнде өте нашар дамыған.
Тауарлық балық өсiру көлемi күрт төмендеуiнiң негiзгi себептерiне арнайы жемдердiң, тыңайтқыштардың, дәрiлiк препараттардың, электр энергиясы, су ресурстары мен жердi пайдалану құнының жоғары болуын жатқызуға болады, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (балықтардың дернәсiлдерi мен шабақтары және басқалар) және жемдiк ағзаларды тасымалдау кезiндегi жоғарғы кедендiк бажды жатқызуға болады.

Тауарлық бахтақ балығын өсіру

Тауарлық бахтақ балықтарын бассейндерде, тоғандарда, торлы бақтарда өсіреді. Бассейндердің оптимальды ауданы 10 . . . 30 м биіктігі 1:4 . . . 1:6, тереңдігі 1, 0 м судың деңгейі 0, 8 м болуы керек. Дөңгелек және квадраттық бассейннің ауданы 5 . . . 16 м2, биіктігі 1м судың деңгейі 0, 5 - 0, 8 болуы керек. Бассейннің сүрлем түрінің диаметрі 3 . . . 4 м, биіктігі 4 . . . 6 м. Тауарлық бахтақ балығын өсіру үшін әдетте дөңгелек және көп бұрышты формаларды қолданады.

Бақтардың орташа биіктігі 2-6м, тереңдігі 2-3 м, синтетикалық шыдамды су ұстағыш металлдан жасалған, ұяшығы 10-12 мм.

Бақтардағы судың орташа деңгейі 0, 5 м болуы керек, балықтар секіріп кетпес үшін. Жүзгiштiктiң қоры кемiнде 100 кг болуы керек. Бахтақ балықтарын қыстайтын кешенді бассейндерінде және өзенге жақын жерлерде өсіруге болады. Балығы молаюды алдында балық өсiретiн сыйымдылықтар жууы керек, дезинфекциялаған, оларда су беру және тастауды жүйе реттеуi керек.

Бассейндер мен тоғандарға балықтарды отырғызу үшін алдын ала арнайы ванналарда салмағын өлшейді, санын топтап іріктейді.

Тауарлық балықтарды тығыздық қалдығына және соңғы тауарлық салмағымен байланысты орнадады. Бассейндердегі судың деңгейі 0, 8 м болуы керек бұндағы балықтардың саны 300-350 болады. Судың температурасы жоғары немесе төмен болмауы қажет. Судың оптималды температурасы 14-15 С болуы керек. Бассейндердегі суды үнемі жаңа сулармен араластырып отыру қажет. Судың сапасына байланысты бірнеше рет қолдануы керек. Бассейндерге келіп түскен суларды кей жағдайларда аэрациялау қажет. Ол үшін гидропневматикалық қоюлар, құбырлы - торл және аэраторларды қолдану қажет.

Балықтарды жылына 4 рет іріктейді. Тауарлық балықтардың салмағы 200г болып есептеледі.

Тауарлық бахтақ балықтарын өсірген кезде бұндағы судың температурасын күніне 3 рет тексеру керек және оттегінің мөлшері мен рН көрсеткішін бақылау қажет. Бахтақ балықтардың санитарлық - гигиеналық сараптамаларын тексеген жөн. Бассейндерде жұмасына 1 немес 2 рет зиянды заттардан тазарту керек.

Күрiш егiндерiндегi тауарлық балықтарды өсiру

Біздің елімізде туарлы тұқы балықтарын күріш егіндерінде өсіреді.

Сонымен бiрге чектердiң табиғи балық өнiмдiлiктерiне үмiт артты және 1 га жерге 300-400 біржылдық балықтарды отырғызулармен шектелдi. Осының нәтижесінде 1 га дерден 150 кг -ға дейін балық өнімділігін алды. Бірақ биологиялық және технологиялық күрiштiң өңдеулерiне байланысты еш нәтиже бермеді. Жалпы біржылдық өнімділік 300-600 балықтың 30-35 пайызын құрады, ал балық өнімділігң 70кг құрады. Балық өсіру нәтижесі күріш егіндерінің өсуіне кедергі жасады.

Біржылдық балықтарды өсіру. Күріш алқаптарында ақ амур мен тұқыны өсірген жақсы, ол балықтың өсуімен дамуына қолайлы болып келеді. Біржылдық балықтар өсуі үшін краснодарлық және чектер картасын пайдаланады, 5 га аудан үшін. Краснлодарлық картаны пайдалану үшін қосымша каналдарды пайдаланады, онын ұзындығы 50см, ал тереңдігі 30см болады. Ең тиімдісі төмендетiлген белгiлер бар чектерді пайдалану, ол балықтарға арналған су жіктілікті жасауға мүмкiндiк бередi. Балық өсiрушiлердің мүдделерi күрiш өсiруетін автотехникалық талаптарымен дәл келедi. Әдетте күріш өнделуі кезінде чектарда судың гидрологиялық режимі 12-20см болады.

Күрiш чектердің жем базасы балықтың дұрыс өсуіне және тiрi қалуларын қамтамасыз етедi. Бұнда зооплантондар дамиды, бұл олардың дернәсілдік даму кезінде ең керекті қоректердін бірі, және бұнда ІІ- ші және ІІІ-ші ярусты гидрофиттер:нитчатка, наяда, сыть хар су өсімдігі өседі, бұлар ақ амурдың 2-ші айында қоректенуіне керек.

Балықты күрiштiң жинауын алдында қыркүйектерде ұстайды.

Біржылдық ақ амурдың өміршендігі 45% құрайды, бұл 12 күндік 13мың дернәсілдерден дамығандар және 25 % 4 күндік 74 мың дернәсілден дамығандар құрайды. Балық өнімділігі 200 және 360 кг болды. Тұқының өміршендігі ақ амурларға қарағанда біренеше есе кіші, 20дан 40%-ға дейін болады, өнімділігі 160кг.

Екі жылдық тұқы балығын өсіру. Құрамдастырылған екі жылдық айналымы бар күріш - балық шаруашылығы белгілі. Күрiш бір чектерде уылдырық шашу iске асады, ал екіншісінде жас балықтарды өсіреді, үшіншісінде ересек балықтарды өсіреді. Қыстағыш үшін су жіберілетін каналдарын пайдаланды, көп бөлігі қыста пайдаланбайды, және жер асты бассейндерін пайдаланады оларға жаңа сулар келіп тұруы қажет. Су жіберілетін каналдар әдетте тормен қоршалады, олар балықтарды күту үшңн қолданады.

Тұқы шаруашылығы агротехникадағы күріш алқаптарымен тығыз байланыста - күріштің бірнеше ерекшеліктері бар. Күрішті егу әр районда климатына байланысты 13-25 мамырда егіледі. Осы мерзім балықтың отырғызу мерзіміне сай келуі керек. Арнайы дайындалған чектер ауданға байланысты тқұы немесе сазан балықтарынның уылдырықтарын ұяларға отырғызады. Ал екінші күні ол ұяларды жояды. Күріш өсімдігін зақымдамас үшін жас балықтарды арнайы таза суларға жіберіледі. Екіжылдық балықтың өміршендігі 40тан 78% дейін болады.

Көлдердегі тауарлық балықтарды өсіру.

Тауарлық балықтың өсiру - бұл соңғы технологиялық циклдар арқылы көлдегі балық өсiру кезеңi. Тауарлық балықтарды поликультурада өсіреді, себебі олар көлдерде қоректік ресурс ретін пайдалануға. Поликультуралы балықтар қатарына: планктофагтар, бентофагтар, жыртқыштар және өсімдік жегіш балықтар. Мысалы, Солтүстік - батыс көлдеріндегі ең негізгі басты объект бұл пелагиальды - пелядь балығы. Бірақта бұл жерлерде негізінен ақ дөңмаңдай меңгеруде.

Жырқыш балықтардың негізгі мақсаты көлдердегі сапасыз балықтарға балйнысты болып келеді. Жыртқыш балықтардың қолдануы көлдегі бағасыздау балықтарға тәуелдi болады. Шортан балығы жоқ көлдерде мына жыртқыш балықтарды өсіреді: бахтақ, кижуч және нельма.

Біржылдық тауарлы балықтарды алу үшін табиғи су көлдеріндегі ихтиофаунаның мөлшері 20-25г нан кем болмауы керек. Ол жас балықтардың тез өсуіне, жырқыштардан қорғануға, тез қозғалуына және тауарлық балық деңгейіне жетуін қамтамасыз етеді. Біржылдық жыртқыш балықтарды көлге жіберген кезде олар бірінші жаз мезгілінде жыртқыштық өмір сүруіне бейімделеді және жас балықтар салмағы 3-5 г болады. Шортанды тіпті шабақтық кезінде жібереді.

Біржылдық балықтарды өсіруге поликультураға кубендық нельманы жатқызуға болады. Оның біржылдығы күзде салмағы 90-100г ға дейін жетеді. Жыныстық жетілуі аталықтарында 4 жасында денесінің ұзындығы 60-65см және салмағы 2-2, 5 кг болған кезде жетіледі, ал анлықтарында 5 жасында денесінің ұзындығы 70-75см ал салмағы, 5-4кг болған кезде жетіледі. Негізінен кубендық нельма жыртқыштарға жатады. 2айға дейін зоопланктондармен қоректенеді, содан кейін личинкалармен қоректенеді, кейін жас балықтармен қоректенуге көшеді.

Көлдерде тұқы балықтарын өсірген кезде қореқ ретінде : шпрот, кукуруз, горох тағам өнеркәсібіндегі қалдықтар және тағы басқалар беруге болады. Осы нормаларды сақтау кезінде тұқылар интенсивті түрде өседі. Бірақ салмағын өсіруге байланысты түйіршіктелген қоректік заттарды берген жөн. Жасанды қоректенуді тұқыға арнайы қоректік орындарда немесе грунттарда береді. Қоректік орындардың мөлшері 1-2м биіктігі 5-8см болады.

Төменгі температура кезінде тұқыларды қоректендіру 25-30 мамырларда бастау керек. Жайылымдағы өнімділік кезеңі шіденің басымен мен тамыздың орта айларының аралығында қоректерді максималды қолдану қажет, сондықтан жасанды қоректендіруді жайдың ортасын баутау керек.

Тұқы балықтарын 80-90 тәулік ішінде жасанды қорекпен өоректендіретін болсақ олар бір мезгілде 1, 0. . 1, 2 кг салмақ қосады. Қорек беру коэффициенті 3, 2-3, 7 тең болады. Жсанды қоректендіруді вегетация кезінде беруі керек, 20-25 мамырдан 15 маусымға дейін - 10% 15 маусымнан 10 шілдеге дейін - 25%, 10 шілдеден 15 тамызға дейін - 50%болады. Тауарлық балықтарды айына бір рет бақылап олардың жайылым көлдерін аралау қажет.

Жайылымдық балықтардың ең негізгі көрсеткіші бұл - денесінің ұзындығы. Оның дене салмағы, қоректену биомассасы, гидрологиялық - гидрохимиялық режиміне байланысты болады. Біржылдық тауарлық балықтардың жалпы салмағы 100г, ал екіжылдық балықтар 250-400г -ға жетеді.

Көлдердегі орташа тереңдігі 5-10м- де денесінің өсуі пеляди балығында зоопланктондармен қоректенуіне байланысты өседі. Үшжылдық пелядидің оптимальды қоректенуі кезінде салмағы 450-650г жетеді, ал максимальды қоректенген кезде оның салмағы 1700г дейін барады. Муксин балығыда бірінші екіжылдығында осындай көрсеткіштерге ие болады.

Ең жылдам өсетін балықтың бірі - тұқы. 6 күннің ішінде 1г салмақ қосады, ал ақ амур 10, 7, нельма 0, 2, пельд 12, 5 және дөңмаңдай 14, 3-16, 7 болады.

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
КӨЛ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Бекіре балықтарын тоғандарда өсіру
Тұқы балығын қолдан өсіру
Тауарлық балықтарды өсіру
Қазақстанда балық өсірудің қазіргі жағдайы
Қазақстанда тұқы балық өсірудің қазіргі жағдайы
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
ИНДУСТРИАЛДЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz