Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
1.1 Банк ұғымы мен банк жүйесінің қалыптасуы және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Банктердің құқықтық.ұйымдық негіздерінің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Республикада банк қызметін реттеудегі банктік заңдылықтардың атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ бөлім. Қазақстанның банк жүйесіндегі коммерциялық банктердің құқықтық.ұйымдық құрылымын, қызметтері мен операцияларын талдау («Еуразиялық банк» ЖАҚ мысалында)
2.1 «Еуразиялық банк» ЖАҚ.ның қалыптасуы мен қызмет көрсету саласының басқарылуын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 «Еуразиялық банк» ЖАҚ.ның қаржы нарығында атқаратын қызметтері (өнімдері) мен операцияларын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 «Еуразиялық банк» ЖАҚ.ның пассивті.активті операцияларына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нарықтық экономика жағдайындағы даму тенденциялары
3.1 Коммерциялық банктердің қызметін нарықтық экономика талаптарына сай дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.2 Коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басымды бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар
кәсіпкерліктің дербес түрі
1.1 Банк ұғымы мен банк жүйесінің қалыптасуы және оның экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .5
1.2 Банктердің құқықтық-ұйымдық негіздерінің теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Республикада банк қызметін реттеудегі банктік заңдылықтардың
атқаратын
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..10

ІІ бөлім. Қазақстанның банк жүйесіндегі коммерциялық банктердің құқықтық-
ұйымдық құрылымын, қызметтері мен операцияларын талдау (Еуразиялық банк
ЖАҚ мысалында)
2.1 Еуразиялық банк ЖАҚ-ның қалыптасуы мен қызмет көрсету саласының
басқарылуын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Еуразиялық банк ЖАҚ-ның қаржы нарығында атқаратын қызметтері
(өнімдері) мен операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... .18
2.3 Еуразиялық банк ЖАҚ-ның пассивті-активті операцияларына талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..23

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нарықтық экономика
жағдайындағы даму тенденциялары
3.1 Коммерциялық банктердің қызметін нарықтық экономика талаптарына
сай дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.2 Коммерциялық банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басымды
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..35

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе

Банк нарықтық жағдайда өзгеше кәсіпорын ретінде қаралады. Оның қызметі
көпқырлы болып табылады. Банк – сауда, делдал, несие беретін, коммерциялық
кәсіпорындарды білдіреді. Биржалардың банк-агенті, әріптестер автономиялы
түрде қызмет істейді.
Қазіргі таңда елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа серпіні
екінші деңгейлі банктер қызметінің дамуындағы жаңа кезеңді ашып беруде.
Осындай жүргізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде бүгінде коммерциялық
банктер өз клиенттеріне 200-ден астам түрлі өнімдер мен қызмет түрлерін
ұсына алады. Операциялардың осындай көп түрі банктерге өз клиенттерін
сақтап қалуға және тиімсіз жағдайдың өзінде де пайданы жоғалтпауға
мүмкіндік береді.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды әрі ажырамас бөлігінің бір
болып табылады. Әр елдің банк жүйесі көптеген банктер құру және әлемдік
тәжірибе мен олардың жасайтын операцияларының ауқымын кеңейту арқылы
дамиды.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз
мемлекет ретінде дамуы үшін банктер мен банк жүйесін дамыту экономикалық
реформалардың негізі болуы тиіс. Сол себепті Банк – нарықтық экономиканың
дербес кәсіпкері ретінде тақырыбында курстық жұмысты таңдауыма себеп
болды.
Банк – бұл көне ұғым болып саналады және оның қажеттілігі ақша
айырбасымен, бос ақшаларды қарызға берумен, өзгелердің ақшаларын
орталықтандырумен байланысты пайда болды. Банктер үлгілері және қызмет
көрсету сипаты бойынша: елдің орталық банкі, мамандандырылған қаржы
мекемесі, коммерциялық банктер болып ажыратылып, көтерме және бөлшек
банктерге бөлінеді. Сондай-ақ инвестициялық, сауда және әмбебап банктер
бар.
Ұлттық экономиканы дамытудың белсенді қатысушысы болып табылатын
банктердің ұйымдық-құқықтық құрылымын, атқаратын қызметтері мен
операцияларын, ұсынатын өнім түрлерін, мақсаттары мен міндеттерін, басымды
бағыттарын зерттеу, - курстық жұмысымның өзегі. Осыған байланысты зерттеу
объектісі ретінде – Еуразиялық банк ЖАҚ алынды.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстандағы банктер мен банк
жүйесі және оның қалыптасуының экономикалық маңызы, сонымен қатар
республикада банк қызметін реттеудегі банктік заңдылықтардың атқаратын ролі
мен коммерциялық банктердің ұйымдық-құқықтық негіздерінің теориялық
аспектілері қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық
банктер қызметінің құқықтық-ұйымдық құрылымы, атқаратын қызметтері
(өнемдері) мен пассивті-активті операциялары Еуразиялық банк ЖАҚ
мысалында талданады.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің қызметін нарықтық экономика
талаптарына сай дамыту жолдары мен коммерциялық банктердің бәсекелестік
қабілеттігін арттыру шараларының перспективалы бағыты сипатталады.
Бұл курстық жұмысты жазғандағы мақсатым – нарықтық қатынастар
жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі ретіндегі
банктердің экономикалық мазмұнын, сондай-ақ елдің несие жүйесіндегі
атқаратын ролі мен тиімділігін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп,
оларды шешу жолдары қарастырылды:
- банк және банк жүйесі түсініктерінің тығыз байланыстылығына
теориялық негізді сипаттама беру;
- орталық және коммерциялық банктердің ел экономикасында
қызмет ету механизмін ашып көрсету;
- Еуразиялық банк ЖАҚ-ның құқықтық-ұйымдық құрылымын және
оның басқа да шетелдік банк өкілдіктерімен бірлесе қызмет
етуін теориялық негіздеу;
- Еуразиялық банк ЖАҚ-ның қаржы нарығында атқаратын
қызметтері мен операцияларына талдау жүргізу;
- екінші деңгейлі банктердің нарық талаптарына сай дамуының
перспективалы бағыттарын айқындау;
- нарықтық экономика жағдайында банктер мен банктік жүйеде
кездесетін келеңсіз мәселелерді шешуге қатысты нақты
ұсыныстар жасау.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист-
ғалымдардың банкке байланысты жазған еңбектері пайдаланылды. Сандық
берілгендер ҚР заңды және нормативтік актілері, ҚР статистика Агенттігінің
статистикалық материалдарынан алынды. Сонымен қатар, Егеменді Қазақстан,
Ақиқат, Аль-Пари атты мерзімді басылымдар курстық жұмысымның негізгі
көздері болып табылады.

І бөлім. Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар
кәсіпкерліктің дербес түрі

1.1 Банк ұғымы мен банк жүйесінің қалыптасуы және оның экономикалық маңызы

Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау,
қарызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда
болуымен байланысты болды. Банкті сөзбе-сөз аударғанда, ақшамен операция
жасалған тақтайша орындық (скамья) ұғымын білдіреді.
Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер
капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV-XX ғасырлардағы
көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің
пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы
жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың
елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің
артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында барған сайын
кәсіпорын ретінде көбірек қаралатын болды. Кез келген кәсіпорын сияқты
банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға
нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын
дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға
мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны,
коммерциялық кәсіпорын биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік
басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын
түрінде сипаттама беру экономикалық мәнге ие (№1-ші қосымшаны қараңыз).
Әрбір жеке айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен
орындайтын операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және
елдің ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы
зор. Бұл – орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер,
мамандандырылған қаржы-несие институттары болуы мүмкін.
Мемлекеттің орталық банкі – бұл мемлекеттің қаржы саясатымен тығыз
өзара байланыста қызмет істейтін, негізі бойынша мемлекеттік ұлттық банк.
Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар, сақтық мекемелері, тұтыну
және ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтері, қаржы
үйлері, ломбардтар және т.б.) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты
нарығында қызмет істейді, көпшілік жағдайда клиенттерге тікелей несие
берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлері
олардың атқаратын қызметтік міндеттеріне байланысты болады.
Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті
іскерлік банктер болып саналады және олар барлық елдердің банк жүйесінде
айрықша орын алады.
Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша теңдей
емес, дегенмен барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы;
негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу
сияқты орталық негіздері бар.
Елдегі ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесінің басқа
буындары деңгейінде және оған қызмет көрсету кезінде үкімет деңгейінде
несиені басқару, орталық банкті банктердің барлық басқа түрлерінен
өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша-несие, қаржы саясатын жүргізе отырып, орталық
банк елдің басты банкі болып саналады.
Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсенді қатысушылары
ретінде, операциялар мен қызметтердің көптеген түрлері арқылы іскер банктер
түрінде қатысады.
Сонымен әртүрлі белгілері бойынша барлық елдер үшін ортақ болып
табылатын банк үлгілерінің (типтерінің) сипаттамасы келесідей:
- қызметтік белгіленуі бойынша банктер: эмиссиондық, депозиттік және
коммерциялық;
- меншік нысандары бойынша банктер – мемлекеттік, кооперативтік, жеке
меншік, аралас;
- мамандануы бойынша банктер – салалық, әмбебап, өнеркәсіптік, сауда,
ауыл шаруашылық, инвестициялық;
- арнаулы міндеттерді орындау бойынша банктер – инновациялық, өзара
көмек кассалары, сақтандыру қызметтері;
- аумақтық белгілері бойынша банктер – қалалық, муниципалдық,
аймақтық, мемлекет аралық болып бөлінеді.
Барлық елде әр елдің қаржылық, банктік жүйесінің табиғи даму процесі
болып саналатын банктердің әртүрлі үйлесімдегі алуан үлгілері қызмет
істейді. Банктердің жоғарыда атап көрсеткен жіктеуінің бірде бірі өздігінен
банк ісін тежемейді, қайта, банктер қызметінің мазмұнын, жасалатын
операциялар мен көрсетілетін қызметтердің сипатын, сондай-ақ салалар мен
аймақтарды дамытудағы, қаржы капиталын жинақтаудағы және т.б. банктердің
рөлін ашып көрсетеді.
Нақты тәжірибеде дамыған елдердің көпшілігінде банктердің үлгілерін
сипаттау кезінде банктерді көтерме және бөлшек банктерге бөледі. Көтерме
банктер, негізінен, бұл үкіметтің айрықша рұқсатымен қызмет істейтін ірі
коммерциялық банктер. Бөлшек банктер – бұл есеп айырысулар бойынша, шағын,
орта бизнеске несие беру, жеке салымшылардың қаржыларын тартуда көптеген
операцияларды жүзеге асыратын шағын, жергілікті банктердің жүйесі.
Көрсетілетін қызметтер мен техникалық сипаттамаларының жиынтығы
тұрғысынан банктердің үлгілерін (типтерін) анықтау кезінде оларды
инвестициялық, сауда, әмбебап банктерге бөлуге болады.
Инвестициялық банк – оны белгілі баға бойынша толық немесе жартылай
алуға кепілдік беру негізінде клиенттің шығарған бағалы қағаздарын бастапқы
болып орналастыру қызметін жүзеге асырады, осыған орай банк бағалы қағаздар
эмиссиясы кезіндегі тәуекелді өзіне алады. Банк андеррайтер ретінде
қатысады.
Банк сондай-ақ консалтингтік қызметтерді дамытады. Мысал үшін,
инвестициялық банктер АҚШ-тың қаржылық жүйесінде ерекше орын алады.
Сауда банкі – бағалы қағаздарға ие болғанда, компаниялардың қосылуы
жағдайында коммерциялық қызмет көрсетеді. Несиемен сауда жасау делдалы
болып қатысады. Өздері ресурстарды сатып ала отырып, банктер
қажетсінгендерге қарыздар береді. Белгілідей, сауда банктері Еуропада
(Ұлыбританияда) даму алды және оларды АҚШ-тағы инвестициялық банктердің
ұқсастығы ретінде қарауға болады. Қазіргі уақыттағы сауда банктерінің
қызметі барынша жеке ыңғайда қаралады.
Әмбебап банк - өзінің қызметінде дәстүрлі банктік операцияларды (несие
беру, депозиттер, есеп айырысу-кассалық қызметтер) бағалы қағаздар
операцияларымен (брокерлік, дилерлік, инвестициялық банк ісі), қаржылық
емес компаниялардың капиталына тікелей салымдар салумен, сақтандыру
операцияларымен қосып атқарады. Банктің мұндай үлгісі Еуропада кең түрде
таралған (ең алдымен Германияда, Францияда, Швейцарияда).
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерінің
функционалдық қызметтерінде банктер жүйесінің жалпы қағидаларына сүйенеді.
Әлемдегі қазіргі заманғы банк жүйесі күрделі, көп буынды құрылым болып
саналады.
Банктерді тұтастай сипаттай отырып, әрбір елдің өз банк жүйесі бар
екендігін білу көзделеді. Банк жүйесі – бұл банк заңдылықтары негізінде
банктерді құру мен оны дамытудың, олардың қызметі мен операцияларының
барлық қырын қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады.
Банк жүйесі отандық (ұлттық), аймақтық және әлемдік болып ажыратылады.
Онсыз банктің қызмет істеуі мүмкін емес, жалпыға бірдей танылған қызметтік
белгілер мен қағидалар жүйесінің негізі болып қызмет етеді.
Әр елдегі банк жүйесі сол елдің экономикасымен, қоғам бағытымен өзара
байланыста дамиды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың
маңызды элементі болып қатысады.
Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейдегі іскерлік банктерді
енгізетін банктер жүйесінің барлық елдерде өз құрылымдары бар, жекелеген
операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен бірге банк
ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талаптарды басшылыққа алады.

1.2 Банктердің құқықтық-ұйымдық негіздерінің теориялық
аспектілері

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде ұйымдық негізге ие.
Қызметтік қағидалар - оның негізгі белгілері болып саналады. Яғни,
банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары оның құрылу ерекшеліктерін
келістіреді және банктердің басқару жүйесін ұйымдастырады.
Әр елде банктерді ұйымдастыруда ақша эмиссиясы қызметін орындайтын,
елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, екінші деңгейдегі банктерді
қадағалайтын, үкімет үшін операцияларды орындайтын, елдің алтын-валюта
қорын сақтайтын ақша-несие институты – орталық банкіне айрықша мәртебе
беріледі. Орталық банктердің ұйымдық құрылымы мен қызметінің сипаты және
оны басқару жүйесі елдің заңдылықтары мен Орталық банкі туралы ережелермен
айқындалады.
Көптеген елдердегі банктерді ұйымдастыру акционерлік компаниялар
(корпорациялар) түрінде жүзеге асырылады. Банктің заңды тұлға ретінде
танылуы, сатып алынған акциялар шегіндегі акционерлердің жауапкершілігі,
акция пакеттерінің болуы және директорлар Кеңесін құру акционерлік
компаниялар үшін міндетті талаптар болып саналады.
Банк ашу (жаңа заңды тұлғаның мекемесі) – бұл көптеген ресми
процедураларды орындауды және рұқсат алуды талап ететін күрделі процесс.
Тұтастай алғанда банк құру үшін, әр елдің әртүрлі ерешеліктері бола
тұра мынадай жағдайлар мен іс-әрекеттерді орындауы қажет болады: банк ашуға
құрылтайшылардың рұқсат алу өтініші; банк ашу мүмкіндгіне өкілетті
органдардың арнайы рұқсаты; орталық банктің рұқсаты; құрылтайшылық
құжаттарды тіркеуден өткізу және банктің операциялар жүргізуіне орталық
банктің лицензиясы. Операциялар туралы міндетті жағдайлар, капиталдың
мөлшері, тұрғын халықтың саны, өзіндік орны бар тұлғалардың мақұлдаған
қарарлары, экономикалық негіздеулер, іскерлік жоспар, банк жарғысы, банк
құрылымы, капиталдың жеткіліктілігі және пайда алудың болашағы, басшылық
құрамның құзыры мен олардың кәсіптік жарамдылықтары туралы мәліметтер
құжаттамалар түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік тіркеу Кітабында тіркеуден өткеннен кейін банк
операцияларын жүргізуге лицензия алуы екінші деңгейдегі банк қызметін
бастау үшін негіз болып саналады. Заңды тұлға мәртебесін алған жаңа банк
лицензия шеңберіндегі өзінің операциялары туралы мәлімдейді.
Банктің ұйымдық құрылымы екі әдіспен анықталады:
1. Басқару органдары, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері
кіретін банктің басқару құрылымы.
2. Қызмет (функционалдық) бөлімдерінің құрылымы; бөлімдердің қызметін
жүзеге асыру және қызмет буынының міндеттері. Мысалы, несие беру
бөлімі, инвестициялық операциялар, сенім операциялары, банк
клиенттеріне қызмет көрсету және т.б. бөлімдер.
Банкті ұйымдастыру мына қағидаларға негізделеді:
- қызмет құрылымы;
- банк мақсаттарына сәйкестігі;
- билік өкілеттіктері иерархиясы және ұйымдардың деңгейлері;
- бірлескен және үйлестіру іс-әрекеті;
- басқаруды рационалдандыру және бақылауды қамтамасыз ету;
- персонал қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу;
- толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Банк құрылымы түрін өзгертеді және болашақ кезеңдерге бейімделеді,
олар банктің стратегиясына қатысты болады.
Банктің құрылымына мынадай бірқатар факторлар әсерін тигізеді:
- банктің көлемі, операциялардың саны;
- қызметкерлердің саны;
- кәсіби кадрлардың болуы;
- басаспаптық пен мамандану деңгейі,
- пайда алу мүддесі үшін шығындарды үнемдеу міндеттері.
Нарықтық экономикалы елдер үшін үлгілері бойынша ерекшеленетін
акционерлік – коммерциялық банктер неғұрлым бірүлгілі болып саналады.
Банк Басқармасы (Кеңесі) жылдық есепті бекітеді, құрылтайшылардың жыл
сайынғы жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.
Кеңес Төрағасы банкті жедел басқаруды жүзеге асырады. Ол сондай-ақ
банк Президенті болуы мүмкін.
Одан әрі қарай: вице-президент, басқарма, департаменттер, бөлімдер
болып жалғасады.
Орындайтын операцияларға, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық
формаларына қарамастан әрбір банк өзіне тән өнімдер шығарады және барлық
банктер үшін міндетті болып саналатын мынадай белгілі басқару блоктарының
жиынынан тұрады: банк Кеңесі, басқарма; басқарудың жалпы мәселелері,
коммерциялық қызмет, қаржылар; автоматтандыру; әкімшілік.
Орындайтын операцияларының көлеміне, көрсетілетін қызметтерінің
дамығандығына қатысты банктердің ірі, орта, шағын (жеке), жергілікті
филиалдары болуы мүмкін.

1.3 Республикада банк қызметін реттеудегі банктік заңдылықтардың атқаратын
ролі

Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін реформалау дербес
мемлекеттік құрудың алғашқы жылдарынан-ақ нарықтық экономикаға көшу
кезіндегі объективтік экономикалық процестермен айқындалған болатын.
Кеңестер одағының құлау сәтінде, біртұтас банк жүйесіне, яғни
Қазақстанның банк жүйесіне жүзден аса банктер кіретін еді, солардың
ішіндегі бесеуі (Жинақ банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Өнеркәсіп құрылыс банкі,
Сыртқы эконом банкі) КСРО-ның мамандандырылған банктерінің мұрагерлері
болып қалды.
1992 жылы Қазақстанда банктердің мамандырылуын жоюмен байланысты,
акцияларының бақылау пакеті мемлекеттік кәсіпорындардың иелігіне жататын,
осыған дейін өмір сүрген бес мамандандырылған банк акционерлік қоғамдар
болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда
қырық акционерлік банк, алпыс коммерциялық және кооперативтік банктер
(немесе жауапкершілігі шектеулі банктер) мен қырық тоғыз жеке банктер
болды.
Банк жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі операциялардың тиімділігін
арттыратын ынталандыру шараларының жоқтығынан және нормативтік-құқықтық
базаны жасаудың аяқталмаушылығынан, көбінесе нақты мемлекеттік
кәсіпорындарға несиелер мен дотациялар берушілікпен байланысты болды.
Кейбір банктер Қазақстан Ұлттық Банкінің несие ресурстарына көбірек иек
артты, ал екінші бір банктер нарық қағидаларына сәйкес өздерінің
тәртіптерін өзгертті, ал үшінші бірлері өз меншікті кәсіпорындарының
қазынашылықтары түрінде әрекет етті.
1993-1994 жылдары нарықтық экономика жүйесіне жақындата түсу
мақсатымен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде біршама қайта құрулар
жүзеге асырылды. Заңдар қабылданды: банк жүйесіндегі Ұлттық банктің орны
мен рөлін, оның міндеттерін, қызмет қағидаларын, құқықтық мәртебесі мен
өкілеттігін айқындайтын 1993 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы ҚР Заңы; Республикадағы банк жүйесінің қызмет
қағидаларын, банктердің құқығы мен жауапкершіліктерін айқындайтын 1993
жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы банктер туралы ҚР Заңы;
шетел валюталарының республика аумағындағы айналым ережесін реттейтін 1993
жылғы 14 сәуірдегі Валюталық реттеу туралы ҚР Заңы; банк жүйесі
қызметінің кейбір ерекшеліктері мен банк операцияларын жасаудың құқықтық
негіздерін реттейтін Үкімет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
бірқатар өзге заңдары мен нормативтік актілері, мысалы, Кепілдік туралы
Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы шағын акционерлік,
кооперативтік және жекеменшік банктер санын қысқарту, банктерді ірілендіру
саясатын жүргізді. Осыған дейін іс-қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер
үшін 300000 американ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы
бойынша 18,0 млн. теңгеден асады) сомасында белгіленген, өзінің валюталық
лицензиясы мен өзінің филиалдар жүйесі және тұрғын халықтан 1,5 млн. АҚШ
доллары деңгейінде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы (курсы)
бойынша 91,5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына
лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшін ең төменгі мөлшер
500 мың АҚШ доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкі бағамы
(курсы) бойынша 30,5 млн. теңге) сомасында белгіленген. Оның үстіне,
белгіленген жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін әрбір банк 1995 жылғы 15
сәуірге дейін толтыруға тиіс болды, бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР
Ұлттық банкі мұндай банктердің одан әрі өмір сүруі мен оның қызмет істеуі
туралы мәселені шешуді алдыға қойды.
Құқықтық негіздерді, реттеу мен бақылау жүйесін дамыту нарықтық
жағдайдағы банк жүйесі заңдылықтарының тиімді қызметін қамтамасыз етудің
міндетті және қажетті жағдайы болып саналады. Банк қызметі саласындағы
реформаларды жүргізудің одан кейінгі кезеңдерінде нарықтық экономикаға
негізделген банк жүйесі іс-қимыл жасай алатындай, олардың құқықтық
негіздерін жасаумен байланысты екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеуге
бағытталған сапалық қайта құрулар болды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995-1996 жылдары
институционалдық, функционалдық және құқықтық қатынастарда тағы да көптеген
өзгерістерді басынан кешірді. Мысал үшін, 1995 жылға дейін республикадағы
банктердің саны өсе түсіп, 1995 жылдың басында жарғылық қорларын құру
тәсілдері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін жүз сексен төрт банкті құраса,
оның көлемі аз уақыт ішінде күрт азайып, осы жылдың соңындағы банктердің
саны жүз отыз ғана болды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі институционалдық қайта
құрулар банкроттықа ұшыраған коммерциялық банктерді таратумен, сондай-ақ
жарғылық капиталдарын қосу жағдайында банктерді ірілендірумен қоса
қабаттасып жүрді. Соған сәйкес, республика аймақтары бойынша осы кезеңдерде
екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 1995 жылдың соңындағы 1026-дан 1996
жылдың соңында 949-ға дейін қысқарды. Осы кезеңдердегі банктер саласындағы
өзгерістер жарғылық қордың көлемін қалыптастыру бойынша жүрді. 1995 жылдың
аяғында нақты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк болса, 1996
жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз
кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын
қысқарту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін реформалау
нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақстандағы банктер санының күрт азаюына
әкеліп соқты. 2002 жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе,
жылдың аяғында – 38 болды. Қазіргі кезде Қазақстанда 32 банк жұмыс істеуде.

Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары коммерциялық банктердің
негізгі қызметтері дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес қызметтер көрсету
бойынша да өздерінің операцияларын жүргізу үстінде (Қомысша №2).
Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы
мемлекеттің жаңа заң актілерімен және нормативтік ережелерімен нығайтылады:
Заң күші бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы (1995 жылғы 30
наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші бар
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (1995 жылғы
31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қайта құру және
толықтырудан соңғы бекітілген бұл актілер, мемлекеттің орталық банкінің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің
мәртебесін бөліп көрсете отырып, Қазақстандағы банктердің іргелі құқықтық
және экономикалық негіздерін жасауды тұтастай түрде аяқтады.
Республикадағы банк ісін одан әрі сапалық қайта құрулар жағдайында
банк жүйесіне басшылық жасау қағидалары, басты қаржы институты ретіндегі
Қазақстан Ұлттық банкінің жетекші рөлі, несие беруді қамтамасыз ету,
сақтандыру қызметін реттеу туралы, төлем қабілеттілік пен несие
қабеліттелік туралы заңдық және нормативтік ережелер қабылдаудың тиімділігі
өз маңыздылығын сақтап қала береді.
Сонымен, неғұрлым тиімді банктер өздерінің қызметін реттеудің жақсы
жүйесін құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қадағалауы
банктің тиісті қалыптары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей
ережелерді жасауына мүдделілік танытады. Сондай-ақ, Құқықтық нормативтік
база негізіндегі реттеу мен бақылаудың жақсы ойластырылған жүйесі жеке және
банк жүйесі арқылы басқарылатын нарыққа бағдарланудың негізі болып
қатысады. Банктер қызметіне жасалатын бақылау өз кезегінде олардың қызмет
тәртібін реттейтін банк ережелерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып,
тиімді басшылық жасауға демеушілік көрсетеді.
ҚР Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес, республиканың орталық банкі
қадағалауды жүзеге асыру процесінде несие беру мекемелерінің қызметіне
тексеру тағайындай алады. Егер тексеру нәтижесінде банк заңдылықтарын бұзу
жағдайлары анықталса, Ұлттық банкі анықталған кемшіліктерді міндетті түрде
жоюға нұсқаулар береді. Банктің сондай-ақ олардан есеп беруді, баланстар
мен анықтамаларды тапсыруын талап етуге құқығы бар.
Заңдылықтарды бұзған жағдайда және бұрын орын алған кемшіліктерді жою
туралы елдің бас банкінің нұсқауларын орындамағанда Ұлттық банкі несие
беретін мекеме құрылтайшыларынан:
1. банкті қаржылық сауықтыру бойынша шараларды жүзеге асыруды;
2. банктің басшылығын ауыстыруды;
3. банкті таратуды;
4. банк операцияларын жасауға берілген лицензияны қайтарып алуды талап
ете алады.
Несие беру жүйесін басқару жөніндегі бүкіл әкімшілік өкілеттіктерін
заңдық тұрғыдан тек Қазақстан Ұлттық банкі ғана орындайды.
Заңдылықтар Ұлттық банкке тұлғалардың міндетті түрде орындауына
жататын нормативтік актілер шығару құқығын берген. Бұл – нұсқаулар,
ережелер, хаттар мен жедел хаттар.
Қазақстан Ұлттық банкісінің активті ақша-несие саясаты 2000 жылдан
бастап макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге, қаржылық қызмет
көрсету секторын дамытуға, төлемдер мен сақтандыру саласындағы жаңа
жүйелерді құруға бағытталуда.

ІІ бөлім. Қазақстанның банк жүйесіндегі коммерциялық банктердің құқықтық-
ұйымдық құрылымын, қызметтері мен операцияларын талдау (Еуразиялық банк
ЖАҚ мысалында)

2.1 Еуразиялық банк ЖАҚ-ның қалыптасуы мен қызмет көрсету саласының
басқарылуын сипаттау

Еуразиялық банк жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкісінде (ҚР ҰБ) 1994 жылдың 26 желтоқсанда тіркелді. Еуразиялық
банк 1993 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы және 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы банктер
туралы ҚР Заңдарына сәйкес ұлттық және шетелдік валютамен банкілік
операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҰБ-нің бас лицензиясы 1995 жылдың 2-ші
ақпанында берілген. Акционерлер құрамы мен банк атауының өзгеруіне
байланысты 2005 жылғы 21 қарашада ҚР Әділет министрлігі органдарында
мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, Еуразиялық Банк ЖАҚ №841-1900 АО (ИУ)
куәлігін алған. Қазір Банк ҚР ҰБ-нің №237 лицензиясына сай банкілік
қызметті жүзеге асырады.
Еуразиялық банк ЖАҚ — Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап
коммерциялық банк ретінде өз клиенттерінің игілігі үшін табысты қызмет етіп
келе жатқан, ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық
құрылымдардың бірі болып табылады.
Коммерциялық банктердің сипатталуы, қызмет ету аясының кеңеюі,
нарықтық қатынастар жағдайында ерекшеленуі, оның бөлімшелері мен есеп
айырысу-кассалық бөлімдері негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан да,
Еуразиялық банкте Фронт және Бэк офистері, алыстан қызмет көрсететін Банк
Клиент жүйесі бөлімшелері қалыптасып, экономикалық көрініс тапқан.
Қазіргі таңда банк бөлімшелерінің 2006 жылғы қызметі негізгі төрт
компонентті шешуге бағытталған:
– кірісті мейлінше көбейту: қарыз беруден, сауда емес операциялардан,
қызмет көрсетуден түсетін табыстарды көбейту;
– шығыстарды мейлінше азайту: ағымды шығындарға бақылау жасау,
үмітсіз несиеден шығынға жол бермеу, қарастырылмаған шығындарды
азайту;
– клиенттерге қызмет көрсету: олардың бизнесінің одан әрі дамуына
ықпал ете отырып, клиенттер мен әріптестік ынтымақ орнату;
– сауатты менеджмент: менеджмент алғашқы үш компонентті жүзеге
асыруды қамтиды.
Бөлімшенің клиенттері болып: Үкіметтік мекемелер; заңды және жеке
тұлғалар, меншік иелері; корпорациялар; банк-корреспонденттері; депозиттер
мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ
кәсіпорындар; траст – қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып
саналатын заңды және жеке тұлғалар саналады. Сонымен Еуразиялық банк өзінің
барлық клиенттеріне банк ұсынған өнімдердің көптігіне, қызмет көрсету
дәрежесіне және несие ресурсына қол жеткізу жеңілдіктері мен толық түрде
алуға мүмкіндіктері қарастырылған. Еуразиялық банктің корпоративті
клиенттері: Соколов-Сарыбай кең байыту өндірістік бірлестігі ААҚ,
Қазақстан алюменийі АҚ, Казхром транс ұлттық компаниясы ААҚ, Дөн кен
байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Еуроазиаттық
энергетикалық корпорация ААҚ, Транссистема ЖШС және т.б.
Сонымен банк қызметіндегі басты назар бизнестің әрі қарай дамуына,
клиенттерге қызмет көрсету бойынша жұмыс сапасын көтеруге және басқару
ұйымдарын жетілдіруге бағытталған. Бас офис құрылымында тәуекелділіктерді
басқару және талдау департаменті атты жаңа бөлімшелер ашылды. Ұзақ мерзімді
ресурстарды ынталандыруда жұмысты жандандыру үшін нарықтағы қарыз
капиталының жұмысы жөніндегі басқарма құрылды. Соның нәтижесінде
Еуразиялық Банк ЖАҚ кастодиалдық қызметтің барлық түрін көрсетуде зор
мүмкіндікке ие болды, яғни:
- интитутционалды инвесторларға қызмет көрсетуі (зейнетақы қорлар,
сақтандыру компаниялары, өзара және үлестік жарна қорлары);
- резидент еместерге кастодиалдық қызмет көрсетуді ұсыну (Қазақстанның
бағалы қағаздар нарығындағы атаулы ұстаушыларының қызметтері);
- ғаламдық кастодиандардың қызметтерін ұсыну (резиденттердің
халықаралық депозиттерімен есеп айырысу жүйесіне шығуы).
Еуразиялық банк нарықта өзінің іскерлік беделін жоғарылатуды және
тұрақты қаржы көрсеткіштеріне қол жеткізуді көздей отырып, шетелдік
қазақстандық қаржы институттары банкаралық операциялар бойынша несие
желілеріне қолдау көрсетуде және оларды арттыруда. Банк өз тарапынан ішкі
және сыртқы рыноктарда жұмыс жүргізу арқылы және сенімді әріптес ретінде 35
астам банкпен келісім-шарт жүргізгенін көрсетті. Еуразиялық банкі АҚШ-та
ABN Amro Bank, Bankers Trust Company банктерімен; Еуропада – Deutshe
Bank AG, Dresdner Bank AG, Commerzbank AG, Bayerische Hypo und
Vereinsbank AG, HSBC Trinkhaus and Burkhardt, ING Bank N.V.
банктерімен; сондай-ақ Ресей Федерациясының РФ Жинақ банкі, Банк
Диалог–Оптим, Сыртқы сауда банкі, Альфа Банк, Халықаралық Москва
Банкі сияқты жетекші қаржы институттарымен бірігіп жұмыс істейді. Бұл
банкке халықаралық есеп айырысу саласындағы қызметтер аясын түрлендіруге
және кеңейтуге, банк операцияларын жүргізу тиімділігін көтеруге мүмкіндік
берді.
Еуразиялық Банк ЖАҚ - әмбебап банк ретінде заңды және жеке
тұлғаларға төмендегідей операция түрлерін жүргізе алады:
- мекемелер мен жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- банктермен және банктік емес қаржы мекемелерінің корреспонденттік
шотын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: қағаз ақша мен тиын ақшаны қабылдау, қайта
есептеу, ұсақтау, ауыстыру, жинақтау және сақтау;
- аударатын операциялар: мекемелер мен жеке тұлғалардың ақшалай
қаржысын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
- есептік операциялар: мекемелер мен жеке тұлғалардың ақшалай қаржы
аудару жөніндегі қарыз міндеттемелерін есептеу (дисконт);
- Банк-Клиент жүйесі клиенттерге алыстан қызмет ету;
- сейфтік операциялар: құнды қағаздарды сақтау қызметіне сейф
жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайды арендаға тапсыруды қоса сақтайды. Сақтауға
берілген мүлік қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталып,
қорғалған бөлмеде сақталады, өткізуші жүйе мен банктің күзеті тәулік бойы
қызмет атқарады. Банк клиенттеріне құндылықтарын сақтауға ол мүлікті
сақтауға мөлшері сәйкес келетін сейфтік ұяларды ұсынады.
- ломбард операциялары: жылжымайтын мүліктермен депозитке салатын
өтімді құнды қағаздарды кепілдікке қою арқылы қысқа мерзімді несие беру;
- чектерді эмиссиялау;
- VISA төлем карточкаларын шығару;
- шетел валюталармен айырбас операциялары;
- кепілдеме операциялары:кепілдіктер және үшінші бірудің ақша
формасында орындалатын басқаша міндеттемелерін беру.
Банк өз клиенттеріне банктің дәстүрлі қызметін көрсетеді, сонымен
бірге қызмет етудің жаңа формаларын үнемі іздестіре береді.
Еуразиялық Банк ЖАҚ ұйымдастыру құрылымындағы сұраныстың аз ғана
өзгерістерін нәзік және динамикалық түрде сезініп отыратын маркетингтік
бөлім бар. Осы принцип бойынша банкіде клиенттердің мұқтаждықтарын
толығымен қанағаттандыруға және оларға жеке қызмет етуге, операциялардың
сапасы мен жылдамдығын тездетуге бағытталған Фронт және Бэк-Офис
ұйымдастыру құрылымы жұмыс істейді.
Еуразиялық Банк ЖАҚ менеджменті өзінің клиенттерімен партнерлары
алдында ашық та, әділ саясатын жалғастыра беру ниетінде. Банк клиенттермен
жұртшылықты банкте болып жатқан оқиғалармен үнемі хабардар етуін, саясатқа
есігін ашық ұстауын жалғастыра бермек.
Осылайша Еуразиялық Банк ЖАҚ 2005-2008 жылдарға арналған
стратегиялық даму жоспарында қамтылғандай кәсіпкерлікті кеңейту мен жұмыс
сапасын көтеру, тұрақты өсімге жетуге бағытталған шараларды жүргізуді
ойдағыдай жалғастыруда.
Жүргізілген стратегияның нәтижесі ретінде 2006 жылы банктің сырттан
тартылған ресурстары айтарлықтай артты. Яғни, 2006 жылы 1 қаңтарда Банктің
ресурстық базасы құрылымының 33,32% - меншікті қаржы, 66,68% тартылған
ресурстар құрады (Сурет-1).

Сонымен, Еуразиялық банктің 2006 жылғы қызметі ең алдымен төмендегі
мақсаттарға бағытталды:
- мейлінше аз тәуекелмен мүмкін болған табысты барынша алу;
- қызметтер мен операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің
барлық нормативті-құқықтық актілері (пруденциялды нормативтер, мейлінше
резервті талаптар, қаржының біраз бөлігін ішкі активтерге орналастыру,
валюталық ұстанымдар) шеңберінде жүргізе отырып, пайда табу;
- клиенттерді кешенді және кәсіби банкілік қызметпен қамтамасыз ету;
- тартылған қаржы көлемін ұлғайту;
- қаржы нарығын зерттеу және табысты, әрі бәсекелестікті қабілетті
өнім іздеу;
- бұрын енгізілген қызмет түрлерін одан әрі дамыту (экономиканың
өсімді секторына несие беру, вексельді есепке алу, сейф қызметі,т.б.);
- құнды қағаздардың жаңа сегменттерін игеру және дамыту;
- банк кастодиалды қызметін нарық талаптарына сәйкес әрі дамыту;
- ақпараттық технологияларды одан әрі жетілдіру және жаңа модульдер
ИБС RS-BANK бағдарламаларын енгізу.
Жаңа есеп беру жылында Еуразиялық банк 2006 жылына арналған
стратегиялық жоспарына сәйкес жұмыс сапасының көрсетілуіне, бизнестің
кеңеюіне және тұрақты өсімге жетуге бағытталған барлық қажетті шараларды
қолданды.

2.2 Еуразиялық банк ЖАҚ-ның қаржы нарығында атқаратын қызметтері
(өнімдері) мен операцияларын талдау

Еуразиялық Банк ЖАҚ үшін 2005-2006 жылдар сапалы жаңа деңгейде
дамуын айқындады. Елдің заңдылықтарын жетілдіру, инфляцияның төмендеуі,
экономиканың тұрақты дамуында банкте маңызды оңтайлы өзгерістер болды.
Сонымен бірге шағын және орта бизнес пен жеке тұлғалар үшін ең үздік банк
болуда стратегиялық мақсат жүзеге асырылды. Белсенді халықаралық қызмет
банк клиенттеріне банк операцияларының тиімділігін көтеруге, халықаралық
есеп айырысу саласында жаңа қызмет түрлерін ұсынуға және банк клиенттеріне
қызмет көрсетудің тиімді шартын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды.
Еуразиялық банк өзінің қаржылық қызметін бизнес-жоспарға сүйене
отырып, тәуекелділікті азайтуға, белсенді операциялар көлемін ұлғайтуға,
өзінің несие және депозит саясаттарын нығайтуға күш сала отырып банк
активтері мен ресурс базасын өсіру үрдісін сақтап қалды (Кесте-1).

Кесте-1. Банктің өз капиталының үрдісі (орташа есппен алғанда)

Капитал түрлеріНақты сома (млн теңге)
2004 жылы 2005 жылы 2006 жыл
Таза табыс 116,4 205,5 311,9
Жарғылық 2899,7 2899,7 2889,7
капитал
Меншік капиталы3846,0 4029,3 4321,4

2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктің меншікті капиталының
көлемі 4200,1 млн.теңгені құрады және өткен жыл ішінде 354 млн. теңгеге
өсті. Ал банктің меншікті капитал көлемінің жылдық орташа көрсеткіші 2005
жылмен салыстырғанда таза табыс көлемі - 3846,0 млн теңгеге, жарғылық
капиталдар - 4029,3 млн теңгеге өсіп, меншік капиталы - 4321,4 млн теңгені
құрады.
Коммерциялық банктер – елдің банк жүйесіндегі негізгі буын, бұл –
іскерлік банктері, әріптестер. Экономикаға несие беру қызметін орындай
отырып, несие жүйесіндегі маңызды буын ретінде қатысады. Нарықтық бәсеке
жағдайында әрбір екінші деңгейлі банктер өзінің басымдықтарын айқындап,
несие жүйесінің негізгі буыны ретінде өз клиенттеріне белгілі бір деңгейде
қызметтерін (өнімдерін) ұсынады. Қаржы нарығында Еуразиялық банк ЖАҚ-ы
клиенттердің мақсат-тілектері негізінде жасалатын қызметтердің бірнеше
түрлерін ұсынады (Қосымша №3).
Еуразиялық банктің кастодиалды қызметі. Сенім Зейнеткерлік қоры мен
зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі Bistinvest компаниясының банк-
кастодиалы ретінде банк бір қалыпты дамып келеді. Зейнеткерлік актив 2005
жылы 41,09% немесе 3 710,25 млн. теңге өсіп, 2006 жылдың 1-ші қаңтарында
12740,9 млн. теңге құрады.
Соңғы жылы банк Қазақстанның қаржы нарығының барлық секторларында
өзінің позициясын нығайтып, операцияларының табысты жақсы көрсеткіштерін
сақтап қалды. 2005 жылы валюталық нарықта банктің сауда айналымы тұрақты
өсті. Бұл бір жағынан клиенттердің операцияларының үздіксіз өсуінен болса,
екінші жағынан банкаралық және биржа нарығындағы банктің өз операцияларының
ұлғаюы есебінен өсті. Мониторинг бойынша және банк-контрагенттерінің
қаржылық қызметіне талдау жасау жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Банк белсенді операциялар жүргізудің лимитін белгілейді. Мұның өзі есеп
айырысуды жылдамдататындығымен қатар бір мезгілде қаржының қайтпай қалу
қаупін азайтады. Жыл қорытындысы бойынша корреспонденттік есеп-шоттың
қалдығының лимитін белгілейді. Ақша нарығында Еуразиялық банк 17
қазақстандық, 18 ресейлік, украиндық және Латвия банкілерімен операциялар
жүргізіледі.
Еуразиялық Банк ЖАҚ шет ел валютасының биржа нарығында жетекші,
операциялардың ішінде алдыңғы орындарға ие.
2006 жылы Еуразиялық банктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кіші кәсіпкерлікті басқарудың тиімділігі
Банктік лизинг кезеңі
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
Кәсіпкерліктің жалпы мәні
Пәндер