Қорқыт ата энциклопедиялық жинағы



Жоспар:
1. Қорқыт ата.
2. Қорқыт ата энциклопедиялық жинағы.
3. Қорқыт ата мазары.
4. Қорқыт ата кітабы.
5. Қорқыт ата ескерткіші.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қорқыт ата.

2. Қорқыт ата энциклопедиялық жинағы.

3. Қорқыт ата мазары.

4. Қорқыт ата кітабы.

5. Қорқыт ата ескерткіші.

Қорқыт ата-түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл,жырау,қобызшы.Қорқыт атаның
өмірде ізі артында әдеби музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.
Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі тура- лы ғылымда әр түрлі болжамдар
қалыптасқан.Алайда зерттеушілердің көпшілігі Қорқыт атаның Сырдария бойында
өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде X ғасырдың басында дүниеге
келген деген тұжырымға салды.Рашид әд-Дин “Жамиғ ат-Тауарих„атты тарихи
шежіресінде Қорқыт атаның қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік
шежіресінде„оның тегі баят екендігі,оғыздардың елбегі болып,95 жасқа келіп
қайтыс болғандығы айтылады.Сыр жағасында жақын жерде Қорқыт атаның зираты
болғаның Ә.Диваев т.б ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә. Қоңырбаевтің
зерттеулерінде Қорқыт атаның XI ғасырдың басында дүниеден өткен
делінсе,Ә.Марғыланның еңбектерінде ол VII-VIII ғасыр аралығында өмір сүрді
деген пікір айтылады.Қорқыт ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш
түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден-ол оғыз-қыпшақ,ұлысынан шыққан
айтулы бақсы,абыз.Екіншіден-күйші,қобыз сарынын алғаш туындатушы
өнерпаз.Үшіншіден-әйгілі жырау,оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген
әдеби-тарихи мұра.Аңыз бойынша,анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы
көтеріп жүріпті.Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен.Қорқыт дүниеге
келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық
басады.Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген.Осыған
орай баланың атын“Қорқыт„деп қойған.“Қорқыт„сөзінің этимоласын Ә.
Қоңыратбаев“құтты адам,құт әкелетін адам„деп көрсетсе,С. Қасқабасов“өмір
сарқылды, адам өлді„ деген мағнаны білдіреді деп санайды.Қорқыт атаның
тарихи тұлға екенің растайтың жазба ескерткіш“Қорқыт ата кітабы„.Онда
Қорқыт ата жырау,бақсы,ақылгөй,данышпан,көсем, күйші ретінде
көрінеді.Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі.Ол“өмір
барда өлім бар,өзгеру бар, өлмес өмір жоқ,сынбас темір жоқ,бәрі де
өледі,өзгереді,ұмыт болады,тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе-
адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі„дейді.Аңыз бойынша Қорқыт
ата ұйықтап кетіп“егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресін„ деген аян
естиді.Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп,жете алмағасын.“Өлсем
де, жетемін!„дейді.Соны айтуы мұң екен,Әзірейіл келіп,“Сен өлімді еске
алдың,енді өлесің!„ дейді. Аңызда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына
мініп,халқы бақытты өмір сүретін жер-ұйықты іздеуші,ғұмыр бойы өлімге қарсы
күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де,күйімен де
аузына қаратқан,ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының
алауыздығына күйінген Қорқыт ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт
бұрышын кезіп кетеді.Бірақ қайда барса да,алдынан көр қазып жатқан
адамдарды жолықтырады.“Кімнің көрі?„деген сауалына“Қорқыттың деген жауап
естиді„.“Қайда барсаң да Қорқыттың көрі„деген сөз осыдан қалған„.Ақыр
аяғында жер кіндігін тапсаң,тірі қаласың деген аян естіп,туған жері-Сыр
өңіріне оралады.Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп,қобыз аспабын
ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша,өзен ортасына кілем жайып,үстінде
отырып қобыз тартқанда,күй күшімен суға батпайды екен.Қорқыт ата қобыз
тартқан жылдары өлім болмаған,тек бақытты тіршілік болған дейді .Бірақ
Қорқыт ата шаршап,ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан
шығып,оны шағып өлтіріпті дейді.Аңызда ажал ашық келмей,жылан кейпінде
келеді.Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын,“ажал айтып келмейді„деген
философия тұжырымның негізін көреміз.Бұл аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып
бүкіл ғарышты аралайды.Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне
дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді .Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді.Таң
атысымен тағы да жолға шығады.Не істерін білмей ,жердің ортасына бармақ
болады.Жер ортасы Сырдың жағасы,қазіргі Қорқыт моласы тұрған түс
екен.М.Әуезов:“ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап
Қорқыт ата жайлы
Қорқыт ата бейнесі
Қорқыт Ата ескерткіші
Қорқыт Атаның философиялық көзқарастары
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
МӘДЕНИ МҰРА
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер