Қазақ би өнерi


Қазақ биі
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», «Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамбльдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан тыс қалды. Халқымыздың тек өзiне ғана тән қазақ биi - әлем билерiнiң iшiндегi ең жасы десек те болады. Ол өзiнiң шарықтау шегiне әлi жете қойған жоқ. Бiрақ оның белгiлi бiр бөлiгi классикалық деңгейге көтерiлдi. Мәселен, халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз» тәрiздi ұлтымыздың болмысын танытатын билер бiздiң мақтанышымыз емес пе. Бұл жайдан-жай көңiл жұбату үшiн айтылған жалған мақтан деуден аулақпын. Бiз тiлге тиек етiп отырған қазақ би өнерi бiрнеше дәуiрдi бастан кештi. Халқымыздың бұл өнерiнiң болашағы бүгiнде осы сала өнерпаздарын қатты толғандырып отыр десем қателесе қоймаспын. Оларды ойландырып, алаңдатып отырғанда ұлттық биiмiздiң философияға бай мағынасы, әсерлi де тартымды көрiнiстерi болса керек. Жалпы бiздiң елдiң би өнерiнiң мүмкiндiгi мен өрiсi өте зор әрi биiк. Демек жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. Сайып келгенде, қазақ биi оның арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы. Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жататынына өз басым күмәнiм жоқ. Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болатынын ешкiм жоққа шығармайды. Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын. Ендi бiр сәт қазақ биiнiң жүрiп өткен жолына үңiлсек оның аумалы-төкпелi, өрлеу мен тоқырау кезеңдерi аз болмапты. Бiрақ Шара сынды саңлақтың арқасында бiздiң биiмiз әлемдiк сахнаға азды-көптi шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегiнiң нәтижесiнде қазақ биiнiң әр өрнегi халыққа жеттi. Ол өзiнiң түсiнiктi де тартымды, әсерлi де мәнерлi билерiмен сол өзi өмiр сүрген заманның талабын орындады, жүгiн көтердi. Сөйтiп, Шара апамыз қазақ би өнерiнiң қайталанбас жарық жұлдызына айналды десем менiмен бәрi келiсер. Әрине, Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбiров, Зауыр Райбаев, Болат Аюханов, Гүлжан Талпақова сынды бишiлер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биiнiң өзiне тән ерекшелiктердi бойына сақтаған әрi оны басқа елдердiң билерiмен салыстыруға да келмейдi. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иiрiмдерi, билеу мәнерi дараланып тұрады. Себебi, бiздiң табиғатымыз даламен, еркiндiкпен, кеңдiкпен тiкелей байланысты. Қазақ оның төсiнде өскен төл баласы. Бұл қасиет оның өнерiне де тән құбылыс әрi заңдылық. Сондықтан да би өнерiнiң негiзi, қалыптасуы, тууы мiне осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты ондаған ұлттық билерiмiз куә. Бұлардың денi классикалық өнер туындыларына, бишiлерiмiз үшiн би үлгiлерiне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмiрiн би тiлiмен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткiзедi. Қазақ биiнiң түп төркiнiнде халықтың рухани таным түсiнiгiнiң жиынтық көрiнiсi жатқандай көрiнедi маған. Бiздiң ұлттық мәдениетiмiз оның iшiнде өзiмiз тiлге тиек етiп отырған би де елiмiздiң қоғамдық өмiрiнде орын алған өтпелi кезең кезiнде басқа өнер түрлерi тәрiздi бiраз қиыңдықтарды бастан кешiргенi рас. Бiрақ ол ертеден келе жатқан желiсiн үзiп алған жоқ, классикалық негiзiнен адасып, оны жоғалтқан жоқ. Өйткенi оның тамыры тереңде, халықтың санасында жатыр. Шара апамыз көздiң қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тiрнектеп жинаған iнжу-маржан дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру бүгiнгi бишiлерге парыз, әрi аманат. «Қазақ биiн классикалық деңгейге көтере алмадық» деп бiр кездерi өкiнгендерге ендi сол мақсатты жүзеге асырудың сәтi туды. Бiздi ендi ешкiм қолымыздан қақпайды. Әлемге қазақ биiн танытатын зор мүмкiндiктерге жол ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия елдерiнiң сахналарында өнер көрсетiп, ұлттық биiмiздiң айшықты өрнегiмен таңқалдырып жүрген таланттар. Шетелдiк көрермендер «мынау нағыз классикалық би ғой»деп тамсанғандарын бишiлерiмiз мақтаныш етiп айтып жүргендерiнiң талай рет куәсi болды. Қазақ билерi-көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс-тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады. Ол елдiң сән-салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы-мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Бишi «бидi әйтеуiр билеп шықсам болды» деп ойламай, бидiң көрiнiстiк әсерiнен гөрi оның iшкi айтайын деген табиғи сұлулығына көбiрек мән берiп, халықтың назарын соған аударуға ден қойса, онда ол бишiнiң биi көңiлден шықты деген сөз. Әр бидiң де адам сияқты өзiндiк ерекшелiгi, мiнез-құлқы бар екенiн бишi әсте шығармауы керек.
Мен бидi өнерiмiздiң бөлiнбес бiр бөлшегi деп қараймын. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамыздың ортаймауын оның жаңа билермен толыға, байи түсуiн ойлайтын жанашыр жандар қанша ма?Олардың алғы шебiнде Шұғыла Сапарғалиқызы, Ақмарал Қайназарова сынды би өнерiнiң фонатик терi тұр. Әрине, биде тiл жоқ, онда тек әдемi қимыл ғана бар. Көкiрек көзi көреген өнердiң жақсысын «жақсы», жаманын «жаман» деп айтатындар да бар. Өйткенi бiр бидi екi адам екi түрлi түсiнуi мүмкiн. Мәселен, қос бiлектiң ширатыла өрiлген қимылына, үзiлiп кеткелi тұрған белдiң нәзiк қозғалысына ғана сүйсiнiп, одан әрiге өресi жетпей жатқан жандарды да кiнәлауға болмайды. Зер салып, зерделеп қарасаңыз, кез келген би адамның жан дүниесiнiң сезiмi мен сыры iспеттi. Осы жерде Шара апамыздың би туралы айтқан бiр әңгiмесі: «Әлi есiмде, - деп бастап едi сөзiн көзiнiң тiрiсiнде бiр кездескенiмде, - театрда «Айман-Шолпан» пьесасын қоюға дайындық жүрiп жатқан шақ болатын. Бiрiншi күнi музыкасын тыңдап әзiрленiп жатқанбыз. Мұхаң, Мұхтар Әуезов менi оңаша шақырып алды да:- Шара, - дедi, - мынау қазақ халқы дарынды халық, өнерпаз халық, ән деген, күй деген мұра қалған. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден саған мұра жоқтың қасы. Сен осы бидi қолыңа ал. Менiң байқауымша сенен бiр нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай өнердi алсақ та, опера болсын, мына музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды. Осы «Айман-Шолпаннан»басқа. Қандай би бар?. . - Мұха-ау, қандай би?Менiң билеп жүрген билерiм әр түрлi. Бұған қандай би лайықты екенiн өзiңiз айтыңыз. -Сен мынадан баста. Қазақтың мидай даласы . . . Көкпарды көрдiң бе?Бәйгенi көрдiң бе? Қаражорғаны көрдiң бе? - Е . . . көрдiм . . . - Мына аттың жорғасы, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi, осының бәрi би емес пе?би. Күйдi тыңдап көрдiң бе? Күй, қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап, музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады. Ендi «Айман-Шолпанда»сен мына «Қоян биiнен»баста, -деп өтiнiш айтты. Сонымен екi қызбен қоян болып билеп, кейiнiрек «Қаражорғаны» билеп, би өнерiн бастадым, -деген едi сонда. Ұлттық би өнерiмiзге қамқоршы болған заңғар жазушының сол бiр көреген қасиетiнiң өмiршеңдiгiне бүгiнде көзiмiз жеткендей Мұхаң айтқандардың бәрi қазақ биiнiң табиғатында бар десек ешкiм бiзбен дауласа қоймас. Ұлы тұлғалар негiзiн қалап кеткен ұлттық дәстүрлi би мектебiмiз де бар, тек оны өз халқымыздың дүние танымына сәйкес туындылармен ұлттық бояумен өрнектей бiлсек болғаны.
Мұхтар Әуезов: Бiздiң қазақ халқы дарынды өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн. Менiң байқауымша осы өнерге талпынып жүрген Шара сияқты жастар бар көрiнедi. Одан бiр нәрсе шығатын түрi бар. Ал қай өнердi алсақ та опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды.
Қазақтың мидай даласы . . . Көкпарды көз алдыңызға елестетiп көрiңiз. Бәйгенi көрдiңiз бе? Жорғаның жүрiсiн көрдiң бе? Мiне, осының бәрi қимыл-қозғалыс. Аттың желiсi, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi осының бәрi би емес пе, би. Қазақтың күйiн тыңдап көрiңiз, қандай әуен иiрiмдерi, ырғақтар жатыр. Қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрi қимыл, осының бәрiн ойлап музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең би болып шығады.
Қазақстанның халық әртiсi
Гүлжан Талпақова: Қазiр ұлттық бидi билейтiн бишiлер аз. Бұл-бiр. Екiншiден бұрын бишiлердi отыз сегiз жаста, ер адамдарды отыз тоғыз жаста зейнеткерлiкке шығаратын. Қазiр елу сегiз-алпыстар шамасында шығаратын болыпты. Бұл - мүлде дұрыс емес. Үшiншiден, бiздегi жақсы бишiлердiң барлығы шет мемлекеттерге кетiп жатыр. Кетпес үшiн талантты бишiлердi мемлекет барлық жағынан қамтамасыз етiп отыруы керек. Мәселен, жақсы бишiнiң жалақысы да жақсы болғаны дұрыс. Бiр қуанарлығы, талантты жастар көп шығып жатыр. Оның сексен пайызы қазақ балалары. Бiр ғана хореографиялық училищенiң өзiнде Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген балалар оқиды. Ендеше, теледидардан танымайтын әншiлердiң клиптерiн көрсете бергенше, сол балалардың өнерiн халыққа жеткiзбей ме!
Бишi Шұғыла САПАРҒАЛИҚЫЗЫ :
- Елге келгендегi мақсатым - Астана мен Алматыда би мектептерiн ашу болатын. Өзiм үйренген би өнерiнiң құпия сырларын кейiнгi балаларға үйрету. Қазақ би өнерiн жоғары дәрежеге көтеруге ат салыссам деген арман бар көкiрегiмде. Көп адамдар қазақта би болмаған деген сөздердi шығарып алған. Қазақта би болмаған деген сөздi айту - бiз үшiн үлкен ұят iс. Өзiмiздегi бар нәрсенi қалай жоққа шығарамыз. Қайта жоғалтқанымызды тауып, жарыққа шығаруымыз керек емес пе?Би - қазақтың өзiмен бiрге өнiп-өскен, әлмисақтан келе жатқан өнер. Ол аспаннан салбырап түсе салған нәрсе емес. Қазақтың өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiнен туған өнер. Ән - музыка да солай ғой. Өмiрден алған әсерiңiзден, қуанышыңыздан, қайғы-күйiнiшiңiзден ән немесе саз тумай ма?Композиторлар көңiлiнiң әуенiн сазбен, ал ақын-жазушылар сөзбен бiлдiредi. Би де сол сияқты. Бiрақ мұндағы iшкi сезiмдердi бейнелеу құралы - қимыл-қозғалыс. Әрине, ойды тiлмен емес, қимылмен жеткiзу қиын нәрсе. Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы музыка аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкіл одақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш. Жиенқұлова мен Ә. Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова - 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж. -хореограф. Л. Д. Чернышова, комп. Б. Байқадамов ұйымдастырды. 1989 ж. құрылған “Салтанат” би ансамблі М. Төлебаев, Байқадамов, Л. Хамиди, С. Мұхамеджанов, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, т. б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі. “Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореогр. композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығарма шылық бет-бейнесін айқындады. Қазақстан ән-би ансамблі ТМД елдерінде, АҚШ, Венгрия, Швейцария, Франция, Англия, Түркия, Корея, Қытай, т. б. елдер де өнер көрсетті.
Шара Жиенқұлова
- қазақ би өнерінің ханшайымы. Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі-Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш бейнесі-оның театрдағы алғашқы сомдаған рөлі. Кейін ол Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдады. 1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті. Шара Жиенқұлова 1936жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің он күндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды. 1938 жылы қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр» қойылымында ол басты кейіпкер Мамырдың партиясын орындады. Балетмейстер Л. А. Жуковпен бірлесе отырып, 1940 жылы И. Н. Надировтың «Көктем» балетін қойды. Өз жұмысын Шара Жиенқұлова 1940-1962 жылы Қазақ филормониясында жалғастырды. 1962-1966 жылдары Қазақ ән-би ансамблінің басшысы болды. 1966-1975 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры қызметінде болды. Ол қазақ өнерінің дамуына сүмбелі үлес қосты. Ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеп, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық билеріне жаңа дем берді. Ол «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» т. с. с. билерді дүниеге әкелді. Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады. Марапаттары:1936 - Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, 1938 - Қазақ КСР халық әртісі, 1968 - Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. "Қазақ биі", ''Сымбат", "Өмірім менің- өнерім", "Би құпиясы" кітаптарының авторы. Шара Жиенқұлова 1991 жылы 21 мамырда сексенге қараған шағында Алматы қаласында көз жұмды.
«ҚАРА ЖОРҒА» - қазақтың халық биі.
Бүгіндері жиын-тойдың көркіне айналған «Қара жорға» әні мен биі төңірегінде түрлі әңгіме тууда. Бұл әннің қазаққа қатысы жоқ деген пікір де бірлі-жарым басылым бетінде жария болды. Тіпті қазаққа танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов теледидар арқылы«Қара жорға» биін елге келген індетке балады. Осы орайда біз Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, зерттеуші-ғалым Зейнолла Сәніктің «Қара жорға» биінің тарихы туралы жазған зерттеу мақаласын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Егер осы жарияланымға қатысты пікірлер редакцияға жолдана жатса, оларға да газет бетінен орын беруге дайынбыз.
Соңғы жылдары «Қара жорға» биі мен «Кеңес күйі» дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабына еніп, бүкіл дүние жүзіне тарала бастағандығы жұртқа мәлім. Қазақстан халқы да өзінің ежелгі өнерімен қайта қауышып«Қара жорғаның»ел ішіндегі насихаты табиғи сипат алуда. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Атырау қаласында бұл биді бір сәтте 15 мың адам билеген.
Бір қызығы - бұл бидің адам денсаулығына пайдасы жөнінде медицина мамандары да атсалысып, тамаша пікірлер айтып жүр. Би мамандары орыс биі аяқпен, өзбек, ұйғыр билері қол-мойын әрекетімен, моңғол биі жауырынмен, ал қазақ билері - адамның тұтас буындар жүйесімен орындалады деп қарайды. Осылайша бұл би біртіндеп оқушылар гимнастикасына айналып, «Сарыарқа» біздің күйіміз, Қара жорға биіміз» дейтіндей, үлкен ұлттық дәстүрге айналып келеді. Осы бидің тегін зерттей келгенде, ең алдымен «қара» сөзінің арғы астарында үлкен мән-мағына жатқандығын байқауға болады. Бұл «қара» - «бұқара» деген мағына берсе керек. Қазақ халқының негізгі - «қара орман» тіркесімен теңесетін ұғым. Сол сияқты «қара сөз», «қара шаңырақ» деген ұғымдарға ұқсас қолданысқа ие. «Қара өлең» - қазақ өлең-жырының ұшқан ұя, алтын бесігі. «Қара жорға» - қазақтың халық биі, қазақ биінің төресі, атасы. Олай болса, біз халқымыздың қасиетті биі «Қара жорғаны» да қастерлеп, оны қазақ билерінің атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз деп білгеніміз абзал. Халықтың Жорғадай тайпалған, думанға толы дәстүрлі биі дегенді білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz