Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам организміне әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Пестицидтердің түрлері мен топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Пестицидтерді зиянды өлшемдері және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Пестицидтерді қолданудың экологиялық проблемалары және олардың адам организміне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4 Топырақтың ластануын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2 ПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУДА АҒЗАЛАР САНЫН РЕТТЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Пестицидтер айналымында қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Пестицидсіз технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Пестицидтердің түрлері мен топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Пестицидтерді зиянды өлшемдері және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Пестицидтерді қолданудың экологиялық проблемалары және олардың адам организміне әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Топырақтың ластануын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2 ПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУДА АҒЗАЛАР САНЫН РЕТТЕУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Пестицидтер айналымында қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Пестицидсіз технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Соңғы кездері адам саны жыл сайын өсуді көрсетеді. Соған байланысты, үшінші мыңжылдықта, яғни 2050-жылы адамзат баласының саны 9,2 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл жағдай біздің пла - нетамызда азық-түлік тапшы - лығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сон - дықтан, біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша көздерін іздестіруге мәжбүр боламыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік қоры мекемесінің мәліметтері бойынша, дүниежүзілік барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі зиянды организмдер әсерінен 35%, оның ішінде зиянкестерден 13,8%, арамшөптерден 12% және өсімдік ауруларынан 9,2% төмендейді екен. Өнімділіктің тікелей азаюымен қатар, олардың сапасы да на - шарлап, өнім - ді сақтау ке - зінде оны 10-12% тағы да жоғалтады екенбіз. Ауыл шаруашылығы өнімдері - нің қосымша көздерін арттырудың бірден бір жолы - ол зиянды орга - низмдердің егістіктерге, бау-бақ - ша мен жайылымдықтарға тигізер кері әсерін күрт төмендету немесе біржолата жою болып табылады. Бірақ, оларды жою барысында өнімнің сапасы мен құрамына зиянын тигізбеу басты мәселелердің қатарында.
Пестицидтерді дұрыс пайдалану ережелерін толық сақтаған жағдайда, олардың қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсері болмайды. Дегенмен, оларды дұрыс пайдалану ережелері шаруашылықтарда, өнімдерді сақтау қоймаларында, тұрмыстық жағдайларда сақталмайтыны белгілі. Осы мәселелерді анықтау, талдау және зерттеу мен оны әрбір адамның білуі өзекті мәселелердің бірі.
Жұмыстың мақсаты: Пестицидтерді қолданудың экологиялық проблемаларын анықтап, олардың ең тиімді технологияларын негіздеу.
Жұмыстың міндеті:
- Пестицидтердің адам денсаулығына әсерін анықтап талдау;
- Агробиоценоздың тіршілігін бұзбай, топырақтың, судың, ауаның, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің пестицидтермен ластануын болдырмай, пестицидсіз технологияларын негіздеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, 2 кестеден, 4 суреттен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ ӘСЕРІ
1.1 Пестицидтердің түрлері мен топтары
Пестицидтер (латынның pestis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін деген сөздерінен шыққан) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық қосылыстар. Бұл қосылыстардың барлығы ксенобиотиктер, яғни тірі ағзалар мен тұтас алғандағы биосфера үшін бөгде заттар болып табылады [1].
Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек. Күрделі химиялық қосылыстар - пестицидтердің қоршаған ортаға әсері зиянды және қауіптілігі жоғары.
Пестицидтердің түрі өте көп. Оларға мына препараттар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданылатын - гербицидтер, бунақденелілер - инсектицидтер, саңырауқұлақтар - фунгицидтер, кенелерге - акарицидтер, балдырлар - альгицидтер және т.б [2].
Соның ішінде гербицидтерге тоқтала кетейік. Гербицидтер (шөпжойғыштар) - арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Олар өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететіндер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамдылар. Біріншісі, өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін; екіншісі, мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады. Гербицидтер өсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты тікелей жойғыш және жүйелік болып бөлінеді. Тікелей жойғыштар - өсімдік тіндерін тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды. Жүйеліктер - өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап, уландырады, олардың тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Тікелей жойғыш және жүйелік гербицидтердің ерітінділерін, эмульсияларын өсімдіктің сабағына бүркеді. Гербицидтер ретінде органикалық және анорганикалық заттар қолданылады. Кейде бірнеше гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі (1-кесте). Оларды ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды.
1-кесте - Гербицидтер
Саудалық атауы,
препараттық формасы,
әсерлi заты, фирмасы.
Қайта тiркеу мерзiмi (айы, жылы)
Қолдану мөлшерi (лга, кгга)
Дақыл, өңдеу нысаны
Арам шөптер
Өңдеу мерзiмi, шектелуi, тәсiлi
Өнiмдi жинағанға дейiнгi соңғы бүрку мезгiлi
( ) бүрку еселiгiнiң максималдығы
АВАДЕКС БВ, 48 % к.э.
(триаллат)
Монсанто, АҚШ
П - 3
12.2012 ж.
1.7-3.4
Жаздық бидай, арпа
Қара сұлы
Дақылды сепкенге дейiн немесе өскiндерi жерге шыққанға (тез арада сiңiру) дейiн топыраққа бүрку
- (1)
АМИНОПИЕЛИК 600 SL, с.е.(диметиламиндiтұзы 2,4-Д) Рокита С.А., Польша П - 4 02.2006 ж.
1.25- 1.5
Жаздық бидай және арпа
Бiржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер
Егiстi дақылдың түптену кезеңiнде бүрку
- (1)
АРСЕНАЛ, 25 % с.к.
(имазапир)
БАСФ Агрокемикал Продактс Б.В., Пуэрто Рико
П - 4
12.2012 ж.
2.0-2.5
Ауыл шаруашылығына пайдаланбайтын (электр желiсi қарауына алынған алқаптар, газ және мұнай құбырлары, темiр жолы үйiндiлерi, жол жағалары)
Арамшөптердiң барлық түрлерi оның iшiнде жусан жапырақты ойраншөп және жатаған кекiре,
Арамшөптер-дiң алғашқы өсу кезеңiнде оның iшiнде жусан жапырақты ойраншөптiң 2-4 жапырағы болғанда және жатаған кекiренiң сабақтану кезеңiнде бүрку
- (1)
4.0-5.0
Мемлекеттiк шекарада (iз кесетiн алқап)
Арамшөптердiң барлық түрлерi
Арамшөптердiң алғашқы өсу кезеңiнде бүрку
- (1)
АУРА ПЛЮС, 7,5 % к.э.
(клефоксидим 75 гл, )
БАСФ, Германия
12.2012 ж.
1.5
Күрiш
Бiржылдық астық тұқымдас арамшөптер (тары тәрiздi) однолетние)
Егiстiктi арамшөптiң түптену кезеңiнде бүрку
- (1)
БАЗАГРАН М, 37 % с.е.
(бентазон 25 % + МСРА натрий-калийлiтұзы,
12,5 %)
БАСФ, Германия
П - 4
12.2012 ж.
2.0-3.0
Жаздық бидай және арпа (жоңышқа араластырып себiлген
Бiржылдық қосжарнақты
Егiсте жоңышқаның 1-шi үшашалы жапырағы шыққанда бүрку (дәндi дақылдың түптену кезеңiнде
- (1)
3.0
Күрiш
Түйнекөлең
Күрiште 4-6 жапырақ кезеңiнде бүрку
- (1)
БАРС СУПЕР, 10 % к.э.(феноксапроп-п- этил + антидот)
Байер КропСайенс
П - 4
12.2012 ж.
0.6-0.9
Жаздық және күздiк бидай
Бiржылдық астық тұқымдастар
Егiстегi өскен арамшөптердiң 2-шi жапырағы шыққан кезеңiнен бастап түптену кезеңiнiң аяағына дейiн бүрку (дақылдың өсу кезеңiне қатыссыз)
- (1)
БИТАП-КОМПАКТ, 16 % к.э. (фенмедифам, 8 % + десмедифам, 8 %)
Юнайтед Фосфорус Лтд, Индия
П - 4
12.2012 ж.
4.0-6.0
Қант қызылшасы
Бiржылдық қосжарнақты ( гүлтәжiнiң түрлерiн қоса)
Егiсте дақылдың негiзгi 2 жапырағы ал арамшөптiң ерте өсу кезеңiнде (2-4 жапырақ)
- (1)
ГАЛАКСИ ТОП, 48 % с.е.
(бентазон, 32 % + ацифлуорфен, 16 %)
БАСФ, Германия П - 4 12.2012 ж.
1.5-2.5
Қытай бұршақ (соя)
Бiржылдық және көпжылдық қосжарнақты
Егiсте дақылдың негiзгi 1-4 жапырағы ал арамшөпте 2-6 жапырақ болғанда бүрку
- (1)
ДЕЗОРМОН-ЭФИР, 72% к.э. ( 2-этилгексилдi эфир 2, 4 дихлорфеноксисiлтiлi қышқылдары) Нуфарм, Австрия П - 4 02.2004 ж.
0.6-0.8
Жаздық және күздiк бидай, жаздық арпа
Бiржылдық және көпжылдық қосжарнақты
Егiстегi дақылдың түптену кезеңiнде бүрку
- (1)
ДИКАМИН Д, 72 % с.е. (720 гл 2,4-Даминдi тұзы) Нитрохимия, Венгрия
П - 4
08.2004 ж.
1.0 - 1.25
Жаздық және күздiк бидай, жаздық арпа
Бiржылдық қосжарнақты
Егiсте дақылдың түптену кезеңiнде яғни түтiктенуге дейiн бүрку
- (1)
ДИФЕЗАН, 50 % с.е.(хлорсульфурон + дикамба),
ФГУП ВНИИХСЗР, Ресей
П - 4
12.2012 ж.
140-200 млга
Күздiк бидай, арпа
Бiржылдық және кейбiр көпжылдық қосжарнақты
Көктемде егiстi дақылдың түптену кезеңiнде бүрку
Пестицидтерге сонымен қатар, ағзалардың физиологиялық функцияларын өзгертетін немесе оның жекелеген мүшелеріне әсер ететін заттар да жатады. Дефолианттар - өсімдіктердің жапырағын түсіретін, дефлоранттар - өсімдіктердің гүлдерін жою үшін, репллент - жануарларды қорқыту үшін, аттарактанттар - жануарларды өзіне тарту үшін, фумиганттар - дезинфекция мақсатында ауыл шаруашылық танаптары немесе ғимараттарды түтіндету үшін қолданылады [3].
Соңғы жылдары улылық дәрежесі жоғары, бірақ тіршілік периоды қысқа пестицидтерге сұраныс артуда. Пестицидтерге мысалы, кеңінен танымал препарат ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан), дильдрин, линдан, альдрин және т.б. жатады. Аталған препараттардың зиянды экологиялық эффектісі - улылығы төмен болғанмен өмір сүру уақыты ұзақ. ДДТ қоршаған ортада ондаған жыл сақталады (жартылай ыдырау кезеңі шамамен 20 жыл).
Пестицидтердің өздерінің өмір сүру уақытының ұзақтылығымен қатар, ағзаларға олардың ыдырау өнімдерінің де әсерін есепке алу қажет. Мұндай пестицидтерге құрамында ауыр металдар болатын (қорғасын, мышьяк, сынап) препараттар жатады. Олардың органикалық, мысалы сынапорганикалық (гранозан, меркуран) немесе бейорганикалық, мысалы, мышьякты (натрий арсенаты, калий арсенаты) табиғаты болуы мүмкін. Аталған пестицидтерді Б.Небел бірінші буынның пестицидтеріне жатқызады. Олар тұрақты болуымен (сынапорганикалық - 10 жылға дейін) сипатталады. Олардың ыдырау өнімдері (ауыр металдар) өте жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Бұл заттар топырақта, қоректік тізбектерде, олай болса азық-түлікте жиналуға қабілетті.
Пестицидтерді мәдени шаруашылықтың нәтижесі деп қарастыру керек. Оларды адам қолдан жасаған жасанды жүйелерде (агроценоз) немесе өздігінен реттелу механизмдері (гомеостаз) бұзылған табиғи экожүйелерде қолданады. Кейде пестицидтерді тұрақты табиғи экожүйелерде табиғи даму кезіндегі жекелеген ағзалардың шектен тыс көбейіп кетуін басу үшін де пайдаланады. Бұл құбылыс әсіресе орман экожүйелерінде жиі байқалады.
Ғалымдардың болжамы бойынша пестицидтердің көмегімен адамның және үй жануарларының шамамен 30 ауруының алдын алуға, 25 млн. адамның өмірін сақтауға және 1 млрд-қа жуық ауруларды болдырмауға қол жеткізілді.
Пестицидтерді қолдану толығынан дерлік мына ауруларды безгек, кене энциофалиті, тулярея және т.б. жоюға мүмкіндік береді.
Дүние жүзінде өсімдік аурулары, арамшөптер мен зиянкестерден өнімнің 50%-ы, ал дамыған елдерде шамамен 15%-ы жойылады [3].
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1. Хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст), гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2. Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3. Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсер етеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4. Хлорфеноксиқышқыл туындылары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Пестицидтердің ыдырау механизмі. Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі - ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
1.2 Пестицидтерді зиянды өлшемдері және қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеу
Пестицидтер зияндысының негізгі өлшемдері - тәжрибе кезінде пайдаланғанда жануарлардың 50%-ын өлтіретін, жануарларды толық жоятын препараттың орташа мөлшері (ЛД50), зертханалық жануардың асқазанына енгізген кездегі олардың уыттылығы болып табылады және осы көрсеткіштер бойынша пестицидтер:
1) аса уыттылыққа, ЛД50 50мгкг дейін құрайды;
2) жоғары уыттылыққа - 50-200 мгкг;
3) орташа уыттылыққа - 200-100 мгкг;
4) аз уыттылыққа - 1000 мгкг-дай бөлінеді.
Пестицидтер әртүрлі теріге сіңетін уыттылыққа ие:
1) айқын көрсетілген, теріге 500 мгкг дейін енгізген кезде теріде тітіркену пайда болады;
2) көрсетілген - енгізген кезде 500-2000 мгкг;
3) нашар көрсетілген - енгізген кезде 2000 мгкг-дай.
Заттың қауіптілігі ұшу дәрежесі бойынша жіктеледі:
1) айқын көрсетілген, мұнда қаныққан концентрация көп немесе уыттылыққа тең;
2) көрсетілген - қаныққан концентрация шектіден көп;
3) аз көрсетілген - қаныққан концентрация шекті әсер етпейді.
Пестицидтер организмде кумуляциялау үшін әртүрлі тәсілдерге ие:
1) жоғары кумуляция - кумуляция коэффициенті 1 шегінде;
2) көрсетілген кумуляция - кумуляция коэффициенті 1-ден 3-ке дейін;
3) орташа кумуляция - кумуляция коэффициенті 3-тен 5-ке дейін;
4) нашар көрсетілген - кумуляция коэффициенті 5-тен жоғары.
Пестицидтер қоршаған орта объектілерінде мынадай жартылай ыдырау кезеңдерімен сипатталады, негізінде топырақта:
1) 1-2 жылда жартылай ыдырау кезеңі өте күшті;
2) күшті - 6 айдан 1 жылға дейін;
3) күштілігі орташа - 1 айдан 6 айға дейін;
4) күштілігі аз - 1 айға дейін.
Пестицидтер қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптарға жіктеледі:
1) сынып 1 А - өте қауіпті;
2) сынып 1 Б - қауіптілігі жоғары;
3) сынып 2 - қауіптілігі орташа;
4) сынып 3 - қауіптілігі аз;
5) сынып 4 - дағдылы пайдалану кезінде күшті қауіптілік болып табылмайтын өнімдер.
Қауіптілік сыныбы пестицидтің орамында және ілеспе құжаттарда көрсетілуі керек [4].
1.3 Пестицидтерді қолданудың экологиялық проблемалары және олардың адам организміне әсері
Есептеулер қоршаған ортаға енгізілген улардың тек 1%-ы ғана, пестицидтерді қарсы пайдаланатын ағзалармен тікелей жанасатынын көрсетті. Ал қалған массасы қоршаған ортаның әр түрлі звеноларына түседі (1-сурет). Олардың әсері ізсіз кетпейді:
- топыраққа түсіп, пайдалы микроорганизмдерді жояды және топырақтың құрамын құртады;
- ауаға түсіп, ауа арқылы дем алатын организмдерді уландырады;
- суға түсіп, тірі организмдердің денесіне еніп, зиянды әсер етеді;
- азық-түлікке - су және топырақ арқылы түседі. Олар бүкіл тірі ағзаларды уландырып, адамдарға кері әсерін тигізеді.
Жауын-шашын
Су
Биотоп
Ауа
Топырақ
Пестицидтер
1-сурет - Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
ХХ ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30%-ға жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлоры бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Сонымен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мгкг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%-ында пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3%-ға артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауыл шаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақденелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған адамдарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның пайдасынан зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтеді де, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігі белгілі. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ-ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді.
Пестицидтердің экологиялық зияндылығы негізінен олардың улылығына, өмір сүру уақытына, жеке ағзаларға таңдамалы түрде әсер етуіне және ортада өзгеруіне байланысты болады.
Белгілі ДДТ препараты ультракүлгін сәулелердің әсерінен басқа тұрақты және улы көмірсутек - полихлорлы бифенилге (ПХБ) айналады. Бұл заттың ДДТ тәрізді өмір сүру уақыты үлкен, қоректік тізбек буындарында жиналады және көбею мүшелерін зақымдайды.
2-сурет - Қоректік тізбектегі ДДТ-ның биологиялық жиналуы
Пестицидтер тірі ағзаларға таңдамалы түрде әсер еткенімен, бұл таңдамалылық салыстырмалы болып табылады. Пестицидтердің ішінде тек бір ағзаларды ғана жоятындары жоқ. Олар әсіресе жүйелік жағынан жақын ағзаларды жояды. Оның үстіне пестицидтердің қоректік тізбегі концентрациясы артады. Мысалы, ДДТ-ны (1) судағы масаның дернәсілін өлтіру үшін судың миллионнан бір бөлігіне шашса, одан (2) планктондарда 5миллион, (3,4) балықтар популяциясында одан екі есе көп және (5) үйректерде 1600миллион пестицидтер жинақталады. Ал ол үйректің өліміне алып келеді (2-сурет).
Экологиялық жағынан, әсіресе, жылдан-жылға пестицидтерді пайдалану көлемінің артуы қауіп туғызып отыр. Бұл тек өңделетін жерлердің артуымен ғана емес, ағзалардың пестицидтерге үйренуімен де байланысты. Уақыт өтуіне қарай бірдей нәтиже алу үшін пестицидтерді көп қолдану қажет.
Адам қоректену тізбегінің жоғары деңгейінен қоректік заттар алады. Сондықтан, пестицидтер мен олардың туындылары адам ағзасына жоғары концентрленген түрде түседі.
Пестицидтерді қолданудың белгілі бір сатысында адам өзі зиянкестердің көбеюін туғызады. Бұған жылдам бейімделуден басқа, олардың бәсекелестері немесе жыртқыштарын жою әсер етеді [3].
Пестицидтердің ішіндегі ең қауіптісі - ДДТ. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан, топырақта, суда көп мөлшерде жинақталады. Жыл сайын жер бетінде 100мың тонна ДДТ өндірілетінін, адам аяғы бара қоймаған Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДДТ табылғанын ескерсек, жер жүзіне пестицидтердің қалай кең тарағанын түсінуге болады. Американ әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600мың гектар жердегі ағаштарды пестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін, ал Орта Азия мен Қазақстанда, осы пестицидтерді - мақта, күріш, бидай алқаптарында көп қолдану салдарынан кісі өлімі, жас сәбилердің түрлі дертке ұшырауы, жарым-жан балалардың дүниеге келуі көбейгенін әлі ешкім ұмыта қойған жоқ [5].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы қаулысымен бекітілген Пестицидтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті бойынша пестицидтердің адам денсаулығына әсер етуінің 2 деңгейі көрсетілген:
1-деңгей
1) негізгі ақпарат:
- дәрігерлік-санитарлық ақпарат;
- патогендік әрекеті және жұқтыру белгілері туралы практикалық деректер және ақпарат;
- алғашқы дәрігерлік көмекке және терапияларға дейінгі тиімді шаралар;
- өндіруші - зауыттардың персоналын медициналық бақылаудың деректері;
- адамдардағы аллергия және жоғары сезімталдықты бақылаудың деректері;
- клиникалық жағдайларды тікелей бақылаудың деректері;
2) негізгі зерттеулер:
- жоғары сезімталдық;
- өткір улылық, патогендік және жұқтыру қабілеті;
- өткір пероральді улылық, патогендік және жұқтыру қабілеті;
- өткір ингалияциялық улылық, патогендік және жұқтыру қабілеті;
- құрсақ ішітері астына дозасын енгізу;
- гендік улылық (гендік улылылыққа лабораториялық жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz