Мерзім туралы ұғым және оны есептеу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мерзім туралы ұғым және оны есептеу

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді. Уақыттың кезендері объективті түрде, яғни азаматтық, құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан, оқиғалар қатарына жатады.

Мерзімді есептеу. Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары денгейде анықталған. Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақьгг кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, мерзім сөзсіз болуға тиісті оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал.

Мысалы: азаматтың қайтыс болуы. Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп соқтырады. мәселен мұра ашылады және т. б.

Мерзім, негізінен алғанда, заңда, мәміледе немесе соттың шешімінде тағайындалады.

Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталған кезеңі мен аяқталған кезеңін дәл анықтау қажет. Азаматтық Кодекстін 173-ші бабында көрсетілгендей, уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің ағымы күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мысалы: егер мұра қалдырушы 24 мамырда қайтыс болса, 1964 жылғы Азаматтық Кодекстің 542-ші бабына сәйкес мұраны қабылдау немесе одан бас тарту мерзімі 25-ші мамырдан басталады.

Мерзімнің аяқталуына тоқталатын болсақ, онда төмендегі ережелерге сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса, онда мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Жарты жыл есебімен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылуы тиіс. Егер жылдармен немесе айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім сол айдын соңғы күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.

Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, онда бұл әрекет мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа дейін орындалуы мүмкін. Бірақ, егер бұл әрекет мекемеде немесе ұйымда жасалуға тиісті болса, онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған кезде немесе тиісті операциялар жасалып болған кезде бітеді. Сонымен қатар егер мерзімнің соңғы күніндегі жиырма торт сағатқа дейін почтаға немесе телеграфқа тиісті жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса, онда олар мерзімінде берілген болып есептелінеді.

Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы) .

Талап қою мерзімі институты азаматтық құқық қатынастарының қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.

Өкілетті тұлға өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын борышқорды бақылау үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.

Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және олардьг тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.

Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қыскартуға немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері занда көрсетілген яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.

Талап мерзімінің ағымы. Талап қоюдын жалпы мерзімі азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген. Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, АК-тің 216-шы бабында көрсетілгендей, үлесті сатып алулын басым құқығы бұзылған жағдайда, талап қою мерзімі үш ай шенберіңде анықталған.

Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие болғандықтан, бұлар тараптардын өзара келісімімен өзгертілмейді.

Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезенің анықтауымыз қажет. Азаматтық Кодекстін 180-ші бабында толық қамтылғандай, талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер бойьшша талап қою мерзімі олардын орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін женілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім аяқталғаннан кейін басталады.

Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап қою мерзімі мен онын есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді.

Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы тоқтаталуы, үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.

Талап қою мерзімінің тоқтатылуы - талап қоюға кедергі келтіретін жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады.

Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына темендегі жағдайлар бойынша тоқтатылады:

1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса, мысалы, жер сілкіну, топан су, сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені орындау кейінге қалдырылса (мораторий) ;

3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;

4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;

5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы тоқтатылса.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Азаматтық талап қою мерзімі
Корпорацияның негізгі капиталы
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Азаматтық қүқықты қорғайтын мерзімдер
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Азаматтық құқықтағы мерзімдер
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz