Орман өртінің пайда болу себептері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:

ОРЫНДАҒАН:Казез. А. К.

ТЕКСЕРГЕН: Шәріпхан. Ж. Ш.

Семей қаласы 2012 жыл

Жоспар:

  1. Орман өртінің типтері
  2. Орман өртінің пайда болу себептері
  3. Қүшіне байланысты орман өрттерінің жіктелуі
  4. Орман өртінің әкелетін зардаптары
  5. Орман өртінің алдын алу шаралары, өртті сөндіру

Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 9000С-қа жетеді, жалын 0, 5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0, 25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т. б. ), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады) . Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

Биыл орман өрттерінен 531 млн. теңге шығын келді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Орман өрті қаупі ширығып тұрған 2011 жылы аумағы 3154 гектарды құрайтын 665 орман өрті тіркелді. Комитет төрағасының айтуынша, биылғы аптап ыстықтың салдарынан орман өртінің қаупі жоғары болып тұр. Бүгінге дейін мемлекеттік орман қорлары аумағында 5313 гектар жерді шарпыған 613 орман өрті тіркелген. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен жоғары.

«Республика бойынша орман өрттерінің әкелген шығыны 531 млн. 600 мың теңгені құрады», - деді Е. Нысанбаев. Оның сөзіне қарағанда, тілсіз жаудың ең үлкен аумағы Павлодар облысында - 1 452, Қостанай облысында - 1441, Ақмола облысында 1250 гектарды құрады.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов орманшылардың жайбарақаттығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бойкүйездігінен Алатаудың мақпал қарағайларынан айырылып қалып, енді оны қалпына келтіруге, ысырапты бүтіндеуге бюджеттен миллиардттаған қаржы сұрап отыр. Өртенген ағаштарды жинауға халықты жұмылдырып, сенбілік өткізуге насихаттауда. Алматы әкімінің ғана емес, қала тұрғындарының қатты алаңдаушылығын туғызып отырған нәрсе - таудың топырақ жыныстары мен қыр­тыстарын жібермей ұстап тұрған Мохнаткадағы өртенген ағаштардың тамыры жұлынған кезде жаңбыр мен қар суынан лайсаңды тау көшкінінің көкесі орын алуы бек мүмкін. Құдай оның бетін аулақ қылсын!

Бұл жерде орман ағаштарын көзінің қарашығындай қорғауға тиісті Орман және аң шаруашылығы комитетінің жұмысы соңғы жылдары мүлдем бетімен кеткендігін айту керек. Ал қолында мүмкіндігі бар лауазым иелерінің қатысуымен жергілікті тұрғындар жазда орман ағаштарын өртеп, оның қалдық діңгектерін қыста құрылыс материалы етіп сатуды бизнеске айналдырған. Оны Бас прокуратураның соңғы жылдардағы жанайқайы растай түседі.

Прокуратура өкілдері қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық талаптардың орындалуының жай-күйіне тұрақты талдау жүргізіп, ушығып тұрған біраз жайттарды анықтады. «Қазіргі қалыптасып отырған экологиялық ахуал еліміздің қай азаматын да алаңдатып отырғаны рас», - дейді үнемі тексеріс жүргізіп отырған Бас прокуратураның Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті» бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов.

Мәселен, соңғы бірнеше жыл ішінде Павлодар облысында қылмыскерлер сирек кездесетін ондаған мың гектар реликтілі орман жолағын жойып жіберген. Шығыс Қазақстан облысындағы «Семей орманы» резерватында орманды заңсыз отау мен өрт салдарынан соңғы 5 жыл ішінде ғана 6 мың гектарға жуық орманды алқаптың көзі жойылған. Өкініштісі сол, оның 30 пайыздан астамы айрықша қорғалуға тиіс реликтілі қарағай тоғайы болған.

Еліміздегі онсыз да аз орман қорының сақталу жай-күйі мәз емес. Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» резерватының жағдайы шын мәнінде алаңдатарлық. Осы резерватта заңсыз ағаш отау 2007 жылмен салыстырғанда 50 пайыз артып, 166 миллион теңге залал келтірілген. Ал осылардың 90 пайызы шабуға тыйым салынған, әлі жетілмеген жас ағаштар. Оның үстіне, өткен жылы 1300 гектардай орман өртке шалынған. Ал қорықшылар оған қарсы тұруға барлық жағынан дәрменсіз болып отыр. Олардың көпшілігінде өрт-химиялық стансалар жоққа тән, ал барының өзі қажетті жабдықтармен және өрт сөндіретін басқа да құралдармен нашар жарақтанған. Тіпті арнаулы киімдері де жетіспейді.

Өрт шалған ормандардың орнын жас өркен егіп толтыру қажеттігі белгілі. Өкініштісі бұл жұмыс та мардымсыз атқарылуды. Жас шыбықтар осыдан қырық жыл бұрын шы­ғарылған машиналармен, яки қолмен отырғызылатын болған соң жұмыс қайдан оңсын! Осы резерватта бұрнағы жылы 5 су жаңа орман отырғызатын машинаның құнына қымбат «Джип» сатып алынғанын қалай түсінуге болады?!

Соңғы жылдары түрлі БАҚ пен Бас прокуратураның бақылауынан түспей келе жатқан мәселенің бірі сексеуілді қорғау жайы. Еліміздің Бас прокуратурасы сексеуілдің барлық түрін Қызыл кітапқа енгізу жөнінде төрт жыл бұрын ұсыныс жасады. Бұл тегіннен-тегін айтылып отырған сөз емес. Өйткені құмның сусуын тоқтатып, ылғалды сақтауға, жалпы еліміздің климатын реттеп отыруға үлкен ықпал ететін осы өсімдік түгелдей жойылып кету шегінде тұр. Оған адамдардың ашқарақтығымен қоса, оны қорғайтын заңдарымыздың да әлсіздігі себеп болып отыр. Сексеуілді сұлатқандарға қолданылатын жаза расында да кісі сескенетіндей емес. Үкіметіміздің 2007 жылы мамыр айындағы №441 қаулысымен сексеуіл орманының 1 текше метріне келтірілген залал мөлшері 5 есептік айлық көрсеткіш болып қана белгіленген. Ал оның бір гектарынан 2-3 текше метр сексеуіл дайындалады десек, сонда 6 гектар орманды отаған адам қазіргі қолданыстағы заң бойынша әкімшілік жазамен ғана құтылады екен.

Еліміздегі құмды аймақтардағы сексеуіл біткеннің тұқымы тұздай құруға айналғанда ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі орнынан қозғалды. Аталған ведомство еліміз бойынша сексеуіл ағашын шабуға «жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шаптың» керімен оңтүстік облыстардағы аса қадірлі өсімдік түрінің тып-типыл жойылуына шақ қалғанда ғана қозғалып, тыйым салмақшы. Бұл жайында Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Төрағаның айтуынша, Жамбыл облысында сексеуілдің барлық түрін шабуға бүгінде тыйым салынған. «Енді мұндай тыйым бүкіл Қазақстан аумағында салынбақ. Ал күз мезгілі аяқталғанша елдің оңтүстігіндегі 30 мың гектар алқапқа сексеуіл түптері отырғызылатын болады», - дейді Нысанбаев.

Оның сөзіне сенсек, соңғы бірнеше жылда еліміздегі орманды алқаптың аумағы кемімесе, артпаған. Мәселен, өрттің, өсімдік ауруларының, заңсыз шабудың салдарынан тек бес жылдың өзінде егілген 57 мың гектар орманның 17 мың гектары, яғни 30 пайызы жойылған. Бұл егілгені жөніндегі мәлімет. Базарлардың көрігін қыздырып, кәуәп пісірушілердің күн көріс құралына айналып, шенеуніктердің коттедждерінің моншасын жылытуға қанша тонна сексуіл жұмсалғанын кім есептейді?

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев осы қызметке келген күннен бастап өзінің туған-туыстарына, көңіл жықпас ағайындарына майлы жіліктің басын ұстатқан. Бұрын орман ағашын кесіп дайындаушылар рұхсат қағаз алатын болса, оны тұрақты түрдегі ағаш кесу билеті етіп алғызып, өз фирмаларына сеніп тапсырған. Көзі қарақты орманшылардың пайымдауынша осындай фирмалардың қолынан келіп жатқан зиянның өзі шамамен жылына 300-400 миллион теңгеге дейін жетеді-міс. Себебі, өсіп тұрған орман ағаштарын от қойып, оның діңгектерін жарамсыз деген жалған акті жасап, базарға құрылыс материалы етіп шығару өндірістік жолға қойылғандығы белгілі. Мұның қаншалықты рас-өтірігін қаржы агенттігінің құзырына қалдыра тұрып, Семей-Павлодар ормандары ағаштарының өз базарларымызды місе тұтпай, Қытай асуы, оның құжаттарының Ресей орманы ағаштары деп жазылуы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінен хабар береді. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, мұның анық-қанығын зерттеген Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті әзірге тіс жармай отыр.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қанатының астындағы қырандардың қатары сирей түсті. «Ауыз су» бағдарламасын құрғақшылыққа ұшыратқан Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Құмашев құрықталса, майлы жіліктің басындағы «ҚазАгро» холдингінің жетекшісі Берік Бисенғалиев аттан ауып түсті. Алатау мен Семей, Павлодардың ғасырлық бал қарағайларының түбіне жеткен комитеттің төрағасына да тықыр таянды. Ал талай рет от пен судан құрғақ шыққан министр Мамытбековтің тағдыры не болмақ? Миллиардтаған теңгеге әкелген малы мөңіреп, қойы маңырап артында қалып қояды-ау. Себебі, А. Перуашев бастаған, «бір шоғыр сөзуарлар мен жұмыссыздар армиясы» - Е. Никитинский, М. Қазбеков, А. Әбділдаев, Н. Жазылбеков, С. Сәрсенов, А. Тортаев секілді халық қалаулылары ауыл шаруашылығындағы қиғаштықтардың қанатын қиюға шындап кірісті. Сталиннің қанатты сөзіндегідей, «ағашты жарғанда жаңқалары ұшады». Ал шындығында, ауыл шаруа­­шылығы саласындағы сауатсыздықпен һәм әпербақандықпен жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан жаны ашымастық саясаты - жердің және оны емген халықтың ағзасындағы сыздауықтай сыздап жарылатын жайға жетті.

Орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру

Өрт сөндіруші парашютшілер мен десантшылар командаларының жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне ұшу дайындығы

15 минуттан көп уақыт алмайды.

Өрт сөндіру үшін парашютшілер мен өрт сөндіруші-десантшылар қызметі қызметкерлерін түсіру бақылаушы-ұшқыштың жазбаша тапсырмасы бойынша жүргізіледі, ол өрт сөндіруші парашютшілер мен десантшыларды түсірудің орындылығы және қажеттілігі туралы жеке дара шешім қабылдайды, түсірілетін топтың санын анықтайды, өрт сөндіру басшысын тағайындайды.

Парашютшілер немесе өрт сөндіруші десантшылар әуе кемесі жақсырақ бағдар ұстанып, қону алаңынан өртке барар жол белгілеу үшін өртке жақындап келген биіктіктен өртті және оған жапсарлас аумақты қарап көреді.

Өрт сөндіру басшысы өртке қарсы күрестің негізгі тактикалық схемасын белгілейді. Осы уақытта бақылаушы-ұшқыш өрттің сұлбасын жасайды. Сұлбаларды орман өртінің картасында немесе хабарлама бланкісінде бақылаушы-ұшқыш жасайды.

Ұшу биіктігі төмендегеннен кейін және өрт орнын егжей-тегжейлі қарағаннан кейін бақылаушы-ұшқыш жерге түсірілген топтың басшысымен бірге орман өртін сөндіруді ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

Тікұшаққа отырғызу және одан түсіру, әсіресе тікұшақ бір жерде тұрған уақытта жылдам әрі ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс. Десант операцияларының нақты болуы үшін өрт сөндіруші әрбір десантқа олардың тікұшақта алатын орнына байланысты оған міндеттемелер ауқымы бекітіледі. Сондай-ақ тікұшақта өртке қарсы жабдықтарды тиеу, түсіру тәртібі және олардың орны белгіленеді.

Жерде ауыр тікұшаққа тиеу кезінде және 1, 5 метр биіктікке дейін ауада бір орында тұру кезінде ұшуға тағайындалған өрт сөндіруші десанттардың жартысы (жұмыс нөмірінің тәртібі бойынша алғашқылары) тікұшаққа кіреді, ал қалғандары жүктерді беріп тұрады. Алдымен кіре беріс есіктен алыс тұратын жүктер беріледі. Жүктерді тиеу аяқталғаннан кейін барлық өрт сөндіруші десанттар өздерінің орындарына жайғасады. Жүктерді түсіру керісінше тәртіппен жүргізіледі.

Түсіру құралының көмегімен жүктерді түсіргенде алдымен кіре беріс есік алдында отырған өрт сөндіруші десант, оның артынан оң борттағы қарсы отырған десант түсіріледі. Осыдан кейін қалған десанттар орналасу тәртібіне байланысты алдымен есікке жақын жатқан және одан әрі орналастырылған жүктерді түсіреді. Бұрын түсірілген десанттар жүктерді жерде қабылдайды. Тікұшақтың есігі ашық кезде қызметкерлер құралдардың көмегімен тікұшақтан құлап кетпеу үшін сенімді түрде сақтандырылады. Жүктер түсірілгеннен кейін қалған өрт сөндіруші десанттар түсіріледі.

Болымсыз өрттерді сөндіру кезінде бақылаушы-ұшқыш өрт сөндіруші десантшылар өртті сөндіріп болғанша, одан кейін оларды өрт болған жерден алып кетуге қосымша ұшу сапарын жасамау үшін өрт ауданындағы алаңда тікұшақты кідірте тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман және шымтезек өрттері
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу
Қар көшкіні - көшкіннің бір түрі
Орман өрті
Зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Табиғи төтенше жағдайлар
Тәуелсіз қазақ елінің қорғаныс министрлері
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz