Мүгедектердің еңбек құқықтары



Ж О С П А Р

І. Кіріспе

1. Мүгедектердің еңбек құқықтары

2. Бағдарламаның іске асу тетіктері

3. Мүгедектік және еңбекке жарамсыздық Мүгедектіктің
алдын алу сауықтыру шаралары.

4. Тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі

5. Мүгедектердің еңбек ету, жұмысқа тұру және жұмыспен қамтылу құқығы.

6. Мүгедектерге әлеуметтік көмек.

ІІ. Қорытынды.

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан былай – Бағдарлама) 2005 – 2008 жылдарға есептелінген. Бағдарламада мүгедектердің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту тарапындағы мақсаттар мен міндеттер айқындалған, сондай-ақ, оны жүзеге асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген.
Көп жылдар бойы мүгедектерге қатысты саясат өзгерумен болды: ол мүгедектерді тиісті мекемелерде әдеткі күтіп-бағудан бастап, мүгедек балалардың білім алуы және ересек жасында мүгедек болған жандарды сауықтыруға дейінгі жолдардан өтті. Білім алу мен сауықтыру шараларының арқасында мүгедектер өздеріне қатысты саясаттың одан әрі дамуына белсене қатыса бастады, өз мәселелерін барған сайын жиі көтеретін болды. Мүгедектердің тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін олардың өздерінің, отбасылары мен жақтаушыларының арнаулы ұйымдары да құрылған.
Сонымен бір уақытта мүгедектер бұл мәселелерді шешудегі мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өз шешімдерін де ұсынады. Қолданыстағы заңнама (низам) мүгедектердің қалыпты қоғамдық өмірге араласуы мен интеграциялануы, мүгедектердің әлеуеттік мүмкіндіктері тәрізді тұжырымдамаларды іске асырмайды.
Бұл Бағдарлама мүгедектерге өз құқыларын, ерік-бостандықтарын жүзеге асыруға және қоғам өміріне еркін араласуға мүмкіндік беретін шұғыл шаралардың қолға алынуы қажеттігінен туып отыр.
Ол шаралар нормативтік заң актілерін, әр бағыт бойынша тиісті бағдарламаларды жасау және қабылдау, мүгедектердің мүдделері көзделген нормативтік заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітіліп отыратын болады.
Бүгінгі таңда халықтың жалпы санына шаққандағы мүгедектердің пайызы едәуір үлкен және абсолюттік көрсеткішпен алғандағы мүгедектер саны елдегі халықтың жалпы саны кеми түскен сайын жылдан жылға көбеюде. Осылайша, егер 1999 жылы мүгедектер саны 370,6 мың адам (күштік құрылымдарсыз), ал тұрғын халық санындағы үлесі – 2,4 % болса,
2002 жылы ол 389,7 мың болды, тұрғын халық санындағы бұл кезгі үлесі 2,6 %-ға дейін өсті.
Мүгедектер еңбектің барлық саласына, жұмыс түріне қоғамның басқа мүшелерімен тең дәрежеде қол жеткізе алмайтындығы, ал алатын жәрдемақыларының мөлшері тым аздығынан, әдетте қоғамдағы ең кедей адамдар болып келеді.
Еңбекпен қамту саласындағы мүгедектерге деген жасырын кемсітушілік еңбек еткісі келетін мүгедектерге жұмысқа тұруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі адамдардың шын мәніндегі әлеуеті іс жүзінде пайдаланылмайды. Мүгедектердің тек 8 %-ы ғана жұмыс істейді, яғни, алатын болмашы жәрдемақыларына қосымша табыс таба алады. Мүгедектердің қалған 92 %-ы тек жәрдемақымен ғана өмір сүреді.
Мүгедектерге өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға мүмкіндік бермейтін және олардың қоғамдық өмірге араласуын қиындататын кедергілер әлі де көп.
Еңбек нарығында еңбекке қабілетті, дені сау азаматтар тарапынан түсетін ұсыныстар өте көп болғандықтан, жұмыс берушілер жұмыс істеп жүрген мүгедектерді түрлі сылтаулармен шығарып жібереді. Бос орындар мүгедектерге өте сирек ұсынылады.
Мүгедектер үшін жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Жұмыс орындары мүгедектерді жұмысқа орналастыруда пайдаланылатындай жүйелі тіркелмейді. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын ашуға есептелген әдістемелер жоқ.
Мүгедектер еңбегін дәстүрлі пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндірістерін тоқтатты. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің арнаулы кәсіпорындары өте қиын жағдайда қалды. Халық тұтынатын заттардың тауар өткізу базарындағы өте молдығы жағдайында олардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болып шықты және ол тауарлардың мемлекет тарапынан сатып алынуы тоқтатылды. Бұл кәсіпорындарда істейтін мүгедектер жұмыссыз қалды және жұмыс табудан үміттене алмайды да.
Бағдарламаның мақсаты: қоғамдағы мүгедектердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту; олардың өмір тіршілігі мен белсенділігінің кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету; мүгедектердің интеллектуалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай тудыру; көпшіліктің мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдау; лайықты да қол жетерлік медициналық көмек көрсету; медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру шараларын өткізу; құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету; мүгедектердің туабітті тұлғалық қабілеттерін дамытуы, тәуелсіз, белсенді өмір сүруі үшін басқа адамдармен тең жағдай және мүмкіндіктерге деген құқықтарын заңнамалық тұрғыда бекіту; мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін инфрақұрылымдарды дамыту; халықты әлеуметтік қорғау орындарын мамандармен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаттарына мүгедектердің өз құқықтары мен еріктерін жүзеге асыруға және қоғамдық өмірге толықтай араласуына мүмкіндік бермейтін кедергілерді жою үшін қажетті шаралар қолдануға бағытталған міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі.
Мүгедектер мен олардың ұйымдары толық құқылы серіктестер ретінде бұл үдерісте белсенді рөл атқаратын болады.
Халықтың әйелдер, балалар, қарттар, кедейлер тәрізді топтарына, мигранттарға, екі немесе бірнеше мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Оған қоса, көңіл бөлуді қажет ететін ерекше мұқтаждықтары бар мүгедектердің саны да көп.
Мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік орындардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының құқықтары мен міндеттері, мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы олардың формалары мен әдістері заңнамалық негізде бекітіледі. Ол мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер жүйесін пайдалануды, сотта, сайлау бөлімшелерінде болуды қамтиды. Жаңа құрылыстар салу және бұрынғы ғимараттарды қалпына келтіру кезінде оларға мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдардың кіріп-шығуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтер мен құрылыс компанияларының мүгедектердің ерекше жағдайларын ескеру міндеттері заңнамалық негізде бекітіледі.
Қоғамдық көліктің әдеткі түрлерін өз бетінше пайдалана алмайтын мүгедектерді түсіріп-мінгізу немесе алып жүру кезінде қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі немесе оларға басқа арнаулы көліктер беріледі.
Пойыз вагондарының бір бөлігі мүгедектерді тасымалдауға, соның ішінде мүгедектер арбасын кіргізуге қолайлы етіп ыңғайластырылады.
Арнайы жабдықталған спорт-сауықтыру орталықтары кеңінен дамытылады.
Ақшалай қаражаттар мүгедектер үшін әр адамға тән іс-әрекеттің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрмыс жағдайын тудыратындай етіп жұмсалады.
Мүгедектерге қатысты нормативтік заң актілерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік және дау-шарларды сотсыз шешу шаралары қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ахметов, А. Еңбек құқығы: оқулық / А.Ахметов. Алматы, 2007.

2. Жампейісов Д. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Оқулық, Фолиант, 2008, 5 ...

3. ҚР Еңбек кодексі.-Алматы,2007.-200с.

4. Еңбек құқығы: оқулық/ А. Ахметов, Г. Ахметова. - Алматы: Заң әдебиеті, 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І. Кіріспе

1. Мүгедектердің еңбек құқықтары

2. Бағдарламаның іске асу тетіктері

3. Мүгедектік және еңбекке жарамсыздық Мүгедектіктің
алдын алу сауықтыру шаралары.

4. Тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі

5. Мүгедектердің еңбек ету, жұмысқа тұру және жұмыспен қамтылу
құқығы.

6. Мүгедектерге әлеуметтік көмек.

ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
 
Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан
былай – Бағдарлама) 2005 – 2008 жылдарға есептелінген. Бағдарламада
мүгедектердің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту
тарапындағы мақсаттар мен міндеттер айқындалған, сондай-ақ, оны жүзеге
асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген.
Көп жылдар бойы мүгедектерге қатысты саясат өзгерумен болды: ол
мүгедектерді тиісті мекемелерде әдеткі күтіп-бағудан бастап, мүгедек
балалардың білім алуы және ересек жасында мүгедек болған жандарды
сауықтыруға дейінгі жолдардан өтті. Білім алу мен сауықтыру шараларының
арқасында мүгедектер өздеріне қатысты саясаттың одан әрі дамуына белсене
қатыса бастады, өз мәселелерін барған сайын жиі көтеретін болды.
Мүгедектердің тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін олардың өздерінің,
отбасылары мен жақтаушыларының арнаулы ұйымдары да құрылған.
Сонымен бір уақытта мүгедектер бұл мәселелерді шешудегі мемлекеттің
экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өз шешімдерін де ұсынады.
Қолданыстағы заңнама   (низам)  мүгедектердің қалыпты қоғамдық өмірге
араласуы мен интеграциялануы, мүгедектердің әлеуеттік мүмкіндіктері тәрізді
тұжырымдамаларды іске асырмайды.
Бұл Бағдарлама мүгедектерге өз құқыларын, ерік-бостандықтарын жүзеге
асыруға және қоғам өміріне еркін араласуға мүмкіндік беретін шұғыл
шаралардың қолға алынуы қажеттігінен туып отыр.
Ол шаралар нормативтік заң актілерін, әр бағыт бойынша тиісті
бағдарламаларды жасау және қабылдау, мүгедектердің мүдделері көзделген
нормативтік заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы
бекітіліп отыратын болады.
  Бүгінгі таңда халықтың жалпы санына шаққандағы мүгедектердің пайызы
едәуір үлкен және абсолюттік көрсеткішпен алғандағы мүгедектер саны елдегі 
халықтың жалпы саны кеми түскен сайын жылдан жылға көбеюде. Осылайша, егер
1999 жылы мүгедектер саны 370,6 мың адам (күштік құрылымдарсыз), ал тұрғын
халық санындағы үлесі – 2,4 % болса,
 2002 жылы ол 389,7 мың болды, тұрғын халық  санындағы бұл кезгі үлесі
2,6 %-ға дейін өсті.
Мүгедектер еңбектің барлық саласына, жұмыс түріне қоғамның басқа
мүшелерімен тең дәрежеде қол жеткізе алмайтындығы, ал алатын
жәрдемақыларының мөлшері тым аздығынан, әдетте қоғамдағы ең кедей адамдар
болып келеді.
Еңбекпен қамту саласындағы мүгедектерге деген жасырын кемсітушілік еңбек
еткісі келетін мүгедектерге жұмысқа тұруға мүмкіндік бермейді. Қазіргі
кезде мүмкіндігі шектеулі адамдардың  шын мәніндегі әлеуеті іс жүзінде
пайдаланылмайды. Мүгедектердің тек 8 %-ы ғана жұмыс істейді, яғни, алатын
болмашы жәрдемақыларына қосымша табыс таба алады. Мүгедектердің қалған 92 %-
ы тек жәрдемақымен ғана өмір сүреді.
Мүгедектерге өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға мүмкіндік
бермейтін және олардың қоғамдық өмірге араласуын қиындататын кедергілер әлі
де көп.
Еңбек нарығында еңбекке қабілетті, дені сау азаматтар тарапынан
түсетін ұсыныстар өте көп болғандықтан, жұмыс берушілер жұмыс істеп жүрген
мүгедектерді түрлі сылтаулармен шығарып жібереді. Бос орындар мүгедектерге
өте сирек ұсынылады.
Мүгедектер үшін жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Жұмыс орындары
мүгедектерді жұмысқа орналастыруда пайдаланылатындай жүйелі тіркелмейді.
Мүгедектер үшін жұмыс орындарын ашуға есептелген әдістемелер жоқ.
Мүгедектер еңбегін дәстүрлі пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып
қалды немесе өндірістерін тоқтатты. Мүгедектердің қоғамдық 
бірлестіктерінің арнаулы кәсіпорындары өте қиын жағдайда қалды. Халық
тұтынатын заттардың тауар өткізу базарындағы  өте молдығы жағдайында
олардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болып шықты және ол тауарлардың мемлекет
тарапынан сатып алынуы тоқтатылды. Бұл кәсіпорындарда істейтін мүгедектер
жұмыссыз қалды және жұмыс табудан үміттене алмайды да.
  Бағдарламаның мақсаты: қоғамдағы мүгедектердің әлеуметтік-
экономикалық жағдайларын жақсарту; олардың өмір тіршілігі мен
белсенділігінің кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету; мүгедектердің
интеллектуалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы
жағдай тудыру; көпшіліктің мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз
етуге бағытталған бастамаларын қолдау; лайықты да қол жетерлік медициналық
көмек көрсету; медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру шараларын
өткізу; құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету; мүгедектердің туабітті тұлғалық
қабілеттерін дамытуы, тәуелсіз, белсенді өмір сүруі үшін басқа адамдармен
тең жағдай және мүмкіндіктерге деген құқықтарын заңнамалық тұрғыда бекіту;
мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін инфрақұрылымдарды дамыту; халықты
әлеуметтік қорғау орындарын мамандармен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаттарына мүгедектердің өз құқықтары мен еріктерін
жүзеге асыруға және қоғамдық өмірге толықтай араласуына мүмкіндік бермейтін
кедергілерді жою үшін қажетті шаралар қолдануға бағытталған міндеттерді
орындау арқылы қол жеткізіледі.
Мүгедектер мен олардың ұйымдары толық құқылы серіктестер ретінде бұл
үдерісте белсенді рөл атқаратын болады.
Халықтың әйелдер, балалар, қарттар, кедейлер тәрізді топтарына,
мигранттарға, екі немесе бірнеше мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл
бөлінеді. Оған қоса, көңіл бөлуді қажет ететін ерекше мұқтаждықтары бар
мүгедектердің саны да көп.
Мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік
орындардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының құқықтары мен
міндеттері, мүгедектерді әлеуметтік қолдау саласындағы олардың формалары
мен әдістері заңнамалық негізде бекітіледі. Ол мемлекеттік білім беру,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер жүйесін пайдалануды, сотта, сайлау
бөлімшелерінде болуды қамтиды. Жаңа құрылыстар салу және бұрынғы
ғимараттарды қалпына келтіру кезінде оларға мүгедектер арбасын пайдаланатын
адамдардың кіріп-шығуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтер мен құрылыс
компанияларының мүгедектердің ерекше жағдайларын ескеру міндеттері
заңнамалық негізде бекітіледі.
Қоғамдық көліктің әдеткі түрлерін өз бетінше пайдалана алмайтын
мүгедектерді түсіріп-мінгізу немесе алып жүру кезінде қолайлы жағдайлар
қамтамасыз етіледі немесе оларға басқа арнаулы көліктер беріледі.
Пойыз вагондарының бір бөлігі мүгедектерді тасымалдауға, соның ішінде
мүгедектер арбасын кіргізуге қолайлы етіп ыңғайластырылады.
Арнайы жабдықталған спорт-сауықтыру орталықтары кеңінен дамытылады.
Ақшалай қаражаттар мүгедектер үшін әр адамға тән іс-әрекеттің барлық
түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрмыс жағдайын тудыратындай етіп
жұмсалады.
Мүгедектерге қатысты нормативтік заң актілерін орындамағаны үшін
әкімшілік жауапкершілік және дау-шарларды сотсыз шешу шаралары 
қарастырылады.

1. Мүгедектердің еңбек құқықтары

Бағдарламаның екі этаппен іске асуы ойластырылған.

Бірінші этап  2005 – 2006жылдар кезеңін қамтиды.

Бірінші этапта мүгедектер мүддесін көздейтін нормативтік құқықтық база
жасалады және жетілдіріледі.
Мынадай бағдарламалар жасалады және бекітіледі:
1. Мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы (немесе бұрыннан барына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу).
2. Сауықтырудың типтік жеке бағдарламасы (әр аурудың түрі немесе
мүгедектіктің санаты бойынша).
3. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын ашу бағдарламасы.
4. Өз  жеке кәсібінде мүгедектер еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар
тарапынан оларға қолайлы жағдай тудыру бағдарламасы.
5. Мүгедек балаларды сауықтыру бағдарламасы.
6. Мүгедектерге білім беру бағдарламасы.
7. Мүгедектер үшін кедергісіз орта қалыптастыру бағдарламасы.
8. “Жеке көмекші” бағдарламасы.
9. Мүгедектер спортын дамыту мен елдің және комитеттің
параолимпиадалық құрамасын құру.
10. Қайғылы оқиғалардың алдын алу бағдарламасы.
11. Мүгедектерге арналған бағдарламалар мен кіші бағдарламалар
жасаудың әдістемесі және ережелері.
  Жұмыс берушілер тең мүмкіндіктер  бағдарламасын іске асыра отырып,
жалдамалы еңбек саласында теңдік қағидатын ұстанатын болады. Бұндай
бағдарламалар кадр саясатында көрініс табады және әр кәсіпорындағы 
қызметкерлердің қатысу және қарым-қатынас жасаудағы теңдігін орнықтыруға
арналған шараларды қамтиды. Жұмыс берушілер теңдес мүмкіндіктер саясатының
этикалық құндылығын мойындай отырып, оны өз жеке кәсібін немесе өндірісін
дамыту үшін іске асырады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мол әлеуетін
ескере отырып, теңдес мүмкіндіктер саясаты кейбір жұмыс берушілерге бос
жұмыс орнына мейлінше үздік кандидатты алуға мұмкіндік жасайды.
Сондықтан, бұндай бағдарламалар төмендегідей шараларды қамтиды:
жаңа, соның ішінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарын ашуға, олардың
жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталған саясатқа көмектесу;
мүгедектерге арналған жұмыс орындары бойынша олардың тіркелуін (бар
екендігі, әрекеті, сақталуы, жаңаларының ашылуы, т.б.)  ұйымдастыру
түрінде, ұйымдастыру қағидаттары мен инвестиция көздері жөніндегі
мағлұматтарды қоса, мәліметтер банкін құру;
мүгедектердің ұжымның қоғамдық өміріне араласуына бөгет жасайтын
шектеулерді анықтау және жою;
мүгедектерге отбасылық жағдайға байланысты берілетін демалыс пен
көрсетілетін медициналық  қызметтерді қоса, мүгедектің отбасына заңнамалық
және басқа да қолдау көрсету;
бірдей еңбекақы төлеу мәселесінің икемділігін қамтамасыз ету;
мүгедектердің сұраныстары мен мүдделерін анықтап білу;  мүгедектерге 
кәсіби-техникалық саладағы әлеуетін күшейтуге көмектесу.
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекітуден басқа, олардың
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген еңбек ету құқын іске
асыруға мүмкіндік беретін  шаралар қолданылатын болады.
Жұмыс орындарын тауып беру мүмкін емес жағдайда, жұмыс берушіге
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұйымдарында олардың өздерімен келісіп,
жұмыс орындарын ашу (құру)  және жұмысқа квотада белгіленген көлем мен шек
шеңберінде тапсырыс беру құқы беріледі.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұйымдарында қосымша жұмыс
орындарын ашуға жұмсалатын шығындар бюджеттен бөлінеді.
  Мынадай нормативтік заң актілері жасалатын болады:
 1. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң.
2. Әлеуметтік қызмет көрсету туралы заң.
          Мүгедектердің мүдделерін көздейтін қолданыстағы заңдар мен басқа
да  нормативтік заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Сауықтыру құралдары мен қызметтерінің Қазақстан Республикасы Үкіметі жыл
сайын бекітетін мемлекеттік бюджеттен төленетін (мүгедектер санатының бөлек
түрлері бойынша: көру, есту, тіл, ішкі аурулар, тірек-қимыл аппараты,
т.б.)  мемлекеттік тізбесі анықталады.
Заңастар нормативтік заң актілері жасалады.
         Мүгедектер мәселелерін реттейтін барлық бағдарламалар мен
нормативтік заң актілерінің іске асуына жауап беретін үйлестіруші ұйым
құрылады.
          Бағдарламаның іске асуының екінші этапы 2007 – 2008 жылдар
кезеңін қамтиды. Онда мүгедектерді  қамтамасыз етудің материалдық-
техникалық базасының түбегейлі жетілдірілуі жүзеге асады:
         1. Мынадай зауыттарды салу немесе қалпына келтіру:
техникалық сауықтырудың заманауи (қазіргізамандық) құралдарын өндіруші;
протездік-ортопедтік бұйымдарды, мүгедектер арбаларын, қозғалу құралдарын
(таяқтар, балдақтар, электрөткізгіш бесікарбалар және т.б.), жеке бас
гигиенасының және жеке компенсаторлық құрылғылардың нәрселері ) өндіруші
2. Барлық қалалар мен аудан орталықтарында шеберханалар (сауықтыру
құралдарын жөндеу, өңдеу-өлшеу және іріктеу-таңдау зауыттарының
бөлімшелерін) ашу.
         3. Сауықтыру Орталықтарын (жаңа тұрмыс жағдайларына бейімдеу және
үйрету, мүгедектік топтарын және мүгедектіктікке төленетін жәрдемақыларды
анықтау) ашу, зауыттармен бірігу мүмкіндігі де қарастырылады.
4. Бос уақытты пайдалы өткізудің арнайы жабдықталған орталықтарын ашу
(бірінші этапта – Алматыда, екінші этапта – барлық облыс және аудан
орталықтарында).
         5. Протездік-ортопедтік бұйымдар өндірудің жаңа технологияларын
жобалау және жасау, олардың қолданылуын оқытып-үйрететін, сондай-ақ,
мүгедектердің қоршаған айналаға бейімделуіне арналған бағдарламалар жасау
үшін ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру.
         Бағдарламаны іске асырудың екінші этапының нәтижесі мыналар
болмақ:
         Мүгедектер үшін: еңбек еткісі келетіндерге мейлінше жеткілікті
жұмыстың, лайықты еңбекақының болуы, мүгедектердің тұрмысының деңгейі мен
сапасының артуы;
         Мемлекет үшін: жұмысқа тұру және тұрмыс деңгейінің көтерілуіне,
жұмыс орындарының көбеюіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеміне
жұмсалатын соманың азаюы.
 

2. Бағдарламаның іске асу тетіктері
 
         Бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметіне мыналар тапсырылады:
         1) тиісті заңдар мен нормативтік заң актілері жобаларын жасау
және  Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу;
         2) заң жобалары мен басқа да нормативтік заң актілерін жасауға
қатысуға мүгедектердің барлық қоғамдарының өкілдерін тарту.
 

         Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мына тәрізді басты
міндеттерді орындайды:

1) жұмыс істегісі келетін және істей алатын мүгедектердің жұмысының
болуы;
2) білім алуы;
3) жұмыс істей алмайтын және істеуге жағдайы жоқтардың лайықты атаулы
әлеуметтік көмек алуы;
Бұл кезде еңбек нарығы жұмысқа тұруға деген ынтаны арттыру тәрізді
мақсаттарға қол жеткізуге лайықты жағдай тудыратын болады;
әділеттілік, яғни, жұмыс орындарына қол жеткізу және дайындықта
мүгедектерді қоса барлық азаматтарға бірдей мүмкіндіктер беру, бірдей жұмыс
үшін бірдей еңбекақы төлеу;
барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің толық, өнімді және
ерікті таңдалған жұмыс алуы;
мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөле отырып, негізгі еңбек
құқықтары мен қорғауларының қамтамасыз етілуі.
Еңбекпен айналысуға және жұмысқа тұруға мүмкіндігі жоқ барлық
мүгедектерге бюджеттен қаржыландырылатын жалпылама базалық қолдау жүйесіне
этаппен көшу арқылы жәрдемақы, әлеуметтік қызмет және медициналық қызмет
көрсету түріндегі лайықты әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы беріледі.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау үш құрылымнан тұратын болады:
мүгедектікке төленетін мемлекеттік жәрдемақы, міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінің әлеуметтік төлемдері және ерікті сақтандыру жүйесінің
сақтандыру төлемдері.
Заң жобасы мүгедектердің тек қана денсаулығының бұзылуынан емес,
сонымен бірге қоғамдық және саяси өмірге, білім беру қызметіне, әлеуметтік-
мәдени, спорттық және басқа мекемелерге қол жеткізуінің шектеулілігінен
тұйықталған өмір тіршілігінің мейлінше жеңілдетілуіне бағытталған.Тек
ауылдық жерлерде ғана емес, тіпті елдің ірі қалаларында да мүгедектердің
тұрғын үйге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым
нысандарына қалыпты түрде қол жеткізуінің іс жүзінде мүлдем  мүмкін
еместігінен шектеулілік одан әрі тереңдей түседі. Сондықтан барлық жерде
кіре беріс жолдары,   пандустар, жаяу жүргіншілер жолдары жасалып, арнаулы
бағдаршамдар, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған
түрлі құрылғылар орнатылады.
 
Әлеуметтік қызмет көрсету туралы заң егде жастағы азаматтар мен
мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қарым-қатынастарды
реттейді, әлеуметтік қызмет көрсету саласында олар үшін экономикалық ,
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер орнықтырады.
Егде жастағы азаматтар мен мүгедектердің әлеуметтік бейімделу
шараларының басымдығы, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі тең
мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі және олардың егде жастағы азаматтар мен
мүгедектер үшін қиынға түспейтіндігі заңмен бекітіледі.
Әлеуметтік қызмет көрсету егде жастағы азаматтар мен мүгедектердің
жеке талап-тілектеріне орайластырылады.
Мемлекеттік билік орындарының, ұйымдардың, сондай-ақ, егде жастағы
азаматтар мен мүгедектердің әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы
құқықтарының қамтамасыз етілуіне жауапты лауазымды басшылардың
жауапкершілігі заңмен бекітіледі.
 
3. Мүгедектік және еңбекке жарамсыздық Мүгедектіктің алдын алу
Сауықтыру шаралары
 
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заңда мүгедектіктің үш түрлі
санаты қарастырылады: тәни, кәсіби және жалпы мүгедектік, сосын мүгедектік
топтары жойылады.
Тәни мүгедектік ретінде дене мүшелері мен ағза жүйесінің қызметінің
жоғалуы немесе бұзылуы салдарынан адамның тәни немесе психикалық
қабілеттерінің кемуі түсінілетін болады.
Ағза қызметінің  бұзылуы мен адамның өмір тіршілігінің шектелуінің 
дәрежесі зақым алған адамның еңбекке жарамдылығының сау адамның еңбекке
жарамдылығымен салыстырылуы негізінде бағаланады.
Орны толмас анатомиялық зақым алу жағдайларында жарақаттың адамды
кәсіби еңбекке жарамдылығынан айырғанын немесе оның өмір тіршілігін
шектегенін бөле-жара қарамай, бірден мүгедектік бекітіледі. Яғни, бұл кезде
күнкөріс үшін қажетті қабілеттің жойылғаны ескеріледі.
Кәсіби мүгедектік ретінде адамның бұрынғы өз жұмысы арқылы немесе тура
сол біліктілік пен тура сол білім деңгейіндегі адамдар атқаратын, еңбекақы
көлемі  жөнінен бұрынғы жұмысымен шендес, соған ұқсас жұмыс арқылы күн көру
қабілетінен айрылғаны түсініледі.
Жалпы мүгедектік ретінде жалпы еңбекке жарамдылық дәрежесі түсініледі.
Ол еңбекке жарамдылықтың сақталып қалған дәрежесі мен мүгедектің өз
денсаулығы жағдайына сәйкес дәрежеде орындаған жұмысынан ала алатын кіріс
деңгейімен, түрлі еңбек түрлерімен салыстыру негізінде бағаланады. Жалпы
мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындауға жалпы еңбекке жарамдылықтан
айырылу критериі мен кәсіби еңбекке жарамдылық критериі негіз болады және
екі критерий бір мезгілде қолданылуы да мүмкін.
Мүгедектіктің әр санаты үшін мүгедектікті бағалау критерилері
белгіленеді.
Еңбекке жарамсыздықты бағалау кезінде кәсіби факторлар – жас мөлшері,
білім және кәсіби тәжірибе ескеріледі. Айтылмыш факторлар бойынша шектеулер
қаншалық көп болса, жұмыс істеуге бөгет жасайтын себептер де соншалық көп
болады. Денсаулықтың әлсіреуі мен бұзылуының салдары неғұрлым егде адамдар
үшін жастарға қарағанда ауырлау болатындықтан, жас мөлшері факторының
әжептәуір маңызы болады. Жас мөлшері факторы кәсіби сауықтырудың әлеуетті
мүмкіндіктерін бағалау кезінде ескеріледі
Еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау критерилері қатарында
медициналық, кәсіби және басқа да факторлар болғандықтан, азаматтардың
еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау комиссиясына тек қана дәрігерлер
емес, сонымен қатар,  заңгерлер, сарапшылар қатысады.
Егер сырқаттың емі жоқ, сауықтыру мүмкін емес боп шыққан жағдайда
қайта куәландыру жасалмайды.
Дене, ақыл-ой зақымы, психикалық және сенсорлық (сезіммен байланысты) 
ақаулардың (бірінші деңгейдегі профилактика) немесе ақаудың тұрақты
функциональдық кемістікке әлде мүгедектікке айналуының алдын алуға (екінші
деңгейдегі профилактика)  бағытталған шаралар заңмен қарастырылады.
Мүгедектіктің алдын алу түрлі шаралардың, көбінесе алғашқы медиктік-
санитарлық көмек, босанар алдындағы және босанғаннан кейінгі күтім,
диотерапияны түсіндіріп тарату,  жұқпалы ауруларға қарсы  профилактикалық
вакцина егу, эндемикалық аурулармен күресу шараларын, еңбекті қорғау мен
түрлі жағдайлардағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бағдарламаларын, кәсіби
аурулардың және жұмыс істеу қабілетін жоғалтудың  алдын алу мақсатында
жұмыс орындарын бейімдеумен қоса, қоршаған айналаның ластануының немесе
қарулы қақтығыстардың салдары боп табылатын мүгедектіктің алдын алу
шараларының жүзеге асуын қарастырады.
Сауықтыру тәни функцияларды, зардаптың немесе функцияның жойылуының
әлде функциональдық кемістіктің өтемақысын қамтамасыз ету немесе оны
қалпына келтіру шараларын қамтиды.
Сауықтыру үдерісі тек медициналық жәрдем жасау ғана емес, сонымен қатар,
бастапқы және жалпы сауықтырудан бастап, мақсатты әрекетке, мәселен, кәсіби
еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге дейінгі ауқымды шараларды қамтиды.
Медициналық сауықтыру дерттің мүгедектікке әкеп соқтыратын асқынуы
немесе күшеюі мен бұзылуы басталуының алдын алу мақсатымен түрлі ауруларды,
зақымдарды, дене және ақыл-ой,  т.б. кемістіктерді емдеуге бағытталған
шаралар жүйесін қамтиды.
Медициналық сауықтыру азаматтардың жұмыс орны мен тұратын жеріндегі
денсаулық сақтау орындары ұйымдастыратын медиктік-санитарлық көмек арқылы
жүзеге асырылады.
Медиктік-кәсіби сауықтыру кәсіби маңызы бар функциялардың құлдырауын
немесе жойылуын қалпына келтіруге, кәсіп таңдау мен оған бейімдеуге және
мүгедектердің бұрынғы немесе жаңа кәсібі бойынша еңбек әрекетіне оралу
мүмкіндігін тудыру мақсатына бағытталады.
Медиктік-кәсіби сауықтыру сауықтырудың жеке бағдарламасында
қарастырылған болса, ол мүгедек адам үшін міндетті түрде қолданылады.
Мүгедектерді медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру олардың
қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік ұйымдардың медиктік-
әлеуметтік сараптамасы шешімінің негізінде анықталатын сауықтырудың жеке
бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы сауықтыру шараларының нақты
ауқымын, түрлері мен өткізілу мерзімін, сондай-ақ, әлеуметтік көмек
түрлерін анықтайды.
Сауықтырудың жеке бағдарламасы тиісті мемлекеттік ұйымдар, сонымен
қатар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар меншік және шаруашылық жүргізу
түріне қарамастан, міндетті түрде орындауы тиіс құжатқа айналады.
Медиктік-кәсіби сауықтыру органдары республикалық денсаулықсақтау
органдарының жетекшілігінде болады.
  Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заң мүгедектерді қызмет
көрсетудің сақтандыру пакетімен қамтамасыз  ете отырып, олардың мемлекеттік
медициналық мекемелерде бюджет есебінен білікті, тегін медициналық көмек
алуына мемлекет кепілдігін береді.
Мүгедектер амбулаториялық-емханалық мекемелер мен дәріханалар
қызметінің жеңілдіктерін пайдалану құқына ие болады.
Мүгедектер ауруына сәйкес дәрі сатып алуға бөлінетін арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне үстеме алады.18 жасқа дейінгі мүгедек
балалар дәрілер және медикаментоздармен емдеуші дәрігерлерінің рецепті
бойынша тегін қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер тегін шипажайлық-курорттық емдерді және  демалыс үйлерінің,
профилакторийлардың, пансионаттардың, туристік базалардың, спорттық
ғимараттар мен сауықтыру саласындағы басқа да ұйымдардың қызметтерін
жеңілдіктермен  ең алдымен пайдалану құқына ие болады.
 
4. Тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі
 
Мемлекет қоғамда мүгедектердің жағдайына, олардың құқыларына, талап-
тілектеріне, мүмкіндіктері мен  қосар үлестеріне деген түсіністіктің артуы
үшін шаралар қолданатын болады.
Мүгедектер, олардың отбасылары, мамандар мен қалың көпшілік
мүгедектерге арналған қызметтер мен бағдарламалар жөніндегі ең соңғы
мәліметтерді жүйелі түрде алып отырады. Мұндай ақпараттарға мүгедектер
қиындықсыз қол жеткізетін болады.
Мемлекет мүгедектер мәселелері мен мүгедектерге қатысты саясатқа
арналған ақпараттық кампанияларды ұйымдастырып және қолдай отырып, сонымен
бір мезгілде мүгедектердің  де басқа азаматтармен бірдей құқықтар мен
міндеттерге ие азаматтар екендігін мәлімдеп отырады. Нәтижесінде бұл
мүгедектердің қоғам өміріне жан-жақты араласуындағы барлық кедергілерді
жоюға бағытталған шаралардың қабылдануын ақтайды.
Мемлекет мүгедектердің тек қиындықтарын айтып қана қоймай, оларды шешу
жолдарын, мүгедектер өмірінің жарқын жақтарын көрсету арқылы олардың
жағдайына деген көпшіліктің түсіністігін тудыратын хабарлар берген
бұқаралық ақпарат құралдарын марапаттап отырады. Мемлекет көпшілікті ағарту
бағдарламаларында мүгедектердің қоғам өміріне жан-жақты араласуы
қағидатының барлық қырларының көрініс табуын қамтамасыз етеді.
Мүгедектер, олардың отбасылары мен ұйымдары мүгедектердің жағдайы
жөнінде көпшілікті ағарту бағдарламаларына қатысады, оларға кеңес беру
жиындарын өткізеді.
Мемлекет өз жұмыстарының бар саласында мүгедектерге қатысты
мәселелерді ескеретін жеке кәсіпорындарды марапаттайды.
Өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігінің артуы және құқықтарының кеңеюі
жағдайы мүгедектерге берілген мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға жағдай
тудырады.
Мәселеге деген түсіністікті тереңдету мүгедек балаларға арналған
бағдарламалар мен сауықтыру бағдарламаларының маңызды бөлігіне айналады әрі
оқытушыларға және барлық мамандарды даярлауға арналған оқу курстарына
енгізіледі.Өз күшімен тұрмыстық  қажеттіліктерін өтей алмайтын әр мүгедек
мемлекет тарапынан кепілді көмек құқына ие болады.
Мүгедектер Қазақстан Республикасы Конституциясында және басқа
заңнамалық актілерде белгіленген өздерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық
және жекебасылық құқықтары мен еріктеріне барынша толық ие бола алады.
Мүгедектер өздерінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелінуінің
бұлжымас құқына ие болады.
Мүгедектерді кемсітуге тыйым салынады және ол заңмен қудаланылады.
Мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясат оларды әлеуметтік қолдау,
олардың теңдігі мен қоғам өміріне толықтай араласуын қамтамасыз ету
тарапындағы нәтижелі шаралардың жүзеге асырылуын мақсат ететін болады.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатының іске
асырылуына заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыстырылады.
Мүгедектерге арналған әлеуметтік сауықтырудың техникалық құралдарын
өндіруге мамандандырылған немесе түсімі мен түскен пайдасынан мүгедектерге
арналған тауарлар өндіруге, қызметтер жасауға,  жабдықтар сатып алуға
,мүгедектерге арналған әлеуметтік-мәдени нысандар мен спорт ғимараттарын
қаржыландыруға қаражат бөліп отыратын заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін
салық төлеуде жеңілдіктер жасалады.
  Мүгедектерге тәрбие, білім алу, кәсіби даярлықтан өту және жұмысқа
орналасу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалады.
Білім беру орындары халықты әлеуметтік қорғау және денсаулықсақтау
орындарымен бірлесе отырып, сауықтырудың жеке бағдарламаларына сәйкес
мүгедек балалардың мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие алуын,
мүгедектердің орта,  арнаулы орта және жоғарғы білім алуын қамтамасыз
етеді.
Мүгедектердің білім алуы мен кәсіби даярлықтан өтуі түрлі пішімдер мен
жеке оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады, қажетті жағдайда сабақ үйде
өткізіледі.
  Мүгедек балалардың жан-жақты және үйлесімді жетілуі, олардың бойында
қоғамдық белсенділікті, еңбекке құштарлықты, ғылымға, техникаға, өнер мен
спортқа бейімділікті қалыптастыру және оларға қажетті сауықтыру көмегін
көрсету мақсатында мектепке дейінгі жалпы типтегі балалар мекемелерінде
мүгедек балаларға арналған барлық жағдай жасалады.
Денсаулығы мектепке дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Еңбекке жарамсыз азаматтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер