Отбасылық тәрбие, оның тарихи негіздері
Жоспар:
1. Отбасы туралы түсінік
2. Қазіргі заманғы отбасы
3. Отбасының қоғаммен қатынасы
1. Отбасы туралы түсінік
2. Қазіргі заманғы отбасы
3. Отбасының қоғаммен қатынасы
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, "Отбасы - семья, үй деген сөздің синонимі", яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
"жанұя - өмірдегі туысқандық қарым - қатынастық ортақ белгісі"
"Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы" (4,126)
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз - адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз - тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері - бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы.
Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда кездеседі. Ру мүшелерінің жеке - дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы (ортақ) болады екен, баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады. Мұндай отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді.
Патриархалдық туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіеуропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу - ол отбасының атасы болады.
Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Біріншісі - отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды отбасының басшысы - еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Бұл отбасының мүшесі - ері (құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары (әкесі өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).
Жеке отбасы - бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.
Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар:
Отбасы деген не?
Оның мәні неде?
Қоғамда қандай рөл атқарады?
Әр адамға не береді?
Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет деген екен. Ал, Аристотель болса, отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі деп санаған .
Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен .
ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан Ежелгі қоғам атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы атты еңбегі. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған .
Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя-семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді. Сондықтан кейбір жерде отбасы, кейбір жерде жанұя деп ала береміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz