Қола дәуірі



Жоспар:
1. Қола дәуір ескерткіштері дәуірнамасы мен сипаттамасы
2. Қола дәуіріне тән тұрмыс заттары, шаруашылығы
3. Мәдени ескерткіштері

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №1
ТАҚЫРЫБЫ:

ОРЫНДАҒАН:
ТЕКСЕРГЕН:

Семей қаласы 2012 жыл
Жоспар:
1. Қола дәуір ескерткіштері дәуірнамасы мен сипаттамасы
2. Қола дәуіріне тән тұрмыс заттары, шаруашылығы
3. Мәдени ескерткіштері

Ескерткіштер
Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. Атасу кезеңінде мәйіттер бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстіккеке не оңтүстікке бейімделіп жатқызылды. Нұра кезеңінен келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш тас жәшіктер тарады. Жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды. Керамика ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелектеніп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы құмыралар сипаттайды. Ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Оларға әрбір кезеңнің өзіне тән геометриялық өрнектер (жарты, үш бұрыш, меандр, ирек сызық, қисық ойық, т.б.) түсірілді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Қола дәуірі тайпалары тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты.
Тұрмыс заттары, шаруашылығы
Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында негiзгi кәсiп көшпелi мал шаруашлығы болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал шаруашылығының негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. I -- мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Жазбаша деректемелер археологиялық зерттеулермен ұштастырылып қазiргi таңда б.з.б. 8 -- I ғасырлардағы тайпалар, тайпалық одақтар жөнiнде көп мәлiметтер алынып отыр. Б.з.б. III ғ-да Қазақстан жерiнде кейбiр тайпалар өз мемлекетiн құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түскенiн де жазба және археологиялық деректемелерден көруге болады.
Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археологиялық деректер бұл бiрлестiктерде мемлекеттік нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңтүстік өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейінгі қола дәуірі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуір мәдениеті
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Пәндер