Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №2

ТАҚЫРЫБЫ: Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

Семей қаласы 2012 жыл

Жоспар:

  1. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан халықтарының мәдениеті
  2. Материалдық және рухани мәдениеті
  3. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері
  4. Білім мен ғылымның дамуы

Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті

Тіл және жазу.

Түркі дәуірінде (VI -XII ғғ ) . Қазақстанда өмір сүрген ру - тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ - қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру - тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған .

Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру - тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен - кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т. б. жазулар белгілі.

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В. Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В. Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.

Түркі жазуында бір - бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.

Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет - ғұрып, салт - сана, діни - наным, сенім, мақал - мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік - тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын-жазушыларымыз Әл - Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл - Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.

Діни нанымдар.

VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата - бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным - отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет - ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған - туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет -ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным - сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.

Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:

- Көкке түркі тәңірісі,

- Тәңірі қуат берген соң,

- Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным - сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж. ) .

Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

ОРХОН - ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Орхон - Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж. ) Орхон - Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен.

1697 жылы Тобыл қаласының бояры С. Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.

Ал Орхон - енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдада болған швед офицері Ф. И. Табберт - Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д. Е. Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген.

Қазіргі орта Азия, Қазақстан, сібір жерлерін аралаған жиһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап - тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге өлкелереден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де кз тоқтатып, тарих түбіне ой жіеріп өтері де ақиқат. Бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - орхон ескерткіштері (VIIIғ. ) жайында, Білге қағанға, Күлтегінге, тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында.

Онда VIIIғасырдың іргелі мемелкеті - Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суретеу талабын да анық көреміз.

Орхон жазбаларын кейбір зертеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.

Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептеленідеі. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінгіге дейін бірізділік жоқ. Орхон - Енисей әліпбиінің шығуы, түп - төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В. Томсон, В. Радлов., С. П. Толстов., П. Мелиоронский, С. Доннер, Е. Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В. Радлов, С. В. Киселев және И. А. Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С. Г. Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады.

П. М. Мелиорионский енисей және талас жазулары «таңбалар негізінде пайда болды» деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды.

Г. Вамбери Орхон- енисей әліпбиінің ерекшеліктреі жөнінде айта келіп: «Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес», - деп қарады.

П. Мелиоранский болса, керісінше, енисей, Орхон және талас әліпиін сол кездегі «түркі тайпаларының аталбы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» деп бағалады.

Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі енисей жазба ескерткіштері. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов сияқты ғалымдар орон жазуымен салыстырғанда енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде К. А. Батманов былай деп жазды: «Они имеют лишь стилистические отличия? Свячанные с тем, Что енисейские более позднее? Характеризуеются отработаным их изображение? Эволюционировавшим около двухсот лет», Енисей, Орхон және талас жащуы сонау табғаш іргесінен асталып, орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Осыған орай, бұл жазулардың арасында жазылу /графикалық/ ерекшеліктері де кездеседі.

XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының қолына түскен тұтқын щвед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.

Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. « . . . Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас болып қатып қалған адамдар . . . Әйтеуір ұзына бойы созыл-ған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ олде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!. »

Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шыңырау, тұңғиық ойдың түбіне жете алған жоқ.

Содан бері үш жүз дылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып дүниежүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамссандырып келеді. Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметер 18 ғасырдың басында көріне бастайды. 19 ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұматтарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» журналнда Григорий Спаски жариялайды. Оның мақаласы көп кешікпей латн тіліне аударылады да Орхон ескерткіштері ғалымдарына да белгілі бола бастайды, бұл хабарды естіген археологиялық қоғамы 1875 жылы Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай жазбалардың әліппесі табылған бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген.

1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхон өзенінің бойына, Енисей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.

Н. Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: биіктігі - 3, 5 метр, төменгі ені -1, 32 метр, жоғарғы жағының ені 1, 22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді. Жоғарғы бөлігі өрнектелген тастың төртжағ бірдей жазылған батысқа қараған бетінде қытай жазуы да қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған. Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының 8-ші конгресінде ғалымдардың назарын сол орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері депқна аталып келген жазбалар енді. Орхон яки Орхон Енисей жазулары деген атқа ие болды.

1892 жылы сы екі экспедицияның да қорытындысы жазбалардың суретімен екі үлкен атлас түрінде жарияланып бұл атлас дүниежүзі ғалымдарынң алдына ауыр да жауапты міндет - жазудың сырын оқу міндетін қояды. Міне дәл осындай зерттеуші - дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгель Томсен болып шықты.

1877 жылы бслып шықан ерте русь және скандинавияның өнері өзара қатынастанына арналған тарихи еңбегінен соң Томсен оңтүстік сібірден табылған Орхон енисей ескерткіштерін зертеуге біржолата ден қояды. Ақыры 1893 жылы орхон жазуының «кілтін» табады.

Біздің ғалымдарымыздың көбісі осылай «кілтін» тапты деп жалпылама бір сөзбен ғана айтып жүр де, ал қалай тапқандығы туралы мәселенің ең қажеті жағы айтылмай келеді.

Ғалымның назарын енді мына бір таңбаларын (оңнан солға қарай оқимыз) . і - р - ң - т, демек тңрі («тәңірі, аспан, көк» құдай мағынасында - М. Ж) деп оқиды.

Ғалымның назарын енді мына бір таңба тобы аударады. өйткені бұл ескерткіш тастың біреуінде де кездеседі де, екіншісінде кездеспейді. Томсон мынадай шешімге келеді. Бұл таңба осы ескерткіш арналған бетің ия батырдың есімі болуға керек.

Қытай тексінде оның аты - Кюэ-те-гин. Қытай тілінде сөздің соңғы буында л дыбысының болмайтындығын және басқа тілден ауысқан сөздерді беруде л - дың түсіп қалатындығын ескере отырып зертеуші таңбалар тобын Күлтегін деген сөзбен салыстырады.

Дәл осы принциппен қарағанда қытай тексіндегі Би-кя ескерткіштің (екінші таста) мынадай таңбалар тобымен сәйкес келеді. Оның мағынасы білге деген сөзді білдіреді.

Орхон ескерткіштерінің аударылуы.

Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.

Біріншісі - қарасөз үлгісіндегі мағыналық аударма. Бұған В. В. Радлов., П. М. Мелиоранский, С. Е. Маловтардың аудармасы жатады.

Екіншісі - И. Стеблеваның өлең аудармасы.

Біріншіден Малов біздіңше ескерткіштің мазмұнын мағынсын беруді басты мақсат етіп қойған. Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған.

Екіншіден кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кеәбір сөздері түсіп қалған. Мәселен күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған, оның керісінше күлтегінге арналған жазуда кездеспейтін іті сөзі түсіп қалған.

Орта ғасырлардағы ғылым мен білім

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Рухани мәдениетті дамыту
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Орта ғасырлардағы қазақ халықының мәдениеті
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Қала мәдениеті. Сәулет ескерткіштері
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz