XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №4

ТАҚЫРЫБЫ: XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы

ОРЫНДАҒАН: Казез. А. К.

ТЕКСЕРГЕН: Сайлаубаева. Н. Е.

Семей қаласы 2012 жыл

Жоспар:

  1. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы
  2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы
  3. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
  4. Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
  5. Есім хан, Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығы
  6. Ойраттармен соғыс

XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығы (16-17 ғасырларда) - Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т. б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

Этномемлекеттік шекараларының өсуі

Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.

Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар - Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.

Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойратжоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.

Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Мәскеу князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.

теген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.

Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. . Қасым ханның (1511-1523 жж. ) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж. ) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.

Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы

Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.

Есім ханның тұсында Қазақ хандығы

Есім хан (1598-1628 (1645) ж. ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) - Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.

Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы - 1645 жыл деген шындыққа келетін сияқты.

Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.

Жәңгір хан

Бөкей Ордасының (1823-1845) ханы, Бөкей ханның ұлы. 1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берді. Алайда, Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарды. 1823 жылға дейін Жәңгір еуропалық үлгіде тәлім-тәрбие алады, Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде жатып оқиды. Сол жерде ол хандықты әкімшілік басқару әдістері бойынша да дәріс алды.

Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңінде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бірқатар әрекеттерге баруға мәжбүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы территориясын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білді. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және малын суаруға құқы болған жоқ. Жәңгірдің жүргізген саясатының ақыры И. Тайманов пен М. Өтемісов (1836-37) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатына жасалған қарсылық еді. Жәңгір көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастады.

Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті. Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Толыққанды және икемді басқару жүйесі құрамына енгендер: кеңсе, депутаттар тобы және билер кеңесі, тағысын тағылардың жиынтығы болды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі - ахун (қажы) енгізілді. Ахунның негізгі міндеті хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалардың барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды. Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің саны көбейді.

1841 жылы Ордада Жәңгір ханның бастамасымен балалар грамматика, математика және басқа пәндер бойынша білім алатын жоғары мектеп ашылды. Осы мектептің қабілеті жоғары зерделі түлектері Ресейде білімін жалғастыруға мүмкіндігі болды.

Жәңгір хан сауатты адам болған. Қазан университеті жанындағы ғылыми-тарихи қоғам құрамына ол құрметті мүше болып енді. Ол халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданады, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазды. Оның басқаруымен Ордада қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражайы құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар
Жоңғар хандығының құрылуы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақ хандығы туралы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz