XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты



Жоспар:
1. XVIIғ. Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
2. Тәуке ханның тұсындағы қазақ қоғамының құрылысы және «Жеті жарғы»
3. Жоңғар шапқыншылығы
4. Ақтабан шұбырынды, Аңырақай шайқастары

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОЖСӨЖ №5
ТАҚЫРЫБЫ: XVIIғ. Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ОРЫНДАҒАН: Казез.А.К.
ТЕКСЕРГЕН: Сайлаубаева.Н.Е.

Семей қаласы 2012 жыл
Жоспар:
1. XVIIғ. Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
2. Тәуке ханның тұсындағы қазақ қоғамының құрылысы және Жеті жарғы
3. Жоңғар шапқыншылығы
4. Ақтабан шұбырынды, Аңырақай шайқастары

XVIIғ. Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында Қазақстан хандығында ішкі саяси жағдай күрделі болды. Хандардың жүздерді бөліп, біртұтас орталықтандырылған мемлекет құру талпыныстары нәтиже бермеді. Қазақстан саяси жағынан бөлшек күйінде қала берді.
Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы ауыр болды. Қазақтарға батыстан Еділ (Волга) қалмақтары -- Жайық қазақтары, солтүстіктен -- Сібір қазақтары, Жайықтың арғы бетінен - башқұрттар, оңтүстіктен бұқарлықтар мен Хиуалықтар шабуыл жасады. Бірақ ең басты қауіп Шығыстан, Жоңғар хандығынан болды, ол 1635 жылы Батыс Моңғолия аумағында құрылған еді. Жоңғар мен қазақ хандықтары арасындағы қатынастар дұрыс болмады.
Қоңтайшы Батыр кезінде жоңғарлар мен қазақтар арасындағы қайшылық үздіксіз соғысқа ұласты. Батыр қазақтарға қарсы бірнеше рет жорыққа шықты. Ол өлген соң Жоңғар хандығында өзара қырқыс басталды. Қоңтайшы Галдан Бошақту билікке келген соң (1670-1697 ж.ж.) жаугерлік жорықтар жаңғырды. Бұл соғыстар 1683, 1684 жылдары болды.
1710 жылы Тәуке хан тұсында Қарақұм жерінде жоңғарларға қарсы біртұтас әскер құру үшін қазақтардың құрылтайы жиналды. Бөгенбай батыр басшылығында біртұтас әскер құрылды 1711 жылы Үш жүздің әскери күштері жоңғарларға соққы беріп, оларды шығысқа лақтырып тастады. 1718 жылдың көктемінде Аягөз жанында шайқас болып, жоңғарлар жеңеді. 1723 жылдың көктемінде Жоңғар әскері Қазақстанға қайта шабуылдайды. Бұл жыл қазақ тарихында Ақтабан-шұбырынды (1723-1727 ж.ж.) деп аталады. Қазақтар үйлерін, малын тастай қашады.
Тәуке хан тұсында
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы - хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді.
1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді.
Тәуке хан билік құрып тұрған кезінде қазақтардынәдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріп, толықтырады. Тұжырымдалған зандар Жеті жарғы деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда жіті ереже деген сөз.Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нориалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.
Әкімшілік - құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы. Жеті жарғы бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шығарлануға тиіс болды. Зандардын жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғары судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шығымдары қараған, салық салу тәртібін белгілеген.
Жасаған қылмыстары үшін кінәлілер түрлі жазаларға тартылған. Жеті жарғыда қанға қанмен, мертіктірсе мертіктірумен кек қайтару заңы сақталады. Бірақ билердін үкімі бойынша немесе талапкерлердің келісуі бойынша жаза жеңілдетілетін болған, мұндайда қылмыскер кез келген қылмысы үшін тек қана белгіленгн құн төлеп жазаланатын.
Жазалаудын ең көп тараған түрі құн төлеу болған. Талапкерлердің келісіу бойынша, тіпті кісі өлтірген адамдар да құн төлеу арқылы өмірін сақтап қала алған. Қылмыскердің жіне өлген адамның ( атақты адам-кедей адам, мырза - құл) әлеуметік тегіне байланысты құн мөлшелерін өзгеріп отыруы Жеті жарғынын таптық сипатық дәлелдейді.
Отбасы-неке қатынастары саласында ата-анасының өз балаларының өміріне құқығы орнықтырылып, әйелдер тең құқықсыздақ жағдайы нығайтыла түскен.
Мұрагерлік құқық мәселерінде Жеті жарғы, сірә, әдеттері құқық нормаларын баянды еткен сияқты. Баласы жоқ бөлек тұрған ұлы қайтыс болса, оның мал-мүлкі әкесіне берілетін болды. Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары ең жақын туыстарының, алондай туыстары болмаған жағдайда бөгде сенімді адамдардың қамқорлығына берілетін болған.
Сот. Соттау құқығы тек ханның, билер мен рубасаларын қолында ғана болды: Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаса, талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардын билеушілерін не ақсақалдырдан қолына болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс.
Жеті жарғының біздің заманымызға дейін жеткен мәтіні мазмұнының жалпы сипаты осындай. Тәуке хан Ережесінің жалпы бағыты-қазықтын феодалдық жоғары тобының артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, феодалдық меншікті және патриарғатық әулетте үстем болған тәртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау. Феодалдық құқытары бұзған әрбір адамға қатан жазаға ұшырау қауыпі төнген.
Осы заңдарға қосымша Тәуке ханның мынадай есе қаларлық баптары өосылуға тиіс:
- "Ханың, өзі сондайақ барлық сүлтандар, олардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау ұшін қүзде ортадағы бір жерге жиналып отырсын.
- Бірде - бір қазақ халық жиналысына қару - жарақсыз келмейтін болсын. Қарусыз адамның даусы болмаған және оған сасы кішілер орын бермеген.
- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал - мүлкінің 20 дан бір болігін алымға төлеп отыратын болсын.
- Әр бір тармақтың, румен бөлімшенің өз таңбасы болсын. Таңбалар сол кезде - ақ үлестіріліп, бұкіл мал - мүліктің кімдікі екенін ашырату ұшін олардың бәріне таңба салауға міндетелген"
Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) - Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
ХVI-XVIIғ. Қазақ халқының этникалық құрамы
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
XV – XVIIғ 30жылдарына дейінгі қазақ қоғамы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Қазақстан тарихы
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Пәндер